Инфоурок Русский язык ПрезентацииПрезентация по казахскому языку на тему "Тестке дайындау жолдары"

Презентация по казахскому языку на тему "Тестке дайындау жолдары"

Скачать материал
Скачать материал "Презентация по казахскому языку на тему "Тестке дайындау жолдары""

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Қайнар шағын жинақты жалпы орта мектебіТест-  оқушылардың  білімін  бақылау...

    1 слайд


    Қайнар шағын жинақты жалпы орта мектебі

    Тест- оқушылардың білімін бақылау мен
    бағалаудың ұтымды әдісі
    Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
    мұғалімі Сытышев Е.С.

  • Жалпы оқушылардың пән бойынша білім, білік, дағдысын меңгеру сапасы алуан әді...

    2 слайд

    Жалпы оқушылардың пән бойынша білім, білік, дағдысын меңгеру сапасы алуан әдістер арқылы анықталады. Сөзсіз, әрбір бақылау, бағалау әдістерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Әдістемелік зерттеу еңбектеріне сүйенсек, тест-орындалуы белгілі бір білім, білік, дағды мен қабілеттілік деңгейін анықтауға бағытталған стандартты нысанды тапсырма.
    Бүгінгі таңда, тексеру мақсатына орай, білімді бақылау тестілерінің алуан түрлері қолданылуда. Ал тәжірибеде пән бойынша тест сауалдары төмендегідей құрылымдық шарттарға негізделе әзірленеді:
    1. Ұсынылған бірнеше жауаптың дұрысын таңдау.
    2. Берілген тапсырмаға сәйкес «иә», «жоқ» жауабының бірін белгілеу.
    3. Тест сауалдары ғылымға негізделген нақты болуы тиіс.
    Қазақ тілі пәні бойынша даярланған тест сұрақтары:
    1. Нақты да түсінікті қалыпта әзірленуі тиіс.
    2. Бір ғана дұрыс жауабы болуы тиіс.
    3. Тексерілмек білім ауқымының пән бағдарламасына сәйкес болуы тиіс.
    Басты ескеретін мәселе – қазақ тілі пәні бойынша әзірленген тест тапсырмалары жүйесіз сұрақтар емес, тіл білімі саласының барлық саласынан мәлімет беретін, оқушы бойына белгілі бір дәрежеде білік, дағдысын қалыптастыратындай болуы тиіс.

  • Қазіргі таңда  мектептерде ұлттық бірыңғай тестіге  дайындау кезінде мектеп м...

    3 слайд

    Қазіргі таңда мектептерде ұлттық бірыңғай тестіге дайындау кезінде мектеп мұғалімдеріне әр пән бойынша тест тапсырмаларын құрастыру тапсырылады. Тест әр пән бойынша 25 тапсырмадан тұрады, мектеп бағдарламасының негізгі бөлімдерінің мазмұны мен әр түрлі қиындық деңгейлері қамтыла отырылып, мемлекеттік білім стандартына сай жасалады. Тест даярлау барысында 3 кезең қатаң түрде негізге алынуы тиіс:
    1. Тесті жобалау.
    2. Тапсырмаларды жазу.
    3. Тапсырмаларға сараптама жасау.
    Тест сұрақтарын дайындаған кезде кейбір тақырыптар (тіл білімінің салалары) мөлшерден тыс беріледі де, кейбіреулері мүлде қамтылмай қалады. Қарапайым дәлелдерді еске сақтауды қажет ететін тапсырмаларды даярлау оңай болса, күрделі, әр түрлі дәлелдерді қамтитын тапсырмаларды даярлау қиын екені түсінікті. Сондықтан жобалаусыз құрастырылған тесте маңызы төмен, жаттанды тапсырмалар жиі кездеседі де, оқушылардың қызғушылығын төмендетеді. Осындай кемшіліктерге ұрынбас үшін тесті құрастырудың ерекшелігін білу керек. Ол үшін тест сұрақтарына негіз болатын тақырыптарды мұқият саралау қажет. Осы тақырыптарға сәйкес келетін тапсырма түрлерін таңдай білу керек. Өз бетінше тест даярлаудың көп жылдық тәжірибесі негізінде нәтижелі сұрақтар даярлаудың ережелері пайда болады.
    ҰБТ-ға дайындаудың тестік бақылау кезінде білім деңгейінің төмендігінен, не ойын жинақтай алмай, амалы қалмағандықтан, «мүмкін дұрысы осы шығар» деген үмітпен белгілей салатын оқушылар да баршылық. Ойланбастан жылдам орындап шығуды үрдіске айналдыру да бар. Мұның өзі тест нәтижелері талдаусыз

  • қалса, еш нәтиже бермейтінін дәлелдейді.  Сондықтан ҰБТ-ға дайындау барысында...

    4 слайд

    қалса, еш нәтиже бермейтінін дәлелдейді. Сондықтан ҰБТ-ға дайындау барысында тестік бақылау алып қана қоймай, оқушыларға қосымша тестік талдау жұмыстарын жүргізу керек.
    Тест тапсырмаларын талдату үлгілері:
    1. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді көрсет:
    а) Қарыздар
    в) Бөлінгіш
    с) Табыс
    д) Балгер
    е) Алатау
    Дұрыс нұсқаны табу үшін оқушы үндестік заңының түрлерін, буын үндестігінің ерекшеліктерін, үндестік заңына бағынбайтын қосымшалардан хабардар болу тиіс. Әр нұсқаны осы талаптарға сай саралағанда «Д» нұсқасы дұрыс болып шығады.
    2. Құрмалас сөйлемді тап:
    а) Әкесі баласына сүйсініп те, мақтанып та қарады.
    в) Оқушылар ұлттық бірыңғай тестіге дайындалуда.
    с) Сабақ аяқталды, оқушылар үзіліске шықты.
    д) Ол асып та, тасып та сөйледі.
    е) Көк байрағымызда алтын күн, дала бүркіті және ұлттық өрнек бейнеленген.
    Осы тапсырманың дұрыс жауабын тапқызу үшін әр нұсқаға жеке тоқталып, кешенді талдау жасата отырып, түсініп бергізу. Құрмалас сөйлемнің ерекшелігіне, жасалу жолына назар аударта отырып, «С» нұсқасының дұрыс жауабы екенін анықтау.

  • Осындай тәсілмен жасалған тестік талдаудың тиімді жақтары: 
1.Оқушы білімі...

    5 слайд

    Осындай тәсілмен жасалған тестік талдаудың тиімді жақтары:
    1.Оқушы білімін пысықтап, өтілген тақырыптар бойынша білімдерін қайталап, бекітеді.
    2.Оқушының сөйлеу мәдениеті дамып, алған білімдерін нақты мысалдармен дәлелдеуге үйренеді.
    3.Кешенді сатылай талдау арқылы әр оқушы өз қатесін тауып, теориямен қатар тәжірибелік жұмысты да меңгереді.
    Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау кезінде сатылай кешенді талдаудың тиімділігіне көз жеткіздім. Сатылай кешенді талдау оқушыларды жылдам логикалық ойлауға мәжбүр етеді, ал мұның өзі ҰБТ негізгі пәннің бірі қазақ тіліне тестік жүйеге бейімделуге әсер етеді. Кешенді талдауды толық аяқтау мақсатында балалардың жұмыс істеу жылдамдықтары артады, ал бұл жылдамдық тестілеу жүйесінде өте қажет.

  • Тестілеу – педагогикалық бақылау түрі.
  
Тестілеудің  іс-тәжірибедегі  нәтиж...

    6 слайд

    Тестілеу – педагогикалық бақылау түрі.

    Тестілеудің іс-тәжірибедегі нәтижелеріне сүйене отырып, мынандай қорытынды жасауға болады.
    1. Жалпы оқыту жүйесінен педагогикалық бақылаудың бұл түрін бөліп қарауға болмайды. Дидактиканың оқыту әдістерімен байланысы үзілген тестік бақылаудың мағынасы жойылады. Педагогикалық бақылаудың бір түрі деп есептелетін тестің өзіне мақсатты жүйе мынандай мазмұнда құрылуға тиіс:
    а) Білім мазмұнын модуль (блок) түрінде беру;
    ә) Модульге енетін білім мазмұнын оқыту элементтеріне бөлшектеу;
    б) Оқушының нені, қандай деңгейде меңгеретінін анықтайтындай бақылау мақсатын алдын ала анықтау;
    2. Бақылаудың тестік жүйесіне көшу үшін мына жағдайларды есепке алуымыз керек:
    а) Оқушылардың білім, білік, дағдысын алдын ала анықтау;
    ә) Оқушыға қысқаша жоспар мен мақсатты алдын ала хабарлау;
    3. Кіріспе тестік бақылау, ағымдық бақылау, қорытынды бақылау
    арқылы білім деңгейін анықтау;
    4. Рейтингтік жүйемен тоқсандық не жылдық білім деңгейін бағалау.
    5. Тестік тапсырмаларда пәндік көлемді қамту. Тест сұрақтарына негіз болатын тақырыптарды саралау. Деңгейлік тестер даярлау.

  • Педагогикалық  технологияларЖ.Қараевтың  саралап  деңгейлеп  оқыту  технологи...

    7 слайд

    Педагогикалық технологиялар
    Ж.Қараевтың саралап деңгейлеп оқыту технологиясы
    Шаталовтың тірек-сызбалар арқылы оқыту технологиялары
    Ұжымдық оқыту технологиясы

  • Тестілеу   мониторингі1-деңгей
Жеке,  дара, дербес2-деңгей 
мектеп  әкімшіліг...

    8 слайд

    Тестілеу мониторингі
    1-деңгей
    Жеке, дара, дербес
    2-деңгей
    мектеп әкімшілігі
    жүзеге асырады
    3-деңгей
    сыныпішілік
    мектепішілік
    білім мекемелері

  • Тест   жүйесінің  қолайлы  жақтары1.  Тест  арқылы қойылатын  баға  әділ3.Оқу...

    9 слайд

    Тест жүйесінің қолайлы жақтары
    1. Тест арқылы қойылатын баға әділ
    3.Оқушыларды дәстүрлі бағалаудағыдай психологиялық күйзеліске
    түсуден сақтайды.
    2. Бір мезгілде бір сыныптан толық алынып, уақытты үнемдемей,
    білім сапасын анықтау

  • Тесттік   бақылаудың   тиімділігіОқушы  білімін  пысықтап,   бағдарламадан ал...

    10 слайд

    Тесттік бақылаудың тиімділігі
    Оқушы білімін пысықтап, бағдарламадан алған
    білімдерін бекітеді
    Оқушы білімін пысықтап, бағдарламадан алған
    білімдерін бекітеді
    Оқушы білімін пысықтап, бағдарламадан алған
    білімдерін бекітеді

  • Тестілеу-педагогикалық  
бақылау   түріБақылаудың  тестік  жүйесінің  құрылым...

    11 слайд

    Тестілеу-педагогикалық
    бақылау түрі
    Бақылаудың тестік жүйесінің құрылымы
    1.Оқушыларды білім, білік дағдыларын алдын ала анықтау
    2. Оқушыға жоспар, мақсатты алдын ала хабарлау
    Кіріспе, ағымдағы, қорытынды тестік бақылау
    Дидактика әдістерімен байланысты.
    Жалпы оқыту жүйесімен байланысты
    Тест артықшылығы: обьективті, көп нұсқалы

  • Сабақтың  тақырыбы:    Синтаксис саласы  бойынша ұлттық  бірыңғай  
тестіге...

    12 слайд


    Сабақтың тақырыбы:



    Синтаксис саласы бойынша ұлттық бірыңғай
    тестіге дайындық жұмыстары

  • Сабақтың тақырыбы: Синтаксис саласы бойынша  ұлттық бірынғай тестіге  дайынды...

    13 слайд

    Сабақтың тақырыбы:
    Синтаксис саласы бойынша ұлттық бірынғай тестіге дайындық жұмысы.
    Сабақтың мақсаты:
    Білімділік. Синтаксис саласы бойынша алған білімдерін
    қайталап, пысықтау, ҰБТ-ға дайындау.
    2.Дамытушылық. Оқушылардың ҰБТ-ға өз беттерінше іздене
    отырып дайындалуын, тиянақты талдау дағдысын қалыптастыру.
    3. Тәрбиелік. Сауатты, тиянақты талдай білуге баулу, ой-өрісін кеңейту.
    Сабақтың түрі:
    Панорамалық.
    Сабақтың әдісі:
    Сын тұрғысынан ойлау, сатылай кешенді талдау. Деңгейлеп оқыту.
    Сабақтың көрнекілігі:
    Интерактивтік тақта, тірек-сызбалар, тест тапсырмалары.

  • Сабақтың барысы:                1.  Ұйымдастыру кезеңі.
				2. «Топтастыру»...

    14 слайд

    Сабақтың барысы:
    1. Ұйымдастыру кезеңі.
    2. «Топтастыру»
    стратегиясы.
    3. Сатылай кешенді
    талдау.
    4. Деңгейлік тест
    сұрақтары.
    5. Сабақты
    қорытындалау.
    6. Үйге тапсырма беру.
    7. Бағалау.

  • Тіл  білімі

    15 слайд

    Тіл білімі

  • Синтаксис

    16 слайд

    Синтаксис

  • Тірек - сызба №1. СөйлемСөйлем - біршама тиянақты ойды білдір...

    17 слайд

    Тірек - сызба №1.
    Сөйлем
    Сөйлем - біршама тиянақты ойды білдіретін тілдін ең кіші бөлшегі.
    мазмұнына, айтылу сазына қарай
    хабарлы (•)
    сұраулы (?)
    лепті (!)
    Құрылысына қарай
    бұйрықты (•!)
    жай
    құрмалас

  • Синтаксистік  талдаудың  сызбасыСөйлемІІ.  Құрылысына  қарай:  жай  сөйлем,...

    18 слайд

    Синтаксистік талдаудың сызбасы
    Сөйлем
    ІІ. Құрылысына қарай: жай сөйлем, құрмалас сөйлем.
    ІІІ. Сөйлем мүшелері: баяндауыш, бастауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш.
    ІV. Жай сөйлемнің түрлері: жалаң, жайылма, толымды, толымсыз, жақты, жақсыз, атаулы.
    V. Сөз тіркесі: еркін (есімді, етістікті), тұрақты.
    VІ. Сөздердің байланысу түрлері: қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу.
    VІІ. Сөздердің байланысу тәсілдері: интонация



    І. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай:
    хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты



  • Тест  тапсырмалары1   деңгей1.Сөз тіркесін табыңыз....

    19 слайд

    Тест тапсырмалары
    1 деңгей
    1.Сөз тіркесін табыңыз.
    А) Басты
    В) Алып денелі
    С) Қырық тоғыз
    Д) Жәрдем ету
    Е) Кілт тоқта
    2. Еркін сөз тіркесін табыңыз.
    А) Жүрек жұтқан
    В) Жүрегіңнің түгі бар
    С) Жүрегі тас төбесіне шығу
    Д) Жүрегі соғу
    Е) Тас жүрек
    3. Қиысуды табыңыз.
    А) Әсем қала
    В) Қасақана күлді
    С) Әйел айтады
    Д) Күнімен ұйықтау
    Е) Елмен бірге
    4. Матасуға қатысы бар септік қайсысы?
    А) Барыс
    В) Ілік
    С) Жатыс
    Д) Атау
    Е) Көмектес

  • 5. Жанаса байланысып тұрған тіркесті атаңыз.
А) Оған бару
В) Кілтпен ашты
С)...

    20 слайд

    5. Жанаса байланысып тұрған тіркесті атаңыз.
    А) Оған бару
    В) Кілтпен ашты
    С) Бес жыл
    Д) Әдейі келу
    Е) Әдепті студент
    6. Меңгеруді табыңыз.
    А) Асыл тас.
    В) Ешкім үндемеді
    С) Алты алаш
    Д) Кітапты беру.
    Е) Мұның қызметі
    7. Бастауыш пен баяндауыштың байланысу түрі қалай аталады?
    А) Қиысу
    В) Меңгеру
    С) Матасу
    Д) қабысу
    Е) Жанасу

  • 8. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай  бөлінетін түрін көрсетіңіз.
А) Жақты сөй...

    21 слайд

    8. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрін көрсетіңіз.
    А) Жақты сөйлем
    В) Толымды сөйлем
    С) Сұраулы сөйлем
    Д) Жайылма сөйлем
    Е) Құрмалас сөйлем
    9. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.
    А) Несі тамаша
    В) Тарыңнан титтей берші
    С) Қар жауды
    Д) Ойбой-ой, қалай өзгерген
    Е) Дүние қандай сәнді
    10. Қазақ тілінде сөйлем айтылу мақсатына қарай неше түрге бөлінеді.
    А) 5
    В) 6
    С) 7
    Д) 4
    Е) 2

  • 2   деңгей1.Жанама толықтауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз.
А) Олар найман...

    22 слайд

    2 деңгей
    1.Жанама толықтауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз.
    А) Олар найманды шүйелемей қоймас
    В) Су ағуын, жел соғуын тоқтатып, даланың қайғылы мұңын талай тыңдағаны рас
    С) Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің бастауы-желтоқсан оқиғасы
    Д) Ол өзінің ағасына хат жазды
    Е) Ана тілі ғасырлар бойында жасала да, жасара да береді
    2.Зат есім сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
    Кітап оқыдық
    А) Бастауыш
    В) Баяндауыш
    С) Толықтауыш
    Д) Пысықтауыш
    Е) Анықтауыш
    3.Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған зат есімді көрсетіңіз.
    А) Тұздың емдік қасиеті бар
    В) Аурудан аяған күштірек
    С) Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ
    Д) Бес жүздей жұмыскер қосылды
    Е) Анам қалаға кеткен.

  • 4.Бастауыш қызметін атқарып тұрған зат есімді табыңыз.
А) Жүзімді үзіп жейді...

    23 слайд

    4.Бастауыш қызметін атқарып тұрған зат есімді табыңыз.
    А) Жүзімді үзіп жейді
    В) Әркім өз ойын айтты
    С) Бұл – сенің қолың
    Д) Ағай жақсы кеңес берді
    Е) Мерекеге кешікпей кел
    5.Толықтауыш қызметіндегі зат есімді көрсетіңіз.
    А) Менің бақытым алда
    В) Бүркіт биікте ұшады
    С) Қыс келер ұзамай
    Д) Атамекен – қасиетті ұғым
    Е) Білімді кітаптан аларсың
    6. Ілік септік тұлғасындағы анықтауышты табыңыз.
    А) Күріш суда өседі
    В) Көппен көрген ұлы той
    С) Үйде батыр-жауға жоқ
    Д) Ел іші – алтын бесік
    Е) Туған жерге туың тік
    7. Жалқы есімі бар сөйлемді табыңыз.
    А) Көрісіп амандасқаннан көзімді ала алмадым
    В) Мен сені Алатаудың аясында қарсы аламын
    С) Адам ұлы адамша сөмір сүрсін
    Д) Үстінде шетін кестелген ақ көйлек, қызыл пүліш қамзол
    Е) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол.

  • 8.Анықтауыш қызметін атқарып тұрған зат есімді табыңыз.
А) Күш-білімде
В) Әйг...

    24 слайд

    8.Анықтауыш қызметін атқарып тұрған зат есімді табыңыз.
    А) Күш-білімде
    В) Әйгерімнің білегінде күміс білезік жарқырайды
    С) Бір досына шахмат сыйлады
    Д) Аулада гүл жайқалып өсті
    Е) Терлемеген – терең білмес
    9. Баяндауыш қызметін атқарып тұрған зат есімді табыңыз.
    А) Ердің сыншысы – елі
    В) Оқуың көп, тоқуың қалай?
    С) Досымда жақсы кітап бар
    Д) Бала біліммен көркем
    Е) Темірді қызғанда
    10.Толықтауыш қызметінде тұрған күрделі зат есімді табыңыз.
    А) Сымбат –үлгілі қыз.
    В) Мұз үстінде тайғанақ табамын
    С) Тентек шоқпар жияр
    Д) Сәуле Асқар ағасына хат жазды.
    Е) Кеншілер сарайы адамға лық толы.

  • 3  деңгей1.Құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Ол асып та, тасып та сөйледі
В) Қара...

    25 слайд

    3 деңгей
    1.Құрмалас сөйлемді табыңыз.
    А) Ол асып та, тасып та сөйледі
    В) Қарағым, бермен кел
    С) Аылды қарттан нақыл шығады
    Д) Сен, сірә, жексенбі күні келерсің, не дүйсенбі күні келерсің
    Е) Ерлік көрсеткен ер болар
    2. Салалас құрмаслас сөйлемді табыңыз.
    А) Қоңырау соғылып еді, оқушылар да орындарыннан тұрды
    В) Ақыл айтсаң, тыңдар құлаққа айт
    С) Ауа райы салқындағанымен, ел жайлаудан түсе қоймады
    Д) Әйгерім әнін үзгенше, Абай қозғалмады
    Е) Әні өте әдемі еді
    3. Ыңғайлас салалас сөйлемді табыңыз.
    А) Қар жауса да, тоңбады бай баласы
    В) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым
    С) Еңбек адамды көрікті етеді және тынысты тазартады
    Д) Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ болды
    Е) Еңбек баланы мықты етеді
    4.Себеп-салдар салалас сөйлемді табыңыз.
    А) Ол жаяу жүріп кетті, себебі ауыл онша алыс емес еді
    В) Егін піскенімен, оны оруға әлі асығар емес
    С) Келген екеуі еді: бірі – агроном, екіншісі – инженер
    Д) Ауыл жайлауға көшіп келгелі, жастардың тұрмысына бір көңілділік кіргендей болды
    Е) Егін пісті, диханшылар оны жинады

  • 5. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Абай Ерболдың ақындығын бұр...

    26 слайд

    5. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
    А) Абай Ерболдың ақындығын бұрын да білуші еді, бірақ көңіл аудармаған
    В) Әбіш келгелі ауыл жастары бұл үйден шықпайтын болды
    С) Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, немесе құлағымен естіген айтар
    Д) Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер
    Е) Ексең егін, ішерсің тегін
    6. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
    А) Маған олар я жетер, я жетпес
    В) Құмды жазық даланың шетіне ілінген жолаушылар ұзақ тұрып қалды
    С) Ауа-райы бұлыңғыр болғандықтан, бөлме іші қараңғы тартып тұрды
    Д) Оны бірде мұз айдынында көрсек, бірде колхоздың еңбек даласында көрдік
    Е) Ауа-райы түзелді, орақ басталды
    7. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
    А) Сен кеттің де, мен келдім
    В) Риза болғаны соншалық-бетімнен сүе берді
    С) Шорманның Мұстафасы атымды алып, атандым сол себепте Жаяу Мұса
    Д) Ол бірде күледі, бірде жылайды
    Е) Егіннің арасын ұзақ аралап, кешке ауылға қайтты

  • 8.Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. 
А) Саяхатшылар көп келді
В) Шәрбану да...

    27 слайд

    8.Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
    А) Саяхатшылар көп келді
    В) Шәрбану далаға шығып еді, бірақ олар кетіп қалыпты
    С) Дәметкеннің жүрегі тулап кетті, себебі келген адамды ол бірден таныды
    Д) Сара ҰБТ-ға көп дайындалғандықтан, жақсы нәтиже көрсетті
    Е) Теледидарда ән де, жыр да кезектесіп жүріп жатады
    9. Мезгіл бағынықылы сабақтас сөйлемді табыңыз.
    А) Көзге қораштау көрінгенімен, бұл кісі елге танымал
    В) Өзен жағасы аздап жарлау болса да, екі бала суға еркін секірді
    С) Оқушылар сыныпқа кіргенде, сабақ басталып кетіпті
    Д) Айжан жұмыстан шаршап келгендіктен, жөнді сөйлеспеді
    Е) Найзаның қырлы, өткір ұшы көздеген жерге тие қоймады.
    10. Шартты бағынықылы сабақтас сөйлемді табыңыз.
    А) Сабаққа жақсы дайындалсаң, жақсы баға аласың
    В) Аспан шайдай ашылып, күн нұры шуағын шашып тұр
    С) Асан үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Ержан тыста қалды
    Д) Жаңбыр да басылды, күн де жарқырап кетті
    Е) Бұл- менің туған жерім, сондықтан мен оны сүйемін

  • Тест  кілті1 деңгей
Д
Д
С
В
Д
Д
А
С
В
 Д
2 деңгей
Д
С 
Е 
Д 
Е 
Д
В 
В 
А 
 Д...

    28 слайд

    Тест кілті
    1 деңгей
    Д
    Д
    С
    В
    Д
    Д
    А
    С
    В
    Д

    2 деңгей
    Д
    С
    Е
    Д
    Е
    Д
    В
    В
    А
    Д

    3 деңгей
    Д
    А
    С
    А
    С
    Д
    В
    Д
    С
    А

  • Уақыт  бөліп,  ықылас  
қойып  тыңдағандарыңызға рақмет!

    29 слайд

    Уақыт бөліп, ықылас
    қойып тыңдағандарыңызға рақмет!

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 946 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.02.2016 2688
    • PPTX 1.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сытышев Ертуган Сарсенбайулы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сытышев Ертуган Сарсенбайулы
    Сытышев Ертуган Сарсенбайулы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10777
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литература: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель русского языка и литературы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1536 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 896 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 147 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Проектирование и проведение современного урока русского языка с учетом реализации ФГОС основного и среднего общего образования нового поколения

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 315 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 367 человек

Мини-курс

Современные направления в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе