Инфоурок / Математика / Конспекты / Презентация по математики " математика ақыл-ойдың әуені"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Презентация по математики " математика ақыл-ойдың әуені"

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Тақырыбы: «Математика ақыл-ойдың әуені»


Мақсаты:

-Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, ойлауға ынтасын арттыру;

-Оқушылардың математикалық ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

-Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Түрі: топтық сайыс сағаты.

Типі: Ойын түрінде


Жоспары:  Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі.

І –тур. « Бәрін білгім келеді»
ІІ –тур. « Шешендер сөйлейді»

ІІІ –тур. «Тапқырлық» ( Сөзжұмбақ шешу)
IV –тур. « Танграм» ойыны

Қолданылған нақыл сөздер: 

Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы. (К. Гаусс)


Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика. (М. В. Ломоносов)


жүргізуші: 
Қош келіпсіздер, мынау ойынға барша қауымым!
Аңсайсыздар ма, жаздың жемісін, қарбыз-қауынын?
Ол күнге жету сірә, жолдастар ерте емес пе?
Ойын жарыс пе өткізейік біз қыстың аязын!
жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! Баршаңыз да «Математика ақыл-ойдың әуені» сайысына қош келіпсіздер! (Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш», «Квадрат», «Трапеция» топтарын шақырамыз. Топтар орналасып болғанша , музыка ойнап тұрады).
жүргізуші: 
Басталық ақыл-ойдың дара кешін,
Халайық сендер бізге жақын келші.
Математика ғылымына ұмтылғандар, 
Сен егер кім екенін білгің келсе.
жүргізуші:
Математика сырлары, 
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамызды сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз. ( әділққазылар алқасына әдістемелік бірлестігінң мүшелері сайланады. Тақтаға бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.)
жүргізуші: Кезекте амандасу рәсімі. 
І топ: «Үшбұрыш» тобы. Ұраны: Білікті бірді жығар, Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі: 
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!
Кластас ерігіп жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Жеңіспен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық. «Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем!
жүргізуші:  «Квадрат» тобы.
Ұраны:
Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі: 
Бұл сайысты көптен біздер күткенбіз,
Жалындаған жастармыз біз көктембіз.
Мақсатымыз биіктерден көріну,
Біз сол үшін макңдай терді төккенбіз.
Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз, жүзіп келем кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалайда біз жеңеміз. «Квадрат» тобынан қарсыластарға сәлем!
1-жүргізуші: «Трапеция» тобы. 
Ұраны: 
Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз. 
Сәлемдесуі:
Құлақ түріп тыңдаңыздар жараңдар,
Кеудемізде толқындаған жыр, ән бар.
Біз ешкімге қолдан жеңіс бермейміз,
Тобымыздың бәрі алғыр қырандар.
Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз. «Трапеция» тобынан қарсыластарға сәлем!

жүргізуші: Рахмет!Оқушылар, сіздерге сәттілік тілеймін!

Мықты болсаң-алдағыны басып оз,
Мықты болсаң –арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт – деп келесі сайысымыз «Бәрін білгім келеді» сайысына кезек береміз. (Бұл сайыста әр топ ұяшық таңдайды, әр дұрыс жауапқа ұпайлары қойылады)

« Логикалық сұрақтар»

10- Салмақтары 1,2, 3, 4, 5, 6, 7 грамм болатын алмаз тастарды салмақтары тең болатындай етіп, төрт сандықшаға қалай орналастыруға болады?

Жауабы:  7 грамнан.

20- Бір кірпіштің салмағы жарты кірпіш пен 2 килограмға тең. Бір кірпіштің салмағы қандай?

Жауабы: 4 кг.

30- Маша мен Катя 40кг, Катя мен Света 50 кг, Света мен Даша 60 кг, Даша мен Галя 70 кг, Маша мен Галя 80 кг. Қыздардың әрқайсысының салмағы қандай?

Жауабы: Даша 20 кг, Маша 30 кг, Света 40 кг, Катя 10 кг, Галя 50 кг.

«Полиглот»

10- Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол ең негізі

Дәл жауапты қостадым.

(шеңбер)

20- Алды-артымыз шексіз де

Жете алмайсың біздерге.

Сәулеменен кесілді Шықан тегін білсе де.

(түзу)

30- Атадан он баламыз

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз.

(цифрлар)

«Әзіл-шындық сұрақтар»

10-Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? (Жарық)

20- Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)

30-Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын кең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі.

Екі қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой. (Барлығы 15)

«Математика тарихы»

10-Ежелгі грек ойшылы, ғұлама –математик (Пифагор)

20-Құттықтаймыз! Сіздерге қоржындарыңызға 20ұпай!

30-Математикалық теңдеулер туралы ғылыми еңбек жазған қазақ ғалымы (Жәутіков)
жүргізуші:
Айыра біл, жақсы менен жаманды, 
Айыра біл, қарындаш пен қаламды. 
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл тапсырманды алдағы – деп кезекті «Шешендер сөйлейді» сайысына береміз. (Бұл кезеңде оқушылар өздерінің ақындық қабілеттерін көрсетеді.Тақтада 3 тақырып беріледі, сол тақырыпқа сай өлең шығарылады)

  1. Бақыт кілті еңбекте

  2. Еріншектің ертеңі бітпес

  3. Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы.

жүргізуші: Мәңгі –бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын
жүргізуші: 
Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп-келесі сайыс кезегі «Сөзжұмбақ» .(Алдарына плакат 3 топқа сөзжұмбақ беріледі, топтасып бирге шешеді)

Сұрақтар:

  1. 180 градусқа тең бұрыш қандай?

  2. Екі қатынастың теңдігі?

  3. Ең үлкен хорда?

  4. Үшбұрыш, төртбұрыштарды геометриялық ... деп атайды.

  5. Ұзындық өлшем бірлік?

  6. «Геометрия» терминінің мағынасы қандай?

  7. Бұрышты өлшейтін құрал?

  8. Тік төртбұрыш жасап қиылысатын екі түзу?

  9. Түзудің екі нүктемен шектелген бөлігі.

  10. Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыштар?

hello_html_m7a363a0.gif





Жүргізуші: Фигура силуэттарды құрастыруға арналған «Танграм» ойыны. Танграм (қытайша, пиньинь qī qiǎo bǎn - "ұстаның жеті тақтайшасы") - бір фигурадан күрделірек фигураларды (адамды, үй тұрмысының затын, әрiп немесе санды, түрлі жануарларды т.б.) алу үшін жеті жазық фигураны бүктеуден тұратын бас қатырғыш. Бұл ойынның түрі Қытайда кеңінен тараған. Мұнда аз уақыттың ішінде көп фигураны жасау сайыстары да өтеді. Бұл ойынды  сонымен қатар геометриялық құрастырғыш деп те атайды. Қытайлық оқымысты Та-нг есімімен аталған. Белгілі бір геометриялық фигуралардан бір бейне құрастырылады. Геометриялық фигуралар екі жағынан да бір түсті болып боялады және шаршы тәріздес картон немесе фанер, пластиктан жасалуы мүмкін. Танграм 7 геометриялық фигураларға бөлінген бөліктерден тұрады. Танграм ойынын жасау үшін мөлшері  10-10 см болып келетін шаршы қолданған ыңғайлы.  Шаршы әр түрлі мөлшердегі 5 тік үшбұрыштардан тұрады: 2 үлкен, 1 орташа,  2 кіші, 1 шаршы,  көлемі бойынша бірдей келетін 2 кіші үшбұрыштардың арасында шаршы және сондай-ақ тіктөртбұрыш орналасқан. 7 фигурадан құралған шаршыдан әр түрлі геометриялық және бейнелі жалпақ фигуралар құрастыруға болады.  Фигураларды құрастыру кезінде келесі ережелерді ұстану қажет: әр түрлі фигураларды құрастыру кезінде  ойынның 7  элементі түгелімен қолданылуы қажет, оларды бір –біріне  тек фигуралардың жанымен, шетімен жалғастыруға болады, фигураларды бірінің үстіне бірін бастыруға  болмайды.  Бір қызығы бұл ойында балалар өздері ойын силуеттарын ойдан құрастырып, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіруіне болады.

hello_html_m1f45f962.jpg hello_html_2642840b.jpg




Жүргізуші: (Әділқазы алқасынан жалпы сайыстын қорытындысы сұралады) Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.

Сайыскерлер жеңістерің құтты болсын! Олай болса, сайысымыз өз мәресіне жетті.Қош, сау болыңыздар!




Общая информация

Номер материала: ДВ-404290

Похожие материалы