Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Презентация по начальные классы на тему "Етістік"

Презентация по начальные классы на тему "Етістік"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы , Көлбастау ауылы

13 Аркадий Гайдар атындағы орта мектебінің

3«Ә» сынып жетекшісі: Аюпова Айжан Сейтжанқызы.



Сабақтың тақырыбы: «Етістік».

Сабақтың мақсаты: Етістік туралы ұғым бере отырып,оқушыларға етістіктің сөйлем ішінде қай сөзбен байланысты болып келетіні туралы білімдерін кеңейте түсу.

Міндеттері: Өз ойларын тиянақтауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, қима қағаздар, бейне таспа.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Психологиялық дайындық.

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен,

Жаңа білім алуға,

Алға қадам бастаймыз.

Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасын сұрамас бұрын өткен бойынша еске түсіру.

Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

Зат есім дегеніміз не?

Етістік дегеніміз не?

Етістік сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді?


Үйге берілген жаттығуды оқыту.

5-жаттығу.

Бие құлындайды. Сиыр бұзаулайды. Қой қоздайды. Түйе боталайды. Ешкі лақтайды.

Не істейді? сұрақтарына жауап беретін сөздерді ата?

-Етістік қай сөз табымен байланысып тұр?

Суретпен жұмыс.

Сурет бойынша төлдерін орналастыру.

Жаңа материалмен жұмыс: сызба арқылы оқушылардың білімдерін тереңдету.




Сөз табының атауы



Беретін мағынасы


Қандай сұраққа жауап беретіндігі




Тұлғасына қарай түрлері (негізгі, туынды)


Құрамына қарай түрлері (дара, күрделі)

Іс-әрекеттің жүзеге асу- аспауына қарай түрлері (болымды, болымсыз)


Ендеше балалар «Етістік» туралы білімімізді одан әрі дамытамыз.

Оқулықпен жұмыс.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Әдемі етіп жазайық.


Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.


Сөздік диктант жазу.

Берілген сөздерге жұрнақ жалғап жазу.

Ұш, біл, іл, адал, ұзын, сұлу,орын.

Ұшқыш, білгіш, ілгіш, адалдық, ұзындық, сұлулық, орындық.

Сөз құрамына талдату.

Оқушыларға оқыту.


Еңбек туралы мақал сұрау.

Еңбек – жан рахаты. Ендеше еңбектене отырып, сабаққа бір кісідей қатысамыз.

Жаттығумен жұмыс.

7-жаттығу. Жұмбақпен жұмыс: жұмбақтың шешуін , етістіктерді табу, олардың байланысып тұрған сөзін табу.

Түнде жортады,

Жарықтан қорқады. (Жарқанат)

Түнде не істейді?

Жарықтан не істейді?

Жортады, қорқады – дара етістік.

Бейне таспа арқылы жарқанат туралы әңгімелеу.

8-жаттығу. Етістіктерді қойылған сұрақтарына қарай екі топқа бөліп жазу.

Ішіне сыртына стратегиясы.

Ішіне

не істейді? Сыртына

не істеді?

Ұшады, жазады, сауады, байқайды, тарқатады

Келді, оқыды, көрді, жинады, сүртті.

Сөйлемді оқушыларға құратып, сөйлем мүшесіне талдау.

Мысалы: Құстар ұшады. Оқушы жазады. Асқар ауылдан келді.

Сиырды сауады. Айжан кітап оқыды.

Талантты оқушыларды байқайды. Болат теледидар көрді.

Мұғалім дәптерлерді тарқатады. Жұлдыз үй жинады. Үйдің шаңын сүртті.

Дара етістіктерді күрделі етістікке айналдыру.

Құстар ұшып жүр. Оқушы жазып отыр. Сиырды сауып отыр. Асқар ауылдан келіп отыр.

9-жаттығу.Өлеңді жатқа жазу.

Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін,

Көк майсасын төседі.

Жел еседі. Бұлт көшеді. Етістік зат есіммен байланысып тұр.

Ана тілі сабағымен байланыстыру.

Есентай Ерботиннің «Туған жер» өлеңі екенін айту. Өмір баянына тоқталу.

Есентай Ерботин 1940 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Шығармалары - 1959 жылы республикалық «Балдырған» журналында балаларға арналған алғашқы сықақ өлеңі басылды. «Өрнек», «Өнеге», «Серік пен Берік» «Менің досым», «Балалар бала болғанда», «Далаға саяхат» атты кітаптары жарық көрген.

Сөздік жұмыс. «Төскейден» «Көк майса» сөзіне түсінік беру.

Суретпен жұмыс.

Төскей – таудың қия беткейі, биіктеу баурай деген мағынаны білдіреді.

Көк майса – жайқалып өскен жердің көк шөбі.


10-жаттығу.

Тастан тасқа секіріп, Айбат шегер алыстан,

Жем тереді кекілік. Аң патшасы арыстан.

Ұйқас сөздер: секіріп – кекілік, алыстан – арыстан.

Дүние тану сабағымен байланыстыру.

(бейне таспадан көрсету.)

Кекілік – тауық тәріздес қырғауыл тұқымдасына жататын әдемі құс. Тау – тасты жерлерде мекендейді. Дене тұрқы 30-35 см, салмағы 370-770 грамм. Аяғының бұлшық еті жақсы дамығандықтан, ширақ қозғалады. Тіршілігінің көпшілігін жерде өткізеді. Кекілік өсімдіктермен, тұқымдармен, жәндіктермен қоректенеді. Оның еті дәмді болады. Арнайы рұқсатпен ауланады.

Арыстан – мысық тұқымдасына жататын ең ірі жыртқыш аң. Орталық Африка мен оңтүстік Азияның шөлейт аймақтарында, шөлді жерлерде мекендейді. Арыстанның денесі 2 метрдей, салмағы 250 келіге дейін жетеді. Құйрығының ұзындығының өзі 1 метр. Арыстан 30- 35 жыл өмір сүреді. Арыстанның саны азайғандықтан «Қызыл кітапқа» енгізілген.


Топтық жұмыс.

«Кім жылдам» ойынымен байланыстыру.

1-ші топқа «кекілік» сөзінен әріп алмастыра отырып, бірнеше сөз шығару.

2- ші топқа «арыстан» сөзін 3 жақта тәуелдеп жазғызу.

3-ші топқа «Етістік» сөзінен баспалдақ жасау ойынын ойнату.

Тек етістіктен жасалған сөздер жазғызу.

Математика сабағымен байланыстыру. Етістік сөзі неше әріптен құралып тұр.

-7 әріптен.

-Ендеше 7 саны қандай сан?

-Киелі сан.

7 санына байланысты қандай қазақтың сөздерін білесіңдер?


ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін не үйрендік? Етістік қандай сөздермен байланысады?

Етістік дегеніміз не?

Дара етістік неше сөзден тұрады?

Күрделі етістік неше сөзден тұрады?

Мысалы келтіру.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру:

11-жаттығу, түсіндіру 167-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау.



Автор
Дата добавления 27.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров84
Номер материала ДВ-489136
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх