Инфоурок Другое ПрезентацииПрезентация по казахскому языку на тему "Тұрақты тіркестер" (5 класс)

Презентация по казахскому языку на тему "Тұрақты тіркестер" (5 класс)

Скачать материал

«Бекітемін»

....................................

(қолы, Т.А.Ә.)

« 10» наурыз 2016 жыл


Сабақ тақырыбы:

Шуағын шашқан – Аяулы АНА

Күні: 10.03.2016

Мұғалімнің есімі: Жуынтаева Жадыра

Сынып: 8 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту.
Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу

Әрбір жеке тұлғаны өз ортасында, өзге ортада еркін сезіне алуға үйрету, айналсындағылармен қарым - қатынас орнатуға жаңа мүмкіндіктер табу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Қатысушылардың өз ойын ашық жеткізуді, бір - бірінің пікірін құрметтеу, сезіміне бейімдей алады.


Оқушылардың басым бөлігі :

Жеке тұлғаның рухани өсуіне тәрбиелік - педагогикалық жағдай жасай отырып, өмірдің құндылығын ұғына алады


Кейбір оқушылар:

Ананың нәзік жанын жан дүниесін, батылдығын, баласы үшін үлкен қадамға бара алатынын сезіне алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

1. Өз ойын ашық айту.
2. Өзгенің пікірін құрметтеу
3. Шынайылық көрсету
4. Белсенді әрекет ету
5. Өз сезімін басқара білу
6. Уақытпен санасу
Ана, қыз, қарындас, әпке, тате атауын сыйлауы керек, олардың өмірдегі маңызын білу, құрмет тұту



Мұғалім сөзі. Ана туралы монолог оқылады.

Ананың қадірі туралы үнсіз видеоролик көрсету.

Оқушымен жеке жұмыс. Роликте не айтылғаны туралы жазу. Оқушыларды тыңдау. Роликті тыңдату. Оқушы сөзімен салыстыру.

1-тапсырма. Ана туралы кім қандай өлең біледі? Оқушылар өздері білетін өлеңдерін жатқа оқиды.

2-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Суреттер сыры» қайым айтыс арқылы орындалады. Экранға арнайы суреттер беріледі, сол суреттер туралы екі жұп болып айтысады. (әр топтан екі оқушыдан шығады)

Ән. Сынып оқушылары орындауында. «Ана туралы жыр»

3-тапсырма. Топтық жұмыс. Трек сөздер беріледі. Ата-ана, аса қымбатты жан, бал бөбегін баптаған, тіршілік тынысы, түн ұйқысын төрт бөліп. Осы трек сөздерді падалана отырып үш топ төмендегідей жұмыс жүргізеді.

1-топ. Берілген тірек сөздерді қатыстыра отырып өлең шығару. Сол өлеңдерін әннің әуеніне қосып айту.

2-топ. Берілген трек сөздерді қатыстыра отырып эссе жазу.

3-топ. Берілген трек сөздерді қатыстыра отырып көрініс қою.

Анама сыйлық сыйлаймын!.. тақырыбында үш топ постер қорғайды.

Жетістік критериі

жетті

талпынады





Қосымша ақпарат


Құранда жазылған ананың қадірі туралы

Оқушылардың үйренгенін мысалдар беру арқылы тексеремін.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих.

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Берілген смайликтерге өз пікіріңізді жазыңыз. Сол арқылы сабақтың мақсатына жеткен-жетпегені анықталады.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. Оқушылар ойнай отырып, тақырыпты меңгереді

  2. Сабаққа деген қызығушылық артады.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқуды да, оқытуды да)?

  1. Түсіне отырып жұмысты орындау

  2. Орындалған жұмыстың маңызын түсіну




































Астана қаласындағы 
N 3 мектеп-гимназиясының 
қазақ тілі және әдебиет пәнінің 
мұғалімдері: 
Абуова Зәуре Қазбекқызы, 
Сыздықова Сәуле Серікқызы 

Тәрбие сағатының тақырыбы: Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады. 
Мақсаты: Тақырыпты сын тұрғысынан ойланту арқылы меңгерте отырып , ана туралы түсініктерін кеңейту, өз ойларын ортаға салу. Ана қауымына деген сүйішпеншілігін арттыру. 
Көрнекілік: 
Зал ішін безендендіру, Қазақ батыр қыздары мен аналарының суреттері, нақыл сөздер 
Ән ойнап тұрады. 

Жүргізуші: Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына бюасып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін де – Ана . Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. 

Жүргізуші: Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Біз қазақ деген қасиетті халықтың ұрпағымыз. Қыз Жібек пен Баян Сұлудың, Мәншүк пен Әлияның інілеріміз. Қазақ қыздарын әлемге әйгілі еткен бұлбұл әншілеріміз. Күлаш Байсейітованы, Роза Бағыланованы, атақты күйші Дина Нүрпейісованы, сахнаның сәні Әмина Өмірзақованы, ақын қыздарымыз Фариза Оңғарсынова мен Ақұштап Бақтыгерейованы т.б. көптеген аналарымызды әрқашан үлгі тұтып мақтан етеміз. 

Жүргізуші: Ана деген – асыл жандар болаттай, 
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай,- деп ақын жырлағандай, әйел тек аяулы ана, нәзік қыз ғана емес, сонымен қатар белсенді қызметкер. Ананың қоғам өміріндегі алатын орны үлкен. Ана – перзент тәрбиешісі.Ана – қызметкер, 
Ана – ғалым, 
Ана – зейнеткер. 

Жүргізуші: «Ат биеден туады, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. 

Жүргізуші: Елін ,жерін сүйетін, ей,адамдар! 
Алдымен ананы аялаңдар! 
Ана – алып бәйтерек. 
Бәйтеректің бауырына топтасып саялаңдар! 
Құрметтесек ана қауымын құрметтейік. 
Жылына бір келетін мерекеде еңбектерін бағалап,сый-құрмет көрсету біз үшін қуаныш. Жүздеріңізден шаттық пен қуаныштың нұры кетпесін! 

«Ана» әні орындалады. 
Жүргізуші: Азиза ,қалай ойлайсың? Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? 
Жүргізуші: Жоқ, әке қанша мейірімді болғанмен ананың жөні бөлек. 
Жүргізуші: Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол 
ана.Анасыз бала,ұйықтамайды. Ана үйдегі бақ, әке – отыратын тақ. Ана ақылды болса, үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы. . 

Жүргізуші: Үйдегі алтын қазық кім? Шыңғыс. 
Жүргізуші: Үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана 
болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана 
ақылшың, әке - қамқоршың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені 
сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы 
көңілінде, ақылы сөзінде. 

Күй 

Жүргізуші: Сен білесің бе, дүниедегі ең сұлу кім? 

Жүргізуші: Дүниедегі ең сұлу -- әйел. Әйел – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған әлемдегі ізгі адам Әйел – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан ана. Ұлттың ұйытқысы, ұрпақтың анасы. 

Жүргізуші: Иә, бүгін мақтасақ – барлығын жеңетін, тіршіліктің 
бұлағы әйел – ананы мақтайық. Бізге қажымас қайрат беретін әйел- 
анаға мың алғыс. Аристотель, Фердоуси, Жәнібек пен Абылай , Абай, 
Шоқан, Махамбеn пен Исатай, Мағжан, Мұқағали, Нұрсұлтан мен 
Тоқтар – сол әйелдердің ұлдары, бәрі ананың ақ сүтінен нәр алған. 

Жүргізуші: Эпостағы Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, 
тарихтағы Домалақ АНА, Айша бибі, Абайды туған Ұлэжан, ел билеген 
Айғаным, ел бастаған Бопай, ел қорғаған Гәуһар ана, бәрі бір ғана атқа 
ие, ол «АНА» . Ендіше сол аналарды мадақтайық. 

Ән орындалып тұрады. 

«Ана» Фариза Оңғарсынова 
Ана үлкен , биік құдірет, 
Анасыз өмір өтер , жөні бөлек. 
Өмірдегі балалар дүниеде, 
Арқасында сол ананың ғанибет. 
«Ана» сөзі үш әріптен құралған, 
Үш әріпте жатыр ғой бар арман. 
Сол арманым орындалып кетсе егер, 
Аналарға өмірім, арналып кетер ойлаған. 
Есіңде болсын ұлдар, қыздар, 
Өз анаңа боласың сен қарыздар. 
«Кешіріңдер,құрметті аналар» - 
Деп өтеді түсінетін адамдар. 

«Жаз дидарлы жас ана» Қасым Аманжолов 

«Жаз дидарлы жас ана» , 
Жаныңды тос әр күйге. 
Жасара түс жасара, 
Бөбегіңді әлдиле. 
Шіркін ана қыз туып, 
Күн өсірген күн құрсын. 
Нұр үстіне нұр жауып, 
Өз күніміз құлпырсын. 
Теңдік атты терең күй, 
Бізден басқа қай елде? 
Дүние бүгін басыңды и 
Еркін азат әйелге. 
Көктен, жерден, теңізден 
Жұлдыз емес қыз көрдік. 
Ерке сәби емізген, 
Айдай ана біз көрдік. 
Сұлулық пен махаббат 
Не?- деп әркім таласар, 
Бақыты бар басы азат, 
Адамға олар жарасар. . 

«Ана деген» Марал Әлжанова 

Ана деген -- мөлдір бастау суаты, 
Ана деген – бұл өмірдің қуаты. 
Ана деген – алтын күннің сәулесі, 
Ақ таңың боп шашылатын шуағы. 
Ана деген -- қызыл гүлі өмірдің, 
Ана деген – мерекесі өмірдің. 
Ана деген – мейірімнің мекені, 
Алдарыңа ақ гүлің боп егілдің. 
Ана деген -- дүниенің тірегі, 
Ана деген – сан ұрпақтың жүрегі. 
Ана деген – қол жетпейтін көктегі, 
Адамзаттың ақ арманы ,тілегі . 
Ана деген -- көбелектей гүлдегі, 
Ана деген – аққу сынды көлдегі. 
Ана деген -- күш қуатың, қорғаның, 
Ақ отаудың алтындаған діңгегі. 

«Анама» Мағжан Жұмабаев. 
Өмірімнің қап қараңғы түнінде 
Еш не білмес, өңім бе, я түсім бе? 
Оң менен сол , от пенен су айырмас , 
Күшсіз, әлсіз есім білмес күнімде,-- 
Құшағыңа алдың сүйдің сен, анам, 
Ренжу жоқ, барлық сөзің: «Жан анам!», 
Ыстық-суық , желге – күнге тигізбей, 
Асырап, сақтап, болдың, анам, баспанам. 
Түнде тұрып, түн ұйқыңды төрт бөлдің, 
Тыныш ұйықтасын деп аз сөйлеп, аз күлдің. 
Ыңырансам, я қарным аш, я тоңған 
Екенімді ойламастан тез білдің. 
«Жаным – дедің,-- қарашығым,құлыным,» -- 
Сүйдің, қыстың, дедің: «Тәтті қылығың!»-- 
Қаз-қаз тұрсам,езу тартсам,құласам, 
Я жыласам – Бәрі жақты қылығым. 
Жаным анам – жібек тілді, ақ көңіл, 
Жазу болып, шегер болсам ұзын жол, 
Шет жерлерде теріс жолдан сақтарға, 
Жан балаңа ақ батаңды бере көр!.. 

Келесі көріністе ана туралы бар шындық айтылмақшы. Жерді қанға 
тұншықтырған Темірдің сол аналардың алдында бас иіп кішірейген айтылмақшы. 

КӨРІНІС. 
Алыстан әйелдің дауысы естіледі. 
ӘЙЕЛ: Жіберіңдер мені, үш ғаламның билеушісіне жібер, тарт қолыңды, апарыңдар ханға! 
АҚСАҚ ТЕМІР: Мына зарлы дауыс кімдікі екен, біліңдер тез ! 
Шабарман: Үсті-басы шаң, алба-жұлба бір әйел «Ханға 
жіберіңдер!» деп қасарып тұр. 
АҚСАҚ ТЕМІР Алып келіңдер. 
АНА Баязитті өлтірген сен бе? 
АҚСАҚ ТЕМІР Иә,! Мен оны да женгенмін, басқаны да жеңемін. Әлі жеңуден қайтқаным жоқ. Сен не айтпақшысың, әйел? 
АНА Тыңда! Сен – талай «ст» «стесең де құр адамсың. Ал мен – Анамын! Сен әлемге қызмет қыласың, мен өмірге қызмет қыламын. Сен менің алдымда жазалысың. Міне, мен саған «Сол жазаңды жу» 
деп келіп отырмын. Сен әділ болуға міндеттісің, мен анамын! 

АҚСАҚ ТЕМІР Отыр да сөйле, мен тыңдаймын! 
АНА Менің әкем де, ерім де бақытты еді. Оларды бақытты қылатын мен едім. Менің жалғыз ұлым бар еді. Жер бетіндегі ең сұлу сол еді. 
АҚСАҚ ТЕМІР Менің Жәңгірім сықылды. 
.АНА Менің ұлым алтыға келгенде қарақшылар келіп, менің ерімді өлтіріп, ұлымды алып кетті. Міне, 4 жыл болды, жер жүзін шарлап, ұлымды іздеп жүрмін. Мен білемін, ұлым қазір сенің қолыңда. Сен менің ұлымның қайда екенін білуге міндеттісің, өзіме тапсыр! 
АҚСАҚ ТЕМІР Әйел, сонау жат жерден дарияларды, өзендерді, тауларды, ормандарды өтіп қалай келдің? Саған аңдар қалай тимеді? 
Қолыңда қаруың да жоқ. 
АНА Жолда бәрі болады, қабан, аю, жер тарпыған бұқалар ұшырасты. Барысты көрдім, көздері сенің көзіңдей екен, бірақ аңдардың жүрегі бар ғой. Мен олармен сенімен сөйлескендей сөйлестім. Олар менің ана екеніме сенді. Аяғандары емес пе, күрсініп теріс кете барды. 
АҚСАҚ ТЕМІР Солай, әйел, аңдар адамдардан күштірек сүйіп, жауларымен тандырақ алысады. 
.АНА Әркімнің анасы бар ғой. Сені де бір әйел тапқан шығар. ! 
АҚСАҚ ТЕМІР Солай, әйел, өңкей бұқадан бұзау тумайды, күнсіз гүл 
гүлдемейді, махаббатсыз бақыт болмайды, әйелсіз махаббат болмайды. 
Анасыз ақын да, ер де болмайды. 
АНА Ендеше, бер баламды өзіме! Неге десең, мен анамның, сүйемін ұлымды. 
ТЕМІР Мен тәңірінің құлы Темір тиісті сөзімді айтамын. Мен өмір сүрдім, өмір бойына табанымның астында қара жер күңіреп келді. Осы 
қолыыммен отыз жыл бойына ажалдың иінін қиратып келемін, оның 
мәнісі – ұлым Жәңгірдің кегін алмақшымын. Анам туралы ойламаппын 
да. Менің алдымда отырған әйел маған сөйлемеді, бұйырды. Мен әйел 
қайратын ұқтым. Қазір үш жүз адам аттанып, маған қараған жердің 
бәрін кезіп, мына әйелдің ұлын тапсын. Кімді- кім баланы тапса , ол 
бақытқа бөледі. Осылай ма, ана? 
АНА Солай, хан, дұрыс айтасың. 
ТЕМІР Қане,атқа мінелік, біз де ізделік. 
Осы айтылғанның бәрі – шындық, аналар ажалдан күштірек, өмірге 
данышпандарды, ақындарды,ерлерді әкелетін – аналар.Барлық 
жақсылықты себетін – аналар. Иә , аналар ажалдан да күшті. 
Оқушы: Міне, көрдіңіздер ме? Тәңір құлы Темірді жібіткен де ана екен. 
Ендіше сол аналар алдында бас иелік» Не деген құдірет едіңіздер 
аналар . Сыйынатын болса өмірде құруы 
Сыйынар ем, ана деген тәңірге! 
Ананы да , мені де әлпештеген, 
Қайтпас қайрат,дариядай ақыл берген. 
Ниетің қабыл болсын аналарым, 
Өркендеп өсе берсін бабаларың. 
Барша ,ана, құтты болсын мерекеңіз 
Әрқашан да, ана, сізден берекеміз. 
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам, 
Сонда біз кісілікке теңесеміз. 
Ән орындалады. 
Күнде той бола бермес дәл осындай, 
Тышымас көңіл бақыт жол ашылмай, 
Өмірде саған жақын адам болмас 
Түн ұйқысын төрт бөлген анашыңдай. 
Аамдықтың ашқасын қақпасын кеп, 
Туан елін сүйсіне мақтасын деп. 
Пәк сезіммен тілеймін адамдарға 
Анасының ақ сүтін ақтасын деп. 
Өмірде ана- бақыт, ана – пана, 
Өмірде өркендетер ана ғана. 
Өсірген талай көсем, талай шешен, 
Талай ер, талай ақын, талай дана. 
Оқушы Ана! Ол біздің елде ардақты адам, 
Кіші де, үлкені де ардақтаған. 
Өзінің аяулысы Отанын да. 
«Ана» деп біздің халық текке айтпағаған. 
Адам бар ма ана сүтін татпаған, 
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған. 
Адалдықты, ар-намысты сақтаған, 
Мен анамның сонысына мақтанам. 
Оқушы Бірде ұстаз, бірде әнші, анасыз, 
Қыздарға да ақ пейілмен панасыз. 
Сіздің жазған әніңізді орындап, 
Шаттанып біз, мақтанып бір қаламыз. 
Құттықтаймын мейрамыңмен аналар, 
Әр күлгенің бізге бақыт саналар. 
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде, 
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар. 
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап, 
Ана дейді жас сәби де жарқылдап. 
Ана деген – бәйтерегі өмірдің, 
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ. 
Ана десем сезім билер тым ыстық, 
Жарасымды адамдарға туыстық. 
Бар адамға берсе адамның мейірін, 
Орнар еді бар әлеме тыныштық. 

Ана десем, шешек атып жанары, 
Өмірімнің бастау алар жаң әні. 
Ана деген тіршілікке пана боп, 
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады. 
Тыныштық баршамыздың – ұранымыз, 
Мәңгілік таусылмайтын жыр-әніміз. 
Арманың асқарыа қанат қаққан, 
Бақытты бейбіт елдің ұланымыз 
Ана деген – адамзаттың данасы, 
Ана деген – сәбилердің панасы. 
Ана деген – жарық жұлдыз шырағың, 
Ана деген – қайнар ыстық бұлағың. 
Ана деген – өмірдегі қамқорың, 
Ана деген – сүйенерің жан құрбым. 
Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым. 
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың. 
Өміріме нәр береді ақ сүтің, 
Кен құшағын аясындай гүл бақтың. 
Мен өзіңмен қайда болсам біргемін, 
Махаббатың жүрегімде жүр менің. 
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің, 
Қандай жақсы ортамызда жүргенің. 

Ол – ана, адамзатқа қанық үні, 
Әр жүрек, әр көңілдің жарық күні. 
Ол деген алыбы ғой алыптардың, 
Ана тілі емес пе халық тілі. 
Сәуле кіріп еңгенмен саналарға, 
Бірте –бірте басқанмен заман алға. 
Адам болып жер басып жүргенменен, 
Алдыменен қарызбыз аналарға. 

Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма? 
Борышты оған небір дархан дала да. 
Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге, 
Ей, адамдар, жол беріңдер анаға! 
О,аналар, осындайсың бәрің де, 
Осындайсың жасың-дағы, кәрің де. 
Сыйынатын болса өмірде құдірет, 
Сиыныңдар, ана деген тәңірге. 
Скрипкада күй орындалады. 
Ана –адамзат мекен ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйдің мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам Ана деген адамға Атамекен, 
Әр адам анаменен адам екен. 
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым, 
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен,- деп кезекті әнге береміз. 
Көз керек – ананың өнерін, парасатын көруге. 
Көз керек – арудың, әйелдің, ананың сұлулығын көруге. 
Көз керек – ұйқысыз түндер мен уақымды күндер салған 
Әжімдердің сырын ұғуғу, 
Мейірім мен жылылыққа толы ана алақанындағы 
Ықыласты қолмен ұстап сезінуге. 
Көз керек – бесік жыры мен ана әлдиінің құдіретін 
Толық біліп 
Сөз керек – ару, әйел, ананың сұлулығын айтып жеткізуге, 
Сөз керек – дүниенің алтын діңгегі 
Ана екенін әйгілеуге. 
Сөз керек – анаға деген махаббат пен құрметті 
Тіл ұшына үйіруге. 
Сөз керек – жылына бір рет болса да 
Ана мен әйелдің көкіректі кернеген 
Сезім мен көңіл күйін білдіруге. 
Би билейді. 

Жүргізуші: – Ал, аналар, балалар және жиналған қауым, бүгінгі әдеби сазды ертеңгілігімізді ақын Баязиевтің «Ана туралы ой» деген өлеңімен аяқтағымыз келеді. 
Халқымызға билік айтар даналар, 
Даналардың өзі анадан жаралар. 
Жүрегіңнің бір бөлшегі бала үшін 
Сізден жақын адам бар ма, аналар 
Жүргізуші: 
Балаға ең жақыны сіз ғой ана, 
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана. 
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ, 
Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана. 
Адам баласы үшін ең қастерлі сөз – Ана деп білеміз! 
Осымен әдеби-музыкалық кешіміз аяқталды. Құрметті қонақтар, ұстаздар сіздерді көктем мейрамы – Сегізінші Наурыз мерекесімен? 
құттықтаймыз. Сіздерге бақыт, денсаулық. Шығармашылық табыс тілейміз.











Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы. 

Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.





Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по казахскому языку на тему "Тұрақты тіркестер" (5 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный аналитик

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 078 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.03.2016 665
    • DOCX 30.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жалғасбаева Каламқас Қаныбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4329
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

Педагогические и психологические основы образования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Анализ эффективности проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе