Инфоурок Дошкольное образование Научные работыПрезентация по вариативному компоненту "Этнопедагогика" Дошкольное образование

Презентация по вариативному компоненту "Этнопедагогика" Дошкольное образование

Скачать материал
библиотека
материалов

                                 

 

 

    

 

 

«Этнопедагогика» вариативтік бөлім

 

 

                              

                             МҰНАЙЛЫ  2021  Ж


 

                                         БЕКІТЕМІН

                                            «Шоғы Мұңалұлы атынлағы

                                             № 5 жалпы білім беретін мектеп

                                          директоры  Ж.С.Бөкен______

                               «_____»_________2021

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: «Шоғы Мұңалұлы атындағы № 5 жалпы білім беретін мектеп» КММ  жанындағы «Күншуақ» шағын орталығының тәрбиешісі  Турбекова Анар Бакитовна

Еңбек өтілі: 20 жыл

       

                                 РЕЦЕНЗИЯ

 

Тәрбиеші Турбекова Анар Бакитовна шағын орталығымыздың шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтердің бірі. Тәрбиешінің МАД тобына  арнап жазған «Этнопедагогика» атты авторлық бағдарламасын оқып, танысу барысында біздің мектеп әкімшілігі бірауыздан төмендегідей шешім қабылдады:

-бағдарлама құрылымы балалардың  жас ерекшелігіне сәйкес;

-балаларды көру, есте сақтау қабілеті мен сөздерді сауатты айта білуіне үйретеді;

-тіл дыбыстарының түрлері, жүйеленуі, жасалуы жайлы меңгертеді;

-өз ойларын еркін және толық жеткізе білуге, ауызекі сөйлесе білуге дағдыландырады;

-өз бетінше ізденуге, зерттеуге ықпал жасайды;

-балалардың  әдеби тілде сөйлеу арқылы коммуникативтік мүмкіндіктерін дамытады;

-балаларды мейірімділікке, ізеттілікке, қайырымдылыққа тәрбиелейді.

Жоғарыда аталған қорытындыға келе отырып мектептің әкімшілігі оқу-әдістемелік кешенді жасау мен рәсімдеу кезінде тәрбиеші Турбекова Анар Бакитовна «Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар» атты нормативтік құжатты басшылыққа ала отырып жасағанына толығымен келіседі.

  

 

         Мектеп директоры                       Бөкен Ж.С

 

 

 

                                    Алғы сөз

 

     Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан – 2030» Жолдауының «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде: «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманға нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, азат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады», – деп үміт артып отыр.    

   Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгінгі таңдағы басты міндеттерінің бірі – өз Отанына деген елжандылық сезімін жас ұрпақ бойына сіңіріп, ұлттық тәлім тәрбие беру, халық педагогикасы арқылы баланың дүниетанымын қалыптастыру, әр халыққа тән салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты білуге тәрбиелеу болып отыр. Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл – өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім – тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халық педагогикасы – халықтардың ғасырлар бойы тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген бай тәрбиесінің жиынтығы. Этнопедагогика – халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін ғылыми педагогиканың бір саласы.

Этнопедагогиканың мақсаты – халықтық салт-дәстүрді, ӛнерді дәріптейтін, ана тілін қадірлейтін, Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы жасты тәрбиелеу. Сондай-ақ, халықтық тәрбие түрлерін жас бүлдіршіндердің бойына сіңіртіп ілім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол басқа тәрбиелермен қатар жүргізіліп, балалардың қайрат- жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер туындылары негізінде оқытып, тәрбиелеу арқылы іске асырылады.

Этнопедагогика бала денсаулығы мен денесінің жетілуін, ақыл-ой мен еңбекке, саналы адамгершілік тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу , яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл  жетекші            бағыттарын     қамтиды.

  1. Мектепке дейінгі ұйымда этнопедагогиканы қолданудың маңызы

Қанша заман өтсе де, маңызын жоймаған этнопедагогиканы, яғни халықтық педагогиканы тәлім - тәрбиеннің түп қазығына айналдыру ата - ананың да, қоғамның да басты борышы.

Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми - педагогиқалық көзқарастарды қалыптастыру проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айтты, өмірлік мұра қалдырды.

Егеменді елімізге сай ұрпақ  тәрбиелеп шығудың бірден бір  жолы - өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық  тұрғыдан шыңдау. Осыны халықтық педагогика арқылы жүзеге асыруға болады. Халық  педагогикасымен айналысушылар  қоғам дамуының алғашқы сатыларында-ақ тәрбиеге өзіндік көзқарас болғандығын, мақсатқа сай тәрбиеленудің жолдары ойластырылғандығын мәлімдейді.

      Тәрбиелеп отырған жас жеткіншекке  бала деп қарамай, кішкентай күнінен  бастап оның елін сүйер бүлдіршін, ұлтын  ұлық тұтар ұлан, мақта-нышымызға  айналар отаншыл азамат болып  қалыптасуына тырысуымыз қажет. Бала бойына тәрбиенің ұрығын себетін, ең алдымен, ата-анасы болса, одан кейін, балабақшасы. 

 

Халық педагогикасының  негізінде  халық ауыз әдебиетінің  шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халық  ойындары, үйелмен тәжірибелері т.б. жатады.  Демек, халық педагогикасы-ғасырлар бойы өмір тәжірибесіне негізделген  ұрпақ тәжірибесіндегі дәстүрлердің жиынтығы. Халық педагогикасының  құрамды бөліктері қазақтың ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілерт.б. ерте заманнан бастап, жас өспірімдердің  ой-өрісін, зеректігін анықтау үшін тәрбие құралы ретінде қолданып келді.

Ұлттық ойындар. Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік сияқтағы  балалар  тәрбиесінде пайдаланылады. Ойын тек  көңіл көтеру, шаттандыру ғана емес, ол өзінше  ерекше қазақ халықының  әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік  мағынасы зор жеке адамның дамуына, жетілуіне әсер етуші фактор. Жиі  қолданылып келген  бірнеше ойын түрлерін атап өтуге болады. Олар: «Ақ  серек- көк серек», «Айгөлек», «Жаяу  жарыс», «Соқыр теке», «Ақ боран», «Төбетей», «Бәйге», «Орамал тастау» т.б.

 Мақал-мәтелдер

 Халықтың ауызша ақындық  шығармашылығының  көп тараған  ескерткіштері. Ғасырлар бойы халықтың әлеуметтік тарихи тәжірибесі туралы нақыл сөздер арқылы халықтың ой-пікірі, арманы, көзқарасы баяндалған. Қасиетті сөздерді қазақ халқы қастерлеп  өнеге етіп, адамдардың өлең өрнектерімен ойластырып мақал-мәтелдерді үнемі  пайдаланып келген. Мақал-мәтелдер халық  өмірінің барлық жағынан қамтылған.

Жұмбақтар.

 Халық арасында жылдам айтылып келе жатқан жұмбақтардың саны көптеп саналады. Жұмбақ балалардың қиялын, танымдық іс-әрекетін, қабілетін дамытады. Оның жауабын табу үшін

мазмұнын талдап ой елегінен өткізеді. Жұмбақтың тәрбиелік мәні өте  зор.

Халқымыз ғасырлар бойы өз ұрпағын  адамгершілікке, елжандылыққа, отансүйгіштікке  тәрбиелеп келді. Осы ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып келе жатқан дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі халықтық педагогика болды деуге болады. Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының  отаншылдық сезімімен өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деген мәлім.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» заңында да «Қазақ  халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау  бірінші кезектегі міндеттердің бірі» деп атап көрсетілген. Халықтық тәрбие, ол ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге дамып келе жатқан көне тарихи жүйеге жататыны кімге болса да аян.

Ұлт салт-дәстүрлердің тәлімдік мәні.

Салт-дәстүр дегеніміз – халықтардың  кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне  байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Жеке адам жаңа салтты ойлап шығара алмайды  немесе бұрынғы қалыптасқан салтты жоғалта алмайды. Бүкіл халық, ел-жұрт уақыт озған сайын салт-дәстүрге жаналық енгізіп, оны қоғамдық болмыс көріністеріне бейімдеп, өзгертіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы  келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері  жаңа жағдайда ілгері дамиды.

Мәселен, қазақтың жаугершілік заманында  құрдас батыр жігіттердің ұлы  жорыққа аттанар алдында ақ қой  сойып, қанына найзаларын малып, «өлсек бірге өлеміз, опасызды ант атсын» деп төс түйістіріп анттау немесе әке-шешенің асырап алған баласы мен туған балаларының саусақтарын  ақ қойдың бауыздау қанына малғызып, «қаны  бір бауырмыз» деп ант ішкізіп, құшақтастырып сүйістіру ырымдары бүгінде ұмыт болған. Ал бұрын болмаған ақ шашты қариялардың алтын-күміс  неке тойларын жасау бүгінгі салт-дәстүрден  тұрақты орын алды. Халық: « Дәстүрдің  озығы бар, дәурені өткен тоғызы бар», «Әдет-әдет емес, жөн әдет»  деп заман талабына сай дәстүрлерді  дәріптеп, тәлім-тәрбиенің пәрменді құралы ретінде пайдаланып келген.

Салт-дәстүр халықтың белгілі бір  әдет-ғұрыптары мен байланысты туады. Мысалы, бала тәрбиесімен байланысты: шілдехана өткізу, сүйінші сұрау, балаға ат қою, бесікке салу, тұсау  кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу тойлары; үйлену, үй болумен байланысты: құда түсу, есік-төр көрсету, келін  түсіру тойлары, қалын-мал алу, жасау  беру т.б. салт-дәстүрлер, түрлі кәде-ырымдар, өлген адамды жерлеумен байланысты: арыздасу, қоштасу, естірту, көңіл айту, жұбату, жоқтау, өлген адамның жетісін, қырқын, жылын беру т.б. ырым-жырымдар қазақ халқында ежелден сақталған. Мұны салт-дәстүрлері деп атайды.

Тұрмыс – салтқа байланысты туған  әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі, келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады.

 

 

  1. Этнопедагогика-тәрбие көзі

 

  Жас ұрпақты  саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің бірден-бір парызы. Бабаларымыздың  игі дәстүрлерін сақтай отырып, өз ұрпақтарымызды адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ержүрек, ізгі қасиетті, ар ожданды  қылып өсіру тәрбиешінің басты міндеті.

Қазақстан Республикасының білім беру саласы бүгінгі басты міндеттерінің  бірі-ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, жас бүлдіршідерге терең білім  мен тәрбие беру керек деген.. Әр саланы, бөлімді оқыту кезінде қазақ халқының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, үлгілі дәстүрлермен шебер ұштастырып, бала бойына ұлттық мақтаныш, ұлттық патриоттық сезім қалыптастыру, оны бүгінгі күн талабына сай мазмұнды да пәрменді жүргізуге күш салу менің басты міндетім екенін білемін.. Алға қойылған мiндеттердi шешу мақсатында мектеп жасына дейінгі МАД тобының  балаларына ұлттық тәрбие беру бойынша  вариативтік компонент  жұмыс жүйесiнің авторлық бағдарламасын  жинақтадым.  

       

  1. Өзектілігі

 

Балабақшадағы ұлттық тәрбиенің өзектілігі тәрбиеленуші сәбилерді рухани ізгі қасиеттерге баулып, тәрбиенің көздері ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеуге халықтың салт –дәстүрлерін аялай білуге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады. Сәбилердің жас ерекшелігін ескере отырып елін жерін қорғауда атадан балаға мирас болып қалған тарихын салт-дәстүрін, ана тілін қастерлеу, үлкенге –құрмет кішіге ізет көрсетуін мұра етіп,тәуелсіз еліміздің парасатты адамгершілігі биік білімді азаматтарын тәрбиелеуде адами қасиеттерді қамтып білімді ұлттық қасиетті түсінетін тұлға тәрбиелеу

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы:  «Амандасып үйренейік»

Мақсаты: а) Балаларға амандасу туралы түсінік беру, «Сәлеметсіз бе?» «Қайырлы таң» деген  сөздерді дұрыс, анық айтуға үйрету.        

ә) Қабылдауын, есте сақтауын дамыту. 

б) Сыпайылыққа тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: сәлеметсізбе – здраствуйте.

Оқу қызмтет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып, сәлемдесу.

Білер қазақ баласы,               Сәлем – сөздің анасы. Алдымыздан кезіккен               Көп танысты көреміз.              Бәріне де ізетпен                         Біздер сәлем береміз.

 

Балалар бір-бірімен амандасады.

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

Балалар,біз бүгін сендермен сәлемдесу ,амандасу, жайында әнгімелесеміз. Балалар сәлемдесу,амандасу адамдардың бір біріне ізет ,сый –құрмет көрсету.Сәлемдесу арқылы адамдар бір біріне амандық, денсаулық,жақсылық тілейді.Сәлемдесу  әдептілік белгісі. Үлкен адамға сәлем беру-кішілердің , мәдениеттіліктің белгісі.

Мақал –мәтелдерді айту:

Сәлем сөздін анасы».

Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені».

Сергіту сәті.                                    Кәне қанат жазайық,                   Қарлығаш боп ұшайық .            Ұшып  -ұшып алайық,                    Орнымызға қонайық.

 

 

 

 

Тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақал-мәтелдерді айтады.

 

 

Қимылды келтіріп жаттығуды  орындайды.

Рефлексивті  түзеушілік

Сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылау.

Балалар сұраққа жауап береді.

 

Біледі: амандасу туралы.

Игерді:«Амансыз ба?», «Сәлеметсіз бе?»  деген сөздерді.                                                Меңгерді: сыйластық, өзара қарым – қатынас дағдыларын дамыту.

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Арнау тілек өлеңдер»

Мақсаты: а)  Арнау-тілек өлеңдерінің  мағынасын түсіндіру, жатқа айтуға  үйрету.

ә) Зейінді дамыту.

б)Табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу..

Билингвальды сыңары: тілек – пожелания.

 

Оқу қызмтет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Жылулық шеңбер:

Өзенге қарай жүірдік

Рахаттана жүгірдік

Батылдықты растап

Жүзіп бердік құлаштап

Балалар мәнерлеп айтуды жаттап алуға тырысады.

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

Балалар біз  бүгін оқу іс әрекетімізде ерекше өлеңмен танысамыз

Балалар құлыншақ дегеніміз не?

Құлын қай малдың иесі? Ол үй жануарыма?

Балалар құлын жылқының төлі жылқы адамға пайдалы жылқының сүтінен қымыз ішеміз жылқының төлі құлыншақ деп атайды

Біз осы құлыншаққа арнап өлеңімізді айтамыз

Құлын ,құлын,құлыншақ

Желкілдейді  тұлымшақ

Маңдайында  жұлдызы

Құйрығындай  құндызы

Балалар сергіту сәтін жасап аламыз шаршап қалған шығарсыңдар

Жетімен сегіз

Қошақан ғой егіз

Тоғызбенен он

Көгершін болып қон

Балалар суретке қарап әңгіме құрауға тырысады

Құлыншақ жылқының төлі

Мұқият тыңдауға кіріседі

Өлеңді мәнерлеп айтуға тырысады жаттап алуға талпынады

 

 

 

Сергіту сәтін қимыл қозғалыспен жұмыс жасайды

Рефлексивті  түзеушілік

Балаларбіз қай малдың төлімен таныстық?

Сендерге құлыншақ ұнадыма? Балалады мақтап, мадақтау.

Сұрақтарға жауап береді

 

Біледі: арнау тілек өлеңдерді;

Игерді: түсініп оқуды;

Меңгерді: өлеңнің мазмұнын;

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: Қыз бала мен ұл баланың айтысы.
Мақсаты:
Айтыстың бірнеше түрімен таныстыру. Айтыс жайында толық мағлұмат беру.
Сөздік жұмыс: айтыс, салт-дәстүр

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

 Жылулық шеңбері
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ ашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Тәрбиенің басы ғой,
Ал қанекей бәріміз.
«Сәлем»дейіміз үлкенге,
Армысыздар, апайлар!

Қимылмен орындайды.

Себеп-cалдарлық талпыныс

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

Балалар, біз қазақтың ұлдары мен қыздарымыз. Сондықтан, біз ұлтымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізді ұмытпауымыз керек. Қазақ халқы сөз қадірін біліп, өнеге тұтқан. Салт-дәстүрлеріміз: мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, айтыс т.б. Балалар бүгін біз сендермен ұл бала мен қыз баланың айтыс өнері жайлы танысамыз.
Айтыс өнері жайлы мағұлмат беру. Видео жазбадан айтыс өнерін көрсету.
Мұқият тыңдайды.

Амандасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Айтыс өнері жайлы мағұлмат алады. Видео жазбадан айтыс өнерін көред36тамашалайды
Мұқият тыңдайды.

Рефлексивті  түзеушілік

 Жақсы қатысқан балаларды мадақтап, мақтау.

Сұрақтарға жауап береді

Біледі: Айтыстың бірнеше түрлерін біледі.
Алады: Айтыс өнері жайлы толық мағұлмат алады.
Үйренеді: Қазақтың салт-дәстүрлерінің түрлерін ажырата білуді үйренеді.

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Өтірік өлеңдер»

Мақсаты: а)Жануарларға байланысты өтірік өлеңдерді талдап, жатқа мәнерлеп айтуға үйрету.

әСөздік қорларын дамыту.

б)  Жағымды қарым –қатынасқа тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: өлең – песня.

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Шаттық шеңбер:

 Бас бармақ

Балаң үйрек

Ортан терек

Шылдыр шүмек

Кішкентай бөбек

Балалар мәнерлеп қайталайды

Қолмен жұмыс жасауға көмектеседі

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

Балалар 1 жылда неше мезгіл бар?

Казір қандай мезгіл?

Сендерге қандай мезгіл ұнайды?

Балалар мен сендерге бір өтірік әңгіме айтып берем сендер соны қайсысы рас қайсысы өтірік екенін ажыратасыңда? Бір баяғыда бір бала қақыған  қыста жалаң аяқ жалаң бас бала келе жатып алдынан бір жеміс ағашы шығады. ағашта қып- қызыл алма өсіп тұр екен.  Бала алманы алып жейді.  Балалар қараңадаршы ? Қыста алма пісеме?  Піспейді е балалар алма қай мезгілде піседі? Күзде және жазда піседі.

 Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар

Алдыманн жел еседі

Кіп кішкентай ағаштар

Үп үлкен болып өседі.

 

 

 

Ойынға белсене қатысады.

 

 

 

Сергіту сәтін қимыл қозғалыспен жасайды

Рефлексивті  түзеушілік

Балалар біз не туралы өттік?

Сендерге өтірік өлеңдер ұнадыма?

Балаларды мақтап, мадақтау

Сұрақтарға жауап береді

Біледі: өтірік өлеңдер туралы оқу жаттау

Игерді: суреттерге қарап әңгіме құрау.                                                                                                      Меңгерді: сұрақтарға жауап беру

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Айгерімнің тұсауын кесу»

Мақсаты: а)Балаларды тұсау кесу  дәстүрімен  таныстыра отырып, «Қаз-қаз» өлеңін   жатқа айтуға  үйрету.

ә) Сөйлеу мәдениетін дамыту.

б)Ұлттық салт-дәстүрді сүюге тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: тұсау кесу -

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Балалар жартылай шеңбер жасап отырады. Қуыршак -Айгерімммен амандасады.

Балалар амандасады .

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

Балаларды сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Бала қаз тұрып,тәй-тәй басып жүре бастаған кезде жасалатын салт-дәстүр. Балаға  12 ай толғанда жасалады.

Балалар тұсау кесу жабдықтарымен педагогтың көмегімен атап шығады.

Ала жіпті  қуыршақтың аяғына байлап тұсау кесу жырын айтады:

Қаз-қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуінді шешейін,

Тұрсауыңды кесейін,-деп

Қайшымен ала жіпті қияды.

Қаз-қаз балам, қаз балам,

Тақымыңды жаз, балам,

Қадамыңды қарайын,

Басқаныңды санайын.

Қаз-қаз балам жүре қой,

Балтырынды түре ғой, - деп баланы 3-4  аттатады.

Тұсау кесу жыры балалармен жатталады.

Сергіту сәті:

Аяқтың ұшымен тұрамыз,

Алманы жұлып аламыз,

Үйге қарай жүгіріп,

Аналарға сылаймыз!

 

-Тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

   -Атайды.

 

 

 

Тұсау кесу жырын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тұсау кесу жырын  жаттайды.

 

 

 

Сергіту сәтін орындайды.

Рефлексивті  түзеушілік

Балаларға бірнеше сұрақтар қойып, пысықтау.

 

Балалар сұраққа жауап береді.

 

Біледі: қазақ халқының салт-дәстүрін.                                                                                           Игерді:  тұсау кесу жырын.                                                                                                 Меңгерді: ата-баба дәстүрінде.

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы:  «Ақ сүйек»

Мақсаты: Бұл ойын балалардың  шапшаңдық, күштілік, тапқырлық, ойлай білу қабілеттерінің  жетілуіне көмектеседі.

Кажетті құралдар: ақ  таяқша немесе ақ  сүйек

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотиватциялық-  қозғаушылық

Психологиялық дайындық жаттығуы

Көздеріміз жан-жаққа қарайды,құлақтарымыз тыңдайды.Зейінді боламыз,апайға қарап,тап-сырманы орындаймыз.

Тәрбиешімен бірге жаттығуды орындайды.

Іздену -                     ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

Ойын ережесі:  Ойынды басқарушының  белгісін мұқият қарап тұру, сүйекті жасырғанда сығалап қарап тұруға болмайды.  Ойын барысында  күш қолдануға  болмайды. Сүйекті іздегенде  бір – біріне  кедергі жасамау, ұсталған ойыншы  сүйекті қарсыласына  беруге міндетті.

Ойын барысы:  Тәрбиеші ұлттық сипаттағы ойынды балаларға таныстырады. Бұл ойын жаздың айлы түнінде  ойнайтын қазақтың ұлттық ойыны.  Бірақ біз бұл ойынды  күндіз ашық аспан астында  ойнайтын боламыз. Ойынға ұзақ  уақыт күн көзінде жатып әбден кепкен сүйек немесе оның орнына ұстауға ыңғайлы тегіс ақ таяқша пайдаланылады. Ойынның бірнеше нұсқасы бар. Қазір сендер екі топқа бөлінесіңдер және мен қолымдағы  ақ  сүйекті бір жерге жасырамын ал, сендер сығалап қарамайсыңдар. Тәрбиеші балаларға  іздеп табуға ыңғайлы  жерге сүйекті  жасырады да балаларға іздеуге белгі береді.  Ойынның тағы бір нұсқасы екі топтың ішінен бір бала таңдалып алынады, ортаға барлық балалар теріс қарап тұрып, сүйекті  бар күшімен  алысқа лақтырады.

.

Сұрақтарға жауап береді

 

 

 

Балалар сүйекті іздеуге кіріседі.  Тапқан топ: «Ақ сүйек! Ақ сүйек!» деп тапқан сүйекті  тәрбиешіге апарып береді.

 Содан кейін балалар сүйекті іздеуге кіріседі.

 

Тапқан бала «Ақ сүйек! Ақ сүйек!» деп алдын ала белгіленген мәреге жүгіре жөнеледі. Қарсыластары қуып жетіп, қолы тиіп үлгергенше келесі ойыншыға ақ сүйекті лақтырып үлгіруге немесе қолындағы сүйекті беруге міндетті.

 

 

Рефлексті -             коррекцялаушы

Осылай ақ сүйекті  бір – біріне лақтырып, қол жалғап, мәреге

жеткізген топ жеңімпаз атанып, лақтыру кезеңіне ие болады.

Ойынды аяғына дейін ойнап мәресіне дейін жеткізеді.

Күтілетін  нәтиже:

Білуі керек:Ойынның ережесін

Нені игерді:ойынның  мазмұнын, жаңа сөздерің мағынасын.              

Нені білді: ойын  бойынша сұрақтарға дұрыс жауап беруді.

 

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Шеберлер»

Мақсаты: а)Шеберлер жайлы түсінік бере отырып,тігінші, тоқымашы мамандығы туралы түсіндіру.

ә) Олардың қолдарынан шыққан бұйымдармен таныстыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

б) Өнерге ,мамандық иелеріне деген сүйіспеншілікке  тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: шебер – мастер.

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Балаларды жылулық шеңберіне тұрғызып, амандасып болған соң, педагог балаларға өзінің сандықшасының сынып қалғанын айтады.

-Балалар, менің әдемі сандықшам бар еді. Сол сандықшам кеше сынып қалды.Енді не істерімді білмей тұрмын?

Сандықшамды кімге жөндетсем екен деп ойланып тұрмын.

-Қалай ойлайсыңдар, маған кім көмектесе алады?

-Әрине шеберлер маған көмектеседі. 

Билингвальді компонент: шебер-мастер.

 

 

 

Балалар шаттық шеңберін тәрбиешімен бірге қайталайды.

 

 

 

 

 

-Балалардың жауабы.

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

-Балалар, біздің үйіміздегі диван, сөрелер, айна, кереует, сандық, шефанерлерді кім жасайды екен, білесіңдер ме?

–Иә, дұрыс айтасыңдар, шеберлер жасайды. Олар ағаштан, темірден, пластмасса тағы өзге де материалдардан адам өміріне қажетті бұйымдарды жасайды.

Егер шеберлер болмаса біздің үйімізде дүниеміз болмас еді.

-Сондықтан да біз шеберлер жасап берген бұйымдарды дұрыс қолдана білу керек екен. Оларды сызбай, кірлетпей, сындырмай ұқыпты ұстау керек екен.

-Менің сандықшамды шеберге тапсырып кеткен едім, ол қазір лезде сандығымды жөндеп, жап-жаңа етіп әкеліп береді.

Педагог ескі сандықша мен жаңа сандықшаны ауыстырып көрсетеді.

-Міне, көрдіңдер ме балалар?

-Менің сандықшамды қолы алтын шеберлер жап-жаңа етіп әкеліп берді.

Бірақ балалар бұйымдар жасауөте қиын, көпуақыт пен еңбекті қажет етеді.

–Сондықтан шеберлер жасаған бұйымдарды бүдіремізбе?

 

Сергіту сәті:  Өрмек тоқу.

Алуан жіпті тізбелеп,

Далаға керме кереді.

Берейік көмек біз де, -деп

Көршілер де келеді.

Адырғысын тіктейді,

Арқау жібін өткізіп.

Қылшығын қағып бүктейді,

Түбіне тақап жеткізіп.

Өстіп дайын болады,

Алуан басқұр алаша.

Көргеннің көңілі толады,

Тамашалап қараса.

 

 

 

 

 

 

 

-Жоқ, болмайды.

 

 

 

 

-Ақылымызды айтамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Тәрбиешімен бірге сергіту сәтін жасайды.

Рефлексивті  түзеушілік

-Балалар, бүгін қандай тақырып өттік?

-«Шебер» деген кім екен?

-Қандай шеберлік түрлері бар екен?

-Шеберлер жасаған дүниелерді күтіп қараймыз ба?

Балалар сұрақтарға жауап беріп, белсене қатысып отырады.

 

 

Біледі:. Шебердің кім екенін.    .                                                                                                                                                   Игерді: Шебердің жасаған дүниелерін ұқыпты қарауға.                                                                      Меңгерді: ұқыптылықты меңгерді.

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Жануарлар қалай дыбыс шығарады»

Мақсаты: а)Үй жануарларының қалай дыбыс шығаратыны жайлы түсіндіру.

ә) Зейінін дамыту.

б) Үй жануарларына деген сүйіспеншілікке  тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: үй жануарлары – домашние животные.

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Шаттық шеңбері:

    Кәне, кәне тұрайық,

    Киіз үйді құрайық.

    Бір уықты қолға алып,

    Шаңыраққа тығайық.

    Шеңбер болып айналып,

    Арқандарды тартайық.

                Төрт түлік

    Түйе – малдың үлкені,

    Жылқы – малдың үркегі,

    Сиыр – малдың сүттісі,

    Қой – түліктің құттысы.

 Тосын сәт: «Қонжық» келді. Балалар бізге қонжық қонаққа келіпті. Ол өзімен бірге бізге тапсырмалар әкеліпті. Сол тапсырмаларды орындап көрелік

 

Таңғы жиынды жақсы айтып шықты.

 

 

 

 

Тақпақты қайталап айтып шықты.

 

 

 

Қонақты қарсы алды.

 

 

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

Жұмбақ:

1.Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

2.Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

 Сегіз тұяғы бар,

 Иегінде сақалы.

3.Мүйізі айдай иілген,

 Мұрнын көкке шүйірген.

-Балалар, жұмбақтың жауабы не туралы?

-Үй жануарларының тағы қандай түрлерін білесіңдер?

-Үй жануарларының біз үшін қандай пайдасы бар?

Суретпен жұмысы:

Балаларға сурет арқылы әңгіме құрастыру.

  Тапсырмалар:

«Не артық»  

«Төлдерін тап»

Д/О: «Өз үйін тап»

Өзін – өзі бағалау.

Сергіту сәті:

 Топ – топ түсіп төрт тұяқ,

 Шоқырақтап шап, атым.

 Құйрық – жалың сусылдап,

 Ұш оғындай садақтың.

  Өзен кешіп, тау асып,

  Шабысыңнан танба сен.

  Дүрсілдетіп дүниені,

  Ытқып – ытқып заула сен

Түйе.

 

 

Ешкі.

 

 

Сиыр.

 

Үй жануарлары туралы.

Балалардың жауабы тыңдалды.

Үй жануары бізге ет,сүт,айран,құрт,жүн

береді.

Сурет арқылы балалар әңгіме құрастыра білді.

Балалар тапсырмаларды орындап шықты.

 

 

 

Сергіту сәті сәтті шықты.

 

 

 

 

Рефлексивті  түзеушілік

Балаларқай тапсырма қызықты болды?

Қай досыңның жауабы ұнады?

Ұнаса,несімен ұнады?

Балалардың жауаптары

 

Біледі: балаларға үй жануарларыды бағып күту ережелерін білуге үйрету.

Игерді: қызығушылықтары болу керек.

Меңгерді: сұраққа нақты жауап беріп үйрену керек.

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Ұлттық үй жиһаздары»

Мақсаты: а)Үй жиһаздары туралы түсініктерін кеңейту.

ә) Ойлау қабілетін дамыту.

б)Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: жиһаз – мебель.

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Жылулық шеңбер:

Өзенге қарай жүгірдік

Рахаттана жүгірдік

Батылдықты растап

Жүзіп бердік құлаштап

Балалар мәнерлеп айтады жаттап алуға тырысады

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

Балалар біз  мына заттармен танысамыз бұлар неге  ұқсайды?

Қандай пішінге ұқсайды?

Біз бұған не саламыз?

Бұлар ұлттық жиһаздар оның аты сандықша  кебеже  т.б

Біз бұларды балалар алдымыздағы параққа саламыз

Сандықша төртбұрышқа ұқсайды

сергіту сәтін жасап аламыз шаршап қалған шығарсыңдар

терьеледі ағаштар

алдымнан жел еседі

кіп кішкентай ағаштар

үп үлкен боып өседі.

Алдымыздағы құрастыру заттарымен сандықшаны құрасытрайықшы.

Балалар суретке қарап әңгіме құрауға тырысады

 

Сандықшаға ұқсайды.

 

Сандықшаға киімдер т.б заттар саламыз

 

Сандықшаға төрбұрышқа ұқсайды.

 

 

 

Сергіту сәтін қимыл қозғалыспен жұмыс жасайды

Құрастыру заттарымен сандықша құрастырады.

 

 

Рефлексивті  түзеушілік

Балалар сендер суертте не көрдіңдер? Сандықша неге ұқсайды?

Балаларды мақтап, мадақтау

.сұрақтарға жауап береді

 

Біледі: ұлттық үй жиһаздың түрлері.                                                                                               Игерді: ұлттық үй жиһаздарды ажырату

Меңгерді: сұрақтарға жауап

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Жыл мезгілдері туралы өтірік өлеңдер»

Мақсаты: а) Балаларға өтірік өлең туралы түсінік беру. Жыл мезгіліне байланысты өтірік өлеңдердің мағынасын түсіндіру, жатқа айтуға үйрету.

ә) Ой-өрісін,тілдерін дамыту.

б) Ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Билингвальды сыңары: мезгіл – время.

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

-Балалар, мынау суреттергі назар аударайық. Не көріп тұрсыңдар?

-Дұрыс, біз бүгін «Жыл мезгілдері» туралы әңгімелесеміз.

Суретте жыл мезгілдері бейнеленген.

 

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

Балалар, көркем әдебиет орталығына қош келдіңіздер!

Жұмбақ шешейік.

1. Бұлтты айдап желдеткен,

Нөсерлетіп селдеткен.

Жаңбырлатып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?                 

 

2. Қойның толы жеміске,

Көк майсалы еңісте.

Көбелек қуып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?             

 

3. Шанамен зырғып желдетіп,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?         

 

4. Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

«Қызыл қырман» ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?        

  Әрбір  жыл  мезгілі  өз   сәнімен  ерекшеленеді. Жазда  ыстық,күзде  сары, қыста  қар,  көктемде  жасыл  болады.      

-Балалар  неше   жыл  мезгілі  бар?

-Қыс   мезгілі  несімен  қызықты?

 

1.Ал  балалар қазір  жылдың  қай  мезгілі?

-Күн,күн,сен  неге күлімдейсің?

-Жаңбыр,жаңбыр  сен   неге  сыртылдайсың?

-Құстар,құстар  сендер  неге сайрайсыңдар?

2.Өрік ,алма,

Шие,алша ,

Дүкендерге  түседі,

Бөбектерім  айтыңдаршы

Бұл  қай  кезде  болады?

-         Ал жаз мезгілі немен қызықты?

3. Астық  пісіп,

Орақ  түсіп.

Қырмандарға  түседі,

Бөбектерім  айтыңдаршы

Бұл  қай  кезде  болады?

Күздің  бірінші  айы-қыркүйек. Ол  ерте  күз  деп  аталады.

Екінші  айы  - қазан.  Ол  -алтын  күз  деп  аталады.

Үшінші  айы-қараша. Ол  суық  болғандықтан,қара  күз  деп  аталады.

4.Сұр  бұлт,түсі  суық  қаптайды  аспан,

Күз  болып,дымқыл  тұман  жерді  басқан.

Балалар  бұл өлең не туралы?

Сергіту сәті:

Тынық күнде,бір мезет,

Жел тұрады гуілдеп.

Құлақ салып тыңдасаң,

Дыбыстайды у-у-у-деп.

 

 

Бұлт үйірілсе аспанда,

Түнереді атырап.

Жаңбыр жауса бір мезет,

Дыбыстайды тырс-тырс –деп

 

 

 

 

 

 

(Көктем)

 

 

 

 

(Жаз)

 

 

 

 

(Қыс)

 

 

 

 

(Күз)

 

Төрт  жыл  мезгілі  бар.

Қыс,көктем,жаз,күз.

Қыста  қар  жауады,  қардан аққала  жасап  ойнаймыз.Шанамен  ойнаймыз.

Көктем  мезгілі.

 

Ол жаз мезгілі.

Жаз  мезгілі-жылдың  ең  қызқты  кезі. Балалар  жазғы  демалысқа  шығады,суға  шомылып,балық  аулауға  барады. Балалар  демалатын  орындарға   барады,ал  кейбір  балалар жайлауға  ата-әжелеріне  барады.

Ол күз мезгілі.

 

 

 

 

Балалар сөздерді айтып, қимылмен көрсетеді.

Рефлексивті  түзеушілік

- Балалар қай орталықта болдыңдар?

- Қай тапсырма ұнады?

- Қай досыңның жұмысы көңіліңнен шықты?

Біз жыл мезгілдері туралы әңгімеледік...

 

Біледі: жыл мезгіл туралы әңгімелеу.

Игерді: оқу іс- әрекетке деген сүйіспеншіліктері, ынтасы болу керек.

Меңгерді: өз білімін көрсете білуге үйрету.

 

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы:«Тақия тастамақ»

Мақсаты: Бұл ойын балаларды  жылдамдыққа, сезгіштікке, сақтыққа дер кезінде тығырықтан шыға білуге үйретеді.

Кажетті  құралдар:тақия

Әрекет  кезеңдері

        Тәрбиешінің   іс- әрекеті

Балалардың  іс-әрекеті

Мотиватциялық-  қозғаушылық

Психологиялық дайындық жаттығуы

Көздеріміз жан-жаққа қарайды,құлақтарымыз тыңдайды.Зейінді боламыз,апайға қарап,тап-сырманы орындаймыз.

Тәрбиешімен бірге жаттығуды орындайды.

Іздену -                     ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

Ойын ережесі:  Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау.  Тақия тастағанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге күш көрсетуге болмайды. Ал, егер бала орнынан тұрмай ұсталса немесе тақияның өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді. 

Ойын барысы:  Тәрбиеші ұлттықойын мазмұнымен таныстырады.  Балалар дөңгеленіп шеңбер құрып отырады. Балалардың арасынан бір бала таңдалады да  қалғандары көздерін жұмып отырулары тиіс.

 Ойым бар бір ойын бастамақ,

Аты оның - "Тақия тастамақ".

Шеңбер боп отыра қалыңдар,

Ым қағып жүрмесін қас-қабақ.

Ақырын аспаймын, саспаймын,

Шеңберді айнала бастаймын.

Біріңнің тұсына жеткенде,

Сездірмей тақия тастаймын.

Қайтадан келгенше оралып,

Түк сезбей отырсаң омалып.

Арқаңды осқылап қуамын,

Маубасқа керегі сол анық, -

 

Таңдалған бала дөңгеленіп отырған балалар сыртымен ақырын                                                                                  жүріп, бір баланың артына тақияны білдірмей тастап кетеді. Тәрбиеші белгісінен кейін балалар көздерін ашады

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді

 

                                                           

  Жан – жағына жылдам қарап, тақияның өзінде екенін білсе, сезсе жылдам орнынан тұруы керек.  Егер орнынан жылдам тұра алмаса онда өз өнерін көрсетеді: тақпақ, жұмбақ, өлең, би т.б. және де орнынан тез тұрып үлгірген балаға ұлттық ою – өрнек беріледі. Көп ою жинаған бала жеңімпаз атанады. Бұл ойынның тағы бір нұсқасы бар. Тақияны өзінде екенін сезген бала  тақияны тастаған жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына отыруға тырысады. Егер бала жүргізушіні ұстай алмаса айыбын өтейді.  Ал, қуып жетіп алса, ойынға жүргізуші сол бала болады.

 

Рефлексті -             коррекцялаушы

Осылай ойынды мәреге

жеткізген бала жеңімпаз атанады

Ойынды аяғына дейін ойнап мәресіне дейін жеткізеді.

Күтілетін  нәтиже:

Білуі керек:Ойынның ережесін

Нені игерді:ойынның  мазмұнын, жаңа сөздерің мағынасын.              

Нені білді: ойын  бойынша сұрақтарға дұрыс жауап беруді.

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Құстар қалай дыбыс шығарады»

Мақсаты: а) Құстар туралы түсініктерін кеңейте отырып, құстардың қалай дыбыстайтынытуралы түсіндіру.

ә)Ой-өрісін,тілдерін дамыту. 

б) Балаларды қамқорлыққа тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: құстар – птицы.

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Амансыңба алтын күн!

Амансыңба Жер ана!

Амансыңба Достарым!

Амансыңба  бала бақша!

Мәнерлеп қайталайды.

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

Балалар сендер құстардың қандай түрелерін  білесіңдер?  Үй құстарына нелер жатады.

Құстар қалай дыбыстайды? Құстар немен қоректенеді?

Бүгінгі оқу іс әрекетіміздің тақырыбы құстар туралы болмақ.

Үй құстарын атап кетейікші. Үйрек, тауық қаз, әтеш  т.б. дала құстарына нелер жатады.  Қараторғай, шымшық қарға, сауысқан, кептер қарлығаш жатады  осы құстар жалпы қалай дыбыстайд ы  шиқ-шиқ деп дыбыстайды. Ал үй құстарына келер болсақ қалай дыбыстайды.

Мысалға тауық, қыт-қыт деп дыбыстайды.

Ал, үйрек кря кря деп дыбыстайды.қаз қаңқылдайды. Әтеш  ку ка ре кук деп айғайлайды.  Балалар біз осы құстар болып дауысын салайықшы. Балалар дауысын салады.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп кішкентай ағаштар

Үп үлкен болып өседі

Балалар атайды.

 

 

Тауық, әтеш, үйрек, қазы, балапан

 

 

 

Дала құстарына  торғай,

 Қарлығаш,  сауысқан жатады

 

Үй құстарының дыбысталуы.

 

Тауық қытқыт деп қытқылдайды.

 

Әтеш кукарекук деп айғайлайды...

 

 

Сергіту сәті қимыл қозғалыспен жасайды.

Рефлексивті  түзеушілік

Балалар қандай құс түрлерін білесіңдер?

Сендерге дала құстары ұнайма?

Балаларды мақтап мадақтау 

Сұрақтарға жауап береді.

 

Біледі: құстарды ажырату.                                                                                                                                Игерді: құстардың дыбысталуын ажырату.                                                                                                                                                     Меңгерді:.сұрақтарға жауап.

 

 

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Бір үйде біз нешеуміз?» (санамақ)

Мақсаты: а) Санамақтың  мағынасын түсіндіру, жатқа айтуға үйрету. 

ә)Ойлау қабілетін дамыту.

 б)Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: отбасы – семья.

 

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Күннің көзі ашылып

Көкке шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Сәлемдесу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал қанекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге

Сәлемтсіңдер ме балалар!

Бір бірімен амандасады

 

 

Мәнерлеп қайталайды.

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінде неше ай бар?

Бір аптада неше күн бар?

Балалар біз өзімізідің отбасымыз туралы кішкене әңгіме айтып кетсек.

Бір  үйде біз нешеуміз

Кел санайық екеуміз

Бас бармақ-атам

Балан үйрек әжем

Ортан терек –папам

Шылыдр шүмек –анам

Кішкентай бөбек –мен

Осы санамақты

жаттап аламыз

Сергіту сәті:

Көбелекке ұқсап,

Ұшайықшы бәріміз

Оңға қарай бір ұшып,

Солға қарай бір ұшып,

Айналайық жер шарын.

Жарайсыңдар  балалар

Жеке жұмыс.

Ойын: «Сыңарын салыстыр»

Көктем мезгілі

Үш ай бар

наурыз, сәуір, мамыр

 

Балалар өз

отбасы туралы

әңгіме айтады.

 

 

Санамақты жаттап алады.

 

 

Сергіту сәтін қимыл қозғалыспен жасайды.

 

Ойынға белсене қатысады.

Рефлексивті  түзеушілік

Балалар біз қандай отбасымен таныстық?

Сендер қандай санамақты білесіңдер?

Балаларды мақтап, мадақтау

Сұрақтарға жауап береді.

 

Біледі: өз отбасы туралы әңгіме құрау                                                                                                 Игерді: суретке қарап әңгіме құрау                                                                                                                                    Меңгерді: сұрақтарға жауап.

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы:   «Ақ серек, көк серек»

Мақсаты: Бұл ойыда балалардың  шапшаңдық, күштілік, күш жігерлері, ойлай білу қабілеттерінің  жетілуіне көмектеседі.

Әрекет  кезеңдері

        Тәрбиешінің   іс- әрекеті

Балалардың  іс-әрекеті

Мотиватциялық-  қозғаушылық

Психологиялық дайындық жаттығуы

Көздеріміз жан-жаққа қарайды,құлақтарымыз тыңдайды.Зейінді боламыз,апайға қарап,тап-сырманы орындаймыз.

Тәрбиешімен бірге жаттығуды орындайды.

Іздену -                     ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

Ойын ережесі: ойыншылар екі топқа бөлінеді.  Ойында ұлдар, қыздар аралас ойнай береді және жеребе тастау арқылы ойынды бастайды.жеребе бойынша жасырынған қолдағы затты кім тапса сол топ бірінші болып ойынды бастайды.

Ойын барысы:  Бұл ойынға қатысушылар аттасу, ат жасыру арқылыекі топқа бөлінеді.  Ашық алаңда ұл – қыз аралас ойнай береді. Аралары 50-60 метр қашықтықта екі топ қарама – қарсы тұрады.  Екі жақ қолға түсетіндер үшін арнайы шеңбер сызып қояды.  Ойын жеребе бойынша басталады ойын бастайтын жақтың басшысы:

-          Ақ серек, көк серек,

Бізден сізге кім керек? – деп сұрайды. Ал, оған қарсы жақ:

-          Ай керек- ау, ай керек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Ақ серек пен көк серек,

Шауып алдым бәйтерек.

 Сонау тұрған Ажардың өзі керек,- деп қарсы жақтың бір ойыншысының атын атайды.

Сөйтіп, қай жақ көп қолға түсірсе, сол жақ жеңеді.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді

 

Сонымен аты аталған бала келгенде, қарсы жақтың ойыншылары түгел қолдарынан созып, алақандарын жайып тұруға  тиіс. Келген ойыншы қатардың алдынан кесіп өтіп, өзі ұратын адамды таңдайды. Топтың алдын үштен артық кесіп өтуге болмайды, егер үш рет өткенде де ешкімнің алақанына ұрмаса, ол ойыншының өзі «Қолға түседі» ойыншы өзін қуып жете алмайды - ау  деген біреуді ұра сап, қашады. Жеткізбей өз қатарына қосылса,  қуған ойыншы «Қолға түскендер» шеңберіне барып қосылады. Егер қуған бала қуып жетсе, қашқан ойыншы «Ұсталады». Сөйтіп, қай жақ көп қолға түсірсе, сол жақ жеңеді.

 

Рефлексті -             коррекцялаушы

Осылай ойынды мәреге

жеткізген топ жеңімпаз атанады

Ойынды аяғына дейін ойнап мәресіне дейін жеткізеді.

 

Күтілетін  нәтиже:

Білуі керек:Ойынның ережесін

Нені игерді:ойынның  мазмұнын, жаңа сөздерің мағынасын.              

Нені білді: ойын  бойынша сұрақтарға дұрыс жауап беруді.

 

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Ұлттық киімдер»

Мақсаты: а)Ер адамдар мен әйел адамдардың  ұлттық киімдерін айыра білуге үйрету.

ә)Ұлттық киімдер туралы  түсініктерін  кеңейту.

б) Киімді ұқыпты киюге тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: киім – одежда.

 

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Армысың ба алтын күн!

Армысыңба  бала бақша

Армысыңба балалар

Армысыңдар достарым!

Мәнерлеп қайталайды.

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

Балалар сендер суретте не көріп тұрсыңдар?

Осы  суреттерге  әңгіме құрастырамыз?

Бұл  қыздың үстіндегі қазақша көйлек

Бұл көйлектердің түсі қандай?

Сары, қызыл, ақ ,көк, түстері бар екен. Бұл көйлек  тек қазақ қыздарына тән киім

Ойын: «әр ұлттың ұлттық киімдерін кию»

Шарты: Ұлдар қыздар әр ұлттың киімін киіп касындағы балаларға айтады. Балалар қай ұлт екенін жасырады.

Ұлттық киімдерге шапан, бөрік қалпақ, камзол  казақша көйлек жатады.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдыманан жел еседі

Кіп кіщкентай ағаштар

Үп үлкен болып өседі

Жеке жұмыс:

Балалар суретке қарайды.

 

 

Суретке әңгіме құрайды.

 

 

Түстерін атайды.

 

 

Әр ұлттың киімін қай ұлт екенін айтады.

 

 

Қимыл қозғалыспен жасайды.

Рефлексивті  түзеушілік

Балалар сендерге қай ұлттың киімі ұнайды?

Балаларды мақтап мадақтау

Сұрақтарға жауап береді

 

Біледі: әңгіме құрастыру                                                                                                                                                  Игерді: есте сақтау қабілеттерін артыру                                                                                                                     Меңгерді: ұлттық көйлекті қадірлеу.

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Ханталапай»

Мақсаты: балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулы. Ойынға қызығушылығын арттыру, қимыл – қозғалысын дамыту.

Кажетті  құралдар:асықтар,қоржын

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотиватциялық-  қозғаушылық

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де, 
Үлкен –кіші, жасымыз, кәріміз де. 
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым
 
Гүл-гүл жайнап біздің, мына, төрімізге

Тәрбиешімен бірге жаттығуды орындайды.

Іздену -                     ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

Жаңарғаны сананың 
Ұмытады мұны кім ? 
Ата- салтын бабамның
 
Алып келді осы күн.
 
Асқақтаған ән дайын , 
Күмбірлеген күй дайын . 
Ал, қанекей жігіттер! 
Босқа қарап тұрмаңдар, 
Бастап білім сайысын 
Алыстарға самғаңдар ! 

Жүргізуші: Той деп бүгін көңіл шіркін тасиды, 
Той деп бүгін халқым шашу шашады. 
Ханталапай атты болар сайыстың 
Әділқазы мүшесімен танысың!

-Ал,балалар дайынбыз ба?

Жүргізуші: -Талапай-ау, талапай,табылды ойын алақай!

Ойын шарты: ойынға 5-10 бала қатыса алады, ойында асық көп болу керек. Ойын шартын бұзбай ойнау керек.

Ойын барысы: ойынға 5-10 балаға дейін қатыса алады.  Асық көп болу керек.  Көп асықтың ішінен үлкенірек біреу таңдап                                                                           аланып қызыл түске боялады. Осы асық «хан» болады.

Санамақ арқылы ойын бастаушысы анықталады.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.Сұрақтарға жауап береді

Балалар:-Ханталапай, ханталапай!                                                    

 

Бастаушы барлық асықты уысына алып, балалардың алдына шашып тастайды. Сендер «Ханның» қалай түскенін байқап отырыңдар. Егер, «Хан» бүк, шік, тәйке түссе ойын бастаушы бала «ханның» түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере – ыршытып бір – бірін дәлдей отырып тигізеді. . Тигізген асықтарды өзіне алады.

Рефлексті -             коррекцялаушы

Осылай ойынды мәреге

жеткізген ойыншы  жеңімпаз атанады

Ойынды аяғына дейін ойнап мәресіне дейін жеткізеді.

Күтілетін  нәтиже:

Білуі керек:Ойынның ережесін

Нені игерді:ойынның  мазмұнын, жаңа сөздерің мағынасын.              

Нені білді: ойын  бойынша сұрақтарға дұрыс жауап беруді.

 

 

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Уыстап ұстаймыз»

Мақсаты: а)Қазақ халқының қол өлшемдерімен таныстыру(қос уыс, бір уыс)

ә) Зейінді  дамыту.

б) Білуге деген құштарлыққа  тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: өлшем – измерение.

 

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Балалар   біз жылулық шеңберге тұрып бір бірімізге жылы сөздер айтып көңілісізді көтереміз

Анель ұқыпты жақсы қыз

Сая ақылды тартымды қыз

Нұрдәулет сүйкімді бала.

Балалар  мақтау сөдерін бір біріне жеткізеді  олар қуанады

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

Сәлемтсіңдерме балалар!

 Қазір жылдың қай мезгілі?

Ауа райы қандай?

Бір аптада неше күн бар?

Балалар сендер қол өлшемдерін  білесіңдеме? Қане саусағымыздың көмегімен  қарс- қарс  адым-адым

Саусақпен жасаймыз.  А кане, қолымыздағы лентаны өзіміз өлшеп көрейікші? Қарыс деп атаймыз бір қарсы екі қарыс үш қарыс дкген сиақты, ал сендердің қолдарыңа мен тары саламыз оны біз қалай ұстаймыз?  Уыстап ұстаймыз.

 Енді шөкім дегенге келетін болсақ ұнды ұстап көреміз.  Оны саусағымыздың ұшымен ұстаймыз

Ал баалалар біз енді ойын ойнайық

«Адымдап жүру»

 Сергіту сәті

Орнымызды тұрайық

Белімізді жазайық

Жоғары төмен қарайық

Оңға солға түзу  тұр

Бойымызға күш жинап

Біз демалып қалайық

Жеке жұмыс:

Амандасады.

Көктем мезгілі

Ауа райы жылы

 

Жеті күн бар балалар қайталайды.

 

Лентамен жұмыс жасайды.

 

 

Саусақ көмегімен қарыс жасаймыз

 

шөкім жасайды.

  Ұнды саучақымыздың ұшымен ұстаймыз

 

 

Ойынға белсене қатысады.

 

Сергіту сәтін қимыл    қозғалыспен  жасайды.

Рефлексивті  түзеушілік

Балалар шөкім дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалар қарыс дегенге қалай түсінеміз?

Балаларды мақтап мадақтау

Сұрақтарға жауап береді

 

Біледі: уыстап ұстау, шөкім жасау.                                                                                                                                                     Игерді: саусақпен жұмыс жасау.                                                                                                                                          Меңгерді: ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Өсімдіктерге қамқорлық»

Мақсаты: а) Өсімдіктерге  байланысты нақыл сөздердің  мағынасын  түсіндіру, жадында ұстауға үйрету.

ә)Есте сақтауын дамыту.

б)  Тірі табиғатқа қамқорлық көрсете білуге  тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: өсімдік – растение.

 

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Балалар   біз жылулық шеңберге тұрып бір бірімізге жылы сөздер айтып көңілісізді көтереміз

Анель ұқыпты жақсы қыз

Сая ақылды тартымды қыз

Нұрдәулет сүйкімді бала.

Балалар  мақтау сөдерін бір біріне жеткізеді  олар қуанады

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

Сәлемтсіңдерме балалар!

 Қазір жылдың қай мезгілі?

Ауа райы қандай?

Бір аптада неше күн бар?

Балалар мына менің қолымдағы қандай суреттер көріп отсыңдар? Біздің бөлмеде қандай гүлдер бар?

Далада не көріп отсыңдар? . түсі қандай? Бұл өсімдіктер қай мезгілде өседі?

Жарайсыңдар балалар біз осы өсімдіктерді қорғап аялауымыз керек.

Алдымыздағы  жапырақтарды гүлдерді бояймыз.

Жаз келіпті дегенше

Алма пісті дегейсің

Бағымызды ендеше

Алма тереу  көбейсін

Мәнерлеп айтады.

Ойын:»Ойлан тап»

Шарты. Төлдерін тап.

Сергіту сәтін:

Тікіркейіп құлағы

Менен бұрын т ұарды.

Бойын жазып керіліп

Беті қолын жуады.

Амандасады.

 

Көктем мезгілі

 

Ауа райы жылы

Жеті күн бар.

 

Гүлдер ағаштар,  табиғат көрнісі

 

Көктем мезгілі

 

Тұсі жасыл гүледердің түсі  ақ қызыл көк әр түрлі түсті.  гүлдер бар

 

Тақпақты мәнерлеп жаттап алуға тырысады.

 

 

Ойынға белсене қатысады.

 

 

Сергіту сәтін қимыл қозғалыспе н жсаайды.

Рефлексивті  түзеушілік

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Өсімдіктерге нелер жатады?

Балаларды мақтап мадақтау 

Сұрақтарға жауап береді

 

Біледі: жыл мезгілдерін                                                                                                                                             Игерді:өсімдіктерді аялау қорғау

Меңгерді:. ойынның шартын түсініп ойнау

 

 

 

 

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Әдепті бала арлы бала»

Мақсаты: а) Балалардың бойына сыпайылық, ізеттілік дағдыларын қалаптастыру.Адамгершілікке байланысты тыйым сөздердің мағынасын түсіндіре отырып, жадында ұстауға үйрету.

ә) Есте сақтау, зейінін дамыту.

б)  Адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: сыпайылық – уважение.

 

Оқу қызмтет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Балалар   біз жылулық шеңберге тұрып бір бірімізге жылы сөздер айтып көңілісізді көтереміз

Анель ұқыпты жақсы қыз

Сая ақылды тартымды қыз

Нұрдәулет сүйкімді бала.

Балалар  мақтау сөдерін бір біріне жеткізеді  олар қуанады

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

Сәлемтсіңдерме балалар!

 Қазір жылдың қай мезгілі?

Ауа райы қандай?

Бір аптада неше күн бар?

Балалар біз алдымен мына мақалды қайталап алайықшы

Әдепті бала арлы бала

Әдепсіз бала сорлы бала

Сендер суреттер не көріп отсыңдар?

Балалар суретке қарап әңгіме құрастырмыз

Мына балалға ат қояйықшы? Асхат автобуста отыр қасында үлкен кісі отыр Асхат үлкен кісіге орын берема?

Үлкен кісі не істеп тұр? Балалар бұл әдептіге жатама?

Ал балалар мына суретке қараймыз. Ат қойыумыз керек. Ержан  ата анасына не істеп отыр? Ержан ата анасына тал егуге көмектесіп жатыр

Балалар қайсысы әдепті балаға жатады?

Бізге қонақ келіпті қонақты амандасып қарсы алайықшы?

Жалқаубек келеді: Сәлем балалар 

Мен бүгін ағам менен көмек көмек сұрады. Ал мен балалармен доп ойнауға кеттім.  Сендер барып ағама көмектесесіңдерме? Балалар айтыңдаршы жалқаубектікі дұрыс па?

Олай болса біз жалқаубекке көмек көрсетуіміз керек.

Бірінішден неден бастаймыз? Тазалықтан бастайықшы

Алдымен шашын тараймыз

Екіншіден көйлегін ішіне саламыз

Үшіншіден үлкен адамдардың айтқанын істеуге кеңес береміз

Сергіту сәті.

Бұрыламыз оңға бір

Бұрыламыз солға бір

Бір отырып, бір тұрып

Бір серігіп қаламыз

Жеке жұмыс

Амандасады.

Көктем мезгілі

Ауа райы жылы

 

 

Балалар мақал мәтелді жатқа айтады.

 

Суретке қарап әңгіме құрастырады.

  Балаға ат қояды

 

 Асхат

Бермейді

 

 

Үлкен кісі тұрып тұр.

 

Ержан ата анасынаағаш егуге көмек беріп тұр

 

 

Ержан әдепті ақылыды бала

 

 

Жалқаубек пен  аманадсады

 

Дұрыс  емес

 

 

 

Жалқаубекке көмектеседі.

 Тазалықтан бастайды.

 

 

 

Қимыл қозғалыспен жасайды.

 

Рефлексивті  түзеушілік

Балалар бізге қандай қонақ келді?

Қандай суретті көрдіңдер?

Балаларды мақтап мадақтау

Сұрақтарға жауап береді

 

Біледі: әдепті баланың іс қимылдары

Игерді: жалқаубекті  әдепті етіп үйрету

Меңгерді: сұрақтаға жауап сөйлем құрау.

 

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Төлдермен тілдесу» (сұрамақ) 

Мақсаты: а)Төрт түлік олардың төлдері туралы сұрамақ арқылы түсіндіре отырып, сұрамақты диалог ретінде айтуға үйрету.

ә) Есте сақтау, зейінін дамыту.

б) Үй жануарларына деген сүйіспеншілікке  тәрбиелеу

Билингвальды сыңары: сыпайылық – уважение.

 

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Балалар   біз жылулық шеңберге тұрып бір бірімізге жылы сөздер айтып көңілісізді көтереміз

Анель ұқыпты жақсы қыз

Сая ақылды тартымды қыз

Нұрдәулет сүйкімді бала.

Балалар  мақтау сөдерін бір біріне жеткізеді  олар қуанады

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

Сәлемтсіңдерме балалар!

 Қазір жылдың қай мезгілі?

Ауа райы қандай?

Бір аптада неше күн бар?

Балалар бізге қонақ келіпті. Ішке аю кіреді:- балалар аюмен амандасады. Аю бізге сыйлық әкеліпті.

Аюдың қолындағы қорапшаны ашып көрейік ішінде не бар екен?

Аюға біздің көмегіміз керек.

Оларға пішіндерді ажыратып беруіміз керек.

Демностарциялық материалмен жұмыс пішіндерді  туып бояу

Сергіту сәті:

Бояймыз сергіту сәтін жасап аламыз

Орнымызды тұрайық

Белімізді жазайық

Жоғары төмен қарайық

Оңға солға түзу  тұр

Бойымызға күш жинап

Біз демалып қалайық

Амандасады.

Көктем мезгілі

Ауа райы жылы

 

Қонақты қуана қарсы алады.

 

Қорапшаны ашып көреді.

 

Ленталарды салыстырады.

 

Аюға көмектеседі.

Салыстырады.

 

 

 

 

Жұмыс дәптерімен жұмыс жасайды.

 

 

 

Сергіту сәтін қимыл қозғалыспе н жсаайды.

Рефлексивті  түзеушілік

Балалар біз қандай заттармен таныстық? Қандай  пішіндер білесіңдер? Балаларды мақтап, мадақтау

Сұрақтарға жауап береді

 

Біледі: пішіндерді тану

Игерді: демностарциялық материалмен жұмыс

Меңгерді: сұрақтаға жауап сөйлем құрау.

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Туыстық атаулар»

Мақсаты: а)  «Туыс» деген сөздің  мағынасын  түсіндіре отырып,  туыстық атаулармен таныстыру (ата, әже, нағашы ата, нағашы әже, әпке)

ә) Сөздік қорды молайту.

б)  Туыстарға деген жанашырлық сезіміне тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: туыс – родные.

 

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Балалар жылулық шеңберін жасап, бір-бірімен амандасады.

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеуміз.

Бас  бармағым-атам.

Балаң үйрек-апам.

Ортан терек-ағам.

Шылдыр шүмек –мен.

Кішкене бөбек-сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз беесеуміз.

Педагог:

-Балалар, біз амандасуды отбасы мүшелерінен бекерге бастамадық, бүгін біз туған-туыс атауларын үйренуден бастаймыз.

Балалар қызығушылықпен тамашалайды.

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

Педагог балалардың назарын отбасы мүшелері салынған суретке немесе «Менің отбасым» атты материалдарға аударып, әңгімелеседі.

-Мынау- отбасы мүшелері.

-Мынау-ана, ол үйде не істейді?

-Ал мынау әке, ол үйде не істейді?

-Әкесі қайсы көрсетші, анасы қайсы?

-Қане, көрсетші, кім киімді үтіктейді? Кім еденді сыпырады?

-Отбасы мүшелерін атайықшы?

-Қыз анасына кім болып келеді?(қызы)

-Баласы ансына кім болады?(ұлы)

-Ұл бала қыз балаға кім болады?(аға)

-Анамның анасы маған кім болады?(нағашы әже)

-Анамның әкесі маған кім болады?(нағашы ата)

-Анамның үлкен қызы маған болады?(әпке)

             Сергіту сәті

Аппақ күміс сақалды,

Жақсы көрем атамды.

Ардақтаймын өмірде,

Асқар таудай атамды.

 Ойын: «Кім жоқ »  ойыны.

Ойын барысы:

Педагог тақтаға отбасы мүшелерінің суретін іледі. Балалар көздерін жұмады, педагог бір суретті жасырып қояды,көздерін ашқан балалар қандай сурет жоқ екенін тауып айтады.

Балалар қызығушылықпен тыңдайды.

 

-тамақ істейді.

-жөндеу жүргізеді.

 

-анамыз үтіктейді.

-анам сыпырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайталайды : ата-дедушка.

 

Балалар қайталап, қимылмен билейді.

Қайталайды: әже.

 

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Рефлексивті  түзеушілік

-Балалар, бүгін қандай тақырып өттік?

-Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

-Нағашыата, нағашы әже кімдер?

-Сендер туған туыстарыңды сыйлайсыңда ма

Балалар сұрақтарға жауап беріп, белсене қатысып отырады.

 

 

Біледі: туған –туыс атауларын: нағашы ата, нағашы әже.                                                           Игерді:  туған-туыстарды өз атауларымен атауды.                                                                  Меңгерді: құрметтеуді, сыйлауды.

 

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы:   «Соқыр теке»

Мақсаты: Бұл ойыда баланың  тапқырлығы, жылдамдығы, адалдығы шыңдалады. Баланың ойлау қабілетінің жетілуіне көмектеседі, дамиды

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотиватция

лық-  қозғаушылық

Достарым, түсініңдер сөздің парқын , 
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын. 
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың, 
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын-дей отырып балалалар біз бүгін сендармен «Соқыр теке» ойынымен танысамыз

Тәрбиешімен бірге өлеңді қайталайды .Балалар бүгінгі ойынға деген қызығушылығын білдіреді.

Іздену -                     ұйымдасты

рушы

 

 

 

 

 

 

Ойын ережесі: балалар шеңбер құрып тұрады, ортаға бір бала шығады, ортағы шыққан баланың көзі орамалмен толықтай жабылады. Баланы соқыр ткек әнін айтып ортаға жібереді. Бала жұмулы тұрған көзін ашпауы керек.

Ойын барысы: Ойнайтын  балалар қатар – қатар тұрады.

Бұзау, бота, құлыншақ

Тоқты, серке, торпақ

Тана, тай, тайлақ

Құнан, дөнен бесті бар,

Малдың жасын айыра біл

Естіп ал!

Бұқа, айғыр, қошқар, теке бар

Сүзегенсің , тентек теке, жеке қал

Көзін байла, теке – теке «Бақ - бақ»

Соқыр теке қайдан бізді таппақ.

шеңбер сызып қояды. 

Өлең  айтылып болысымен, шеңбердің ортасында қалған «Соқыр теке» балаларды ұстауға ұмтылады. Бірақ бұл кезде ойнаушылардың шеңберден шығып кетпеуі қатты қадағаланады. «Соқыр текені»  ұстаған бала оның орнына тұрады. Осылайшы ойын қайталанып, қайта ойналады.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді

Ойын басқарушы  қатар тұрғандардың әрқайсысын жоғары көрсетілгендей мал атымен атап шығады.  Ең соңғы аталған бала «Тентек теке» болады.  Ойын кең үйде де, далада да ойналады. Оны жаңа жылда, жиындарда маска киіп те ойнауға болады. «Соқыр теке» ойыны

Рефлексті -             коррекцялаушы

Осылай ойынды мәресіне жеткізген бала  жеңімпаз атанады

Ойынды аяғына дейін ойнап мәресіне дейін жеткізеді.

Күтілетін  нәтиже:

Білуі керек:Ойынның ережесін

Нені игерді:ойынның  мазмұнын, жаңа сөздерің мағынасын.              

Нені білді: ойын  бойынша сұрақтарға дұрыс жауап беруді.

 

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы:  «Жолда жүру ережесі»

Мақсаты: а) Бағдаршам қызметімен таныстыру.

ә) Есте сақтауды дамыту.

б)  Көшеде өзін  ұстай білуге тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: жолда жүру ережесі-

 

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Шаттық  шеңбері:

Қане кімнің бойы ұзын,

Паравозы ол пойыздың,

Қатар – қатар тұрайық

Пойызды біз құрайық.

Ал паровоз, аста алға,

Бәріміз басқар да.

Пш –пш , пш – нп біз кеттік.

Шаттық  шеңберіне  толық қатысты..

 

 

 

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

 «Сиқырлы қалам»-суреттермен жұмыс.

-Балалар, ал сендер балабақшаға немен келесіңдер?

Ережелердіқайталайық:

- Автобусқа, трамвайға артқы есіктен кіріп, алдыңғы есіктен шығу керек.

- Жасы үлкен, кішкентай бөпелі адамдарға орын береміз.

- Автобуста айқайлап сөйлеуге, қатты күлуге болмайды, ол әдепсіздікке жатады.

- Ашық есік, терезеден басын шығарып қолын созуға болмайды, олай істеу қауіпті.

д/о: «Кім көп біледі?»

-Велосипедті қай жерде тебу керек?

-Допты қай жерде ойнау керек?

-Бағдаршамның неше көзі бар?

-Бағдаршамның қай көзі біздің досымыз?

-Көше тәртібін бағдаршамнан басқа кім басқарады?

- Жолдан өту үшін ненің көмегіне жүгінеміз?

 Ашса кезек үш көзің,

Айтты деп ұқ үш сөзің

Тоқта!Сақтан!Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

Қызыл көзің ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзің ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзің ашқанда,

Өте бергін,жасқанба.

Қай көше, қай қалаға барсаңызда,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі-заңды тәртіп

Ол ортақ!Үлкен-кіші баршамызға.

Ойын «Белгілерді ата»

Өзін-өзі бағалау: «Жұлдызшалар»

 

 

 Диас: Мен автобуспен келемін.

 

 Балалар ережелерді қайталайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар алаңында тебу керек. Спорт алаңында ойнау керек. Бағдаршамның үш көзі бар. Түстерін атайды. Жасыл түсі біздің досымыз,ол бізге әрқашан көмектеседі. Реттеуші инспектор басқарады.

Балалар жол белгілерін атайды.

Рефлексивті  түзеушілік

-Қай   тапсырмасы ұнады?

-Ұнаса, несімен ұнады?

- Қай досыңның жауабы көңіліңнен шықты?

Біз жол белгілері, ережелері туралы әңгімеледік.

 

Біледі: жолда жүру ережесін                                                                                                                                                         Игерді: бағдаршамның ерекшеліктері.                                                                                                          Меңгерді: жолда жүру ережесін сақтауды.

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы:  «Түз хайуанаттары»

Мақсаты: а)  Балаларға түз хайуанаттары туралы түсінік беру.

ә)Танымдық қабілеттерін дамыту. 

 б) Жануарларға қамқорлық сезіміне тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: түз хайуанаттары- дикие животные.

 

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Шаттық шеңбері
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды  құрметтеп,
Амандасып бас иеміз біз.

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

-               Теледидардан жабайы аңдарды көрсету.

-               - Балалар, сендер хайуанаттар бағына барып көрдіңдер ме? Олай болса, біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде жабайы аңдар туралы әңгімелейміз.

-               Сурет бойынша әңгімелеу.

 - Суретте қандай андарды көріп тұрсыңдар? Жабайы аңдарға нелер жатады. Неліктен жабайы аңдар деп аталады? Олар қай жерде мекендейді? Аю балаларымен не істеп жатыр?

-                 Аюдың баласын қалай атайды?

-               Қасқырдың баласын қалай атайды?

-      Түлкінің ерекшелігі неде?        Дәптермен,жұмыс:                 Аңдардың қимылын келтір және боя.

Әңгімені мұқият      тыңдайды.

 

 

Рефлексивті  түзеушілік

Оқу іс-әрекетін ойынмен аяқтау:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп алайық, Себеттерге салайық.

Қүлпынай тереді және оларды санайды.

Біледі: сурет бойынша әңгіме құрай білу.

Игереді: аңдардың мекендейтін жерін біледі.

Меңгереді: жабайы аңдардың аттарын айтып, бір-бірінен ажыратуды.

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы:  «Әшекей бұйымдар»

Мақсаты: а) Әйел адамдардың қолданатын әшекей бұйымдарымен таныстыру. 

ә) Танымдық қабілеттерін дамыту. 

б) Әдемілікті көре білуге тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: түз хайуанаттары- дикие животные.

 

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Шаттық шеңбері.                               Айдай жарқырап,                                   Күндей жадырап.                               Судай мөлдір таза көңілмен, Бүгінгі күнімізді бастайық.

Балалар шаттық шеңберде тұрып, амандасты

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

Қазақтың ұлттық бұйымдары алтынмен апталып, күміспен күптеліп, мыспен мықталған. Мыс-тас дәуірінен бері металлдарды өз қажеттіліктеріне жаратқан ата-бабамыз бертін келе мыстан, күмістен, алтыннан сырға. Сырғалардың түрлері өте көп. Қазақ үшін сырғаның атқаратын рөлі өте маңызды болған. Себебі халқымызда бүгінге дейін сақталған "сырға салу" дәстүрі бар. Әшекей бұйымдар соға бастаған. Жүзік -Ұлтымызда сақинамен қатар, жүзік түрлері де көп. Жүзікті көп баланың анасы атанған бәйбішелер, құдағилар тағады. Білезіктің осындай жалпақ, сондай-ақ топсалы, сақинамен шынжырлар арқылы жалғасқан және жіңішке түрлері мұражайларда көп кездеседі. Көз орнатылған да түрлері бар. Барлық жастағы әйел заты таға береді.

Шекелік, тұмарша,өңіржиек, шолпы, шашбау түрлері бар.

Сергіту сәті.

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті

Ине жіпке ілікті.

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ

Қалам жазсақ, жол салсақ.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Рефлексивті  түзеушілік

Сұрақ жауап.

Балаларды белсенділігіне қарай марапаттау.

Сұрақтарға жауап берді

Біледі: әшекей бұйымдармен танысты.                                                                                                                                               

Игереді: бұйымдарың түрлері туралы түсініктері кеңейді.

Меңгереді: әдемілікті, әсемдікті.

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Асық және асық ойындар»

Мақсаты: а) Асықпен таныстыра отырып, асық ойындарын ойнауға үйрету.    

ә) Ойлау тілін дамыту. 

б)  Ойыншықтарды  ұқыпты ұстауға үйрету.

Билингвальды сыңары: ұлттық ойын – национальные иры.

 

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

-Ал сендер үйде, балабақшада сондай ізгі сөздерді қолданасыңдар ма?

- Балабақша екінші үй деп неге айтамыз?

Дұрыс, үй және  балабақшаның көп ұқсастығы бар. Біз бүгін балабақша және қоршаған орта туралы әңгімелесеміз.

 

 

Балалар тапсырмаларды тыңдайды.

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

 Қоржынан әртүрлі асықтырды шығуры:

- Асық туралы не білесіңдер?

Дұрыс, ол өте қызықты ойын, бірақ асық ойыны батырларды шегелділікке тәрбиелейді.

Асық атаулар:

1.Құлжа – арқардың аталығының  асығы.

2. Сақа – архар асығы.

3. Жабайт - еліктің асығы.

4. Асық қой мен ешкінің асық жілігінің асығы.

5. Шүкімайт – қозы, мен лақтың асығы.

Асықтың  иіріп тастағандағы жатысы бес түрлі болады.

     «Алшы», «Бәйкі», «Бүк», «Ішік», «Омпы»

Д/ойын: «Асықтың жатқа түрлерін ата»

                ( бес түрін атау)

Д/ж : «Асық»ойынды ойнату.

Өзін- өзі бағалау: Көңілді (сіз) бетбейнелер.

Асық ату қазақ халқының ұлттық ойыны.

 

 

 Балалар қайталап жаңа сөздерді атайды.

 

Балалар атауын атайды.

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті  түзеушілік

-Қай орталықта жұмыс жасадыңдар?

-Қандай достарыңның жауабы ұнады?

-Қандай тапсырма қиын болды?

көркем әдебиет орталығы.

Біледі: асық және оның түрлерін атау.

Игереді: оқу іс-әрекетке ынтасы. 

Меңгереді: суретке қарап әңгімелеу.

 

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Наурыз-жыл басы»

Мақсаты: а)Наурыз мерекесі жайында түсініктерін кеңейту.

ә) Танымдық қабілеттерін дамыту.

б)Ұлттық мерекені қастерлеуге тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: наурыз – наурыз.

 

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Шаттық шеңбер.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күн нұрындай күлімдеп,

Еш уайымды білмейіз.

Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын қимыл-қозғалыспен қайталайды.

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

Тәрбиеші алдымен әңгімелесуден бастайды.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем  мезгіліне неше ай болады?

- Олар қалай аталады?

-Дұрыс айтасыңдар балалар, наурыз, сәуір, мамыр деп аталады.

Тәрбиеші тақтада сурет арқылы наурыз мерекесі жайлы түсінік береді.

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға-солға түзу тұр,

Солға-оңға түзу тұр.

Жоғары-төмен қарайық.

Бойымызға күш жинап

Бір тынығып алайық

-Балалар сендердің ойын ойнағыларың келем ме?

Ойын:

«Орамал тастамақ»

 

-Қазір жылдың көктем мезгілі

Наурыз, сәуір, мамыр айлары

Балалар мұқият тыңдайды.

Балалар бойларын сергітеді.

 

 

 

-Иә.

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Рефлексивті  түзеушілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, не үйренгендері туарлы сұрайды.

Балаларды мақтап, мадақтайды.

Балалар өз ойларын айтады.

Біледі: наурыз мерекесі туралы білді.                                                                                                             Игереді: суретке қарап әңгіме құрастыру керектігін түсінді.                                               Меңгереді: бір-бірін сыйлауға.

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы:  «Төлдерді қалай шақырамыз»

Мақсаты: а)Төлдер туралы  түсініктерін кеңейте отырып, төлдерді қалай шақыратынын үйрету.

ә) Есте сақтауын дамыту.

б) Қамқорлыққа тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: үй жануары – домашние животные.

 

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

    Шаттық шеңбері:

   Кәне, кәне тұрайық,

    Киіз үйді құрайық.

    Бір уықты қолға алып,

    Шаңыраққа тығайық.

    Шеңбер болып айналып,

    Арқандарды тартайық.

                Төрт түлік

    Түйе – малдың үлкені,

    Жылқы – малдың үркегі,

    Сиыр – малдың сүттісі,

    Қой – түліктің құттысы.

 Тосын сәт: «Қонжық» келді. Балалар бізге қонжық қонаққа келіпті. Ол өзімен бірге бізге тапсырмалар әкеліпті. Сол тапсырмаларды орындап көрелік

Шаттық шеңберде жақсы айтып шықты.

 

 

 

 

Тақпақты қайталап айтып шықты.

 

 

 

Қонақты қарсы алды.

 

 

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

Жұмбақ:

1.Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

2.Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

 Сегіз тұяғы бар,

 Иегінде сақалы.

3.Мүйізі айдай иілген,

 Мұрнын көкке шүйірген.

-Балалар, жұмбақтың жауабы не туралы?

-Үй жануарларының тағы қандай түрлерін білесіңдер?

-Үй жануарларының біз үшін қандай пайдасы бар?

Суретпен жұмысы:

Балаларға сурет арқылы әңгіме құрастыру.

  Тапсырмалар:

«Не артық»  

«Төлдерін тап»

Д/О: «Өз үйін тап»

Өзін – өзі бағалау.

Сергіту сәті:

     Топ – топ түсіп төрт тұяқ,

     Шоқырақтап шап, атым.

     Құйрық – жалың сусылдап,

     Ұш оғындай садақтың.

      Өзен кешіп, тау асып,

      Шабысыңнан танба сен.

      Дүрсілдетіп дүниені,

      Ытқып – ытқып заула сен

Түйе.

 

 

Ешкі.

 

 

Сиыр.

 

Үй жануарлары туралы.

Балалардың жауабы тыңдалды.

Үй жануары бізге ет,сүт,айран,құрт,жүн

береді.

Сурет арқылы балалар әңгіме құрастыра білді.

Балалар тапсырмаларды орындап шықты.

 

 

 

Сергіту сәті сәтті шықты.

 

 

 

 

Рефлексивті  түзеушілік

Балаларқай тапсырма қызықты болды?

Қай досыңның жауабы ұнады?

Ұнаса,несімен ұнады?

Балалардың жауаптары

Біледі: балаларға үй жануарларыды бағып күту ережелерін білуге үйрету.

Игереді: қызығушылықтары болу керек.

Меңгереді: сұраққа нақты жауап беріп үйрену керек.

 

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Бөрік жасырмақ»

Мақсаты: а) Ойын мазмұнын түсіндіру.

әОйын арқылы балалардың қабылдау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

 б) Ойын шартын орындай білуге тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: бөрік – ушанка.

 

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Шаттық шеңберге тұрады.                          Біз қандаймыз, қандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз, Күлімдеген күндейміз,                Еш уайымды білмейміз.

Қызығушылық танытады.

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

Сабақтың тақырыбымен таныстыру.  Ойын мазмұның түсіндіру .Ойынға қатусушылар арасынан бір ойыншы шығып алыстау жерге барып,бөрік немесе басқа бір затын жасырып келеді.Қалған ойыншылар ойыншының  тыққан затын іздеуге  кіріседі.Кімде –кім тығылған бөрік көріп қойып,алуға қам жасаса,иесі бермеуге тырысады.Бермеудің жағдайы – екеуі   бірдей бас салып,бөрікке таласу емес,қай бұрын алған алады. Ойын осылайша жалғаса береді.                                               Сергіту сәті.                                          Кәне қанат жазайық,                  Қарлығаш боп ұшайық .                 Ұшып-  ұшып алайық,                Орнымызға қонайық.         

Педагогтің айтқандарын мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

Ойын ойнайды.

 

 

 

 Балалар тақпақтың мәтіні бойынша қимыл-қозғалыстар жасайды.

 

 

 

Рефлексивті  түзеушілік

Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқу іс – әрекетін қорытындылау.     Ойынға  қатысқан балаларды мадақтау.

Сұрақтарға жауап береді.

Біледі: ойын мазмұнын.                                                                                                                  Игереді: қабылдау,есте сақтау қабілеттерін.

Меңгереді: ойынға деген қызығушылықтарын

 

 

 

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Көктемгі табиғат көркі»

Мақсаты: а)  Көктем туралы түсініктерін кеңейту.

ә) Табиғатқа  байланысты айтылған нақыл сөздердің  мағынасын түсіндіру.

б) Табиғат әдемілігін көре білуге тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: көктем – весна.

 

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Шаттық шеңбері:

«5»болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп оқып,

Өсе берсін санамыз.

Шаттық шеңберде тұрып, сәлемдесті.

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

Көктем көрінісін бейнелейтін суреттер бойынша жұмыс. Суретті қарап, ондағы көріністер бойынша жұмыс жүргізу.

-Бұл жылдың қай мезгілі? Неге олай деп ойлайсың? Көктемде өлі табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Күн жылиды, топырақ жібиді, қар ериді, жылғалардан су ағады, күн күркірейді.

- Тірі табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Жан-жануарлар ұйқысынан оянады, құстар ұшып келеді, ерте гүлдейтін гүлдер шығып, жер құлпырады.

-Ағаштар бүршік жарады, күн ұзарып,түн қысқарады.

Тақтадан көктем туралы өлеңді оқыту, талдау.

Ақ қар еріп, су көбейіп

Сай-салаға толады.

Ағаш басы, бүршік шашып,

Гүл бәйшешек толады.

Бұл қай кезде болады?

-Көктемде.

-Көктем екенін қайдан білдіңдер? Көктемде ағаштар қайтеді?

Сергіту сәті:                                             Көктем

Жаңбыр жауды себелеп,

Гулге қонар көбелек,

Жапырақтың астына

Тығылады ғой көбелек.

Көктем туралы толық мағлұмат алды.

 

 

 

 

 

 

Балалар сұрақтарға жауап берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін орындады.

Рефлексивті  түзеушілік

Сұрақ жауап.

Балаларды белсенділігіне қарай марапаттау.

Сұрақтарға жауап берді

Біледі: көктем туралы.

Игереді: сұраққа нақты жауап беріп үйрену керек.

Меңгереді: табиғатты қорғауды.

 

 

 

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Қазақ батырлары»

Мақсаты: а)  Қазақ батырлары туралы әңгімелеп  айтып беру.

 ә) Батырлардың ерлік істерімен таныстыру.

б) Өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілік тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: батыр – богатырь.

 

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Шаттық шеңбері.

Ерте тұрып күнде мен,
Терезені ашамын.
Сәлем, - деймін Күнге мен,
Шаттық әнге басамын.
Айналама қарасам,
Ғажайыптар қаншама,
Сан жетпейді санасам,
Сәлем деймін баршаға.

Балалар шаттық шеңберде тұрып, амандасты.

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

Батыр – елі үшін жаумен соғысқан, ер жүрек, қайтпас қайсар, әділ және тапқыр адам. Сондықтан, қазақ халқында әрі батыл, өткір де тапқыр, қажырлы да қайратты адамға «батыр» деген құрметті атақ берілген. «Батыр» атағы ешқашан мұраға қалдырылмаған, оған адам соғыс кезінде өзінің ерекше қасиеттері мен жеке ерліктері арқылы жеткен. Міне, осындай сын сағатта елін жаудан азат етіп, жерін, ар-намысын қорғау барысында азаттық соғыстың алдыңғы шебінде қазақ батырлары ерлікпен шайқасты.

Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлы 1680 жылы туылған. Ол әрі шешен, әрі батыр, қолбасшы және қазақ халқын жоңғар басқыншыларынан азат ету жолындағы азаттық күресті аса көрнекті ұйымдастырушы. 1710 жылы жоңғар шапқыншылығына қалай төтеп беру мәселелерін талқылаған Қарақұм маңында жиын болды. Осы сәтте Бөгенбай батыр халқын қалмақтарға шабуыл жасауға ұрандап, оларға ұлттық рух береді. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте аянбай шайқасып, ерен ерлік көрсете білген батырлардың бірі – Қаракерей Қабанбай Қожағұлұлы болатын. Оның шын есімі Ерасыл. Ол 1691 жылы туып 1769 жылы қайтыс болған қазақтың атақты қолбасшы батыры. Ендігі кезекте ерекше бөліп айтатын батыр тұлғаның бірі – Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы. Ол 1706 жылы туып, 1781 қайтыс болған атақты батыр, жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырушы ұлы қолбасшы. Наурызбай батыр дене бітімі адамзат баласында сирек кездесетін ерекше жаралған адам болған. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте отыз жылдан астам уақыт қанды қырғын арасында жаумен жағаласып, ел қорғаған тарихи тұлғалардың бірі – Райымбек батыр. Райымбек Түкеұлы 1705 жылы дүниеге келген.

Қазақ елінің бостандығы үшін аянбай тер төккен келесі бір тарихи тұлға – Қарасай батыр болып табылады. Ол 1598 жылы қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Кейбір деректерге қарағанда, ол жыл бойы ат үстінен түспей, екі жүздей ұрыстарға қатысып, қырық тоғыз ірі шайқастарды басқарған және он тоғыз рет жекпе-жек шайқаста жеңіске жеткен қолбасшы.

Балалар оқу іс - әрекетіне зейін қойып тыңдайды.

 

 

 

 

Батырлармен танысты.

 

Рефлексивті  түзеушілік

Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқу іс – әрекетін қорытындылау.

Тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.

Біледі: батырлық туралы.                                                                                                                        

Игереді: батырлардың ерлігі туралы түсініктерді игерді.

Меңгереді: ерлікті, ұйымшылдықты, батырлықты.

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Жыл құстары»

Мақсаты: а)   Құстар туралы түсініктерін кеңейте отырып, құстардың қалай дыбыстайтынытуралы түсіндіру.

ә) Ой-өрісін,тілдерін дамыту. 

б)  Балаларды қамқорлыққа тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: құстар – птицы.

 

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Жарқыраған күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн ! Біз сүйкімді баламыз!

Күніміз ашық болсын!

Түніміз тыныш болсын!

Ауамыз таза болсын!

Суымыз  мөлдір  болсын!

  Жұмбақ:

Көк жүзiнде жылжып жай,

Керуен құрған тiзiлiп,

Iлгек-iлгек шынжырдай,

Қалмайды олар үзiлiп?   

Біз бүгін жыл құстары туралы әңгімелесеміз.

 

 

Балалар шеңберде тұрып бірге айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тырна.

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

-         Балалар, ғылым орталығына қош келдіңіздер!

Құстар туралы тақпақ.

Мен торғаймын, торғаймын,

Жерге бекер қонбаймын.

Құрт - құмырсқа шіркейден,

Ақ бидайды қорғаймын.

Шыр - шыр еткен торғайды,

Қорғамасақ болмайды.

Кіп - кішкене торғайлар,

Ағаштарды қорғайды.

-         Балалар, жыл құстары деп қандай құстарды атаймыз?

 

  Жыл құстарына жабайы ұйрек, тырна көкек, ұзақ, қарлығаш , қараторғай , т.б. жатады.

Құстардың бір бөлігі құзде ұшып кетпейді, сол жерде қыстап қалады.Оларды қыстап қалатың құстар деп айтады. Қыстап қалатын  құстар:торғай, көгершін, қарға, көкшымшық, тоқылдақ ,т.б. жатады.

д/о: «Құстарды ажырат»

                              Мәлімет

Қараторғай. Түсі: қара. Көлемі: торғайдан сәл үлкендеу

Ұясы: адамдар жасаған үйшіктерге, ағаш қуыстарына, таулы, тастардың арасына салады. Жейтін қорегі: маса, құрт, шіркей, жауын құрты.

Жыл құсы. Ерекшелігі: басқа құстардың дауысын келтіре алады.

Тырна. Түсі: сұр. Көлемі: ірі, кең қанатты, мойыны, аяғы, тұмсығы ұзын

Ұясы: қамыстардың арасына, батпақты жерге салады

Жейтін қорегі: батпақты жерде өсетін шөптер, жемістер, бақа, қоңыз, құрт.

Жыл құсы. Ерекшелігі: балапандары біреу болады, екі балапан шықса олар төбелесіп, қайсысы жықса сол тірі қалады.

Тыйым сөздер.

1. Құсты атпа.

2. Құстың жұмыртқасын жарма.

3. Құстың ұясын бұзба.

4. Аққуды атпа, досыңды сатпа.

Дәптермен жұмыс:

1.Өзіңе таныс құстарды ата.

Балалар жыл құстары мен қыстап қалатын құстарды атау және бояу.

2.Тоқылдақтың суретін тауып, бояу.

Өзін-өзі бағалау: «Көңілді саусақтар»

 

 

 

 

 

 

Балалар тақпақты бірге қайталайды.

 

 

 

 

 

Жыл құстары күзде ұшып кететін құстар.

 

 

 

 

 

Балалар жыл құстары мен қыстап қалатын құстарды атайды.

 

 

 

Балалар тырна мен қараторғай туралы тыңдайды.

 

 

 

 

Балалар тыйым сөздерді қайталайды.

 

 

Балалар дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

 

Рефлексивті  түзеушілік

-Қай орталықта жұмыс жасадыңдар?

-Қандай тапсырма ұнады? Неге?

-Кімнің жауабы ұнады?

Ғылым орталытарында  жыл құстары туралы әңгімеледік.

Біледі: жыл құстарымен танысты.                                                                                                                       

Игереді: олардың пайдасы туралы түсініктері кеңейді.

Меңгереді:құстарды қорғау керек екендігін меңгерді.

 

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Жаңылтпаштар жаттайық»

Мақсаты: а)  Жаңылтпаштардың  мағынасын түсіндіру.

әЕсте сақтауын дамыту.

б) Халық ауыз әдебиеті жанрларына қызығушылыққа тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: құстар – птицы.

 

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Шаттық шеңбері.                                    Дос болайық  бәріміз,             Жарасып  тұр әніміз.      Тыныштықты сақтаймыз,         Атсын күліп танымыз. 

 

Балалар шаттық шеңберде түрып, өленді қайталайды.

 

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

Балаларды оқу –әрекетінің тақырыбымен таныстыру.                                           Жанылтпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру,жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жанылтпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын,көбінесе, ұяң және қатан дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады.Жаңылтпаш ойын-сауықтарда ән  білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын балаларға жаза ретінде де қолданылған.   

Жаңылпашды жатқа айтуға үйрету:                                                        Доп теп                                                               дөп теп

Тұз-мұздай                                                       Мұз-тұздай.

Қызым жүзім же                                       Жүзім үзіп же .                          

Ала ала алашалар,                                 Тамаша олар,                                               Оған кім таласа алар.                             Сергіту сәті.                                                     Добым менің, добым менің,                  Добым неткен көңілді едің  .             Зымырайсың, қутындайсың,                Менен қашып құтылмайсын.                           

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңылпаштарды жатқа айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жаттығуды қимыл-қозғалыспен жасайды.

Рефлексивті  түзеушілік

Сұрақ –жауап әдісі арқылы оқу іс –әрекетін қорытындылау.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Біледі: жаңылпаштардың мағынасын.                                                                                Игереді: жатқа айтуға үйрену.

Меңгереді: тілдерін ширықтыр

 

 

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Ай,күн және жұлдыздар»

Мақсаты: а) Аспан денелері туралы түсініктерін кеңейту.

ә) Аспан денелеріне байланысты жұмбақтарды шешуге ынтыландыру.

б) Табиғатты сүюге  тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: ай – луна, күн – солнца, жұлдыз – звезда.

 

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Шаттық шеңберге тұрады.     Табиғатым тамаша.                    Көз тоймайды қараса            Жүрейікші жараса                 Сәлем саған Жер –Ана!        Сәлем саған нұрлы күн!  

Балалар шаттық шеңберде тұрып,өленді қайталайды.

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

Балалар, бүгін біз аспан денелері туралы айтамыз.                         Аспан әлемінде нелер болады? Күн-қатардағы жұлдыздардың бірі лаулап, жанып, тұрған газ шар.Ол басқа  жұлдыздарға қарағанда жақын орналасқан.      Ол күн жүйесіндегі орасан зор дене. Жұлдыздар жай көзге тек түнде ғана көрініп ,күндіз көрінбейді . Оның себебі күн сәулесі олардың жарығын женіп кетеді.                                       Жұмбақ жасыру.                          Ар жағында орманның,               Ар жағында таулардың             Алтын кеспек домалар.

                       (Күн.)

Үй үстінде үсақ тас.

                       (Жұлдыз) 

Күндіз күннен таярмын,     Түнде әлемге аянмын.

                       (Ай)

Сергіту сәті.

Аспан, аспан арайлым

Саған жиі қараймын

Сені көзбен шоламын,

Мен ғарышкер боламын.

.

Күн, жұлдыз, ай.                            

 

 

 

 

 

 

Балалар жасырған жұмбақтардың шешімін табады.

 

 

 

 

 

Балалар сергіту сәтін қимыл – қозғалыстар арқылы жасайды.

 

 

 

 

Рефлексивті  түзеушілік

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылау.Балаларды бағалау,мадақтау.

Балалар сұраққа жауап береді.

Біледі: аспан денелері туралы.

Игереді: аспан денелеріне байланысты жұмбақтарды шешуге.

Меңгереді: табиғатқа деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу

 

 

 

 

 

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: «Менің елім»

Мақсаты: а) Ел, жер туралы  мақал- мәтелдерді жатқа айтуға үйрету.    

 ә) Ауыз екі тілін дамыту. 

б)  Өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: Біздің ел-Наша народ.

 

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Кіріспе әңгіме

-Балалар,біз қай елде тұрамыз?

-Бас қаламыз қай қала?

Бүгін біз «Біздің еліміз» тақырыбында әңгімелесеміз.

 

-Қазақстан!

 

-Астана.

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

       Астана

Астана-арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады олжап-жасыл

Мен үлкен болғанда да.

Төкті оған нұрын дала

Сұрақ-жауап

-Өлең шумағында не туралы айтылған?

-Ал біз тұратын қала қалай аталады?

Сергіту сәті

Апорт деген алманың

Таттың ба сен бал дәмін

Апорт деген тәтті алма

Өседі ол бақтарда.

Алатауда өседі ол,

Оған тең жоқ деседі ел.

«Ауылға саяхат»ойыны.

-Балалар,ауылға немен барасыңдар?

-Ата-әжелеріміздің үйіне қонаққа барамыз.

 

 

 

Өлеңді жаттап алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимылдар жасайды.

 

 

 

 

Пойыз болып бірін –бірі ұстайды.Ойынға қызығушылық танытады.

Рефлексивті  түзеушілік

Енді бәріміз жақсы тілектерімізді елімізге деген қаламыз Астанаға деген айтып оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз.

Әр бала өзінің тілегін айтады.

Біледі: ауылмен қаланың айырмашылығын ажырата білуі тиіс.

 Игереді: суреттер бойынша еліміздің көрікті жерлерін біледі.

Меңгереді: туған елін,жерін сүюді.

 

 

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: Өткенді қайталау.

Мақсаты: а) Өткенді қайталау, балалардың білімдерін тиянақтау.    

 ә) Ауыз екі тілін, есте сақтау қабілетін дамыту.

б)  Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: қайталау – повтарить.

 

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің  оқу қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушы

Балалармен амандасып, өткен тақырып бойынша еске түсіру.

 Құстарға қарап ауа райын қалай болжауға болады? 

- Сырмақ дегеніміз не?

- Айтыс дегенді қалай түсінесіңдер?

- Қазақтың қандай салт дәстүрлерін білесіңдер?

-Санамақты кім жатқа айтады?

-Таңертеңгі санамақты жатқа білесіңдер ме?

- Қыстап қалатын құстарды кім біледі?

- Ат әбделдерін еске түсірейік.....

Балалар амандасады.

 

 

 

 

 

Балалардың жауабы тыңдалады.

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінің айларын атап өтейікші? Көктем мезгілінде бүкіл жер бетіндегі тіршілік йесі оянып, жер беті көктейді. Көктем ең тамаша мезгілдердің бірі.Қазір көктемнің қай айы?

 Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық ,

Құстай қанат қағайық.

Алға сермеп қолдарды.

Жалқаулықты қуайық.

Ойнатайық тізені,

Оң жаққа 1,2,3

Сол жаққа 1,2,3

Тынығамыз біз енді

Орнымызға жайғасып

-Қазір көктем.

-Наурыз, сәуір, мамыр.

-Қазір мамыр айы. Өлеңді қайталап, жатқа айтты.

Көктем

Көк те жер де көкпеңбек,

Кетті бұлттар көкке өрлеп.

Аспан жерге аямай,

Бояу нұрын төккен бе?

Рефлексивті  түзеушілік

Қандай батырларды білесіңдер?

- Батырлардың қандай қару-жарақтарын білесіңдер?

1) Қабанбай  батыр   2)Бөгенбай  батыр

3)Наурызбай батыр 4)Жәнібек  батыр

Шоқпар, қылыш, садақ, семсер, қанжар, айбалта, мылтық ұстаған.

Біледі: «Ақ байпақ» ойынын  түсініп , ойнады                         

Игереді: қазақ батырлары   және қару-жарақтары  туралы  біледі.                        

Меңгереді: көктем туралы түсініктері бар, тақпақты жатқа біледі..

 

 

 

 

 

                                       Қорытынды

 

Мектепке дейінгі ұйымда мектеп жасына дейінгі балаларға этнопедагогика  негізінде ұлттық тәрбие берудің жай-күйін талдау зерттеліп отырған мәселенің көкейкестілігін айқындап берді. Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарымыздан ажырап қалмас үшін балабақшадан бастап қазақ халқының ұлттық дүниетанымын, сана-сезімін, мінез-құлқын балалардың бойына сіңіру мәселесінің педагогика ғылымында қажеттілігі артып отырғандығын дәлелдеді.

Қазақ халқының ұлы ойшылдарының, көрнекті ағартушылары мен қоғам қайраткерлерінің құнды ой-пікірлерін зерделеу және тақырыпқа сәйкес ғылыми еңбектерді оқып-үйрену ұлттық тәрбиенің мәнін айқындап, оның негізі халықтық педагогика екендігін анықтауға мүмкіндік берді. Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық тұлғасын қалыптастыру мен дамыту үшін ең алдымен оның жас және дербес ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық негіздерін есепке ала отырып, ұлттық тәрбие беруді ұлттық психологияның негізгі ұстанымдарына сәйкес жүзеге асыру қажеттілігі анықталды.

Мектеп жасына дейінгі балаларға этнопедагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру балабақшада оқу-тәрбие процесін сабақтар мен тәрбие жұмыстарының мазмұнын жетілдіру қажеттігін дәлелдейді. Тәжірибелік-экспериментальдық жұмыс нәтижелері этнопедагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру жүйесінің тиімді екенін көрсетті.

Зерттеу проблемасы күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын қамтып шығу мүмкін емес. Халық педагогикасының мазмұны арқылы арқылы балаларға этномәдени білім беру, ұлттық сана-сезімін қалыптастыру мәселелерін зерттеу келешектің ісі болып табылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

Ақадықова Б. "1001 мақал". // Қазақстан мектебі. 2003ж, №7.

Арғынбаев X. "Қазақ отбасы". -Алматы: "Қайнар", 1996ж.

Асарбаева А. Ұлттық ойындар — халық педагогикасының
құрамдас бөлігі. // Ұлт тағылымы. 2002ж. №2.

Әбдіқадырова Г. Халықтық педагогиканың мәні зор.
//Қазақстан мектебі. 2003ж., №8.

Әбілова 3., Қалиева Қ. "Этнопедагогика". Алматы, 1999ж.

Әбуова А. Жаңылтпаштар — тіл дамыту~құралы// Бастауыш мектеп. 2003ж.

Нұрғанова 3. Ертегілер еліне саяхат. // Бастауыш мектеп. 2002 ж. №10.

Сағындықов Е. "Қазақтың ұлттық ойындары". -Алматы: "Рауан", 1994ж.

 

 

Мазмұны

 

Рецензия....................................................................3-бет

1.Алғы сөз..........4-бет

2. Мектепке дейінгі ұйымда этнопедагогиканы қолданудың маңызы....................................5-бет

3. Этнопедагогика-тәрбие көзі....................................6-бет

4. Өзектілігі....................................6-бет

5. Қорытынды..............................................................85-бет

6. Пайдаланылған әдебиеттер....................................86-бет

 

 

 

 

 

 

 

  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Курс профессиональной переподготовки
Воспитатель детей дошкольного возраста
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Скачать материал
Похожие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по выявлению профессиональных предпочтений от дошкольного до подросткового возраста»
Курс повышения квалификации «Применение методов арт-терапии в работе со старшими дошкольниками и младшими школьниками»
Курс повышения квалификации «Познавательное и речевое развитие детей дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Простые машины и механизмы: организация работы ДОУ с помощью образовательных конструкторов»
Курс повышения квалификации «Укрепление здоровья детей дошкольного возраста как ценностный приоритет воспитательно-образовательной работы ДОО»
Курс повышения квалификации «Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе ДОО»
Курс повышения квалификации «Песочная терапия в работе с детьми»
Курс повышения квалификации «Художественно-эстетическое развитие детей дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Индивидуализация образования. Сопровождение индивидуального развития ребенка-дошкольника в вариативной образовательной среде»
Курс повышения квалификации «Методическое обеспечение дошкольного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Технология проектной деятельности в процессе ознакомления детей дошкольного возраста с природой»
Курс повышения квалификации «Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Пальчиковая гимнастика как средство развития речи детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Система сопровождения ребенка с ОВЗ в общеразвивающем детском саду»
Курс повышения квалификации «Система оптимизации взаимоотношений родитель-воспитатель, администрация-воспитатель, воспитатель-воспитатель»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.