Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Презентации / Презентация по казахской литературе по теме "Қой"

Презентация по казахской литературе по теме "Қой"



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Иностранные языки
Ауыз әдебиетінде қойға байланысты кездесетін атауларды зерттеу Ауғанбай Айерк...
Қойға байланысты Ырымдар Салт-дәстүр Күнтізбе Мақалдар Тұрақты сөз тіркестер...
Шопан ата Шопан ата – қой түлігі мен шопанның пірі. Зерттеушілердің пікірінше...
Қойға байланысты салт-дәстүрлер: – сәбидің тілі мезгілінде шықпаса, нағашысын...
Қойға қатысты ырымдар: – қотыр шыққан балаға сойған малдың көзінің суын жақса...
Қойға қатысты тыйымдар: – қой жүнін өртеуге болмайды; – түн ішінде қорадағы м...
Қой жылы Дәстүрлі түсінік бойынша, он екі жылдың әрқайсысының белгілі жануарғ...
Қойға байланысты айтылатын тұрақты сөз тіркестері Жан-жануарларға соның ішінд...
Мақалдар 1.Семіздікті қой ғана көтереді. 2.Қонақ қойдан жуас... 3.Құтты қонақ...
Жұмбақтар 1.Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. (Қой) 2. Төрт...
Қорытынды Рахмет
1 из 11

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Ауыз әдебиетінде қойға байланысты кездесетін атауларды зерттеу Ауғанбай Айерк
Описание слайда:

Ауыз әдебиетінде қойға байланысты кездесетін атауларды зерттеу Ауғанбай Айерке “Бірлік орта мектебі”КММ-нің 8-сынып оқушысы

№ слайда 2 Қойға байланысты Ырымдар Салт-дәстүр Күнтізбе Мақалдар Тұрақты сөз тіркестер
Описание слайда:

Қойға байланысты Ырымдар Салт-дәстүр Күнтізбе Мақалдар Тұрақты сөз тіркестері Жұмбақтар

№ слайда 3 Шопан ата Шопан ата – қой түлігі мен шопанның пірі. Зерттеушілердің пікірінше
Описание слайда:

Шопан ата Шопан ата – қой түлігі мен шопанның пірі. Зерттеушілердің пікірінше, шамамен XIII – XIV ғасырларда өмір сүрген және Қожа Ахмет Иасауи тариқаты басшыларының бірі болған. Жалпы ислам дүниесінде әрбір кәсіптің киелілігін, абыройлығын әйгілеп, ол кәсіптердің бастауында тұрған рухани ұстаз, қасиетті пірге құрмет көрсету дәстүрі бар. Сондай-ақ дәстүрлі қазақ мұсылмандығында да қазақтың ата кәсібі мал шаруашылығына байланысты пір тұтылатын қасиетті есімдер бар. Солардың бірі - Шопан ата.

№ слайда 4 Қойға байланысты салт-дәстүрлер: – сәбидің тілі мезгілінде шықпаса, нағашысын
Описание слайда:

Қойға байланысты салт-дәстүрлер: – сәбидің тілі мезгілінде шықпаса, нағашысының үйіне апарып, қой сойдырып, соның тоқ ішегін мойнына байлап береді. Сонда баланың тілі шығады деп саналады; –  қозының құйрығы мен енінің кесіндісін құмырсқадай көп болсын деп илеуіне тастаған; –  үй-жайды қорғайды деп, қойдың кәрі жілігін босағаға іліп қояды; –  алғаш туған қозыға шашу шашып, «мыңның басы болғыр» деп аузын үрлеген; –  қой қырқатын қайшыны иесіне жүнге орап қайтарады, сондай-ақ, қолға бермей, жерге қойып беру керек.

№ слайда 5 Қойға қатысты ырымдар: – қотыр шыққан балаға сойған малдың көзінің суын жақса
Описание слайда:

Қойға қатысты ырымдар: – қотыр шыққан балаға сойған малдың көзінің суын жақса жазылады деп есептейді; – қотандағы қой бір бағытқа қарап жусаса, кешікпей ту сыртынан боран соғады; – өрістен қайтқан қойдың езуінде шөп келсе, қыс қытымыр болады; – қой қораға еркін кірсе, қыс жайлы болады; – қой тұяғымен төсін қасыса, қар қалың түседі; – қой тісін қайраса, кешікпей боран соғады; – қорадағы қой пысқырынса, қозы-лақ секеңдеп ойнаса, қойлар сүзіссе, жаңбыр жауатындықтың нышаны болған;

№ слайда 6 Қойға қатысты тыйымдар: – қой жүнін өртеуге болмайды; – түн ішінде қорадағы м
Описание слайда:

Қойға қатысты тыйымдар: – қой жүнін өртеуге болмайды; – түн ішінде қорадағы малды санамайды; – қандай жақын адамы болса да түн ішінде қорадан мал ұстап бермейді. Өйткені, қой жусап жатқан қорада бақ та жатады екен. Қораның бейқамдығы ыдыраса – мал тыныштығы бұзылады; – қойдың мүйізін отқа жақпайды; қорадағы қой сүйегі сырқырайды; – қойды қант беріп, тұз беріп шақыруға болмайды, оған сайтан жүгіреді; – қой төлдеп жатқан уақытта қан шығаруға болмайды;

№ слайда 7 Қой жылы Дәстүрлі түсінік бойынша, он екі жылдың әрқайсысының белгілі жануарғ
Описание слайда:

Қой жылы Дәстүрлі түсінік бойынша, он екі жылдың әрқайсысының белгілі жануарға тән өзіндік ерекшеліктері бар деп саналған. Яғни, Қой жылы- қойдың мінезі тәрізді «қоңыр», яғни, жуас, мал мен жанға жайлы, құт- берекесі мол жыл деп есептелінді. Қой жылы жауын-шашыны мол жылдардың қатарына жатады. Сондықтан шөп шүйгін шығады және астықтың түсімі мол болады. Қой жылы төрт түліктің өсімі үшін де қолайлы жыл ретінде ерекше қастерленді. 1966-67 қой жылында Қазақстанда миллиард пұттан астам астық жиналды. Қазақстан 1991 қой жылы тәуелсіз ел атанған.

№ слайда 8 Қойға байланысты айтылатын тұрақты сөз тіркестері Жан-жануарларға соның ішінд
Описание слайда:

Қойға байланысты айтылатын тұрақты сөз тіркестері Жан-жануарларға соның ішінде, төрт түлікке байланысты айтылатын тұрақты сөз тіркестеріне үңілсек момын, жуас деген мағынада көптеп жұмсалатын тұрақты тіркесіміздің бірі- қой аузынан шөп алмас. Түнде қойға шапқан қасқырдай. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалады» .«Сенген қойым, сен болсаң»- үміт етіп, сенген адамы ойлаған жерінен шықпай, көңілі қалғанда айтылатын тұрақты тіркес. «Ақсақ қой түстен кейін маңырайды» деген тұрақты тіркесіміз мезгілінен кешігу, ерте туып, кеш қалу деген мағынаны білдіреді.

№ слайда 9 Мақалдар 1.Семіздікті қой ғана көтереді. 2.Қонақ қойдан жуас... 3.Құтты қонақ
Описание слайда:

Мақалдар 1.Семіздікті қой ғана көтереді. 2.Қонақ қойдан жуас... 3.Құтты қонақ келсе, қой егіз табады. 4.Қойдың сүті - қорғасын, Қойды соққан оңбасын. 5.Мал өсірсең қой өсір, Өнімі оның көл-көсір. 6.Қойшы көп болса, Қой арам өлер. 7.Екі қошқардың басы, Бір қазанға сыймайды.

№ слайда 10 Жұмбақтар 1.Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. (Қой) 2. Төрт
Описание слайда:

Жұмбақтар 1.Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. (Қой) 2. Төрт тағанды бойы бар, Момындық дұрыс ойы бар. Айналдырған тоны бар. (Қой) 3.Шапаным да, тоным да, Арқаның жүр жонында. Атам соның соңында, Таяғы бар қолында. (Қой, қойшы).

№ слайда 11 Қорытынды Рахмет
Описание слайда:

Қорытынды Рахмет



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 11.08.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Презентации
Просмотров38
Номер материала ДБ-154912
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх