Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Презентации / Презентация по воспитательному работу на тему " Біз бақытты балдырған "

Презентация по воспитательному работу на тему " Біз бақытты балдырған "

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Біз бақытты балдырған

Мақсаты: Адам өмірінің ең қызықты да, бақытты сәті балалық кездің қызықтары туралы айту. Отбасы,достық, оқулықтар туралы айтып, өнермен өрнектеп көрсету. Балалардың дүниетанымын, ой-өрісін дамыту. Ұлттық нақыштарын, бір-бірін құрметтеуге, отбасын сыйлауға тәрбиелеу. Отаннын ,өнерді сүюге баулу.

«Мен құрбымды жақсы көремін» шеңбері

Мұғалім :

Балалық шақ - балғын шақ,

Өмірдің өзі болашақ.

Балалық шақ шектеулі,

Ойнайтын кезде асыр сап.

Балалықтың шаттығы

Ештеңеге жетпейді.

Үлкен болып өскенше

Ол жаныңнан кетпейді. - дегендей

- Құрметті ұстаздар,оқушылар! Біз бүгін сіздерді «Біз бақытты балдырған» атты әдеби-монтажды, тәрбиелік кешімізді көруге шақырамыз. Бұл шарада балалардың өнерімен, белсенділігін танып, білесіздер.

 Адам баласының ең бақытты да, өміріне із қалдырар тәтті кезеңі ол-балалық кезі. Ата-анасының жанында,ұйқысы қанық, қарны тоқ, шат-шадыман күлкімен уақытын өткізетін өмірдің қайта келмес, сағынышқа толы кезеңі.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, «бақытты бала» деп кімді айта аламыз?

-өз отбасы, достары бар, денсаулығы мықты баланы бақытты бала деп айтамыз.

-  «Балалық әлеміне» автобусқа мініп саяхатқа шығыпты. Олар мінген автобустың ішінде сендерге әкеле жатырған сыйлықтары бар екен. Автобус тезірек сендерге жету үшін,сендер әр аялдамада талап етілген тапсырмаларды орындап, белсенділік көрсетіңдер.

Автобусты саяхатқа әнмен бастап шығарайық:  

Ән  « Біз бақытты балдырған » 3а

І «Отбасы аялдамасы»  

- Балалар отбасы деген не?

- Ең алдымен отбасында не болуы керек? /Отбасы мүшелері бірін-бірі сыйлау керек/

- Отбасында саған не үйретеді?

Әр бала бақытты болуы үшін өзінің сыйластыққа толы отбасы болуы керек.


  • Ендеше келесі кезекті мақал- мәтелге берейік . Тақырыбы : Отан , Отбасы туралы .

  • Өзіміз айтып кеткендей Отан – от басынан басталады . Айтып отырғандай Отанымыз Қазақстан Республикасы Қандай мерекелерді атап өтті және атап өтеді .?

  • 1 – желтоқсан .......................

  • 16 – желтоқсан ......................

  • Олай болса келесі өлеңдеріміз Тәуелсіз мемлекетімізге арналады .

Тәуелсіздік . Ата-заң , Тіл туралы өлеңдер мәнерлеп оқылады .3а , 3б .

Балалар отбасы туралы тақпақтар айтып берсін:

С.Оспанов: Бақыт деген не?

Айтшы, білсең егерде,        

Апай, бақыт деген не? Оқушы

Бақыт- деген шырағым,            Мұғалім

Мына әсем тұрағың.

Ну ормандар,гүл бағы,

Күннің күліп тұрғаны,

Бақыт-дәні даланың,

Алақаны ананың.

Ботам деуі әженің,

Тыныштығы әлемнің!

Қайда бақыт мекені,        Оқушы

Қалай оған жетеді?

Адал еңбек етесің!              Мұғалім

Сонда ғана жетесің!

Көрінбейтін көзіңе,     Оқушы

Сонда оның өзі не?

Бақыт деген, сөзім шын-               Мұғалім

Айналайын, өзіңсің!

 

ІІ « Оқулықтар аялдамасы»

-Балалар бізмектепте уақыт көңілді , пайдалы өткізу үшін бізге не керек?

- Сендер оқулықтарыңды қалай ұстайсыңдар?

Бұл аялдамада оқулықтар туралы  ән айтуымыз керек.

-Балалар сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?

-Қандай ертегілерді білесіңдер?

Ән:   « Ертегілер » 3 б Тілеуберді Аяулым

ІІІ «Достық аялдамасы»   

Досым, саған сенемін, сеніп өтем.

                              Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

                              Достық деген- адамның көрігі екен,

                              Достық деген- ақылдың серігі екен,- деп Мұқағали атамыз жырлағандай , келесі аялдама

«Достық аялдамасы»   

-Балалар сендерге жалғыз ойнаған немесе көппен ойнаған ұнай ма?

-Неліктен дос керек деп ойлайсыңдар?

- Біз білетін достық ережесі қандай еді?

* жолдастарыңа көмектес.

*қолыңнан келген істі өзгеге үйрет.

* ойын кезінде өзіңе ұнаған заттарды бөліс.

* егер жолдасың жаман қылық жасаса, оған қате екенін айтып, түсіндір.

* Төбелесуден, сөз айтысудан аулақ болған жақсы.

* тату ойнап, мақтанба.

* ол жақсы іс істесе, бірге қуан.

- Бейбітшілік белгісі қандай құс ?

Би ″Ақ көгершін ″

3а , 3б / қол ұстасып /

Достар бірге жүреміз,                   

Бірге ойнаймыз, күлеміз.          

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз!

Ән:  «Достар»

IV «Ұлттық аялдамасы»

-Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

- Қазақ елінің елбасшысы кім?

- Біздің мемлекет қандай мемлекет?

- Мемлекеттік тіл қай тіл? 

Біз Қазақстан атты мемлектте тұрамыз. Біздің мемлекетіміз көпұлтты, тәуелсіз  мемлекет. Бұл мемлекеттегі бар ұлт тату-тәтті тұрады.

Ал, енді бұл аялдамада біз ұлттық нақыштардан көрініс көрсетуіміз керек.

Би:  « Қара жорға » 3 б – сынып

Би:″ Испан ″ 3а – сынып

Би : Өзбек биі 3 б

Ән : Әрқашан күн сөнбесін″ 3а , 3 б.


V «Көңілді аялдама»

-Адамның көңілі көтеріңкі жүргені дұрыс. Балалар, сендер көңілдеріңді қалай көтересіңдер?

- Бүгінгі көңіл күйлерің қалай?

Бұл аялдамада сендерге жұмбақ даярланған екен. Ендеше жұмбақ шешуге дайындалайық.

Жұмбақ шешу.

Би : ″ Жаяу″

Тақпақтар оқылады : 3б – сынып оқушылары

Би: ″Үнді биі ″

  • Біздің мемлекетте қандай ұлт өкілдері тұрады ?

  • Біздің мемлекет көп ұлтты мемлекет .

  • Олар бір – бірімен қандай ?

Ән : ″ Қазақстан ″ хор

VI «Бақыт аялдамасы»       Міне, балалар соңғы аялдамаға да келіп жеттік. Яғни, біз бақыт аялдамасында тұрмыз. Біздің ата-анамыз жанымызда, қасымызда достарымыз бар, көңіліміз көтеріңкі, бейбіт заманда білім алып жатырмыз. Ал, енді автобустағы сыйлықтарды алуға да аз  уақыт қалды. Балалар бақыт деген не екенін өз сөздерімен айтып берсін.

3б тақпақ – 1 оқушы

Аспан тұрса күлімдеп, Беркімбай Қасым

Айын биік орнатып.

Ақса бұлақ гүрілдеп,

Балаларға сол бақыт.


Балаларға сол бақыт-         Жанахмет Нұрсұлтан

Болса Отаны аман-сау.

Басын бұлтқа бойлатып,

Тұрса биік Алатау. 

Балаларға сол бақыт.

 Хормен :  Балаларға сол бақыт.      

  Бақытты баламын
Мен бақытты баламын, Бекзат
Таудай болып талабым.
Білімді оқушы боламын деп,
Мектебіме барамын.

Сабағымды жақсы оқып,
Күнде бестік аламын.
Сурет салу сабағында,
Әдемі сурет саламын.

Музыка деген сабақта, Алихан
Ән айтып, биді билеймін.
Өтірікті, жалқаулықты,
Салақтықты сүймеймін.

Достарыммен достасып, 3б
Күнде бірге ойнаймын,
Бақытты бала болып мен,
Шаттық тойын тойлаймын.

Би: «Көңілашар» 3а

Ән:  « Мереке » Мұрат Айсана

Автобустағы сыйлықтарды таратып беру. ( конфет )

-Міне, құрметті қонақтар бейбіт өмірде, тәуелсіз мемлекетте білім алып отырған, еліміздің ертеңі бүлдіршіндердің бақытты сәтін тамашаладыңыздар. Арманы асқақ, мәртебесі жоғары елде өмір сүретін әр бала бақытты болуға лайықты.

Хормен:  Біз бақытты болуға лайықпыз.

-Әлемдегі әр бала бақытты болсын деп сіздер де  өз тілек, ниетіңізді білдіріп, қолыңызды созыңыз.

/Тақтадағы плакатқа балалар жапсырма қағаздан дайындалған алақандар жапсырады, қонақтарға да ұсынады/.

Әнді екі сынып хормен айтады :   « Біз бақытты балдырған » / музыкаттар/














Балаларға сол бақыт.








Достарыммен достасып,
Күнде бірге ойнаймын,

Бақытты бала болып мен,

Шаттық тойын тойлаймын.








Ән  « Біз бақытты балдырған » Музыканттар

Мақал – мәтел 5

Тәуелсіздік . Ата-заң , Тіл туралы өлеңдер мәнерлеп оқылады .3а , 3б .

Ән:   « Ертегілер » 3 б Тілеуберді Аяулым

Би ″Ақ көгершін ″ Флешка

Ән:  «Достар»3а Сотка

Би:  « Қара жорға » 3 б – сынып Сотка

Би:″ Испан ″ 3а – сынып Иманғали Айкүн , Ерланқызы Асылай .

 Ән : Әрқашан күн сөнбесін″ 3а , 3 б. Гулжанат

Жұмбақ шешу.

Би : ″ Жаяу″ Толғанай

Тақпақтар оқылады : 3б – сынып оқушылары

Би: ″Үнді биі ″ Тілеуберді Аяулым

Би: «Көңілашар» 3а

Ән:  « Мереке » Мұрат Айсана

Ән :   « Біз бақытты балдырған » 3а









Біз бақытты болуға лайықпыз.




VI

«БАҚЫТ» аялдамасы


V

«КӨҢІЛДІ»

аялдама

IV

«ҰЛТТЫҚ» аялдамасы

ІІІ

«ДОСТЫҚ» аялдамасы

ІІ

«ОҚУЛЫҚТАР» аялдамасы

І

«ОТБАСЫ»

аялдамасы
















Отан - менің өзегім,
Қиының болса төземін.
Алдағы бақыт шақтарды,
Жүрегіммен сеземін.
Отаным - менің өзегім,
Қырыңды шарлап, кеземін.
Білу керек әр ұрпақ,
Бес саусақтай өз елін.



Әр сөздің астарына осы арада,
Ағайын ой жібере жете қара.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында
Тұлғасы Елбасының жеке- дара!
Өмірің судай ағып өзегімен,
Келеді Президенттер кезегімен
«Елбасы- Назарбаев» - егіз ұғым,
Жасайды мәңгі бізге өз еліне.











Бақытты баламын
Мен бақытты баламын, Бекзат
Таудай болып талабым.
Білімді оқушы боламын деп,
Мектебіме барамын.



Сабағымды жақсы оқып,
Күнде бестік аламын.
Сурет салу сабағында,
Әдемі сурет саламын.



Музыка деген сабақта, Алихан
Ән айтып, биді билеймін.
Өтірікті, жалқаулықты,
Салақтықты сүймеймін.



Достарыммен достасып, 3б
Күнде бірге ойнаймын,
Бақытты бала болып мен,
Шаттық тойын тойлаймын.









Аспан тұрса күлімдеп, Беркімбай Қасым

Айын биік орнатып.

Ақса бұлақ гүрілдеп,

Балаларға сол бақыт.


Балаларға сол бақыт-         Жанахмет Нұрсұлтан

Болса Отаны аман-сау.

Басын бұлтқа бойлатып,

Тұрса биік Алатау.  



Достар бірге жүреміз,                   Әділжан Аружан  

Бірге ойнаймыз, күлеміз.          

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз!




С.Оспанов: Бақыт деген не?

Айтшы, білсең егерде,        

Апай, бақыт деген не? Әлтайыр

Бақыт- деген шырағым,            Мұғалім

Мына әсем тұрағың.

Ну ормандар,гүл бағы,

Күннің күліп тұрғаны,

Бақыт-дәні даланың,

Алақаны ананың.

Ботам деуі әженің,

Тыныштығы әлемнің!

Қайда бақыт мекені,        Әлтайыр

Қалай оған жетеді?

Адал еңбек етесің!              Мұғалім

Сонда ғана жетесің!

Көрінбейтін көзіңе,     Әлтайыр

Сонда оның өзі не?

Бақыт деген, сөзім шын-                  Мұғалім

Айналайын, өзіңсің!

 


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Презентации
Просмотров104
Номер материала ДВ-389943
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх