Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Презентация по начальному класу на тему"Сыпайы және дөрекі бастарту"

Презентация по начальному класу на тему"Сыпайы және дөрекі бастарту"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_66849606.gifhello_html_4efc6d04.gifhello_html_m2f5c38b7.gifhello_html_m3ad00ac9.gifhello_html_m7a3c9a6c.gifhello_html_994443c.gifhello_html_6bbc54a6.gifhello_html_631e10d5.gifhello_html_2483053d.gifhello_html_m2a04a212.gifhello_html_3a520b79.gifhello_html_62553bad.gifhello_html_d8d4b17.gif


Пәні: шешендік өнер сынып: 2 «Е»

Күні: 12.03.2015

Сабақ № 24

Сабақтың тақырыбы:Сыпайы және дөрекі бас тарту.

Сабақтың мақсаты:а)білімділік: оқушыларға тақырып бойынша

түсінік беру.Алдыңғы сабақтардан алған

мәліметтерді тыңдай отырып,жаңа мағлұматтар алуына

жағдай туғызу.Өтініштің үш түрін меңгере отырып,

сыпайы түрде бас тартуға үйрету.

б)дамытушылық: оқушылардың тыңдау қабілетін дамыту

үнемі сыпайы сөйлеуге,өтініш білдірушінің көңілін

қалдырмас үшін, жағымды сөздерді қолдана білуге үйрету

в)тәрбиелік:сыпайылыққа,елжандыққа.Үлкенге құрмет,

кішіге ізет көрсетуге,Бір – бірімізге жылы сөздер айтуға

кішіпейілділік танытуға үйрету.

Сабақтың типі:жаңа сабақты түсіндіру


Сабақтың түрі:аралас сабақ


Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ – жауап,баяндау,топтастыру,әңгімелеу,топпен

Жұмыс,суреттер бойынша әңгіме құрау

Көрнекілігі: тақырыпқа қатысты суреттер,топтастыру,ережелер,

Пән аралық байланыс:қазақ тілі,өзін – өзін тану


Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

2.Үй тапсырмасын сұрау,тексеру (7 минут)

3.Үй тапсырмасын бекіту (5минут)

4.Жаңа сабақ ( 17минут)

5.Жаңа сабақты бекіту (7минут)

6.Үй тапсырмасын беру (3минут)

7.Күтілетін нәтиже (3 минут)



Сабақтың барысы :

1.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару

4.Оқушыларды 4 топқа бөлінеді,топтың атауын

Әр топтың көшбасшысы таңдайды.

1.Адамгершілік

2.Мейірімділік

3.Әдептілік

4.Сыпайылық

2.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру:№4 «Қулық» жатқа айту.өткен сабақты шолу

3.Үй тапсырмасын бекіту:»Күн шуақ»ойыны арқылы үй тапсырмасын бекіту .Шарты:аспанды бұлт жауып тұр,бұлттардың артында өтілген сабақтарға байланысты сұрақтар берілген.Берілген тапсырмаларды орындау арқылы күннің көзін ашамыз









4.Жаңа сабақ: Сыпайы және дөрекі бас тарту

Ал енді жаңа сабаққа көшейік.Сыпайылық дегеніміз не?Дөрекілік дегеніміз ше?




кішіпейіл тәрбиелі




Сыпайылық


мейірімді



ақкөңіл инабатты



тәртіпті







Дөрекілік










4 топтың оқушылары жарыс түрінде топтастыруды толтырады.

Оқулықпен жұмыс.

1 «ТИРДЕ» (мәнерлеп оқу)Өлеңге қатысты суреттер ілінеді.Балаларға киік пен елік туралы сұрақтар қойылады.

2 Мысалдарды оқы.Үзілді – кесілді бас тартқан сөйлемнің астын сыз


C:\Documents and Settings\001\Мои документы\Мои рисунки\img001.jpg


C:\Documents and Settings\001\Мои документы\Мои рисунки\img002.jpg





Сергіту сәті «Ақ бұлақ»Барлық топтың балалары орындарынан тұрып,сергіту қимылдарын қайталайды.

4 мысық, күшік,тауық және тышқан төртеуі сиқыршыға кез болды.Сиқыршыға 4 түрлі өтініш айтты.Аталған кейіпкерлердің суреттері тақтаға ілінеді.Айтылған өтініштердің иесін тауып жарысып көрейік.

Топпен жұмыс

4 топқа 4 түрлі суреттер таратылады.Оқушылар әңгіме құрап,сыпайы және дөрекі бас тартуға мысал келтіреді



5. Жаңа сабақты бекіту: Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақты бекіту.

Сабақ барысында белсенді оқушыларға смайликтер таратып отырамын.Соңында әр топтың жинаған ұпайларын санап,жеңіске жеткен топты анықтаймыз.


6. Үйге тапсырма:.№3 Сыпайы және дөрекі бас тартуға бірнеше мысалдар

Келтіру,ереже жаттау


8. Күтілетін нәтиже: Жаман қасиеттерден аулақ болып,әдепті болуға баулу,әрқашан жылы сөздер айтып,жағымды сөздерді тауып,оны орнымен қолдана білуге үйрету.



Қолданылған әдебиеттер:


1.Шешендік өнердің әліппесі


2.Сөз әдебі


3. «Қазақ тілі мен әдебиеті»журналы


4.Қазақтың шешендік сөздері


C:\Documents and Settings\001\Рабочий стол\20150312_160124.jpg







C:\Documents and Settings\001\Рабочий стол\20150312_161800.jpg


C:\Documents and Settings\001\Рабочий стол\20150312_160136.jpg











C:\Documents and Settings\001\Рабочий стол\20150312_161112.jpg

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Тараз қаласы,№49 мектеп гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Оразбаева Гаухар

Тақырыбы: «Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойла»

( қарым-қатынасты дамытуға арналған тренингтер)

Мақсаты: Оқушыларды бір-бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу біліктілігін дамытуға, өзара жағымды қарым-қатынасын арттыру, оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Жұмыс түрі: Тренинг сабақ.

Барысы: 1 Психологиялық дайындық

2 Амандасу тренингі

3 Есіміңді бейнеле

4 Мимика тренингі

5 Мағынаны табу (Шебер қарым-қатынас мәдениеті төңірегінде

түсініктеме беріледі)

6 Майшам (шырақ)

7 Гүл

8 Қорытынды

1 Психологиялық дайындық

Балалар, ыңғайлы отырып, бір-біріміздің көзімізге қарап, әдемі жымиып, күлейік. Әрқашан сендердің көңілдерің көтеріңкі болсын.

Балалар, сәлемдесу сөздерін естеріңе түсіріп, айтып беріңдерші ( Амансыз ба?, Сәлематсыз ба? Деніңіз саума? Қаліңіз қалай тб)

Дұрыс айтасыңдар, адамдар бір-бірімен кездескенде осы жылы сөздермен амандасып, бір-біріне денсаулық, жақсылық тілеп жатады. Сондықтан адамдар әрқашан да осындай жылы сөздерді естігісі келеді. Бүгінгі сабақтан жақсы әсер алып, үйге көтеріңкі көңіл-күймен қайтуға тілектеспін.

2 Амандасу тренингі

Қарым-қатынас амандасудан басталады. Ойыншылар дөңгеленіп тұрады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі-бейнеленсе, онда бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Қол-бейнеленсе қолымызды қысып амандасамыз. Күн- бейнеленсе жақсы ықыласпен сәлемдесеміз. Жүрек-бейнеленсе құшақтасамыз.

3 «Есіміңді бейнеле»

Шарты: Оқушылар өздерінің есімдерін айта отырып есімінің қандай мағына беретінін кім қойғаны туралы мәлімет бере отырып, алдын-ала үлестірген гүлдердің күлтешелерін тақтаға кезекпен-кезек іледі.

Соңынан психолог балалар мына тақтада әдемі гүл пайда болды. Бізде осы гүл секілді өміріміз жайнай берсін, өміріміздің гүлі болыңыздар дегім келеді.

4 «Мимика» тренингі Көңіл-күйлерің қалай?

1 Көңілді болғанда не істейміз?- Қол шапалақтаймыз.

2 Ренжігенде-бұртияды, қабақ түседі

3 Қорыққанда-көздерін жұмады.

4 Қуанғанда, көңілденгенде- күледі.

5 Таң қалғанда-көздері шарасынан шығады.

Мимика-беттің қимылдары арқылы өз сезіміңізді, ойларыңызды, көңіл-күйіңізді көрсету өнері. Сөзге қарағанда бет әлпет, көзқарас адамдарға көп әсер етеді.

5 Адамның айналадағы адамдармен тілдесуі кезіндегі кішіпейілділік, сыпайылық қарым-қатынас жарастығының басты шарты болып табылады. Осыны білетін, іскерлікке зор мән беріп, оның психологиясын терең зерттеген өркениетті елдерде адам бойында бұл қасиетті қалыптастыруға зор мән береді.

Мәселен, Жапонияда адамдар бір-мәнін керсінше атаумен яғни жағымды мағыналы сөздер арқылы білдіреді екен. Тағы бір мысал: Ертеде өте алыс елде бір қала болыпты. Бұл өте мұңлы еді, өйткені бірімен сөйлескенде «жоқ», «білмеймін» деген сияқты сөздерді қолданбауға тырысады екен. Олардың онда не күн жарқырамаған, не бақшалар гүлдемеген, не гүлдері бүршік атпаған. Кісілердің көңілдері жабыраңқы, қайғылы, ал балалары жылап жүреді екен, өйткені аналары оларды еркелетіп, жылы да мейірімді сөздер айтпаған. Өмірлері қуанышсыз еді. Күндердің бір күнінде бұл қалаға бір ақылды сиқыршы ұшып келеді. Ол өте биязы, сыпайы еді. Ол қаланың көшелерімен өтіп жүріп, барлық кісілерге мынандай сиқырлы сөздер айтады: «рақмет», «өтінемін», «рақым етіңіз» оның сөздерінен адамдар күлімдей бастайды. Адамдар биязы, сыпайы, ізетті бола бастағаннан кейін олар күннің жарық шашқанын, бақшалардың гүлдегенін, гүлдердің бүршік атқанын көрді.

6 « Майшам» (шырақ)

Психолог: Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын. Ал қазір мен майшамды жағаман. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырамыз.

Қоштасуға майшамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек білдіремін.

7 «Гүл»

Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: балалар біз бәріміз енді өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастайды, гүлдер желмен жан жаққа шайқалады( қолдарын жан-жаққа шайқайды) Бір мезгілде аспанға бұлт төніп , жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тонып, бүрсіп жабылады. (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрсіп отырады) Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастайды, сол уақытта гүлдерде құлпырып, жайнап ашыла бастайды. (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады)

Қазіргі уақытта көтеріңкі көңіл-күймен жүрген адамдарды сиректеу кездестіреміз. Олай болса бір-бірімізге күлімсірей қарап, сіздерге гүл

Сыйлаймын!

Қорытынды

Адам денсаулығына жақсы қарым-қатынастың әсері мол. Халықта мынадай даналық сөз бар. «Адамның саған қалай қарағанын қаласаң, басқаларға да солай қара». Сондықтан оқушыларды жарасымды қарым-қатынаста болуға шақырамын.

Мейірімділіктің жолы- жарық күн.

Атырау қаласының мектептен тыс жұмыс орталығы педагог психолог Нұрбекова Салтанат Темірғалықызы

Мейірімділіктің жолы- жарық күн.

Мақсаты: адамның бойындағы –ұнамды ұнамсыз қасиеттерді айта отырып оқушыларды адамгершілік, кішіпейілділік тазалық, достық жақсылық, ар-ұят, инабаттылық, елін, жерін сүю әдептілік, мейірімділік сияқты адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелеу.

Әдіс тісілі: сыни тұрғыдан ойлау, топтастыру жұмысы,ой бөлісу.

Түрі: тәрбие сағаты

көрнекілік: кітаптар көрмесі, суреттер, слайдтар.

Барысы.

Ұйымдастыру

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылардың көңіл күйлеріне назар аудару.

Кіріспе

Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білуі крек.

Жүргізуші: Қымбатты оқушылар бас назарымызды тақтаға аударайық, адамгершілік, мейірімділік сөзіне ой жүгіртейік. Мейірімділік деген не? Мейірімділік туралы біздің көз қарасымыз қандай?

Мейірімділік қандай қасиеттерден тұрады. Алдымыздағы параққа өз ойымызбен мейірімділік ұғымына жатататын қасиеттерді толтырайық:

Міне, оқушылар, бүгінгі сабақтың тақырыбын аштық

Сонымен сабақтың тақырыбы: Мейірімділіктің жолы- жарық күн.

«Мейірімділік»- адамдар бір –біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлауы, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алуы.

Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын , парасаттылығын көрсетеді. Бүгін біз сабақта жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді.

Мейірімділікті адамның көзінен көруге көруге, іс қимылынан табуға болады. Мейірімді адамды бәрі жақсы көреді.

 Олай болса мына сұрақтар бойынша ойымызды ортаға салайық.

1. Сенің ойыңша мейірімді адам қандай болуы керек?

2. Өздерің қандай мейірімді іс жасадыңдар?

3. Шаттық шеңбері

Балалар, барлығымыз « шаттық шеңберіне» тұрайық

Бір бірімізге мақтау айтып, жақсы тілек жолдаймыз.

Ойын «Күннің мейірімді шуағы»

Қазір, оқушылар, бәріміз көзімізді жұмып әдемі әуеннің ырғағымен ішімізден ата-аналарымызға, достарымызға, жанымызға жақын адамдарға жақсы тілек тілейік. Бірақ не тіледік, кімге тіледік ол жөнінде ешкімге айтпайсыңдар.

Қазір мына жүекті бір бірімізге ұсына отырып мақтау айтып , жақсы тілек жолдаймыз.Мәселен, мен «Гүлнұр, саған өмірдегі бар жақсылықты тілеймін, жүзіңнен күлкі жүрегіңнен мейірім нұры кетпесін» деймін.Келесі оқушы әрі қарай өз ойымен сабақтайды.

Балалар, тақтадағы қанатты сөздерге назар аударып мәнін ашайық.

Қанатты сөздер

Айналаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді.

.

«Адал жанды өнеге тұт өзіңе».

Жүсіп Баласағұни.

Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс,

Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.

Ғабиден Мұстафин.

Бала болсаң болғандай бол,

Ағайынға қорғандай бол.

Нұржан шешен.

Үлкенді ізетте,

Кішіні құрметте.

Бауыржан Момышұлы.

Мейірімділіктің жолы- жарық күн.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы.

Алтын ақыл

Уйде,мектепте, «Сәлем» , «Сәлеметсіз бе» , «Қайырлы түн» деген сияқты ізгі сөздерді ұмытпа.

Жасы кішілер үлкендерге сәлем беріп, ал үлкендер кішілерге қамқор болуы тиіс.

Мұны есте сақта

Әр күніңді жақсы ойлар ойлаумен бастап, бос өткізбе.

Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлай жүр.

Тыныштық сақтай білуге, нәзік үнмен биязы, мәдениетті сөйлеуге үйрен.

Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуанттым, жұбатқаныңды, қайырым жасағаныңды есіңе түсір.

Ата-анаңның мейірім шуағын сезініп қадірлей біл.

«Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі,

Жамандыққа жақсылық-ер кісінің ісі» деген мақалды түсініп жадыңда ұста.

Қорытынды

Мейірімді , қайырымды сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақниетпен мейірімділік жасау адамның ішкі дүниесін байлығын, жан сұлулығын көрсетеді. Адамға жағымды нәрселердің бәрі мейірімділік арқылы жүзеге асады. Мейірімділік адамның ізгілігін анықтайды. Әрқашан жүрегіміз мейірңмділікке толы болсын!

Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер

Ныязбекова К.С., п.ғ.к.,Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалықуниверситетінің доценті

Аңдатпа: Бұл ғылыми мақалада бүгінгі заман жастарын тілдік қоры бай, қазақ тілінде сөйлеу мәдениетіне үйрету, парасат пайымы, сөйлеу, тілдік амалдар, тіл мәдениеті, ойдың және сөйлеудің дамуы, сөйлеу мәдениетіндегі шешендік өнер, қаратпа сөз хақында, тіл туралы халық даналығы, сөз мәдениетінің орны, мәдениет мәйегі туралы баяндалады.

Тірек сөздер: сөз мәдениеті, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру,тілдік амалдар, тіл мәдениеті, пікірлесудегі мәдениет тірегі

.

Шешендік дегеніміз не? Ойшылдарға сүйене айтсақ, шешендік – кісі көркі, ақылмен билеу өнері. Дидарласушымыздың жүрегі мен ақыл-ойын баурап алуға, оны не нәрсеге болса да сендіруге, иландыруға септесетін бізге берілген сый. Кез келген нақтылы зат туралы шебер сөйлеу өнері және сонысымен өзгелерді өз ойына ойыстыра білу. Біліктілік пен білімнен, қуатты түйсік пен терең сезімнен, санадағы саңлақтық пен ұшқыр қиялдан, тер төгу мен ой тербелісінен туындай келе, білгірліктен кейін тұрады. Сөз бен ойға негізделеді. Биік дүниетаныммен, ғылым-білімді терең меңгерумен, халықтың тұрмыс-тіршілігін, жөн-жосықтарын жүйрік танумен, жалпы айтқанда, адамзаттың рухани мәдениетінен мол хабардар болуымен, ой өрісінің кеңдігімен тамырлас. Демек, жас тұлғаға қажетті шешендік дегеніміз – тыңдаушылардың жан-сезім әлемін сөзінің әдемілігімен, образдардың жарқындылығымен, нақыл, ғибрат сөздердің ұшқырлығымен толқытатын, баурайтын өнер, өзгеше қабілет-қарым, тума қасиет, сондай-ақ өскен ортаның, үлгілі жандардың, ұлағатты туындылардың тағылым-тәрбиесі, өз дүниетанымының нәтижесі.

Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп еңбектену, оқып, үйренуді талап етеді. Шешен адамдарда негізінен, сөз көркемдігі ой тасқынынан табиғи түрде туындап жатады. Көркемдік талғам мен шешендік тәсілдерді дұрыс пайдалана білген адам ғана эстетикалық әсер ету күшіне ие бола алады. Сонда шешендік өнерге көп сөйлеп, оны сынатып үйренуге болады ма, әлде оған жазып дайындалған дұрыс па? бұл орайда әйгілі шешен, данагөй Цицерон былай дейді: «Қалам – көркем сөздің ең жақсы жаттықтырушысы. Басқалардан үйренуде ең өнеге тұтарлығына теңесуге ұмтылу керек. Өзің үлгі еткен шешеннің жақсысының бәрін алуға тырыс. Оңайын, көзге түсіп тұрғанын ғана емес, ең маңыздысы – шынайы шеберлігіне жету. Ол еліктеу болып кетпеуі керек. Мықтыға қанша ұқсап тұрсаң да, көшірме түпнұсқадан ылғи да көш төмен болады. Халық алдында сөйлеу үшін сөзіңнің өзіндік «бейнесі», өз мәнері болғаны абзал.

... Егер өнердің басқа саласындағы аты мәлім шебер бір ісін кездейсоқ дағдыдағысынан нашар орындап қалған болса, оны ол өзі әдейі жасады ма, не денсаулығына байланысты сөйтіп қалды, дей салады... Ал, егер шешеннен сондай бір осалдық тапсыншы, оны тек ақымақтық деп санайды, ал ақымаққа кешірім болмайды. Өйткені адам көңіл-күйге немесе іші ауырғанға байланысты ақымақ болмайды».

Қазіргі таңда ең басты мәселелердің бірегейі – қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру, барлық қаракөз бауырларымыздың өз ана тілінде сөйлеуіне қол жеткізу. Тек тіл үйренуде ұмыт болып бара жатқан шаруа бала бақша, үй, мектеп, жоғары оқу орындарында ұл-қыздарымызды тілдік қоры бай қазақ тілінде сөйлеу мәдениетіне үйрету. Содан, үйде де, көшеде де, қоғамдық орындарда да бірқатар жастарымыздың бір-бірімен қарым-қатынас жасағанында, әңгімелескенінде қалай болса солай сөйлейтіні, қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінбейтіні байқалады. Олай болса, шешендік өнер, сөйлеу мәдениеті, ауызша, жазбаша сөйлеу – әдептіліктің биік шыңы. Өмір, тіршілік адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын қажет етеді. Олардың түсінісудегі негізгі құралы – тіл. Әр адам дұрыс сөйлей білуі, сөйлесу мәдениетін меңгеріп, оны өз бойында қалыптастыра білуі тиіс. Қарым-қатынас адамдардың отбасымен, өскен, араласқан ортасымен, елімен, жерімен, дәстүрі, мәдениет қазынасымен етене әрі жанды байланысы. Қарым-қатынаста адамдардың жан дүниесі, өмір тіршілігіндегі бейнесі көрінеді. Әдеп – сөйлесудегі, пікірлесудегі мәдениет тірегі. Мәдениет – адамдардың рухани және материалдық, білімдарлық пен сезімталдық қасиеттер аңғарылатын белгілерінің жиынтығы. Мәдениеттің туы – тіл, ол адамзаттың мұратымен астасып, сол ұлтпен бірге пайда болып, дамып отырады. Өз тарихын, ұлттық дәстүрін, туған жерін, тілін қадірлей білген адам ғана мәдениетті болады. Сөз мәдениеті – сөзді орынды қолданып, қиюластырып, үндестіріп айта білу, емле мен тыныс белгілері ережелерін дұрыс сақтау, тілдің ғасырлар бойы сақталып келген көркемдігі мен тарихын, әсемдігін сақтай білу.Сөйлеу, тілдік амалдар, тіл мәдениеті туралы сөз етсек,адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруін – сөйлеу деп атайды. Сөйлеуге адамның анатомиялық мүшелері қатысады, алайда ол адамның психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне тығыз байланысты. Сөйлеу үшін жасалған тілдік амалдар ұзақ уақыт бойы адамдардың пікір алысу тәжірибесі негізінде қалыптасты. Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау ережелері. Олар – көпшілікке ортақ, объективті категориялар. Соның нәтижесінде тіл – жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы. Сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайына сәйкес ыңғайланған стилі болады. Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің тілдің басқа салаларынан айырмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен жақсы қарым-қатынаста болуы. Тіл мәдениеті қамтитын тілдік норманың 3 түрі:

1. Тілдік норма (лексика, сөз жасамдық, грамматика, дыбысталу нормасы).

2. Этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері).

3. Коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).

Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық нормаға негізделген. Күнделікті қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетініңнегізгі қағидалары – сөйлеу әдебі, тыңдай білу әдебі, мәдениет мәйегі ескерілуі тиіс.

Сөйлеу әдебі.

Сөйлегенде мынадай нәрселер ескерілуі тиіс:

1. Орфоэпия заңдылықтарын сақтап, сөзді орынды қолдану.

2. Қолды сермеуге, қатты күлуге, мәнсіз майысуға, аса қатты сөйлеуге немесе міңгірлеуге болмайды.

3. Өзің туралы айта беру, барлық сөзді өзіңнен бастау – әдепсіздік, білмейтін нәрсе туралы айтудың қажеті жоқ.

4. Қатты сөйлеп тұрған адамға қатты жауап берудің қажеті жоқ, байыппен сөйлеу керек.

Тыңдай білу әдебі.

Тыңдай білуде мыналарды басты назарда ұстау керек:

Кісімен сөйлескенде оның жүзіне сыпайылықпен назар сап, айтайын деген ойын сабырмен тыңдап, асықпай, сөзінің аяғын күткен дұрыс. Сөйлесіп тұрғанда мән бермеу, теріс айналу, сағатқа қарау, шыдамсыздану әдепсіздікке жатады. Өзгелердің сөзіне рұқсатсыз араласпау керек. Қажет болғанда, “ғапу етіңіз, сөзіңізді бөлемін” деп барып, айту керек. Келіспейтін жағдайда шыдамдылықпен тыңдап, пікіріңді орнықты, дәлелмен сабырлы жеткізе білу керек. Тыңдау екі түрлі болады:

1. Үндемей, сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдау.

2. Сөзге араласып, өзара ой алмасып отырып тыңдау. Сөйлеуші адамның мінез- құлқы, жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы ескерілуі тиіс.Мәдениет мәйегі. Адамның жан дүниесін тануға деген құлшыныс, ой-сезіміне деген құлықтылық, жүрек түкпіріндегі мұң-сырына ортақтасауға деген бейімділік, қарттықты құрметтейтін, жастықты үкілейтін, қайрымдылықты қастерлейтін игі дәстүр, балаға мейірім, атаға қамқорлық, ағаға ізет, ініге ілтипатты кие тұту – рухани өміршеңдік, әдептіліктің, мәдениеттің басты көрінісі. Жан баласын жатсынбайтын, өзгелерге түсініспен қарайтын, болмысынан турашыл, адал, жомарт, батыр, қайсар, өжет, өр қасиеті – қазақ мәдениетінің мәйегі. Тіл табыса білу – өнер. Ауызекі сөйлеу және тыңдау мәдениеті. Сөз мәдениеті ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып бөлінеді.

Ойдың және сөйлеудің дамуы. Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Егерде ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам көп мәдениетті болу үшін үнемі сөйлеу мәдениетін жетілдіріп отырауы керек. Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынандай екі түрі бар:

1.Диалогтық сөйлеу.

2. Монологтық сөйлеу.

Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.

Монологтық сөйлеу – бір адамның сөйлеуі, әңгіме, баяндама, лекция және басқа да түрлері кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы – көп халық. Осылайша сыртқы сөйлесу: ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып бөлінеді.Адамның айтқан қандай сөзі де белгілі бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің, жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Мұнан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп, іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің бұл сипаты – оның мәнерлілігі.

Өзара тілдескенде, лекция, баяндама жасағанда мәнерсіз сөйлеу – ол қаншама мазмұнды ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық реңкі интонациямен, мимикамен, ишаралармен білдіріледі. Жазбаша сөйлеуде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға жазушы адам өз сөздерін барынша қиыстырып, оларды өз орнына тауып қойып, ойын мәнерлі түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу – өз ойыңды кемстіріп тұрып айтып бере білу, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай, нәзік сырларын сол қалпында жеткізіп, тыңдаушының етжүрегін елжірете білу.

Дұрыс сөйлей білген адам өз ойын, айтқанын тыңдаушыға толық түсіндіре біледі. Адамдар оны ауызша диалогтық, ауызша монологтық және жазбаша сөйлеуде әртүрлі жолдармен жүзеге асыра алады. Бұл сөйлеу түрлерінің арасында психологиялық айырмалар да баршылық.Әлеуметтік тұрмыстық қарым-қатынастағы сөз әдебінде әр түрліжағдаяттық тақырыптарға әнгімелескенде «сіз» және «сен» концептілерінде қаратпа, қыстырма сөздерде сөйлеу этикеті мен ерекшеліктерін айқын аңғаруға болады. Ағылшын тілінде қазір «сен» деп сөйлесу іс жүзінде жоқ. Оларда мұндай есімдіктің өзі де ұмытылған. Ол ХVІ ғасырдың өзінде қолданыстан қала бастап, ХVІІІ ғасырдың басында оны сыпайы «сіз» деген есімдік алмастырған-ды. Тіл мамандарының түсіндіруінше, көне замандағы «сен» сөзі тек шіркеу тілінде, көтеріңкі, лепті поэзияда ғана сақталған көрінеді. Сол себепті, оны «Уа, сен!» деп аударған дұрыс дейді. Кейінгі кезде орыс тіліндегі «товарищ» деген қаратпа сөз де ерсі естіліп, қоғамдық орындарда «мужчина», «женщина» деген қаратпа сөздер күштеп орныға бастады. Алайда оны қазақ тіліне аударып: «Еркек!», «Әйел!» деп айқайлар болсақ, ол өте ұятты. Сол себепті сөз мәдениетін түсінетін біздің бауырларымыз қоғамдық орындарда: «Апай», «Ағай», «Қарындас», «Інім» деген қаратпа сөздерді қолданып, ол транспортта, сауда орындарында, театрда өзара қарым-қатынас тіліне сіңісіп кетті. Шіркін, сөз қадірін түсініп, сөйлеу мәдениетін сақтай білсе, біздің қазақ тілінің мазмұны өте бай, сөздері өте сұлу, мейірім, имандылыққа толы ғой. Мысалы, ірі жазушылардың көбісі ауызша сөйлеуге шебер болмаса, керісінше, бірқатар шешен адамдар өз ойын жазып жеткізуге шорқақ. Психолог-ғалым Б.М.Теплов өзінің «Психология» кітабында (Алматы, Қазмемоқупедбас, 1953 жыл) диалогтық, жазбаша сөйлеу туралы былай дейді: «Диалогтық сөйлеуді кейде қосталған сөйлеу деп атайды. Мұның мәнісі: әңгімеге қатынасқан адам сөйлеушіге сұрақ қою, жауап қайтару, қарсы пікір айту арқылы қостап отырады, егер бұл текті қостау тоқталса, сөйлеу мен монологқа айналады, немесе адам сөйлеуді тоқтатады... Жазбаша сөйлеуді қосталмаған сөйлеу деп атауға болады. Қосталған сөз қосталмаған сөйлеуден жеңіл болады. Оңай болатын себебі – сөйлеушілер бір жай-күйді әңгімелеп отырғандықтан, қабылдап отырғаны бір нәрсе болғандықтан, бірін-бірі оңай ұғынысады; кейде сөзді айтып аяқтап болмай-ақ, не екенін түсіне қояды... Мұндай сөйлеу көп жағдайда ым-ишарамен толықтырылады. Диалог сөздің құрылысына және өрістетіп айтылу жақтарына онша көп талап қойылмайды. Ал жазба сөйлеу басқаша құрылады; онда барлығы ақырына дейін толық баяндалуы керек. Жазба сөйлеу барынша кең және байланысты түрде құрылуы қажет».

Тіл туралы халық даналығы :

Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.

Бір жылы сөз бітірер, мың көңілдің жарасын.

Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді.

Сәлемі жараспағанның, сөзі де жараспайды.

Сөйлей білмеген кісіден үре білген ит артық.

Сөйлей білмес жаманның – cөзі өтпес бір пышақ.

Сөз білетін адамның –әр сөзіне бір тұсақ.

Жоғарыдағы ұлылардан қалған, кейінгі ұрпағына қалдырған ізгі мұраттарымен, данышпандық, шешендік ойларынан, тілдік ұстанымдарынан, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылардың айтқан тіл даналығы туралы, парасат пайымдарынан ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті екенін, қастерлі тіл мәдениеті-сөз мәдениеті екенін ұғынамыз.

Қорыта айтқанда, қазақтың ұлы ханы, өз заманының данышпан дипломаты Абылай ханның қазақ мәмілегер-дипломаттарын қалмақ еліне аттандырар кезде сөйлеген сөзі: “Үлкендеріңді кішілерің сыйлаңдар, көп арасында мына Қазыбек сияқты кішінің де сөзін тыңдандар. Өздеріңді жат елдің алдында жақсы елдің баласындай ұстаңдар. Мұндайда қол бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат, бәрінен де ел тағдырын шешетін шешен болу қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласып кетсек, сендердің олақтықтарыңнан болғаны. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңдар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек”, – дегендей, шешендік өнер-тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы. Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайтындығы сөзсіз. Олай болса, ұлы Абай: Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас, – деп таңырқап, тағзым еткен тіл – мемлекеттік тіл, ана тіліміз, қазақ тілінің қадірін ұғынып, мәртебесін көтеріп, қастерлей білейік!


Автор
Дата добавления 14.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров841
Номер материала 281600
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх