Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Презентации / Презентация по внеклассной теме "Ұлы қазақ хандары"

Презентация по внеклассной теме "Ұлы қазақ хандары"

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • История
Қасым хан Жәнібекұлы  (1445—1518) — қазақтың ұлы хандарынын бірі, Қазақ ханд...
Керей хан Кирай, Гирей  (туған, өлген жылы белгісіз – 1473) – Қазақ хандығын...
Әз-Жәнібек хан (Жәнібек Әбусаид) (туған жылы белгісіз - 1480) — Қазақ хандығ...
Жәңгірұлы Тәуке хан  (1626-1718) [1][2] – Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгі...
Әбілқайыр (Әбілқайыр хан) (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы, 1718—1748 жж....
Кенесары Қасымұлы  (1802, Көкшетау өңірі – 1847, Қырғызстан, Кекілік-Сеңгір а...
Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771—1781 жылдар аралығында билік құрған ...
1 из 7

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Қасым хан Жәнібекұлы  (1445—1518) — қазақтың ұлы хандарынын бірі, Қазақ ханд
Описание слайда:

Қасым хан Жәнібекұлы  (1445—1518) — қазақтың ұлы хандарынын бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі — Әз-Жәнібек ханныңортаншы баласы. Шешесі Жаған-бегім Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңілісі.[1] Қасым хан (шамамен 1445 – 1521 жылдары) – Қазақ хандығының ханы (1511 – 1521), Әз-Жәнібек ханның ұлы. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Жазба деректерде Қасым хан 15 ғасырдың 70 – 90 жылдары Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар мен өңірлер үшін жүргізген күрестерге белсене қатысады, басшылық етеді. Бұл кезде қазақ ханы Керейдің ұлы Бұрындық, қазақ әскерінің қолбасшысы Қасым хан болды. Осы кезеңдегі оқиғаларды баяндайтын деректер Қасым ханды «белгілі сұлтан және атақты баһадүр» деп атайды. Ширек ғасырға созылған Сыр бойы үшін күресте Қасым хан және Әз-Жәнібек ханның басқа да ұлдары Сығанақ, Сауран, Отырар,Сайрамтүбінде бірнеше рет Шайбани хан әскерін тас-талқан етіп жеңеді. 15 ғасырдың 90 жылдары жасалған бейбіт келісім бойынша Қазақ хандығына Сығанақ пен Сауран өтеді. Бұл қалаларда Жәнібек хан ұлдары билік жүргізеді. 15 ғасыр басында Мауераннахрды бағындырып, үлкен күшке ие болған Мұхаммед Шайбани хан 1506 – 10 жылдары үздіксіз төрт рет қазақтарға жорық ұйымдастырады. Бұрындық хан Шайбани ханның алғашқы үш жорығына тойтарыс ұйымдастыра алмайды. Оның беделі төмендейді. Ал жазба деректерде «бұл кезде Қасым хандық билікте болмаса да, оның беделі ханнан күшті болды» және «өзін дербес ұстау үшін Бұрындық ханнан алыста көшіп-қонып жүрді» делінеді. 1510 жылы Шайбани ханның соңғы, төртінші жорығы Ұлытау өңіріндегі Қасым ханның ұлысына бағытталады. Қасым хан әскері Шайбани хан әскерін тас-талқан етеді де, жауды Сыр бойынан қуып шығады. Осы жеңістен соң, ешкім де Бұрындық хан туралы ойламай, Қасым хан билігін мойындайды.

№ слайда 2 Керей хан Кирай, Гирей  (туған, өлген жылы белгісіз – 1473) – Қазақ хандығын
Описание слайда:

Керей хан Кирай, Гирей  (туған, өлген жылы белгісіз – 1473) – Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы.Ақ Орданың ханы [Ұрыстың ұрпағы. Ұрыс ханнан Тоқтақия, одан Болат, одан Керей хан тараған.[1] “Тауарих-и гузида-йи нусратнаме” дерегі бойынша, Керей хан – Болаттың жалғыз баласы. 15 ғасырдың ортасына дейінгі тарихи оқиғаларда Керей хан туралы мәліметтер кездеспейді. Мұхаммед Хайдар Дулатидың “''Тарих-и Рашиди''” атты еңбегінде Керей хан туысы Жәнібек ханмен бірге 15 ғасырдың 50-жылдарының аяғында Қазақ хандығының құрылуына қатысты оқиғаларда алғаш рет атала бастайды. Онда Керей хан мен Жәнібек ханның Әбілхайыр хандығынан бөлініп, Моғолстанның батысындағы Шу бойы мен Қозыбасы өңірі аралығына келіп қоныстанғаны туралы баяндалады. Бұл аймақ – сол жылдардағы Моғолстан билеушісі Есенбұға хан мен оның туған ағасы Жүніс хан иеліктерінің арасы болды.

№ слайда 3 Әз-Жәнібек хан (Жәнібек Әбусаид) (туған жылы белгісіз - 1480) — Қазақ хандығ
Описание слайда:

Әз-Жәнібек хан (Жәнібек Әбусаид) (туған жылы белгісіз - 1480) — Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханныңұлы, Ұрыс ханның шөбересі. 15 ғасырда өмір сүрген. 1450 жылға дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ. Басқаруы[өңдеу] 1456 жылы Дешті-Қыпшақта шайбандық Әбілхайыр хан билікті қолына алған соң, көшпенді халықтың Жәнібек пен Керей бастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы өзендерінің аңғарында орын тепті. Моғолстан ханы өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен қазақ басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен соғыстардан жапа шеккен 200 мыңға жуық көшпенділер Жәнібек хан мен Керей ханның маңына топтасты, олардың билігінің күшеюі 1468 жылы Моғолстанға әскери жорық жасамақ болып, бірақ жол үстінде кенеттен қайтыс болған Әбілқайырға олар тарапынан қауіп төнуі мүмкін деген ой салды. Жәнібек хан қазіргі Шу стансасының солтүстік - шығыс жағындағы Хантауды қоныстанған.

№ слайда 4 Жәңгірұлы Тәуке хан  (1626-1718) [1][2] – Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгі
Описание слайда:

Жәңгірұлы Тәуке хан  (1626-1718) [1][2] – Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханғақарай бейімделеді. Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып - өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Тарих дерегі сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүзӘлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек,Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік – берекесін кетірер ішкі дау – жанжалды, барымта – сырымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса - береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды.

№ слайда 5 Әбілқайыр (Әбілқайыр хан) (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы, 1718—1748 жж.
Описание слайда:

Әбілқайыр (Әбілқайыр хан) (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы, 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Ол – кейін өзінің күшімен, айласымен, шабуылды ұйымдастыра білушілігімен даңқы шығып, хандыққа қол жеткізген, батырлығы мен өркөкіректігі, ақылдылығы мен билікқұмарлығы, саяхатшылығы мен бірбеткейлігі астасқан қайшылығы мол күрделі тарихи тұлға.

№ слайда 6 Кенесары Қасымұлы  (1802, Көкшетау өңірі – 1847, Қырғызстан, Кекілік-Сеңгір а
Описание слайда:

Кенесары Қасымұлы  (1802, Көкшетау өңірі – 1847, Қырғызстан, Кекілік-Сеңгір аңғары) – мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841 – 1847). Кенесары Шыңғыс ханның 27-ұрпағы,Абылай ханның немересі. Ордасын Көкшетауға тіккен Абылай ханның отыз ұлы болған. Абылайдың қалмақ қоңтайшысы Қалдан Сереннің қызынан дүниеге келген баласы Қасым сұлтанның бәйбішесі Айкүмістен Кенесары (алты ағайынды – Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай, Бопай), екінші әйелінен Наурызбай туған. Кенесары өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай жастайынан шабандоз, ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, қиындыққа төзімді болып тәрбиеленеді. Жеке басының ерлік қасиеттері, бірбеттігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей күш-жігері оның жетекшілік қабілетін айналасына ерте мойындатқан.

№ слайда 7 Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771—1781 жылдар аралығында билік құрған 
Описание слайда:

Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771—1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.[1] Абылай – Жәңгір ханныңбесінші ұрпағы, Рахметтің досы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркемУәлитуады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле биоған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 01.02.2016
Раздел История
Подраздел Презентации
Просмотров215
Номер материала ДВ-400845
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх