Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Социальному педагогу / Презентации / Презентация по социология на тему "Діни экстремизм мен тероризм"

Презентация по социология на тему "Діни экстремизм мен тероризм"


  • Социальному педагогу

Поделитесь материалом с коллегами:

 Діни экстремизм мен тероризм
Экстремизм Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мә...
Экстремизм Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мән...
Экстремизмнің негізгі белгілері: біріншіден, мемлекетте диктатура орнатуды аш...
Экстремизмнің негізгі белгілері: үшіншіден, заңсыз қарулы жасақтар құрады; тө...
Діни экстремизм мен терроризм Діни экстремизм дегеніміз – қоғамдағы дәстүрлі...
Діни экстремизм мен терроризм Діни экстремизм – діни фанатизмнің шектен шыққа...
Діни экстремизм мен терроризм Біз өмір сүріп отырған әлемде діни экстремизм қ...
Діни экстремизм мен терроризм 2006 жыл­ғы 8 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы «Ғ...
Діни экстремизм мен терроризм Елімізде 2005 жылдың 18 ақпанында «Экстремизмге...
Діни экстремизм мен терроризм Әлеуметтік зерттеулер бойын-ша Қазақстандағы ді...
Соңғы ресми дерек бойынша Қазақстандық жастардың 70 пайызға жуығы басқа діни...
Діни экстремизм мен терроризм Жалпы діндарлар санының ішінде : мұсылмандар 70...
Діни экстремизм мен терроризм Қазақстандағы қазіргі діни ахуал күрделі әрі са...
Діни экстремизм мен терроризм Елімізде американдық, оңтүстік кореялық уағызда...
Діни экстремизм мен терроризм Саентология шіркеуі діни бірлестігі Алматы, Қар...
Діни экстремизм мен терроризм Елімізде шетел миссионерлері жұмыс істейді. Ата...
Діни экстремизм мен терроризм 1.«Аль Кайда»: 1988 жылы атақты лаңкесші Усама...
Діни экстремизм мен терроризм 4. «Курд Халықтық Конгрессі» : 1978 жылы Түрік...
Діни экстремизм мен терроризм 6. «Асбат аль Ансар» : 1985 жылы негізі қаланға...
Діни экстремизм мен терроризм 8. "Боз курт":-Шектен тыс оң-шыл ұлттық сипатта...
Діни экстремизм мен терроризм 10. "Әлеуметтік Реформалар Қоғамы": -Мұсылман б...
Діни экстремизм мен терроризм 12.   "Лашкари Таиба": -Пәкістан мемлекетінде о...
Діни экстремизм мен терроризм 13.  "Хизбут Тахрир аль Ислами": - Хизбут Тахри...
“Хизб” сөзi араб тiлiнен аударғанда “топ”, “партия”, ал “ат–тахрир” сөзi “аза...
Діни экстремизм мен терроризм Бейресми дерек бойынша тәуелсіздік алғаннан бер...
Қазақстанды жайлап бара жатқан ислами ағымдарға мыналар жатады: 1. Уахабизм-...
Қазақстанды жайлап бара жатқан ислами ағымдарға мыналар жатады: 3. Ахмадие-...
Қазақстандағы ҚАЗАҚСТАНДЫҚ отансүйгіштікке кереғар діни ағымдар Бахаи сенімі...
№ 1 – ші лаңкесші Усама Бен Ладен «Аль Кайда» лаңкесші ұйымының негізін қалау...
Шешен лаңкесшісі Шәміл Басаев. Шешен террористерінің көсемдерінің бірі Шәміл...
Шешен лаңкесшісі, дала командирі Салман Радуев 9 қаңтар 1996 жылғы Дағыстанны...
22 - шілде 2011 жылғы теракт Норвегиялық лаңкесші Андрес Брейвик. Норвегияда...
Бостондағы теракт. АҚШ, 2013 жыл. Ақштағы биылғы Бостон қаласындағы марафон к...
Беслан 1 қыркүйек 2004 жыл Бесландағы лаңкес-тік оқиға нәтиже-сінде 1100 бейб...
Қазақстандағы терроризм 2011 жыл 17 мамыр.  Ақтөбе ҰҚК департаменті ғимаратын...
Қазақстандағы терроризм 2011 жыл 12 қараша. Таразда "жиһадшы" деп аталған Мақ...
1 из 37

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1  Діни экстремизм мен тероризм
Описание слайда:

Діни экстремизм мен тероризм

№ слайда 2 Экстремизм Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мә
Описание слайда:

Экстремизм Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мәні соңғы, шеткі деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағынасы шектен шыққан көзқарас пен іс-әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен. Сонымен қатар, бұл тікелей немесе жанама түрде парламенттік демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі болып табылады.

№ слайда 3 Экстремизм Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мән
Описание слайда:

Экстремизм Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мәні соңғы, шеткі деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағы-насы шектен шыққан көзқарас пен іс-әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік фено-мен. Сонымен қатар, бұл тікелей немесе жана-ма түрде парламенттік демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі болып табылады.

№ слайда 4 Экстремизмнің негізгі белгілері: біріншіден, мемлекетте диктатура орнатуды аш
Описание слайда:

Экстремизмнің негізгі белгілері: біріншіден, мемлекетте диктатура орнатуды ашық жариялайды, яғни бұл деге-ніңіз елдегі азаматтардың саяси және азаматтық құқық-тарын кемсіту; екіншіден, елдегі конститу-циялық кұрылымды үзілді-кесілді мойындамайды, оны зорлық-зомбылық күшімен жоюға және билікті заңсыз басып алуға ашық түрде насихаттайды;

№ слайда 5 Экстремизмнің негізгі белгілері: үшіншіден, заңсыз қарулы жасақтар құрады; тө
Описание слайда:

Экстремизмнің негізгі белгілері: үшіншіден, заңсыз қарулы жасақтар құрады; төртіншіден, елде әлеумет-тік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни алауыздықты қоздырады, сонымен қатар, осы ерекшеліктер бойынша азаматтардың құқығын шектеуді мақсат етеді; бесіншіден, елде белгілі бір ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режімін орнатуға ұмтылады.

№ слайда 6 Діни экстремизм мен терроризм Діни экстремизм дегеніміз – қоғамдағы дәстүрлі
Описание слайда:

Діни экстремизм мен терроризм Діни экстремизм дегеніміз – қоғамдағы дәстүрлі діннің құнды-лықтарын жоққа шығару. Дәстүрлі дінге жат «идеяны» белсенді насихаттау. Зайырлы қоғамға қарсы әрекет ету. Қоғамға белгілі бір діни конфессия бойынша өз түсінік-тері мен көзқарастар-ын насихаттау.

№ слайда 7 Діни экстремизм мен терроризм Діни экстремизм – діни фанатизмнің шектен шыққа
Описание слайда:

Діни экстремизм мен терроризм Діни экстремизм – діни фанатизмнің шектен шыққан түрі. Кез келген экстремизмнің мәні – олар-дың пікірлеріне қосылма-ғандарға зорлық-зомбылық көрсету. Діни экстремизм әлемді өздерінің шектен шыққан көзқарасы мен діни фанаттық идеологиясына сәйкес қайта құруға тырыса-ды. Діни экстремизм – терроризмнің ең соңғы сатысы.

№ слайда 8 Діни экстремизм мен терроризм Біз өмір сүріп отырған әлемде діни экстремизм қ
Описание слайда:

Діни экстремизм мен терроризм Біз өмір сүріп отырған әлемде діни экстремизм қанатын кеңге жайып, халықаралық деңгейге жеткен. Дәл қазіргі уақытта халықаралық экстремизм және терроризммен тиімді күресу үшін әлемдік қоғамдастықты бірігіп күшейту қажет. Әлемдегі кез келген мемлекет бұл кесапатқа қарсы күресті жеке өзі жүргізуі өте қиын.

№ слайда 9 Діни экстремизм мен терроризм 2006 жыл­ғы 8 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы «Ғ
Описание слайда:

Діни экстремизм мен терроризм 2006 жыл­ғы 8 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы «Ға­лам­дық террормен күрес» стра­тегиясын қабылдады. Бұл құжат­та БҰҰ-ға мүше мемлекеттер экстремизм мен терроризмнің барлық пішінін бір жақты айып­тайды және осыған қарсы тығыз ынтымақтастық арқылы әрекет етуге дайын екендігін көрсетеді. Стратегияны әр мемлекет шы­найы түрде іске асырып жатса, діни экстремизм мен күрес шын мәнінде өз нәтижесін берер еді.

№ слайда 10 Діни экстремизм мен терроризм Елімізде 2005 жылдың 18 ақпанында «Экстремизмге
Описание слайда:

Діни экстремизм мен терроризм Елімізде 2005 жылдың 18 ақпанында «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды. Осы заңның 10-бабы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық ұйымдармен экстремизмнің алдын алу, анықтау және жолын кесу сала­сын­дағы өзара іс-қимылы» деп аталады. Осы бап жоғарыда аталған БҰҰ-ның «Ғаламдық террормен күрес» стратегиясына сәйкес .

№ слайда 11 Діни экстремизм мен терроризм Әлеуметтік зерттеулер бойын-ша Қазақстандағы ді
Описание слайда:

Діни экстремизм мен терроризм Әлеуметтік зерттеулер бойын-ша Қазақстандағы діни бірлестіктердің саны жылына орта есеппен 175-ке өсіп отыр-ған. 2007 жылы еліміздегі жастардың 15 пайызы түрлі ағымдарға ерсе, 2009-2011 жылдары бұл көрсеткіш 60 пайызға жеткен. Егер өңірлерге бөліп қарар болсақ 10 000 адамның 7,5 мыңы уаххабилер, оның ішінде 75 пайызы 13-25 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар.

№ слайда 12 Соңғы ресми дерек бойынша Қазақстандық жастардың 70 пайызға жуығы басқа діни
Описание слайда:

Соңғы ресми дерек бойынша Қазақстандық жастардың 70 пайызға жуығы басқа діни ағымдарға еніп кеткен. 500 мыңнан астам қазақстандық басқа діни ағым мүшелеріне айналғын.

№ слайда 13 Діни экстремизм мен терроризм Жалпы діндарлар санының ішінде : мұсылмандар 70
Описание слайда:

Діни экстремизм мен терроризм Жалпы діндарлар санының ішінде : мұсылмандар 70%, православиеліктер 28%, католиктер 1%, протестанттар 0,5%, басқалар 0,01%-тен азын құрайды. Дегенмен, діндарлардың 70%-ы мұсылмандар екенін әр уақытта да есте сақтау керек, бұл 26 әр түрлі этникалық топтан тұратын 10 млн. адам деген сөз.

№ слайда 14 Діни экстремизм мен терроризм Қазақстандағы қазіргі діни ахуал күрделі әрі са
Описание слайда:

Діни экстремизм мен терроризм Қазақстандағы қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан-салалы: 1989 ж. 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлестіктер 2008 ж. Қазақстанның аумағында 46 конфессияға тиесілі 4000-нан аса діни бірлестіктер жұмыс істеген. олардың арасында 2337 исламдық, Қазақстанның аумағында православтық шіркеуге жататын 281 діни бірлестік (олардың 230 ОГОІІ), 7 старообрядтық шіркеу, 3 римдік-католиктік.

№ слайда 15 Діни экстремизм мен терроризм Елімізде американдық, оңтүстік кореялық уағызда
Описание слайда:

Діни экстремизм мен терроризм Елімізде американдық, оңтүстік кореялық уағыздаушылардың миссионерлік қызметі нәтижесінде таралып жатыр. Американдық және корейлік уағызшыларға шет елдегі діни орталықтар көмек көрсетуде. Елімізде 20-дан аса пресветериан бірлестік-тері бар.

№ слайда 16 Діни экстремизм мен терроризм Саентология шіркеуі діни бірлестігі Алматы, Қар
Описание слайда:

Діни экстремизм мен терроризм Саентология шіркеуі діни бірлестігі Алматы, Қарағанды, Семей шір-кеуінің 82 бірлестігі, 1189 протес-танттық бірлестіктері жұмыс іс-тейді. Қазіргі Қазақстандагы дәстүрлі емес діни қауымдарға төмендегілер енеді: 5 буддистік қауым, 24 индуистік, 12 кришнаиттік, 23 Бахаи, 2 трансцендентальдық медитация қауымы. ¥лы Ақ Бауырластық 2 қауымы, 6 саентология шіркеуі қауымы және т.б.

№ слайда 17 Діни экстремизм мен терроризм Елімізде шетел миссионерлері жұмыс істейді. Ата
Описание слайда:

Діни экстремизм мен терроризм Елімізде шетел миссионерлері жұмыс істейді. Атап айтсақ 8 мұсылмандық, 33 православтық, 172 католиктік, 133 протестанттық. Еліміздің негізгі діни қауымы: сунниттік ислам және христиандықтың право-славиялық бағыттары. Елімізде 2337-ге жуық мұсылман бірлестіктері бар. Елімізде орыс православия шіркеуінің үш епархиясына 214 приход, 8 монастыр және басқа шіркеулік құрылымдар тиесілі.

№ слайда 18 Діни экстремизм мен терроризм 1.«Аль Кайда»: 1988 жылы атақты лаңкесші Усама
Описание слайда:

Діни экстремизм мен терроризм 1.«Аль Кайда»: 1988 жылы атақты лаңкесші Усама Бен Ладен негізін қалаған. Бұл ұйымның басты мақсаты - мұсылман елдеріндегі «шектен шыққан » билік жүйесін төңкеріп,шариғаттық басқару формасын орнату болып табылады. 2. «Шығыс Түркістанды Азат Ету Ұйымы»: Түркия Республикасында 1996 жылы құрылған . 3. «Шығыс Түркістан Ислам Партиясы»: 1999 жылы құрылған діни экстремистік лаңкестік ұйым

№ слайда 19 Діни экстремизм мен терроризм 4. «Курд Халықтық Конгрессі» : 1978 жылы Түрік
Описание слайда:

Діни экстремизм мен терроризм 4. «Курд Халықтық Конгрессі» : 1978 жылы Түрік Республикасының оңтүстік шығысында қарулы күрес жолымен Күрдтердің тәуелсіз мемлекетін құру мақсатында құрылған. 5. Өзбекстан Ислам Қозғалысы» : 1997 жылы Тәжікстан терреториясында ұйымдасқан. Бұл лаңкестік ұйымның басты мақсаты - Өзбекстан Республикасының Конституциялық құрылысын құлатып,аймақта ислам мемлекетін құру болып табылады.

№ слайда 20 Діни экстремизм мен терроризм 6. «Асбат аль Ансар» : 1985 жылы негізі қаланға
Описание слайда:

Діни экстремизм мен терроризм 6. «Асбат аль Ансар» : 1985 жылы негізі қаланған исламдық ұйым. Палестинаның «Айнал Хыльуа» деген лагерінде ерікті жауынгерлерді дайындықтан өткізіп,әлемдегі «ыстық нүктелерге»,түрлі деңгейдегі лаңкестік әрекеттер ұйымдастыруға жіберіп отырады 7 . «Мұсылман бауырлар ұйымы»: «Мұсылман бауырлар» ұйымы 1928 жылы Мысыр мемлекетінің Исмаилия ауданында Хасан әл-Баннаның құрған діни-саяси ұйымы болып табылады.

№ слайда 21 Діни экстремизм мен терроризм 8. "Боз курт":-Шектен тыс оң-шыл ұлттық сипатта
Описание слайда:

Діни экстремизм мен терроризм 8. "Боз курт":-Шектен тыс оң-шыл ұлттық сипаттағы әскери-ленген Түркиялық қозғалыс. 9. "Талибан": -Ауғанстандағы діни саяси сипаттағы қозғалыс. "Талибан": -Ауғанстандағы діни саяси сипаттағы қозғалыс. Ресми түрде 1994 жылы Пәкістан Ислам Республикасының қол-дауымен қалыптасты.Талибан сөзі "шәкірт" деген мағынаны білдіреді.

№ слайда 22 Діни экстремизм мен терроризм 10. "Әлеуметтік Реформалар Қоғамы": -Мұсылман б
Описание слайда:

Діни экстремизм мен терроризм 10. "Әлеуметтік Реформалар Қоғамы": -Мұсылман бауырлардың бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құрылған қайырымдылық ұйым болып табылады. 11. "Орта Азия Моджахеттер Жамағаты": - "Өзбекстан Ислам Қозғалысы"ұйымының жауынгерлері тарапынан құрылған.

№ слайда 23 Діни экстремизм мен терроризм 12.   "Лашкари Таиба": -Пәкістан мемлекетінде о
Описание слайда:

Діни экстремизм мен терроризм 12.   "Лашкари Таиба": -Пәкістан мемлекетінде орналасқан әскериленген ұйымдасқан топ. 1980 жылы Лахор қаласында "Ауғандық қарсылықты"қолдау мақса-тында құрылған. Исламдағы ваххабистік идеяның ықпалында болып табылады.

№ слайда 24 Діни экстремизм мен терроризм 13.  "Хизбут Тахрир аль Ислами": - Хизбут Тахри
Описание слайда:

Діни экстремизм мен терроризм 13.  "Хизбут Тахрир аль Ислами": - Хизбут Тахрир аль Ислами /Азат Ету Пар-тиясы/- Ислам халифатының қайта орнауын және қалып-тасқан жүйені қайта өзгертуді мақсат ететін исламдағы діни -саяси сипаттағы бағыттар- дың бірі болып табылады.

№ слайда 25 “Хизб” сөзi араб тiлiнен аударғанда “топ”, “партия”, ал “ат–тахрир” сөзi “аза
Описание слайда:

“Хизб” сөзi араб тiлiнен аударғанда “топ”, “партия”, ал “ат–тахрир” сөзi “азат ету” деген мағынаны бiлдiредi. Хизбут тахрир өткен ғасырда палестин-алық Тақиюддин Набхани деген адамның басшылығымен құрылған топ. Тақиюддин “Хизбут Тахрир” тобын құрмас бұрын “Ихуанул Муслимин” тобының құрамында болған. “Ихуанул Муслимин” де “Хизбут Тахрир” секілді топтың бірі. “Ихуанул Муслиминнің” идеологиясын сіңірген Тақиюддин өзінше бөлек шығып, “Ихуанул Муслимин” тобының идеологиясын негізге ала отырып, “Хизбут Тахрир” саяси тобын құрады

№ слайда 26 Діни экстремизм мен терроризм Бейресми дерек бойынша тәуелсіздік алғаннан бер
Описание слайда:

Діни экстремизм мен терроризм Бейресми дерек бойынша тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта 18 жыл ішінде қазақ халқының 500 мыңға жуығы түрлі секталар мен ағымдарға еніп кеткен. Қәзіргі таңда Қазақстанда исламның атын жамылып, халықты түрлі бағыттарға бөліп жүрген ағымдар мен қозғалыстар кең қанат жаю үстінде.Атап айтқанда Қазақстанды жайлап бара жатқан ислами ағымдарға мыналар жатады:

№ слайда 27 Қазақстанды жайлап бара жатқан ислами ағымдарға мыналар жатады: 1. Уахабизм-
Описание слайда:

Қазақстанды жайлап бара жатқан ислами ағымдарға мыналар жатады: 1. Уахабизм- ХҮІІІ ғасырда пай-да болған діни саяси сипаттағы ағым.Сауд Арабиясы-ның негізгі діні.Ол бойынша ер адам мін-детті түрде сақал қоюы, намаз оқуы тиіс, олай етпесе ол мұсылман емес. Әулие мен зиратқа зиярат етуге болмай-ды. 2. Исмаилиттер- Кезінде Имам Ғазали сияқты ірі ғалымдарды өлтірген, ислам әлеміне талай қасірет тартқызған, шиіттік бағыт. Ұйымды мұрагерлік жолмен АГА ХАНДАР әулиеті басқарады.

№ слайда 28 Қазақстанды жайлап бара жатқан ислами ағымдарға мыналар жатады: 3. Ахмадие-
Описание слайда:

Қазақстанды жайлап бара жатқан ислами ағымдарға мыналар жатады: 3. Ахмадие- ХІХ ғасырдың аяғында Үндістанда отаршыл Ағылшын үкіметінің қолдауымен пайда болған. 4. Бахаилар- Бахаи қауым-дастығы ХІХ ғасырда Ирак пен Иранда пайда болған. Шығыс пен Батыстың діни дәстүрлерін синтездеу-ден туған космополиттік ағым. Өздерін “ең соңғы дін “ деп жарияланған.

№ слайда 29 Қазақстандағы ҚАЗАҚСТАНДЫҚ отансүйгіштікке кереғар діни ағымдар Бахаи сенімі
Описание слайда:

Қазақстандағы ҚАЗАҚСТАНДЫҚ отансүйгіштікке кереғар діни ағымдар Бахаи сенімі өз бастауын 1844 жылдың 23 мамырынан алады. Осы күні "Баб" есімін алған жас парсы жігіті, Сейід Әли Мұхаммед өзіне Алладан аян түскенін жариялайды Ахмадия мәзһабтың негізін қалаушы 1835 жылы туылып, 1908 жылы қайтыс болған Мырза Ғулам Ахмад әл-Қадиани болып табылады. Ахмадие 1900 жылда Үндістанда отарлаған ағылшындардың жоспары бойынша отаршыларға қарсы ислам атымен көтеріліске шығармау, мұсылмандарды діннен алыстату мақсатында пайда болған діни әрекет, туындысы.

№ слайда 30 № 1 – ші лаңкесші Усама Бен Ладен «Аль Кайда» лаңкесші ұйымының негізін қалау
Описание слайда:

№ 1 – ші лаңкесші Усама Бен Ладен «Аль Кайда» лаңкесші ұйымының негізін қалаушы, АҚШ-тағы 2011 жылғы қыркүйек айындағы терактты ұйымдастырушы, әлемдегі № 1 –ші лаңкесші Усама Бен Ладен.

№ слайда 31 Шешен лаңкесшісі Шәміл Басаев. Шешен террористерінің көсемдерінің бірі Шәміл
Описание слайда:

Шешен лаңкесшісі Шәміл Басаев. Шешен террористерінің көсемдерінің бірі Шәміл Басаев. 1995 жылғы Буденновсктігі аурухана қызметкерлерін кепілдікке алған шешен лаңкесшісі. Оқиға барысында 11 әскери, 8 милиция қызметкері және 30 бейбіт тұрғын қаза тапты.

№ слайда 32 Шешен лаңкесшісі, дала командирі Салман Радуев 9 қаңтар 1996 жылғы Дағыстанны
Описание слайда:

Шешен лаңкесшісі, дала командирі Салман Радуев 9 қаңтар 1996 жылғы Дағыстанның Кизляр қаласында террористік теракт ұйымдастырушы шешен лаңкесшісі, дала командирі Салман Радуев. Оқиға барысында 11 бейбіт тұрғын, 26 әскери қызметкер қаза тапты. 3700 бейбіт тұрғын кепілдікке алынған болатын.

№ слайда 33 22 - шілде 2011 жылғы теракт Норвегиялық лаңкесші Андрес Брейвик. Норвегияда
Описание слайда:

22 - шілде 2011 жылғы теракт Норвегиялық лаңкесші Андрес Брейвик. Норвегиядағы басқа нәсілді-лер мен өзге діндегілерге қар-сы террористік теракт ұйым-дастырушы. Норвег сотының шешімімен өмір бойына түрмеде отыру жазасына кесілген. Теракт салдарынан 77 адам қаза болып, 151 адам жарақат алған. Норвегия

№ слайда 34 Бостондағы теракт. АҚШ, 2013 жыл. Ақштағы биылғы Бостон қаласындағы марафон к
Описание слайда:

Бостондағы теракт. АҚШ, 2013 жыл. Ақштағы биылғы Бостон қаласындағы марафон кезінде терорристік теракті ұйымдастырушы Д.Царнаев. Теракт барысында 3 адам қаза тауып, 260 жарақат алған.

№ слайда 35 Беслан 1 қыркүйек 2004 жыл Бесландағы лаңкес-тік оқиға нәтиже-сінде 1100 бейб
Описание слайда:

Беслан 1 қыркүйек 2004 жыл Бесландағы лаңкес-тік оқиға нәтиже-сінде 1100 бейбіт тұрғын кепілдікке алынды. Оқиға барысында 334 тұрғын,оның ішінде 186 жас-өспірім қаза тауып, 800 адам жарақат алды.

№ слайда 36 Қазақстандағы терроризм 2011 жыл 17 мамыр.  Ақтөбе ҰҚК департаменті ғимаратын
Описание слайда:

Қазақстандағы терроризм 2011 жыл 17 мамыр.  Ақтөбе ҰҚК департаменті ғимаратында жарылыс жасаған Рахымжан Мақатов өзі өліп, 3 кісіні жаралады. 2011 жыл 24 мамыр. Астана ҰҚК абақтысы жанында көлік жарылды. Көліктен 2 адамның – Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарының мәйіті табылды. 2011 жыл 30 маусым. Белгісіз адамдар Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылында 2 полицейді атып кетті. 2011 жыл 2 шілде. Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбаршы ауылындағы атыста 1 арнайы жасақ сарбазы қайтыс болды, 3 полицей жараланды. 2011 жыл 11 шілде. Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы атыста 1 полицей және қарулы топтың 9 мүшесі қайтыс болды. 2011 жыл 26 шілде. Ақтөбе полицейлердің өліміне күдіктілерді ұстау кезінде атыс болып, 1 күдікті өлді, 3 адам ұсталды. 2011 жыл 29 шілде. Ақтөбе қаласы маңындағы Қызылжар ауылындағы арнайы операцияда 1 полицей және қарулы топқа қатысы бар деген 2 күдікті көз жұмды. 2011 жыл 31 қазан. Атырау қаласында екі рет жарылыс болып, соны жасаған адамның өзі өлді.

№ слайда 37 Қазақстандағы терроризм 2011 жыл 12 қараша. Таразда "жиһадшы" деп аталған Мақ
Описание слайда:

Қазақстандағы терроризм 2011 жыл 12 қараша. Таразда "жиһадшы" деп аталған Мақсат Қариев 5 полицейді, 2 бейбіт тұрғынды өлтіріп, өзін-өзі жарып жіберді. 2011 жыл 3 желтоқсан. Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кентінде қарулы топқа қарсы арнайы операция барысында 7 адам (екеуі – ҰҚК арнайы жасағының қызметкерлері) қаза тапты. 2012 жыл 11 шілде. Алматы облысы Қарасай ауданы Таусамал ауылында "террористік әрекетке дайындалғандардың" (ресми анықтама) үйі өртеніп 9 адам қаза тапты. 2012 жыл 30 шілде. Алматы қаласындағы "Ақкент" шағын ауданында "қылмыстық топты ұстау кезiнде" 6 адам мерт болды. 2012 жыл 16 тамыз. Алматы облысы Қарасай ауданы Үлкен Алматы ауылдық округінің "Таң" саяжай алабындағы арнайы операция кезінде үй өртеніп, оқиға болған жерден 13 адамның өртеніп кеткен мәйіті табылды. 2012 жыл 5 қыркүйек. Атырау қаласындағы жарылыстан 1 адам (сол іске күдікті Нұрлыбек Сақауов) қаза болды. 2012 жыл 12 қыркүйек. Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында полициямен атысқан 5 адам мерт болды. 2012 жыл 21 қыркүйек. Атырау қаласы маңындағы "Көктем" саяжай алабындағы үйлердің біріндегі атыста "полицейлерге шабуыл жасады" деген күдікке ілінген 4 адам қаза тапты.  


Автор
Дата добавления 01.12.2015
Раздел Социальному педагогу
Подраздел Презентации
Просмотров496
Номер материала ДВ-219099
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх