Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Презентация по психологии на тему " Ата –анамен бала арасындағы қатынас жеке тұлғаның психологиялық жай –күйі”"

Презентация по психологии на тему " Ата –анамен бала арасындағы қатынас жеке тұлғаның психологиялық жай –күйі”"


  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

ШҚО Жарма ауданы Шар қаласы Б.Тұрсынов атындағы орта мектеп КММ “Ата –анамен...
Мазмұны Аннотация .............................3 бет Өзектілігі.................
Аннотация Жобаның мақсаты мен міндеттері нақты беріліп, тақырып жан –жақты аш...
Өзектілігі Мектептегі психолог жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата –аналармен...
Мақсаты: Ата –анамен баланың қарым –қатынасының татулығын,ынтымақтастығын біл...
Міндеттер: - Жоба тақырыбына сай әдебиеттерді зерделеу; Жобаның теориялық нег...
Кіріспе Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы,...
Негізгі бөлім Отбасы –отанымыздың ошағы. Отбасында адам бойындағы асыл қасиет...
Ата-ана қатынасы түсінігі жалпылама сипатқа ие және ата-ана мен баланың өзара...
Әріптестік, изоляция, бәсекелестік, псевдоәріптестік. Махаббат, жақсылық, сый...
Отбасылық тәрбиелеудің көптеген түрлерін жасайтын негізігі психолого-педагоги...
Ата-ана қарым-қатынасын және соған сәйкес әрекеті нақтырақ сипаттауға осы фа...
Диагностикалық талдау жұмыстары ата –аналармен өзара іс –әрекеттің ең қызықты...
Отбасындағы тұлғааралық қатынас диагностикасы Тәрбиелеудегі қателіктерді диа...
Отбасының басты міндеттері мен қызметтері қызметтері міндеттері -тәрбиелік -с...
Отбасын зерттеу әдістері: Бақылау; Әңгімелесу; Тестілеу; Сауалнама; Іскерлік...
1 2 3 4 5 Жанұядағы адамгер-шілік құндылығы жоғары деңгейде қа-лыптасқан.Бақы...
Сауалнамалар, шығармалар Ата-аналармен жұмыс түрлері Ата-аналар жиналысы Ата-...
Балалардың маңызды мәселелері жайында ағарту және кеңес беру (ата-аналар жина...
Отбасындағы қарым-қатынас Отбасы мүшелерінің ішімдік пайдалануы Ата-ансының д...
Қорытынды Бала тәрбиесі ең алдымен аға ұрпақтан жас жеткіншекке деген сүйіспе...
Пайданылған әдебиеттер тізімі: Мектептегі психология №1. 2012ж 03.05 Адамгер...
1 из 22

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 ШҚО Жарма ауданы Шар қаласы Б.Тұрсынов атындағы орта мектеп КММ “Ата –анамен
Описание слайда:

ШҚО Жарма ауданы Шар қаласы Б.Тұрсынов атындағы орта мектеп КММ “Ата –анамен бала арасындағы қатынас жеке тұлғаның психологиялық жай –күйі” Мектеп психологі Имангалиева Нурсулу Аманбековна

№ слайда 2 Мазмұны Аннотация .............................3 бет Өзектілігі..............
Описание слайда:

Мазмұны Аннотация .............................3 бет Өзектілігі.................................4 бет Кіріспе.....................................7бет Негізгі бөлім...........................8-20бет Қорытынды..............................21бет Пайдаланған әдебиеттер.............22бет

№ слайда 3 Аннотация Жобаның мақсаты мен міндеттері нақты беріліп, тақырып жан –жақты аш
Описание слайда:

Аннотация Жобаның мақсаты мен міндеттері нақты беріліп, тақырып жан –жақты ашылған.Педагогикалық факторлар мен заңдылықтарды есепке алып отбасының әлеуметтік психологиялық зерттеулерді жүргізіп, отбасы қарым –қатынасын сақтау,әдістері,кәсіби кеңестер,коррекциялық жұмыстар, социограммалық тест, сауалнамалар, тренингттар қамтылған. Жобаның бөлімдері толық қарастырылған. Мазмұнға сай деректі материалдар берілген.

№ слайда 4 Өзектілігі Мектептегі психолог жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата –аналармен
Описание слайда:

Өзектілігі Мектептегі психолог жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата –аналармен,мектептің бірлескен әрекетінде екені рас. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы –отбасы.Демек, баланың алғашқы тәрбиешісі –ата –аналар.Мектептің отбасымен бірлесіп жеке тұлғаның өсіп жетілуіне жауаты екні рас.Сондықтан,жобада ата –анамен жеке тұлғаның психологиялық жай –күйі қарастырылады.

№ слайда 5 Мақсаты: Ата –анамен баланың қарым –қатынасының татулығын,ынтымақтастығын біл
Описание слайда:

Мақсаты: Ата –анамен баланың қарым –қатынасының татулығын,ынтымақтастығын біле отырып, қазақстандық ұлтжанды, төзімді, рухани құнды, рух-жігері шыңдалған, белсенді тұлға қалыптастыру.

№ слайда 6 Міндеттер: - Жоба тақырыбына сай әдебиеттерді зерделеу; Жобаның теориялық нег
Описание слайда:

Міндеттер: - Жоба тақырыбына сай әдебиеттерді зерделеу; Жобаның теориялық негіздемесін жасау; жобаның тәжірбиеге енгізу,іс –әрекетін жоспарлау;

№ слайда 7 Кіріспе Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы,
Описание слайда:

Кіріспе Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Абай Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Отбасында баланың жан –жақты қалыптасуына ата –ана мен отбасы мүшелерінің қарым –қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық. Әділдік ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан –жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін –ұстаз болса, оның сүйеніші ата –ана. Сондықтан ата –ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауға тиіс. Отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі

№ слайда 8 Негізгі бөлім Отбасы –отанымыздың ошағы. Отбасында адам бойындағы асыл қасиет
Описание слайда:

Негізгі бөлім Отбасы –отанымыздың ошағы. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім –жакындарына, туған –туысқандарына деген Сүйіспеншіліктен басталады. Н.Ә.Назарбаев Заманымыздың белгілі жаңашыл ұстазы – Ш Амонашвили “Воспитание детей нужно начинать с воспитания родителей” деген. Ол бұл ойға өзінің ұстаздық қызметінен жинақтау нәтижесінде келгені сөзсіз. Себебі, оның есептеуі бойынша бастауыш сынып оқушысының барлық өмірінің 7% ғана мектептегі тәрбие үлесіне келеді екен. Олай болса тәрбие ісінде ата –ананың алар орны, беделі жоғары болуы керек. Отбасындағы ата –анаға өздері өмірге әкелген баласы үшін қаншалықты жауапкершілік жүктелетіндігі елімізде заң жүзінде қарастырылған. Қазақстан республикасының 27 –бабында “неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы” –деп көрсетілген. Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары , шежіресі, мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат мүдделері арқылы іске асады. Жан –Жак Руссо “Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне имайды қалай салсаң қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең , ол солай тәрбиеленеді” деген екен.

№ слайда 9 Ата-ана қатынасы түсінігі жалпылама сипатқа ие және ата-ана мен баланың өзара
Описание слайда:

Ата-ана қатынасы түсінігі жалпылама сипатқа ие және ата-ана мен баланың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін нұсқайды. Ата-ана қатынасы бала туралы субьективті-бағалау, саналы-таңдау түсінігін қамтиды, бұл ата-ана қабылдауының, баламен сөйлесу мәнерінің, оған әсер ету әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Әдетте, ата-ана қарым-қатынасының құрылымында эмоционалды, когнетивті және әрекеттік компоненттерді бөліп қарастарды. Ата-ана позициясы және ата-ана нұсқауы ата-ана қатынасының синонимі ретінде пайдаланылады, бірақ ұғыну деңгейімен әрқилы болады. Ата-ана позициясы жиі саналы қабылданған, көзқараспен, ой-мақсатпен қалыптасқан; ал нұсқаулық – көпжақты. Ата-ана позициясының, нұсқаулығының, қатынасының (жиі аналық) әр түрлі нұсқалары сипатталған. Симбиоз (тым асыра эмоционалды жақындық), авторитарлық, эмоционалды қабылдамау («кішкентай жолы балмағыш») (А.Я. Варга, 1987). Қолдау, рұқсат; бала қажеттіліктеріне бейімделу; балаға деген шынайы қызығушылықтың болмауы кезінде немқұрайлы қарыз сезімі; ретсіз әрекет (В.Н. Дружинин, 1996).

№ слайда 10 Әріптестік, изоляция, бәсекелестік, псевдоәріптестік. Махаббат, жақсылық, сый
Описание слайда:

Әріптестік, изоляция, бәсекелестік, псевдоәріптестік. Махаббат, жақсылық, сыйластық беделі. Басу, арақашықтық, педантизм, резонерстволық, жемқорлық беделі (А.С. Макаренко). Үлгі - позициялар, отбасылық кеміс, оның ішінде бала мен ата-ана қарым-қатынасы: жағымпаз «бейбітшіл»; «кінә тағушы»; алдын ала ойлайтын «компьютер»; есі танып қалған «алаңдаушы». Әрекеттің позитивті моделі – икемді, немесе салмақты, әр түрлі тәсілдер автоматты түрде емес, кейінгі әрекетін ескере отырып, саналы орындалады (В. Сатир, 2000). Балаға әсер ету сипаты мен деңгейі көптеген факторларды анықтайды және ең алдымен әрекет субьектісі ретінде ата-ананың өз жеке тұлғасын аныұтайды: Оның жынысы (дәл баланыкіндей немесе қарама-қарсы); жасы (жас, кәмелетке толмаған ана, қарт ана, кеш босанған ана); ата-ананың темпераменті және мінез бітісі (белсенді, шыдамсыз, күйгелек, өктемшіл, мейірімді, немқұрайлы, ұстамды және т.б.); дінилік; ұлттық-мәдени тәнділік (европейлік, англиялық, немістік, жапондық, американдық және тағы басқа тәрбиелеу моделі); әлеуметтік жағдайы; кәсіби бейімділігі; жалпы және педагогикалық мәдениет деңгейі.

№ слайда 11 Отбасылық тәрбиелеудің көптеген түрлерін жасайтын негізігі психолого-педагоги
Описание слайда:

Отбасылық тәрбиелеудің көптеген түрлерін жасайтын негізігі психолого-педагогикалық түсініктің бірі ата-аналық қарым-қатынас стилі немесе тәрбиелеу стилі болып табылады. Қоғамдық – психололгиялық түсінік ретінде стиль серіктестікке қатысты тілдесу әдіс-тәсілдерінің жиынтығын білдіреді. Тілдесудің жалпы, нақты және өзіндік стилдерін айрады. Стилдің детерминанты ретінде жеке тұлғаның жалпыланаған, біршама тұрақты түркілік тенденциясына бағытталған; қарым-қатынас партнеріне қатысты позиция және қарым-қатынас жағдайының параметрлері. Ата-ана стилі – бұл ата-ананың балаға қатысты қарым-қатынасы, жалыпыланған, өзіндік, жағдайлық - әдеттен тыс әдістері, балаға қатысты әрекетінің бейнесі. Жиі ата-ана қарым-қатынасының анализын психологиялық-педгогикалық зереттеулерде екі критерий пайдаланады: эмоционалды жақындық деңгейі, ата-ананың балаға мейірімділігі (махаббаты, қабылдауы, жылулығы және эмоционалды қабылдамауы, суықтығы) және оның әрекетін бақылау деңгейі (жоғары – шектеулері көп; төмен – шектеулері минималды тенденцияда).

№ слайда 12 Ата-ана қарым-қатынасын және соған сәйкес әрекеті нақтырақ сипаттауға осы фа
Описание слайда:

Ата-ана қарым-қатынасын және соған сәйкес әрекеті нақтырақ сипаттауға осы факторлардың көрінісі әсер етеді. Тәрбиелеудің келесі 4 типі қарастырылады (Г. Крайг, 2000). Авторитетті (жылы қарым-қатынас, бақылаудың жоғары деңгейі). Авторитарлы (суық қарым-қатынас, бақылаудың жоғары деңгейі) Либералды (жылы қарым-қатынас, бақылаудың төмен деңгейі) Индифферентті (суық қарым-қатынас, бақылаудың төмен деңгейі)

№ слайда 13 Диагностикалық талдау жұмыстары ата –аналармен өзара іс –әрекеттің ең қызықты
Описание слайда:

Диагностикалық талдау жұмыстары ата –аналармен өзара іс –әрекеттің ең қызықты әрі жауаты бағыты. Мектеп оқушыларының ата –аналарын жан –жақты зерттеп, олардың педагогикалық білім дәрежелерін, отбасындағы қарым –қатынас деңгейін анықтау арқылы жыл бойы атқарылуға тиісті жұмысты тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. - Диагностикалық зерттеулер: - Сыныпқа көмегі; - Өз баласына ықпалы; - Қарым –қатынасы; - Ата –аналарды топтау; - Мектептегі оқу –тәрбие үрдісіне көз қарасы; - Бұқаралық –мәдени жұмыс ата –аналарды сыныптың және мектептің дәстүрлі іс –шараларына мейілінше көбірек қатыстыруға бағытталуы қажет:

№ слайда 14 Отбасындағы тұлғааралық қатынас диагностикасы Тәрбиелеудегі қателіктерді диа
Описание слайда:

Отбасындағы тұлғааралық қатынас диагностикасы Тәрбиелеудегі қателіктерді диагностикалау әдістемесі (Э.Г.Эй-демиллер, В.В.Юстицкий); «Отбасының кинетикалық суреті» әдістемесі (Р.Берне, С.Кауфман); «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі (Сакс және Леви нұсқасы); Референтометрия; Рене-Жиль тесті; Ата-ана қатынасының тест-сауалнамасы (А.Я.Варга, В.В.Столин); «Ата-ананың нұсқаулығы мен реакциясының өлшемі» сауалнамасы (PARY); «Үй – ағаш – адам» тесті; Некеге қанағаттанушылық тест-сауалнамасы (НҚС); «Біз қандай ата-анамыз?» әуесқойлық тесті; «Сіз өз балаңызға кімсіз: ата-анасыз, әлде жолдассыз?» әуесқойлық тесті

№ слайда 15 Отбасының басты міндеттері мен қызметтері қызметтері міндеттері -тәрбиелік -с
Описание слайда:

Отбасының басты міндеттері мен қызметтері қызметтері міндеттері -тәрбиелік -сауықтыру -рухани-адамгершілік -танымдық-білімдік -тұрмыстық-еңбек -мәдени-ағартушылық -демалыс- шығармашылық -тұлғаның өзіндік тәжірибесін ынталандырушы -баланы үздіксіз-үйлесімді дамыту -денсаулығын нығайту -сабағын қадағалау -еңбекке баулу,мамандық таңдауына көмектесу -баланың әлеуметтенуіне көмектесу -б қызығушылығын,қабілеті мен шығармашылығын дамыту -болашақ отбасын құруға тәрбиелеу -өзін-өзі тәрбиелеу мен дамытуға дайындау

№ слайда 16 Отбасын зерттеу әдістері: Бақылау; Әңгімелесу; Тестілеу; Сауалнама; Іскерлік
Описание слайда:

Отбасын зерттеу әдістері: Бақылау; Әңгімелесу; Тестілеу; Сауалнама; Іскерлік ойындар; Балалардың шығармашылық жұмыстарын талдау

№ слайда 17 1 2 3 4 5 Жанұядағы адамгер-шілік құндылығы жоғары деңгейде қа-лыптасқан.Бақы
Описание слайда:

1 2 3 4 5 Жанұядағы адамгер-шілік құндылығы жоғары деңгейде қа-лыптасқан.Бақытты, дені сау жанұя.Балаларға бар мүмкүндік жасалған.Кей уақытта жекелеме кеңестер қажет бола тұра,ұстаз-дардың араласуы аса керек емес. Жанұядағы ата-аналардың қ-қатынасы жақсы бола тұра, бала тәрбиесінде бағыт жоқ.Бала тек ата-ананың ерекше қамқорлығын сезіне-ді,өзімшіл болып өседі.Сондықтан мұғалім көңіл аударуы қажет. Ынтымақсыз жанұя Мұндай жағдайда ата-аналар өзара қатынас дауынан аса алмайды.Бала тәрбиесі мүлде ескерусіз қалған. Балаға әсері болмас үшін педагогикалық ықпал қажет. Сырттай қарағанда қолайлы жанұя қатарында болғанымен,рухсыздық, нақты адамгершілік құндылықтар, ұрпақтар ізгілігінің бұзылуы сияқты жағымсыз қасиеттер басым.Мұн—дай жанұямен тәрбие жұмысын жүргізу ерекше қиындық туғызады. Қолайсыз жанұя, мұнда дөрекілік, ұрыс-керіс, жағымсыз тәртіп сияқты сипаттар көп.Баланың қызығушылығын қорғау үшін мұндай жанұяларға тұрақты пед-лық бақылау, қоғамдық орындардың араласуы үнемі қажет ж/е талап етіледі.

№ слайда 18 Сауалнамалар, шығармалар Ата-аналармен жұмыс түрлері Ата-аналар жиналысы Ата-
Описание слайда:

Сауалнамалар, шығармалар Ата-аналармен жұмыс түрлері Ата-аналар жиналысы Ата-аналар бұрышы, проблемалық кітапша Жаттығулар “Сырласу” қызметі Арт терапия Ата-ана комитеті Бірлесіп ұйымдастырылған шаралар ( газеттер,серуендер) Отбасы + мектеп Сұхбат кеңес беру Тренингтер Отбасы күні Ашық есік күндері

№ слайда 19 Балалардың маңызды мәселелері жайында ағарту және кеңес беру (ата-аналар жина
Описание слайда:

Балалардың маңызды мәселелері жайында ағарту және кеңес беру (ата-аналар жиналысы, кездесулер); Ата-ана сұранысы бойынша бала-ата-ана қарым-қатынасы сұрақтары бойынша кеңес беру; Ата-анаға психологиялық қолдау көрсету. Осы бағыттардың кез келгені мектеп психологының және ата-ананың өзара бірлескен әрекетін қажет етеді. Ата-анамен жұмыс қажеттілігі дамудағы әлеуметтік жағдайды қалыптастырудағы олардың рөлімен анықталады. Баланың жақын ересекпен араласуы, дамудың негізгі шарты бола отырып, оның жеке тұлғасының ішкі құрылысын өзгертетін сыртқы әлеуметтік құрылысын береді Психологтың отбасымен жұмысы отбасының жүйелі дамуын түсінуді талап етеді (отбасы балада симптом пайда болуына қалай әсер етеді) және жеке реакцияларды бағалауды да талап етеді (отбасының әр бір мүшесінің алдында және баланың алдында қандай мәселелер туындайды). Әңгіменің басында отбасыда және өзара қарым-қатынаста не жақсы жүріп жатқанын анықтап алған маңызды. Бұл жағымды бағытталуға және босаңсуға, отбасында жақсы және мықты не бар екенін, неге сүйенуге болатынын анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір жағдайда әртүрлі контексте талқыланады. Бірінші әңгіменің мақсаты - отбасының өзара әсерін түсіну, оның мықты және әлсіз жақтарын талқылау бола алады. Міне мысалға қоюға болатын сұрақтар: мәселе қай уақытта туындайды, қандай жағдайда, және қай уақытта туындамайды; туындап тұрған мәселелерге ата-ананың, балалардың, ұстаздардың қандай қатысы бар; ата-ана баладан не күтеді, өз балаларының болашақтарын олар қалай көреді. Ата-аналарға бала дамуын зерттеу сауалнамасын ұсынуға болады. Ата-аналарға ұсынуға болатын сауалнаманың бір түрі. Зерттеу күні Баланың аты, тегі Туған күні Тұрмыстық жағдай: отбасының алатын жалпы көлемі, бөлме саны. Жеке, жалпы аз тұрғынды немесе көптұрғынды пәтер. Баланың жеке бөлмесі бар ма, онымен бірге бөлмеде тағы біреу тұра ма, адам саны Материалдық жағдай: төмен, орташа, жоғары Ата-анасы туралы мәлімет, олардың жасы, білімі, зерттеу кезіндегі мамандығы, отбасы құрамы (бірге тұратын) Отбасы толық, айырылысқан (айырылысу кезінде бала неше жаста болды), айырылысу себебі, өгей әке мен өгей шешенің болу/болмауы

№ слайда 20 Отбасындағы қарым-қатынас Отбасы мүшелерінің ішімдік пайдалануы Ата-ансының д
Описание слайда:

Отбасындағы қарым-қатынас Отбасы мүшелерінің ішімдік пайдалануы Ата-ансының денсаулық жағдайы, ұзақ мерзімді және психикалық аурумен ауру/ауырмаулары, ата – анасының мінезіндегі жарқын көріністері Туыстарының арасында қиын оқыған, ауыр мінезді, психикалық аурулармен ауратын адамдардың болу/болмауы Отбасындағы нешінші бала Жүктілік кезінің өтуі, қиыншылықтардың болуы Туу кезінде болған қиыншылықтар, туу кезінде алғагн жарақаттар, туа біткен кемшіліктер Нәрестелік және ерте балалық шақ кезіндегі дамудағы ерекшеліктер: моторлы даму, сөйлеу, бір жасқа дейінгі күрделі аурулар, бір жастан кейінгі аурулар, операциялар, дәрігерде тіркеуде тұрды ма Тәрбиелеудегі ерекшеліктер: ясли, балабақша, үйдегі тәрбие Мектеп, мектепте қиындықтардың болуы, қосымша дайындық Бала тәрбиесімен көбінде кім айналысады, бала кімнің ойымен санасады, тәрбиелеу принциптері, отбасында қабылданған жазалау түрлері Бала бос уақытын қалай өткізеді Бала дене дамуының жағдайы, жыныстық даму Көңіл-күйі: көбінде қандай көңіл-күйде болады, көңіл-күйдің тұрақтылығы Әрекеті, әрекетінің жеке ерекшеліктері, шаршауы, жиі айтатын шағымдары. Сауалнамадан басқа ата-аналарға ұсынылатын әдістемелер: «Менің баламның өмір тарихы» атты шығарма, бала жұмысымен салыстырмалы алынатын бағалау-өзіндік бағалау әдістемесі РЕП және т.с.с. Балаға ұсынылатын әдістемелер: отбасы суреті және оның модификациясы, Рене-Жиляның әдістемесінің бейімделген нұсқасы, «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесінің әр түрлі нұсқалары, бағалау-өзіндік бағалау әдістемесінің модификациясы, Б.Шелбидің «Ертегі» тесті және т.с.с. Баламен проективті интервьюдің жобалап берілген сұрақтары: Сен кіммен тұрасың? Кімді ойнағың келеді? Ең бірінші кімді күтесің? Өз басындағы қиыншылықтармен кіммен бөлісесің? Жазалаудан қорқасың ба? Сен өз балаңды осылай тәрбиелейсің бе? А. В. Потапова, С. К. Нартова-Бочавер

№ слайда 21 Қорытынды Бала тәрбиесі ең алдымен аға ұрпақтан жас жеткіншекке деген сүйіспе
Описание слайда:

Қорытынды Бала тәрбиесі ең алдымен аға ұрпақтан жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан, ұрпақтан –ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің тамаша үлгілерінің жиынтығынан туындайды. Ф.М. Достаевскийдің “Өзіннен өзіңді ізде, өзіне өзін бағын, өзінді өзін тани біл”, -дегендей әр мұғалім өзінің бала болғанын, өзінің ата –ана екенін, өзінің оқытушы болып қалыптасып келе жатқанын ой елегінен жиі –жиі өткізіп отырса, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Баламен кездескен сәттен бастап, оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде (тренинг сабақты ұйымдастыру оны өткізу, үзіліс кезінде жекелей әңгімелесу т.б) баламен тікелей қарым –қатынаста екенін онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал. Сонда ғана ол білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан –жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткіще аламыз.

№ слайда 22 Пайданылған әдебиеттер тізімі: Мектептегі психология №1. 2012ж 03.05 Адамгер
Описание слайда:

Пайданылған әдебиеттер тізімі: Мектептегі психология №1. 2012ж 03.05 Адамгершілік сабақтары Алматы 2001 ж Б.Қ Игенбаева “Тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесі ” Алматы 2005 ж Біз қандай ата –анамыз. Әуесқойлық тест


Автор
Дата добавления 25.04.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров276
Номер материала ДБ-053051
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх