Инфоурок Другое ПрезентацииПрезентация по самопознании на тему "Кеңпейілділік пен жомарттық"

Презентация по самопознании на тему "Кеңпейілділік пен жомарттық"

Скачать материал

                                                                           Баймаханова Рита Серікбайқызы

                                                         № 101 орта мектебінің «Өзін – өзі» тану пәні мұғалімі

 

Тақырыбы: Кеңпейілділік пен жомарттық

Құндылық :Сүйіспеншілік

Қасиеттер :жомарттық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, қайырымдылық.

Сыныбы: 5 А

Оқушылар саны: 25

Сабақмақсаты:

 Кеңпейілділік пен жомарттық туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының  мәнін ашу.

Міндеттері:

- Оқушыларға  жомарттық пен  кеңпейілділіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру;

- тұжырымды ой айтуға жетелеу,сөздік қорларын байыту, ақкөңілділік,  қайырымдылық көрсету қарым - қатынастарын дамыту;

- қайырымдылық, жақсылық, жасауға  тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Үнтаспа,5 сынып оқулығы,дәптер, А3 формат, түрлі – түсті қалам

Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу,  «5-Т» ережесін  қайталау.

 Жағымды күйге келу сәті             

 «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге:кең байтақ туған елімізге, барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет. 

Тыныштық сәтінен алған әсерлерің?

2.     Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтың 81 - 83 беттеріндегі  «Жомарттық» атты Қырғыз халық ертегісін   оқу, оқушы дәптеріндегі 49 беттегі 1 – тапсырманы орындау.

Сұрақтар:

1.     Ертегіден  не ұқтыңыз?

2.     Патша уәзірлерін қалай сынады?

3.     Жомарттық жасаған баланы қалай сипаттар едіңдер?

4.     Патшаның  жомарттық  байлықпен бола ма, әлде ниетпен болады ма деген сұрағын  сендер қалай түсінесіңдер?

5.     Ал жомарттықты сендер қалай түсінесіңдер?

 

          Кеңпейіл адам – қолында барын аямай, кем – кетікке барын бөліп баретін адам – жомарт адам .

Сабақ барысын талқылау:

 

 

 

Үнтаспа

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзін – өзі тану оқулық 5 сынып

Өзін – өзі тану оқушы дәптері 5 сынып

3.     Дәйек сөз.

  Жомарт бол! Жомарттық сені сүйкімді етеді.

 Ахмед  Иүгінеки

Дәйексөзді әуелі ұлдарға   1 рет, қыздарға   1  рет айтқызамын. Оқушыларға хормен оқыту;

Оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіні сұралады; Дәптерге жаздырылады;

     Жаны жомарт, қолы ашық, кеңпейілді адам өз ортасында сыйласымды, жарасымды өмір сүреді.

 

4.     Әңгiмелеу (Мұғалімнің сыйы).

Нағыз жомарттылық

Аңыз әңгіме
         Өте бай және жомарт болған хазіреті Абдуллаһ бин Жафар-и Таиар бір құрма бағының жанынан өтіп бара жатқан еді. Бір қара нәсілді құл, бақшада жұмыс істеп жатқанда, оған үш мезгілдік тамақ әкеледі. Сол сәтте бір күшік құлдың қасына жүгіріп барады. Тамағының бір бөлігін оған бергенінде, күшік бірден жеп қояды. Екіншісін де, кейінірек үшінші бөлігін де береді. Бұны байқап тұрған хазіреті Абдуллаһ бұл құлдың қасына жақындап сұрайды:
–Әй досым, не үшін өзің аш бола тұрып, үш мезгіл тамағыңның бәрін күшікке бердің? 
–Мырзам, бұл күшік алыс жерден келген. Өте аш және несібесін іздеп жүр.
–Жарайды, ал өзің не жейсің?
–Аш жүріп, сабыр сақтаймын.

Хазіреті Абдуллаһ көрген естігендеріне әсерленіп: «Халық мені жомарт деп біледі. Ал мына қара нәсілді құлдың жомарттылығы менікінен де артық.» — дейді. Құрма бағын және осы құлды қожайынынан сатып алады. Құлды азат етеді де, еркіндік береді. Құрма бағын да ішіндегілерімен бірге өзіне сыйға тартады.
Сол кезде хазіреті Абдуллаһқа біреу айтқан екен:
–Сен қазір одан да жомарт болдың.
–Өкінішке орай олай емес. Өйткені, ол қолындағы иеленген мүлкінің бәрін берді. Ал мен, иеленгенімнің аз ғана бөлігін бердім. — деген екен.

Сұрақтар:

1.      Қара нәсілді құл қандай жомарттық жасады?

2.     Хазірет Абдуллаһ неліктен құлдың жомарттығын өзінің жомарттығынан жоғары санады?

3.     Біздің  қазақ халқының  қандай жомарт адамдарын  білесіңдер?

4.     Жомарттық деген сөзді қалай түсінесіңдер?

5.     Өздеріңнің  кеңпейілділік, жомарттық жасаған кездерің  болды ма?

       Адамның өзге адамдарға шын пейілімен жақсылық жасауынан жомарттықты байқауға болады. Адам бойындағы сезімталдық, қамқорлық қасиеттер риясыз көңілмен өзінде барымен бөлісуге жетелейді, зәру адамдарға қол ұшын беру  - кеңпейілділіктің белгісі.

 

5.     Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

       Жеке – жеке жүрекшелерді алыңыздар. Жүрекше бетіндегі сөздерге орай топқа бөлініңіздер. Әр топ тапсырманы орындаймыз.

 Дайындыққа 10 минут уақыт беріледі

1 топ. Кеңпейілділік пен жомарттыққа мақал – мәтел айту.

2 топ. “Жомарт адам баймен тең” дегенді негізге ала отырып, ой толғау жазу.

3 топ. “Жомарт адам бергеннін айтпас” атты тақырыпқа жоба қорғау.

4 топ. Кеңпейілділікке, жомарттыққа сурет салу.

А3 форматы, түрлі –түсті қалам.

6.     Топпен ән айту.

Құндылықтар әлемінде

Ақиқаттың әнін,

Айтамын күнде мен.

«Бөбек» әлемінің сырларын түсініп,

Нұрына шомылдым күннің.

Тыныштық жан - көркем,

Керемет ол неткен,

Ар-ұждан сөйлейді,

Жүректі тербейді,

Бақытқа бізді жетелеп.

Қайырмасы:

Құндылықтар  – мәңгі әнім,

Құндылықтар  – өмір мәні.

Ізгіліктің ғажап күйіне

Ертесіңдер сендер-2 рет

2 . Дұрыс әрекеттер

Сүйіспеншілік береді,

Тыныштық орнайды,

Қиянат болмайды,

Адамзатқа әлемдегі.

Қайырмасы:

Құндылықтар  – мәңгі әнім,

Құндылықтар  – өмір мәні.

Ізгіліктің ғажап күйіне

Ертесіңдер сендер-2 рет

Үнтаспа, минусовка

Құндылықтар әлемінде

 

7.     Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 94 бетіндегі  Ә.Ысқақбаев «Бесағаш бұлағы» мәтінін оқып, мазмұндап келу.

Оқушы дәптерінің  56 бетіндегі 1-тапсырманы орындау.

Өзін – өзі тану оқулық 5 сынып

Өзін – өзі тану оқушы дәптері 5 сынып

8.     Соңғы тыныштық сәтi.

      Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап отырады.

     Мұғалім жай дауыспен:

     «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

       Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Сау болыңыздар!

Үнтаспа

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по самопознании на тему "Кеңпейілділік пен жомарттық""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист-аналитик

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.04.2016 2622
    • DOCX 65.5 кбайт
    • 54 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баймаханова Рита Серикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баймаханова Рита Серикбаевна
    Баймаханова Рита Серикбаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7733
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 225 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе