Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Воспитательная работа / Презентации / Презентация по воспитательный час на тему "Келіңіз, кеңесейік!"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Презентация по воспитательный час на тему "Келіңіз, кеңесейік!"

библиотека
материалов


Тақырыбы: Денсаулыққа пайдалы, зиянды заттарды ажырата алу

(ой бөлісу)

Мақсаты:

Денсаулық мықты болу үшін салауатты өмір салтын сақтау туралы түсініктерін бекіту. Ұялы телефон,теледидардың адам өміріне зияны туралы айту.. Денсаулыққа пайдалы, зиянды заттарды ажырата алу. Сөздік қорын молайту, ойын жинақы, толық айта білуге машықтандыру. Ұқыптылыққа, денсаулықтарын күтуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, карточкалар, әліппе дәптер, слайд.
Сөздік жұмыс: пайдалы-зиян, емдік шөптер, темекі, шарап, никотин, түтін.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, ойын, көрнекілік.

Ұялы телефон балаларға екі есе зиян келтіреді
hello_html_49632f88.jpg

      «Ұялы телефондар қаншалықты зиянды?», «Қандай нәрселерге аса мән беру керек?», «Қандай шаралар қолдану керек?», «Болашақта бізді қандай қауіп-қатер күтіп тұр?» деген өзекті сұрақтарға профессор Осман Мүфтиұлы анықтама жасады.

Ұялы телефондардың денсаулыққа өте зиянды екенін және оның ғылыми тұрғыдан да дәлелденгенін білдірген профессор Осман Муфтиұлы айрықша балаларға екі есе көп зиян келтіретінін атап өтті.

Профессор сөзін былай жалғастырды:

«Менің көзқарасым бойынша, ұялы телефондарға жақын арада темекі сияқты тыйым салынады. Ұялы телефондарды қолдану осылай жалғаса берсе, оған тыйым салыну мүмкін. Ұялы телефондардың миға тарататын энергиясы дене рагының кездесу жиілігін арттыруы мүмкін. Мұның зияндары бірден білінбеуі мүмкін, темекі сияқты кейін ортаға шығады.

 Ұялы телефон өндірушілері аз радиация тарататын телефон өндіруі керек және ұялы телефондарның сыртына темекі сияқты “денсаулыққа зиян” деген ескертулер жасауы керек. Ал құлаққап қолдану ұялы телефонның денсаулыққа тигізетін зиянын екі есе азайтады. Мүмкіндік болғанша, ұялы телефонмен сөйлескенде құлаққап қолданған жөн. 

Компьютердің зиянынан қалай қорғану керек 

     Компьютер тұрған бөлменің ауасын жиі тазалап тұру керек. Сонымен қатар күн сайын ылғалды тазалық жұмыстары жүргізілу керек. Монитормен жүзіңіздің арақашықтығы кемінде 70 см болуы қажет. Ересек адамдар үшін әр екі сағат сайын, ал балалар үшін әр жарты сағат сайын 15 минут үзіліс міндетті түрде қажет. Оқуға тиісті болған құжаттарды принтерден басып шығарып алып оқыңыз, көзіңіздің саулығына үлкен пайдасы бар. Компьютермен жұмыс істеп болғаннан кейін қолыңызды салқын сумен жуыңыз.

 Күнделікті өміріңді бос өткізбе, інім! Әлі жассың, интернетте уақытыңды өлтірмей, спорт секцияларына қатыс! hello_html_2e51c2ce.jpg

 Интернетті пайдалы нәрсеге қолдан. Әсіресе, ойындармен өзіңді байлама!. Басың жақсы қабылдайтын уақытта оқу орныңның сабақтарын дұрыстап оқы. Ертең ол сенің үлкен өмірге жолың екенін ұмытпа! Айтаберде сауатты жазғың келсе, бәрібір қазақ тілі грамматикасы мен синтаксисін білуің керек болады дегендей да:)
Компьютер сен ойлағандай оңай емес. Оның қыр-сырын үйренуге уақыт керек. Және ол уақыттың болашақта болатын уәде беріп айта аламын. Ощм, үлгересіңдер! Ал, дәл қазір өз алдарыңдағы маңызды мәселелерді жасау керек. Әрине, сендердің жағдайларың өздеріңнің басқа да интернетті тек қана агент, Майл.ру аккаунтын сайт деп ойлайтын достарыңнан әлдеқайда жақсы. Бірақ, көшеге шығып, қу, әңгіме айт, күл! Өйткені интернет бір күні бұл адамдарды сөйлеуден қалдыра ма деп қорқам:)

Әрбір күніңді ең қызықты да бақытты қылып өткізіңдер:)

Теледидар балаларда қатерлі ісік қаупін арттыруда

hello_html_7077c39c.jpg

Мамандардың айтуынша теледидарды көп көретін балаларға төніп тұрған қауіп-қатерлер: қатерлік ісік ауруы, аутизм (сыртқы ортадан оқшаулану) және ерте ер жетілу болып табылады. Америкалық Педиатр Академигі «Теледидар және Балалар» атты зерттеулерінің нәтижелері бойынша, 2 жастан төмен балаларға теледидар көруге болмайды. Мамандар теледидардың балаларға тигізетін зиянды әсерлерін былай түсіндірді:

Аз қимылдауларының салдарынан семіздікке жол ашады, гармондық теңсіздіктер тудырады. Теледидардан таралған жарықтық ең маңызды гормондардан бірі болып саналатын мелатонинді азайтады. Иммунитет жүйесін әлсіретіп, әр түрлі ауруларға жол ашады. Мелатониннің жетіспеушілігінен ДНҚ да өзгерістер пайда болып, қатерлі ісік ауруына себеп болуы мүмкін. Балалардың ерте ер жетілуінің ең үлкен себебі болып табылады. Ұйқысыздыққа жол ашады. Сыртқы қоғамдық қатынастардан оқшауландырғаны үшін жас өспірімдерді аутизмге шалдықтыруы мүмкін. Денедегі майдың мөлшерін арттырады. Экраннан шыққан сәулелердің әсерінен лептин және грелин атты гормондарда теңсіздіктер пайда болып, артық мөлшерде майдың жиналуына себеп болады.

Кешке жақын ерте ұйықтау

hello_html_m538a7ad9.jpg

Асан түні бойы отырып теледидар көруді әдетке айналдырды. Анасы: “Ұлым, түннің бір уақыты болды. Ертең азанда сабаққа баруың керек. Қане, тез жат, төсегіңе!”,- деп қанша рет айтса да, анасының айтқан сөздеріне құлақ аспай, әр түрлі сылтаулар айтып, түннің бір уақытына дейін теледидар көреді. Алайда азанда ұйқысы қанбай, мазасызданып зорға тұратын болды. Сонымен қатар сабақ үстінде мұғалімнің айтқан сөздерін тыңдамайтын, үй жұмысын да орындамайтын болды және сабақ үлгерімі де нашарлап кетті. Асанның ата-анасы оның бұл халіне қатты ренжіді. Анасы оған: “Егер ерте жатып, ұйықтасаң ғой, бұндай әлсіз болмас едің және сабағың да нашар болмайтын еді”,- деді. Сонда Асан анасының айтқан сөздеріне құлақ аспағаны үшін қатты өкінді. Бұдан былай күнде кешке теледидар көрмей, ерте жататын болды. Осылайша азанда ұйқысы қанып, сабағына да жақсы қатысып, озатты оқушылардың бірі болды.

(Оқушылар пікірі тыңдалды)

Ұйқы тынық болу үшін

hello_html_3e5c3fc3.jpg

 » Кешкі ас ауыр болмауы керек.

 » Таңертең ерте және бір уақытта тұру керек.

 » Ұйқы кеткенде тұрып, келгенде жату керек.

 » Салқын, қараңғы және тыныш жерде ұйықтау керек.

 » Күннің жоспарларын төсекте ойламау керек.

 » Бегілі уақытта емес, қажет болған уақытта жату керек.

 » Спортпен шұғылдану маңызды, бірақ жатар алдын болмауы керек.

 » Жатудан бұрын дене және ақыл белсенділігін азайту керек.

 » Ұйқы шақыратын дәріні өте қажет болмайынша қолданбау керек.



Анықтама

 11-сынып оқушыларымен өткізілген ой бөлісу сағаты

Тақырыбы: Денсаулыққа пайдалы, зиянды заттарды ажырата алу.




Тәрбиелік мақсаты:

1.Денсаулық мықты болу үшін салауатты өмір салтын сақтау туралы түсініктерін бекіту.

2. Ұялы телефон,теледидардың адам өміріне зияны туралы айту.

3.Денсаулыққа пайдалы, зиянды заттарды ажырата алу.

4.Сөздік қорын молайту, ойын жинақы, толық айта білуге машықтандыру. Ұқыптылыққа, денсаулықтарын күтуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: суреттер, карточкалар, слайд.

Қатысқандар:Сынып жетекші.Оқушылар саны- 8

Оқу ісінің тәрбие жөніндегі орынбасары ,

Ой бөлісу сағатының қысқаша мазмұны: Баланың денсаулығын компьютерлік зияндардан қорғауға болады, егер де оны қадағалап отырса,үлкендердің  істейтін қателіктерін қайталамау керектігі айтылып,Мамандардың айтуынша компьютерде көп отырып, теледидарды көп көретін балаларға төніп тұрған қауіп-қатерлер: қатерлік ісік ауруы, аутизм (сыртқы ортадан оқшаулану) және ерте ер жетілу себептері мысалдармен түсіндіріліп,оның алдын алу жолдары айтылды.

Қорытынды: Егер осы кеңестердің бірнешеуін күнделікті орындап тұрсаңыз, бір айдың көлемінде сіздің өміріңізде өзгерістер бола бастағанын байқайсыз, әрине, тек жақсы жағына қарай өзгерістер орын алатын болады.



Дайындаған:Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі С.Нургалиева















Кулагино орта мектебі











Тақырыбы: Денсаулыққа пайдалы, зиянды заттарды ажырата алу



(ой-бөлісу)



Дайындаған: 11-сынып жетекшісі,өзін-өзі тану

пәнінің мұғалімі С.Нургалиева





























2015-2016 оқу жылы

















Автор
Дата добавления 10.04.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Презентации
Просмотров97
Номер материала ДБ-021739
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх