Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыПрезентация по внеклассному работе на тему "7 қасиетті сан " сайыс

Презентация по внеклассному работе на тему "7 қасиетті сан " сайыс

Скачать материал

 

№ 24 жалпы орта білім беру мектебі

 

 

 

 

 

Оқушыларды

ағылшын тілі пәніне

 үйрету үшін  сабаққа

дайындалу жолдары мен тәсілдері

 

А.Р.Шанашова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014-15 оқу жылы

Ахмет Байтұрсынұлы: «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау.Айта білетін адам табылса, тіл пайдалануға әрқашан жарайды. Тек айта білетін адам табылуы қиын», – деген.

Қазіргі қазақстандық қоғам көпұлтты, көптілділік және  көп мәдениеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген, көпмәдениетті тұлға қалыптастыру-өзекті мәселелердің бірі. Көпмәдениетті тұлға дегеніміз-біріншіден, жан жақты дамыған тұлға. Екіншіден көпмәдениетті тұлға  әр түрлі халықтардың мәдениетін танылып білетін  қастерлейтін тұлға  Көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруда көпмәдиеттілік тәрбиесі мен көптілді білім беру қатар жүреді, егіз болып табылады.

Шет тілін үйрету-қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқу өте маңызды.

Шет тілін ерте жастан оқытудың маңыздылығы да сол балалар  тоғыз жасқа дейін  сөйлеу шеберлігінің маманы, олардың миының тілге арнайы икемді болуы, бірақ ол есейе келе төмендей түсетіні анықталған. Сондай ақ ерте жастан балаға  шет тілін оқыту, баланың сурет салу, сөйлеу, есептеу қабілетінің шетел тілімен байланысты жоғарлайтыны басқа балалармен салыстырғанда денгейінің жоғары екендігі байқалған.

Психологтардың  зерттеуінше шет тілін ерте жастан оқыған бала бойында мына қасиеттердің жоғарлайтыны анықталған:

Жалпы және жеке жұмыс жасауға

Қабілетті

Салыстыруға

Сараптауға

Қорытынды жасауға белсенділігі анықталған

 Бастауыш сыныптағы баланың ерекшеліктері шет тілін оқытуда төмендегі жағдайларда ажыралып тұрады:

Тез қабылдауы

Еліктеуге бейімділігі

Қиялының әртүрлілігі

Ойлау ауызша, сөйлеу іскерліктерінің дамуы

Танымдық іс-әрекеттерінің басымдылығы

Есте сақтауы

Қызығушылық қасиетінің молдылығы мен әртүрлілігі

Жан-жақты тәрбиелеуге бейімділігі

Сезімтал болуы

Іс-әрекетті ойын түрінде тез қабылдауы.

Бастауыш сыныпта баланы оқытуда алғашқы кездесетін қиыншылықтар:

Әріпті танымауы

Физиологиялық ерекшелігі

Психологиялық ерекшелігі  болып табылады      

Басты қиыншылықтарды шешу үшін сабақта төмендегілерді ұйымдастыру  маңызды болып табылады:

   Көру, есту

   Сергіту сәті

Мұғалім өзінің  психологиясын өзгерту, баланың психологиясын түсіну екендігін басты назарға алған жөн. Төменде  бастауыш сыныптарда  ағылшын тілі сабақтарында әр түрлі тақырыптарға байланысты сөз ұйқастарын  (ритмдер) ұсынып отырмын

    МЫСАЛЫ:        

The ABC

A B C D E F G

H I J K L M N O P

Q R S T U V W

X Y Z

X Y Z

This is called the alphabet

Which we never must forget

 ……………………..

My name is Pat

 I have a cat

And with me

He likes to chat

Сыни ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене,шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжербиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:

Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.

Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру  емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керісінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.

Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы  қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

      Қызығушылықты ояту

Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өзі білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

Мағынаны ашу

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны ашу (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс.

Ой толғаныс 

түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.

Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.

Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі.

Қорыта айтқанда, инновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы - тиімді құралдың бірі. Инновациялық білім - іскерліктің жаңа түрі. қолдауға жағдай жасайды.

Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі — дидактикалық ойындар.

       Шет тілін меігертуде қиыншылықтар кездесетіні рас. Соның бірі-мәтін мазмұнын баяндап беру. Оқушының тілді толық дәрежеде меңгеруі үшін, анық сол тілге деген қызығушылығын арттыру қажет. Сабақта немесе сабақтан тыс жұмыстарды үйретуші ойындарды пайдаланудың әдістемелік маңызы зор. Ойын арқылы баланың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Ойын оқушыларды сөйлеуге психологиялық жағынан дайындап тіл материялын бірнеше рет қайталауға мүмкіндік береді және керекті сөз бірікпелерін таңдауға жаттықтырады. Ағылшын тілінде ойындарды 3 топқа бөліп өткізуге болады. Олар:

1. Фонетикалық ойындар.

2. Сөйлеуге  дағдыландыру ойындары.

3. Жазба жұмысындағы ойындар.

Фонетикалық ойындарды сабақтан бес-алты минут жарыс түрінде өткізуге болады.

А) мұғалім оқушыларды топқа бөліп, ағылшынша сөз айтады. Сол айтылған 4 сөздің әшәнде біреуі қалған 3сөзден жазылуы басқаша. Жазылуы басқаша сөзді тапқан топ жеңеді. Мысалы:

Man-man-men-man

Bad-bed-bad-bad

Ship-sheep-ship-ship

Live-leave-live-live

Ә) Сабақ барысында өтіп кеткен қандай да бір дыбыс бойынша ойын жүргізуге болады.

 Мысалы [æ] дыбысына.

 Мұғалім әр топқа кезек-кезекпен осы дыбыс бар сөздерді айтқызады. Қай топ көп сөз айтса, сол топ жеңеді.

That, back, hand, map, cap, glad, to have, man.

[ei]
My name is Ann.
Her name is Man.
His name is Ben.
Say it again.
[b]
A big black bug bit a big black bear
A big black bear bit a big black bug

Б) Мысалы сыныптағы бір оқушы тақтаға шығады. Оқушы балаларға қарамай теріс қарап тұрады. Мұғалім қолымен партада отырған Айдананы көрсетеді.

Айдана “Good morning, Aijan!” дейді. Егер де Айжан Айдананың даусын таныса “Good morning, Aidana!” деп жауап береді. Содан тақтаға Айдана шығып ойын жалғаса береді.

Сөйлеуге дағдыландыру ойындары:

А) Тақта жанында 2 орындық тұрады. Біруінде “дұрыс”, ал екіншісінде “қате” деген жазулар тұрады.Мұғалім “The weather is fine!” дейді. Бірақ бұл кезде далада боран. Мұғалім бір баланың атын айтады. Аты аталған бала “қате” деген жазуы бар орындыққа отырады да “The weather is bad”-деп қатені дұрыстайды. Бұл ойынды да топ арқылы жарыстыруға болады. Қай топ аз қате жіберсе сол топ өздеріне ұпай жинайды.

3. Жазба жұмысындағы ойындар.

А)  тақтаға қандай да бір сөз жазып қоямын. Мысалы: Schoolchildren. Осы жазылған сөздерден оқушылар жаңа сөздер құрастырып шығарып керек. Шығатын сөздер мыналар (he, she, side, shoe, son, nose, ill, red, doll, line, child, school) т.б. Қай топ көп сөз жинаса, сол топ жеңеді.

Ә) оқушыларды топқа бөледі де, бірінші топқа black  деген сөз айтады.

1-топ  black сөзін аударады.

 2-топ сөздің антонимін табады. Black-white.

1-топ black сөзіне сөйлем құру тапсырмасын орындайды. Мысалы: black cat.

 Келесі топқа  тағы да бір сөз айтып оны аударып ары қарай ойын жалғасады.

Б) Бір оқушы ағылшынша бір сөз айтады. Келесі оқушы сол айтылған сөздің екінші әрпінен басталатын сөз айтуы керек. Қай бала сөз құрай алмаса сол бала ойыннан шығады.

В) Тақтада 2 қатарда сөздер жазылған. Ол сөздердің арасынан әріптер түсіп қалған. Екі топ арасынан бір-бір оқушы шығып белгі берілген уақытта қолдарына бор алып, түсіп қалған әріпті жазу керек. Әріпті жазғаннан кейін қолындағы борды келесі оқушыға беру керек. Тапсырманы тез, дұрыс орындаған топ жеңімпаз атанады.

Сонымен қоса оқушылардың күнбе-күн алып жүрген жаңа сөздеріне сөзжұмбақ құратуға болады. Немесе  өзім дайындап келіп оқушыларға шешкізеін. Немесе оны грамматикалық тақырыпта, мысалы етістіктерге, сын есімдерге құрайды.

            Ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.

    Ағылшын тіл сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. 5,6 класс оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет. Ойындар оқушылардың ой — өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.

  Еліміздің қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты жоғары білімді бәсекелестік қабілеті мол шығармашылық тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

      Оқушы қоғамның болашағы, сондықтан ол өз жаратылысын, қабілеті мен мүмкіндіктерін мектеп қабырғасында басқалармен қарым қатынас үстінде ғана дамытып алады. Демек, жеке оқушының басты белгілері  болып табылатын оның мінез құлқы, басқа оқушыларға, табиғатқа қатынасы, оқушының болмысы, білім алуы, өзіндей оқушылармен қатынасқа түсу арқылы қалыптасады.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по внеклассному работе на тему "7 қасиетті сан " сайыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Техник-конструктор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады, жеті қасиеттісан болып есептеледі. Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша бір аптада жеті күн бар демек, Ай фазалары жеті күнде бір өзгеріп отырады. Ежелгі Вавилон жұртында жеті күн өткен соң бір меренке күні болып отырады. Аспан әлеміндегі жеті шырақ: Күн, Ай, Меркурий, Сатурн,Марс, Юпитер, Шолпан.

Жеті құдай атымен байланысты болып олардың құрметіне Вавилонда жеті сатылы күмбез орнатылды.

« Жеті –қасиетті сан» атты сайыс

Сайыстың мақсаты: маңызы мен қасиетін ашу, жеті саны ұғымына байланысты қастерлі түсініктер мен қағидаларды дәріптеу, халық дәстүрін сүюге, Отанын сүюге тәрбиелеу

Көрнекілігі: «7» санына байланысты қаннатты сөздер, сөзжұмбақ

Ұйымдастыру: Оқушылар 2 топқа бөлініп отырғызылады.

1топ: «Жеті жарғы»

Ұраны: «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер»

2 топ: «Жеті қазына»

Ұраны: «Жетелі елдің баласы, жеті жаста баспын дейді,

Жетесіз елдің баласы, жеті жаста жаспын дейді»

Кіріспе сөз: Армысыздар, ардақты көрермендерім,

Көрсетеді өнерін өрендерім,

Біз сайысқа кетеміз қадам басып,

Алдымен алайық амандасып.

Жүргізушілер: « Жеті атасын білмейтін ер жетесіз,

Жеті ғасыр тарихын білмейтін ел-тексіз» демекші, «жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады, жеті қасиеттісан болып есептеледі. Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша бір аптада жеті күн бар демек, Ай фазалары жеті күнде бір өзгеріп отырады. Ежелгі Вавилон жұртында жеті күн өткен соң бір меренке күні болып отырады. Аспан әлеміндегі жеті шырақ: Күн, Ай, Меркурий, Сатурн,Марс, Юпитер, Шолпан.

Жеті құдай атымен байланысты болып олардың құрметіне Вавилонда жеті сатылы күмбез орнатылды.

Құрметті сайысқа қатысушылар, сіздерді сайыс басталмас бұрын сайыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасынмен таныстыра өтейін.

(таныстырылды)

Жоспары:1. Топтардың таныстырылуы.

2.Сұрақ-жауап кезеңі.

3.Жеті ғашық.

4.Әлемнің жеті кереметі.

5.Сөз жұмбақ.

6.Топбасшылар сайысы.

Топтар өздерін таныстырады.

ІІ. Кезеңі. Сұрақ-жауап кезеңі. Мұнда топтың шапшандылығымен біліктілігін аңғарамыз.

Екі топқа сұрақтар қойылады.

1-сұрақ. Жеті күндік аптаны алғаш шығарған мемлекет? (Вавилондықтар)

2-сұрақ. Сабалақ деген атпен Абылайды жеті жасында қай би өз қамқорлығына алады? (Төле би)

3-сұрақ .Мақалды толықтыр «Жеті атасын білмеген .... (жетімдіктің белгісі)

4-сұрақ. Жеті атаны атаңыздар?(әке, бала, немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат)

5-сұрақ. Н.Ә.назарбаев жеті жыл мерзімге ҚР-ның Президенті болып екінші рет қашан сайланды? (1998 жылы 10 қаңтар)

6-сұрақ. Орта ғасырлардағы жеті түрлі металды ата? (алтын, күміс, темір, сынап, қалайы, мыс, қорғасын)

7-сұрақ. Жеті ғаламды атаңыз? (Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс, Батыс, Аспан, Жер, Жер асты)

8-сұрақ. Жеті күнді атаңыздар? (бүгін, ертең,бірсігүні, арғы күні, ауыр күн, соңғы күн, азына)

9-сұрақ.Қазақтың ер- жігітіне қоятын жеті талабы? (кескіні,келбет, қадір-қасиеті,қабілет икемі, жігер-күші, білімі, адалдығы, әділеттілігі)

10-сұрақ. Абайдың жетінші қара сөзінде не жазылған? (жан-тән)

ІІІ.Жеті ғашықтар жұбын табу.

Ләйлі- Мәжнүн

Шырын- Фархад

Тахир- Зухра

Арзу- Қамбар

Ғаһра- Уалик

Күлшар- Уаки

Зылиқа- Жүсіп

ІҮ. Сөзжұмбақ кезеңі.

1.Жеті ғашықтың бірі Ләйлі мен ...?

2.... асқар тау, ана жағасындағы бұлақ.

3.Жеті қазынаның бірі ...

4.Қазақтардың аң аулауға арналған құсы ...

5. Қару түрі ....

6.Таста.... жоқ.

7.ҚР-ның Ел басы ....

8.Құстардың бір түрі ...

9. Жыл мүшесінің бірі ...

10. .... адам бақытының өлшемі.

Ж

Е

Т

І

Қ

А

З

Ы

Н

А

Ү.кезеңі. Әлемнің жеті кереметін атап көреміз.

1.Хеопс пирамидасы.


2.Семирамиданың аспалы –бағы.


3.Артемида ғибадатханасы.


4.Галикарнас мавзолейі.


5.Александрия шамшырағы.


Родос алабы.


Зевс мүсіні.


Жүргізушінің сөзі:

Күншілдік деген бар, содан сақтан,

Кекшілдік деген бар, содан сақтан,

Астамшылдық деген бар, одан алыс жүр,

Сараңдық деген бар, одан қалыс жүр,

Қараулық деген бар, одан таза бол,

Бәлеқорлық деген бар, одан ада бол,

Ынсапсыздық деген бар, содан аман бол!

ҮІ. Кезеңі. Топбасшылар сайысы.

Плакатқа жазылған сөздерді табу шарт. Топбасшылар 7 қазынаны, 7жұт, 7жұрттыңжеті белгісін табулары керек.

Жеті ғасыр тарихын білмейтін ел-тексіз» демекші, «жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады, жеті қасиеттісан болып есептеледі. Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша бір аптада жеті күн бар демек, Ай фазалары жеті күнде бір өзгеріп отырады. Ежелгі Вавилон жұртында жеті күн өткен соң бір меренке күні болып отырады. Аспан әлеміндегі жеті шырақ: Күн, Ай, Меркурий, Сатурн,Марс, Юпитер, Шолпан.

Жеті құдай атымен байланысты болып олардың құрметіне Вавилонда жеті сатылы күмбез орнатылды.

Жеті қазына.

1. Ер жігіт.

2. Сұлу әйел.

3. Ақыл-білім.

4. Жүйрік ат.

5. Қыран бүркіт.

6. Берен мылтық.

7. Жүйрік тазы.

Жеті жұт.

Құрғақшылық.

Жұт.

Өрт.

Оба.

Соғыс.

Топан су.

Зілзала.

Жұрттың жеті белгісі.

Ту.

Елтаңба.

Әнұран.

Ел ұран.

Елтеңге.

Төлқұжат.

Ұлт жазуы.

7жетім.

1. Тыңдамаған сөз жетім.

2.Киюсіз тозған тон жетім.

3. Иесіз қалған жер жетім.

4. Басшысыз қалған ел жетім.

5. Аққу- қазсыз көл жетім.

6. Елінен айырылған ер жетім.

7. Замандасы қалмаған қарт жетім.

Жеті ғашықтар жұбын табу.

Ләйлі- Мәжнүн

Шырын- Фархад

Тахир- Зухра

Арзу- Қамбар

Ғаһра- Уалик

Күлшар- Уаки

Зылиқа- Жүсіп

Жеті ғалам:

1. Оңтүстік

2. Солтүстік

3. Шығыс

4. Батыс

5. Аспан

6. Жер

7.Жер асты

Халқымыз қасиетті 7 деген санынан осылайша талай-талай мағыналы, мазмұны терең мән тауып, өмірі мен тұрмысына тірек, жанына жалау еткен. Жас ұрпақты тәрбиелеуде, қазақ шежіресін үйретуде бұл қасиетті ұғымның үлесі үлкен болған. Мысалы:»Құлақтан кіріп бойды алатын жақсы ән мен тәтті күйдің» барлығыы да бар болғаны 7 әуездің жүйелі комбинациясы. Олар: до,ре, ми, фа,со, ля,си. Толып жатқан пән ғалымдары мен тұрмыс- тіршілікте 7 санының орны ерекше. Сонымен, ақылға салып қараған адамға жетеудің сырынан көп мағлұмат беріп, тылсымы терең құпияларын ашуға жәрдемдесері сөзсіз.

Жүргізуші. Білім-теңіз, мектепті кеме дейміз,

«Білім мен тәрбие – егіз», неге дейміз?!

Әдебі мен тәлімі үндестін,

Жастарды болашаққа еге дейміз.

«Қош» демейміз, әлі талай сайыстар бар.

Өнерлерің өрлей берсін қайыспаңдар.

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге,

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей отырып, бүгінгі сайыс кешімізді аяқтаймыз. Жеңістер мен жеңілістерден тұратын, өмір күресі аяқталмасын.Ізденген жетер мұратқа, қатысудың өзі де жеңіс,-деген, жеңісті күнде кездескенше, достар!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 363 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.05.2015 937
    • DOCX 23.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шанашова Айгуль Рахимбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шанашова Айгуль Рахимбаевна
    Шанашова Айгуль Рахимбаевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1006
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 217 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 547 человек

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе