Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Презентации / Презентация по самопознании на тему "Аялай біл, сен деп соққан жүректі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Презентация по самопознании на тему "Аялай біл, сен деп соққан жүректі"

библиотека
материалов

Баймаханова Рита Серікбайқызы

101 орта мектебінің «Өзін – өзі» тану пәні мұғалімі



16 сабақ

Тақырып:Аялай біл, сен деп соққан жүректі

Құндылық:сүйіспеншілік

Қасиеттер:мейірім, қуаныш, достық.

Сынып 7


Сабақ мақсаты: Жаныңда жүрген жақын адамдарды (отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар) сыйлауға, құрметтеуге үйрету.

Міндеті:

Білімділік мақсаты: Адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән-мағынасын түсіндіру;

Дамытушылық мақсаты:Жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

Тәрбиелік мақсаты:Жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлай, қадірлей білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:үнтаспа,

суреттер,нақыл сөздер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық


2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

Өзіңе«Маған»мейірім-шапағатын аямаған адамдар үшін не істей

аласың?

Адамдар саған «рақмет» айта ма? Ал өзің ше?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Алдымен ізгі ниеттерге,ал содан соң даналыққа үйрен,өйткені алғашқысыз соңғысына үйрену қиын.


5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

Айналаңдағыларға қалай қуаныш сыйлауға болады деп ойлайсың?

Басқаларға көмегің тиген жағдайда қандай сезімге бөленесің?

«Өзгелерге қуаныш сыйлағанда,өзжаның асқақтай түседі»дегенді қалай түсінесіңдер?



Оқушылардың жауаптары тыңдалады.


6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

Жағдаятты талдау



Қысқы түн.Үйлердің шамдары сөнген.Ауыл ұйқыда жатыр.Тек қана мектепте шам сөнген жоқ.Бұл ұйықтамай отырған біздің мұғалім ғой.

Мен терезе алдында отырмын.Мектептің терезесіндегі жарық сөнгенше күткім келеді.Ұйқы да қысып барады.Мұғалімнің ұйқысы келмей ме...?Ой құшағында отырып ұйқтап кетіппін...



Қарт атай аулаға алма ағашын отырғызыпжатыр.Екі немересі аулада асыр салып ойнап жүр.Атай ағашты отырғызып біткенше,маңдайынан шүмектептер ағып,шаршап қалды.Атасы дем алуға отырғаны сол еді,үлкен немересі жүгіріп келіп,атасының жүзіне қарап:

-Ата,несіне әуре болдыңыз,сізге оның қажеті қанша,-деді.

-Маған қажет болмағанмен сендерге қажет,ертең-ақ жемісін жейсіңдер,-деді атасы.



Мәтіндердегі кейіпкерлердің( ұстаз,атай)орнына өздеріңді қойып көріңдер.Қандай сезімде болдыңдар?

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі 1,2-тапсырманы орындау.


7.Топпен ән айту. 3 мин.

Дос туралы жыр



Іздегенде табылатын қасыңнан,

Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.

Көріспесек сағынышта жүретін,

Кім бар екен бала күнгі досыңнан.



Жан досым,

Үстем болсын мерейің,

Әрқашан

Жемісіңді көрейін.

Сырымызда бітпесін ,

Жырымызда бітпесін.


8.Үй тапсырмасы. 2 мин«Аялай біл,сен дап соққан жүректі»тақырыбында шығарма жазыңдар.



9.Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап отырады.

Мұғалім жай дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Сау болыңыздар!

Үнтаспа








Автор
Дата добавления 15.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров121
Номер материала ДБ-033888
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх