Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыПрезентация по самопознанию на казахском

Презентация по самопознанию на казахском

Скачать материал

 

     Мен ОҚО Ордабасы ауданындағы  Бадам ауылының С. Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беремін. Жоспарланған жаңа технологиялық  сабағымды 6 Ә сыныбына  өттім. Сыныпта барлығы 16 оқушы бар. Оның ішінде оқу үздігі – 2, оқу екпіндісі – 5, қалғандары қанағаттанарлық оқушылар.

    Мен сабағымды бастамас бұрын Бағдарлама бойынша өз оқушыларымның бойында қаншалықты өзгеріс болатынын бақылау мақсатында АВС оқушыларын таңдап алдым. «А»  деңгейдегі оқушым - Рахымберді Еркебұлан, «В» деңгейдегі оқушым - Оңғарбек Мағжан, «С» деңгейдегі оқушым Асабай Мөлдірді сабақ барысында бақылауға алдым.

Сабақтың тақырыбы: Абайдың «Он жетінші қара сөзі»

Сабақтың  мақсаты: Оқушыларға өмір, оның мәні туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру

Сабақтың міндеті: Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету

Күтілетін нәтиже: Оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы өмірдің мәнін, өмірінің өз қолында екендігін түсінеді.

   Сабақты оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын

қалыптастыру мақсатында шаттық шеңберіне тұрғызудан бастадым. Оқушылар шеңберге тұрып, бір –біріне қызыл жүректі ұсыну арқылы «Мынау менің жүрегім, мен саған...» деп басталатын ыстық тілектерін айтты және тақтадағы жаңа тақырыппен байланысты «Өмір, өмір» өлеңінен бір шумағын :

                   Өміріме өзімнің таң қаламын,

                   Қалмаймын деп қатардан қамданамын,

                   Бүгінімді өткізсем қиындықпен,

                   Ертеңіме үмітпен қамданамын! – деп, мәнерлеп хормен оқыды. Орындарына отырғызып, алдымен үй тапсырмасын сұрадым. Алдыңғы сабақта үй тапсырмасына А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы берілген болатын. Өлеңді әр топтан бір оқушыдан айтып шықты. Үй тапсырмасын айтқан оқушыларды формативті бағалап отырдым, яғни «жарайсың», «тамаша», «керемет» деген сөздерді айта отырып, оқушыларды сабаққа ынтылындырып отырдым. Осылайша оқушылар арасында және мұғалім мен оқушы  арасында  ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты.

         Үй тапсырмасы сұралып болған соң, оқушыларды жаңадан топқа бөлдім. Топқа бөлуде түрлі түсті мозайкаларды пайдаландым. Мозайкамен бөлуді алғаш рет пайдаланғандықтан, оқушыларды топтастыру кезінде уақытты көбірек жұмсап қойыппын. Себебі, мұндай тәсілге үйренбеген  оқушыларым өз орындарын тауып отыра алмай жатты. Мен ұсынған мозайкалар оқушыларға қиындық тудырды. Сол кезде маған бір идея келді. Оларға жеңіл түсінікті болу үшін, өздерінің салған суреттерін қиып, мозайка жасадым, келесі сабақта нәтижесі жақсы болды. Оқушыларым топқа сыни тұрғыдан ойлану арқылы бөлініп, тақтаға қарап, жасыл түстер "Уақыт" тобына, қызыл түстер «Өмір» тобына, көк түстер «Сенім» тобына, сары түстер «Үміт» тобына барып отырды. Орындарына отырған соң тақтада оқыған өлеңдерінің мағынасын талдаттым, сонда сыныптағы «С» оқушым былай: «Бұл өлеңде кәдімгі өміріміз айтылған , төрт қатар өлеңнің өзі өміріміздің біраз жерін көрсетіп тұрғандай, қатардан қалмайық деп, күйбелең тіршілікпен жүреміз, бүгінгі күнімізді қиындықпен өткізсекте ертеңгі күнімізден жақсылық күтеміз», - деп талдап берді. Әр топ өз ойларын айтып, тақырыпты сыни тұрғыдан ойлай отырып, өздері ашты. Оқушыларды слайдтағы сабақтың тақырыбымен,  мақсатымен таныстырдым. Алдыңғы сабақтарымда бағалау әділ болмағандықтан бағалау критерийін алдын-ала оқушылармен бірге отырып, жасап алдық. Әр топ бағалаушыларымен бағалау парақшаларын сыздық.

Бағалау критерийін оқушыларға оқып бердім.

1.       Үй тапсырмасы

2.       Постер қорғау

3.       Теориялық тапсырма мен практикалық тапсырма

4.       Топпен бірігіп сыни көзқарас білдіру

Бағалау парақшалары:

“5”=15+
“4”=12-14
«3»= 10-12      

 

        Оқушыларды сын тұрғысынан ойлату мақсатында оқулықта берілген «Он жетінші қара сөзде не айтылған ?» деген тапсырмаға жауапты постерге бейнелеуді ұсындым. Гарднер – Адамдар көп қырлы зияткерлікке ие, - деп айтқандай, бұл жұмыс барысында Лесбектің топты басқарып, көшбасшылық жасағанын байқасам, зеттеудегі «А» оқушым бар ынта – шынтасымен сурет салып отырғанын байқадым, топтағы басқа үш оқушы оған сенім артып қарап отыр, ол өзіне сенім артылғанын сезіп, өзін сенімді ұстап,  үш оқушыға салынған суреттерді бояуға нұсқау беріп те қойды. Зерттеудегі «А» оқушым сабаққа ынтасы төмен,  өзі тұйықтау болып көрінетін.  Осы жаңа әдісті қолдана отырып, бұрын білмеген талантты оқушымды анықтап, ол оқушымды басқа тұсынан танығаным менің болашақта түбегейлі өзгеруге деген құлшынысымды арттырды. Оқушыларға қажетті бар жағдайды жасап, күрделенген тапсырмаларды орындата отырып, зерттеуге алуды өзіме мақсат тұттым. Дәстүрлі сабақта сабақ түсіндіру мен сабақ сұраумен ғана шектеліп, алдымдағы оқушыларды үлгерімі төмен оқушы және жақсы оқитын оқушы деп қана танып келдім. Бағдарламаның жаңа тәсілі маған қатты ұнады.  Ал, енді өзімді «дарынды бақылаушы»  деп сезінуім үшін әлі де көп ізденуім керек. Оқушылардың бойынан жаңа әдіс-тәсілдер арқылы өзі де білмейтін  дарындылық, таланттылық қасиеттерін ашуым керек екенін түсіндім.

      Выготскийдің айтуы бойынша , жақын арадағы даму аймағы – оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен  анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. Әр топтың репортерлері тақтаға шығып, постерін қорғады.  Мұндағы байқағаным балалар  ЖАДА – да жұмыс жасай отырып, бір-бірімен пікір алмасты,  бірге жұмыс атқарды ,  ортақ бір шешімге келді. Әр топтың  репартерлерін тыңдап, «Екі жұлдыз бір ұсыныс» арқылы  басқа топтарға бағалатып отырдым. Бағдарламаның «Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау» модуліндегі  формативті бағалау жүрді.  Оқушыларды осы әдіс арқылы бағалау, үнемі «жарайсың», «бәрекелді», «кереметсің» деген сөздермен ынталандыру менің тәжірибемде оң өзгеріс алып келді, оқушылар бұрынғыдай сабақ айтуға қысылмайды, білгенін ішіне түйіп қалмайды, керісінше  мен айтайыншы деп қате жауап айтудан қорықпайды.

     Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диологтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті.        Сабақ барысында диалогты оқытуды қолдана отырып, оқушылардың іс-әрекетінен байқағаным, олар өзара идеялармен бөлісіп, бір-бірін тыңдап, тапсырманы бірігіп орындады. Нәтижесінде менің оқушылармен және сыныптағы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы жақсарды, оқушылардың сабаққа қызығушылығы артып,  дұрыс сөйлеуге дағдылана бастады. 

     Оқушылар өз бетімен  және  бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау арқылы және сыни тұрғыдан ойлай отырып, өз ойына шабуыл жасайды.   Сыни тұрғыда ойлауға үйрету үшін мұғалім алдымен өзі сыни тұрғыда ойлай алу керек деп ойлаймын. Сыни тұрғыда ойлау модулі кез келген алып модулмен байланыста болады.  Бірінші тапсырма теориялық тапсырма «Миға шабуыл»  әдіс – тәсілін пайдаланып,  слайдта берілген сұрақтар арқылы оқушыларды бақыладым. Сұрақтар әр топқа бөлек бағытталды.  Әр топ өздеріне берілген сұрақпен танысып,  ортаға салып,  талдап ауызша жауап берді.  Нәтижесінде "Диалогты оқыту"  әдіс-тәсілдерді  пайдалану  орта  буын  сыныптары  үшін өте тиімді екенін білдім.  Диалогты  оқыту оқушылардың сөздік  қорын молайтып отырады екен.

     Оқытудағы басқару және көшбасшылық

Берілген модуль тақырыбы педагогикалық жетілудің пайдаланылмаған әлеуеті, мұғалімдерге қолдау көрсетілген жағдайда, кәсіби өсу мен бірлескен кәсіби білім беруде іске асырылады деген сенімге негізделген.

Мұндай тәсілде кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды.  МКДЖ бағдарламасы " мұғалім - зерттеуші " түсінігіне емес, " мұғалім - дамыту жұмысының көшбасшысы " түсінігіне негізделе құрылған.  Кез - келген мұғалім өз сыныбын басқарып көшбасшы бола алады. Сынып ахуалын реттей отырып бағыт - бағдар беріп отырады. Ол үшін мұғалім білімді, ұшқыр ойлы,  ұйымдастыру қабілеті өте жоғары болған жағдайда ғана өзінің артынан ерген оқушылардың үмітін ақтайды. Сонымен қатар осы сабағымда бағалауды топбасшының міндетіне қойдым.  Бұл әдіс оқушылардың білім деңгейінің көтерілуіне, ұйымдастырушылық қабілетінің дамуына, адамгершілікке баулиды. Осындай тәсілмен кейбір оқушыларды көшбасшылыққа тартуға болады екен.

 Екінші тапсырма деңгейлік тапсырма болды, сыныптағы дарынды оқушылар мен үлгерімі төмен оқушыларды  қадағалау мақсатында слайдта берілген сұраққа оқушылар жеке жұмыс жасады,  жеке жасаған жұмыстарын жұппен талқылап,  жұптық жұмыс жүргізді, одан соң барып ортаға салып, топтық жұмыстарын оқыды. Әр топтағы жақсы оқитын оқушылар көшбасшылық жасап,  жазған жұмыстарына аз ғана түзетулер енгізіп,  жария етті. Бұл жерде мен көшбасшылықты байқадым, себебі әр топтағы үздіктер басқалардың жұмыстарына қанағаттанбай өздерінің жауаптарының дұрыс екендігіне сенімді болды,  өздері топтың атынан жария етті Бұл тапсырманың нәтижесінде зерттеудегі АВС оқушыларымның үшеуі де өз деңгейіне қарай жауап бере алды. «Өмір» тобындағы «А» оқушым – Адам баласы алдына қойған мақсатына жету үшін және бақытты болу үшін өмір сүреді,-  деді. «Уақыт » тобындағы «В» оқушым – Өмір бізге біз білмейтін беймәлім сырларымен қымбат, уақытты бағалаумен қымбат ,- деп жауап берді. «Үміт» тобындағы  «С» оқушым – өмір мәнін түсіну ең басты мақсат болу керек, біз өзімізге  мен бұл өмірге не үшін келдім?  Менің бұл өмірдегі орным қандай? Мақсатым не? деген сұрақтар төңірегінде көп ойлануымыз қажет. Осы сұрақтарға жауап тапсақ демек өмір мәнін түсінгеніміз, - деп жауап берді.

        Үшінші тапсырмада  оқушыларға  эссе жазу берілді.  Оқушылар «Менің қолымнан бәрі келеді» тақырыбында ой толғау жазды.  Үлгерімі төмен оқушы  Қанатқа жазған эссесін оқытқыздым.  Жазған эссесіне қарай баланың сабаққа ынтасы ауғанын, қызығушылығы оянғанын байқадым. Дәстүрлі сабақта екі сөйлемнің басын әрең құрайтын оқушымның сарылдап жазған эссесін асыға оқып тұрғаны мені қатты қуантты. Ал, зерттеудегі  «А» оқушым эссені жаза алмаған,  «В» мен  «С» оқушыларым эссені жазған.

     Келесі (С)  тапсырмасы  мәтінмен жұмыс жасап, өз ойларын  сын тұрғысында ойлай отырып,  жеткізу  болатын. ( оқушылардың «Ішкі уәж» қасиетін байқау).

       Тапсырманы әр топтың үздіктері жасады. Бұл тапсырмада да көшбасшылықты байқадым. Әр  топтың көпбасшысы  жазған жұмыстарын дәлелмен оқып берді.  Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен бірге өзгелердің ойына сыни  тұрғыдан қарап, естігенін, білгенін талдап, салыстырып,  реттеп,  жүйелеп,  білмегенін  өзі  зерттеп,  дәлелдеп,  тұжырым жасауға бағыттайды.  Нәтижесінде «С» оқушысы бұл тапсырманы  өзіндік  дәлелімен,  жан-жақты мысалдарымен сыни тұрғыдан ойлай отырып, орындады,  ал «А» мен «В»  оқушысына бұл тапсырманы орындау  қиын болды.  Бұл үш деңгейлік тапсырманы бере отырып, мен зерттеудегі  АВС оқушыларымның қабілетін , бойындағы бұрын өзім білмеген қасиеттерін бақылап, деңгейінің қаншалықты екендігін көргім келді.  Нәтижесінде  зерттеудегі «А» оқушымның бойындағы бұрын өзім білмеген талантын байқадым, «В» оқушымның көшбасшылыққа бейімділігі,  В деңгейінен  С деңгейіне дейін көтеріліп келе жатқанын байқадым. «С» деңгейдегі оқушымнан  Фриманның зерттеу парағында көрсетілген өлшемдерді байқай алдым (МАН 73-бет):

Есте сақтау және білім:  есте сақтау қабілетінің өте жоғары екендігін;

Өз білімін жетілдіру:  сабақтың тақырыбына байланысты өзінөзі реттей алатындығын;

Ойлау қабілетінің жылдамдығы: ол тапсырманы жоспарлағанда біраз уақыт жіберді, бірақ тапсырманы дәлелдеуде мақсатына тез жеткенін;

Күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығуы арту үшін қиын ойындар мен тапсырмаларға ұмтылып отырғанын.

   Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында, сергіту сәтін жасаттым. Сабақ ортасында жасалатын сергіту сәтінің де оқушыларды ынталандыруға, ынтымақтастық атмосферасын бір қалыпты ұстауға үлкен септігінің барын байқадым.

     Сабақты қорыту мақсатында «Ішіне – сыртына» стратегиясы мен «Өрмекшінің торы» тәсілін қолдандым.

     «Ішіне сыртына» стратегиясында оқушылар сабаққа қатысы бар сөздерді ішіне , қатысы жоқ сөздерді сыртына жазады . (Бірлескен сұхбаттың жүргізілуі)

     Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау техникасын пайдаландым. Сұрақтың оқушыларға дұрыс бағытталуын қадағалау мақсатында «Өрмекшінің торы» тәсілін пайдаландым. Мұнда слайдтағы сабақты қорытатын сұрақтарға назар аударттым. Қолымдағы жіпті «Уақыт» тобындағы «В» оқушыма сұрақ қойып лақтырдым. Оқушы жіпті қағып алып, ұшын саусағына байлап, сұраққа жауап берді де  тақтадағы сұрақты ретімен келесі оқушыға қойып, жіпті лақтырды.

Нәтижесінде: оқушылар тақырып бойынша және сындарлы  сөйлеуге ынталанды; 

Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдері анықталды;

Оқушыларға сыни тұрғыдан ойлануына көмектесті.

«Білім беру үшін бағалау және оқыту»

   Александр (2001) сыныптағы бағалау тек ғана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолмен боғалайды деп көрсетеді.Осы  сабақта  оқушылар  жұптасу  арқасында  жұмыс  жасады.Оқушыларға  сын  есім  сабағына  байланысты «Бес жолдық өлең» жазуды  тапсырдым. Бұл  тапсырманы  оқушылар  бірін-бір «Екі жұлдыз  бір  тілек» арқылы  бағалады. Осында  мен  оқушыларға  қалай  не үшін  оқу керектігін  айтып  отырдым. Алға  жылжу  үшін  оқушы  нені  өзгерту  керек екенін,қалай  жақсарту  керектігін  түсінді. Бұл жердегі ауызша бағалау менімше құрлымды бағалау деп түсінемін. Іс – тәжирибе кезінде құрлымды бағалаудың үздіксіз жүріп отыратына көз жеткіздім. Әрбір оқушы бір сұраққа жауап берседе мақтау, мадақтау арқылы бағалап отыруымыз қажет. Мысалы: жарайсың, бәрекелді деген сияқты сөздермен. Келесі бағалаудың түрі өзін -өзі бағалауы. Бұл өзін-өзі бағалау оқушының өзін – өзі реттеуге алып келеді екен және әрбір іс – әрекетіне жауап беруге дағдыландырады.

     Бағалау- одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін  жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

    Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанына қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатың мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.

    Оқуды бағалаудың мақсаты керісінше оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін  жинақтау болып табылады.

    Зерттеу бағалау арқылы оқытуды жақсарту бір қарағанда қарапайым болып көрінетін бес басты фактордан тұратыңдығын көрсетті.

1.      Оқушылар тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

2.      Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы

3.      Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.

4.      Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.

5.      Оқушылардың өздерін – өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсінудің қажеттілігі. (нұсқаулық 60 б)

 Мен өз сабағымда осы бағалау түрлеріне жүгіндім. Оқушылар сабақтың қорытындылау кезеңінде бір – бірімен кері байланыс жасау арқылы өздерінің қаншалықты сабақты менгергенің білді. Мен оқушыларды осы әдіс арқылы смайликпен бағаладым. Сабақ барысында топ басшыларына бағалау парағын бердім. Онда топ мүшелерінің аттары жазылады және тапсырмалары көрсетілген. Қандай оқушы қай тапсырманы қалай жауап беруіне қарай бағалап отырады. Бағаны түстер арқылы бағалады   қызыл-5, жасыл-4, сары-3, деп белгіледі. Мұндай бағалау оқушылардың көшбасшылыққа деген ынтасын арттырады. Өзін – өзі реттеуге септігін тигізді.

Нәтижесі: сабақ өз мақсатына жетті, оқушылар топтық жұмыс барысында өз ойларын еркін жеткізе алды. Тапсырмалар мен жаттығуларды өз бетінше орындай алуға үйренді. Өзін - өзі бағалау арқылы өздерін реттей бастады. Көшбасшылыққа қызығушылық таныта бастады. Дарынды балалар күрделі тапсырмаларды орындауға белсенділік көрсетті. 

  Сабақтағы кедергілер:  1. Сабақтағы жаңа әдіс - тәсілдерді оқушылардың алғашында игере алмауында.    2. Топтық жұмыста дарынды балалардың үстемділігі.

  Шешу жолдары: 1. Сабақтағы қолданылатын әдіс - тәсілдерді жеңілдету. 2. Деңгейлік жұмыстарға жоспар дайындау.

  Келешекте оқушылардың білімге деген зейінін дамытар едім.

  Менің өзгерткім келетіні бір сарынды сабақ  өтуді оқушылардың өз бетінше ізденуге жол ашар едім. Сонымен қатар сөйлеу мәдениетін, әдеби кітап оқуға деген қызығушылығын арттырар едім.

  Тізбектелген сабақтар бойынша қазақ әдебиеті пәнінен өткізілген бір сабағыма   бағдарламаның модулін осылай байланыстырдым. Сабақ барысында 7 модулдің өзара байланысты болатынын түсіндірдім. Оқытудың жаңа әдістерін пайдалану бастауыш сынып оқушыларына  әсіресе топқа бөлініп жұмыс істеуде, диологты әдісті, миға шабуыл әдістерді пайдалануда, өзін - өзі реттеуге, сабаққа деген белсенділігі, қызығушылығы артуымен де ерекше әсер қалдырды. Алдағы уақытта яғни жаңа оқу жылымнан бастап  7 модулді өз сабақтарыма кіріктіре отырып, жоспар құраймын және оны іс жүзінде пайдаланып, келешек ұрпақтарымызға сындарлы да сапалы білім беруге әрекет жасаймын.

     

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по самопознанию на казахском"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 926 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.03.2017 617
    • DOCX 27.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садвахасова Жадыра Серікқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Садвахасова Жадыра Серікқызы
    Садвахасова Жадыра Серікқызы
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6077
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инструктор по трудовой терапии для детей с девиантным поведением

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 71 человек

Курс повышения квалификации

Семейная терапия при коммуникативных нарушениях в семье

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 168 человек

Курс повышения квалификации

Нейропсихология детского возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1013 человек из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 296 человек

Мини-курс

Поиск работы: карьерные ориентиры и мотивы выбора профессии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов