Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Презентации / Презентация по казахской литературе на тему "Мағжан Жұмабаев" 9 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Презентация по казахской литературе на тему "Мағжан Жұмабаев" 9 класс

библиотека
материалов
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев (1893-1938) - қазақ әдебиетінің көгіндегі XX ғасыр...
Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медрес...
Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оға...
Мұнда да ол зарлы да өкінішті ой-сезімдерін ерекше құдіретпен, шыңғырған жа...
Білімі толысып, тәжірибесі молайып, кемелді шағына бет алған тарпаң дарынның...
Мағжан – ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жү...
Қазақ тілі Күш кемiдi, айбынды ту құлады, Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады....
«Мен кім?» 	Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың, 	Тұлпармын мен, шаңыма ер...
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты. Мен жаста...
ПОЭМАЛАРЫ: (1922—1927)  Қорқыт  Қойлыбайдың қобызы  Батыр Баян Жүсіп хан  Өті...
АУДАРМАЛАРЫ (1912—1924)  Бала мен құс  Ертеңгі сәулелер  Шалдың үміті  Тұтқын...
14 1

Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1
Описание слайда:

№ слайда 2 Мағжан Бекенұлы Жұмабаев (1893-1938) - қазақ әдебиетінің көгіндегі XX ғасыр
Описание слайда:

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев (1893-1938) - қазақ әдебиетінің көгіндегі XX ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны. Туған жері - бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Көп жылдар болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап,өз балаларының оқуына қамқорлық жасайды.

№ слайда 3 Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медрес
Описание слайда:

Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды. Бірақ бұл оқу білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандырмайды. Ол оқу іздеп, енді Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара-пар Медресе-Ғалияға оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді.

№ слайда 4 Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оға
Описание слайда:

Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегімен Қазан қаласында Мағжанның "Шолпан" атты тұңғыш жинағы жарық көреді, соның ақыл-кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі. Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді. Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын жастық жалынымен, жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте-бірте ой есейгендігін танытып, азаматтық лирикаға қарай ойысады.

№ слайда 5 Мұнда да ол зарлы да өкінішті ой-сезімдерін ерекше құдіретпен, шыңғырған жа
Описание слайда:

Мұнда да ол зарлы да өкінішті ой-сезімдерін ерекше құдіретпен, шыңғырған жан даусының қуатымен жеткізіп, ішкі мұңы мен ашу-кегін табиғи байланыстырып жібереді. Бұл кез оның қазақтың ардақты азаматтары Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір белесіне құлаш ұрған шағы еді. Ұстаздарының өнегесі ақын жанының тебіреніс толқынындағы айшықты өрнегімен көрініс береді. Мағжан "Шолпан", "Сана" журналдары, "Ақ жол" газеті редакцияларында қызмет істеп жүргенде болсын, Москваның Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқып жүргенде болсын, үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық өрлеу жолында болады.

№ слайда 6 Білімі толысып, тәжірибесі молайып, кемелді шағына бет алған тарпаң дарынның
Описание слайда:

Білімі толысып, тәжірибесі молайып, кемелді шағына бет алған тарпаң дарынның тағдырына тұтқиылдан келіп араласқан Қызыл империяның қызылкөз жендеттері оның жолын кесіп, түрмеге қамайды. Сөйтіп, 1929 жылдан бастап ақын қуғын-сүргінге ұшырайды. Әуелі жалған жаламен он жылға сотталады. Одан М. Горький мен оның әйелі Е. Пешкованың араласуымен 1936 жылы босатылады да, бір жылдан кейін "Халық жауы" деп қайта сотталып, келесі жылы наурыз айында ату жазасына кесіледі.

№ слайда 7 Мағжан – ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жү
Описание слайда:

Мағжан – ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз. Жүсіпбек Аймауытов

№ слайда 8
Описание слайда:

№ слайда 9 Қазақ тілі Күш кемiдi, айбынды ту құлады, Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады.
Описание слайда:

Қазақ тілі Күш кемiдi, айбынды ту құлады, Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады. Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде Қан суынған, жүрек солғын соғады.   Қыран құсты қос қанаты қырқылды, Күндей күштi күркiреген ел тынды. Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ, Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды!   Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, — Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың... Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың! Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тiлiм, Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм, Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!  

№ слайда 10 «Мен кім?» 	Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың, 	Тұлпармын мен, шаңыма ер
Описание слайда:

«Мен кім?» Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың, Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың. Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ, Көз қырымен күліп қана қарармын. Мен өлмеймін, менікі де өлмейді, Надан адам өлім жоғын білмейді. Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би, Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?

№ слайда 11 Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты. Мен жаста
Описание слайда:

Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға сенемiн! Көздерiнде от ойнар, Сөздерiнде жалын бар, Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемiн! Жас қырандар – балапан, Жайып қанат ұмтылған. Көздегенi көк аспан. Мен жастарға сенемiн! Жұмсақ мiнез жiбектер. Сүттей таза жүректер. Қасиеттi тiлектер – Мен жастарға сенемiн! МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМIН Тау суындай гүрiлдер, Айбынды алаш елiм дер, Алтын Арқа жерiм дер, Мен жастарға сенемiн! Қажу бар ма тұлпарға, Талу бар ма сұңқарға, Иман күштi оларда, Мен жастарға сенемiн!... Алаш айбынды ұраны, Қасиеттi құраны, Алаштың олар құрбаны, Мен жастарға сенемiн! Мен сенемiн жастарға. Алаш атын аспанға Шығарар олар бiр таңда, Мен жастарға сенемiн! 

№ слайда 12 ПОЭМАЛАРЫ: (1922—1927)  Қорқыт  Қойлыбайдың қобызы  Батыр Баян Жүсіп хан  Өті
Описание слайда:

ПОЭМАЛАРЫ: (1922—1927)  Қорқыт  Қойлыбайдың қобызы  Батыр Баян Жүсіп хан  Өтірік ертек  Тоқсанның тобы  Қара сөздер (1923)  Шолпанның кінәсі (әңгіме)

№ слайда 13 АУДАРМАЛАРЫ (1912—1924)  Бала мен құс  Ертеңгі сәулелер  Шалдың үміті  Тұтқын
Описание слайда:

АУДАРМАЛАРЫ (1912—1924)  Бала мен құс  Ертеңгі сәулелер  Шалдың үміті  Тұтқын  Әбу Фирастан Күн шығады да, батады Арабтан  Дәрігер Орман патшасы т.б  

№ слайда 14
Описание слайда:


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 31.10.2016
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров93
Номер материала ДБ-305636
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх