Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Презентации / Презентация по математике на тему "МАТЕМАТИКАДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНДЫ ЕСЕПТЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ"

Презентация по математике на тему "МАТЕМАТИКАДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНДЫ ЕСЕПТЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ"

Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

МАТЕМАТИКАДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНДЫ ЕСЕПТЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Ақтөбе қаласы

Куздибаева Гульжамал Жанабаевна - №51 гимназияның математика пәнінің мұғалімі

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп – өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсартумен қатар, оқытудың әдіс – тәсілдерінқолданудың тиімділігін арттыру қажеттігі көрсетілген. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне өтуге бағыт алуда.

Ел басы - Н.Ә.Назарбаев тың үстіміздегі халқымызға жасаған жолдауында еліміздің экономикасы мен әл-акқатын көтеруге айырықша көңіл бөлуі атап көрсетілген.

Экономикалық мазмұнды есептер мектеп оқулықтарында көбінесе стандартты мәтіндік алгебралық есептер түрінде ұсынылған және бұл есептердің саны өте аз. Мектептегі оқытуда қолданылатын қолданбалы экономикалық сипаттағы есептердің мазмұнын экономикалық ұғымдар мен факторлардың себеп-салдарлық байланысын айқындайтын есептерді енгізу арқылы байытуға болады.

Кейбір экономикалық ұғымдарды есеп шартына енгізгенде, ол шарттан оқушылар осы ұғымдардың мәні мен мағынасын меңгере алатындай етіп енгізген дұрыс.

Экономикалық ойлауды адамның экономикалық құбылыстарды бейнелеу, сезну, қорыту оның мәнін танып түсінуі, экономикалық ұғымдарды игеру және салыстыру, экономикалық заңдылықтарды ұғынуы деп есептеп, осылардың негізінде өзінің экономикалық іс-әрекетін ұйымдастыруы түрінде қарастырады.

Оқу практикасында экономикалық мазмұнды есептердің тәрбиелеушілік қызметі негізінен пайдаланылатын есептер мазмұнына байланысты мұғалімдердің насихаттау сипатындағы түсініктемелері арқылы іске асырылады.

Н.К.Рузиннің пікірі бойынша «кез-келген есептің не мазмұнында, не оны шешу барысында және алынған нәтижеге талдау дасауда міндетті түрде тәрбиелеу элементтері орны алуы керек» дейді.

Экономикалық мазмұнды есептерді сабақта, сабақтан тыс уақытта шығару мына шарттарды қанағаттандыруы тиіс:

  • оқушыларға жиі кездесетін экономикалық терминдердің мағынасын түсіндіру;

  • оқушыларды елінің ұлттық байлығын ұқыпты, үнемді пайдалануға тәрбиелеу;

  • оқушыларға математикалық әдістердің экономикада қолданылатынын көрсету.

Экономикалық мазмұнды есептер шығаруда экономикалық тәрбиенің мынадай мәселелері:

  • еңбек сүйгіштік, кез-келген жұмысты орындауға дайын болуы;

  • өзінің еңбегінің нәтижесі бойынша ұжым алдындағы жауапкершілігінің артуы, қоғам байлығын өсіру;

  • жұмыс уақытын тиімді пайдалану;

  • оқушыларды экономикалық сауаттандыру, т.б. іске асады.

Экономикалық мазмұнды математикалық есептерді шығарудың практикалық мәні зор. Мұндай есептердің мазмұны тек қана теориялық біліммен қаруландырып қоймай, оларды келешекте өздігінен дұрыс шешім табуға баулиды. Оқушыларды экономикалық тұрғыдан тәрбиелеуде қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек ерекше орын алады. Өнімді еңбекте оқушының жоспарлау ісіне, есеп алу, бақылау, өнімділік процесін ұйымдастыруға қатысуының маңызы өте зор.

Математика оқулықтарында өзіндік құн, түсім, тиімді пайдалану нәтижесі, өндірістің техникалық ерекшеліктері тәрізді экономикалық ұғымдарды пайдаланатын есептер аз емес. Бірақ оқушылар мұндай есептерге көбінесе математикалық әрекеттер тұрғысынан ғана қарайды да, экономикалық мәні назардан тыс қалады. Сондықтан экономикалық есептерді шығару алдында арнайы әңгіме жүргізген дұрыс.

5-сынып.

Мысал – 1.Бір балмұздақ шоколад плиткасынан 4 есе арзан, яғни 20 теңге тұрады. Бір қорап конфет шоколад плиткасынан 3 есе қымбат. Конфет бағасы қанша тұрады?

Шешуі: Есеп шартынан бізге балмұздақтың бағасы белгілі, яғни 20 теңге. Ал балмұздақ шоколадтан 4 есе арзан. Осыдан шоколадтың бағасын табу үшін 20*4=80 амалды орындаймыз. Енді шоколадтың бағасы 80 теңге екені белгілі болды. Енді қорап конфеттің бағасын табу үшін шоколадтың бағасын 3 еселейміз, яғни 80*3=240.

Осыдан қорап конфеттің бағасы 240 теңге екені бізге мәлім болды.

6-7 сынып.

Мысал-1. Фермелер екі егістен 6500 тонна астық жинайтын еді. Агротехникалық шараларын жақсартқан соң, бірінші егістіктің шығымдылығы 40 пайызға, ал екінші егістіктің шығымдылығы 30 пайызға артқан. Сондықтан да фермерлер осы егістіктерден 8800 тонна астық алған. Агротехникалық шаралардан соң әр егістіктен қанша астық жиналған?

Шешуі: Бұрын бірінші егістіктен – х тона, екінші егістіктен у тонна астық алған. Агротехникалық шаралардан соң бірінші егістіктен – 1,4х, екінші егістіктен – 1,3у тонна астық алған.

hello_html_m894b545.gif

х=6500 – у

1,4(6500 – у) + 1,3у = 8800

9100 – 1,4у + 1,3у = 8800

  • 0,1у = - 300

у=3000

х=3500

Осындай есептерді шығара отырып оқушылардың халық, ел шаруашылығын, қызығушылығын туғызу және экономикалық сауаттылығын, мәдениетін арттырады. Сондықтан да экономикалық есептерде оқыту және шығарудың болашақ жастарға маңызы зор.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Нәрібаев Қ.Н. Экономикалық ғылыми зерттеулердің негіздері. – Алматы, Қазақ Университеті, 1999ж.

  2. Әубәкіров Я., Нәрібаев К., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері. – Алматы, 2004ж.

57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Краткое описание документа:

Автор
Дата добавления 21.04.2015
Раздел Математика
Подраздел Презентации
Просмотров373
Номер материала 248123
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх