Инфоурок / Математика / Презентации / Презентация по математику "Сайыс сабақ" (6 сынып)

Презентация по математику "Сайыс сабақ" (6 сынып)

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Тақырыбы:      «Білекті бірді,білімді мыңды жығады»

Мақсаты :     Оқушылар арасында өзара көмек  ұғымын, достықты  тәрбиелеу

Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру .

Әр оқушының шығармашылық ізденімпаздығын ояту,ойлау

қабілеттерін дамыту,әр оқушының шығармашылығын жетілдіру.

Оқушылардың жан-жақты білімдерін, математикалық тілдерін және

біліктілігін дамыту.

Көрнекіліктер: Сөзжұмбақтар,карточкалар,сызбалар,фигупалар,слайдтар,тапсырмалар.

Түрі: Топтық сайыс

Типі: Ойын түрінде

Қолданылған нақыл сөздер:

  1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К.Гаусс)

  1. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

(М.В.Ломоносов)

  1. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да,

қажет те.    (Р.Бэкон)

Сайыс жоспары:

1.Таныстыру.

2.Ойлан тап.

3.Білімділер сайысы.

4. Ойымды жалғастыр.

5.Сұрақ-жауап.

6.Жұмбақ сайысы.                                                                                     

     Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Білекті бірді,білімді

мыңды жығады» атты өтетін сайысқа қош келдіңіздер!

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Олай болса ортаға  командаларды  шақырамыз.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді,-дей отыра топтарымыздың таныстыруына кезек берейік.

2.Ойлан тап:

1)  Бес үштің көмегімен қолдарыңыздағы тапсырмадағы теңдік дұрыс                 орындалатындай  арифметикалық амалдар қойып шығыңдар.Жақша да пайдалануға болады.


3 3 3 3 3=1

3 3 3 3 3=2

3 3 3 3 3=3

3 3 3 3 3=4

3 3 3 3 3=5

3 3 3 3 3=6



  2)     Төрт екінің көмегімен қолдарыңыздағы тапсырмадағы теңдік дұрыс                 орындалатындай арифметикалық амалдар қойып шығыңдар.Жақша да пайдалануға болады.

2 2 2 2=1



2 2 2 2=2


2 2 2 2=3


2 2 2 2=4


2 2 2 2=5


2 2 2 2=6












3.Білімділер сайысы (әр топқа есеп жазылған карточка беріледі)


1.  Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындығы 1 метрге тең бес бөлікке бөліа кесті.Егер бір бөлікті кесуге 1,5 минут уакыт кетсе,барлығына қанша уақыт кетті?

 

2. Үш адам  24000 теңгеге үй сатып алғысы келді. Олар былай келісті: біріншісі жарты ақшасын береді; екіншісі үштен бірін береді, ал үшіншісі қалған бөлігін береді. Әрқайсысы қанша бермек?

 

3.   «Бақташы 30 түйе айдап келеді. Оған мынадай сұрақ берілген: Қорадағы  түйенің қаншасын айдап келе жатырсың?

Бақташының жауабы:

Қорадағы түйенің жартысының  үштен бірін айдап келе жатырмын. Барлық түйенің саны қанша?.

  1. «Көпес 540 сомға 138 дана  алтын және күміс сақина сатып алды. Егер бір алтын сақина 5 сом, ал күміс сақина 3 сом тұрса, әрқайсысынан неше сақина сатып алған?»



5.Әкесі қызынан 4 есе үлкен.Бұдан 5 жыл бұрын әкесі қызынан 9 есе үлкен

еді.Қазір әрқайсысы неше жаста?



6.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше?

















4.«Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек) 


1. Жеті жұрттың тілін біл,...


2. Білекті бірді жығар, ...


3. Екі жақсы қас болмас,...


4. Досыңды үш күн сынама,...


5. Бір елі ауызға –...


6. Жүз сомың болғанша,...


7. Отыз тістен шыққан сөз,...


8. Білгенің бір тоғыз,...


9. Бір кісі қазған құдықтан,...






















5..Сұрақ-жауап.



1. Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағат 20 минут ұшады да, қайтарда 80 минут ұшады. Бұл қалай?



2. 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше?



3. Бір жанұядағы 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар.
Жанұяда неше бала бар?




4. 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма?




5. Үш пар ат 30 км – ге шапса, әр ат қанша км-ге шабады?




6. Төрт қойдың неше аяғы бар?


7. Үш майшамжанып трды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады?


( үшеуі)

8. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады.
Торғайдың қаншасы қалды?



9. Бөлменің төрт бұрышында төрт мысық отыр, әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Бөлмеде неше мысық болғаны?








6..Жұмбақ» сайысы.



1. Нәрселерді санағанда,
 
Керек ол бізге ауадай,
 
Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
 
Жан-жағыңа қарамай?



2. Өмірің сенің қызық,
 
Жолында жоқ түзу сызық,
 
Басы да жоқ аяғы.
 
Бір айналым баяғы.



3. Дүкеннен мен сабын алдым,
 
Оның және қабын алдым,
 
Екі дәптер, бір қарындаш,
 
Тіс ысқышты тағы да алдым.
 
Есептеші сонда бәрі
 
Қанша болды, қолда бары?



4. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
 
Ұзындығы жазылып тұр бойында.



5. Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке
 
Мықты болсаң,қанша екен тез есепте
 
Алдында екеу,екеу келеді артында
 
Екі-екіден келеді қос бүйірде.
 



6. Түйе, бота маң басқан,
 
Төрт аяғын тең басқан.
 
Шұнақ құлақ бес ешкі,
 
Қос лақты қос ешкі,
 
Төрт қозылы екі қой,
 
Бәрін бірге санап қой.






Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздермен кездесеміз біздер әлі.

Әділқазы, көрермен сау тұрыңыз,

Күтеді бізді жарқын күндер әлі! — дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.













































18 орта мектеп













Сайыс сабақ

Тақырыбы:Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

Орындаған:Дусенбаева Нурджемал

Сыныбы: 6























2015-2016 оқу жылы



Общая информация

Номер материала: ДБ-077292

Похожие материалы