Инфоурок Иностранные языки КонспектыПрезентация по математику " Бала тәрбиесі Болашаққа бастар жол"

Ашық хат Алғыс айту күні

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • pptx
559
2
26.02.2025
«InfoLesson»‎

Материал разработан автором:

Каргаева Салтанат Жубаназаровна

методист

Ұстаздарға алғыс айту күніне арналған ашық хат.1 наурыз Алғыс айту күніне арналған ашық хат. Ішкі бетіне әдемі тілек жазуға болады. "Бізге берген тәрбиеңіз үшін мың алғыс!" дeгeндeй!1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын! Бұл күн – сіздердің ерен еңбектеріңізге, білім мен тәрбиені бала жүрегіне сіңіріп, болашаққа жол сілтеген ұлы миссияларыңызға алғыс білдіретін ерекше күн. Сіздердің мейірімдеріңіз бен қамқорлықтарыңыз, төзімдеріңіз бен даналықтарыңыз – біз үшін баға жетпес қазына. Шәкірттеріңіздің алғысына бөленіп, әрдайым құрмет пен сүйіспеншілікке ие бола беріңіздер!

Краткое описание методической разработки

Ұстаздарға алғыс айту күніне арналған ашық хат.1 наурыз Алғыс айту күніне арналған ашық хат. Ішкі бетіне әдемі тілек жазуға болады. "Бізге берген тәрбиеңіз үшін мың алғыс!" дeгeндeй!1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын! Бұл күн – сіздердің ерен еңбектеріңізге, білім мен тәрбиені бала жүрегіне сіңіріп, болашаққа жол сілтеген ұлы миссияларыңызға алғыс білдіретін ерекше күн.

Сіздердің мейірімдеріңіз бен қамқорлықтарыңыз, төзімдеріңіз бен даналықтарыңыз – біз үшін баға жетпес қазына. Шәкірттеріңіздің алғысына бөленіп, әрдайым құрмет пен сүйіспеншілікке ие бола беріңіздер!

Развернуть описание

Презентация по математику " Бала тәрбиесі Болашаққа бастар жол"

Скачать материал

Тақырыбы: Бала тәрбиесі – болашаққа бастар жол
Мақсаты :оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа,қайырымдылыққа,әдептілікке,

және өз халқының дәстүрін үйрене отырып ,жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу

«Бала тәрбиесі - баршаның ісі». Халқымыздың ''балалы үй базар ,баласыз үй мазар" деген аталы сөзі текке айтылмаған. Балғындардың риясыз күлкісі, әсем қылыаынсыз өмірді, келешекті көз алдымызға елестету мүмкін емес. Бала десе жүрегіміз езіліп көңіліміз толқып, мерейіміз таси түсетіні де сондықтан болар.
Нарық заманы бүгінде қай салаға да жеңіл тиіп отырған жоқ. Бірақ сол қиыншылықтарды тілге тиек етіп, жас ұрпақ тәрбиесіне, келешегіне немқұрайлы қарауға болмайды.
Ата-бабаларымыздың өткен тарихын
балғындардың жүрегіне ұялатып, болашақта олардың ел қамын ойлайтын отансүйгіш азамат болып өсуіне басты назар аударылады
Жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі - қазақ. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. Өйткені, қазақтың ел алдындағы абырой-беделі, қадір-қасиеті тек жеке басының жақсылығы немесе дәулетімен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы, жарақтылығымен де өлшенген.
Ата-бабаларымыздың сондай-ақ тектілік деген киелі ұғымды ежелден қастерлеп, оны атадан балаға мирас қып қалдыруында да терең сыр жатқандай. Туа біт
ті тектілігін, табиғи қадір-қасиетін сақтап қалу үшін олар мүмкіндігінше тәрбиелі отбасылармен құдалы-жекжат болуға ұмтылған. Тарих қойнауына үңіліп, ұлттық тәрбие сырларына тоқталып отырғанымыз да тегін емес. Өркениетті ел қатарына қосыламыз, келешекте көш бастайтындай көшелі ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, ұлттық тәрбие сырларын, тағылымдарын еш уақытша да естен шығармауымыз керек.
Шығыстың ғүламасы әл-Фараби: "Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін" - деген.
Адам өмірге бәрі бірдей болып келеді, бірақ та өсе бара олардың тағдыры әртүрлі болып қалыптасады. Баланың құдіреті санасында, сондықтанда әрбір бала саналы өмір сүрсе және бәрін ақылға салып, ойлап істесе, оның алдына қойған мақсатына да, байлыққа да, бақытқа да қол жеткізуіне болады.
Адамзат баласының осы кезге дейін құрған қоғамы, жасаған рухани және материалдық байлығы, осының бәрі сананың жемісі. Ендеше біз адамды адамгершілік әдетке баулығанда оның санасына салмақ салуымыз керек. Сана арқылы адамның 5 дүниетанымы, өмірге көзқарасы, рухани мәдениеті қалыптасады. Адамның ғұмыры жан мен тәнге негізделген. Яғни адам жан мен тәннен тұрады. Жан жайбарақат болуы үшін тәннің жайбарақат болуы шарт. Олай болса, адам бақытты болу үшін жаны мен тәнін қоса тәрбиелеуі керек. Яғни салауаттылық өмір қағидасын ұстануға тиіс. Бұл орайда бабаларымыз: "Тәні саудың - жаны сау" - деп, салауаттылық өмірді игерудің жолын көрсетіп берген. Баланың жастайынан дені сау азамат болуын аңсаған халқымыз келіндерге жаңа туған нәрестені қалай күту жөнінде ақыл-кеңес берген, сәбиді тұзды сумен шомылдырып, денесін маймен сылаған, қол-аяғын созып, "өс-өс" - деп буындарын бекіткен. Дене сұлулығына, әсіресе, қыз баланың көрікті болуына ерекше көңіл бөлген "Аттың көркі - жал, қыздың көркі - шаш" деп ұққан.
"Денсаулық - зор байлық" деп қазақ халқы дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса, иесі де мықты. "Сау жан сау денеде ғана болады" деген мәтел ескіден қалған.
Бала бақытты өмір сүру үшін ең әуелі рухани саулығына көңіл бөлуі тиіс.
"Адамның қабілетін жан-жақты жетілдіре тәрбиелеу үшін дене енбегімен қатар, ақыл-ой тәрбиесін өрістету аса қажет. Өйткені қоғамның дамуы еңбек пен ғылымның үштаса өрістеуімен тығыз байланысты. Қоғамдағы барлық байлық — ой еңбегі мен дене енбегінің, ғылым мен техника жетістіктерінің ортақ жемісі.
Ақыл-ой тәрбиесі, көріп-білу, жүрекпен терең сезіну — біртіндеп толыға, молыға қалыптасатын тәжірибеден туатын үздіксіз жаттығудың жемісі. Қөрген-білгенді ой еаегінен өткізіп, оны түйіндеп миға тоқу, үнемі сарапқа салу ынта-жігерді, күшті қажыр-қайратпен талапты керек етеді. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез»— деп тектен-текке айтпаған, шешендік өнерді құрметтеп оған жастарды ерте жаттықтыруға ерекше мән беріп, өнерлі азаматтарға жиын-тойларда төрден орын беріп, ерекше қошемет көрсеткен. Сөз бастаған шешенді қол бастаған батырмен пара-пас қойған, шешендікті тапқыр ойдың тұтқасы деп санаған.
Орыс ғалымы И. П. Павлов: «Фактілер — ғылымның ауасы» десе, ғұлама ғалымдардың осынау ой-пікірлеріндей тұжырымдарды өзі өмір-тәжірибесіне сүйеніп, ой топшылаған ата-бабаларымыз: «Тәрбие негізі — ғылым, даналық негізі — білім» деп қорытынды жасаған. Ал сол ғылымды меңгеру, даналық ойға ие бблу оқумен, оқығанды көңілге терең тоқумен байланысты деп" дұрыс түсінген қазақ халқы.
Жастарды ойланғыштыққа, тапқырлыкка тәрбиелеуде дидактикалық ұлт ойындарының да өзіндік орны бар. Мысалы, бас бармақтан бастап шынашаққа дейін саусактардың аттарын жаңылмай жылдам ататтыру секілді санамақ ойыны немесе ортаға шыққан адамның жаңылмай, шапшаң он ақынның, он өзеннің, он қыздың атын атауы сияқты күлдіргі ойындар да жасеспірімнің ақыл-ойын кеңейтуде тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері ретінде қолданылған.
Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынаеынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділет-тік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойын жастайынан мінез-құлық ережесі етіп калыптастыру тәрбиеге байланысты. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды от басында кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа-, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған: Ер балаларға ауылдың үлкендеріне қос қолдап, сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап, үлкендер,се жол беруді, олардың алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жадына «сіз» деген сыпайылық, «сен» деген анайылық, «Адалдықтың белгісі, иіліп сәлем бергені», «Кішіпейілділіктен кішіреймейсің», «Жұпыны жұтамайды, сыпайы сүйкімді»; «Құдай деген құр қалмайды» деген кағидаларды үнемі уағыздаған. Халқымыз «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп бала тәрбиелеуші ата-аналардың да өнегелі болуын талап еткен. Отбасының, коғамның тәрбиесі аналарға байланысты екеніне ерекше мән берген, кыздың көркіне ақыл-ойы мен мінез-кұлқының сай болуын қадағалаған. «Қыз қылығымен сүйкімді», «Қызым үйде, кылығы түзде»
деген мақал-мәтелдер үлкен жауапкершілік жүктейді. «Қыз өссе — елдің көркі» деу арқылы арлы, инабатты, сымбатты қызды бүкіл ауыл-аймақ болып тәрбиелеуді меңзейді.
Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі — қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сынарындай қатар салыстыра суреттеген.
Еңбек пен өнер тәрбиесі.
Еңбек өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі. Еңбексіз өмір жоқ. Қоғамдағы байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалады. Осыны терең түйіп, ой топшылаған халық: «Еңбек — адамның екінші анасы», «Еңбек түбі — бере-ке», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады», «Еңбексіз өмір — сөнген көмір», «Еңбегі қаттының ембегі тәтті» деген мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеудің мәнісін, сондай-ақ еріншектік, жалқаулық — кісінің соры жаман әдет, жат мінез екендігің жас буынға тәптіштеп түсіндірген.
Осы жәйтті терең түйіп, еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін өзара белісіп алған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, мылтық атып, мергендік құруға, қолөнер шеберлігіне, мал тауып, отбасын асырауға әкелері мен аталары үйретсе, қыз балаларға үй сыпыру, төсек жинау, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, тон пішу, өрмек тоқу, ою-өрнек сияқты отбасынын ішкі жұмысына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттері-не қалдырған. Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, отбасы ұйытқысы деп түсінген халкымыз оның еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі болып өсуіне ерекше мән берген. Қолөнеріне икемі жоқ қыздарды: «Өз үйінде ою оймаған, кісі үйінде тон пішер» деп келеке еткен. Тіпті шай құю мен төсек жинаудың өзі үлкен сын болған. Ақындардың өлеңдерінде кездесетін «Қыздың жиған жүгіндей» деген теңеулер текке айтылмаған.
Еңбекті дәріптеу, жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге етіп ұсыну «Аяз би» ертегісіндегі Аяз бидің, «Керқұла атты Кендебай» ертегісіңдегі Кендебайдың, «Күн астындағы Күнікей кыз» өртеуісіндегі қарапайым қойшы баланың бейнелері арқылы берілген. Мал баққан, еңбек сүйген, қару-жарақ асынып, ел-жұртын мергендікпен асырап-сақтаған қарапайым шаруа адамдарының адал еңбегі арқасында қиындық біткенді жеңіп шығып, мұратына жетуін баяндау арқылы халық «еңбекпен ер көгереді», мұратына жетеді» деп, жастарға үлгі-өнеге-етіп ұсынады.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз деп қараған. Қолөнер
шеберлігін мал бағып, егін салып, аң аулау кәсібінен артық санамаса, кем санамаған. Қазақ шаруасының қолөнері өзінің күнделікті өмір тіршілігімен, тұтыну қажетімен тығыз ұштасып жатады. Оның ішер асы да, киер киімі де, баспанасы да малдың өнімімен байланысты болғандықтан, қолөнері де сол мал өнімін өңдеуге, ұқсатуға арналған.


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по математику " Бала тәрбиесі Болашаққа бастар жол""
Смотреть ещё 5 938 курсов

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 349 844 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 08.06.2016 786
    • DOCX 26.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турманбетова Лаура Сайлаубайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11890
    • Всего материалов: 9

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 327 811 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Бизнес с нуля: юридические, финансовые и управленческие аспекты

4 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика обучения шахматам младших школьников

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное целеполагание в организации: методологии, измеримость и управление ресурсами

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 5 938 курсов