Инфоурок Другое ПрезентацииПрезентация по САМОПОЗНАНИЮ на тему"Өзінді тану-өмірді тану" (9 сынып)

Презентация по САМОПОЗНАНИЮ на тему"Өзінді тану-өмірді тану" (9 сынып)

Скачать материал

                                                                                              9-сынып

№1-2 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өзіңді тану - өмірді тану.

Мақсаты: Оқушылардың өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: -   өмірдің адам  үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;

-          өмірді мәнді, мазмұнды сүруіне ықпал ету;

-          өмірді бағалауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы.

А. Оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтау.

Ә. Өзін-өзі тану пәні туралы айту, оның мақсаттарын түсіндіру.

Негізгі ұғымдар: рухани – адамгершілік  құндылықтар, салауаттылық,

                              ізгілік, өмір, денсаулық, өмір тәжірибесі, мәдени мұра

                              өмірдің мәні, әділдік, сенім т.б.

а) Мұғалім:    Тақырып «Өзіңді тану - өмірді тану» деп аталады.

                         Соған қатысты «жалпы адамзаттық құндылық»,

                         «рухани-тазалық», «қарым-қатынас жарастығы» деген негізгі

                          категорияларға анықтама берсек.

ә) Оқушылар жауабы

Дәйектеме:      Абайдың он бесінші қара сөзі.

Б. Шаттық шеңбері.

Оқушылардың жағымды көңіл күйін қалыптастыру және сабақта көңілді орта құру мақсатында ән айтуды  ұсынамын.

«Ақ көгершін». А. Жұбанов, сөзі Н.Баймухамедов.

В. Әңгімелесу.

                Оқушыларға  өмір, өмірдің мәні, мәнді өмір сүру, өмірді бағалай білуі және ол үшін адамның ең әуелі өзін-өзі тани білуі қажет екенін ұғындыру мақсатында «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен сұрақтар беріледі.

                - Өзін-өзі  тану пәнінен не күтесің, нені үйренгің келеді?

                - Өмірдің мәні неде деп ойлайсың?

                - Мәнді өмір сүру үшін адамға не қажет?

                - Өмірді бағалай білесіз бе?

                - Өмірден не күтесіз?

                - Сіздің мақсатыңыз қандай?

Г. «Сахналау».

Оқушыларға ой салу, олармен ой бөлісу, өмірдің мәнін кеңірек ашу мақсатында ата мен немеренің диалогін сахналау. Мәтінді рөлдерге бөліп оқып, мәтіндегі ойға өз көзқарасыңды білдіріңіз.Сабақтың мақсатына нақты тұжырым жасалады.

Ғ. «Тыныштық сәті».

Балалардың көңіл күйі көтеріңкі болып, өздерін жақсы сезінуі үшін керек.

Мұғалімнің сөзі:

- Балалар   денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар, көздеріңді жұмып, еркін тыныс алыңдар. Өз тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар. Оқушылар өз қалпына келген соң, тапсырма беріледі.

Д. Тапсырма.

Өлең оқу. М.Мақатаев. «Өмір керек».

                Өлеңді кезектесіп оқып, талдайды. Тапсырманы орындау балаларды  ойландырып, адамдарға жақсылық жасауға ұмтылысын күшейтіп, оларды мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеуге бағытталады.

Е. Дәйексөз

В. Гетенің сөзі:

«Алдымен өзіңді үйрет, сонда ғана басқалардан үйрене аласың».

Үйге тапсырма:

-Ән ұран жаттау.

-Жаңа әндер жаттап келу.

P.S   Ән ұран таңдау.

Соңы.

Көгершін.

Ақ көгершін, қолқанат құс сен едің.

Бар кезіп қайт, ел үшін.

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп

Көз алмастан жолыңнан

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.

                        қ-сы

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына.

8-9 сынып

Өзін-өзі тану пәнін оқудағы менің негізгі мақсатым мыналар:

                - Өз бейімділіктерімді ашу.

                - Өз темпераментімді, мінез-құлқымды, қабілетімді ескере отырып

              жеке  тұлға болып даму, қалыптасу.

                - Білім алу,  алған білімді шығармашылықпен қолдану дағдыларын

              қалыптастыру.

                - Жеке тұлға ретінде өмірлік  ұстанымымды айқындау.

                - Өз бойымда жеке тұлғалық қасиеттерді  қалыптастыру. Олар

              мыналар:  махаббат, адамгершілік, жан тазалығы, өзін сыйлау,

              дербестік, еңбекқорлық, өзіне сенімділік, мақсаткерлік.   

                - Өзгелерге қатысты:

                  Жауапкершілік, көпшілдік, елгезектік, әділдік, төзімділік, сыпайылық

              қасиеттерді бойыма дарыту.

                - Әлемге қатысты:

                  Қамқорлық, білімге құштарлық, танымдық, махаббат, қайырымдылық,

              қоғамға қызмет ету.

                - Адамзатқа қатысты:

                  Елжандылық, оптимистік, дәстүрді жалғастыру, болашаққа ұмтылу, зор

              жауапкершілік.

                  Осы мақсат-мүдделерді іске асыру, үшін еңбек етемін деп уәде   беремін! 

6-7 сынып

                Өзін-өзі тану пәнін оқудағы менің негізгі мақсатым мыналар:

                - Адамгершілік құндылықтар туралы білімімді дамытамын: ізгілік,

            ізденіс, әсемдік, әдептілік,  бауырмалдық, жанашырлық, ынтымақ,

            бірлік, денсаулық, өмір, ақиқат мәдени мұра деген ұғымдарды толық

            түсініп, қабылдай аламын.

                - Адамның жағымды, жағымсыз қасиеттері, эмоциялары мен сезімдері

            деген не екенін толық ажырата білемін.

                - Дене мен психикалық саулық деген не, салауатты өмір салтының

            мәнін түсініп, жағымсыз әрекеттерден аулақ боламын.

                - Бос уақытымды тиімді өткізудің қажеттілігін түсініп, өз уақытымды

            дұрыс жоспарлаймын.

                - Достық деген не екенін бағалай аламын, реніш пен түсінбеушілікті

            кешіріп, басқа адамды тыңдай аламын, түсіне аламын.

                - Өзімнің эмоциямды басқара аламын.

                - Дербес және жауапты шешім қабылдай аламын.

- Өз әрекетімнің айналадағы адамдарға әсерін түсініп, бағалай аламын.

   Әйгілі адамдар өміріндегі жақсы құндылықтардан үйреніп, өз

   қажетіме жарата аламын.

                   Осы мақсаттарды іске асыру жолында еңбек етуге уәде беремін!

Тақтаға ілу.

   а) «Өзіңді тану - өмірді тану»

             ә) «Алдымен өзіңді-өзің үйрет, сонда ғана басқалардан үйрене

                 аласың». В.Гете.                                                                                       

             б) «Адам - өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар,

                 түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді». Б.Бұлқышев.                                                                                                  

4-5 сынып

Өзін-өзі тану пәнін оқудағы менің негізгі мақсаттарым мыналар:

- Адамгершілік құндылықтарды түсінемін: (Жан сұлулығы, жақсылық,

  салауатты өмір сүру, сөз, сенім, сабырлық, ұстамдылық, адалдық

  еңбекқорлық, жомарттық, шығармашылық т.б.).

- Адамның жағымды, жағымсыз қасиеттері, эмоция, сезімдері дегенді

  ажырата білемін.

- Мен қайталанбас жеке тұлғамын, өзгелердің де жеке тұлға екеніне

  құрметпен қараймын.

- Өз ойларым мен сезімдерімді еркін жеткізіп, өзім туралы шынайы

  пікір білдіре аламын.

- Отбасымды сыйлаймын. Ұрыс-керіс, дау-жанжалдың жағымсыз

  екенін түсінемін, оларды жеңе аламын, ынтымақ пен келісім негізінде

  әрекет ете білемін.

- Өздігімнен білім аламын, өзімді іс жүзінде көрсете аламын,

  шығармашылықпен жұмыс жасап білемін, өз қабілетім мен

  мүмкіндігімді жұмсай аламын.

          - Басқа адамдардың ар-ожданына нұқсан келтірмей, өз ұстанымдарыма

            берік боламын.

  Осы мақсат – мүдделерді іске  асыру үшін еңбек етуге уәде беремін!

Тақтада

1. «Өзімді-өзім танумен өсіп келем...»

2. Адам – ғалам ғажайып жеке-дара,

                   Жан құмары-ізденген мәңгі сана.

                   Өзіңді-өзің танысаң істің басы,

                    Түзеген өз ғаламын болған дана.

                                                                         Әл-Машани. 

«Көкіректе сәулесі жоқтың

        Көңілінде сенімі жоқ».

                                                                                                                                                              Абай.

9-сынып

№3 сабақ

Салауаттылық - өмір негізі.

Мақсаты: Оқушылардың денсаулық, салауаттылық

                              туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: - Салауатты өмір сүрудің мәнін ашу;

                                 - Салауатты өмір сүруіне ықпал ету;

            -Денсаулықты бағалауға, салауатты өмір салтын

              ұстануға тәрбиелеу.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын өткен сабақпен байланыстыра отыра таныстыру.

Мұғалім: Балалар, өткен сабақтарда «Өзіңді тану - өмірді тану» деген тақырыпта әңгімелестік. Сол туралы бүгін қандай ой-пікір айтып, тақырыпты қорытындылай аламыз?

Өмір – бұл  адамның жарық дүниеде, жер бетінде көрер аз күндік  қызығы мен рахаты немесе азабы мен қасіреті, жақсы мен жаманды үйренетін мектебі. Біреу адал, парасатты, білімді мейірім-қайырымы мол болса; енді біреу қатал, мейірімсіз, іші тар, қу, ез, жылпос, еріншек болады, осы қасиеттің бәрі өмірден кетерде өмір безбенімен өлшенеді, адам сол кезде өкініп, сол кезде шүкірлік етеді.

Дәйексөз: «Адам өз өмірінің суретшісі». Ол өмірді сырлап бояуға,

оған ажар түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді.

Баубек Бұлқышев.

                                                                                  Н. Сәрсенбаев.

                                Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,

Жаныңның саулық рухын аман сақта,

Өмірде  бақыттысың денің сауда,

Өмірдің қарбалаңы жай бір қауға

Жан мен тәннің құпиясын  аша білсең,

Сол сенің жеткен жерің биік тауға.

                Мұғалім өлеңді оқып бітіп, сабақтың тақырыбын айтады.

                Әңгімелесу.

                Сұрақтар беріліп, оларға жауап айтып, ойлануға шақыру. Мақсаты – денсаулық, салауаттылықтың адам өміріне әсері, жалпы адамның өмірлік айқындамасын белгілеудегі маңызын ашу.

-          Денсаулық, салауаттылық дегенді қалай түсінесіздер?

-          Осы екі ұғымның арасында қандай байланыс бар?

-          Өзіңіз салауатты өмір сүру қандай әрекеттер жасайсыз?

-          Салауаттылық  - өмір негізі деген ойға көзқарасыңыз қандай?

Дәйексөз. қушылар айту керек).

Шығармашылық жұмыс.

Оқулықта берілген мәтіннен  Ұлықпан Хакімнің денсаулыққа қатысты жеті өсиетін оқып, талдау.

Мәтінмен жұмыс.

1)       «Ойлан достым...». А.Самиғоллаұлы.

2)       «Қателіктің арты өкініш». Р. Пернеханқызы.

Дәйексөз қушылар айтады).

Жүректен – жүрекке

а) Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілек айтады.

ә) Бәрі қол ұстасып тұрып, «Көңіл көктемі»  әнін шырқайды.

«Көңіл  көктемі»

Сөзі мен әнін жазған М.Ы.Ыбыраев

                І. Туған жерді шарлайтын,

                   Шаттық болғым келеді.

                   Жүректерді баурайтын

                   Бақыт болғым келеді.

                                Қайырмасы

                   Қызғалдақтай жерімнің

                   Сәні болғым келеді.

                   Сүйіп айтар елімнің

                   Әні болғым келеді.

                                Қайырмасы

                ІІ.Тамылжыған таңдарға,

                    Көрік болғым келеді.

                    Жалындаған жандарға

                    Серік болғым келеді.

                                Қайырмасы

                ІІІ.Көктем болып көңілді,

                     Нұрландырғым келеді.

                     Шұғыладай өмірді,

                     Түрлендіргім келеді. 

                4-сабақ

Салауаттылық - өмір негізі

            Мақсаты: Оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту.

            Міндеттері:

-       Салауатты өмір сүрудің мәнін ашу;

-       Салауатты өмір сүруіне ықпал ету;

-       Денсаулығын бағалауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Оқушылар жылы сезімге бой алдырып, жарқын көңіл күйге түсу үшін мұғалім мейіріммен шаттық шеңберіне шақырады. Балалар шеңбер құрып, Н.Сарсенбаевтың өлеңін оқиды.

Н.Сарсенбаев

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,

Жаныңның саулық рухын аман сақта.

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Өмірдің қарбалаңы жай бір қауға.

Жан мен тәннің құпиясын аша білсең,

Сол сенің жеткен жерің биік тауға.

Әңгімелесу

Мұғалім оқушыларға оқулықта берілген сұрақтарды оқып, ойлануға шақырады. Оның мақсаты – денсаулық, салауаттылықтың адам өміріне әсері, жалпы адамның өмірлік айқындамасын белгілеудегі маңызын ашу.

Назар аударыңыз

Н.А.Добролюбов

Денсаулық дегеніміз тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуы мен бүкіл дене қызметтерінің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн.

Шығармашылық жұмыс

Төмендегі мәтіннен Ұлықпан Хакімнің денсаулықты сақтауға байланысты өсиетін өз ойларыңмен толықтырыңдар. Жеті өсиетті талдап беріңіз.

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім оқушылармен бірге А.Самиғоллаұлының «Ойлан, достым...» әңгімесін оқып, талдау жасау арқылы олардың адам денсаулығына зиян әкелетін жағдайларды болдырмауға, әр істен өздері қорытынды жасай білуді үйренулеріне назар аударады.

Ойлан, достым...

А.Самиғоллаұлы

Сіздер Жангүлдің орнында болсаңыздар не істер едіңіздер?

Шылым шегу, ішімдік ішудің адамға, адам өміріне тағы басқа қандай зияндығын білесіздер?

Тыныштық сәті

Мұғалім баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін қолданады.

Тыныштық сәті толықтай тыныштықта өткізіледі немесе баяу музыка қоюға болады.

Осы жаттығуды орындату барысында мұғалім балалардың дене қалпын еркін ұстап, дұрыс тыныс ала білуіне баса назар аударады.

Балалардың көңіл күйінің көтеріңкі болып, өздерін жақсы сезінуіне тыныштық сәтінің пайдасы мол.

Тыныштық сәті кезінде мұғалім төмендегідей мәтінде айтып тұрады, ал оқушылар мұғалімнің айтқанын орындайды.

Мұғалімнің сөзі:

- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды  бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Оқушылар өз қалпына түскен соң мұғалім сабақты жалғастырады. 

Дәйексөз

Сабақта қаралып отырған мәселені түйіндеу мақсатында мұғалім немістің көрнекті жазушысы Т.Карлейль: «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деген сөзіне оқушылардың  назарын аудартады. Оқушылардың пікірін «Нақыл сөзді қалай түсінесіз?» деген сұрақ беру арқылы айқындап, мұғалім өзі түйіндеуіне болады.

Назар аударыңыз

«Егер адам ақылға салып, табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып, гигиеналық тәртіпті бұзбай жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей ұзақ өмір сүрген болар еді».                                                                              

 Ж.Брэгг

Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың денсаулық сақтау, нашақорлықтан аулақ болу туралы түсініктерін кеңейту мақсатында оқушыларға Р.Пернеханқызының «Қателіктің арты өкініш» атты әңгімесін оқып, талдауға ұсынады. Бұл мәтіндегі негізгі ой өмірдегі барлық  нәрсе, соның ішінде денсаулықты нығайтуда, салауатты өмір сүруде әр адамның өз қолында екенін ұғындыру болып табылады. Өз сеніміңе  берік болуды ұғындырады.

Қателіктің арты өкініш

Р.Пернеханқызы

Ғабит неліктен өкінішті жағдайға тап болды?

Ғабитке қандай кеңес берер едіңіз?

Жаңа ақпарат

Денсаулық сақтаудың адам өміріндегі маңызы туралы білімін тиянақтап, жинақтау мақсатында оқулықта берілген ақпаратпен танысып шығу ұсынылады.

Мұғалім оқулықта берілген ақпаратты оқушылардың өз ойларымен толықтыруын сұрайды. Ол қарастырылған мәселені оқушылардың жауаптарымен байланыстыра, салыстыра талдауға мүмкіндік береді. Оқушылар зиянды әдеттерге әуес болудың салауатты өмір сүруге тигізетін әсерінің қандай болатынына жаңа ақпаратпен танысу арқылы көз жеткізеді. 

Назар аударыңыз

Салауатты өмір салты – организмнің тәулік бойы қозғалыста болуы, шынығу-мүшелері жүйесінің қызметін арттырады; сыртқы ортамен аурулар секілді жайттарға қарсы тұруына көмектеседі; уақытында сапалы, дұрыс тамақтану, гигиена талаптарын дұрыс қадағалауға әрекет жасау, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтауға негіз болады; дұрыс мінез-құлық, өз қасиеттерін басқара білу адамның жақсы өмір сүруіне көмектеседі.

Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушы дәптерінде  оқушыға арналып, «Мен бүгін:» айдарымен берілген әр сабаққа арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады.

Оны талдауды немесе өз ойын білдіруді  оқушының өз еркіне қалдыруға болады.

Салауаттылық туралы оқушылардың білімдерін толықтырып, кеңейте түсу мақсатында Америкалық Поль Брэгг ұсынған денсаулықты нығайтуға байланысты ем түрлерімен таныстыруға тапсырма беріледі.

Оқушылар тапсырманы орындай отырып, салауатты өмір салтын құру үшін «Бірінші емші – күн сәулесі, екінші емші – таза ауа, үшінші емші – таза су, төртінші емші – табиғи тағам, бесінші емші – ашығу, алтыншы емші – дене жаттығулары, жетінші емші – демалыс, сегізінші емші – бойды тік ұстау, тоғызыншы емші – ақыл-ой» қажет екенін түсіндіріп айтады.

Жүректен жүрекке

Мұғалім сабақты аяқтап, қорытындылау мақсатында оқушыларды жүректен-жүрекке шеңберіне шақырады. Барлығы қосылып, «Көңіл көктемі» әнін айтады.

Көңіл көктемі

      Сөзі мен әнін жазған М.Ыбыраев

5-6 сабақтар

Әсемдік - өмір жарасымы

                Мақсаты: Оқушылардың сұлулық, табиғат, өнер туралы түсініктерін кеңейту.

                Міндеттері:

-          Табиғат, өнер, өмір әсемдігінің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;

-          Сұлулықты, әсемдікті сезіну және қолдану іскерліктерін дамыту;

-          Әсемдікке тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Мұғалім балалардың көңіл күйін көтеру, ынтасын арттыру және

сабаққа  әзірлеу мақсатында Ф.Оңғарсынова өлеңін оқып, шаттық шеңберін өткізеді.

Ф.Оңғарсынова

                Жарқыра, Күн!

                Мен бүгінде,  көктеммін, таң – тұрағым!

                Бұл әлемде жабырқап жүргендерге

Бір жақсылық етсем деп талпынамын.

Жүректе – сүйікті елес,

Мәңгілік Күн – жанымда, биікте емес.

Бұл әлемде ең биік – Адам ғана,

Мұңдануға ешкім де тиіс емес!

Жанымда – қуаныштар,

Қуанышқа ілескен бұла күш бар,

Көшіп келіп көңіліме көкжиектер,

Жақындаған секілді бір алыстар.

Ұғынбадым,

Ұғып жатар шамам жоқ мұның бәрін.

Сен арқылы әлемге шаттық шашып,

Дүниенің сіңірдім нұрын, нәрін.

Сен арқылы қуаныш құлындадым.

Қайдам, мұнда сенің не сырың барын.

Әңгімелесу

Әңгімелесу барысында оқушылардың алған білімдерін өз іс-тәжірибесімен салыстыруға мүмкіндік жасау мақсаты қойылады. Ол үшін оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар бойынша пікір алысады:

Ал, сіздер әсемдік сыры неде деп ойлайсыздар?

Табиғат пен адамның арасындағы қандай байланысты сезіндіңіздер?

Не үшін табиғатты әсемдікке балайды?

Адам өмірінің сұлулануына табиғаттан басқа тағы нелер ықпал етеді?

Мұғалім әсемдік сыры, табиғат пен адамның арасындағы қандай байланыс туралы оқушылармен әңгімелесіп, адамның әсемдігіне ықпал жасайтын жағдайларды  түсіндіріп, балалардың жауаптарын  түйіндейді.

Шығармашылық жұмыс

Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында  оқулықта төмендегідей тапсырма берілген:

«Табиғат - әсемдік - өмір» сұлбасымен үш баған түзіңіздер. Бірінші бағанға сұлбаның мағынасын ашатын сұрақтар қойыңыздар. Екіншісінде қойылған сұрақтарға жауап беріңіздер. Үшіншісінде қорытынды шығарыңыздар.

Тапсырманы үйге орындауға беруге болады. Шығарма оқушы дәптерінде орындалады.

Назар аударыңыз

 Ә.Табылдиев

Мәтіндік жұмыс

Мұғалім айтылған ойларды бекіте түсу үшін оқулықтағы «Мәтін оқу» айдарымен берілген «Сүйкімі дүниенің сұлулықта» атты мәтінді оқып, сұрақтар арқылыталдау барысында адамдардың қарым-қатынасынан, іс-әрекетінен оның ішкі дүниесіні сұлулығын байқауға болатынына оқушылардыкөңілін аударады. Мәтінде «Қыз да жігітке бір сәт көз тастап, танымаса да инабаттылықпен амандасады. Сосын барып, бұл қыздардың өз шәкірттері екенін, өз қолынан келген өнерін басқаға үйретуді жаны сүйетінін мақтанышпен әңгімелейді. Қыздың сыңғырлаған үні мен өзіне жарасқан ұяңдығы, әдептілігі мен сыпайылығына тәнті болған жігіт сол арада өз жүрегінің шешімін айтады...» деген жеріне көңіл білдіртеді.

Сүйкімді дүниенің сұлулықта

(Ертегі)

Жігіт неліктен қызды таңдады?

Әсемдіктің адам өміріндегі маңызы қаншалықты терең деп ойлайсыңдар?

Жаңа ақпарат

Оқулықта «жаңа ақпарат» айдарында төмендегідей ақпарат берілген:

Әсемдік адам өмірінің сәні болып қана табылмайды, ол оның мәні десекте қателеспейміз. Өйткені еңбек адамды адам еткен болса, сұлулық – адам бойын қуаныш, әсем сезімге бөлей отырып, сол еңбекке деген талпынысты, құштарлықты оятады, сұлу қимылдар мен әсем де әдемі қылықтарды, әдеттерді қалыптастырады. Мұңды, қорқынышты сейілтеді, жақсы көңіл күй сылайды. Сондай-ақ, әсемдікті табиғаттан үйренетініміз шындық. Себебі табиғаттың тамаша құбылыстары, көз тартар бейнелері сұлулықтан тұрады. ұсақ тасынан тауына дейін жаратылысынан әдемі. Соны әрі қарай сұлуландыра түсетін де, көркін кетіретін де адам. Сол себепті қолымыздан келгенше өмірімізді көркейтетін табиғатқа  қамқор болу - әрқашан  біздің жадымызда.

Адамның өмірін әсем ететін тағы бір күш - ол өнер.

Оқушылар  әңгімелесу арқылы өз қорытындыларын жасаған соң, мұғалім оқулықтағы жаңа ақпаратқа назар аудартады. Оқушы берілген ақпаратты тек қана оқып, түсініп қана қоймай, сонымен қатар әңгімелесу әдісіндегі өз шешімі мен ойының дұрыстығын, тіпті  болмағанда оның басқа нұсқалардың ішіндегі артықшылығын түсінеді. Жаңа ақпараттағы мәтінге қарап оқушы өз жауабын тереңірек және жан-жақты қарастыруды ойластырады. Оқулықта берілген ақпаратты мұғалім оқып беріп, әсемдіктің еңбек, өнер арқылы да қалыптасатынын түсіндіреді.

Мәтінмен жұмыс

Оқулықта «Оқып үйренейік» айдарымен берілген Ә.Кекілбаевтың «Әлди» әңгімесін оқып, талдауда мұғалім оқушыларға ананың әлдиі бөлеген әсем сезімдердің өмірде қандай орны бар екенін түсіндіру мақсатын қояды. Өмірдегі әсемдіктің өзі ананың  махаббаты деген асыл сезімнен басталатынына көңіл аудартады.

Әлди

Ә.Кекілбаев

Осы мәтінде әлди мен әсемдіктің байланысы қандай?

Әлди бөлеген әсем сезімдерді атап бере аласыздар ма?

Тағы басқа қандай  өнер түрлері  сізді әсемдікке бөлей алады?

Назар аударыңыз

Аристотель

Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушы дәптерінде оқушыға арналып, «Мен бүгін:» айдарымен берілген әр сабаққа арналған  аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады.

Оны талдау  немесе өз ойын білдіруді оқушының өз еркіне қалдыруға болады.

Оқушыларға әсемдікті өнер арқылы сезіндіру мақсатында шығармашылықы  тапсырма ұсынылады.

Тәттімбеттің «Саржайлау» күйін тыңдаңыздар және табиғат сұлулығының күй арқылы берілгендігіне мән беріңіздер. Одан алған әсерлеріңізді түйіндеп, жазыңыз.

Тапсырма

 Төмендегі мәтінді оқып, ой түйіңіз. Сіз сүлулық туралы қалай ойлайсыз? Ойланып, жауап  беріңіз.

Оқулықта Ә.Нілібаевтың «Сұлулық» өлеңі берілген. Оқушылар өлеңді оқи отырып өмірде кездесетін сұлулық туралы өз ойларын айтады. Бұл тапсырма оқушылардың сұлулыққа ұмтылысын дамыта түседі.

Сұлулық

Ә. Нілібаев

Шын сұлулық

Анамның күлкісінде,

Әкемнің қатал, дана түр-түсінде,

Тулап аққан өзеннің гүрілінде,

Сәулемнің «Жаным...» деген дірілінде.

Шын сұлулық

Басымның қырауында,

Ерке балам ойыншық сұрауында,

Жазғы нөсер, найзағай жарқылында,

Ду соғылған алақан сартылында.

Шын сұлулық кең дала өңірінде,

Бүгінгі өркен жайған өмірімде.

Жаңа ақпарат

Оқулықтағы жаңа ақпарат оқушылардың сұлулық, әсемдік туралы білімдерін  бекіту мақсатында берілген. Олар жаңа ақпаратты оқи отырып, өз бойларындағы сұлулықты, әсемдікті, әдемілікті  аңғартады.

Адам жаны әрқашан сұлулыққа құштар, ол әдемілікті аңсайды. Адам жұлдызды аспанды тамашалайды, музыканың сазына елтиді, бидің ырғағына тербеледі, қолөнер туындыларының кереметтілігіне тамсанады. Нәтижесінде айналасын, мекендейтін тұрағын әдемілеп, сәндейді, өзінің келбетіне көңіл бөледі, әрбір ісі мен әрекетін сұлуландыруға ұмтылады...

Адам сұлулықты табиғат арқылы, өнер арқылы сезіне отырып, өз өмірін сұлуландыру өз қолында екендігіне шүбә келтірмейді.

Дәйексөз

 Мұғалім оқушылардың шығармашылық жұмыстан алған әсерлерін қорытындылап, оқулықта берілген А.П.Чеховтың «Адам бойындағының бәрі де – бет сұлу болуға тиіс» - деген дәйексөздің мағынасына мән береді.

Мұғалім балалардың сабақтан алған білімін дәйексөздің мәнін түсіндірумен түйіндейді.

Жүректен жүрекке

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. М.Жұмабаевтың «Сен сұлу»  өлеңін айтумен сабақты аяқтайды.

Сен сұлу

М.Жұмабаев

7-сабақ

 Сыр мен сымбат

Мақсаты:

- Оқушыларға қоршаған орта, табиғат сұлулығы жөнінде адамның сыртқы ортаға деген қатынасының үндестігі туралы түсінік беру.

Міндеттері:

- Оқушыларды сұлулықты сезіне білуге, аялап, қорғай білуге шақыру;

- Оқушылардың жалпы сұлулықты дұрыс түсіне білуге  тәрбие леу.

Шаттық шеңбері

Оқушылар шеңбер құра ортаға жиналып, төменде берілген әнді орындайды.

Сыр сұлуы

Әні Ш.Қалдаяқовтікі

Сөзі З.Шүкіровтікі

Оқу ақпараты

Өткен сабақтағы ішкі жан сарайы сұлулығы мен сымбат сұлулығы адамға тән құндылықтар болса, осы тақырыптың екінші сабағында қоршаған орта сұлулығы сөз болады. О

қу ақпаратындағы ойға орай оқушылар әсемдікті сезіне білуді ішкі жан дүниесімен сәйкестендіре, өздері өмір сүріп отырған кең келбетінен іздестіреді.

Сұлулық -  ең алдымен адам баласына тән сипат, әйтсе де сұлулықты айнала қоршаған ортадан, табиғат тынысынан да кездестіруге болады. Жазиралы кең дала келбетінің тамашасы тұтас бір сұлулықты көрсетіп, желегі жайқалған жасыл ағаштар мен құлпырған гүлдер сұлулығы жүрегіңді қуанышқа бөлейді. Кең даланы жосып жүрген киіктер керуені мен көздері жәудіреген ботаның сұлулығы табындырмай қоймайды. Айдын көлде жүзген сұлу аққудың сыңсып салған сазды әуені жүрек қылын шертеді. Ал ай мен күннің сұлулығында шек жоқ шығар. Тіпті еркелеп соққан самал жел де сұлу. Сол желмен ырғалған ақ қайыңдар да сұлу. Осындай сұлулықтың арасында жүрген әр адам сұлу. Сол себепті сұлулықты бағалап, аялай білген жөн. Әсемдікке, әдемілікке, көрікті де көркем нәрсеге ұмтылған адамның ішкі әлемі де сұлу болады. Сыртқы ортаның сұлулығына табына  білген адамның жан әлемінен әсем нұр тарайды. Халықта «жүзіне нұр тұнған, сөзінен бал тамған» деп бекер айтылмаған шығар. 

Мәтінмен жұмыс

Мәтінде табиғаттың еркесі керілген кер маралдың сұлулығы жөнінде айтылады. Мәтінмен жұмыс жасауда мұғалім назары автор ойымен ұштасатындай болуы керек. Оқушылар табиғаттағы сұлулық туралы өздері әңгімелеп береді.

Тәңірісі сұлулықтың марал деген...

О.Бөкей

Дәйексөз

Дәйексөздің мағынасын түсіндіріп, мұғалім оқушыларға рухани саулықтың қоршаған ортаға қатысты екендігін түсіндіреді.

Адамның жан дүниесі дүние сұлулығымен, жақсылығымен үндестікте болуы керек, сонда адам рухани да, табиғи да сау болады.

Г.Құрманбай

Шығармашылық жұмыс

Оқушылар өлеңде айтылған ойға сәйкес адамның сұлулығы табиғатпен тұстасып жататын құбылыс екендігіне мән береді. Мұғалім көркем табиғат аясында туып, өскен адам жан-жақты сұлу болатынын айтады.

Өлеңді оқып, сыртқы сұлулығы жан әлемімен үйлескен әнші туралы өз ойларыңды дәптерлеріңе жазыңдар.

Сұлу Күләш

Құғыбаева

Сахналау

Берілген сахналық көріністі оқушылармен пікірсайыс ретінде ұйымдастыруға болады. Мұғалім оқушыларға рөлдерді бөліп береді.

Сұлулықпен сырласу

Б.Айтуқызы

Тапсырма

Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқыған соң, оқушылар қоршаған орта, табиғат пен адам тұтастығы туралы өз пікірлерін қорытып жазады. Жұмыс сабақ барысында сыныпта орындалады.

Өлең мазмұнына сәйкес табиғаттағы сұлулық туралы өз пікірлеріңді дәптерге түсіріңдер.

Сен сұлу                                                                                                                                                     М.Жұмабаев

Білем анық: жанға жайлы май сұлу,

Жарқұрқ еткен майда найзағай сұлу.

Қызықты орман, көңілді еркін кең дала,

Күміс табақ көкте жүзген ай сұлу.

Кешкі ескен жібек жел сұлу,

Хош иісті түрлі-түрлі гүл сұлу,

Әдемі аспан – төбедегі көк шатыр,

Асқар тауы, дариясымен жер сұлу.

Жүректен жүрекке

Сабақтың соңында оқушылар мұғаліммен қосылып, төменде берілген әнді орындайды.

Алтыным

Сөзі Н.Әлімқұловтікі

Әні Ә.Бейсеуовтікі

8-сабақ

Бақыт құшағында

Мақсаты: Оқушыларғабақыттың құндылық ретіндегі мағынасы туралы түсінік беру.

Міндеттері:

- Оқушыларға адам өміріндегі қуанышты сәттер, істеген игі істерден рақаттану, барды қанағат тұту және жалпы адам бақыты туралы түсіндіру;

- Оқушыларды рухани адамгершілік қағидаларды өз бағыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай алуға тәрбиелеу.

                Шаттық шеңбері

                Оқушылар өлеңді үнтаспадан тыңдайды.

Алдымнан шық

Сөзі Т.Модағалиевтікі

Әні Ә.Бейсеуовтікі

Әңгімелесу

Аталған сабақта адам өмірінде ең қажетті құндылықтардың бірі – бақыт туралы әңгіме жүргізіледі. Әр оқушы өз түсінігіндегі бақыт туралы ойын ортаға салады. Мұғалім төмендегі сұрақтарға орай оларды жинақтап, қорытынды жасайды.

Бақытты болу дегенді қалай түсінесіңдер?

Өмірдегі әр қуанышты сәттің мәні неде?

 «Бақытты балалық шақ» дегенді қалай түсіндірер едіңдер?

Қандай адамды «Басына бақ қонған» деп айтуға болады?

Оқу ақпараты

Әр адам өз өмірінің бақытты болуын арман етеді. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылады. Ондай адамның жүрегін ризашылыққа сезімі билеп жаны рақатқа бөленеді. Сол себепті де арман тілегі орындалған адамның бойында өмірге деген құштарлық пен сүйіспеншілік мол болады. Әр ісінің нәтижесінде қуана білген адамның бағы арта түседі. Бағы жанған адам таусылмас дәулетке, зор байлыққа кенеліп, сәнді де мәнді ғұмыр кешеді. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас шынайы сыйластыққа құрылуы керек. Кейбір пейілі тар, ниеті жаман адамдар өзгенің бақытын көре алмайды. Қызғаныш пен бәсеке жүрген жерде өзімшілдік басым болады. Сондықтан бақталастықтан сақ болу керек. Қасында жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа кенеледі. Әрбір атқан таң мен әрбір батқан күннен бақыт тілеген адам мұратына жетеді.

Мәтінмен жұмыс

Берілген мәтін сыныпта оқылады. Ондағы  бақыт туралы шәкірттердің пікірталасын мұғалім оқушыларға ұстаздың ұлағатты сөздерімен жеткізеді. Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Бақытқа барар жол

Қ.Толыбаев

Шәкірттер ұстаздан не туралы айтып беруді өтінді?

Бақыт туралы ұстаз қандай ой айтты?

Бақытқа жету үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

Дәйексөз

Дәйексөздің мағынасын түсіндіріңдер.

Бақыттың мәні парасаттылықта, әр кімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында.

Әл-Фараби

Шығармашылық тапсырма

Мұғалім оқушыларға ата-ананың басты арманы балаларының жақсы болғанын, азамат ретінде еліне қызмет етіп, жамандығын көрсетпей, тек қуаныш әкелуін тілейтінін айта отырып,  төменде берілген өлең мазмұнына сай «Ата-ана бақыты» тақырыбында ой-толғау жазуды тапсырады.

Жаманыңды көрмесем

Ж.Нәжімеденов

Ала алмаған жау бізден мекендей бір,

Мекендей берік болсаң екен деймін.

Жақсының бәрін өзім мақтан етіп,

Жаманыңды көрмесем екен деймін.

Саған мұным қаталдау жетер мейлі,

Бұл тілегім кетпес-ау бекер деймін.

Ылғи сенің тойыңда күй тартқанмен,

Күйігіңді тартпасам екен деймін.

Назар аудару

Кімде-кім ниетін имандылыққа, тазалыққа, тілін шындыққа, өзін тыныштыққа, мінезін туралыққа, құлағын тыңдаушыға, көзін өнегелі бақылаушыға айналдырып алған болса, демек ол бақытты.

Құран кәрімнен

Мәтінмен жұмыс

Сабақтың тақырыбын  аша түсу үшін берілген бұл мәтінді үйден оқып келіп, талдауға да болады. Ол мұғалімнің өз ықтиярында. Мәтін соңындағы  сұрақтармен жұмыс жасауда оқушылар өз ойларын бүкпей, ашық айтып үйренгендері дұрыс.

Бақыт деген – бақ құсы

Ж.Қалжанова

Жүректен жүрекке

Оқушылар сабақ соңында бір-біріне бақыт тілеп, И.Сапарбайдың төменде берілген өлеңін оқиды.

9-сабақ

Бақыт құшағында

Мақсаты:

- Оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы туралы түсінік беру.

Міндеттері:

- Оқушыларға адам өміріндегі қуанышты сәттер, істеген игі істерден рақаттану, барды қанағат тұту және жалпы адам бақыты туралы түсіндіру;

            - Оқушылардың рухани-адамгершілік қағидаларды өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай алуға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

            Оқушылар өлеңді бәрі қосылып орындайды. Әр оқушы бір парақ қағазға өз есімінің алғашқы әрпінен басталатын құндылық туралы жылы сөз айтып, бір-біріне шығармашылық табыс, көтеріңкі көңіл, зор денсаулық тілейді. Осы  ретпен оқушылар әрқайсысы өз тілектерін жалғастыра береді.

Бақыт құшағында

Сөзі Т.Молдағалиевтікі

Әні Ш.Қалдаяқовтікі

            Мәтінмен жұмыс

            Мәтінмен жұмыс жасауда төменде берілген мәтінді  интонациялық талаптарға сай мұғалім өзі дауыстап оқиды.

Бақытты адамның көйлегі

Ертегі

            Оқу ақпараты

            Әр сабақта берілетін оқу ақпаратында сол сабақтың мазмұнын ашатын нақты дәлелдер мен дәйектемелер беріледі. Б.Момышұлының бақыт туралы айтқан төмендегі пайымдауында бақыттың әркімнің сөзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайға байланысты екендігі айтылады. Оқу ақпаратын мұғалім өзі толықтырады.

Бақыт дегеніміз...

Б.Момышұлы

            Шығармашылық тапсырма

            Мәтінмен жұмыс жасауды толықтыра түсу үшін мынадай тапсырма беріледі: Өлеңді оқыңдар. Ақын ойын жалғастырып, өздерің де бақыт жайлы өлең жазып көріңдер.

Бақыт деген...                                                                                                      М.Мақатаев

            Дәйексөз

            Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің бірі – бұл жалпыға бірдей  жақсылық тілеу.

І.Есенберлин

            Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

            Балалардың өзіндік пікірлерін, толғаныстарын, бақыт пен өмірге деген көзқарастарын, жақсыны үйренуге деген талпыныстарын, құштарлықтарын кеңейте түсу мақсатында беріліп отырған бұл дәйексөзден оқушылар жақсылық жасай білген адамның өмірде бақыт табатынына көз жеткізе алады.

Шығармашылық жұмыс

Берілген пікірге орай «Бақытты болғым келеді» тақырыбына ой-толғау жазыңдар.

Бақытты болу дегеніміз – рақат сезімде жүру. Адам өмірінің басым көпшілігі жұмыспен өтеді, сондықтан алдымен істеген жұмысыңнан рақат ал. Өзіңді өзің қадағала. Біреуге жәрдем беру рақатын сезін.                                                                                                                      М.Кемел

Назар аудару

Жасасаң  өз еркіңде кімге құрмет,

Мейірім, кең пейілді болу міндет.

Таңертең ояна сап Күнге қара,

Амандас, аманыңа шүкірлік ет.                                                    Т.Молдағалиев

Жүректен жүрекке

Оқушылар бақыт жайында бір-біріне жақсы тілектер  айтып, Н.Исабаевтың «Дидары нұрлы дүние» атты өлеңін оқиды.

Дидары нұрлы дүние

Дидары нұрлы, жүрегі нұрлы дүние,

Сүйемін сені күйіне, жаным сүйіне.

Әсемсің ғажап алуан тылсым сырымен

Үйлесіп жатқан менің де көңіл күйіме.

Мен кетсем кетем, сен бірақ мәңгі тірісің,

Өзіңді сүйген жүректің сазды  жырысың.

Рақмет саған шаттығың үшін, мұң үшін!

Таза ауаң үшін, жайдары  шуақ – нұр үшін!

Сүрініп қалып, қиналып кейде жүрсем де,

Көңілім жақын, ықыласым менің бір сенде.

Сүйгенім үшін ақ пейіл адал жүрекпен

Сыйладың маған жақсылығыңмен жыр сен де.

Сақтады мені өзіңнің дарқан пейілің,

Есімде талай саяңда құрған сейілім.

Қасіреті мол, қуанышы көл бұл өмір,

Сыйлады маған махаббат, бақыт, мейірім.

10-сабақ

Жақсылық – жан жадыратады

                Мақсаты: Оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

                Міндеттері:

                - Жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу;

                - Жақсылықты түсіну, жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;

                - Жақсылық жасауға тәрбиелеу.

                Шаттық шеңбері

                Мұғалім шаттық шеңберінде оқушылардың жағымды көңіл күй, шынайы қарым-қатынастарын қалыптастыру үшін Д.Әлімжановтың «Жақсы адам көңілі - күн» деген өлеңін оқиды және жақсылыққа жетелеу мақсатында бір-біріне жақсы сөз, жақсы тілек айтуды ұйымдастырады.

Жақсы адам көңілі – күн

Д.Әлімжанов

                Әңгімелесу

                Оқулықта берілген «Ойланайық пікірлесейік» сұрақтары арқылы мұғалім балалардың игерген біліктерімен өз бойларында қалыптасқан жақсы қасиеттерін айқындайды.

                Әңгімелесу барысында оқушылардың алған білімдерін өз іс тәжірибесімен салыстыруға мүмкіндік жасау мақсаты қойылады. Ол үшін оқулықта берілген сұрақтар қолданылады:

                Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіздер?

                Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?

                Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма?

                Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?

                Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

                Мұғалім оқушыларға жақысылық жасаудың не екенін және адамның бойында қандай қасиет болғанда ғана жақсылық жасай алатынын түсіндіреді. «Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма? » деген сұрақтарды талдау барысында оқушылардың өз ойын ортаға салуға жетелейді.

                Жаңа ақпарат

                Оқулықта берілген «жаңа ақпаратты» талдау  барысында оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін түйіндейді және қандай адам жақсылық жасай алатынын, жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығына көңіл бөлінеді. Жаңа ақпарат сабақтың мақсат, міндеттерін  айқындай түсу үшін қолданылады.

                Адамгершілік пен имандылық Жақсылық алып келеді.

Адамға  жағымды нәрселердің бәрі Жақсылық ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат-мүддесіне, арман-тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенімін білдіреді. Жақсылық арқылы жеке адамдардың іс әрекеттеріне, қоғамдық қатынастарына, адамаралық байланыстарына баға беріледі. Жақсылық адамның ізгілігін анықтайды.

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім оқушылармен бірге А.Құнанбаевтың «Жиырма үшінші сөз» атты қара сөзін оқып, талдау жасау арқылы олардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына және жаман қасиеттерді болдырмауға, әр істен өздері қорытынды жасай білуді үйренулеріне назар аударады.

Жиырма үшінші сөз

Абай

Мұғалім қара сөздің мазмұнын ашатын сұрақтар арқылы оқушыларға негізгі ойларды таптырып, адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді талдап, «жақсы мен жаман» туралы өз пікірлерімен пайымдауына көмектеседі.

Назар аударыңыз

Ж.Кененбай

Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушы дәптерінде оқушыға арналып, «Мен бүгін:» айдарымен берілген әр сабаққа арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады.

Оны талдау немесе өз ойын білдіруді оқушының өз еркіне қалдыруға болады.

Мұғалім оқушыларға «Сахналау» айдарымен берілген тапсырмаларды рөлдермен орындату арқылы адамдардың өмірде бір-біріне жақсылық жасауын айқындай түседі. Оқушылар өздері құрастырған сахналау барысында ақын, жазушы, суретші, ғалым ретінде адамдарға жасаған жақсылықтарын айтады. Сахналауды орындауда мұғалім жақсылықты қайтарымсыз жасау қажет екенін түсіндіреді. Оқушылар өз қалаулары бойынша әр түрлі мамандықтарды да мысалға алып, тапсырманы орындауына болады.

Төменде берілген тізімнен өзіңе ұнаған біреуін таңдап алыңыз. Олардың адамдарға жасайтын жақсылықтарын ойланып, сахналап беріңіз.

Ақын:

Жазушы:

Суретші:

Ғалым:

Дәйексөз

Мұғалім сабақты оқулықта берілген дәйексөзді талдаумен жалғастырады:

М.Әлімбаев

Мұғалім оқушыларға жақсы адаммен сөйлессең, көңілің ашылатынын, рухани азық алатынын түсіндіреді.

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқып талдауда жақсылық, жақсылық жасай білуді түсіндіруде әңгіме мазмұнындағы «Кез келген сөз емес, жақсы сөз, адам жанына мейір шуағын себетін жылы лебіз ырысқа, жақсылыққа бастау болады. Қиын жағдайда досыңа бір ауыз жақсы сөз айтып, көмектесе алсаң жақсылық жасағаның, яғни «жарым ырыс» деген сол» делінген негізгі ойға баса назар аударылады.

Сөз құдіреті

А.Қоныс

Тыныштық сәті

Мұғалім баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін қолданады. Тыныштық сәті толықтай тыныштықта өткізіледі немесе баяу музыка қоюға болады.

Тапсырма

Оқушылардың жақсы сөз айтудың маңызын аша түсу үшін төмендегідей тапсырма беріледі. Тапсырманы жекелей немесе топпен жұмыс түрінде орындауларына болады. Тапсырманы орындау балаларды ойландырып, белсенділіктерін арттырады және оқушылардың адамдарға жақсылық жасауға көқарастарын пайымдаумен өз ойларын ортаға  салуға, оларды жағымпаз болмауға, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеуге бағытталады.

«Жақсы сөз айту – жағымпаздық...»  тақырыбында пікірталас ұйымдастырыңыз. Өз өмірлеріңізден мысал келтіріп, көзқарасыңызды дәлелдеңіз.

Шығармашылық жұмыс

Мәтіндерді оқып, ой бөлісіңіз. Өз ұсынысыңызды жинақтап, жақсылыққа жету жолы шағын әңгіме жазыңыз.

Шығармашылық жұмысты орындатуға оқулықта берілген ұлағат сөздердің үзінділерін оқып шығу барысында жақсы мен жаманды айыра білу, өмірде жақсылық жасаудың маңыздылығын ұғындыру мақсаты қойылады. Шығармашылық жұмысты жекелей немесе топпен орындатуларына болады.

Конфуций

Платон

Дейл Карнеги

Дәптермен жұмыс

Оқушылардың жақсылық туралы түсініктерін кеңейте түсу үшін төмендегідей тапсырма беріледі. Тапсырманы орындау балаларды ойландырып, белсенділіктерін арттырады және оқушылардың адамдарға жақсылық жасауға көзқарастарын пайымдаумен өз ойларын ортаға салуға, оларды мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеуге бағытталады.

Төмендегі тапсырма бойынша өз бойыңыздағы жақсы қасиеттердің бірін таңдап, сөйлемді аяқтаңыз. Өз өміріңізден мысал келтіріп, түсіндіріңіз.

Жүректен жүрекке

Мұғалім оқушыларды бір-бірінің қолынан ұстатып, шеңбер құрып, Ә.Нілібаевтің «Ар» атты өлеңін оқуға шақырады. Адамның жақсы болуы да, жаман болуы да өз қолында оның ар, ұятына байланысты екеніне тоқталып, келесі сабақтың тақырыбына назар аудартады.

                                                   Ар                                            Ә.Нілібаев

11-12 – сабақтар           

  Ар-намыс керек адамға

            Мақсаты: Оқушылардың ұят, намыс, ар туралы түсініктерін кеңейту.

            Міндеттері:

-       Ұят, ар, намыс ұғымдарының мәнін түсіндіру;

-       Адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету;

-       Адамгершілікке тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Мұғалім балалардың көңіл күйін көтеру, ынтасын арттыру және сабаққа әзірлеу мақсатында Б.Үсенбаевтың «Намыс» әнін қосылып айтып, шаттық шеңберін өткізеді. 

Намыс

Б.Үсенбаев

Әңгімелесу барысында оқушылардың алған білімдерін өз іс-тәжірибесімен салыстыруға мүмкіндік жасау мақсаты қойылады. Ол үшін оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар бойынша пікір алысады:

Ар, намыс, ұят ұғымдары туралы не білесіз?

Өз ісіңе қатты ұялған кезің болды ма?

«Ар-намыс керек адамға» дегенді қалай түсінесіз?

Қандай жағдайда ішкі дауысыңызды тыңдайсыз?

Адамның өз арын адал сақтауына қандай қасиеттері көмектеседі?

Мұғалім адамның ар-намысы, ұяты туралы түсіндіріп, балалардың жауаптарын түйіндейді.

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім айтылған ойларды бекіте түсу үшін оқулықтағы «Оқып үйренейік»  айдарымен  берілген А.Құнанбаевтың «Жиырма алтыншы сөз» атты қара сөзін оқып, сұрақтар арқылы  талдау барысында адамдардың «ұялмас нәрседен ұялғанды-ақымақтық, жамандық дейді» деген сөздерге оқушылардың көңілін айдартады.

Отыз алтыншы сөз

(Үзінді)

Абай

Жағдаяттарды талдау

Жағдаяттарды талдаудың мақсаты оқушылардың өзін қоршаған адамдардың көңіл күйіне аса көңіл бөліп, кейіпкерлер арасында туындаған жағдаятты шешу балалардың өз еркіне беріледі. Оқушылар кейіпкерлер бойындағы қасиеттерді анықтап, осы жағдайдың алдын алу жолдарын белгілеуге мүмкіндік алады.

Дәйексөз

Мұғалім сабақты оқулықта берілген дәйексөзді талдаумен жалғастырады:

«Малым- жанымның садағасы,

Жаным- арымның садағасы».

Халық мақалы

Мақал сөздің тағылымын түсіндіру арқылы мұғалім өмірде соның ішінде халқымызда ар-ұяттың маңыздылығына ерекше мән береді.

Жаңа ақпарат

Оқулықтағы жаңа ақпарат балалардың ар, ұят туралы білімдерін бекіту мақсатында берілген. Мұғалім жаңа ақпаратты оқи отырып, қоғамда, жеке адамдар алдында іс-әрекеті үшін моральдік жауапкершілігін сезініп, саналы ұғынуын, өз ойы мен ісіне адамгершілік тұрғыдан бағалай білуіне көмектесетін ең жоғарғы адамгершілік қасиет екенін оқушыларға аңғартады.

Ар - әр адамның өз өмірінде, қоғамда, жеке адамдар алдында іс-әрекеті үшін моральдық жауапкершілігін сезініп, саналы ұғынуын, өз ойы мен ісіне адамгершілік  тұрғыдан бағалай білуіне көмектесетін ең жоғарғы адамгершілік қасиеті. Адам бойындағы ізгілік пен мейірімділікті, имандылық пен инабаттылықты білдіретін және оның әдептілік нормаларын сақтап, одан аспауына, іс-әрекеті мен мінез-құлқына баға беруімен байланысты туындайтын қасиет. Ар-ұят адамның қоғам алдындағы міндеті мен жауапкершілігін терең сезінуінен көрінеді.

Адамның адамгершілігі – оның жоғары қасиеті, кісілігі оның адамдық ар-намысты ардақтауынан, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылуынан байқалады.

Арлы адам - ардақты және басқаларға қашан да үлгі - өнеге.

Тапсырма

Берілген мәтінді оқыңыз. Мәтінде айтылған «Өлімнен ұят күшті», «Өлімнен намыс жоғары» деген сөздерді талдап, түсіндіріп беріңіз.

Дәйексөз

Мұғалім «Ұят-ар сақтайды, арлыны ел мақтайды» деген халық мақалын дәйексөз ретінде қолданып, оқушылардың бойында ұят-ардың қалыптасуын, намысты ояту қажеттілігін түсіндіреді.

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім әңгімелесу барысында оқушылардың түйген ойларын оқулықтағы берілген «Балқар аңызы» аңыз әңгімесімен жалғастырады. Аңыз әңгімені оқып, талдау барысында мұғалім отбасының сыйластығы, жарасымы, татулығы болуы үшін ненің қажет екеніне назар аудартады. Мәтіндегі «Байлығымды, дүние-мүлкімді алып кете бер. Бізге тек абырой, намысты Қалдырсаңыз болғаны»,- деген сөзімен оқушылардың өздері пайымдауына бағыт береді.

Балқар аңызы

Назар аударыңыз

Мәтінде айтылған ойды түйіндеу үшін мұғалім оқушылар назарына оқулықта берілген «Назар аударыңыз» әдіс-тәсілін оқуды ұсынады.

Л.Хочиева

Әр адамның бойында абырой, намысы болса, алмайтын асуы қалмайды, ұлттық салт-дәстүрін, ана тілін құрмет тұтып, патриоттық сезімі жоғары болатынына ешқандай күмәнің болмайды. Бұл да – ұлттық тәрбиенің қайнар бұлақтарының бірі.

Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушы дәптерінде оқушыға арналып, «Мен бүгін:» айдарымен берілген әр сабаққа арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады.

Оны талдау немесе өз ойын білдіруді оқушының өз еркіне қалдыруға болады.

Берілген нақыл сөздерді оқыңыз. өзіңізге ұнағанын таңдап, түсіндіріп беріңіз.

Оқулықтағы берілген тапсырманы мұғалім үй жұмысы ретінде беруіне болады. Оқушылар оны үйде орындап, мақалдарды өздері түсіндіріп береді. Оқулықтағы берілген мақалдар ұятты, арды, намысты  анықтауына көмектеседі. Нақыл сөздің мәнін ұғындыру арқылы әр баланың жеке тұлғалық қасиеті арта түседі.

Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде.

Халық нақылы

Ар-намысыңның пәктігі –

Жан-дүниенің шаттығы.

Мұзафар Әлімбаев

Ұят жүрген жерде абырой төгілмейді,

Абырой  бар жерде ар шапаны сөгілмейді.

Намысы бар жігіттің, нар күшіндей күші бар,

Намысы жоқ жігіттің намыспенен несі бар?

Халық нақылы

Жүректен жүрекке

Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін «Намыс» өлеңін айтуға жалғастырып, мұғалім сабақты аяқтайды.

Намыс

А.Калетаев

13-14-сабақтар

Мінез – адам көрсеткіші

            Мақсаты: Оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту.

            Міндеттері:

-       Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету;

-       Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету;

-       Адамгершілікке тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушылармен амандасқаннан кейін олардың көңіл күйлерін көтеріп, сабақта көңілді орта құру мақсатында Қ.Нақысбековтың өлеңін оқуды ұсынады.

Қ.Нақысбеков

Өлеңді тақырыппен байланыстыру мақсатында оқушылардың назарын өлеңінің мазмұнына аударады. өлеңнің сөзі жақсы мінез-құлыққа тән қасиеттерге толы екенін оқушылар өз сөзімен айтып шығады.

Әңгімелесу

Адам өмірі – іс-әрекеттер тізбегінен, басқалардың әрекеттерін қабылдаудан және оларға деген түрлі көзқарастардан тұрады. Кез келген әрекетті дұрыс түсініп, қабылдай білу әркімнің қолынан келмейді. Алайда адамның өзін осы қабілетке баулып, тәрбиелеуге мүмкіндігі мол. Оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар мінез-құлықтың адамның қарым-қатынас жасауында алатын орны, адамның өз мінезін өзгерте алатындығы, оның үнемі өзіне-өзі сын көзбен қарай отырып, өзін-өзі тәрбиелеуі жөніндегі тақырып айналасында жүргізіледі.

Мәтінмен жұмыс

Жаңа сабақтың мазмұнын аша түсу үшін және адамдар арасындағы қарым-қатынаста мінез-құлықтың орнын түсіндіру мақсатында оқушыларға А.Құнанбаевтың өлеңін оқу ұсынылады.

Тапсырма

Берілген мәтінді оқып, ойыңызды ортаға салыңыз.

Оқулықта «Тапсырма» айдарымен В.А.Сухомлинскийдің өсиет сөздері  берілген. Бұл өсиет сөздердің берілу мақсаты – жақсы мінез-құлық адам өмірін нәрлендіретіндігін, шынайы бақытқа қол жеткізуіне, адами қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретіндігін оқушыларға ұғындыру болып табылады.  

В.А.Сухомлинский

            Назар аударыңыз

            Бальтаср Грасиан

            Мінез сұлулығы. Жанның да өз әсемдігі бар, оның кербездігі – істелген қылықтың тартымдылығы жүректі рахатқа бөлейді. Ол жұрттың бәріне берілмеген, бұл рухтың ұлылығына байланысты. Оның алғашқы белгісі – жаратпайтын адамы туралы жақсы пікір айту. Ол әсіресе өш алуды күткен жағдайда жарқырай көрінеді: өш алу былай тұрсын, бәрі жақсылықпен бітеді – енді өш алады дегенде, кенет ақ көңілділікпен қайран қалдырады.

            Тапсырма

            Ұлағатты сөздерді оқып, олардың мәнін түсіндіріңіз.

            Мұғалім оқушыларды мінез-құлық түрлерімен таныстыру мақсатында, ұлағатты сөздерді оқып, олардың мәнін түсіндіру арқылы адамның жағымды, жағымсыз мінез-құлықтардың мәнісін ашуды тапсырма ретінде ұсынады.

            Мәтінмен жұмыс

            Мұғалім «Мәтіннен қандай ой түюгеболады?», «Өмірде мінезі ауыр адамдармен қалай қарым-қатынас жасауға болады?», «Ауыр мінездің оң және кері қырлары туралы не айтар едіңіз?» деген мәтін соңындағы сұрақтарды қойып, мінез-құлықты, көңіл-күйді өзгерту әр адамның өз қолында екендігіне және өмірде кездесетін мінезі ауыр адамдармен қалай қарым-қатынас жасауға  болатынына талқылау барысында бағыт беріледі.

Дән мен тас

(Ертегі)

М.Тиесов

            Жаңа ақпарат

            Оқушыларды оқулықта берілген: «Мінез – кісінің өзіндік бағыт-бағдарының, жан дүниесі ерекшелігінің бір сыдырғы тұрақталған, тұрлаулы белгісі. Мінез кісінің әр қырынан көрсетіп тұрады... Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез иманды, имансыз, тәрбиелі, тәрбиесіз, бірқалыпты, бүтін, кетік, күшті, тұрақты, айқын, салмақты т.б. негізгі сапаларға бөлінеді.

            Тәрбиелі мінез – көпшіл, ізетшіл, адамға қамқор, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өзінің міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық қасиеттерінен тұрады.

            Толық мінезді адам – рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығушылары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдар.

Бірқалыпты мінезді адам құйындай  ұйытқып тұрмайды және сөзі мен ісі бір», - деген Қ.Жарықбаевтың сөзін жаңа ақпарат ретінде таныстыра отырып, мұғалім жақсы мінез, адал ниет, ақ көңіл өмірінің нұрлы болуына, басқалармен тез тіл табыса білуге, сол арқылы өзін қоршаған ортамен жарқын жарастыққа, бауырмалдыққа, достыққа, тіпті бақытқа қол жеткізудің алғы шарты болатындығына назарларын аудартады. 

            Дәптермен жұмыс

            Мұғалім оқушы дәптерінде оқушыға арналып, «Мен бүгін:» айдарымен берілген әр сабаққа арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады.

            Оны талдау немесе өз ойын білдіруді оқушының өз еркіне қалдыруға болады.

            Төмендегі мәтінді оқып, өзіңіздің мінезіңіз туралы ой түйіңіз. Мінездегі міндерді түзеудің жолын белгілеп, жазыңдар.

Ғұстафин

            Біреулерге мінездеме

            Уәдесі көп орындауы аз. Болмашы беделін байламсыз сөзі жойып барады.

            Сөзі сылдыр, ойы бұлдыр, қолды-аяққа тұрмайды құрғыр.

            Күле кіреді, күңірене шығады. Досы кім, қасы кім екені белгісіз.

            Дәйексөз

            Мұғалім сабақты оқулықта берілген дәйексөзді талдаумен жалғастырады:

            Кісіге екі дүниеде де  пайдалы (нәрсе) –

            Ізгі іс немесе мінезі түзулік.

            Екінші – ұят, үшінші - әділдік.

            Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады.

            Дәптермен жұмыс

            Мәтіндерді оқыңыз. Берілген тапсырмаларды орындап, ойыңызды айтып беріңіз.

            Оқулықтағы берілген тапсырманы мұғалім үй жұмысы ретінде беруіне болады. Оқушылар оны үйде орындап,  өз мінездерінің   кемшілік, жетістігін анықтауына көмектеседі.

            Жүректен жүрекке

            Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін Ш.Мұхамеджанов-тың «Сыйластық» өлеңімен жалғастырып, мұғалім сабақты аяқтайды.

Сыйластық

Ш.Мұхамеджанов

                Жүрген соң бірге қатар күнде осылай,

            Мен сені көріп кеттім бір досымдай,

            Сыйладың сен де мені,

            Мен де сені

            Келеді көңілдерге кір қосылмай.

                                    Екеуміз бірге тойлап ғұрпын жастық,

                                    Тамаша талай сырдың құлпын аштық,

                                    Жүздерден әр тайғанша,

                                    Қартайғанша, қадірін кетірмесін бұл сыйластық.

15-16 – сабақтар

Адалдық – адамдықтың белгісі

            Мақсаты: Оқушылардың адалдық, шындық туралы түсініктерін кеңейту.

            Міндеттері:

            - Адалдық пен шындықтың адами-қатынастағы мәнін түсіндіру;

            - Адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету;

            - Адал, шыншыл болуға тәрбиелеу.

            Шаттық шеңбері

            Мұғалім оқушылардың сабаққа қызы,ушылығы мен көңіл күйлерін көтеру және оларға сабақтың мақсат-міндеттерін ұғындыру мақсатында С.Сейітовтың «Шындық-шырайы» өлеңін бірге оқып, түсіндіреді.

Шындық шырайы

С.Сейітов

            Мәтінмен жұмыс

            Мұғалім әңгімелесу барысында оқушылардың түйген ойларын оқулықтағы берілген Зейін Шашкиннің «Темірқазық» әңгімесімен  жалғастырады. Әңгімені оқып, талдау барысында мұғалім адалдыққа назар аудартады. Мұғалім тақырыптың мазмұнын ашатын сұрақтар арқылы оқушыларға мәтіндегі  негізгі ойды таптырып, олардың адалдықтың құндылықтық мәнін ашуда өз пікірлерімен пайымдатады. Мәтіннің соңында берілген сұрақтар оқушылардың ойларын тұжырымдауға  негіз болады.  

Темірқазық

Зейін Шашкин

            Әңгімелесу

            Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» атты айдармен берілген мына сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі:

             Сіздің адалдыққа деген сеніміңіз қандай?

            «Адалдық – адамдық белгісі» дегенді қалай түсінесіздер?

Неліктен адалдық «кеңпейілділік, ақкөңілділік, шыншылдық» ұғымдарымен қатар жүреді?

            Мұғалім адалдықтың таза ниет, ақ көңіл,  имандылық қасиеттен туындаған адам бойындағы асыл құндылықтар екендігін айтады. әр адамның өзіне тапсырылған іске жауапкершілікпен қарап, оны адал ниетпен орындай алуының мәдениеттілікті көрсететіндігіне де назар аудартады. әр оқушы берілген сұрақтарға сәйкес адалдық туралы өз ойын айтады.

            Тапсырма

            Төменде берілген мәтінді оқыңыз. Сіз шәкірт орнында  болсаңыз қалай жауап берер едіңіз? Жүйелеп айтып беріңіз.

Ақиқат

Қ.Толыбаев

            Тыныштық сәті

            Мұғалім баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін қолданады.

            Дәйексөз

            Оқулықтағы «Дәйексөз» айдарымен берілген   «Адалдық – ардың ісі» деген халық мақалын түсіндіру арқылы оқушылар жаңа ақпараттан пайымдаған ой пікірлерін жалғастырып, ары таза адал адам мәнді өмір сүретінін түсіндіру мақсатын жүзеге асырады.

            Жаңа ақпарат

            Оқушылардың жауаптарын  түйіндеген соң мұғалім оқулықтағы жаңа ақпаратпен сабақты жалғастырады. Сабақтың тақырыбын айқындай түсу үшін қолданылатын жаңа ақпараты оқушылардың адалдық туралы өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға негіз болады. Берілген оқу ақпаратын мұғалім немесе оқушылар оқиды. Мұғалім адам қай нәрсеге болмасын адалдықпен қараса, оның барлық істерінің сәтті аяқталатынын түсіндіреді. Мұғалімнің сөзі берілген оқу ақпаратындағы өзекті ойды нақтылай түсетіндей болуы керек.

            Жағдаятты талдау

            Мұғалім берілген жағдаят бойынша оқушылардың көзқарастары мен пайымдауларын талдау кезінде, олардың пікірлерін дәйектеуде, оқушылардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі. Оқушы ойларын түйіндеп, бір арнаға тоғыстыру мақсатында мұғалім жағдаят бойынша адал болу, өтірік айтпау, алдамау т.б. ұғымдардың мағынасын ашады.

            Дәйексөз

            Оқулықтағы «Дәйексөз» айдарымен берілген «Адалдық дегеніміз ашық, шыншыл қарым-қатынас» деген А.Макарен-коның сөзін түсіндіру арқылы оқушылар жағдаяттан пайымдаған ой пікірлерін түйіндеді.

            Жағдаяттарды талдау

            Бұл тапсырма жоғарыда айтылған ойларды тереңдете түседі. Оның ерекшелігі - өзгенің сенімін ақтау, адамның жауапкершілікті сезінуін қалыптастыру болып табылады.

            Тапсырма

            Берілген ой-тұжырымдамамен танысыңыз. Адалдық туралы өз ойыңызбен толықтырып, түйгеніңізді ортаға  салыңыз.

            Жаңа ақпарат

            Оқушылардың жауаптарын түйіндеген соң мұғалім оқулықтағы жаңа ақпаратпен сабақты жалғастырады. Жаңа ақпаратты оқушылардың адалдық, шындық туралы өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға негіз болады.

            Адам өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуі, өзін-өзі тануы, ар-ұяты алдында жауапкершілікті сезінуі үшін адалдық қажет. Адам өзгелермен қарым-қатынаста, іс-әрекетте адалдық танытуына оның сенімді достары да көп болады. Адалдық болғанда ғана адамдар шындықпен өмір сүре алады.

            Адал болудың өтірік айтпаудың да өзіндік қиындықтары бар. өйткені өмірде шындықты айту барысында қайырымдылық, төзімділік, басқаның басындағыны түсіне білу т.с.с. қасиеттерді бойға сіңіруге ұмтылған жөн.

            Шындықты айтуым қажет деп, тұрпайылық танытқан дұрыс емес.

            Әңгімелесу

            Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» атты айдармен  берілген мына сұрақтар төңірегінде әңгіме жүзгізіледі:

            Адалдықтың адами қарым-қатынастағы маңызы қандай?Ю

            Өзіңе өзің адал болу деген не? Өзін-өзі алдау деген не?

            Адал болуға  ұмтылуға неге керек?

            Мұғалім адалдықтың адами қарым-қатынастағы маңызы қандай екендігіне және адамның өзіне адал болуына көңіл бөлдіртеді. Әр адамның өзіне тапсырылған іске жауапкершілікпен  қарап, оны адал ниетпен орындай алуының мәдениеттілікті көрсететіндігіне де назар аудартады. әр оқушы берілген сұрақтарға сәйкес адалдық туралы өз ойын айтады.

            Тапсырма

            Төменде берілген  пікірлерді адамның көңіліне ауыр болмайтындай тұрғыда айтып беріңіз.

            Оқушыларға төмендегі мәтін тапсырма ретінде ұсынылады.

            Оқушылар шындықты айтуда адам жанына зиян келтірмеу мақсатында пікірлерді әр түрлі бағыттарда айтып көреді. Мұғалім қорытынды жасайды.

            Жүректен жүрекке

            Мұғалім оқушыларды бір-бірінің қолынан ұстатып, шеңбер құрғызып, «Аман болсын, адамдар» әнімен аяқтауға шақырады. Сабақты жағымды көңіл күй қалыптастыратын оқушылардың бір-біріне жақсы тілек білдіруі немесе адалдыққа байланысты өз ойларын айтуымен де қорытындылауға болады.

Аман болсын, адамдар

Сөзін жазған О.Әубәкіров

Әнін жазған Ә.Бейсеуов

17-18-сабақтар

Татулық – бірлік бастауы 

            Мақсаты: Оқушылардың адами қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейту.

            Міндеттері:

            - Адами қарым-қатынас жасаудың ізгіліктерін түсіндіру;

            - Адами қарым-қатынастағы мәнін ашу;

            - Адамдармен сыйластықты, жарастықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

            - Бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

            Шаттық шеңбері

            Мұғалім оқушылардың табиғатқа сүйіспеншілігін дамыта түсу мақсатында оқулықта берілген Е.Бағаевтың өлең жолдарынан қайталай отырып, шаттық шеңберін ұйымдастырады.

Е.Бағаев

            Тәуелсіздіктің тағдырын бізге тапсырып,

            Бабалар кеткен ұрпаққа тілеп жақсылық,

Бақытқа елді жетелейтұғын ынтымақ,

Бақытсыздықтан құтқара алмас басылық

Қаншама қымбат дүние бар тарих – дүкенде,

Сабыр ет, халқым, күн жақын орнар құт елге.

Егемендігім ерттелген кезде тұлпардай,

Жұртым деп жүрген ерлердің ісі бітер ме!

Көбейе берсін алашым деген нар ұлдар,

Болашақ ұрпақ алдында жүгің ауырлар,

Бағына кіріп бауырмалдықтың,

Шырқайық бірліктің әнін,

Тіршіліктің әнін бауырлар!

            Әңгімелесу

            Оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтарды талдау барысында татулықтың адам өміріндегі маңызына оқушылар назарын аудартады:

            Адамдармен тіл табысудың қандай жолдарын білесіз?

            Адамдармен ренжіскен кезде қандай күйде боласыз?

Өзге адамның пікірімен келіспеген жағдайда не істер едіңіз?

Адамдар арасындағы жарастықты, сыйластықты, тыныштықты сақтауға не ықпал етеді?

Кез келген мәселені сабырмен шеше аласыз ба?

«Татулық – достық кілті» дегенді қалай түсінесіз? 

Мәтінмен жұмыс

            Мұғалім оқушылардың татулықты сақтауда адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасының маңызды екенін, өмірде бірлік, ұйымшылдық, төзімділік ұғымдарының қажеттілігін түсіндіру мақсатында оқулықтағы «Құстар торға қалай түсті?» деген үнді аңызын оқуды ұсынады.

Өзара түсіністіктің  адам өмірінде зор маңызы барын түсіндіреді.

Құстар торға қалай түсті?

(Үнді аңызы)

Дәйексөз

Оқулықтағы «Дәйексөз» айдарымен берілген:

«Алтау ала  болса, ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» - деген халық мақалын оқушылардың өз ой-пікірлерін ортаға салу үшін мұғалім талдауға ұсынады.

Назар аударайық 

Н.Назарбаев

Сұхбаттасқан адамының жан дүниесін тануға деген құлшыныс, оның ой сезіміне деген құлықтылық, әсіресе сырласының жүрек түкпіріндегі  мұң-сырға ортақтасуға бейім тұру - әрбір қазақтың қарапайым қарым-қатынасынан бастап барша болмысына дейін айқын көрініс тауып отырады.

Сонымен бірге, тек өзімдікі дұрыс деп өндіршектейтін бірмойын да емес, өзгенің талғам-танымы көңілге қонбай жатса да, түсіністікпен қарауға бейім. өзгенің дүниетанымын, құндылықтарды тануын сергек сезімталдықпен түсіну қазақ болмысының ең бір аяулы қасиеті. Мұның өзі, қазіргідей қарқынды өмір ахуалына бейімделе білудің қажеттілігі туындап отырған заманда айрықша мәнді.

Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың «Назар аударыңызда» айтылған ойларды жалғастыруы үшін оқулықта берілген А.Хамзаұлының «Бала жетектеген әйел» атты шағын әңгімесін оқып, талдау арқылы әрі қарай дамытады.

Бала жетектеген әйел

(Қаз-қалпында)

А.Хамзаұлы

Жаңа ақпарат

Оқушылардың жауаптарын түйіндеу мақсатында оқулықта берілген жаңа ақпаратты оқу ұсынылады. Жаңа ақпарат оқушыларға адамдардың берік бірлігі, ынтымағы, сыйласымдылығы, бір-біріне қамқорлық танытуын ұғынуына көмектеседі.

Мұғалім жаңа ақпараттағы «Адамдар арасында татулық шынайы тілектестікпен араласу, керек кезінде қол ұшын беру, басына қиын жағдай туындаған кезде жанынан табылу, оны қажетсіну, сыйлау, құрметтеуден көрінеді», - деген сөйлемді түсіндіруде адамның адамгершілік  қасиеттеріне баса назар аудартады.

Жағдаятты талдау

Мәтінді оқыңыз. Сұраққа жауап беріңіз.

Мәтінде берілген ойларды оқушылар жағдаяттарды талдау барысында күнделікті өмірмен байланыстырып, сабақтастыра түседі. Мұғалім жағдаятты талдауда басқа ұлт өкілдерімен жарасымды қарым-қатынас жасауға үйоенуге, нәтижесінде жеке тұлғалық білігінің қалыптасуына көмектеседі. Адамдардың бір-бірімен ауызбіршілікті, тату болу, ынтымақта өмір сүру және ынтымақты сақтау мен нығайтуды, оның қадірін түсіне білуді үйренеді. Сабақ барысында айтылған ойларды өмірде кездесетін оқиғалармен ұштастыру мақсатында мұғалім балалардың жағдаяттармен жұмыс істеуіне бағыт береді.

Ә.Әбдібайқызы

Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушы дәптерінде оқушыға арналып, «Мен бүгін:» айдарымен берілген әр сабаққа арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады.

Жаңа ақпарат

Оқулықта берілген «жаңа ақпаратты» талдау барысында оқушылардың шығармашылық жұмысын орындауда алған білімдерін түйіндейді. Жаңа ақпарат сабақтың мақсат-міндеттерін айқындай түсу үшін қолданылады.

Жүректен жүрекке

Мұғалім оқушыларды бір-бірінің қолынан ұстатып, шеңбер құрып, Ә.Ысқақтың сөзіне жазылған, А.Махамбетованың «Бақытты болыңдар, адамдар!» атты әнін бірге орындауға шақырады. Сабақты жағымды көңіл күй қалыптастыратын оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айтумен қорытындылауға болады.

Бақытты болыңдар, адамдар!

Сөзін жазған Ә.Ысқақ

Әнін азған А.Махамбетова

19-20-сабақтар

Адами қарым-қатынас ізгіліктері

            Мақсаты: Оқушылардың адами қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейту.

            Міндеттері:

            - Адами қарым-қатынас жасаудың ізгіліктерін түсіндіру;

            - Адами қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

            - Адами қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

            Шаттық шеңбері

            Шаттық шеңберінде мұғалім оқушылармен амандасып, К.Салықовтың  сөзіне жазылған Ш.Әбілтаевтың «Бір ауыз сөз» әнімен сабақты бастауды ұсынады. Бұл ән арқылы адами қарым-қатынас жасаудың ізгіліктерін түсіндіруде сөздің қадір-қасиетін ұғындыру мақсатын көздейді.

Бір ауыз сөз

Сөзін жазған К.Салықов

Әнін жазған Ш.Әбілтаев

            Әңгімелесу

            Оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтарды талдау барысында адами қарым-қатынас жасау неліктен адам өміріндегі бағалы құндылықтар болып табылатынын түсіндіріп, оқушылар назарын сүйіспеншілік сезімге аудартады.

            Назар аударыңыз

            Ғұстафин

            Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады, асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды.

Зенон

            Сөздің бағасы бес белгімен айқындалады: дұрыстық, айқындық, қысқалық, орындылық, әрлеу. Дұрыстық дегеніміз – айтылған сөздің қатесіздігі, оған тәрбие арқылы жетеді. Айқындық дегеніміз – ойдың мазмұның дұрыс беру білу. Қысқалық деп мәселені түсіндіруге немесе ойды жеткізуге керек сөзді ғана пайдалануды айтады. Орындылық – сөздің айтылар жері мен мерзімін абайлау. әрлеу – жасандылықтан аулақ тұрып әсем сөйлеу.

            Мәтінмен жұмыс

            Оқулықта «Оқып үйренейік» айдарымен берілген Ж.Бейсенбаевтың әңгімесін оқып, талдауда мұғалім оқушыларға  адами қарым-қатынас жасаудың ізгіліктерін түсіндіру мақсатын қояды.

Ж.Бейсенбаев

Сахналау

            Мұғалім оқушыларға оқулықтағы «Сахналау» айдарымен берілген тапсырмаларды рөлдермен орындату арқылы үлкен мен кішінің бір-біріне ізет-құрметін, қарым-қатынасын айқындай түседі. Оқушылар сахналау барысында сәлемдесуді, бір-бірін аялауды, құрметтеуді сезінеді. Адамдардың жарасымды болуы үшін адамдарға қандай қасиеттер қажет екенін үйренеді.

            Тыныштық сәті

            Мұғалім баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін қолданады.

            Дәйексөз

            Оқулықтағы «Дәйексөз» айдарымен берілген «...Түсінудің өзі де – адамның үлкен еңбегі» деген Б.Момышұлының сөзін сахналау әдісінде имандылық, инабаттылық, мәдениеттіліктің өзі адамдардың түсінісе білу, келісімге келу, жарастықта болуға жетелейтінін түсіндіреді.

            Жаңа ақпарат

            Оқулықтағы жаңа ақпарат адами қарым-қатынас туралы оқушы білімдерін нығайта түседі. Олар оқулықтағы жаңа ақпаратты оқи отырып адами қарым-қатынастың негізі сыйластық, сүйіспеншілік қасиеттерімен байланысты екенін түсіндіреді.

            Адами қарым-қатынастағы маңызды іс-әрекеттің бірі – бұл сөйлесу болып табылады. Сөйлеу мәдениеті тілден тілдің тазалығынан басталады. әрбір адам ана тілінде сөйлегенде ғана ұлт өркен жаяды. Ақын Әәжібаевтың

            «Туған тілім – тірлігімнің айғағы

 Тілім барда айтылар сыр ойдағы

 Өссе тілім, мен де бірге өсемін

 Өшсе тілім, мен де бірге өшемін» деген өлеңі өте орынды айтылған. 

Осы тіл арқылы жеткізілетін, дамитын қазақ халқының сөйлеу мәдениетіне әдепті сөйлеу, шешен сөйлеу, астарлап сөйлеу жатады. Шешен сөйлеу көп ойды аз сөзбен жеткізу ғана емес, мақалдатып, тілдің шырайын келтіре сөйлеу.

Ал, астарлап сөйлеу кісінің көңіліне тимес үшін, әрі жекіп, ұрсып, дөрекі сөздерді қоспау үшін ойды тұспалдап айту.

            Дәптермен жұмыс

            Шығармашылық жұмыс дәптерде орындалады.

            Күнделікті өмірде кездесетін сыпайы сөздердің тізімін жасап, жоба құрыңыздар.

            Оқулықтағы берілген шығармашылық тапсырманы мұғалім үй жұмысы ретінде беруіне болады. Оқушылар оны үйде орындап, сөздердің тізімін жасап, жоба құрайды. Тапсырманы мақсат, әрекет, құрал, уақыт, нәтиже ретімен орындауда ұсынады. Өздері жасаған жобаны орындауда, қорғауда сыпайы сөздердің мәнін ұғындыру арқылы адамдарға деген құрметі, аялы қарым-қатынасы арта түседі. 

            Дәйексөз

            Оқулықта «Дәйексөз» айдарымен берілген «Құнды сөз құнарлы ойдан шығады» Л.Н.Толстой сөзінің тағылымын түсіндіру арқылы оқушылардың ойланып сөйлеуге, ойлы болуға, ақылмен түюге бағдар беріледі.

            Жаңа ақпарат

            Оқулықтағы жаңа ақпарат адамдардың тіл табысу және өзара түсінісуі туралы оқушы білімдерін нығайта түсуіне көмектеседі.

            Адами қарым-қатынастағы игі әрекеттердің бірі – тіл табысу және өзара түсінісуі болып табылады. Қолдан келгенше кикілжіңді болдырмауға әрекеттенген дұрыс. Тіл табысудың басты кілті болып – кешірім сұрау табылады.

            Өмірде адамның  ашулануы, ызалануы сезімін тудыратын әр түрлі жағдаяттар болып табылады. Сол жағдаяттар өзара адами қарым-қатынастың бұзылуына әкеліп соғады. Оларды мәдениет тұрғысынан шешкен дұрыс. 

            Назар аударыңыз

Д.Мамырбаева

Кешірім қалай сұралуы керек?

            Мәтінмен жұмыс

            Мұғалім сабақ барысында оқушылардың түйген ойларын оқулықтағы берілген «Алдын ала ойлану – асыл қасиет» деген Ұ.Асыловтың әңгімесімен жалғастырады. Әңгімені  оқып, талдау барысында мұғалім оқушылардың мәтінді өз ойымен қорытындылауға бағыт береді.

Алдын ала ойлану – асыл қасиет

Ұ.Асылов

            Жүректен жүрекке

            Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін Асан Қайғының жыр жолдарымен түйіндейді, мұғалім сабақты аяқтайды. Егер оқушыларға ұнаса осы жыр жолдарын жаттап алуға ұсынады.

                                                                                                                 Асан Қайғы

                        Таза мінсіз асыл тас

                        Су түбінде жатады.

                        Таза мінсіз асыл сөз

                        Ой түбінде жатады.

                        Су түбінде жатқан тас

                        Жел толқытса шығады.

                        Ой түбінде жатқан сөз

                        Шер толқытса шығады.

21-сабақ

Әдептен озбайық

Мақсаты: Оқушылардың әдеп негіздері туралы  түсінік беру.

Міндеттері:

- Қоғамдық орындардағы, адами қарым-қатынатағы әдеп нормаларын түсіндіру;

- Әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту;

- Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Шаттық шеңберінде мұғалім оқушылармен амандасып, М.Мөңкеұлының жырымен сабақты бастауды ұсынады.

М.Мөңкеұлы

Қырық сомға алған шарқатты

Орай салса басына,

Өзі он сегіз жасында,

Нұр сәулесі көрінсе,

Қиылған қара қасында.

Хиуаның ақ зерін

Сандығына сақтаса,

Талдап өрген бұрымын

Қырмызымен қаптаса.

Ел көшкенде міндірсе

Әшекейлі қара кер.

Етегіне салдырса

Кезі жүз сом алтын зер.

Орын тапқан жерінде,

Ақыл мен пікір айласа...

Тал бойына қарасаң,

Сырдың біткен талындай,

Ауыздан шыққан лебізі

Базардай алуа, балындай...

Камзол, бешпент делегей,

Қыз балаға жарасар.

Әңгімелесу

Оқулықта «ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтарды талдау барысында оқушылар назарын әдеп сұрақтарды талдау барысында оқушылар назарын әдеп нормаларын сақтауға аудартады.

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім оқушыларға жаңа сабақтың мазмұнын ашу мақсатында Ж.Бейсенбаевтың «Студент қыздың әңгімесі» атты әңгімесін оқып береді.

Студент қыздың әңгімесі

                                                                                                                         Ж.Бейсенбаев

            Жағдаяттарды талдау

            Жағдаяттарды талдап, сұрақтарға жауап беріңіздер.

Бұл тапсырма жоғарыда айтылған ойларды тереңдете түседі. Оның ерекшелігі - өмірде әдеп нормаларын сақтау және қалыптастыру болып табылады.

            Тапсырма

            Ұлағатты сөздерді оқып, олардың мәнін түсініп алыңыз.

            Оқулықтағы тапсырма оқушыларға ізгілік, адамдық ұғымдарының адамдардың ізгілікті қарым-қатынас жасауына қажет екенін түсіндіреді.

                        Ізгілік – бір биік үй мұнарасы,

                        Алқызыл жайнап өскен гүлбақшасы,

                        Әдебің сол гүл өскен жасыл алқап,

                        Сол үйдің не болмаса ірге тасы. 

    Ахмет Иүгнеки

                        Кісіге адамшылық неге керек?

                        Адамдық өзге айуаннан артық демек...

                        Жаны ашып, жәрдем қылмай өткен адам –

                        Өсіп, өшіп құлаған бір бәйтерек.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

            Дәйексөз

            Оқулықтағы «Дәйексөз» айдарымен берілген «Біз бойымызда әдепті дамытуға тиіспіз. өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін» деген И.Гетенің сөзін түсіндіру арқылы оқушылардың әдепті болуына бағждар беріледі.

            Жаңа ақпарат

            Оқулықтағы жаңа ақпарат адамдардың қоғамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін ұстау әдебі туралы оқушы білімдерін нығайта түсуіне көмектеседі.

            Адамның үлкендермен, құрбыларымен, жасы кішілермен сөйлесу мәнері, қоғамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін ұстау әдебі, сондай-ақ сыртқы сипаты, атап айтқанда киіну, шаш тарау, бетін ретке келтіру, мәнері, қимыл-қозғалысы, өнермен жақындығы, білімділігі оның мәдениеттілігін танытады.

            Қоғамда адамның жүріс-тұрысына, киінуіне, сөйлеуіне және т.б. байланысты қалыптасқан әдеп нормалары бар. әрбір адамның сол әдеп нормаларын ұстануына қарай оның инабаттылығы, жарасымдылық, мәдениеттілігі бағаланады.

            Дәптермен жұмыс

            Мұғалім оқушы дәптерінде оқушыға арналып, «Мен бүгін:» айдарымен берілген әр сабаққа арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады.

            Оны талдау немесе өз ойын  білдіру оқушының өз еркіне қалдыруға болады.

            Мұғалім адамның әдеп нормаларын сақтау мақсатында төмендегі тапсырманы оқушыларға сахналауға ұсынады:

            Төменде берілген сөздерден жағдаяттар құрастырып, сахналап беріңіз.

            1. Сыныптастардың телефонымен сөйлесу әдебі.

            2. Қоғамдық  көліктегі оқушы мен қарияның және бақылаушының әдептері.

            3. Үлкендер мен жастардың дастархан басында өзін ұстау әдебі.

            Тапсырма

            Төменде берілген әдеп қағидаларын өз ойларыңызбен жалғастырасыз.

            Оқулықтағы тапсырманы орындау оқушыларға ізгілік, адамгершілік қарым-қатынас жасауына қажет екенін түсіндіреді.

            Жүректен жүрекке

            Мұғалім балалардың шеңберге тұрып, сыныптас достарымен қол ұстасып, алған білімдерін қорытындылау мақсатында әдеп туралы жүрекжарды тілектерін айтуды ұйымдастырады. «Қыз сыны»  әнімен  сабақты аяқтауға болады.

Қыз сыны

Сөзін жазған Қ.Қазыбеков

Әнін жазған М.Омаров

                        Үкілі камшат, бүрмелі көйлек,

                        Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.

                        Иықтан шашы төгіліп жерге,

                        Күмістң шашбау жарасып белге.

                                    Қиылған қасы,

                                    Қарақат көзі,

                                    Жүректі баурап,

                                    Оятар сезім.

                                    Тал бойың нәзік,

                                    Қызғалдақ гүлдей,

                                    Дидарың нұрлы,

                                    Шуақты күндей.

                        Жаңарып қайта,

                        Жаңғырып көне,

                        Ләззат алар,

                        Көрген жан сенен.

                        Айналдым еркем,

                        Халқымның салтын,

                        Сақтаған көркем.  

22-сабақ

23-сабақ

Әдептілік – адамгершілік бастауы

            Мақсаты: Оқушылардың әдептілік, инабаттылық сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.

            Міндеттері:

            - Әдептілік, инабаттылық, сыйластықтың адами қарым-қатынастағы мәнін ашу;

            - Ізетті, сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

            - Әдептілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

            Шаттық шеңбері

            Мұғалім оқушылардың сабақ барысында жағымды көңіл күй, шынайы қарым-қатынастарын қалыптастыру үшін және өткен сабақтарда өткен өзара сыйластық қарым-қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру  мақсатында Ғ.Қараштың өлең жолдарын бірлесіп айтумен шаттық шеңберін ұйымдастырады:

Әдеп

 Ғ.Қараш

                        Жігіттер, жаның жаста әдеп үйрен,

                        Қаш жырақ, әдебі жоқ істен ширек

                        Сүйкімді әдеп тұтпай бола алмассың,

                        Әдепсіз, жоқ мінезі тәңірі сүйген.

            Әңгімелесу

            Оқулықта берілген «Ойланайық, пікірлесейік» сұрақтары арқылы мұғалім балалардың төменгі сыныпта игерген біліктерімен өз бойларында қалыптасқан жақсы қасиеттерін айқындайды.

            Әңгімелесу  барысында оқушылардың алған білімдерін өз іс-тәжірибесімен салыстыруға мүмкіндік жасау мақсаты қойылады. Ол үшін оқулықта берілген сұрақтар қолданылады:

            «Әдептілік – адамгершілік бастауы» дегенді  қалай түсінесіз?

            Өз іс-әрекетіңізден ұялған кезіңіз болды ма?

            Әдепті адам  бойында  қандай қасиеттер болуы қажет?

            Мұғалім оқушыларға адам «Әдепті адам бойында қандай қасиеттер  болуы қажет?» деген сұрақты оқушылардың қатысымен жан-жақты ашып, әдептілік – адамгершілік бастауы екенін түсіндіреді.

            Мәтінмен жұмыс

            Оқушылардың   әңгімелесуде айтылған ойларды түйіндеу үшін оқулықтағы Н.Шакузадаұлының «Әдептілік  әліппесі» мәтінін оқу арқылы мұғалім жалғастырады. Мәтінді оқушылардың өздеріне оқытуды ұйымдастыруға болады.

Әдептілік  әліппесі

Н.Шакузадаұлы

            Дәйексөз

            Мұғалім сабақты оқулықта берілген дәйексөзді талдаумен жалғастырады:

                        Инабат – ердің азығы,

                        Бақыт пенен дәулеттің

                        Ұстайтұғын қазығы.

К.Әбубәкір

            Дәйексөзде неліктен «Инабат – ердің азығы», - деп айтылғанына мән беріп, түсіндіреді.

            Жағдаяттарды талдау

            Дәйексөзде берілген ойларды оқушылар жағдаяттарды талдау барысында күнделікті өмірмен байланыстырып, сабақтастыра түседі. Себебі осы өтпелі кезеңде балалардың үлкен адамдарға немесе оларға ұқсағысы келетін және жақсы не жаман әдеттерді байыбына бармай  жасай салатын кездері. Мұғалім осы бір ерекшелікті үнемі есте ұстап, жағдаятты талдауда балалардың белсенділігін арттырып, жаманды жақсыдан айыра білуіне, олардың әрбір ісіне өз бағасын беруді  үйренуге, нәтижесінде жеке тұлғалық білігінің қалыптасуына көмектеседі. Арманның айналасына ерекше көрінуінің сыры неде –деген сұраққа оқушылар «оның киімі жақсы, қымбат болар» деген сияқты жауаптар беруі мүмкін. Бұл жерде мұғалім Арманның әдептілігі, жүріс-тұрысы, инабаттылығы ерекше екенін түсіндіреді. 2-жағдаятта үлкендермен сөйлескенде әдептілік сақтау, орынды сөйлеуге үйрену жақтарына көңіл бөлінеді.

Мәтінді оқып, берілген сұрақтар бойынша жағдаятты талдаңыз.

            Жаңа ақпарат

            Оқулықтағы жаңа ақпарат адамның ізеттілігі, сыпайылығы сияқты көркем мінездері мен өнегелігі, қарапайымдылығы,  тәрбиелілігі, инабаттылығы туралы оқушы білімдерін нығайта түсуіне көмектеседі.

            Әдептілікке  адамның ізеттілігі, сыпайылығы сияқты  көркем мінездері мен өнегелігі, қарапайымдылығы, тәрбиелілігі, инабаттылығы жатады.

            Әдепті болу – адамды басқалармен жақсы қарым-қатынас жасауға, олардың сөзін тыңдай білуге, өзара сыйластыққа қол жеткізуге және үлкендерге құрмет, кішілерге ілтипат көрсетуге негіз болады.

            Әдепті кісі өз абыройына кір келтіретін әрекеттерден аулақ жүреді. Кездейсоқ, білместік салдарынан бір жарамсыз іс істеп қойса өкініп, ұялып, жүзі қызарып, істеген ісіне қиналады және түзетуге тырысады.

            Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам - өзінің адамгершілігімен,  қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік – адамның рухани арқауы.

            Шығармашылық жұмыс

            Шығармашылық жұмыс дәптерге орындалады.

            Төменде ұғымдардың өзіңе ұнағанын таңдап алып, шағын әңгіме жазыңыз.

            Оқушылардың әдеп, әдептілік туралы білімдерін тереңдету мақсатында шығармашылық тапсырма  Ү.Уайдиннің «Әдеп әлеміне барар жол» деген ой-пікірі негізінде ұсынылады. Шығармашылық жұмыс ретінде тапсырмадағы шешуді ойын түрінде жекелей немесе топпен орындатуға болады. Оқушылар әдепке байланысты берілген сөздердің мағынасы туралы өз пікірлерін ортаға салады.

Әдеп әлеміне барар жол

Ү.Уайдин

                        Әдеп – сана;

                        Әдеп – мәдениет;

                        Әдеп – ізет;

                        Әдеп – парасат;

                        Әдеп – тәрбие;

                        Әдеп – инабат;

                        Әдеп – асыл ой;

                        Әдеп - өмір сыны;

                        Әдеп – отаншылдық сезім;

                        Әдеп – мінез;

                        Әдеп – намыс;

                        Әдеп - әдемі сөз.

            Тыныштық сәті

            Мұғалім баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін қолданады.

            Тыныштық сәті толықтай тыныштықта өткізіледі. Немесе баяу музыка қоюға болады.

            Осы жаттығуды орындату барысында мұғалім балалардың дене қалпын еркін ұстап, д дұрыс тыныс ала білуіне баса назар аударады.

            Балалардың көңіл күйінің көтеріңкі болып, өздерін жақсы сезінуіне тыныштық сәтінің пайдасы мол.

            Тыныштық сәті кезінде мұғалім төмендегідей мәтінді айтып тұрады, ал оқушылар мұғалімнің айтқанын орындайды.

            Мұғалімнің сөзі:

            - Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. 

            Оқушылар өз қалпына түскен соң мұғалім сабақты жалғастырады.     

            Мәтінмен жұмыс

            Оқушылардың шығармашылық жұмыста орындаған әдеп туралы ой-пікірлерді және тарауды қорытындылайтын «Әдептілік – адамгершілік бастауы» деген сабақтың негізгі ойын айқындау мақсатында мұғалім мәтін оқу арқылы жалғастырады.

Қызым саған айтамын 

(үзінді)

Ж.Солтиева

            Дәптермен жұмыс

            Мұғалім оқушы дәптерінде оқушыға арналып, «Мен бүгін:» айдарымен берілген әр сабаққа арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады.

            Оны талдау немесе өз ойын білдіруді оқушының өз еркіне қалдыруға болады.

            Әдепке байланысты тыйым сөздерді жинақтап, әдептілік тізімдемесін  жасаңыз.

            Оқулықта берілген тапсырма бойынша тыйым сөздерді жинақтап, әдептілік  тізімдемесін жасайды, оны сыныпқа жария етеді. Бұл жерде мұғалім тыйым  сөздердің тәрбиелік  мәніне көңіл бөлдіртеді. Оқушылардың жинақтаған тыйым сөздерді іріктеп, жаттап алуға ұсынуға болады.

            Назар аударыңыз

            Аристотель

            Әдепті адам деп адамгершілігі жетілген адамды айтамыз. Жанның әдептілігі – адамның әділеттілігінен, ер жүректілігінен, саналығынан, яғни барлық ізгілікке ие мінездерінен көрінеді.

            Жүректен жүрекке

            Балалар шеңбер құрып, немесе орындарында отырып, оқулықта ұсынылған Қ.Д.Әліжановтың өлең жолдарын оқып шығады да, бір-біріне, мұғалімге жылы тілектерін айтады.

Көңіліңе ұстап, тоқып ал

Д.Әлемжанов

                        Аталы сөз іздесең,

                        Көп көргеннен ақыл ал!

                        Асыл ойдан із көрсең

                        Көңіліңе тоқып ал!

                        Әрбір сөзін ардақтап,

                        Сабақ ет өмір ісіңе!

                        Жүрме артынан жалтақтап,

                        Сенбей өмір күшіңе!

24-сабақ 

            -Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. 

            Оқушылар өз қалпына түскен соң мұғалім сабақты жалғастырады.     

            Мәтінмен жұмыс

            Оқушылардың шығармашылық жұмыста орындаған әдеп туралы ой-пікірлерді және тарауды қорытындылайтын «Әдептілік – адамгершілік бастауы» деген сабақтың негізгі ойын айқындау мақсатында мұғалім мәтін оқу арқылы жалғастырады.

Қызым саған айтамын 

(үзінді)

Ж.Солтиева

            Дәптермен жұмыс

            Мұғалім оқушы дәптерінде оқушыға арналып, «Мен бүгін:» айдарымен берілген әр сабаққа арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады.

            Оны талдау немесе өз ойын білдіруді оқушының өз еркіне қалдыруға болады.

            Әдепке байланысты тыйым сөздерді жинақтап, әдептілік тізімдемесін  жасаңыз.

            Оқулықта берілген тапсырма бойынша тыйым сөздерді жинақтап, әдептілік  тізімдемесін жасайды, оны сыныпқа жария етеді. Бұл жерде мұғалім тыйым  сөздердің тәрбиелік  мәніне көңіл бөлдіртеді. Оқушылардың жинақтаған тыйым сөздерді іріктеп, жаттап алуға ұсынуға болады.

            Назар аударыңыз

            Аристотель

            Әдепті адам деп адамгершілігі жетілген адамды айтамыз. Жанның әдептілігі – адамның әділеттілігінен, ер жүректілігінен, саналығынан, яғни барлық ізгілікке ие мінездерінен көрінеді.

            Жүректен жүрекке

            Балалар шеңбер құрып, немесе орындарында отырып, оқулықта ұсынылған Қ.Д.Әліжановтың өлең жолдарын оқып шығады да, бір-біріне, мұғалімге жылы тілектерін айтады.

Көңіліңе ұстап, тоқып ал

Д.Әлемжанов

                        Аталы сөз іздесең,

                        Көп көргеннен ақыл ал!

                        Асыл ойдан із көрсең

                        Көңіліңе тоқып ал!

                        Әрбір сөзін ардақтап,

                        Сабақ ет өмір ісіңе!

                        Жүрме артынан жалтақтап,

                        Сенбей өмір күшіңе!

25-сабақ

Адам және отбасы

            Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.

            Міндеттері:

-       Отбасының адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;

            -Отбасындағы жарастықты, сыйластықты қарым-қатынасының дамуына ықпал ету;

            - Отбасындағы сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

            Шаттық шеңбері

            Мұғалім сүйіспеншілік ұғымының отбасынан басталатынын  және адамға ең қымбатты да, ең асыл да ата-ана екенін ұғындыру мақсатында Ы.Алтынсариннің «Ананың сүюі» өлеңін балалармен қосылып айтып, шаттық шеңберін ұйымдастырады.

Ананың сүюі

Ы.Алтынсарин

                        Кім сендерді балалар сүйетұғын,

                        Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

                        Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

                        Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

                        Кім сендерді, балалар тербететін,

                        Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

                        Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

                        Қамқор аңаң көз жасын  көлдететін.

                        Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

                        Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең,

                        Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,

                        Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

                        Кім сағынар  сендерді келгеніңше,

                        Құлындарын көзімен көргенінше?

                        Сендер қайтып келгенде адам болып,

                        Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.

            Әңгімелесу

            Мұғалім оқушылардың отбасы жарастығы мен татулығы және ол арқылы адамдар қандай табыстарға жете алатыны туралы түсініктерін  дамыта түсу үшін оқулықтағы «Ойлайнайық, пікірлесейік»  айдарымен берілген сұрақтар арқылы оқушылардың отбасында  кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсете біліуіне және баланың өз орнын анықтауына, туыстық қарым-қатынастарын қалыптастыруға, отбасының адам өміріндегі  мәнін терең түсіне бастауына жетелейді.

            Мәтінмен жұмыс

            Мұғалім әңгімелесу барысында оқушылардың түйген ойларын оқулықтағы берілген «Мен оны пір тұтамын» деген Ж.Солтиеваның әңгімесімен жалғастырады. әңгімені оқып, талдау барысында мұғалім отбасының сыйластығы, жарасымы, татулығы болуы үшін ненің қажет екеніне назар аудартады. Отбасындағы жарасым негізі: «сүйіспеншілік», «махаббат», «сыйластық», екенін оқушылардың ұғынуына бағыт береді. Әсіресе отбасында кездесетін кездейсоқ қиындықтарды жеңуде адамның адамгершілік қасиетінің сынға түсер сәті екенін мұғалім оқушыларға түсіндіреді. Отбасының жарасымды болуы үшін адамдарға қандай қасиеттер қажет екенін үйренеді.

Мен оны пір тұтамын

Ж.Солтиева

            Дәптермен жұмыс

            Мұғалім оқушы дәптерінде оқушыға арналып, «Мен бүгін:» айдарымен берілген әр сабаққа арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған өз ойын білдіруді оқушының өз еркіне қалдыруға болады.

            «Жеті атамызды білеміз бе?» тақырыбына геналогиялық тізбесін жасаңыз. өзіңнің ата-әжелеріңіз туралы шағын әңгіме жазыңыз.

            Оқушылар оқулықта берілген тапсырманы орындау арқылы отбасындағы өз орнын және аға ұрпақ  өкілдерін, ағайын туыстарын, үлкен мен кішінің бір-біріне ізет-құрметін, қарым-қатынасын айқындай түседі. Оқушылар тапсырманы орындау барысында ата, әже, әке, ана, аға, іні, қарындас болып бір-бірін аялауды, құрметтеуді, қадірлеуді сезінеді.

            Дәйексөз

            Мұғалім «Отбасының өнегесі – Отан өнегесі» деген Б.Момышұлының сөзін дәйексөз ретінде қолданып, оқушылардың бойында патриоттық сезім ояту және олардың өз елін сүйе білу мен құрмет тұтудың адам өмірінде қандай орын алатынын түсіндіреді.

Назар аударыңыз

Кабуснамеден

            Тапсырма

            Ұлағатты сөздерді оқып, олардың мәнін түсіндіріңіз.

            Оқулықтағы берілген тапсырманы мұғалім үй жұмысы ретінде беруіне болады. Оқушылар оны үйде орындап, мақалдарға сүйеніп шағын әңгіме құрап жазады. Оқулықтағы берілген мақалдар ата мен ананың баланың отбасындағы өз орнын анықтауына көмектеседі. «Ұлт десең бесігіңдә түзе!» деген нақыл сөздің мәнін ұғындыру арқылы әр баланың болашақ ата-ана болатынын мұғалім түсіндіріп, олардың да ұлт алдындағы үлкен жауапкершілікті сезіне білуіне көмектеседі. «Өзіңіз білетін өнегелі сөздерді жазыңыз» - деп  дәптерге тапсырманы оқушылардың өздеріне жалғастыруға ұсыныс жасауға болады.

            Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,

            Ұл атадан үйренбей сапар шекпес.

Қорқыт ата

            Ұлт болам десең бесігіңді түзе!

М.Әуезов 

            Отбасында өзара сүйіспеншілік болғанда ғана отбасылық тұрмыс зор бақытқа кенеле алады.

Н.К.Крупская

            Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны.

А.М.Макаренко

            Отан отбасынан басталады.

В.А.Сухомлинский

            Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш – бала сүю.

Б.Момышұлы

            Жаңа ақпарат

            Оқулықтағы жаңа ақпарат отбасы туралы оқушы білімдерін нығайта түседі. Олар оқулықтағы жаңа ақпаратты оқи отырып берік те тату болуы сыйластық, сүйіспеншілік қасиеттерімен байланысты екенін түсінеді. Мұғалім отбасы неліктен қымбат екенін оқушылардың өздері пайымдауына бағыт береді.

            Мұғалім әр адамның жақсылық бастауы, тәрбие көзі екенін түсіндіріп оқушылардың бойында өз отбасына деген сыйластық қарым-қатынасының дами түсуіне ықпал жасайды.

            Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа-қарындастардың және туған-туыстардың ортасын құрайтын отбасы – қоғамның ең маңызды ұйытқысы болып табылады. өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады.

            Мәтінмен жұмыс

            Адамға өмірде ең қымбаты –отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады. Отбасында бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болатынына мұғалім ерекше назар аудартады. Өмірде адамға  жағымсыз әсер ететін немесе зиянды нәрселерге еліктейтін әр түрлі жағдайлар болады. Міне осындай жағдайлардың алдын алу үшін мұғалім оқушылардың әлі де жеке тұлға ретінде қалыптасып үлгірмегенін ескеріп, осы мәтінді талдау барысында олардың ұстазымен, достарымен, ата-анасымен еркін сөйлесуге ақыл-кеңес береді. әр бала өз ата-анасына ерекше ыстық, орны бөлек екенін тіпті үлкендердің кей кездерде ескерту жасауы, ұрсуына өзі жақсы көргеннен екенін түсіндіреді.

Туған күн

З.Жұманова

            Тыныштық сәті

            Мұғалім баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін қолданады.

            Тыныштық сәті толықтай тыныштықта өткізіледі немесе баяу музыка қоюға болады.

            Осы жаттығуды орындату барысында мұғалім балалардың дене қалпын еркін ұстап, дұрыс тыныс ала білуіне баса назар аударады.

            Балалардың көңіл күйінің көтеріңкі болып, өздерін жақсы сезінуіне тыныштық сәтінің пайдасы мол.

            Назар аударыңыз

М.Арын

            Отбасы – ұлт рухының айнасы.

            Жүректен жүрекке

            Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін «Әкем туралы жыр» әнін айтумен жалғастырып, мұғалім сабақты аяқтайды.

Әке туралы жыр

Сөзін жазған М.Шаханов

Әнін жазған Н.Тілендиев

                        Жас едім өмірге еркін бойламаған,

                        Күні ертең не боларын ойламаған.

                        Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,

                        Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

                        Сүрінсем сынай қарап от жанарың,

                        Сен мені жақтамадың, ақтамадың,

                        Әрдайым осы қатал мінезіңнен,

                        Күш алып мақсатыма аттанамын.

                        Жан әке, шертіп сезім домбырасын,

                        Кеудемді қуанышқа толтырасың.

                        Арманның асқарына құлаш ұрсам,

                        Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.

                        Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,

                        Кім мөлдір болса соның жолдасымын.

                        Қуан сен, қуана бер, әкетайым.

                        Мен сенің өміріңнің жалғасымын. 

26-сабақ

28-сабақ

Адам және қоғам

            Мақсаты: Оқушылардың адам мен қоғамның өзара байланысы туралы түсініктерін кеңейту.

            Міндеттері:

            - Әйел адамның, ер адамның қоғамдағы орнын түсіндіру;

            - Қоғамда тұлғалық белсенділігін саналы тұрғыдан танытуға ұмтылысын дамыту;

            - Әйел адамға, ер адамға сыйластықты қарым-қатынасын тәрбиелеу.

            Шаттық шеңбері

            Шаттық шеңбері мұғалім оқушылармен амандасып, Қ.Мырза Әлидің өлеңімен бастауды ұсынады.

Қ.Мырза Әли

                        Көресінің көкесін көрген де – Адам.

Көк құрышты қамшы ғып өрген де – Адам.

Нажағайдай атылған жолбарыстың

Жағын қолмен айырып берген де – Адам!

Күн нұрына арманын малған да – Адам.

Жақсылықпен бір тыныс алған да – Адам.

Құлап түскен торғайдың балапанын

Ұясына көтеріп салған да – Адам!

            Мұғалім оқушылардың Адам мен қоғамның өзара байланысы туралы түсініктерін ортаға салу мақсатында төмендегі сұрақтар арқылы әңгімелесу жүргізеді.

            Шығармашылық жұмыс

            Төмендегі ұлағатты сөздерде мән берілген адамның қоғамдағы орнын сипаттайтын ерекшеліктерді сұлбаға түсіріңіз.

            Даналық сөздерді оқып, еңбектің маңыздылығы жөнінде айтып беріңдер.

            Мұғалім берілген тапсырма бойынша оқушылардың көзқарастары мен пайымдауларын талдау кезінде, ұлағат сөздерді, мақал-мәтелдерді өз пікірлерімен дәйектеуге, оқушылардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі. Оқушы ойларын түйіндеп, бір арнаға тоғыстыру мақсатында мұғалім оқулықтағы «Тапсырма» айдарымен берілген даналық сөздердегі адам, ер адам, әйел адам деген ұғымдардың мағынасын ашады. 

            Адам деген даңқым бар.

Абай

Адам боп оңай туғанмен,

Адам боп қалу көп қиын.

Қ.Мырзалиев

            Қашан бір бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады.

Абай

            Өз жұртына жұмыс қылып, еңбек сіңірген адамдарды қадірлеу – елдіктің белгісі.

Х.Досмұхамедұлы

            Өзін үлкен адами тереңдікте сезіне алмаған адам қоғамның, ұлттың мүшесі екендігін сезіне алмайды.

М.Арын

            Жаңа ақпарат

            Мұғалім оқушылардың назарын адам мен қоғамның өзара байланыс, арақатынасына аударады.

            Дәйексөз

            Адамның қоғамдағы орнын айқындау мақсатында Э.Хемингуэйдің «Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады. Жер басып жүрген әрбір адамнын өмірде өз міндеттері бар» - деген нақыл сөзімен танысу ұсынылады.

            Тыныштық сәті

            Мұғалім баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін қолданады.

            Тыныштық сәті толықтай тыныштықта өткізіледі немесе баяу музыка қоюға болады.

            Мәтінмен жұмыс

            Оқушылардың әйел адам туралы, және ол жөніндегі түсініктерін  кеңейту мақсатында Ф.Оңғарсынованың  «Қазақтың бір қызы бар Кәмшат деген...» атты өлеңін талдау ұсынылады.

Қазақтың бір қызы бар Кәмшат деген...

(поэмадан үзінді)

Ф.Оңғарсынова

            Тапсырма

            Оқушылардың ер адам туралы, және ол жөніндегі түсініктерін кеңейту мақсатында төмендегі мәтіндерді талдау ұсынылады.

            Сұрақтарға жауап береді.

Жігіт сипаты

            Ақан сері Қорамсаұлы

                        Жігіт боп гауһар тастай асыл болса,

                        Әлсізге жаны кілең ашыр болса.

                        Әрқашан жігіт сондай тәуір болмас,

                        Не пайда шүберектей жасыл болса.

                        Көзі де, көңілі де соқыр қараңғының

                        Несі адам түк білмейтін масыл болса.

                        Наркескен қайырылмайтын қылыш болса,

                        Мінезі, ақыл, өнері дұрыс болса.

Бір сырлы, сегіз қырлы болса жігіт,

Жорғадай тілі майда жүріс болса.

Ақылды, сабырлы ер деп соны айтамыз,

Еткені, берекелі жұмыс болса.

Бұл айтқан ақылымда жалған бар ма?

Көріңдер миға салып бұрыс болса.

Бозбала шамшырақтай фанар болса,

Ішінде қалың топтың жанар болса.

Ақиқат адамдықтың белгісі сол,

Су берсең, балдай көріп қанар болса...

            Жаңа ақпарат

            Мұғалім оқушылардың назарын ер-азаматтардың өмірінен жаңа ақпаратқа назар аударады.

            Дәптермен жұмыс

            Мұғалім оқушы дәптерінде оқушыға арналып, «Мен бүгін:» айдарымен берілген әр сабаққа арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады.

Оны талдау немесе өз ойын білдіруді оқушының  өз еркіне қалдыруға болады.

Жүректен жүрекке

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. Оқушылардың М.Шахановтың өлең жолдарын оқып, бір-біріне деген жылы тілектерін айтумен сабақты аяқтайды.

М.Шаханов

...Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.

Әр адамда, өз анасынан басқа,

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері – түп қазығы, айбыны,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі,

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Төрт анаға әнін жалғай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?!

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

29-сабақ

Адам және Отан

            Мақсаты: Оқушылардың туған ел, атамекен, Отан туралы түсініктерін кеңейту.

            Міндеттері:

            - Туған елдің, атамекеннің, Отанның адам өміріндегі мәнін жан-жақты ашу;

            - Туған елін, атамекеннің, Отанын қадірлеу, қастерлеу іскерліктерін дамыту;

            - Туған елін, атамекенін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

            Шаттық шеңбері

            Мұғалім оқулықта берілген Б.Тәжібаевтың «Туған елім» атты өлеңді мәнерлеп оқиды. Әр оқушы туған ел туралы өз түсінігін қысқаша айтып шығады. Мұғалім туған ел, атамекен, Отанның адам өміріндегі мәнін өлеңдегі ой өзегіне сүйене отырып түсіндіреді. Оқушылардың туған жер мен елге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыта түсу мақсатында сабақты тілек айтуымен де бастауға болады.

Туған ел

Б.Тәжібаев

                        Менде сөйлер сөз болса –

                        Өзің берген сөзің ғой!

Менде көрер көз болса –

Өзің берген көзің ғой!

Шаттық құшқан шеруде,

Күйді өтерген өзің ғой!

Қиындықты жеңіге

Үйреткен де өзің ғой!

Толқығанда сезім-ой,

Әппақ арым, тілегім.

Туған елім өзің ғой –

Арқа сүйер тірегім!

Туған елім, өзіңнің,

Жазираңды кездірдің,

Жайма-шуақ кезімнің,

Рахатын сездірдің!

Туған елім – гүл елім,

Қасиетіңді білемін.

Өзіңе деп  жүремін –

Лүпілдеген жүрегім!

            Әңгімелесу

            Оқулықта «ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтарды талдау барысында неліктен Отанды, туған жерді сүю адам өміріндегі ең бағалы құндылықтар болп табылатынын түсіндіріп,  оқушылар назарын сүйіспеншілік сезімге аудартады.

            Мәтінмен жұмыс

            Адам өмірінде ең қымбаты – туған жері, атамекені, Отаны болып табылады. Отанға сүйіспеншілік арқылы сыйластық, татулық, бауырмалдық, бірлік болатынын мұғалім оқушыларға түсіндіреді. Адам туған жерінің табиғатын, ерекшелігін байқамайтын  кездері де болады. Осы ойлардың жалғастыру мақсатында төмендегі мәтін ұсынылады.

Қартқожа романы

(Үзінді)

Ж.Аймауытов

            Дәптермен жұмыс

            Мұғалім оқушы дәптерінде оқушыға арналып, «Мен бүгін:» айдарымен берілген әр сабаққа арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады.

            Оны талдау немесе өз ойын білдіруді оқушының өз еркіне қалдыруға болады.

«Қазақстан – 2030 жыл» тақырыбына шығарма жазыңыз. Болашақты болжаған ойыңызды дәлелдеңіз.

Тапсырма

Мәтінді оқыңыз. Сұраққа байланысты өз ойыңызды білдіріңіз.

Жолашар

Ш.Мұртаза

Тыныштық сәті

Мұғалім баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін қолданады.

Тыныштық сәті толықтай тыныштықта өткізіледі немесе баяу музыка қоюға болады.

Осы жаттығуды орындату барысында мұғалім балалардың дене қалпын еркін еркін ұстап, дұрыс тыныс ала білуіне баса назар аударады.

Мәтінмен жұмыс

Оқушыларға туған елін, атамекенін, Отанын қадірлеу, қастерлеу іскерліктерін дамыту мақсатында төмендегі мәтін ұсынылады.

Ш.Мұқашева, Г.Нүсіпбекова

Дәйексөз

Мұғалім «Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» деген Елбасымыз Н.Назарбаевтың сөзін дәйексөз ретінде қолданып, оқушылардың бойында патриоттық сезім ояту және олардың өз елін сүйе білу мен құрмет тұтудың адам өмірінде қандай орын алатынын түсіндіреді.

Тапсырма

Төмендегі берілген ұлы адамдардың сөздерін басшылыққа алып, «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбына шығарма жазыңыз.

Оқулықтағы берілген тапсырманы мұғалім үй жұмысы ретінде беруіне болады. Оқушылар оны үйде орындап, ұлы адамдардың сөздеріне сүйеніп шағын шығарма жазады. Оқулықтағы берілген ұлы адамдардың сөздері Отан, туған жер, ата мен ана туралы нақыл сөздерден тағылым алуына көмектеседі.

Төле би

Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт береке – атаң қымбат,

Асқар тауың - әкең қымбат,

Мейірімді – анаң қымбат,

Туып өскен елің қымбат.

Қазыбек би

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің соры болады.

Әйтеке би

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

А.Байтұрсынұлы

            Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу – қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты бізде өлшеуге болмайды.

Б.Бұлқышев

            Алтын анам, Отаным, сенен аяр  жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ, - деп ер қайратыңа мін дағы өрге бас.

            Дәптермен жұмыс

            Төмендегі сұхбаттан алған ойыңызды дәптерге жазыңыз.

            Журналист:

            - Сіздің бойыңыздағы әсемдік, сұлулық, сезімталдық әлемі – ақындық талант пен құдірет қара сөз өнерінің қайнар көзі – мақал-мәтелдерге деген қабілеттің қалыптасуына негіз қалаған не нәрсе деп ойлайсыз?

            М.Әлімбаев:

            - Оған әсер еткен, ең алдымен менің алтын бесік-атамекенім Маралдының шырышы бұзылмаған арда табиғаты мен көз жанарыңды суырып әкетердей әсем көрінісі деп айтуыма  болады.

            Жүректен жүрекке

            Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. Оқушылардың К.Ахметованың өлең жолдарын оқып, бір-біріне деген жылы тілектерін айтумен сабақты аяқтайды.

Жан дала – жәннат дала

К.Ахметова

            Өзіңсің, Қазақстан, ән, арманым да,

Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.

            Бір нәрсе жетпейді деу қате болар.

            Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.

            Гүл дала – Қазақстаным.

            Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,

Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.

Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан

Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.

Ән дала – Қазақстаным. 

Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстаным,

Түсінем өзендердің саз ағыстарын.

Қалай ақын болмаймын, мен түгілі

Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың.

Қырандар қанатында даңқы кеткен,

Дән дала – Қазақстаным.

Сен менің шұғылаға толған даламсың,

Жасампазым, сан асу жолдары аларсың.

Бабамның көздерінің қарашығы ең,

Баламның бақытына да қорған боларсың.

Жаңа дала – Қазақстаным.

Керемет өріледі гүл өңірде өлең,

Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген.

Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді,

Қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен.

Кең дала – Қазақстаным.

Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің,

Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім.

Халқым маған сенеді әлсіз демей,

Үйткені мен, туған жер, саған сенемін.

Жасай бер, Қазақстаным.

30-сабақ

31-сабақ

Адам және жер шары

            Мақсаты: Оқушылардың әлем туралы түсініктерін кеңейту.

            Міндеттері:

            - Адамның Жер шары ұрпағы екендігін түсіндіру;

            - Елін, жерін, әлемді қадірлеу, қастерлеу іскерліктерін дамыту;

            - Адамзатты сүюге тәрбиелеу.

            Шаттық шеңбері

            Мұғалім оқулықта берілген Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған Б.Тілеухановтың «Жерім менің» әнін оқушылармен бірге орындайды. Әр оқушы туған ел туралы өз түсінігін қысқаша айтып шығады. Мұғалім туған ел, атамекен, Отанның адам өміріндегі мәнін айтумен бірге, адамның Жер шары ұрпағы екендігін түсіндіруге  көңіл бөледі. Мұғалім оқушылардың туған жер мен елге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін  сезімдерін дамытумен бірге, елін, жерін, әлемді қадірлеу, қастерлеу іскерліктерін дамыта түсу мақсатын қояды.

Жерім менің

Сөзі жазған Н.Назарбаев

Әнін жазған Б.Тілеуханов

                        Байлығы қазағымның кең даласы,

Ырыстың ұясындай сай саласы.

Туған жер қасиетіңнен айналайын,

Таусылмас ұрпағымның қазынасы.

Қайырмасы.

О-о-о Жерім менің,

Бабадан қалған кең дала.

Анам сенсің, мен балаң,

Арым сенсің аялар,

Беу, кең далам,

Аманатым, қорғаным.

Жетісу жер жаннаты ғажабың-ай,

Думаның, Сарыарқам бар базарыңдай.

Арасы өр Алтай мен Атыраудың,

Жаратқан бұйырыпты қазағым-ай.

            Әңгімелесу

            Оқулықта «ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтарды талдау барысында адамның Жер шары ұрпағы екендігін түсіндіру, елімізде тұратын барлық ұлттарға ортақ жалпыадамзаттық құндылықтарға көңіл бөлдіртеді.

            Сіз патриот болу дегенде нені түсінесіз?

            Мәтінмен жұмыс

            Оқушыларға Жер шарында адамдарға бейбіт өмір сүруі үшін не қажет екенін барша әлемді біріктіретін бейбітшілік, ынтымақ, бірлік ұғымдары туралы түсіндіру мақсатында төмендегі мәтін ұсынылады.

Қос ішек

Т.Рахым

            Дәптермен жұмыс

            Мұғалім оқушы дәптерінде оқушыға арналып, «Мен бүгін:» айдарымен берілген әр сабаққа арналған аффирмацияларды өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады.

            Оны талдау немесе өз ойын білдіруді оқушының өз еркіне қабылдауға болады.

            Төмендегі берілген ұлы адамдардың сөздерін басшылыққа алып, «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында шығарма жазыңдар.

            Оқулықтағы берілген тапсырманы мұғалім үй жұмысы ретінде беруіне болады. Оқушылар ақын өлеңінен еліміз Қазақстан туралы түйінді ойларды іріктеп айтып берсе,  әлем халықтары туралы ойларын ортаға салу арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды ұғынуына көмектеседі.

            1-тапсырма.

            Өлеңді оқыңыз. Түйінді ойларды іріктеп, айтып беріңіз.

Қазақстан

Ж.Молдағалиев

                        Құрлықтың жалпақ жарты бөлшегіндей,

                        Күрес пен жеңістердің өр шебінде.

Жомарттық қазынасындай жер мен жаны,

Байлық пен ұлылықтың өлшеміндей.

Қазақстан – кеңдік аты,

Қазақстан – теңдік аты.

Қазақстан – елдік аты,

Қазақстан – ерлік аты.

Қазақстан – ер қанаты,

Қазақстан – жер қанаты.

Жігіті аспанмен қол алысқандай,

Қыздары жарысқандай қалыс қалмай.

Қазақтың ақ дастарқан кең төрінде

Құшағы халықтардың қабысқандай.

2-тапсырма.

Азия, Еуропа, Америка елдері халықтарының өзінің білетін жақсы, жағымды қасиеттерін айтып беріңіз.

Жаңа ақпарат

Мұғалім оқушылардың назарын елімізде тұратын ұлттар мен ұлт өкілдеріне және  елжандылыққа назар аударады.

            Елін сүю әркімнің жеке ісі, өз арының ісі. Патриоттық сезім – адам есейе келе, өз ақылы өзіне жетіп, нақтылы – тарихи ортада ұзақ уақыттар бойына қалыптасып, шыңдала түседі.

            Дәйексөз

            Мұғалім «Жер шарын мекендеген бүкіл халық,

Туған ел дәстүрінен қуат алып..», - деген Н.Баймұхамедовтің өлең жолдарын дәйексөз ретінде қолданып, оқушылардың бойында патриоттық сезім ояту және олардың өз елін сүйе білу мен құрмет тұтудың адам өмірінде қандай орын алатынын түсіндіреді. 

Сахналау

Мемлекет басшысының рөлін ойнап көріңіз.

«Бір күнге мемлекет басшысы» сауалнамасы:

            Егер сіз мемлекет басшысы болсаңыз, қай салаға қаражатты көп жұмсар едіңіз?  

-       Кедей елдердің дамуына көмектесу үшін;

-       Өз мемлекетімнің қорғанысы үшін;

-       Қаланың тұрмысын жақсарту үшін;

-       Ауыл шаруашылығын қолдау үшін;

-       Білім беру ісін дамытуға;

-       Көлік жүйесін дамытуға;

-       Қоршаған ортаны қорғауға;

-       Өнеркәсіпті дамытуға қолдау көрсету үшін;

-       Ғарыштық зерттеулерді дамытуға;

-       Есірткімен күресу үшін.

Енді  өздеріңіздің таңдауларыңыз бойынша атқарылатын

шараларды реттеп, нөмірлеңіз. Әрбір шарамен байланысты құндылықтарды анықтауға тырысыңыз. Мысалы, сіздің ойыңызша, елімізде білім беру ісін жақсарту маңызды деп санасаңыз, өз тұжырымыңызды негіздеңіз: «Әрбір адам өзінің қабілеттерін мүмкіндігінше дамытуға құқылы» немесе «Білім адамға қандай жағдайда  болсын жол табуға көмектеседі» т.б. Бұдан кейін қаражатты көбірек бөлуді қажет ететін саланы қалай таңдағаныңызды түсіндіріңіз.

            Тапсырма

            Ұлағатты сөздерді зер салып оқыңыздар, өзіңізге  ұнағанын жаттап алыңыздар.

            Өз еліңді әрбір ұсақүйегіне дейін ерекше де өте қымбат, сүйкімді сезінбесең – адамдық мінез де жоқ. Бұл сезім риясыз және біздің жан дүниемізді барлық нәрсеге деген ұлы ынта-ықыласқа толтырады.

К.Г.Паустовский

            Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, ел бірлігін сақтаған татулықты айт.

Жамбыл

            Тыныштық сәті

            Мұғалім баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін қолданады.

            Тыныштық сәті толықтай тыныштықта өткізіледі немесе баяу музыка қоюға болады.

            Тапсырма

            Төменде берілген үзіндіні оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Өз ойыңызды дәйектеп толықтырыңыз.

            «Астана қаласында өткен әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары съезі жер бетінде бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға орнықты үлес қосып отыр».

            Жаңа ақпарат

            Мұғалім оқушылардың назарын Жер шарындағы адамдарға аударады.

            Адамның өзін-өзі тануы оның бүкіл адамзатқа, біздің ортақ үйіміз. Жер платенасына қатыстылығын сезіну болып табылады. әрбір адам Жерде болып жатқанның бәрі үшін өзінің жауапкершілігін түсінуі қажет.

            Жүректен жүрекке

            Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. Оқушылардың А.Шаяхметтің «Жер – біздің ортақ үйіміз» деген өлең жолдарын оқып, бір-біріне деген жылы тілектерін айтумен сабақты аяқтайды.

Жер – біздің ортақ үйіміз

А.Шаяхмет

                        Жер басып жүрміз бәріміз,

Ол біздің ортақ үйіміз.

Мәңгілік келген сәніміз,

Табиғат берген сыйымыз.

Бұзбасын ешкім сәнімді,

Жүректе нала қалмасын.

Ауыртып менің жанымды,

Үйімде соғыс болмасын!

Жер басып жүрміз бәріміз,

Ол біздің иортақ үйіміз.

Әуелеп шықсын әніміз,

Күмбірлеп шықсын күйіміз.

32 - сабақ 

33 – сабақ 

Махаббат - өмір өзегі 

            Мақсаты: Оқушылардың сүйіспеншілік, махаббат туралы түсініктерін кеңейту.

            Міндеттері:

            - Өмірдің бар жақсылығының негізі махаббат, сүйіспеншілік екендігін түсіндіру;

            - Адамды, Отанды, өмірді сүйе білу іскерліктерін дамыту;

            - Сүйіспеншілікті, махаббатты бағалай білуге тәрбиелеу.

            Шаттық шеңбері

            Оқушылар жылы сезімге бой алдырып, жарқын көңіл күйге түсу үшін мұғалім мейіріммен шаттық шеңберіне шақырады. Балалар шеңбер құрып, Т.Әбдірахманованың өлеңін оқиды.

Махаббат

Т.Әбдірахманова

                        О, Махаббат аяулы асыл сезім,

                        Арнамаған бар ма екен саған сөзін.

                        Мекендеген жер үстін жан иесін.

                        Баурамаған бар ма екен сірә кезің.

                        Асыл сезім жаралған ізгіліктен

                        Талпынады жан біткен ізгі үмітпен

                        Сенен шығып, тарайды сенен ғана

                        Бар жақсылық атаулы бізді күткен.

            Әңгімелесу

            Оқулықта «ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтарды талдау барысында неліктен сүйіспеншілік пен  махаббаттың адам өміріндегі ең бағалы құндылықтар болып табылатынын түсіндіріп, оқушылар назарын сүйіспеншілік сезімге аудартады.

            Мәтінмен жұмыс

            Мұғалім өмірдегі жас адамдар арасында болатын махаббат деген асыл сезімге адалдық және оны қадірлей, қастерлей білуді ұғындыру мақсатында оқулықта берілген І.Есенберлиннің «Алтын құс» романынан үзінді оқып, талдауды ұсынады.

Алтын құс

(романнан үзінді)

І.Есенберлин

            Тыныштық сәті

            Мұғалім баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін қолданады.

            Тыныштық сәті толықтай тыныштықта өткізіледі немесе баяу музыка қоюға болады.

            Осы жаттығуды орындату барысында мұғалім балалардың дене қалпын еркін ұстап, дұрыс тыныс ала білуіне баса назар аударады.

            Шығармашылық жұмыс

            Шығармашылық жұмыс дәптерге орындалады.

            «Махаббатсыз дүние бос...» тақырыбына зерттеу, талдау жасаңыз. Төменде берілген тапсырмаларды  ретімен орындап, сыныпқа жариялаңыз.

            Назар аударыңыз

Б.Аяған

            Ер-азаматтың қорғауға міндетті үш намысы – иман, Отан, отбасы  махаббатқа негіз болар құндылықтар. Махаббатты осылайша жіктеуге махаббат иесі сезімінің нысанын, көздеген мақсатын белгілеуі негіз болады.

            Дәйексөз

            Мұғалім «Махаббат құдіреті – жер жүзіндегі күллі ізгі, таза, риясыздық атаулының қайнар көзі», - деген  Ж.Стальдың сөзін дәйексөз ретінде қолданып, оқушыларға махаббаттың құдіреті – жер жүзіндегі күллі ізгі, таза, риясыздық атаулының қайнар көзі екенін түсіндіреді.

            Тапсырма

            Мәтіндерді оқыңыз. Махаббат туралы өз пайымдауыңызды жасаңыз. Оны сыныптастарыңызға жариялап, ой бөлісіңіз.

Мынау аппақ дүние

(Үзінді)

О.Бөкей

Өмір жыры

(Үзінді)

М.Мағауин

Мұқағали күнделігінен

(Үзінді)

М.Мақатаев

Көлеңкеңмен қорғай жүр

(Үзінді)

І.Есенберлин

            Жаңа ақпарат

            Мұғалім оқушылардың махаббат туралы алған білімдерін тереңдету мақсатында жаңа ақпарат ұсынады.

            Назар аударыңыз

            Осман Нұри Топбаш

            Сондықтан сүйіспеншіліктің ең дұрысы, ең қолдау табатыны – адамның жүрегін  жанды күйінде ұстап тұратын сарқырама іспеттес махаббат. Мұндай махаббат – сәулесі еш өшпейтін күн сияқты.

            Дәптермен жұмыс

            Мұғалім оқушы дәптерінде оқушыға арналып, «Мен бүгін:» айдарымен берілген әр сабаққа арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады.

            Оны талдау немесе өз ойын білдіруді оқушының өз еркіне қалдыруға болады.

             Жүректен жүрекке

            Сабақты қорытындылау  мақсатында оқушылар мұғаліммен бірге  шеңберге жиналады. Оқушылармен бірге Т.Молдаға-лиевтің сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» әнін қосылып айтумен сабақты аяқтайды.

Бақыт құшағында

Сөзін жазған Т.Молдағалиев

Әнін жазған Ш.Қалдаяқов

                        Көзіңнен бір ұшқын

                        Ұшты ма, білмедім.

                        Әйтеуір нұр құштым,

                        Әйтеуір гүлдедім.

                        Көктемнің бұлбұлы

                        Кеудеме қонады.

                        Құшаққа қыр гүлі

                        Толғандай болады.

                                    Қайырмасы.

                                    Кел билейік, кетпе менің қасымнан,

                                    Қызғалдағым таң нұрымен ашылған.

                                    Сезім, шіркін, ақ жаңбырға ұқсайды,

                                    Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып ұқсайды,

                                    Әнбісің төгілген,

                                    Жырмысың армандай.

                                    Бір бақыт көрінген,

                                    Жақындап қалғандай.

                                    Жанарың ұшқыны

                                    Жүректе жанады.

                                    Қолыңның ыстығы

                                    Қолымда қалады

                                    Қайырмасы.

                        Мен бүгін бұлақпын,

                        Ілгері бүгін бұлақпын,

                        Ілгері жүгірген.

                        Бір нәзік шуақпын,

                        Жаныңа үңілген.

                        Сүйемін мен күнді,

                        Көңілді, жалында.

                        Сен биле еркімді,

                        Әлдиле жанымды.

34 – сабақ

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по САМОПОЗНАНИЮ на тему"Өзінді тану-өмірді тану" (9 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 879 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.10.2015 601
    • DOCX 260.1 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куанышбекова Иркаша Баянбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23474
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Преодоление расстройств: путь к психическому здоровью"

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы творческой фотографии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 223 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек
Прямой эфир Загрузка...

Прямо сейчас в эфире

Инфофорум: «Всё, что волнует педагогов»