Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Презентации / ПРЕЗЕНТАЦИЯ ПО КАЗАХСКОМУ ЯЗЫКУ НА ТЕМУ ЖАРЫС САБАК

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ПО КАЗАХСКОМУ ЯЗЫКУ НА ТЕМУ ЖАРЫС САБАК


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Жарыс сабақ

Мақсаты: қазақ халқының көрнекті ғалымдары Қаныш Сәтбаев пен Әлкей марғулан туралы алған білемдерін бір жүйеге келтіріп корытындылау.

1. Білімділік: көрнекті ғалымдардын өмірі, оқуы, улкен ғылымға келу жолдарын, халыққа, ғылымға сіңірген еңбектерін білгізу.

2. Дамытушылық: тақырыппен жұмыс істеу барысында оқушылардың сөйлеу әрекеттерін, тақырып бойынша өз ойларын әңгемелей білуді, пәрменді сөздік қорын молайтуды, сұраққа жауап беруді дамыту.

3. Тәрбиелек: оқушыларды ғылымға талпынуға, ғалымдар өмірінен үлгі алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың әдесі: практикалық әдістер.

Сабақтың көрнекілігі: порттеттер, ғылым жайында ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер.

Сабақтын жоспары.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ә) Топты ұйымдастыру.

2. Топ жарысы.

а) I кезең: пәрменді сөздік қорын, сөздердің дұрыс айтылуын, жазылуын, сөйлем құрастыра білу машықтығын (шеберлігін) тексеру.

ә) II кезең: аударылған пәрменді сөздер көмегімен сөйлемқұрастыру.

б) III кезең: "Сиқырлы қоржын ойыны".

в) IV кезең: екі топ арасында ғылым, білім, оқу туралы мақал-мәтелдер, өлең-тақырыптар айтудан жарыс. Тестік жұмыстары.

3. Сабақтың қорытынды кезеңі.

Сабақты мемлекеттік әнұранды орындатумен бастап, кезекшімен әңгіме жүргізіп, оқушыларға сабақтың тақырыбын, мақсатын айтып түсіндіру.

- Балалар, бүгінгі сабағымызда "Қазақ халқының белгілі ғалымдары: "Қ.И.Сәтбаев және Ә.Х.Марғулан" тақырыбы бойынша нәтиже сабақ өткіземіз. Сабақты сайыс, жарыс түрінде өткіземіз. Алдын-ала берілген тапсырма бойынша екі топқа бөлініп, әр топ өзінің белгісін, ұранын, топтың атауын белгілеп келулері керек еді. Жарыс сабағымызды жүргізу үшін екі топқа жетекшілер сайлап алайық. Қай топ оқушыларының күштерек екенін анықтап беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Сөз кезегін топ жетекшілеріне береміз.

I топ: " Қыран" деп аталады. Қыран деген атауды, балалар, бекер атағанымыз жоқ. Қыран кұс біздің мемлекеттік туымызда күннің астында қалықтап ұшқан күйінде белгіленген. Осы қыран құстай ғылымның биігінде самғап ұшуға тілек білдіреді.

Қуат-күшін арнаған сүйікті елге

"Қыран" болып самғаймыз биіктерге.

"Қыран құс" тобынан " Тұлпар" тобына жалынды сәлем!

Біздің ұранымыз:

Талпынбаса ғылымға, өнерге кім,

Талаптыға төгілер сәулесі күн.

Талпынамыз табысқа кенелуге.

II топ: "Тұлпар" деп аталады. қасиетті мемлекеттік ел таңбамыздың екі жағын қанатымен көмкеріп тұрған ертедегі тұлпарлар бейнеленген. Тілек, тұлпардай жүйрік болындар!

Тұлпарға тән адуын, еркін екпін,

Бойымызда бәрі бар кереметтің.

" Тұлпар" тобынан "Қыран құс" тобына жалынды сәлем!

Біздің ұранымыз:

Әрбір күнде ғылымға аттанғанда,

Кеуде соғар біз емес мақтанғанда.

Қазақстан ғылымын паш етеміз,

Үмітіңді бола ма ақтамауға.

Топ жарасы: I кезең.

- Енді, балалар, жарысымыздың бірінші кезеңін сөздердің дұрыс айтылуын, дұрыс жазылуын, сөйлемқұрастыра білу машықтығын (шеберлігін) тексеру мақсатымен "Сөздік жарыс сайысын" ұйымдастырамыз. Әр топқа сөз тіркестері орыс тілінде беріледі.(Оқушылар сол сөздерді қазақ тіліне аударады).

"Қыран" тобына:

1. крупный ученый

2. государственный деятель

3. исследователь месторождений

4. презедент Академии Наук Казахстана

5. всю свою жизнь, все свое знание

6. для блага народа

"Тұлпар" тобына:

1. видный ученный

2. географического общество

3. полный член

4. заслужанный деятель

5. во всех отраслях науки

6. более 300 научных трудов

II кезең. Аударылған сөздер көмегімен сөйлем құрастырындар. Сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібіне көңіл аударындар.

"Қыран" тобына.

1. Қаныш Сәтбаев аса ірі ғалым, мемлекет қайраткері және кен орындарын зерттеуші.

2. Ол Қазақстан Ғылым Академиясының тұнғыш президенті.

"Тұлпар" тобына.

1. Әлкей Марғұлан аса көрнекті ғалым, география қоғамының толық мүшесі.

2. Ол ғылымның әр саласында еңбек етті.

- Әділқазылар алқасы! Жарысымыздың бірінші және екінші кезендері бойынша қорытынды шығаруларыңызды сұраймыз

Жарыстың III кезеңі. "Сиқырлы қоржын ойыны".

Екі топтың жетекшілері "Сиқырлы қоржыннан" сұрақтар алып, топ мүшелері оған жауап береді.

"Қыран" тобына.

1. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев кім?

2. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қай жылы, қай жерде тұған?

3.Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қай қалада, қандай институтта оқыды?

4. Қазақстан Ғылым Академиясының тұнғыш президенті кім?

5. Қаныш Сәтбаев Қазақстанның қай облысында еңбек жолын бастады?

"Тұлпар" тобына.

1.Әлкей Марғұлан кім?

2. Әлкей Марғұлан қандай ғылым саласымен шұғылданады?

3. Әлкей Марғұлан қандай қоғамның толық мүшесі?

4. Әлкей Марғулан қанша ғылыми еңбектің авторы?

5. Әлкей Марғұлан археология саласында қандай жаңалық ашты?

Әділқазыларалқасы! Жарыстың III кезеңі бойынша қорытынды шығарыңыздар.

Жарыстың IV кезеңі. "Қыран" тобы мен "Тұлпар" тобы ғылым, білім, оқу туралы қандай мақал-мәтелдер, өлең-тақпақтар біледі, сол бағытта жарысады.

Сөз " Қыран" тобында.

1. Оқу - білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы.

2. Оқу - білім азығы,

Білім - ырыс қазығы.

3. Оқусыз білім жоқ.

Білімсіз күнің жоқ.

4. Білім - қымбат, білу - қиын.

5. Қына таска бітеді,

Білім басқа бітеді.

6. Тіліңмен жүгірме,

Біліммен жүгір.

Келесі кезекте сөз "Тұлпар" тобына.

1. Ілім - бұлақ,

Білім - шырақ.

2. Мен білмеймін деме, үйренемін де.

3. Пікірің көп болғанша, білімнің көоп болсын.

4. Білім - елге, су жерге.

5. Білімнен безген - бүлінер.

6. Ақылдының қазынасы - білім.

Өленді мәнерлеп оқу сайысы.

"Қыран" тобы.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Құмарланып, шаттанба,

Ойнап, басқа күлуге.

Ғылым болмай немене,

балалықты қойсаңыз.

Болмасаң да, ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

(Абай)

Оқыған - адам ғой

Ізденіп көріңіз,

Ғылымды заман ғой.

Ғылым бір кенің ғой.

Ауырсаң емің ғой.

Бәріңе жетеді,

Таусылмас көлің ғой.

(Шәкәрім)

"Тұлпар" тобы.

Білген сайын келеді біле бергің,

Білі беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң, алдыңа бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім,

Білімдіні сүйерін білем елдің.

(А.Тоқмағамбетов)

Ғалым болғым келеді,

Жер байлығын ақтарған.

Жалын болғым келеді,

Гүл жасайтын тастардан.

...Артта тастап ғасырды,

Тасып кеткім келеді.

Алатаудай асылды,

асып кеткім келеді

(Х.Талғаров)

-Әділқазылар алқасы! Жарыстың IV кезеңі бойынша қорытынды шығарыңыздар.

- Ал, балалар, жарыс кезеңдерін қорытындылай келе, тестілеу жұмысын жүргізейік (Тестік тапсырма оқушыларға үлестіріліп беріледі).

Оқылым

1. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев кім?

а) белгілі ғалым, математик

ә) атақты ғалым, зерттеуші

б) ұлы ғалым, металлург, инженер, академик

2. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қай жылы, қай жерде туған?

а) 1900 жылы Павлодар облысында.

ә) 1899 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында.

б) 1899 жылы Семейде туған.

3. Әлкей Марғұлан Қандай ғылымдар саласымен шұғылданды?

а) әдебиет, өнер, театр өнерімен

ә) тарих, әдебиет, өнер, этнография, география, археология, сәулет

б) алгебра, астрономия, астрология

4. Әлекей Марғұлан қандай қоғамның толық мүшесі:

а) Бүкіл одақтық География қоғамының толық мүшесі.

ә) Ғылыми кеңестің толық мүшесі

б) Ғылыми қоғамның толық мүшесі

5.Қазақстан Ғылым Академиясының тұнғыш президенті кім?

а) Қаныш Имантайұлы Сәтбаев

ә)Әлкей Хаканұлы Марғұлан

б) Шоқан Уәлиханов

Жазылым

... Қазақстан Республиқасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ұлы ғалым... Жезқазған облысындағы кен орындарын ашты. Қаныш Сәтбаев бала кезінде ... болды.

Қорытынды кезең.

1. Сабақтың жалпы өту нәтижесің қорытындылау.

2. Сабақта белсенділік көрсеткен оқушылардың жауабын бағалау.

3. Үй тапсырмасы.

а) "Спорт" тақырыбына даярланып, 2002-2003 жылдары "Спорт шебері" атанған Қазақстандық спортшылар туралы мәліметтер жинау.

ә) Мектеп көлемінде өз оқушыларымыздың спрттағы жетістіктерін әңгемелеу.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров95
Номер материала ДВ-428713
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх