Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Презентации / Презентация по воспитательному работу на тему "Әлия Молдағұлова" (1-4 классы)

Презентация по воспитательному работу на тему "Әлия Молдағұлова" (1-4 классы)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова 1925 жылдың 15 маусымында Ақтөбе облысы Қобд...
Әлия музейіндегі панорама
«Сапарға аттанар алдында Әлия Ленинградта қалатынын айтты. Мен жылап: «Ағаңа...
1950 жылы Жоғарғы Кеңестің Әлияның әкесі Нұрмұхамбет Сарқұловқа жіберген хаты...
Ленинград қаласы Калинин ауданындағы №140 мектептің 40-41 жылдардағы Әлияның...
Әлиямен арнайы іздеп барып сөйлескен сұхбатында мерген қыз жазушыға жаудың жа...
Әлия туралы естеліктер! «… Сол кезде Әлияның туған анасы Маржан қайтыс болды...
Актобе, областной мемориальный музей Алии Молдагуловой
Могильная плита на месте захоронения Алии Молдагуловой
Жақындары Әлия жайлы Айтқанынан қайтпайтын қайсар қызды военком авиация техни...
Ағылған адам қанының,  атқылаған бомбаның астында жүрсе де Әлия туған сіңлісі...
1 из 25

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1
Описание слайда:

№ слайда 2 Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова 1925 жылдың 15 маусымында Ақтөбе облысы Қобд
Описание слайда:

Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова 1925 жылдың 15 маусымында Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында Нұрмұхаммед Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында дүниеге келген. Сегіз жасында анасы қайтыс болған Әлияны Алматыда тұратын нағашы ағасы алып кетеді. Ал 1935 жылдан бастап Ресейдің Ленинград қаласы Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46 балалар үйінде тәрбиеленеді. Санкт-Петербургтегі №9 орта мектепте білім алады. Соғыс басталған жылы балалар үйі Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Әлия осындағы Вятское орта мектебінің 7-сыныбын аяқтаған соң Рыбинск авиациялық техникумына оқуға түседі. Алайда 1942 жылы  Жұмысшы-шаруа Қызыл Әскеріне майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1943 жылы мергендер даярлау жөніндегі Орталық әйелдер мектебін аяқтап, осы жылдан бастап 54-арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған. Сексенге жуық дұшпанның көзін жойған батыр 1944 жылдың 14 қаңтарында Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданы Казачиха ауылы маңында болған соғыста ерлікпен қаза тапты. Батыр Новосокольники ауданының Монаково ауылында жерленді. Ол қайтыс болғаннан кейін, 1944 жылдың 4 маусымында Кеңес Одағы Батыры атағы берілді.

№ слайда 3
Описание слайда:

№ слайда 4
Описание слайда:

№ слайда 5 Әлия музейіндегі панорама
Описание слайда:

Әлия музейіндегі панорама

№ слайда 6
Описание слайда:

№ слайда 7 «Сапарға аттанар алдында Әлия Ленинградта қалатынын айтты. Мен жылап: «Ағаңа
Описание слайда:

«Сапарға аттанар алдында Әлия Ленинградта қалатынын айтты. Мен жылап: «Ағаңа не деп айтамын, мен әдейі тастап кеткендей болам-ау», — деп едім, хат жазып берді. Онда: «Нағашы, жеңешемді кінәлама. Өзім қалдым. Соғыс аяқталған соң елге қайтамын» деп жазыпты» деп еске алады Сән Молдағұлова.

№ слайда 8
Описание слайда:

№ слайда 9
Описание слайда:

№ слайда 10 1950 жылы Жоғарғы Кеңестің Әлияның әкесі Нұрмұхамбет Сарқұловқа жіберген хаты
Описание слайда:

1950 жылы Жоғарғы Кеңестің Әлияның әкесі Нұрмұхамбет Сарқұловқа жіберген хаты мен грамотасы

№ слайда 11 Ленинград қаласы Калинин ауданындағы №140 мектептің 40-41 жылдардағы Әлияның
Описание слайда:

Ленинград қаласы Калинин ауданындағы №140 мектептің 40-41 жылдардағы Әлияның бір жылдық оқу үлгерімі туралы берілген жазба

№ слайда 12 Әлиямен арнайы іздеп барып сөйлескен сұхбатында мерген қыз жазушыға жаудың жа
Описание слайда:

Әлиямен арнайы іздеп барып сөйлескен сұхбатында мерген қыз жазушыға жаудың жауған оғынан тас-талқаны шыққан Ленинград туралы, өртеніп, күлі көкке ұшқан балалар үйлері, мектептер, балалар бақшалары туралы, өртеніп жатқан үйлердің бірінен жүгіре шыққан 9-10 жастар шамасындағы Володя деген бала туралы айтып береді. Сол әңгіменің ауанына ойыссақ, Володяны жетегіне алған Әлия дамылсыз жүгіріп келе жатқанда аспан гүрілге толып, бомба сол маңның астан-кестеңін шығарады. Володя қайтыс болады.

№ слайда 13
Описание слайда:

№ слайда 14 Әлия туралы естеліктер! «… Сол кезде Әлияның туған анасы Маржан қайтыс болды
Описание слайда:

Әлия туралы естеліктер! «… Сол кезде Әлияның туған анасы Маржан қайтыс болды да, кішкентай Әлия менің тәрбиемде қалды. Кейінірек, 1934 жылдың қазан айында бұрынғы әскери-транспорт академиясына оқуға түстім де, бір жыл өткен соң отбасымызбен қоныс аударуға тура келді. Әулиеатада екінші класты тәмамдаған Әлия біздің семьямызбен бірге Москваға келгеннен кейін Краснопресненск ауданындағы орта мектептің үшінші класында оқыды. Ал осы академия 1939 жылы Ленинградқа көшірілген еді. Сөйтіп, үй ішімізбен Ленинградқа көшіп бардық», — деп жазады нағашысы Әбубәкір Молдағұлов. Нағашысы оқу мерзімі аяқталған соң Ташкентке қызметке кетеді. Ал оның әйелі Сән Молдағұлова жүкті болғасын, жолды көтере алмайтын болғасын балаларға бас-көз болып Ленинградта қалады. Жоқ-жұтаң кезде өзінен кішкентай жиендеріне қамқор болған Әлияны Сән сол үйдің тірегі, таянышы деп есептеді.

№ слайда 15
Описание слайда:

№ слайда 16
Описание слайда:

№ слайда 17 Актобе, областной мемориальный музей Алии Молдагуловой
Описание слайда:

Актобе, областной мемориальный музей Алии Молдагуловой

№ слайда 18
Описание слайда:

№ слайда 19
Описание слайда:

№ слайда 20
Описание слайда:

№ слайда 21
Описание слайда:

№ слайда 22
Описание слайда:

№ слайда 23 Могильная плита на месте захоронения Алии Молдагуловой
Описание слайда:

Могильная плита на месте захоронения Алии Молдагуловой

№ слайда 24 Жақындары Әлия жайлы Айтқанынан қайтпайтын қайсар қызды военком авиация техни
Описание слайда:

Жақындары Әлия жайлы Айтқанынан қайтпайтын қайсар қызды военком авиация техникумына жіберді. Сабақты үздік оқыған Әлия, дәрігерлер ұшқыш болуға «жүрегі жарамайды» деп диагноз қойғаннан кейін, снайперлік оқуға ауысады.  Әлия мұнда да үздік оқыды. Ол мергендер мектебіне қабылданғанда бар болғаны 16-ақ жаста болыпты… Әлияның жаны  соншалықты нәзік, кіршіксіз, бауырмал, достыққа адал, аса кішіпейіл әрі намысқой, өжет, қандай қиындыққа да қасқайып қарсы тұрар ер- жігітке тән мінезі барын ұстаздарының, достарының, көзін көрген жолдастарының естеліктері айғақтайды. «Лияның бойында балаларда тым сирек кездесетін бір қасиет бар еді: ол әрбір кішігірім нәрседен көпті аңғарып, әрдайым байыпты да байсалды көзқарас танытатын. Жалпы оның ұйымдастырушылық қабілеті зор еді. Адалдығымен, әділдігімен көзге түсетін» — деп жазады Вятск орта мектебінің мұғалімі Елена Зарубина. «Лияш кіршіксіз адал әрі бауырмал, аяулы жан еді. Оның қасында болған кімде-кім әрқашан достықтың, жолдастықтың не екенін сезініп, оны өзінше сүйеніш тұта алатын. Ол аса кішіпейіл еді. Маған майданнан жазған хаттарында өзінің ерлік істеріне ешқашан мақтанған емес» — деп еске алады ВЛКСМ Орталық Комитеті жанындағы мергендер даярлайтын Орталық әйелдер мектебі саяси бөлімінің бастығы, отставкадағы полковник Екатерина Никифорова. «Мен соғыстың ақырына дейін болдым және адамдарымыздың өлімге қасқая қарсы шайқасқанын көруіме талай рет тура келді. Сонда да, тап Лиядай өршелене, өжеттене ұрыс салған адамды көрген емеспін» — дейді мергендер мектебіндегі курстасы, ең жақын жауынгер серігі Надежда Матвеева.

№ слайда 25 Ағылған адам қанының,  атқылаған бомбаның астында жүрсе де Әлия туған сіңлісі
Описание слайда:

Ағылған адам қанының,  атқылаған бомбаның астында жүрсе де Әлия туған сіңлісіндей болып кеткен нағашы сіңлісі Сапураға үмітке толы хат жазатын. «Күні ертең жеңіске жетеміз, елге қайтып, сендермен құшақтасамыз» — деген сарындағы хаттары туған жеріне деген сағынышқа, арманға толы еді. … Әлияның майдан даласында жасаған ерліктерінің барлығы жазылды. Оның «Отан үшін алға!» ұраны нағыз ерліктің ұранындай болып кетті. «1944 жылдың қаңтар айында немістер бекініп алған Казачиха деревнясына шабуыл басталды. Кеңес жауынгерлері жауға қаһарлы түрде шүйлікті. Қашаннан бергі әдетінше, Лия Молдағұлова өзінің жаужүрек жолдастарының алғы сапында болды. — Ура! Отан үшін! — деп ұрандаған Молдағұлова жауынгерлерді соңына ертіп, алға ұмтылды. Оның дәл көздеген оғынан 8 неміс солдаты қаза тапты. Траншеяда кескілескен шайқас басталды. Немістер шыдай алмады. Молдағұлова ет қызуымен алға озып, неміс траншеяларына еніп кетті. Блиндаждан неміс офицері шыға келіп, қызды ұстап алды. Жекпе-жек басталды. Күш тең емес еді. Лия фашистік хайуанның тырнағынан сытылып шықты да, неміс офицеріне автоматтан оқ жаудырды. Дәл сонымен қабаттаса мылтық дауысы естілді — фашист Әлия Молдағұлованың кеудесіне пистолетпен атып үлгерді» — деп жазылған марапат парағында. Өзінің жаны үзіліп бара жатқанда Әлия немістің 78-інші солдатын жер жастандырып үлгерген еді… Бұл 14 қаңтар күні болатын. Әлия 13 қаңтар күні Сапураға жазған ең соңғы хатын «Сәлем саған, Отаным!» деп бастапты… 


Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров168
Номер материала ДВ-359775
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх