Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
« Математикалық домино »
атты 6 – сыныптар арасындағы кеш
2 слайд
Мақсаты:
ойын арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық және анатикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тапқырлыққа, білімділікке тәрбиелеу.
3 слайд
Ойын кезеңдері:
1-бөлім: «Логика»
2-бөлім: «Алтын балық» ойыны
3-бөлім: «Үрленген шарлар»
4-бөлім: «Сиқырлы кубик»
4 слайд
1 – бөлім
“Л”- столдың төрт бұрышы бар.Егер оның бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады?
“О”- егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса, салмағы қанша?
«Г»- Сымда 5 торғай қонып отыр. Аңшы 2 торғайды атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды?
«И»- 2 қолда 10 саусақ бар. Сонда 10 қолда неше саусақ бар?
«К»- Торда 5 қоян отыр, 5 оқушы келіп қоянды бір-бірден алды. Сонда торда әлі бір қоян бар. Ол қалай?
«А»- жылдың неше айында 28 күн бар?
5 слайд
2 – бөлім. “Алтын балық”ойыны
— Пропорцияның негізгі қасиеті қалай айтылады ?
— Теріс сандарды қалай қосады ?
— Таңбалары әртүрлі екі санды қалай қосады ?
— Төртбұрыштың периметрі дегеніміз не?
— Ең кіші жай сан неге тең ?
— Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті
— Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағат 20 минут ұшады да, сол жолмен қайтарда 80 минут ұшты. Неге? Себебін түсіндір.
— Поездың Айдын отырған вагонының алдында неше вагон болса,соңында сонша вагон бар. Егер Айдын отырған вагонның алдында 7 вагон болса, поезда барлығы неше вагон бар?
6 слайд
3 – бөлім. “Үрленген шарлар” ойыны
1. Сен 30-ға дейін сана, бірақ 3-ке бөлінетін сандардың орнына «жаңылыспаймын» деп айт. Қане тез санап шық.
2. Оқытушы сабақта оқушыларға қызық әрі қиын есептер берді. Есептерді шығарған қыздар саны сыныптағы ұлдар санына тең. Сыныпта қыздар саны көп пе, әлде ұлдар көп пе?
3. Әсем үйлері 1-ден 24-ке дейін нөмірленген қысқа көшеде тұрады. Осы үйлердің нөмірлерінде 2 саны неше рет кездеседі? Санап көр.
4. Ертегі есеп: қасқыр мен түлкі дос болады. Екеуі келе жатып, балықшының аулап қойған балығына кезігеді.Қасқыр айтады: - достым, мен есепке шорқақ едім, сен мына балықты тең етіп екеуімізге бөл -дейді.
Сонда қу Түлкі: жарайды, Қасеке, ендеше, саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу, саған бесеу, маған алтау, саған жетеу, маған сегіз…
Осы кезде сыбдыр естіліп, екі дос үлестеріне тиген балықтарын алып, екі жаққа қаша жөнелді. Балалар, айтыңдаршы, екі дос балықты қалай бөлісті? Тең бе?
5. 6*6*6=30 теңдік орындалатындай етіп, жұлдызшаның орнына математикалық амалдар қой.
6. Әсем, Жанар, Анар үшеуі математикадан қандай баға алғандығын сұрағанда
мұғалім былай деп жауап берді:
Әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы 3 емес, Жанардың бағасы 4 емес. Сонда кім қандай баға алған?
7 слайд
4 – бөлім. “Сиқырлы кубик” ойыны
1.«М» жағы түссе, сандық мақал жалғасын табу:
Бір елі ауызға-…
Бір кісі қазған құдықтан, …
Досынды үш күн сынама, …
2.«Ж» жағы түссе, математикалық жұмбақтар шешеді:
1) Қос құлақты 100 тісті, 2) Бір таудың екі күзетшісі, екі тыңшысы,
Жүзінен бірақ із түсті. отыз екі бөрісі бар. Ол не?
3) Жаңылмастан жетеуі,
Кезек қызмет етеді.
3.«Ф» жағы түссе, формулаларды табады.
Р = 2а + 2в
S = v • t
S =
4.«?» жағы түссе, сұрақтарға жауап беріледі:
1)7( а + 2в ) – ( а – 3в ) өрнегін ықшамда.
2)-14,35 - (-53,5) – (+21,3) – (-16,15) есепте.
3) теңдеуін шеш.
5.«♫» белгісі түссе, ән, тақпақ айту.
6.«П» белгісі түссе, (приз) сыйлыққа ие болады
8 слайд
Тыңдағандарыңызға рахмет!!!!
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
6 653 462 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Турманбетова Лаура Сайлаубайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.