Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Презентации / Презентация по воспитательному работу на тему" Жаңа жыл -2016 "

Презентация по воспитательному работу на тему" Жаңа жыл -2016 "

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Жаңа жыл кешіне арналған сценарий

Жаңа жыл кешіне арналған сценарий – 2

Музыка:Жаңа жыл ″ әні Мұрат Айсананың орындауында айтылып жатады . 

Осы кезде сахнаға шыршаны айналып 3 А , 3Б сынып оқушылары ортаға шығады .

Жүргізуші:

Барлық жандар бір білікке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді ғой деп жаңа жыл

Құтты болсын жаңа бақыт достарым

Жүргізуші:  Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы, Ассалаумағалейкум!

Жүргізуші:ж Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер!

Жүргізуші: 

Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ дастархан жапқандай!
Бүкіл әлем – бір ғалам,
Қонақ күтіп жатқандай.
Жүргізуші: 

Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде – жасылық

Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.

Жүргізуші:  Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан  Мешін жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін !


Жүргізуші:

 Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,

Сыйлар шабыт ақындарға балғындар.

Ұлың , қызың ән салғанда беу шіркін,

Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! – деп кезекті әсем әнге берсек. ..3 сынып оқушыларының.. орындауындағы ... (Жаңа жыл тақырыбында) әні. Қабыл алыңыздар!

Ән : Шарша жыры орындалады (4 минут)

Жүргізуші : 

«Біз -қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп
Жеріміздің шетін жау баспасын деп
Жылқы қылын найзасына таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәм-тұзды ақтай білген елміз. – деп жырласа

Жүргізуші :  Қазақ баласы «қазақ халқы қой мінезді жуас » деп өзінің мінез-құлық, бітім – болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған.

Жүргізуші  Ендеше ескі жылымыз қой жылын ортаға шақырып , құрметпен шығарып салайық.

 Қой :

Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім.

Қуанышты ортамыз сазға ұласқан

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан

2016 жыл қадам басқан

Гүлденіп , көркейе бер Қазақстан !

Жігіт: Оларға да керегі

Жылы лебіз дер едім.

Кім бар, кім жоқ артында

Бұрылмай-ақ көреді.

Жүргізуші: Біздің биылғы жаңа жылымыз жылдағыдан ерекше, себебі Қой жылы еліміз талай белестерді бағындырды. Сонымен қатар алтын ұя мектебіміз де өз тарихындағы үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

Жүргізуші : 

Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдың бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар.

Қызық көріп, шат болып,

Шаттық күліп тараңдар,

Уа, халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

Уа, халайық той бүгін,

Бақыт, шаттық мол бүгін.

Қарсы алайық Мешін жылын

Ұзатып сап Қой жылын!


Бәрі қосылып : Рахмет саған Қой жылы !

Ал , енді балалар шыршамызды жағайық .

Бәрі қосылып :

Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат .


Ән: "Шырша жанында "

3 А сынып Асылай

 О, жарандар, қараңдар
Естімеген естіңіздер,
Көрмегендер көріңіздер
Тыңдамағандар тыңдаңыздар
Қызықтаңдар, сайрандаңдар,
Келді, міне , сағындырып далама
Келді, міне, Жаңа жыл аппақ болып
Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып
Кәне, кәне келіңіздер
Бір би салып беріңіздер!
Кешіміз басталды,
Би билеңдер, ән салып
Мейрамдаңдар , сайрандаңдар
Жаңа жылды қарсы алып

Аяулым

Жаңа жыл еңселеніп еніп тұр,
Жаңа үмітпен, жақсылықпен еніп келіп тұр!
Бойындағы бар мейірім, қуанышын
Балдырғандар, өздеріңе беріп тұр!
Жаңа жыл білім нұрын шашып тұр,
Намыс, жігер, бақыт гүлін ашып тұр.
Адамзаттың армандары асқақтап,
Тебіреніп от сезімі тасып тұр.

Жаңа жыл :
Ел байлығын, жер байлығын сақтаймыз.
Бабалардың аманатын ақтаймыз.
Қазақстан мәртебесін көтеріп,
Адалдықты, алғырлықты жақтаймыз.
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр,
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып, береке бер халқымызға
Мерейін , мәртебесін биікке асыр.
Балалар: - Қош елдің, Жаңа жылым қазағыма

Хор « Жаңа жыл » әні орындалады
Жүргізуші: Әр сыныптан бір-бір оқушыдан ортаға шақырып, Жаңа жылымыздың сәнін келтіретін Аяз ата мен Ақшақарды іздеп, тауып алып келуге жұмасасақ қалай қарайсыздар? Аяз ата мен Ақшақар қайда мерекелеп жүргенін білмейміз, сіздер осы хатты оларға апарып беріп, кешіміздің басты қонақтарын бірге алып келесіздер деген үміттемін. Уақытымыз шектеулі, сіздерге 5 минут уақыт беріледі. (Оқушыларды шығарып жібереміз). Ал жолдарыңыз болсын, іске сәт, достар. 

Жүргізуші : Ендеше барлықтарыңызды мерекелік кештің керемет ән айтуға шақырамыз!

Жалпы Би : ____Чунга – чанга __

Жүргізуші: Рақмет, достар. Орындарыңызға жайғасыңыздар. Біздің достарымыздың межелеген уақыты да таяп қалды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен? (Іздеп кеткен оқушылар келеді. Біреуі айқайлап айтады)
Жүргізуші: Міне, міне, мен жақсы хабар естіген сияқтымын. Сіздер ше? 
(Тапқан баланың сөзі: Мен таптым! Мен таптым! Біздің кешіміздің құрметті қонақтарын алып келе жатырмын!)
Жүргізуші: Мінекей, біздің көптен күткен қонақтарымыз да келеді. Олай болса, орнымыздан тұрып, қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық.
Жүргізуші: Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық. (Аяз Ата мен Ақшақар кіреді)

1. -оқушы Талғас

Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.

Әсет
Тым алыстан, Марстан
Келі
ді Аяз атамыз .

Жылды тойлап,
Билеп - ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Кім көп тақпақ біледі,
Атаның сыйлығын сол алады.


2 - оқушы: Әлішер

Қош келдіңіз бүгінгі

Жаңа Жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан бәрімізге .


Айбек
Кел, Жаңа Жыл!

Төрлет – төрлет жеріме,
Құт –береке боп келгейсің еліме!
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің мені де.

3 – оқушы Салтанат

Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, жүгірдім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Аяз атаны қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Ән тыңдасам мен бүгін,
Зияным тимес, халайық.

Жалпы ән : Саламат па Аяз ата ?


Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4-пен 5-ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан


Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.
Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршап та қалдық. Енді бізге қай төрден орын табылады екен?
Жалпы ән : Ақша қар.

Жүргізуші: 

Қош келдіңіз Аяз Ата,
Қарсы аламыз орын беріп.
Ән салыңыз бізбен бірге,
Би билеңіз бізге еріп.
 Жүргізуші: 

Ортамыз нұрға толып, 
Төрт құбыламыз түгел болды.

Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар. Ендеше келесі кезекті әр сыныптың әзірлеп отырған ерекше нөмірлі мерекелік кештегі қойылымдарына берейік.

Жүргізуші: Олай болса, кешіміз одан әрі жалғасын табады. Ортаға 3Б сыныбының жас таланттарын шақырамыз!

  1. ______________________________

  2. ______________________________

  3. ______________________________

  4. ______________________________

  5. ______________________________

Жүргізуші: 

Биіктерге құлаш сермейді,

Шарықтап көкке өрлейді.

Өтсе де қанша ғасырлар,

Халық мұрасы өлмейді. Кешегі сайын дала төсінде қырандай самғап, еркіндікте өмір сүрген бабалар мирасы - халық биі Қара жорға қарсы алыңыздар!


"Қара жорға" биі (Барлық сыныптар қосыла)

Жүргізуші: 

Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй, - деп Алаш жұртына есімі мәшһүр болған ғасырлар тоғысындағы ұлы тұлға Абай атамыз айтқандай, әнді Абайша сүйіп бүгінде өз өнерін халқына паш етуге 3 сынып оқушыларына ... микрофон ұсынамыз!


Ән: ″ Аяз ата сенде ″ ХОР

Жүргізуші

Ақынбыз асау - біз деген,

Өмірден сәуле іздеген.

Қызыл көйлек кигенім,

Қызылға құмар қыз деген, - деп ақындықтың биігіне ұмтылып қара өлеңнің қадірін жастайынан біліп өскен кешегі өткен ұлылардың ұрпақтары кешімізді әрі қарай жалғастырар:

3 сынып қыздарының

3 А ″ Қуыршақтар ″ биі

3 Б ″ Радуга ″ биі


Жүргізуші: 

Сыр қалмасын көңілде ақтарылмай,

Бақытын өз елінде тапқан ұдай.

Тай құлындай жарысып бірге өскен,

Балауса балалықтың шақтарындай, - демекші ағылшын пәнінен қойылым!

( 3 сынып )


Жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық 
Әндетейік, жырлайық 
Ортамызды ашайық 
Ырыс тілеп бұл жылға 
Жырдан шашу шашайық!
Ән орындалады


Жүргізуші : Ал енді кезекті келесі ойынға береміз. Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады. Мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер құраған жұп бұл шарлардың біреуін таңдап, қолдың көмегінсіз шарды жаруыңыз керек, және де аяқ киіммен де басуға болмайды. Айланы өздеріңіз ойлап табасыз. Шарды жарып болған соң, қағаздағы тапсырманы орындайсыз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз.

Жүргізуші :  Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық. Ал , енді ойынды бастайық. Сұрақтарды оқиық.
Ойын шарттары: 1. Лимонның жартысын қантсыз жеу керек. 
Осы отырған
барша қонақтарға жаңа жылға арнап жылы сөздер айту керек.
2. Қаппен секіру . Қоянның қимылын келтіріңіз.

3. Доппен секіру (Ойын біткен соң)

3 ″А″ Би : ″ Қызыл шұнақ ″

Жүргізуші : Мына дорбада әртүрлі сөздер бар. Сіздер сол сөздерді алып рет-ретімен ән айтасыздар және би билейсіздер. Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие боласыздар . Бастайық!
Ән: 1. Жаңа жыл 2.
Мектеп 3. Әке

  • Біздің мерекелік кешімізге келге ата – аналарды ортаға шақырамыз , өйткені келесі ойын ата –аналармен ойналады .

Би: 1. Қара жорға 2. Үнді биі 3. Өзбек биі

Жүргізуші : Ендеше келесі ойынымыз "Бірнеше сағыз шайнап Жаңа жылға тілек айту" деп аталады. 

3 ″Б″ .Би : ″ Джентельмендер ″

  • Балалар сендер мультфильмді жақсы көресіңдер ме ?

  • Ендеше келесі кезекті мультфильм әлемінен келген қонақтарға береміз.

  • Тасбақа мен Арыстан

Ақшақар: Балалар барлығыңыз да өнерлі екенсіздер. Ендеше бізбен бірге әсем шыршамызды айналып би билейік.

Жүргізуші :

Кел балалар ойнайық ,

Ойнайықта ойлайық .

Қандай жұмбақ болса да ,

Шешпей оны қоймайық .

Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына,
Бip-ақ рет келіп кетеді.
Қызы мен ұлына,
Сыйлық алып келеді.
/Аяз Ата/

Суды елекпен қалай тасуға болады? Жауабы: мұз қылып қатырып

Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады? Жауабы: Жол полициясы

Бір үйде елу батыр, үй сыртына сүйкенсе өліп жатыр? Жауабы: Сіріңке

Патша кімнің алдында тәжін шешеді? Жауабы: Шаштараздың

Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар? Жауабы: мен

Жеген сайын жылататын нәрсе? Жауабы: Таяқ 

Теңіздің суы неліктен тұзды? Жауабы: Балықтар иістеніп кетпеуі үшін

Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі? Жауабы: Ұзынағашта

Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
Жауабы : Қар
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.
Жауабы : Қырау
Тікен,тікен тік пістe.
Қысы жазы бip тусте
Жауабы : Шырша
3 Б сынып Жарқынбекқызы Айым биін қабыл алыңыздар

Ән ″ Шыршаға бардық ″ Әділжан Аружан

3 Б сынып hello_html_m5f51a032.gifҮнді ″ биі

3 А сынып ″ Шырша ″ биі


Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.
Ал енді біз жолға шығайьқ. Бізді басқа да сендер сияқты балалар күтіп отыр. Тағы да Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар, 
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар!
Аяз-Ата: Қош, сау болыңдар, балалар!

Қыз: Аяз ата мен Ақшақарды суретке түсуге шақырайық!

Жүргізуші : Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салдық, ендігі кезекте Жаңа 2016 жылдың Ханзадасы мен Ханшайымын анықтайтын кез де келді.

  • Қалай ойлайсыңдар осы кештің Ханзадасы мен Ханшайымы болуға бәріміз ылайықтымыз ба ?

  • Иә .

  • Ендеше бұл сайыста не жеңеді ?

  • Әрине достық жеңеді .

Ж үргізуші : Сонымен бүгінгі кештің Ханзадасы мен Ханшайымы ДОСТЫҚ.

Ендеше келесі кезекте орындалатын ән : Дос болайық бәріміз .

  Қыз: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Қалауын тап, қар үстіне қада гүл, 
Жүргізуші : Жаңа жыл, жаңа жыл.
Сан тілектің бастамасы ғана бұл.
Жүргізуші : Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп
Жер бетіне кереметті жина көп.
Жүргізуші: Ақ қауырсын қанатына қайғы емес
Түтін емес, рауан нұры жинап от.
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! 
Жүргізуші: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын. 
Жүргізуші: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!Танец Дружба






  1. Жаңа жыл

--------------------------------------------


2. Мектеп


----------------------------------------------

3. Әке


-------------------------------------------

  1. Қара жорға

------------------------------------------


  1. Үнді биі

------------------------------------------


  1. Өзбек биі

------------------------------------------








Қант зауыты орта мектебі







Қош , келдің

Жаңа жыл !







Жабаева Ж.Б









Қант зауыты орта мектебі







Қош , келдің

Жаңа жыл !







Нургалиева Г.Т



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Презентации
Просмотров90
Номер материала ДВ-389991
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх