Инфоурок Другое Рабочие программыПрезентация по казахскому языку на тему "Тәуелсіздік туын көкке көтер" (7 класс)

Презентация по казахскому языку на тему "Тәуелсіздік туын көкке көтер" (7 класс)

Скачать материал

Қызылорда қаласы

№101 орта мектеп

 

 

2015-2016 оқу жылы

 

 

 

Тақырыбы: «Тәуелсіздік туын көкке көтер»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы:  7 «Б»

Сынып жетекшісі:    Ж.Жуынтаева

 

 

 

 

 

Мақсаты : Жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді,осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздан айырылғанымызды ,Желтоқсан көтерілісі туралы шындықты оқушыларға ұғындыру.

Отанды сүюге,құрметтеуге,Желтоқсан құрбандарына әрдайым құрмет көрсетуге,адамгершілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу

  Өз ойларын  жүйелі түрде еркін жеткізуге,сөйлеу мәдениетін үйрету.

Көрнекілігі: Тәуелсіздік ,туған жер туралы әндер, өлең шұмақтары,суреттер көрмесі, көрініс.

І-жүргізуші : Ел болып жатқан шақта қосып тілек

 Ойлама  бақыт құсы кешікті деп

  «Тәуелсіз ел көтерілді аспанға»

Бұл күнді жүруші еді –ау тосып жүрек.

2-жүргізуші : Кезегі  келді міне,тосқан күннің,

Қар жауып,қайта ашылды аспан бүгін.

Қарашы,ақша бұлтқа кетті айналып,

Еңсемізді қашаннан басқан мұңым.

І-ж :   Қайырлы күн,қымбатты ұстаздар мен оқушылар !.

2-ж:   Армысыздар, қымбатты көрермендер ! «Тәуелсіздік туын көкке көтер!!!» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер !

1-ж:Қазақ елінің азат екенін тағы бір мәрте дәлелдейтін ол- Қазақстан Республикасының Әнұраны!!!

2-ж.Әнұраным-жанұраным,

Айтар әнім- сөйлер сөзім.

Туған жерім-сағынарым,

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика Әнұраным!

       Әнұран орындалады. (үнсіздік)

1-ж. Тәуелсіз ел жетістіктерінің храналогиялық кестесіне назар салайық(ютуб)

1-ж :  Иә,бұл әнұран сөздері дүниеге келіп,  егеменді ел атанғанымызша біздің халқымыздың басынан қиындықтар мен қатыгез жылдардың небір сұмдықтары өтті. Бұл қазақ халқының  ары мен намысына, тағдыры мен  тарихына өшпес таңба  салған 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі.

2-ж :  Дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсаны туралы шындық мерзімді баспасөз беттерінде аз жазылған жоқ. Сонау қылышынан қан тамған колбинизм заманының өзінде-ақ «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп баспасөз беттерінен алаңдағы оқиғаның ақиқатын батыл айта білген қазақ ақын жазушыларының есімін бүгінде бүкіл әлем таниды. Солардың бірі-ақиық ақын Мұхтар Шаханов.

1-жүргізуші

    Қалдырып жаны мәңгі жас ұлыңды,

    Құпия шерттім осы жан сырымды .

    Хош енді,жолықпасаң, қайран ана,

   Көзімнен ақ  жаулығың жасырынды,-дей келе  Желтоқсан  құрбандарын 1-мин үнсіздікпен еске алайық.

(Ескерткішке екі оқушы гүл шоқтарын қояды.Ләззаттың анасы ескерткіш басында қызын жоқтайды. Сахнаға М.Шаханов, журналист шығады.)

Көрініс: Жасұлан, Мирон, Нұрбақыт, Зейнеп

  «Ананың зары»:  Мынау неткен зар заман,

                                  Жүректегі тар заман.

                                 Сені өлтірген дұшпанға

                                Зауал келсін Алладан.

                                Асыл едің,мыс болдың ,

                                 Ізің жатыр өзің жоқ,

                                 Қайдасың қайда ,қарағым?!

Мұхтар Шаханов: «Бұл тақта аузынан ана сүті кетпей жатып,шашынан сүйретіліп сабалған, жазықсыз жалаға ұшыраған бүлдіршін қыздың көз жасына қойылған ескерткіш. Бұл тақта -әлемде әлі зорлық бар деп ұғынып  улгермеген қаншама жас жігіттер мен қыздардың әділетсіздікпен бетпе-бет ұшырасқан қайғылы шағының ескерткіші.Бұл тақта негізсіз күдікке ,қудалауға ұшыраған немесе ұл-қызын күтіп түрменің есігінен сығалаған қаншама аналарымыз бен әкелеріміздің төзіміне қойылған ескерткіш.»

Журналист : Мұхтар аға,Желтоқсан ызғарына ұрынған ұлдарымызды «Ұлт мақтанышы»  деп айтудан тартынатын сияқтымыз.Олар шын мәнінде азаттық ұранын алғаш көтерген қарлығаштар емес пе ?   -Олай болса олардың бәрі мақтауға тұратын батырлықтың үлгісі емес пе ?

Мұхтар:-Жөн айтасың,қалқам. Өр рухты азамат Қайратты айтсаңшы...Соңғы сөзінде не дегені есіңде болар ?  Шіркін жас кетті-ау !

(Қайрат рухы сахнаға шығады.Үсті-басы жырым-жырым,қолында кісен)

Қайрат :  Күнәдан таза басым бар,

                Жиырма бірде жасым бар.

                Қасқалдақтай қаным бар,

                Бозторғайдай жаным бар,

                Алам  десең,алыңдар!

                Мен не етермін,не етермін.

                Мен келмеске кетермін,

                Көрмеген  қош  бол таңдарым,

                Көре алмай  мен өтермін.

                Қайрат деген атым бар

                Қазақ деген затым бар.

               «Еркек тоқты – құрбандық»

                Атам десең,атыңдар!

              (Қайрат  рухы кісенін сылдыратып  сахнадан баяу шығып кетеді)

2-жүргізуші: Сол Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы  естілсе де жанымызға нұр септі.Мәңгілік егемендікті алып келгенінің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық.Желбіреген көк байрағымыз,айбынды әнұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр.

 «Желтоқсан желі».

1-жүргізуші: Әдеби монтажға көңіл бөлейік!

  1-оқушы:Егемендік иесі «мен»деген сөз,

                Көптен бері естілмеген ерен сөз

                 Екі тізгін,бір шылбырын өзі алған

                 Көркем жігіт болып өссе көген көз.

                Егемендік – ел болудың белгісі,

               Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.

               «Егемендік»деген сөзден естілер

                Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

2-оқушы:Сол бір ызғары ерте түскен қыс күндерінде  тоқырау ажалының табанында аяусыз тапталған ар-намыстың  ышқынған дауысы құлағымызды әлі шыңылдатып тұрғандай.Сол дауыстардың арасынан,он екіде бір гүлі ашылмай қиылып кеткен, аяулы Ләззат,сенің үнің талып естіледі.Он алтыдан енді ғана асқан бейкүнә жасында өмірден өз еркіңмен кетердей басыңа не күн туып еді?Айбының – алаңға шыққаның,жұдырықтай жүрегіңмен қалың қауымның мүддесін ұққаның ба?Тек сол болса,ол айыбың емес,  азаматтығың болар.

3-оқушы:Жандос пен Саятты ортаға шақырайық.

4-о. Ортаға Тәуелсіздік өлеңімен Розажәне Асхат пен Ринатты шақырамыз!

5-о. Нұрай және Мақсаттың тамаша өлең шұмақтары.

2-ж.Біздің сыныптасымыз, досымыз Нұрбақыт Абай атамыз секілді өлең шығарады. Бүгін де ол тәуелсіз еліміз Қазақстанға арнап өлең шығарыпты. Ортаға Нұрбақытты шақырамыз!!!

1-жүргізуші: Роза мен Зейнеп Қарашы қазақ еліме!  

2-ж.Ал енді оқушылар сендерге арналған Алшынның білім тексеру қоржыны бар екен. Ортаға Алшынды шақырамыз!

1-ж. Туған жер Роза мен Зейнеп

Хор: Жасыл жайлау

2.Осындай тамаша көңіл-күймен ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!

Бірге:.Қош болыңыздар!!!

 

Жүргізушілер  Әбділпәттеқызы Роза мен Айтқұл Алшын           «Әнұранның» орындалу сәті

Әдеби  монтаж  Тәуелсіздік туралы өлеңдер

Роза мен Зейнептің орындауында «Иә, солай» әні

Көрініс. «Қайрат рухы»

Нұрбахыт пен Заринаның өз шығармашылығынан

 «Тәуелсіздік толғауы», «Желтоқсан» өлеңдерімен бөлісу сәті

Роза мен Зейнептің орындауында «Туған жер» әні

Алшынның білім қоржынынан тәуелсіздіктің қалай жеткеніне байланысты хронологиялық сұрақтар

 

,

Ашық тәрбие сағатының қорытынды сөзін

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Абылаева Лаура сөз алды

  

Хор «Атамекен» әнін сынып оқушылары орындауда

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по казахскому языку на тему "Тәуелсіздік туын көкке көтер" (7 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 551 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2016 756
    • DOCX 2.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жуынтаева Жадра Жанбырбаевана. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жуынтаева Жадра Жанбырбаевана
    Жуынтаева Жадра Жанбырбаевана
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6410
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой