Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Презентация по природоведению на тему "Қазақстан мәдениеті"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Презентация по природоведению на тему "Қазақстан мәдениеті"

библиотека
материалов

Дүниетану 15.04.2015 ж., 2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан мәдениеті- мәтін мазмұнын түсініп, дұрыс оқу, мазмұнын ашу. Әлемге танымал болған тұлғалардың өмірбаяны және еңбектерімен танысу, өнер түрлерін ажырату.

Дамытушылық: танымдық қызығушылық, ойлау, бақылай білу, талдау-жинақтау, қорытынды жасай білу дағдыларына үйрету.

Тәрбиелік: ұжымдық, шығармашылық, еңбекқорлық қасиеттерін арттыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, әңгімелеу, талдау-жинақтау, пікірталас.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: ребус, өнер тұлғаларының портреттері, өмірбаяндары, шығармалары, домбыра, үнтаспа.

Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері,музыка

С а б а қ т ы ң ж о с п а р ы:

I. Ұйымдастыру

а) Психологиялық дайындық

II. Жаңа сабақ «Бірге ойланайық» 2 мин (Ребус шешу- тақырыпты ашамыз, оқушыларға мақсат, міндетімізді айту, топ басшыларын анықтау, дәптермен жұмыс)

III. Кіріспе бөлім –«Еске түсірейік» топқа сұрақтар 3 мин

Оқулықпен жұмыс- мәтінді әр топқа кезектесіп дауыстап, дұрыс, түсініп оқу. 8 мин

IV. Негізгі бөлім (төрт тұлғаның өмірбаяны, шығармаларымен таныстыру, талантты оқушымен таныс бол) 5 мин

ә) Сергіту сәті: Әуенді тап! 5 мин

«Өзіңді көрсет»

V. Шығармашылық, топтық жұмыс. 5 мин

«Өз мүмкіндігіңді жіберме» Топтық жұмысты қорғайық. 5мин

VI.Бекіту (деңгейлік тапсырмалар) 5 мин

VII.Қорытынды. Кері байланыс (Не білдім?, не үйрендім?, неге таң қалдым?) 3 мин

VIII. Үйге тапсырма -97-бет зерттеу жұмысына мәліметтер әкелу, күнделікке жаздыру.1 мин

IX. Бағалау(жетондар бойынша әр топтың ең көп жинаған оқушысын анықтап, журналға, күнделіктеріне бағалау) 5 мин

С а б а қ т ы ң б а р ы с ы:

I. Ұйымдастыру

а) Топтық дайындық (сынып оқушылары 4 топта отырады, баяу музыка үнін тыңдау)

II. Жаңа сабақ «Бірге ойланайық» 2 мин

-Оқушылар ребус шешіп тақырыпты ашайық.

Дәптермен жұмыс –тақырыпты жаздыру. Қазақстан мәдениеті

-Оқушылар, бүгінгі жаңа сабағымызда осы тақырып мазмұнымен танысып, мәтінді дұрыс, түсініп оқу және мәтіндегі өнер тұлғаларының өмірімен, шығармаларымен танысу мақсаты тұр. Топтық жұмыстағы міндетіміз, топ басшылары әр оқушының жұмысын дұрыс қадағалап, бағалауды жетондарымен белгілеп отыру).

III. Кіріспе бөлім –«Еске түсірейік» топқа сұрақтар 3 мин

а) Мәдениет- дегенімізді қалай түсінесің? Мәдениет неден басталады?

ә) Қандай өнердің түрлерін білесің?

б) Өнерді үйрен, үйрен де жирен- қалай түсінесің?

в) Әсемпаз болма әр неге,

Өнерпаз болсаң арқалан –қалай түсінесің?

г) Өнерлі өрге жүзер. Өнерлі қол-бақытқа жол-қалай түсінеміз?

Оқулықпен жұмыс- мәтінді әр топқа кезектесіп дауыстап, дұрыс, түсініп оқу. 8 мин

-Оқушылар, мәтін мазмұнымен танысып, кезектесіп дауыстап, дұрыс, түсініп оқиық.

IV. Негізгі бөлім (төрт тұлғаның өмірбаяны, шығармаларымен танысу, дәптерге қысқаша өмірін жазу, талантты оқушымен таныс бол). 5мин

а)

-Ал енді, балалар 4 топқа осы төрт тұлғаның өмірбаяны, шығармаларымен танысып, дәптерімізге жазып алайық.

Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы Байсейітова 1912 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында Тоқырау өзені жағасындағы шағын ауылда дүниеге келген (ресми деректер бойынша Верный қ. (қазіргі  Алматы).

Қастеев Әбілхан (1904-1973) – қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып өскен жері Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі.

Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик.

Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген.

Дінішев Әлібек Мұсаұлы-әнші,Қазақстан және КСРО халық әртісі. Ол 1951 жылдың 30 шілдесінде Алматыда туған.


ә) Сергіту сәті: Әуенді тап! 5 мин

«Өзіңді көрсет» Таныс болайық-талантты оқушы Ануарбеков Ерасыл.

-Ерасыл бізге күй тартып бергісі келіп отыр, тыңдайық.

Құрманғазының күйі «Адай»


V. Шығармашылық, топтық жұмыс. «Өз мүмкіндігіңді жіберме» Постер

-Алдарындағы плакат қағаздарыңа әр топ берілген тақырып бойынша қорғауға дайындық- 5 мин

1-топ «Бұрынғы заман өнер қайраткерлері мен жұлдыздары»

2-топ «Қазіргі заман өнер қайраткерлері мен жұлдыздары »

3-топ «Назардан тыс қалып бара жатқан мәдени мұралар»

4-топ «Қол өнер шеберлері »

- «Өз мүмкіндігіңді жіберме» Топтық жұмысты қорғайық. 5мин

VI.Бекіту (деңгейлік тапсырмалар үлестіру, белгілеп топ басшысына беру, тексеру, жетондармен бағалау) 5 мин

1-деңгей

2-деңгей

3-деңгей

VII.Қорытынды. Кері байланыс (Не білдім?, не үйрендім?, неге таң қалдым?) 3 мин

VIII. Үйге тапсырма 97-бет зерттеу жұмысына мәліметтер әкелді күнделікке жаздыру.1 мин

IX. Бағалау (жетондар бойынша әр топтың ең көп жинаған оқушысын анықтап, журналға, күнделіктеріне бағалау) 5 мин
















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 05.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров185
Номер материала ДВ-309367
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх