Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыАқсақалдың ақ батасы ана тілі

Презентация по русскому языку на тему "Существительное"

Скачать материал

 Күні: 12.02.2015ж.

Пәні: Ана тілі

Сыныбы: 1 «Г»

Сынып жетекшісі: Махаева Агайша Талгатовна

Сабақтың тақырыбы: Ақсақалдың ақ батасы

Сабақтың мақсаты: Жуан және жұп дауыстылар туралы жаңа білімді меңгерту

Сабақтың міндеті:

1.      Оқушыларға буын туралы түсіндіру, оқушыларға буын ұғымы, жасалуы, мәні, құрамы туралы түсінік беру.

2.      Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік  қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту; Тілдік құбылыстарды талдап, олардың мәнін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

3.      Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру; Әдепті, сыпайы болуға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, кестелер, мазмұнды сурет

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, топтау, талдау, түсіндіру;

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындау;

        Арайлап шықты жаңа күн
            Шуағын шашып баршаға.
            Қане, достар күлімде
            Шаттық орнасын жүзіңде.

«Ана сүті - бой өсіреді, Ана тілі - ой өсіреді» демекші қазір бізде ана тілі сабағы.

II.Үй тапсырмасын сұрау

Мақсаты: өткен сабақта алған білімдерін бекіту

1)      «Әдептілік әліппесі» өлеңін тізбектеп оқыту

2)      Ішінара сұрақ қою

-          Атасы немересіне қандай ақыл айтты?

-          Ақыл сөздерді қалай түсінесіңдер?

3)      «Менің атам» тақырыбына әңгіме құрату

III. Жаңа сабақ

1)      Жаңа сабақты түсіндіру

А-ә, о-ө, ы-і, ұ-ү – жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Олар өзара ұқсас дыбысталады. А

А, о, ы, ұ – жуан дыбысталатын дыбыстар.

Ә, ө, і, ү – жіңішке дауыстылар.

2)      Оқулықпен жұмыс

46    – жаттығу. Сөздерді салыстырып оқыңдар.

Сан – сән,    от – өт,      ыс – іс,   ұн – үн

Нан – нән,    боз – бөз,     тыс – тіс,       тұс – түс.

Берілген сөздердегі а – ә, о – ө, ы – і, ұ – ү дауысты дыбыстарының өзара ұқсас дыбысталуын байқаңдар.

47 – жаттығу. Жаңылтпашты тездетіп, дұрыс оқыңдар.

Жаңылтпаш

Дән – дәулет.

Дәулет – дән.

Сән – сәулет,

Сәулет – сән.

Сөздердегі ә дыбысының жіңішке естілуін байқаңдар.

3)      Мәтінмен жұмыс

Мақсаты: өлеңді сауатты, түсініп оқуға дағдыландыру

-          «Ақсақалдың ақ батасы»  өлеңін оқу

-          Оқушыларға тізбектете оқыту

-          Әшінара сұрақ қою

-          Ақсақал балаларға қандай бата берді?

-          Біз батаны қандай кезде аламыз?

4)      Суретпен жұмыс

Мақсаты: оқушылардың өз ойын еркін жеткізе алу қабілетін дамыту

                                                   Кішіпейілдік – кісілік белгісі

        

 

5)      Мақал-мәтелдерді оқыңдар.

1.      Ананың сүті-бал,

Баланың тілі-бал.

2.      Күннің шуағы жылы,

Ананың құшағы жылы.

-          Әр сөзде неше дауысты дыбыс, неше буын барын айтыңдар.

-          «Ананың құшағы жылы» дегенді қалай түсінесің?

IV. Жаңа материалды бекіту

         Не деу керек?

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді

Ең үлкенін, жақсысын

Саған таңдап әперді

Не деп барып , жеу керек?

Балалар  жүр көшеде,

Естіледі шу, айқай

Сен де шықтың ,көршіңді

Қағып кеттің байқамай

Мұндайда не деу керек?

Әжең сенің түскі асқа

Қант-кәмпит салды мол

Жұрттан бұрын ыдысқа

Өз бетіңмен салдың қол

Жөн еді не айтқаның?

V.Бекіту  кезеңі:

1. Сұрақ – жауап

- Балалар, өлеңдегі сауалдарға жауап беріп көрейікші.

- Бұдан басқа қандай сыпайы сөздерді білесіңдер?

2. Мақалдар:

«Сіз» деген- әдеп,

«Біз» деген- көмек.

Әдепті бала

Ата –анасын мақтатар

Әдепсіз бала

Ата-анасын қақсатар

3.      Шығармашылық тапсырма.

1 – топ: а – ә дыбыстары бар сөздер жазу

2 – топ: о – ө дыбыстары бар сөздер жазу

3 – топ: ұ – ү дыбыстары бар сөздер жазу

VI. Үйге тапсырма:

-          «Әдептілік» туралы мақал-мәтелдер жазу.

-          48 – жаттығу.

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні: 13.02.2016ж.

Пәні: Ана тілі

Сыныбы: 1 «г»

Сынып жетекшісі: Махаева Агайша Талгатовна

Сабақтың тақырыбы: 5 саны және оны азайту.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды 5 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру

Сабақтың міндеті:

1.     Есеп шығару білігін жетілдіру.

2.     Оқушылардың математикалық ойлауын, математикалық тілін дамыту

3.     Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі. Аралас сабақ.

Сабақтың құрылымы.

1.Ұйымдастыру мезеті.

Көңіл күй ахуалы.

Ынталандыру.

Кел, ойнайық! « Құлпынай тер».

2.Білімді еске түсіру.

А) сандардың құрамын қайталау.

Ә) ауызша есептеу.

Тақтада қатарлар бойынша мысалдар шығару. « Кім жылдам»?

Б) логикалық есеп. Егер қызыл алма сары алмадан үлкен, ал сары алма жасыл  алмадан үлкен болса, онда қай алма басқаларының бәрінен кіші?

3.Шешілуі тиіс мәселе қою.

Оқулықпен жұмыс.

№1 тапсырма. Тақтада 1-ден 5-ке дейінгі сандар баған түрінде жазылады. Осы сандардың әрқайсысына 5-ті қосу оқушыларға ұсынылады. Балалар мысалдарды ауызша құрады және шығарады, мұғалім олардың айтуы бойынша тақтаға жазады. Алғашқы төрт мысалда қосуды қалай орындаған тиімді екенін балалар түсіндіреді. Қосылғыштардың орындарын ауыстырып, бұрын оқып үйренгенімізге келтіреміз: 5+1, 5+2, 5+3, 5+4,. Ал 5+5 жауабына ше? Осыған ұқсас азайтқышы 5 болатын мысалдарда баған түрінде жазылады.

Соңғы 10-5 мысалынан басқасы бұрын қарастырылған болатын.

5+5 және 10-5 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдерін қарастырамыз.

№2, №3 тапсырма. Сандар қатары пайдаланылады, төрт сан аттап отырып, тура және кері бағытта санаймыз.

№4, №5  тапсырма. Оқушылар өз беттерінше орындайды.

СТ. Кесте құру ұсынылады. Жолдарда балалардың аттары, ал бағандарға әкелердің мамандықтары жазылады. Немесе балалардың аттарын және әкелердің мамандықтарын нүктелермен белгілеп көрсетеді. Әрі қарай сәйкес нүктелерді сызықтармен қосады. Жұптарды атайды.

Дәптермен жұмыс.

Цифрларды жазу дағдаларына машықтандыратын жұмыс жүргізіледі.

№1 тапсырма. Қосуға және азайтуға берілген мысалдардың шешуі жазылады.

№5 тапсырма. Есептің шешуі жазылады.

Рефлексия.

Бұл сабақ бізге не үшін керек болады? Өзіңнің жан дүниеңнің өзгерісін бақыла.

Сабақтағы менің жетістіктерім.

 Күні: 30.01.2016ж.

Пәні:  Дүниетану

Сыныбы: 1 «Г»

Сынып жетекшісі: Махаева Агайша Талгатовна

Сабақтың тақырыбы:  Жазғы еңбек

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адамдардың жаз мезгілінде жасайтын еңбектері туралы түсінік беру

Сабақтың міндеті:

1.      Білгендерін қайталау,тереңдету,дүниетанымдарын кеңейту.

2.      Сауатты жазуға, сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жануарлардың мінезін сипаттауға үйрету.

3.      Ойлауға, салыстыруға, ізденуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, көрсету, көрнекілік

Сабақтың мазмұны: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

I.                   Ұйымдастыру

-          Оқушылардың назарын сабаққа аудару

-          Сергіту сәті

II.                Үй тапсырмасын сұрау

-          «Өсімдіктер тіршілігі» туралы әңгімелеу

-          Жергілікті өсімдіктер туралы мәлімет жинау

III.             Жаңа сабақ

1)      Мұғалімнің түсіндіруі: Ауылдық жерлерде адамдар жазда малды жайылымға

шығарып бағады. Шөп шауып, малдың қысқы азығын дайындайды. Жер суарады. Бау – бақша мен егістерді күтеді.

Қалада да шаруа қыза түседі. Қала ішіндегі ашық шағын баққа гүлдер отырғызылып, адамдардың демалып отыратын орындықтары сырланып, жаңартылады. Ескі салынған үйлер жаңартылып, жаңа құрылыстар бой көтереді.

http://go1.imgsmail.ru/imgpreview?key=http%3A//www.bfoto.ru/foto/forest/bfoto_ru_128.jpg&mb=imgdb_preview_1228      http://go2.imgsmail.ru/imgpreview?key=http%3A//prava.egypt.edusite.ru/images/p44_turchina_sofiya2.jpg&mb=imgdb_preview_300

 

IV.             Ойын: «Қай мезгіл?»

Мақсаты: оқушылардың төрт мезгіл туралы білімдерін бекіту

Тақтаға берілген 4 себеттің әрқайсысына жыл мезгілдері берілген сәйкес суреттерді салу керек.

V.                Суретпен жұмыс

Мақсаты: ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту

Оқулықта берілген суреттерге байланысты әңгіме құрату

1)      Жүзім жинау

2)      Қарбыз жинау

3)      Өрік жинау

4)      Құлпынай жинау

 

 

 

VI.             Сабақты қорытындылау

-          Адамдардың жаздағы еңбек түрлерін ата.

-          Ауыл шаруашылық машиналарының аттарын біліп ал.

-          Қандай ағаштар мен бұталар гүлдеп, жеміс салады?

VII.          Үйге тапсырма.

-          «Жазғы еңбек» мәтінін оқып, түсінік айту

-          Тақырыпқа байланысты сурет салу

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні: 12.02.2015ж.

Пәні: Дене шынықтыру

Сыныбы: 1 «Г»

Сынып жетекшісі: Махаева Агайша Талгатовна

Сабақтың тақырыбы: Шығыршықпен жаттығулар

Сабақтың мақсаты:

  1. Қауіпсіздік техникаларын үйрету.
  2. Оқушылардың жинақылығын, дене тәрбиесіне деген қызығушылығын арттыру.
  3. Салауатты өмір салтын ұстануға, қайратты, сымбатты бөлып өсуге тәрбиелеу

Жаңа сабақтың бағдарламасында

  1. Ұйымдастыру бөлімі
  2. Кіріспе бөлімі – шынығу дайындық
  3. ЖДЖ орында тұрып жасау
  4. Негізгі бөлім – жаңа тақырыптың жүзеге асуы
  5. Сабақты қорытындылау

Р / с

Сабақтың мазмұны

Жаттығу өлшемі

Әдістемелік нұсқау

1.

 

 

 

 

 

2.

 

 

 

2.1.

 

 

2.2.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.

4.1.

4.2.

4.3.

Ұйымдастыру бөлімі

-          Оқушылармен амандасу

-          Рапорт қабылдау

-          Сабақ тақырыбын айту

 

Кіріспе бөлімі. Спорттық жаттығулар «сол – ға», «оң – ға», «ай – нал»

 

Орында жүру, спорттық жүру, жай жүгіру, спорттық жүріс

 

ЖДЖ жүріп жасау

-сол қол жоғарыда оң қол төмен, әр қадам сайын алма – кезек кере жүру, келе жатып екі қолды ауада шеңберше айналдыру;

 

-екі қолды желкеге тарақтап қойып солға, оңға кеудені бұра жүру;

 

-қол алда, қайшы жаттығуы;

 

-әр қадам сайын еңкейіп, қолды аяқ ұшына жеткізе жүру;

 

-қол алға қойылған, әр қадам сайын аяқты айқастыра алма – кезек, сол – оң қол ұшына сермей жеткізу,

 

-Қол белде, аяқты жартылай бүге жүру;

 

-демді терең ала жай жүру

 

Негізгі бөлім

 

-Әртүрлі әуендердің ырғағымен би қозғалыстарының кешенін (комплексін) орындау.

- Қолдармен әр түрлі қимылдарды орындаумен үйлестіре гимнастикалық орындық, бөрене үстімен жүру. Төбеге жеңіл салмақты зат қойып, жүру. Гим-настикалық орындықта көзді жұмып, жауырынды алға беріп, бір орында шырқ айналғаннан кейін жүру.

Қорытынды бөлімі

Сапқа тұрғызу

Жаңа тақырыпты пысықтау

Бағалау

2 мин

 

 

 

 

3 мин

 

 

 

15 мин

 

 

6 рет

 

 

 

 

 

8 рет

 

 

 

8 рет

 

8 рет

 

 

 

6 рет

 

 

 

 

 

 

 

 

20 мин

 

 

 

 

 

5мин

 

-          оқушылардың спорттық киіміне көңіл бөлу;

-          сапта дұрыс тұруын қадағалау

 

 

 

-          бұйрық берілген соң бір мезгілде қимыл жасалуы тиіс

 

 

-          қол – аяқ қозғалысының кезек – кезек еркін бірдей жұмысы

 

-          қол буындары тіке

 

-          бірдей, әдемі жасау

 

 

 

 

-          тұлғаны тік ұстау

-          қол иық тұсында

 

 

-          арақашықтықтың сақталуы

 

 

 

 

 

-          тұлғаны тік ұстау

 

 

 

 

-          бұйрықпен орындау

 

 

 

-          бұйрық берілген соң бір мезгілде орындау

 

 

-          сапқа тұрып бөліну

-          шапшаңдық

-          Аяқ тұрысын  қадағалау.

 

-          Бастапқы қалыпты сақтау

 

 

-          Допты алақанмен ұрмай, саусақтарының дұрыс ұстауын қадағалау.

 

-          Екі доппен қатар жүргізуді үйренген қабілетті  шыңдай түседі.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ақсақалдың ақ батасы ана тілі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 756 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.09.2016 821
    • DOCX 348.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Махаева Агайша Талгатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Махаева Агайша Талгатовна
    Махаева Агайша Талгатовна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6931
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 211 человек из 51 региона

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 21 региона

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 33 регионов

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе