Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Презентация по началные классы «Маңғыстау»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Презентация по началные классы «Маңғыстау»

библиотека
материалов

Сабақ тақырыбы:

Киелі Маңғыстауым-мақтанышым!

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік. Қыранның қанаты,тұлпардың тұяғы таласатын өлкеде еліне қалқан,жауына сойқан батырлар,жырлары жалын,ғаламат дарынды ақындар,күйлері берен,саздары терең күйшілер ,әндері асқақ ,көмейі бұлбұл әншілер.Досын сүйіндіріп,жауын күйіндіріп,аты әлемге даңқ пен дақпырт,сөз бен саз болып тараған,талай аңыз бен әпсанаға арқау болған ата-бабамыз туралы мәлімет беру.

2) Дамытушылық. Шығармашылық іздену қабілетін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, өзіндік ой қорытуға дағдыландыру

2) Тәрбиелілік. Туған елін,жерін құрметейтін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Панарамалық сабақ

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс,сұрақ қоя отырып жетелеу,шығармашылық жұмыс

Пәнаралық байлыныс: Ән,тарих,әдебиет

Сабақтың көрнекілігі: Слайд


Топпен жұмыс

Мұғалім: Оқушыларды топқа бөлемін.

І топ ІІ ІІІ


«Шерқала» «Каспий» «Қара алтын»


А) сұрақ - жауап арқылы бағалап отырамын

Мұғалім:

Тақтаға назар аударайық!

-Тақтада нені көреміз?(Тақтада киелі 7 саны жазулы тұрады)

Оқушы:

-Сандар

Мұғалім:

-Қандай сандар?

Оқушы:

-Киелі сандар

1,2,3,4,5,6,7.

Киелі дегеніміз не?

Кие-бірдеңенің пірі,иесі,қасиетті,киесі бар.Киелі сандар

Қазақ халқында жеті,тоғыз,он екі,қырық сандары қасиетті,киелі сандар болып есептеледі.

Киелі сандардың қасиеті
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.

1 саны. Бір санын қазақ халқының ұғымында Алла жалғыз, Алладан басқа тәңір жоқ. Қай тілде болсын бірлік сөзінің түпкі түбірі саналады. Адам өмірін басқаратын, әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі.

2саны. Күні-түні демалмайтын екеу: Ай және Күн. Қосылу, толықтыру символы. Жақсы мен жаман, ер мен әйел, күн мен түн, ақ пен қара, жақсылық пен жамандық. Екі санына қазақ халқының көзқарасы, міне, осындай болып келеді. Яғни жалғыз емес, «жұп» дегенді білдіреді. Мәселен тіліміздегі «егіз» сөзі осы екі сөзінің негізінде жасалған (түбірі – екі, -з көне түркілік көптік жалғауы).
Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ
Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық
Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет
Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті
Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:
Үш із: бала, байлық, бақыт – білім
Үш ғайып: қонақ несібе, ажал
Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жамнның арасы
Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ
Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық
Үш қазына: Ер қазынасы – жүрген із,
Ел қазынасы – көне сөз,
Тіл қазынасы – ескі сөз
Үш мақсат: Саудагер мақсаты – ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту
Үш үміт: жазылам деп науқас үмітті, байимын деп кедей үмітті, кетем деп қыз үмітті
Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет

Үш қадірсіз: жастық, денсаулық, жақсы жар
Үш кемшілік: атың шабан болса – жалғанның азабы, алғаның жаман болса – дүниенің тозағы, балаң жаман болса – көрінгеннің мазағы
4 санының қадір-қасиеттері:
Төрт мүлік: бас сандық, тіл кілт, қол мүлік, аяқ-табақ
Төрт халифа: Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли
Төрт қылыш: Хәм хам, Сәм сам, Зұлпхар, Зулқажа
Төрт періште: Жебірейіл, Әзірейіл, Мекейіл, Исрафил
Төрт кітап: Тәрат, Зәбур, Інжіл, Құран
Төрт пір: Жарлының пірі – қалтақ ата,
Ұрының пірі – жалтақ ата
Шебердің пірі – тепшен ата
Кәрінің пірі – кекшіл ата
Төрт тұлға: от, су, жел, жер
Төрт құбыла:
 Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік
Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс
Төрт тоқсан: қыстоқсан, жазтоқсан, шілдетоқсан, күзтоқсан
Төрт бұрыш: Шын-машын, Мысыр, Рим, Еуропа елдері
Төрт түлік: Түйе пірі – Ойсылқара
Жылқы пірі – Қамбар ата
Сиыр пірі – Зеңгі баба
Қой, ешкі пірі – Шопан, Шекшек ата
Төрт күнә: Аллаға күмән келтіру, нақақтан қан төгу, ата-анаға тіл тигізу, өтірік куә болу

5 санына байланысты:
Бес парыз: Таң намазы, бесін намазы, екінді намазы, ашам намазы, жашиық намазы
Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
Бес борыш: Аллаға, пайғамбарға байланысты борыш, адамның өзіне байланысты борыш, мемлекет пен халыққа борыш, үй-іші жақындарына борыш, адамгершілік әлеміне борыш
Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн
Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма
Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз
6 саны берекені білдіреді. Ертеде құлға алты сөзді білсе болған екен. Олар: отыр, тұр, жат, жүр, атқар, демал
Алты алаш: Қазақ, қарақалпақ, өзбек, түркімен, қырғыз, жайылма
Алты парыз: Адамдардың бір-біріне алты парызы бар:

  1. Бір-біріне сәлем беруге

  2. Шақырса баруға

  3. Кеңес сұраса ақыл қосуға

  4. Сұрағына жауап беруге

  5. Ауырып қалса көңіл сұрауға

  6. Қайтыс болса жерлеуге қатысуға

Ал 7 саны өте киелі. 7 жаста бала мектепке барады. 
Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі,жұма, сенбі, жексенбі.
Жеті амал: тоқсанның кіруі, киіктің матауы, мұздың қатуы, айдын тоғамы, үркердің батуы, қарашаның батуы, күннің тоқырауы
Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық,, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы
Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ
Жеті жұт: құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала
Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат
Жеті құбылыс: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан әлемі, жер орта, жер асты

Мұғалім:

Ә)-Маңғыстау атауы,сөзінің мағынасын білесіңдер ме?

Мың қыстау елі,мыңдаған жолдар өлкесі,мыңдаған шың-құздар мен шыңырау құдықтары бар аймақ.

Бұл жерден кімдер кетіп,кім қалмаған?

Қара жер қаза жетсе кімді алмаған?

Қызылбас,Қытай Қыпшақ,Қырым,Қырғыз,

Айладыр алтау болса,қалмақ жетеу

Ерлерден ертедегі қалынған жер...

Б)Кубик ойыны

Ортада кубик тастағанда қасиетті сандар шығып отырады,сұрақ - жауап арқылы бағалап отырамын

1.) Мұғалім:

-362 саны нені білдіреді?

Оқушы:

-Қасиетті 362 әулиелер

Мұғалім:

-Маңғыстау өңіріңіндегі қай әулиелерді білесіз

Оқушы:

-Бекет-Ата, Сисем-Ата, Шақпақ-Ата, Масат-Ата....

2.) Мұғалім:

-40 қандай қасиетті сан?

Оқушы:

-Қырымның қырық батыры

Мұғалім:

-Мұрынның шын аты кім?

Оқушы:

-Тілеген

Мұғалім:

-Қай жерде дүниеге келген ?

Оқушы:

-Бозашы

Мұғалім:

-Қай жылдар аралығында өмір сүрген

Оқушы:

-(1859-1954)

3.) Мұғалім:

-5 Адайдың бес жүйрігін ата?

Оқушы:

1. Абыл Тілеуұлы (1777-1864)

2. Нұрым Шыршығұлұлы (1831-1908)

3. Ақтан Керейұлы (1850-1912)

4.Қашаған Күржаманұлы (1841-1929)

5.Аралбай Оңғарбекұлы (1854-1919)

Мұғалім:

-Адайдың бес жүйрігі кім?

Асыл сөздері ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп,тек

осы өңірге емес,өз заманында исі қазаққа,

қала берді көршілес түркімен,қарақалпақ,

өзбек жеріне белгілі болған.Ерекше талантына,

ақпа-төкпе суырып салмалық қасиеттерінің

басқалардан ілгерілігіне,ой-өрісінің кеңдігіне

қарай оларды ел арасында «Адайдың бес жүйрігі»

деп ерекше атаған.

4.) Мұғалім:

-7 саны не айтады?

Оқушы:

- 7 қайқы

Мұғалім:

-7 Қайқыға кімдерді жатқызамыз?

Оқушы:

1. Медет-Жылгелді Теңізбайұлы (1855-1938)

2. Жаңай-Өскінбай Қалмамбетұлы (1860-1925)

3. Кенже-Әділ Өтеғұлұлы (1869-1931)

4. Жары-Шолтаманұлы Байсарұлы

5. Тастемір Шыршығұлұлы

6. Қаржау-Тұрсын Алдашұлы

7. Мая-Досат Бәймембетұлы

Мұғалім:

-Қайқы дегеніміз?

Түсіндірме сөздік

Қайқы 1. Таудың биік беті,тіктеу өр.

2. Қылыштың бір түрі

Жеті бұлбұл

Жиылып жеті дүлдүл желе кеттік,

Жұп жазбай серілікпен елге жеттік,

Әншінің айдап жүрген еш малы жоқ

Өнер мен мерекені ермек еттік.

Өскенбай

Тарихы

Ертеде Маңғыстау елі өнер адамдарының жарысын ұйымдастырды Сарапшылар белгіленеді,бас сарапшы болып белгілі би әрі болыс Иса Тіленбайұлы сайланады.Жиынға келген өнерпаздар өз өнерлерін көрсетеді.Бірінші орын Медет Жылгелді әншіге беріледі.Осында жеті өнерпазға: «Адайдың жеті қайқысы» деген атақ беріледі.

Күй «Ақжелең»

Ән «Жеті бұлбұл»

5.)Сергіту сәті

Күй: «Маңғыстау»

Тастемір Шыршығұлұлы

6.)Мұғалім:

-1 Саны нені білдіреді? Қазіргі таңдағы көзі тірі ақын,шешен,би,драматург маңғыстау мақтанышын ата.

Оқушы:

-Әбіш кекілбаев

Мұғалім:

- Әбіш кекілбаев қашан дүниеге келді?

- 1939 6 желтоқсанда

Мұғалім:

- Қай ауылда дүниеге келген ?

Оқушы:

- Оңды ауылы

Мұғалім:

-Анасының аты?

Оқушы:

-Айсәуле

Мұғалім:

-Ақынның драмасын ата.

Оқушы:

- Абылайхан

Мұғалім:

-Ақын қай мектепте оқыған?

Оқушы:

- Таушық,Үштаған

7.)«Бес жолды өлең» стратегиясы арқылы Маңғыстауды сипаттау

1. Зат есім

2. Үстеу

3. Етістік

4. 4 сөзден тұратын сезімді білдіретін 1 сөйлем.

5. Сөз тіркесі


1. Маңғыстау

2. Мәңгі

3. Жаса

4. Маңғыстау-киелі абыздар мекені.

5. Пір Бекет Ата

Қорытынды Маңғыстау мақтаныштарын атаң

Тақтада жазулы 7 саны тұрады және суреттер

1.Алла,бірлік

2.Күн,ай Ер,әйел

3.Ақыл,тіл

4.Жер,от,су,жел

5.Талап,еңбек,қанағат,рахым

6.Алаш

7.Ата

Қандай жерде туып,қай елде тұрып,жасап жатқанын әрбір адам білуі шарт.Әрбір қазақ осындай асыл қасиеттерді бойына сіңіре білсе және біздің осы арамыздан да дарынды киелі азаматтар мен азаматшалар шығады деп үмітттенемін,сенемін!!!

Киелі Маңғыстауым - мақтанышым,

Киеңді ардақтаймын айтуға шын,

Осылай Маңғыстауым,киеңді мен айта берсем,

Ән шырқап турғандаймын,биігінде шың,- деп өз өлеңіммен аяқтаймын .

8.)Үйге тапсырма

Шығарма

«Туған жерім Маңғыстау»

9.)Бағалау

5»-қызыл жұлдызша

«4»-жасыл төртбұрыш

«3»- сары үшбұрыш


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 24.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров162
Номер материала ДВ-374048
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх