Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыПрезентация по психологии "Аутодетруктивті мінез-құлықтың алдын алу"

Презентация по психологии "Аутодетруктивті мінез-құлықтың алдын алу"

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ қалалық семинар 10 мектеп.pptx

Скачать материал "Презентация по психологии "Аутодетруктивті мінез-құлықтың алдын алу""

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Жауаптылар:«Озерки жалпы орта білім беретін мектеп» КММ  педагог-психологы...

    1 слайд

    Жауаптылар:
    «Озерки жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
    педагог-психологы Бабаканова С.В.
    №37 гимназия педагог-псиологы:
    Дюсембекова Г.
    «Шығыс Қазақстан облысы Семей каласының білім бөлімі» ММ
    Аутодеструктивті
    мінез-құлықтың алдын алу бойынша педагог-психологтың кәсіби біліктілігі
    Қалалық семинар -тренинг

  • Әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдері

    2 слайд

    Әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдері

  • Семинардың теориялық бағытыОқушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, аутод...

    3 слайд

    Семинардың теориялық бағыты
    Оқушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, аутодеструктивті мінез - құлықты алдын алудың бір түрі
    «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» жұмыс түрлері.


  • Оқушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, аутодеструктивті мінез - құлықты...

    4 слайд

    Оқушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, аутодеструктивті мінез - құлықты алдын алудың бір түрі

    «... қара түнек пен буырқанған боранға,
    тағдырдың кездейсоқ тәлкегіне
    қарсы тұру үшін,
    жер анадай сабырлы болайық!»
     

  • «Тәрбиеде қиындық» көрсететін оқушыға арналған психолого-педагогикалық карта

    5 слайд

    «Тәрбиеде қиындық» көрсететін оқушыға арналған психолого-педагогикалық карта

  • «Тәрбиеде қиындық» көрсететін оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары

    6 слайд

    «Тәрбиеде қиындық» көрсететін оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары

  • «Тәрбиеде қиындық» көрсететін оқушылармен жүргізілетін түзету-дамыту жұмыс жо...

    7 слайд

    «Тәрбиеде қиындық» көрсететін оқушылармен жүргізілетін түзету-дамыту жұмыс жоспары

  • Ата-аналарымен жүргізілетін тренинг жұмысының бағдарламасы 
Мақсаты: аутодест...

    8 слайд

    Ата-аналарымен жүргізілетін тренинг жұмысының бағдарламасы

    Мақсаты: аутодеструктивті мінез-құлықты оқушыларының ата-аналарын бала тәрбиесіне зор көңіл бөліп, нәтиже шығаруға ықпал жасау
    Міндеттері:
    Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту;
    Ата-аналардың тұлға аралық қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
    Ата-ана мен бала арасында достық қарым-қатынас орнату;
    Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін анықтау.
     Өткізілу уақыты мен ұзақтығы: айына бір рет бір сағаттан
    1-ші кездесу. «Танысу» тренингі
    2-ші кездесу. «Ата-ана - алғашқы ұстаз» тренингі
    3-ші кездесу. «Мен сені түсінуге тырысамын ..» тренингі
    4-ші кездесу. «Ата-ана» тренингі
    5-ші кездесу. «Мен және менің балам» тренингі
    6-шы кездесу. «Үлгілі ата-ана» тренингі
    7-ші кездесу. «Ата-ана бұл үлкен жауапкершілік» тренингі
     
     

  • Ата-аналарға  арналған ұсыныстар!Баланың мектепте табысқа жетуінің...

    9 слайд

    Ата-аналарға арналған ұсыныстар!

    Баланың мектепте табысқа жетуінің бірінші шарты-қандай да табысын қабылдау.
    Ата –ананың баласы оқитын мектепке, сыныпқа үнемі қызығушылығын танытуы, әрбір өткен күніне назар аударуы. Әрбір өткен күніне шынайы көнілмен қорытынды жасау, бақылаушы ретінде емес тілекші ретінде.
    Міндетті түрде баланыздың бірге оқитын сыныптастарымен таныс болу, сабақтан тыс уақытта балардың бір-бірлерімен араласуына жағдай жасау.
    Баланы күш көрсету арқылы бағындыруға ұмтылмау, ұру, ұрсу, дауыс көтеру арқылы тәрбиелемеу. Өзге біреудің көзінше баланы сөгіп, сын айтпау қажет.
    Баланың мінез-құлқының өзгерістеріне назар аудара отырып түсіністік танытып шыдамдылы болу.
    Тұйық, ешкіммен араласпайтын балалар сыныпқа тез үйрене алмайды, сыныпқа деген қызығушылығын тез жоғалтып алады, әсіресе сыныптастары, үлкендер тарапынан қаталдық т.б. жағымсыз әрекеттерге ұшырамауынан баланы міндетті түрде сақтандыру қажет.
    Әсіресе тұйық балалардың ашылуына жағдай жасап, өздеріне деген сенімділіктерін ояту.

  • Психотерапевтикалық ертегі«Қисайып кеткен ағаш»              Мақсаты: 
   оқ...

    10 слайд

    Психотерапевтикалық ертегі
    «Қисайып кеткен ағаш»
    Мақсаты:
    оқушылардың суицидтік мінез-құлық алдын алу.
    Міндеті:
    Қиын жағдайларда оқушылардың мінез-құлқын ескеру, сындарлы жағдайларда өзін өзі ұстау тәсілдерін үйрету.

  • 11 слайд

  • «Болашаққа бастар жол»Коллаж жасау Мақсаты: 
оқушылардың алға қойған мақсатт...

    12 слайд

    «Болашаққа бастар жол»
    Коллаж жасау
    Мақсаты:
    оқушылардың алға қойған мақсаттарына қол жеткізуіне ықпал ету;
    Топтағы жағымды қарым-қатынасты орнату;
    Эмоционалдық көңіл-күйлерін көтеру;

  • Рефлексия «Көңілді кірпі»

(Семинардан алған әсермен бөлісу)

    13 слайд

    Рефлексия
    «Көңілді кірпі»

    (Семинардан алған әсермен бөлісу)

  • Назарларыңызға рахмет!

    14 слайд

    Назарларыңызға рахмет!

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ аутодеструктивті мінезi.docx

«Шығыс Қазақстан облысы Семей каласының білім бөлімі» ММ

 

Семинар -тренинг

Тақырыбы:  Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша

 педагог-психологтың кәсіби біліктілігі

Жауаптылар:
«Озерки жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
  педагог-психологы Бабаканова С.В.
№37 гимназия педагог-псиологы:
Дюсембекова Г.

Семинардың жоспары:

1.     Тренинг «Әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдері» Дюсембекова Г.

Теориялық  бөлім

2.     Баяндама «Оқушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, аутодеструктивті мінез - құлықтың алдын алудың бір түрі» Бабаканова С.В.

3.      «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» жұмыс түрлері. Дюсембекова Г.таныстырады

Практикалық бөлім.

4.     Психотерапевтикалық ертегі «Қисайып кеткен ағаш»Бабаканова С.В.

5.     «БОЛАШАҚҚА  БАСТАР  ЖОЛ» коллаж жасау Дюсембекова Г.

6.     Рефлексия «Көңілді кірпі»

7.     Еркін  микрофон

«... қара түнек пен буырқанған боранға,

 тағдырдың кездейсоқ тәлкегіне

қарсы тұру үшін,

 жер анадай сабырлы болайық!»

 

Семинардың барысы:

1.     Тренинг «Әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдері»

Әлемнің әр елдерінің амандасу рәсімімен таныстырып және солай амандасу: Жапония, Монголия, Тайланд, АҚШ, Франция, Малазия, Қазақстан елдерінің сәлемдесу рәсімі өткізіледі.

Сәлемдесуден соң хал-ахуал сұрасуда

—  Орыстар: «Денсаулығыңыз қалай?» дейтін болса,

—  Ертедегі мысырлықтар: «қалай, сіз  терлейсіз бе?» дейтін болған.

—  Гректер: «қуаныңыз» сөзін айтса,

—  Қытайлықтар: «бүгін тамақтандыңыз ба? Қарныңыз тоқ па?»- деп сұрайды екен.

Сәлемдесу – ынтымақ, бірлікке шақырады. Адамдықтың белгісі сәлемдесу екенін ұмытпайық. Сәлеміміз түзу болсын! Сәлемдесер адамымыз көп болсын!

2.Оқушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, аутодеструктивті мінез - құлықты алдын алудың бір түрі

      Бала тәрбиесі баршамызға ортақ екенін бәріміз жақсы білеміз.

Аутодеструктивті мінез- құлықты - ішкі эмоционалды қуатын шығару негізінде, адамның әдейі өз-өзіне қол жұмсау себебіне соңы өлімге әкеліп соғатын жағдай деп қарастырамыз. Психологиялық сөздікте суицид-ауру, рухани азап және психологиялық дағдарыс, ішкі күшті жанжал ретінде түсіндірілді. Бұл тақырып аясында әлі күнге дейін сыры сыр сандықта бұққан жұмбақ жайттар көп.

Өткен ХХ ғасырдың басында австриялық психолог Зигмунд Фрейд алғаш рет адамның өзіне-өзі қол жұмсау психологиялық таным тeориясын жасаған екен. Ол бұл жағдай адамның өз-өзіне ызақорлық, агрессиядан болатынын мәлімдеген. Ал, америкалық психолог Карл Менниндер Фрейдтың ойын одан әрі талдай түскен. Ол суицидтің барлығы санадан тыс жасалатын өзара байланысты үш негізгі себепке бөлген. Оның бірі: өш алу - жек көрушілік (өлтіру ниеті), депрессия (тығырықтан шығатын жол таппағандықтан өлгісі келу) және кінәлі сезімнің күштілігі соншалықты, өзін-өзі өлтіруге бару.

Ал шын мәнінде, өзіне- өзі қол жұмсауды ойлаған адамдар өмір сүргісі келіп, көмек іздейтін көрінеді.Кей жағдайда өзіне-өзі қол жұмсауды ерлік пен күштілік деп санайды.

 Жыл мезгілі:

Өзін- өзі қол жұмсау көбінесе көктемде, яғни адамның бас қайғысы табиғаттың гүлденуімен сәйкеспеген мезгілде болады. Қыстың күңгір бояуы қандай-да бір шамада ішкі жан дүниесінің күйзелісімен үйлесімін табады да, ал керісінше көктемнің шуақты күндеріне сәйкес келмей қарама –қайшылық туындайды.

Оның себептері:

-         кикілжің дау- дамай,

-         тұлғааралық қарым- қатынас

-         баланың әлеуметтік- психологиялық жағдайы

-         бала өмірінің қолайсыз отбасылық жағдайы

-         оқушының моралдық- рухани және оның проблемаларын түсінуіне қолдаудың жоқтығы

-         жауапсыз махаббат

-         жауапсыздық,ішкі дүниенің әлсіздігі

-         кемшілікпен күресетін жігер, талаптың жетіспеуі

Қазіргі заманда жасөспірімдер рухани тоқырау /жалаңаш/ десе де болады, өйткені кейбір жасөспірімдер қиындықты жеңе алмайды, тосын жағдайлармен күресуге дәрменсіз, өмірді тым арзан бағалайды. сондай-ақ қазіргі кезде экологиялық, экономикалық ауырпалық адамдардың тез қажуына, шаршауына әкеліп соғады. Осыдан адамдар қалай күйзеліске түскенін аңғармай қалады.

Күйзеліске түсудің себептері:

1.     Физиологиялық, - яғни денсаулығы нашарлайды, тамаққа тәбеті болмайды т.б

2.     Эмоционалдық -  көңіл күйі бұзылады

3.     Интеллектуалдық – өмірге, білімге деген қызығушылығы жойылады

4.     Дүниетанымдық  - ішкі жан дүниесінде өзгерістер пайда болады

Мынадай қағида «Жан ауруы мен тән ауруынанбір- бірінен бөлінбейді. Мысалы  күйзеліс – бұлшық еттің қысымына, жиырылуына әкеліп соғады. Бұлшық еттің жиырылуы ол жағымсыз эмоция, яғни орындалмаған тілектерден пайда болатын қысым».

Алдын алу:

1.     Тұлғааралық қарым-қатынасты жандандыру

2.     Баланың өз күші мен мүмкіндігіне сендіру

3.     Тәртібін қадағалау, құрбы- құрдастарымен қарым- қатынасын сараптау

4.     Белсенділігін арттыру

5.     Түсінікпен қарап, жанашырлық таныту.

Қорытынды:

—  Демек, әрбір бала — мемлекетіміздің болашағы, берік іргетасы. Әр баланы жоғалтқан сайын, мемлекет болашағының іргетасы сөгіліп жатқандай сезінуіміз қажет, болашақ бір талант иесін жоғалтқандай қайғыруымыз керек. Қысқасы, әр бала — ең қымбат қазынамыз! Сондықтан, әр баланы сақтауға қоғам болып атсалысуымыз қажет. Ата-ана бала алдындағы, ұстаз шәкірт алдындағы, қоғам болашақтың тұлғасы алдындағы, мемлекет басты байлығының алдындағы жауапкершілігін ұмытпаса деймін!

3.     «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» жұмыс түрлері. Дюсембекова Г.таныстырды

-         Оқушылармен жүргізілген зерттеулер мен түзету дамыту жұмыстар жайлы мағлұмат береді. Аутодеструктивті мінез-құлықты балаға арналған карта толтыру жайлы мағлұмат берілді

-         Ата-аналарға арналған тренинг жаттығулар мен ұсынастар туралы ақпар берілді

-         Ұстаздарға арналған ағартушылық жұмыстармен таныстырды

4.     Психотерапевтикалық ертегі «Қисайып кеткен ағаш» Бабаканова С.В. жүргізді

Мақсаты: оқушылардың суицидтік мінез-құлық алдын алу.

Міндеттері:

• қиын жағдайларда оқушылардың  мінез-құлқын ескеру, сындарлы жағдайларда өзін өзі ұстау тәсілдерін үйрету.

Жұмыстың барысы:

Міндеттері: оқушыларды өзін-өзі зерттеу және түзету; оның «өмірде» керектігін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай туғызу.

Тапсырма: ертегінің соңына дейін жабық көзбен  тыңдау керек.

Бірде әдемі ағаштар арасында әдемі орманда жылдар бойы тығыз қабыршықты және жіңішке бұтақты бір «қисайып кеткен ағаш»  өмір сүрді. Ол өзінің сұқынсыз көрінісімен, басқа ағаштарға күлкі болып жүрді. Ұзақ жылдар бойы өзіне көңілі толмай, жиркенішпен өмір сүріп, басқаларға қызығу мен қызғанышта болды. (Метафоралық дағдарыс: оның өз ерекше сұқытын қабылдамау, өзін басқалармен салыстырып  сәтсіздікке баламалау,  «қисайып кеткен ағаш» қайғырады, оның ерекшелігін айқындап айтатын достары жо)

Бірде орман кесушілер келді. Олар, бір-бірлеп ағаштарды кесіп жүк көлігіне тиеп әкетті. «Оларды  жиһаз фабрикасына апарып әдемі жиғаз жасайды, ағаш бұйымдар әзірлейді, ал мен  пайдасыз болып  қала берем. Өйткені  мен шірікпін, мені ешкім керек қылмайды ... «. (Метафоралық дағдарыс: реніш, қызғаныш, фрустрация)

Бір күні таңертең орманды  шал  кезіп жүреді. Ол ұзақ уақыт бойы орман аралап  жүріп,  үйін жылыту үшін отын жиып алды. Біреуге  пайдалы болуым мүмкін емес деп шешекен «Дәрменсіз» қисық ағаш, шөптің  арасында жатыр еді. Оны  ер адам  байқап көтергені өте таң қалдырды. Қария ағаштың мықтылығын тексеріп, арбасына төнкеріп салып алды. «Дәрменсіз» қисық ағаш  өз тағдырын сезді: отқа жанып күл-қоқыспен далаға шығары анық. Бірақта бұған қарамастан, бақытты болды! ( метафора: «Кейде, жарамды болуға деген талпыныс«пайдалылығы» біз өзімізді «суицид»ке итермелеп «жанып» кетуге әзірлігімізді білдіреді»)

Ол арбада әр түрлі таяқ ағаштардың ортасына тап болды,  дереу қызғаншақтарда , доста табыла кетті. Әдеттегідей зиянкестер көп болып, олар оның кемшілігін айтып,  кемсіте бастады. Онсызда жылдар бойғы қайғысына қосылып бұл сөздер оған ауыр соққы болды (бейсаналық процестер)

Кенеттен арба соқпақ жолдан қатты селкілдеп «қисық ағаш »тау-тастан домалап төменге құздан ұша жөнелді! Тіпті отқа жануға да мүмкіншілік тумаған недеген сорлы едім... қаншалықты қиындыққа тап болғанын түсінген ағаш өмір бойы көрген қиыншылықтары көз алдына елестеді. Ол бәр күшімен қайтсе бір нәрсеге ілініп аман қалсамғой деп тіледі. Пауза....(Метафоралық дағдарыс: өмірін өзгертуге мүмкіндік)

Ол теңізге құлады. -Бұл не? Мен қайдамын? Енді не болады? –деп ойлады «қисық ағаш». Бұл түсініксіз жағдай болды ... теңізде  дауыл басталып, ол  ауада көп қалықтады.  Жел күшейіп, теңіз үлкен қауіп төндіріп, бұлттар жақындап, қараңғы болды. Ағаш суық толқынға батып, теңіз оны аямай лақтырды. Біткен жерім осығой деп үміті үзіле басталды ... Бірақ дауыл баяу саябырси бастады ... аспанда  күн көрінді ... «кисық ағаш» айналасына қарап, жан жағы қызықты әлемге таңырқай бастады...маржан рифтер, тамақ іздеп су үстінен ұшып бара жатқан бірқазан, жағымды және жұмсақ теңіздің жылы толқындары, сүйікті баланы тербеткен тәрізді: оның  өмірге деген көз-қарасы өзгеріп, тыныштыққа кенелді. Және ол бұл дүниеде өз ерекшелігін, қайталанбастығын сезінді. Пауза.... (метафора:су мен даул- жан және дағдарыс символы. Неғұрлым дағдарыс адамды күйзелтсе, адам  өз өмірін өзгертуге асығады, ол өзін табады, яғни ол өз көзқарасын өзгертуге мүмкіндік алады, оның ақылы толып, өзін сабырлы сезініп өзгереді. Жан «саулығы» пайда болып, аз уайымдап,  оның өмірі осы дауылдан кейін жаңара бастайды).

Ол толқындар арқылы жүзіп жағаға да жетті. Тағы да, дәрменсіздік...және қай уақытқа  дейін осында жатар екен...ешкімге керексіз шаң тозаң болып... Менің өмірім қандай мағынасыз болды десеш..! –деп, күнге  кыздырынып жатып  ұйықтап қалды. Жел соғып теңіз тұзы басып, бірте-бірте күн тұзарды кристалдарға  айналдырады... ағашты жарқырата түсірді. Қисық ағаш тағы налады....( невротикалық кедергі: адам бір нәрсеге үнемі наразы болып тұрады.)

 Ол  біреудің нәзік қолы тиіп, оятып, көтергенін сезеді. Бір адамның жымиып: «Бұл ғажайып! Неткен  керемет! –деп тұрғанына «Дәрменсіз» қисық ағаш таңырқады.  «Ол бірде-бір адамның сонша махаббатын сезбеген ... (кідірту)  ... және өзі жайлы осындай мақтау ешқашан естімеген... (кідірту) және ешкімнің  нәзік қолын сезбеген... (ұзақ үзілістен) . Адам оның шаң топырағын сілкіп, сырлап,  жылтыр лакпен бояп, түсін өзгертіп үйге әкелді. (Метафора: жекетаным; өзіндік «тұсаукесер»)

«қисық ағаш» таңырқай берді,  оны бір ерекше көптеген адамдар келетін жерге әкеп қойды....олар оның пішінінің  ерекшелігіне, көркемдік мәніне  тамсанды ... (ұзақ кідіріс)  «қисық ағашқа»  «теңіз сыйлығы» деген  жазуы бар стендке  орналастырып  және үлкен құрметке бөленді. Ол бірнеше рет түрлі жарыстарға ұсынылып, және  көптеген марапаттарға ие болды. Дүниежүзі бойынша, оның жылылығымен  талғампаздығы және өзге де керемет қасиеттері көп айтылып , қымбат бағаланды. «қисық ағаш»:«Қанша қиыншылықтарды басымнан өткіздім, өмірімнің соңында  өмірдің мәнін таптым»- деп масаттанды.  (Метафора: Триумф)

Сезімдермен бөлісіп, ертегіге талдау жүргізіледі:

-         Сіздің ойыңызша  өзін-өзі қабылдау деген не?

 Қатысушылар пікірлерін айтып ертегіні талдайды.

 

5.     «БОЛАШАҚҚА  БАСТАР  ЖОЛ» коллаж жасау. Дюсембекова Г.жүргізді

Мақсаты:

Қатысушылардың  алға қойған мақсаттарына қол жеткізуіне ықпал ету;

Топтағы жағымды қарым-қатынасты орнату;

Эмоционалдық көңіл-күйлерін көтеру;

Тақырыпқа сай қатысушылар коллаж жасайды. Қоллажды қорғайды

6.     Рефлексия «Көңілді кірпі»

Максаты: семинарға қатысушылар ермексаздан кірпіге жеміс силау. Жағымды көңіл күй силау, сезімдермен бөлісу.

7.     Еркін  микрофон. Семинар-тренингтен алған әсерлерімен бөлісу. Ұсыныс пікір айтты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по психологии "Аутодетруктивті мінез-құлықтың алдын алу""

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 865 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.11.2015 5631
    • RAR 312.3 кбайт
    • 81 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бабаканова Самал Валихановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бабаканова Самал Валихановна
    Бабаканова Самал Валихановна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11188
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Когнитивно-поведенческая терапия детей и подростков

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 313 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 204 человека

Курс повышения квалификации

Привязанность к взрослому в жизни ребенка, причины и последствия нарушения привязанности

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Курс повышения квалификации

Базальная стимуляция и развивающий уход - современные подходы в работе с детьми с тяжелыми множественными нарушениями развития (ТМНР)

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе