Инфоурок Другое ПрезентацииПрезентация по казахскому языку "Салт дәстүрлер" (7 класс)

Презентация по казахскому языку "Салт дәстүрлер" (7 класс)

Скачать материал
Скачать материал "Презентация по казахскому языку "Салт дәстүрлер" (7 класс)"

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Описание презентации по отдельным слайдам:

  •            Сабақтың тақырыбы:        “Қазақ халқының 	   салт-дәстүрлері”

    1 слайд

    Сабақтың тақырыбы:
    “Қазақ халқының
    салт-дәстүрлері”

  • Мақсаттары:
 Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында қазақ халқының салт-дәстүрлер...

    2 слайд

    Мақсаттары:
    Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы мағлұмат беру. Жаңа сөздермен танысу арқылы білімдерін нығайту.
    2. Мәтіндердегі жаңа сөздер арқылы оқушылардың тілдік қорларын молайту. Жаттығу жұмыстарын орындату барысында таза сөйлеуін, сауатты жазуын дамыту. Ізденімпаздық қабілеттерін арттыру.
    3. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін құрметтеуге, ізгілікке, қонақжайлылыққа тәрбиелеу.

  • ШілдеханаШілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-са...

    3 слайд

    Шілдехана
    Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той. Мұнда “балаңыздың бауы берік болсын” дегендей құтты болсын айтылады, жастар жиналып ән салып, домбыра тартып, өлең, жыр айтады.
    Шілдехана – өмірге адам келгенінің және оған қуанудың бір белгісі.
    Бала туғаннан кейін жан-жақтағы жақындарға сүйіншіге жіберіледі.

  • 4 слайд

  • Қырқынан шығару «Баланың қырқынан  шығар тойына Сегіз сері шақырылып, одан 
б...

    5 слайд

    Қырқынан шығару
    «Баланың қырқынан  шығар тойына Сегіз сері шақырылып, одан 
    балаға ат қойып, бата беруді өтінеді». Әдетте  баланың туғанына  қырық күн толған соң оны ыдысқа  қырық бір қасық су құйып шомылдырады. Бұл ресми дәстүр. Оған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастархан жайылады. Сәбидің қарын шашы алынып, оны сәбидің өзінің  киіміне  матаға  орап тігіп қояды. Мұндағы мақсат ертеде сурет 
    болмағандықтан баланың, сәби кезінен ескерткіш ретінде сақтаудан шыққан.  
                Баланы қырқынан  шығарудың тағы бір ерекше  маңызы бар. Қырық күннен кейін сәби ширап, көз тоқтатады, құбылыс, дыбысты сезе бастайды. Қырқынан шығару салты міне, осыған  байланысты шығып,  ол сәбидің жан жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне  деген ақ тілектен  шыққан. 
                Осы жерде « қырқы» деген сөзге мән беру керек.  Қайтыс  болған адамның да «қырқы» беріледі. Бірақ баланы «қырқынан  шығарылды» деп, өлген адамға «қырқы берілді» деп  атайды. Мұны шатастыруға болмайды. Бала тәлімі мен тәрбиесіне  қатысты ырымдар мен кәделер де бар.

  • Бесікке салуБесіктің  сәби денсаулығына, тазалығына  пайдасы  өте зор. Бесік...

    6 слайд

    Бесікке салу
    Бесіктің  сәби денсаулығына, тазалығына  пайдасы  өте зор. Бесіктегі 
    сәбидің  бойы, қол аяғы түзу, ширақ болады. Сондай-ақ бесік баланы 
    кездейсоқ құлаған заттан, суық пен  ыстықтан  да қорғайды. Пәле-жаладан  сақтасын деп ырымдап,   оған тұмар, бүркіт  тұяғы, жыланның бас сүйегі, кірпі  сияқты  заттар  тағып қояды.
    Бесік  ағаштан,  негізінде талдан  иіп  жасалады. Себебі тал басқа  ағаштай   емес 
    иілмелі  морт сынбайды, құрт түспейді, жат иіс болмайды. Бесіктің  мынадай  құрал-жабдықтары болады: жастық, мамық, жөргек, түбек, шүмек, қолбау, тартбау т.б.

  • 7 слайд

  • Тұсау кесерСәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін
деген тілекпен...

    8 слайд

    Тұсау кесер
    Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін
    деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушінің кәдесін береді. Тұсау кесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк жіптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.

  • 9 слайд

  • Сүндет тойЕркек баланы тақ жасында яғни 3, 5, 7 жасында сүндетке отырғызады....

    10 слайд

    Сүндет той
    Еркек баланы тақ жасында яғни 3, 5, 7 жасында сүндетке отырғызады. Бұл мұсылман елдерінде ғана емес, басқа діндегі елдерде де бар. Сүндеттеудің денсаулыққа, тазалыққа да пайдасы зор. Баланы сүндеттеу – үлкен рәсім. Ол - әр ата-ананың борышы. Бұл рәсімнің «сүндет тойы» деген сияқты жөн жоралары болады, «қайырлы, құтты  болсын» айтылып, шашу шашылады. Сүндет міндеті бұрын қожа, молдаларға ғана тапсырылса, қазір оны 
    дәрігерлер  де жасай береді. Бұрынғы кезде
    ауқатты адамдар баланы сүндеттегенде 
    үлкен той жасаған. Оны «сүндет тойы» деп атайды. Бұл дәстүр оңтүстікте әлі де сақталған.

  • ТілашарТілашар тойына арнап шашу шашады. Әр отбасы баласы жеті жасқа толған с...

    11 слайд

    Тілашар
    Тілашар тойына арнап шашу шашады. Әр отбасы баласы жеті жасқа толған соң медресеге, мектепке оқуға береді. Бұл да бала өміріндегі елеулі оқиға, есте қаларлық елеулі кезең болып табылады. Осы күні балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той жасайды. Мұны дәстүрлі «тілашар» тойы деп атайды. Үлкен-кішілер балаға өсті, азамат болды, «ғалым бол», «ақын бол» деген сияқты тілек білдіріп, бата береді. Жаңа киіміне байғазы, тағамдар ұсынады. Бұл тәрбиеден бала өскендігінің белгісін сезінеді, оқуға құмарлығы артады. Жақын-жуық адамдар баланың ата-анасына құтты болсын айтып, балаға сәт-сапар тілейді.

  • 12 слайд

  • Қыз ұзату«Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата-ананың тілегі әрі парызы. Соның...

    13 слайд

    Қыз ұзату
    «Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата-ананың тілегі әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату үлкен той, думан әрі қызық. Бұл күні ата-ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны қыз өсіруі және оны құтты жеріне қондыруы, жылайтыны, әрине қимастық көңілі.

  • 14 слайд

  • Үйлену тойы«Көтерілген отауың құтты болып, ұзақ жасап ішінде сүйсін жарың» (Қ...

    15 слайд

    Үйлену тойы
    «Көтерілген отауың құтты болып, ұзақ жасап ішінде сүйсін жарың» (Қыз Жібек). Ұлтымыздың мәдениетінде «отау көтердің» деген сөз бар. Ол «үйлендің, жұпты болдың» деген мағынаны білдіреді. Демек, үйленумен бірге отау көтеруге тиіс. Әдетте ұлы үйленетін, қызы тұрмысқа шығатын ата-ана алдымен отау дайындайды.
    Отау алғаш тігілгенде оны құрметті әрі елге сыйлы аналар бастайды. Шаңырақты да бақанға ақ мата байлап, ел ағалары көтереді. Отқа май құйылады, «босаға майлау» жасалады. Алғашқы дастархан жайылып, оған мол тағам жасалады.
    Кіргендер шашу шашып, «құтты болсын», «іші жанға,сырты малға толсын» деген тілекпен қуанышын білдіреді. Жақын туыстар отауға көрімдік әкеліп, мал атайды, бағалы мүліктер сыйлайды.

  • 16 слайд

  • Жаңа сөздермен жұмысНәресте – сәби, бала
Шілдехана – нәрестенің тойы
Киелі –...

    17 слайд

    Жаңа сөздермен жұмыс
    Нәресте – сәби, бала
    Шілдехана – нәрестенің тойы
    Киелі – қасиетті, ұлық
    Кәде – сыйлық, сый, шашу
    Тұсау кесу – баланы тез жүрсін деген тілек, ырым
    Сүйінші – қуанышты хабарға сый
    Қаз тұру – аяғына тұру

  • Сөйлемдерді талдаңызШілдехана тойында дастархан жайылады, әрі жастар домбыра...

    18 слайд

    Сөйлемдерді талдаңыз
    Шілдехана тойында дастархан жайылады, әрі жастар домбыра тартып, ән салады.

    2. Сүндетке отырғызу VII-VIII ғасырларда араб елдерінен шығып, бүкіл мұсылман жұртына таралған.

    3. Бесікті көбінесе баланың нағашы жұрты жасайды, себебі онда үрім-бұтағым, өрісім көп болсын деген ой-пікір көзделген.

  • Қыз ұзату  «Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата-ананың тілегі әрі парызы. Сон...

    19 слайд

    Қыз ұзату
    «Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата-ананың тілегі әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату үлкен той, думан әрі қызық. Бұл күні ата-ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны қыз өсіруі және оны құтты жеріне қондыруы, жылайтыны, әрине қимастық көңілі.

  • Сүндет тойЕркек баланы тақ жасында яғни 3, 5, 7 жасында сүндетке отырғызады....

    20 слайд

    Сүндет той
    Еркек баланы тақ жасында яғни 3, 5, 7 жасында сүндетке отырғызады. Бұл мұсылман елдерінде ғана емес, басқа діндегі елдерде де бар. Сүндеттеудің денсаулыққа, тазалыққа да пайдасы зор. Баланы сүндеттеу – үлкен рәсім. Ол - әр ата-ананың борышы. Бұл рәсімнің «сүндет тойы» деген сияқты жөн жоралары болады, «қайырлы, құтты  болсын» айтылып, шашу шашылады. Сүндет міндеті бұрын қожа, молдаларға ғана тапсырылса, қазір оны 
    дәрігерлер  де жасай береді. Бұрынғы кезде
    ауқатты адамдар баланы сүндеттегенде 
    үлкен той жасаған. Оны «сүндет тойы» деп атайды. Бұл дәстүр оңтүстікте әлі де сақталған.

  • Тілашар    Тілашар тойына арнап шашу шашады. Әр отбасы баласы жеті жасқа толғ...

    21 слайд

    Тілашар
    Тілашар тойына арнап шашу шашады. Әр отбасы баласы жеті жасқа толған соң медресеге, мектепке оқуға береді. Бұл да бала өміріндегі елеулі оқиға, есте қаларлық елеулі кезең болып табылады. Осы күні балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той жасайды. Мұны дәстүрлі «тілашар» тойы деп атайды. Үлкен-кішілер балаға өсті, азамат болды, «ғалым бол», «ақын бол» деген сияқты тілек білдіріп, бата береді. Жаңа киіміне байғазы, тағамдар ұсынады. Бұл тәрбиеден бала өскендігінің белгісін сезінеді, оқуға құмарлығы артады. Жақын-жуық адамдар баланың ата-анасына құтты болсын айтып, балаға сәт-сапар тілейді

  • 22 слайд

  • 23 слайд

  • Тест сұрақтарыСалт дәстүрге не жатпайды:

a) үйлену тойы

b) шілдехана

c) қы...

    24 слайд

    Тест сұрақтары
    Салт дәстүрге не жатпайды:

    a) үйлену тойы

    b) шілдехана

    c) қыз қуу

    d) бесікке салу

  • 2. Сөйлемнің түрін анықтаңыз?
“Күйеу жігіттің әке-шешесі болашақ келіннің ата...

    25 слайд

    2. Сөйлемнің түрін анықтаңыз?
    “Күйеу жігіттің әке-шешесі болашақ келіннің ата-анасына келеді, әрі тойдың барысы жайлы келіседі.”

    а) себеп-салдар

    b) ыңғайлас

    c) қарсылықты

    d) кезектес

  • 3. Бесікке салу деген не?

а) ұлттық ойын

b) салт-дәстүр

c) тұрақты тіркес...

    26 слайд

    3. Бесікке салу деген не?

    а) ұлттық ойын

    b) салт-дәстүр

    c) тұрақты тіркес

    d) сөз тіркесі

  • 4. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемнің 
жалғаулықтарын табыңыздар.

а) бі...

    27 слайд

    4. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемнің
    жалғаулықтарын табыңыздар.

    а) біресе, кейде, бірде

    b) не, немесе, яғни

    c) себебі, өйткені, неге десең

    d) бірақ, алайда, ал

  • 5. Беташар рәсімі қай кезде жасалады?

а) сүндет той
       
b) бесікке салу...

    28 слайд

    5. Беташар рәсімі қай кезде жасалады?

    а) сүндет той

    b) бесікке салу

    c) үйлену тойы

    d) ұзату тойы

  • 6. Ыңғайлас салалас сөйлем қандай
 жалғаулықтар   арқылы жасалады?

а) алайда...

    29 слайд

    6. Ыңғайлас салалас сөйлем қандай
    жалғаулықтар арқылы жасалады?

    а) алайда, біресе, және

    b) себебі, өйткені, әрі

    c) және, әрі, да, де

    d) не, немесе, яғни

  • 7. Баланы неше жаста сүндеттейді?

а) жұп жаста

b) тақ жаста

c) айырмашылығ...

    30 слайд

    7. Баланы неше жаста сүндеттейді?

    а) жұп жаста

    b) тақ жаста

    c) айырмашылығы жоқ

  • Үйге тапсырма“Қазақ халқының салт-дәстүрлері” 
тақырыбына шағын шығарма 
жазы...

    31 слайд

    Үйге тапсырма
    “Қазақ халқының салт-дәстүрлері”
    тақырыбына шағын шығарма
    жазып келу.

  • Жаңа     жылдарыңызбен, 
   құрметті       әріптестер!!!

    32 слайд

    Жаңа жылдарыңызбен,
    құрметті әріптестер!!!

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 116 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.12.2015 3600
    • PPTX 2.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дускаева Жанар Биржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дускаева Жанар Биржановна
    Дускаева Жанар Биржановна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 5
    • Всего просмотров: 36378
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Этапы развития речи: от первых звуков до полноценной коммуникации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 161 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек