Логотип Инфоурока

Получите 30₽ за публикацию своей разработки в библиотеке «Инфоурок»

Добавить материал

и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru

Инфоурок Школьному психологу ПрезентацииПрезентация по самопознании "Ана тілі - жүрек үні" (8 класс)

Презентация по самопознании "Ана тілі - жүрек үні" (8 класс)

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • 1 слайд

    Тақырып: «Ана тілі – жүрек үні» Құндылық: Ақиқат. Қасиеттер: махаббат, жауапкершілік, қамқорлық, татулық.

  • 2 слайд

    Сабақтың мақсаты: Ананың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері: 1. окушыларға ананың махаббаты, жылулығы, қамқорлығын, ақиқат құндылығымен байланыстыра отырып түсіндіру 2. оқушыларды отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншілікпен қамқорлық жасауға баулу. 3. Анасын құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу;

  • 3 слайд

    Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз). Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

  • 4 слайд

    Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. * Сәлемдесу *Топқа бөлу. Оқушыларға ( 2 түрлі гүлдің күлтелері таратылады. Оқушылар күлтелері бойынша бірігіп, бір гүлді құрап, топ болып бірігеді).

  • 5 слайд

    Дәйексөз “Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды” Сұрақтар: 1.Ана махаббаты не себепті бәрінен биік тұрады? 2. Ана алдындағы парыз дегенді қалай түсінесіңдер?

  • 6 слайд

    Әңгiмелеу. «Бір ананың жеті қызы» (аныз әңгіме)

  • 7 слайд

    Сұрақ: Бұл әңгімеде шынайы сүйіспеншілік қалай көрініс тапты?

  • 8 слайд

    Бейнересурс “Бала мен ағаш”

  • 9 слайд

    Шығармашылық немесе топтық жұмыс. 1-топқа тапсырма: Анамызға арнап, өзіміздің ішіміздегі білдіре алмай жүрген риясыз сүйіспеншілігімізді  хат арқылы жолдайық. 2-топқа тапсырма: “Мен анама тілеймін!” әр оқушы өз анасына тілек жазады.

  • 10 слайд

    Үй тапсырмасы “Аялай біл, сен деп соққан жүректі” тақырыбында шығарма жазыңдар

  • 11 слайд

    Соңғы тыныштық сәтi Бүгінгі сабақ үшін алғыс білдіремін,отбастарыңызға сүйіспеншілік, тыныштық, татулық тілеймін. Сабақта үйренген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге сақтап қойыңыздар.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

5 480 908 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.05.2017 1077
    • PPTX 81.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Саябаева Гульнура Самаркановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Пожаловаться на материал
  • Автор материала

    • На проекте: 4 года и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10264
    • Всего материалов: 5