Описание презентации по отдельным слайдам:
Білімділік: арифметикалық және геометриялық прогрессия формулаларын пайдаланып әртүрлі және аралас есептерді шығару дағдысын жетілдіру; практикадан өз білімін жүйелі әрі дұрыс пайдалануға дағдыландыру. Дамытушылық: оқушылардың математикалық ойлау қабілетін, көзқарасын, логикасын, тілін дамыту. Тәрбиелік: оқушыларды патриоттылыққа, ұқыптылыққа, үздіксіз дамуға, қаржылық сауаттылыққа, жеке және топпен жұмыс істегендегі әділдікке тәрбиелеу. .
Формулалардың аталуы: Шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысы. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n-мүшесінің қосындысы. Геометриялық прогрессияның алғашқы n-мүшесінің қосындысының формуласы. Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы. Арифметикалық прогрессия мүшелерінің қасиеті. Геометриялық прогрессия мүшелерінің қасиеті. Геометриялық прогрессияның еселігінің формуласы. Арифметикалық прогрессияның айырмасы.
«Жорға» кезеңі. (7 мин) Бұл кезеңде оқушылар «Білікті - бірді жығар, білімді – мыңды жығар » -дегендей, екі топтың басшылары есеп шығару арқылы жарысады. Қалған топ мүшелеріне фигуралар құрамындағы үшбұрыштар санын анықтау үшін тапсырма беріледі. Әр есеп бес балмен бағаланады. Топ басшылар сайысы I топ. «Жас математиктер» Топ басшысы: Төлбасиева Арайлым. Жауабы: II топ. «Жас ғалымдар» Топ басшысы: Мұсахан Бекарыс. Жауабы:
«Көңілді эстафета» - өздік жұмыс. (7 минут). Әр оқушыға тапсырмалар жазылған парақ таратылады. Топта қанша оқушы бар сонша тапсырма. Тапсырмалар деңгейі қарапайымнан орташаға дейін. Әрбір 2 минут сайын мұғалім «ауысамыз» деп айтып отырады. Оқушылар атын және жауабын жазып, қағаздарын келесі оқушыға береді. Бірінші болып өз аты жазылып тұрған қағаз қолына келгенде ойын тоқтатылады. Дұрыс жауаптары слайдта көрсетіледі. Оқушылар қате жауаптарды сызып тастайды. Қағаздар жиналып алынады. 1 Берілгені: а1 = – 3, а2 = 4. Табу керек: а16 – ? Аты-жөні:_________ Жауабы:________ 2 Берілгені: b 12 = – 32, b 13 = – 16. Табу керек: q – ? Аты-жөні _________ Жауабы:________ 3 Берілгені: а21 = – 44, а22 = – 42. Табу керек: d - ? Аты-жөні _________ Жауабы:________ 4 Берілгені: bп > 0, b2 = 4, b4 = 9. Табу керек: b3 – ? Аты-жөні _________ Жауабы:________ 5 Берілгені: а1 = 28, а21 = 4. Табу керек: S10 - ? Аты-жөні _________ Жауабы:________ 6 Берілгені: q = 2, b1 = 2 Табу керек: b5 – ? Аты-жөні _________ Жауабы:________
«Оқулықпен жұмыс» кезеңі. (5 мин) Бұл кезеңде оқушылар оқулықтағы №178, №179, №180 – есептерді шығарады. Есептерді әр топ жеке талқылап, тақтада шығарады. Әр есеп бес балмен бағаланады. I топ. «Жас математиктер» №178 Арифметикалық прогрессияның мүшелері және белгілі болса, онда: а) - мүшесі мен айырымын табыңдар; ә) прогрессияның оң таңбалы мүшелерінің санын көрсетіңдер; Жауабы: а) ә) 11; 10,3; 9,6; 8,9; 8,2; 7,5; 6,8; 6,1; 5,4; 4,7; 4; 3,3; 2,6; 1,9; 1,2; 0,5. Оң таңбалы мүшелерінің саны: 16. .№180 а) 22,7; 21,4; .......... арифметикалық прогрессияның нөлге жақын мүшесін көрсетіңдер. Жауабы: II топ. «Жас ғалымдар» №179 Арифметикалық прогрессияның мүшелері және белгілі болса, онда:а) прогрессияның - мүшесі мен айырымын табыңдар; ә) прогрессияның теріс мүшелерінің санын көрсетіңдер; Жауабы: а) ә) -4,4; -3,7; -3; -2,3; -1,6; -0,9; -0,2. Теріс мүшелерінің саны: 7 №180 ә) -15,1; -14,4; .......... арифметикалық прогрессияның нөлге жақын мүшесін көрсетіңдер. Жауабы:
«Сабақты қорытындылау» кезеңі. (3 мин) Қазылар алқасы әр топтың жалпы ұпайлар санын айтады. Жеңіске жеткен топты марапаттаймын. Міне, балалар жарыс сабақ арқылы өз білімімізді ортаға салып бірнеше жаттығулар орындадық. «Білімді мыңды жығар» - дегендей, ойы озық, шапшаң оқушылар бар екенін көрсеттіңдер. “Оқушыларды бағалау” кезеңі. (5 мин)
Номер материала: ДВ-203781
Не нашли то что искали?
Вам будут интересны эти курсы:
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное. |