Инфоурок / Физика / Презентации / Презентация по курсу радиоэлектроники на казахском языке

Презентация по курсу радиоэлектроники на казахском языке

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов
Автор
Резисторлар Конденсаторлар Жоғарыжиілікті индуктивтік катушкалар Дроссельдер...
Резисторлар Резисторлар радиоэлектрондық аппаратурада ең көп тараған элемент...
Конденсаторлар Конденсаторлар тербелмелі контурлар құрамына кіреді, жолақ сү...
Жоғарыжиілікті индуктивтік катушкалар Дроссельдер мен трансформаторлар Жоғар...
Трансформаторлар Төменгіжиілікті трансформаторлар ток пен кернеуді түрлендір...
Тербелмелі контурлар, сүзгілер Тербелмелі контурлар радио-телевизиялық аппар...
Электрондық шамдар, индикаторлар Кинескоптар Қазіргі техникада электрондық ш...
Кинескоптар а)-ақ-қара түсті кинескоп. Құрылысы: қыздыру сымы, катод, модуля...
Жартылай өткізгіш приборлар мен интегралдық микросхемалар Жартылай өткізгіш...
А-жартылай өткізгішті диодтар, б-түзеткіш блоктар, в-варикаптар мен стабилитр...
а-в –биполярлы транзисторлар г-полярлы транзисторлар д-оптоэлектрондар. Таңба...
Интегралдық микросхемалар Интегралдық микросхемалар тұрмыстық техникада кеңі...
Коммутаторлар Техника құрамында қолданылатын коммутаторлар (ауыстырып қосқыш...
Ауыстырып қосқыштар А-тумблерлер, б-ауыстырып қосқыш, в-қосқыш кнопка, г- ау...
Релелер, байланыстырғыштар мен сақтандырғыш элементтер А-электормагнитті рел...
Гальваникалық элементтер, аккумуляторлар мен батареялар Магнитофон, магитола...
Электроакустикалық түрлендіргіштер Электроакустикалық түрлендіргіштер түрлер...
Электрқозғалтқыштары Тұрмыстық аппаратурада қолданылатын электрқозғалтқыштар...
Магниттік бастиектер Магниттік дыбыс аппараттарының негізгі бөлігінің бірі м...
Құрылымы: 1-сақина өзек, 2-орам, 3-жұмыстық бөлік. а-дыбыс жазу бастиегі б-д...
Магнитофон Магнитофон жалпы электромеханикалық және электрондық бөліктерден...
Дыбыстық жиілік күшейткіштері Акустикалық жүйелер Күшейткіштер УСЗЧ әр түрлі...
35 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Автор
Описание слайда:

Автор

№ слайда 2 Резисторлар Конденсаторлар Жоғарыжиілікті индуктивтік катушкалар Дроссельдер
Описание слайда:

Резисторлар Конденсаторлар Жоғарыжиілікті индуктивтік катушкалар Дроссельдер мен трансформаторлар Трансформаторлар Тербелмелі контурлар сүзгілер Электрондық шамдар, индикаторлар, кинескоптар Жартылай өткізгіш приборлар мен Интегралдық микросхемалар Коммутаторлар Гальваникалық элементтер, аккумуляторлар мен батареялар Электроакустикалық түрлендіргіштер Электрқозғалтқыштары Магниттік бастиектер Магнитофон Дыбыстық жиілік күшейткіштері.Акустикалық жүйелер. Шығу

№ слайда 3
Описание слайда:

№ слайда 4 Резисторлар Резисторлар радиоэлектрондық аппаратурада ең көп тараған элемент
Описание слайда:

Резисторлар Резисторлар радиоэлектрондық аппаратурада ең көп тараған элемент. Тұрақты резисторлар күшейткіштердің жұмыс режимдерін қамтамасыз етеді, артық кернеуді төмендеткіш ретінде, тегістегіш сүзгілер құрамына кіреді және кернеуді бөлгіштерде қосымша жүктеме ретінде пайдаланылады. Айнамалы резисторлар дыбыс қатталығын реттегіштерде, тембр, жарықтану, түс реттегіштерінде, реттелетін резисторлар апаратураларды реттеулер мен баптаулар үшін қолданылады. Таңбалануы: С немесе Р –тұрақты резисторлар СП немесе РП айнымалы резисторлар. Кедергілері бойынша таңбалануы: Е- 0-999 Ом, К-1-999 кОм, М-1-999 МОм. Мысалы: 360 Ом-360Е, 100кОм-100К, 4,7МОм-4М7. Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын резисторлар типтері МЛТ (метал пленкалы лакталған, қызуға төзгіш) және УЛИ (көмірлі лакталған, өлшеуіштік). а-тұрақты резисторлар, б-резисторлардың қуаты бойынша таңбалануы, в-айнымалы резисторлар, г-2 секциялы резисторлар, д-ажыратқышы бар айнымалы резистор, е-реттелетін резисторлар, ж- терморезисторлар. Резистор ақауын қарап шығу арқылы немесе ометрдің көмегімен анықтауға болады. Ауыстыру кезіне номиналы мен қуатына мән беру керек. Номиналы бір болғанымен, қуаты жоғары резистор орнына төмен қуаттысын қоюға болмайды.

№ слайда 5
Описание слайда:

№ слайда 6 Конденсаторлар Конденсаторлар тербелмелі контурлар құрамына кіреді, жолақ сү
Описание слайда:

Конденсаторлар Конденсаторлар тербелмелі контурлар құрамына кіреді, жолақ сүзгілерде ажыратқыш, байланыс элементтері ретінде, айнымалы ток түзеткіштерінде тегістегіш ретінде, радиода артық шуды басу үшін қолданылады. Түрлері тұрақты конденсаторлар, айнымалы конденсаторлар және реттелетін конденсатолар. Таңбалануы: К-тұрақты конденсаторлар, КПП-айнымалы, КТ-реттелетін. Конденсаторлар сыйымдылықтары микро-, нано-, пикофарадтармен өлшенеді. (1 мкф=103нф=106пф) а-тұрақты конденсаторлар, б-электролиттік конденсаторлар, в-опоралық конденсаторлар, г-айнымалы конденсаторлар, д-бірнеше секциялы айнымалы конденсаторлар, е-реттелетін конденсаторлар, ж-термоконденсаторлар. Сыйымдылық таңбалануы: 100 пФ дейінгі сыйымдылық П әрпімен, 0,1 ден 100 нФ Н әріпімен, 0,1 мкФ-тан жоғары-М әріпімен белгіленеді. Мысалы: 15 пФ-15П, 0,015 мкФ=15нФ-15Н, 150 Пф=0,15нФ-Н156, 0,15мкФ-М15, 3,3пФ-3П3, 1500пФ=1,5нФ-1Н5. Конденсаторлардың механикалық ақауларын қарап шығу арқылы анықтауға болады. Күрделі ақаулар омметрмен т.б арайы өлшеуіш құралдарымен анықталады.

№ слайда 7
Описание слайда:

№ слайда 8 Жоғарыжиілікті индуктивтік катушкалар Дроссельдер мен трансформаторлар Жоғар
Описание слайда:

Жоғарыжиілікті индуктивтік катушкалар Дроссельдер мен трансформаторлар Жоғарыжиілікті индуктивтік катушкалар радиоқабылдағыштар мен телевизорлардың тербелмелі контурларының құрамына кіреді. Дроссельдер реактивті кедергі қызметін атқарады және олардың кедергісі индуктивтілікке және өтуші ток жиілігіне тәуелді. Олар тежегіш, тізбектерді ажыратқыш, видеокүшейткіштің түзету тізбектерінде пайдаланылады. Катушкалар индуктивтілігі тұрақты, айнымалы немесе реттелетін болуы мүмкін ал, дроссельдер индуктивтігі үнемі тұрақты. Схемалық белгіленулері: а-катушка, б-өзекшелі катушка, магнитодиэлектриктік өзекшелілер үзік сызықпен, ферромагнитті өзекшелілері тұтас сызықпен, в-айнымалы индуктивтік катушкалар, г-трансформаторлар,д- экранды, өзекшлі катушка. Индуктивтік өлшемі: 1мГн-10-3 Гн 1 мкГн=10-6Гн Катушкалар ақауы жай көзбен қарап шығу арқылы немесе омметрмен, айнымалы тоқ өлшеуші мост арқылы анықталады.

№ слайда 9
Описание слайда:

№ слайда 10 Трансформаторлар Төменгіжиілікті трансформаторлар ток пен кернеуді түрлендір
Описание слайда:

Трансформаторлар Төменгіжиілікті трансформаторлар ток пен кернеуді түрлендіру үшін қолданылады. Түрлері: қуаттық трансформаторлар, аралық байланыстырушы трансформаторлар және импулсьтік. Қуаттық трансформаторлар қоректендіру блоктарында, аралық трансформаторлар кіріс, шығыс, каскадтар аралығын байланыстыруға, импульстік трансформаторлар телевизорлардың импулсьтік құрылғыларында пайдаланылады. Катушкалар ақауы жай көзбен қарап шығу арқылы немесе омметрмен анықталады.

№ слайда 11
Описание слайда:

№ слайда 12 Тербелмелі контурлар, сүзгілер Тербелмелі контурлар радио-телевизиялық аппар
Описание слайда:

Тербелмелі контурлар, сүзгілер Тербелмелі контурлар радио-телевизиялық аппараттардың негізгі болып табылады. Тербелмелі контур дегеніміз параллель немесе тізбектей жалғанған конденсатор және катушка. Жекелеген конденсатор мен катушкадан тұратын контурлардан бөлек біріктірілген контурлар да пайдаланылады. Олар өзара ортақ элементтік байланыста болады. Тербелмелі контурлар белгілі бір жиіліктегі сигналды күшейтіп, іріктеп алу үшін қолданылады. Сүзгілер қажетті жиіліктегі синалдарды құрау үшін қажет.

№ слайда 13
Описание слайда:

№ слайда 14 Электрондық шамдар, индикаторлар Кинескоптар Қазіргі техникада электрондық ш
Описание слайда:

Электрондық шамдар, индикаторлар Кинескоптар Қазіргі техникада электрондық шамдар сирек қоданылғынмен телевизорлардағы басты құрылғы кинескоп электрондық шамдардың өкілі болып табылады. Бұл құрылғылардан бөлек тұрмыстық техникада сигналдық индикаторлар және цифрлық таңбалық индикаторлар кеңінен қолданылады. Электрондық шамдар конструкциясы шыны немесе металокерамикалық баллон және онда орналасқан анод, катод, басқарушы тор. Электрондық шамдар түрлері.

№ слайда 15
Описание слайда:

№ слайда 16 Кинескоптар а)-ақ-қара түсті кинескоп. Құрылысы: қыздыру сымы, катод, модуля
Описание слайда:

Кинескоптар а)-ақ-қара түсті кинескоп. Құрылысы: қыздыру сымы, катод, модулятор, үдеткіш анод (бірінші анод), фокустаушы анод (екінші анод), үшінші анод (аквадага), люиноформен жабылған экран. б)-түрлі түсті кинескоп. Түрлі түсті кинескоптарда үш түрлі түсті (қызыл, жасыл, көк)қамтамасыз ету үшін катодтар, анодтар үшеуден болады. Кинескоптың кейбір ақауларын (қыздыру сымының күйюі, вакуумның бұзылуы, шығыс сымдарының үзілуі,баллонның механикалық бүлінуі, люминофордың бүлінуі) құралсыз көзбен анықтауға болады. Ал күрделі ақуалар арнайы стендтерде анықталады.

№ слайда 17
Описание слайда:

№ слайда 18 Жартылай өткізгіш приборлар мен интегралдық микросхемалар Жартылай өткізгіш
Описание слайда:

Жартылай өткізгіш приборлар мен интегралдық микросхемалар Жартылай өткізгіш приборлар класы сан алуан. Оларға диодтар (түзеткіш стабилитрондар, врикаптар, фотодиодтар, светодиодтар), тиристорлар, транзисторлар( полярлы және биполярлы), интегралдық микорсхемалар. Жартылай өткізгіш диодтар айнымалы токты түзету үшін, детекторлауда, сигнал амплитудаларын шектеу үшін, т.б пайдаланылады. Стабилитрондар белгілі кернеуді тұрақты ұстау үшін қолданылдады. Варикаптар радиоқабылдағыштарды электронды баптауда қолданылады. Ауыстырып қосқыш схемаладында динисторлар пайдаланылады. Тирситорлар басқарылатын диодтар болып саналады. Фотодиодтар кедергісі жарықтануға байланысты өзгеретіндіктен жарық сезгіш ретінде қызмет атқарады. Транзисторлар активті элемен болып табылады. Олар күшейткіш ретінде қолданылады. Биполярлы транзисторларда үш электрод: база, эмиттер және коллектор, полярлы транзисторларда кіріс, шығыс, және затвор болады.

№ слайда 19 А-жартылай өткізгішті диодтар, б-түзеткіш блоктар, в-варикаптар мен стабилитр
Описание слайда:

А-жартылай өткізгішті диодтар, б-түзеткіш блоктар, в-варикаптар мен стабилитрондар, г-динистор және тиристорлар, д-фотодиодтар, е-индикаторлар, ж-оптоэлектрондар.

№ слайда 20 а-в –биполярлы транзисторлар г-полярлы транзисторлар д-оптоэлектрондар. Таңба
Описание слайда:

а-в –биполярлы транзисторлар г-полярлы транзисторлар д-оптоэлектрондар. Таңбаланулары: жартылай өткізгіш түрі (Г немесе 1 –германий, К немесе 2-кремний) Т-транзистор, Д-диодтар, В-варикаптар, Ц-айнымалы ток түзеткіштері, полярлы транзисторлар-П.

№ слайда 21 Интегралдық микросхемалар Интегралдық микросхемалар тұрмыстық техникада кеңі
Описание слайда:

Интегралдық микросхемалар Интегралдық микросхемалар тұрмыстық техникада кеңінен қолданылады. Олардың құрамына активті элементтер (диодтар, транзисторлар) және пассивті элементтер (резисторлар) енетін микроэлектрондық приборлар. Олар жалпы аналогтық және цифрлық болып екіге бөлінеді. Таңбалануы К әрпінен басталады және сериялармен шығарылады. Мыс: К224, К237, К157, К159, К174, К553 т.б. 1,5,6,7-жартылай өткізгішті, 2,4,8-гибридті.

№ слайда 22
Описание слайда:

№ слайда 23 Коммутаторлар Техника құрамында қолданылатын коммутаторлар (ауыстырып қосқыш
Описание слайда:

Коммутаторлар Техника құрамында қолданылатын коммутаторлар (ауыстырып қосқыштар) түрлерін жалпы өшіргіштер, ауыстырып қосқыштар, релелер және әр түрлі байланыстырғыштар деп бөлуге болады. Олар электрлік схеманың әр түрлі бөліктерін байланыстыруға, өшіруге, қосуға немесе ауыстырып қосуға пайдаланылады.

№ слайда 24 Ауыстырып қосқыштар А-тумблерлер, б-ауыстырып қосқыш, в-қосқыш кнопка, г- ау
Описание слайда:

Ауыстырып қосқыштар А-тумблерлер, б-ауыстырып қосқыш, в-қосқыш кнопка, г- ауыстырып қосқыштар жүйесі, г-галеттік ауыстырып қосқыштар.

№ слайда 25 Релелер, байланыстырғыштар мен сақтандырғыш элементтер А-электормагнитті рел
Описание слайда:

Релелер, байланыстырғыштар мен сақтандырғыш элементтер А-электормагнитті релелер, б,в-штепсельдер мен разьемдар (байланыстырғыштар), д-технологиялық жалғағыштар, е-телефондық жалғағыштар, ж-сақтандырғыштар.

№ слайда 26 Гальваникалық элементтер, аккумуляторлар мен батареялар Магнитофон, магитола
Описание слайда:

Гальваникалық элементтер, аккумуляторлар мен батареялар Магнитофон, магитола, радиоқабылдағыштарды автономды түрде қоректендіру үшін гальваникалық элементтер, аккумуляторлар мен батареялар қолданылады. Химиялық ток көзі ретінде ең кең тарағаны марганецті–мырышты немесе сынапты-мырышты гальваникалық элементтер мен батареялар. Батареялар гальваникалық элементтердің біріктірілуінен құралады. Таңбалануы үш әріп мен цифрдан тұрады. 1-цифр элементтер санын көрсетеді. Әріп қолданылатын климаттық жайғдайды сипаттайды. Т-тропиктік,У-универсал (-400С +600С аралығында). Мыс: 316,332, 336, 336У Аккумуляторлар мен аккумуляторлар батареялары калькулятор, плеер, электрондық сағат т.б қоректендіруге қолданылады. Олардың артықшылығы бірнеше қайтара зарядтап пайдаланылуы. Ең кең тараған түрлері никель-кадмийлік сілтілік аккумуляторлар. Негізгі параметрлері кернеуі, электр сыйымдылығы, және разярдтық ток. Жиі қолданылатын түрлері:Д-0,06; Д-0,1; 7Д-0,1 (крона); НКТЦ-0,45

№ слайда 27
Описание слайда:

№ слайда 28 Электроакустикалық түрлендіргіштер Электроакустикалық түрлендіргіштер түрлер
Описание слайда:

Электроакустикалық түрлендіргіштер Электроакустикалық түрлендіргіштер түрлері: микрофондар мен электродинамикалық дыбыс зорайтқыштары. Микрофондар –бұл дыбыс қабылдағыштар. Дыбыс толқындары микрофон көмегімен электр сигналдарына түрленеді.Ең кең тараған түрі жылжымалы катушкалы микрофон. Кішкене мембранаға (1) катушка (2) бекітілген. Дыбыстың әсерінен мембрана катушкамен магниттің(3) өрісінде қозғалысқа келеді де индукциялық ток пайда болады. Электродинамикалық дыбыс зорайтқыштары электр сигналдарын дыбыс сигналдарына түрлендіргіштер. Өзекшелі магнит (3) ортасында орналасқан катушкаға (4) электр сигналдары келіп жеткенде, катушка маңайында пайда болатын магит өрісі тұрақты магниттің өрісімен әсерлесіп катушканы қозғалысқа келтіреді. Катушка диффузорға (5) бекітілген, диффузор иілмелі (6) бөлік арқасында оңай қозғалып ауада дыбыс тербелістерін тудырады.(1) каркас.

№ слайда 29
Описание слайда:

№ слайда 30 Электрқозғалтқыштары Тұрмыстық аппаратурада қолданылатын электрқозғалтқыштар
Описание слайда:

Электрқозғалтқыштары Тұрмыстық аппаратурада қолданылатын электрқозғалтқыштар асинхронды-айнымалы токқа арналған және коллекторлы тұрақты токқа арналған болып бөлінеді. Тұрақты тоқ электр қозғалтқыштарының тұрақты магиттер орналасқан, ротор секциялы орамдардан тұрады. Әрбір секцияға үздіксіз ток жеткізу щеткалар арқылы жүзеге асаырылады. Асинхорнды электр қозғалтқыштары тұйықталған контурдан-ротор және екі орамды статордан тұрады. Екі орамның біріншісі жұмыстық, екіншісі фазаығыстырғыш. Фаза ығыстыру орамға конденсатордың тізбектеле жалғануымен жүзеге асырылады. Таңбалануы: Айнымалы ток қозғалтқыштары С-синхронды (бір бағытты), А-асинхронды (кез келген бағытта айнала алады), К-конденсаторлы. Одан кейінгі цифрлар қуаты, айналу жиілігі. Тұрақты ток қозғалтқыштары үшін Д-двигатель, К-коллекторлы, ПР-жазық ротор, С-стабилизаторлы. Мыс: ДКС-9-2600, БДС-0,2

№ слайда 31
Описание слайда:

№ слайда 32 Магниттік бастиектер Магниттік дыбыс аппараттарының негізгі бөлігінің бірі м
Описание слайда:

Магниттік бастиектер Магниттік дыбыс аппараттарының негізгі бөлігінің бірі магиттік бастиектер. Олар дыбыс шығаратын, дыбыс жазатын, өшіргіш және біріктірілген түрлерге жіктеледі. Дыбыс жазу кезінде электр сигналдары магниттік лентаны магниттейді. Дыбыс шығару кезінде лентаның магниттелген бөлігіндегі магниттік сигнал электр сигналдарына айналдырылады.

№ слайда 33 Құрылымы: 1-сақина өзек, 2-орам, 3-жұмыстық бөлік. а-дыбыс жазу бастиегі б-д
Описание слайда:

Құрылымы: 1-сақина өзек, 2-орам, 3-жұмыстық бөлік. а-дыбыс жазу бастиегі б-дыбыс шығару бастиегі в-әмбебеп бастиек г-өшіргіш бастиек

№ слайда 34 Магнитофон Магнитофон жалпы электромеханикалық және электрондық бөліктерден
Описание слайда:

Магнитофон Магнитофон жалпы электромеханикалық және электрондық бөліктерден тұрады. Электромеханикалық бөлік лентаны тарту механизімі мен басқару элементерінен тұрады. Электрондық бөлік жазба күшейткіші және дыбыс шығару күшейткіші,шуды азайту жүйесі, қоректендіру блогі, ақырғы күшейткіш ( қуат күшейткіші) және дыбыс реттеу органдарынан тұрады. Бір каналды магнитофонның структуралық схемасы ВУ-енгізу құрылғысы, ГЗ-дыбысжазу бастиегі, ГСП-өшіру және магниттеу генераторы, ГС-өшіру бастиегі, ГВ-дыбыс шығару бастиегі, УЗ-дыбыс жазу күшейткіші, УВ-дыбыс шығару күшейткіші, УМ-қуатты күшейткіш, ИУЗ-дыбыс жазу деңгейінің индикаторы.

№ слайда 35 Дыбыстық жиілік күшейткіштері Акустикалық жүйелер Күшейткіштер УСЗЧ әр түрлі
Описание слайда:

Дыбыстық жиілік күшейткіштері Акустикалық жүйелер Күшейткіштер УСЗЧ әр түрлі дыбыстық сигналдарды қажетті деңгейге дейін күшейтуге, оны акустикалық жүйелерге беруге және оны тыңдаушының қжеттілігіне қарай дыбыс жиіліктерін түзетуге арналған. Олар жеке жеке блок түрінде алдыңғы күшейткіш, эквалайзер, соңғы немесе қуатты күшейткіш түрінде немесе бір корпуста орналасқан толық күшейткіш түрінде болады. Олар магнитофон, электрофон құрамына да кіруі мүмкін. Бір каналды күшейткіштің структуралық схемасы К-комутатор, РГ-дыбыс реттегіш, Ф-фильтр, Б-стереобаланс, Э-эквалайзер, УМ-қуат күшейткіші. Дыбыс шығарғыш жүйенің соңғы элементі акустикалық жүйелер. Олар көбіне бір немесе жоғары сапалы акустикалық жүйелерде бірнеше дыбыс зорайтқыш бастиектерден (динамиктерден) тұрады. Бірнеше болған жағдайда: жоғары жиілікті, орта жиілікті және төменгі жиілікті дыбыс шығарғыштар арнайы сүзгілір (фильтр) арқылы жалғасады.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-236470
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>