Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Презентации / Презентация по воспитательному работу на тему"Құстар қайтып барады "

Презентация по воспитательному работу на тему"Құстар қайтып барады "

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


СВИДЕТЕЛЬСТВО СРАЗУ ПОСЛЕ ПРОСМОТРА ВЕБИНАРА

Вебинар «Подростковая лень: причины, способы борьбы»

Просмотр и заказ свидетельств доступен только до 22 января! На свидетельстве будет указано 2 академических часа и данные о наличии образовательной лицензии у организатора, что поможет Вам качественно пополнить собственное портфолио для аттестации.

Получить свидетельство за вебинар - https://infourok.ru/webinar/65.html

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:




Тақырыбы : Құстар қайтып барады .

Мақсаты:1) оқушыларға құстардың маңызы туралы түсінік беру;

                2) құстарға қамқорлық жасауға, құстардың адам өміріндегі маңызын сезінуге баулу; Оқушылардың құстарға деген сүйіспеншілігін, ой-өрісін, танымдық қабілетін, сана сезімін, сөздік қорын арттыру.

 3) Құстарды күте білуге үйрету, қамқорлыққа тәрбиелеу халық қазынасы мақал-мәтел, жұмбақ, болжамдарды пайдалана білуге үйрету.  

4) оқушыларды табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: құстар суреттері, табиғат туралы нақыл сөздер.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 


1– жүргізуші :

Біздің елімізде көктем шығысымен қайнаған еңбек басталады. Ол еңбектің нәтижелі болуына құстар көмегін тигізеді. Олар зиянды жәндіктерді, кенелерді, кемірушілерді құртып, егін мен орманды қорғайды.
Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде,
Біз қуанып қаламыз
Әнмен қарсы аламыз. – деп ақындар жырласа , ал енді бірі

  1. Жүргізуші

Көп күттірмей күз жетті

Жапырақтар сарғайып.

Құстар біткен қанатты,

Отанымен қош айтып ,

Туған жерін қимастан ,

Ұшып кетіп барады .- деп жырлайды екен .

1 – жүргізуші .Құстарды алып қарасақ, олардың қаншама сұлулары бар, сұлулық деген нәрсенің өзі табиғаттың көркі.

 (балалар ұяларды көтеріп кіреді)

2 – жүргізуші : Құрметті қонақтар 3 А сынып оқушыларының « Құстар қайтып барады .» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1 – жүргізуші .Біздің Республикамызда құстың 474 түрі бар.Бұлар көктем шығысымен сәуір айында біздің өңірге ұшып келеді.

- Құстар жыл сайын көптеген зиянды жәндіктерді, кенелерді, кемірушілерді құртып, егін мен орманды қорғайды.

2 – жүргізуші Құс табиғат байлығы. Құстарды қорғаңдар! Құстарға қамқорлық жасайық!

-Құстар, құстар келеді.

Жерді шуға бөледі.

Құрметпенен бас идік,

Құстарына көктегі.

(құстар ұшып келеді)

Босқа тұрып қалмайық,

Құстарды қарсы алайық.    (бәрі қол соғады)








Құстар әні хор

1– жүргізуші Құстар жануарлардың ішіндегі көп тараған түрі. Олардың табиғатта 9 мың түрі бар. Тіршілік ету әрекеттері әртүрлі, олар табиғат сақшылары. Құстардың пайдасы өте көп.

2 – жүргізуші

Күзім келді, сұлу қыздай жайқалып ,

Күміс қанат үйрек ұшты , қаз ұшты !

Күз шуағы, жан шуағы-бір шуақ,

Жырла, ақын, жырлар шаттық аз ба еді?

Мұғалім : Құстар нешеге бөлінеді? (2 топқа)

Құстар
Үй құстары Жабайы құстар

♦ Жыл құстары

Қараторғай, аққу, көкек, қарлығаш, бозторғай

♦ Қыстап қалатын құстар

Қарға, тоқылдақ, сауысқан, көгершін, торғай.
- Неге бұл құстарды «жыл құстары» деп атайды?
- Олар немен қоректенеді?
- Құстар табиғатқа қандай пайда келтіреді?
«Қарлығаш » әні орындалады .

Айкүн

Айнала шық болып жөнелді -
Қалды дала жалаңаш
Құстар қайда барады ,

Бұта да жоқ паналар .

Оларды жас достары,
Ұя жасап , қамқорлыққа алды.
ҚАРАТОРҒАЙ
Білгің келсе көп жайды,
Бақылап жүр торғайды.
Кіп-кішкентай сол құстар
Табиғатты қорғайды.
Пайдалы құс торғайды
Үркітуге болмайды.
Бұзсаң егер ұясын
Қайтып келіп қонбайды.
Кіп-кішкентай торғайды
Жақсы бала қорғайды.
Жасап берсек ұясын
Қыста олар тоңбайды. / Тамерлан /





КЕКІЛІК
Кекілік - ау, кекілік,
Тау - таста жүрер секіріп
Қауіп төнсе кенеттен
Бұтаға олар бекініп
Жылағата, Таскешу
Тоғайы толған кекілік
Кетіп барад әнеки
Тастан – тасқа секіріп / Ақнұр /



САУЫСҚАН
Селк етіп сырт дауыстан
Шықылықтайды сауысқан
Атамнаң жиған сымдарын,
Терекке тасып тауысқан
Жасаған өзі бастама
Бұл ісі үлгі басқаға
Үзік те жұлық сол сымнан
Алыпты басып баспана
Теректің басын мекендеп
Ұясын қойған бекемдеп.
Мәз болды атам:»Бұл құс та,
Шебердің өзі екен» деп / Аружан /

ҚАРҒА
Қарға, қарға, қарғалар
Қар үстінде жорғалар
Екі шоқып, бір қарап
Қара басын қорғалар /М.Айбек /

ТЫРНАЛАР
Тағдыры қимағанмен артық пішін
Тағдыры бермегенмен артық күшін
Ынтымақты - ау, тырналар, ынтымақты - ау,
Қарашы шіркіндердің тәртіптісін. / Ж . Айбек /


 « Торғай ағаш қорғайды » әні- Хор


1 – жүргізуші  Су айдындарының көркі-ару аққулар.Аққу киелі құс, жақсылық пен татулық символы.

Күй .Сәкен Тұрысбеков .Көңіл толқыны 01.09.20112

Көрініс: Аққу бейнесіндегі қос қыз бала шығады. Көңілсіз әуен қосылады. Бір бала садақпен аққуды атуға ыңғайланғандай болады, қазақтың ұлттық киімін киген бала жүгіріп шығып қолын қағып жібереді. Садақ ұстаған бала Әсет .











Ұлттық киім киген Әлтайыр :

Тиме аққуға!

Мендейлердің атын ал,

Түйесін ал.

Тиме аққуға!

Аққудың киесі бар.

Мендейлердің затын ал,

Биесін ал,

Тиме аққуға!

Аққудың иесі бар.

Тимендерші көлімнің көркі болсын.!

 

Аққулар:  / бірге /

Құс сұлуы аққумыз

Табиғат көркін сыйлаған.

 

Мылтығын кезеп еш мерген,

Атуға көзі қимаған.

 

Айгүл Үлкенбаева «Аққу» биі-орындайтын қыздар тобы.

- Балалар, енді біз құстар туралы жұмбақтар шешіп көрейік.
Қос қанатын иіп ап
Жарға келіп қонады
Қара киім киіп ап
Балшықтан үй салады (қарлығаш)

Тұмсығымен ояды
Ұя салып қояды
Табыңдаршы балалар
Ол қандай құс болады (тоқылдақ)

Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ (қарға)

Күндіз соқыр не деген
Түнде қандай көреген (үкі)

Бүріп қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай (әтеш)








Еркін самғап ұшсын деп
Мәпелейміз, баптаймыз
Бейбітшілік құсы - деп
Қайсы құсты мақтаймыз.(көгершін)

Айсана

Бейбітшілік құсы көгершін,

Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.

Аспан тұнық, шат көңілді болайық,

Ақ ниетті, адал жандар көбейсін.

«Ақ көгершін» әні – Хор

- Құстар табиғатқа қандай пайда келтіретінін білеміз бе?
 

- Құстар туралы біз не білеміз? Ендігі кезекті біз оқушыларға берейік олар құстар туралы қызықты мәліметтермен хабардар етсін :


Азат Т.

 1 оқушы: Құстардың ұясына тисуге болмайды. Ұя маңында жүрсең, құстар ұяға жоламай кетеді. Олардың жұмыртқалары суып кетеді. Балапандары өліп кетеді.

 1 оқушы: Аққу – сұлу әрі киелі құс. Аққуды атпайды. Аққу жалғыз жүрмейді, жалғыз өспейді. Аққу 300 жыл өмір сүреді .

1 оқушы: Қырғауыл – құйрығы ұзын, әсем құс. Әсіресе қоразы жалт-жұлт етіп құлпырап тұрады. Арқасы сары, бауыры қызыл қоңыр болады.


Смағұл С

2 оқушы: Көкек жұмыртқа баспайды. Ол өз жұмыртқасын басқа құстың ұясына апарып салады. Көкектің бір балапаны бір күнде 30 шегіртке, 43 жұлдыз құрт, зауға қоңызының 5 жұмыртқасын қорек етеді.

2 оқушы Ең ауыр құстар – дуадақ пен аққу. Олар 12-16 кг тартады. Ал жеңіл құс шымшық. Ол 6 грамм тартады.

2 оқушы: Африкада ғажап ұя жасайтын, құрылысшы құстар көп. Олар көп қабатты ұя соғады. Ұяның қалыңдығы 2 метр, үсті тегіс болады. Ішінде 10 шақты бөлме әзірленген. Өзі жеке бөлмеде тұрады.


Ерланқызы А

3 оқушы: Индияда тігінші торғайлар мекендейді. Ұясы жерден онша биік болмайды. Тігу үшін жерден тауып алған жіпті пайдаланады. Үшкір тұмсығы иненің орнына жүреді. Ұя құламау үшін бұтаққа байланыстырады.

3 оқушы Қарлығаштар шыбындарды, масаларды аулай жүріп, ауада ұшумен өткізеді. Жемдерін жер бетінен аспанға шарықтай ұшып, қуып жүріп ұстайды. Бір қарлығаш жаз бойы 1 миллион құрт жейді.

3 оқушы . Жеркөкек сағатына 20 км жүгіреді. Тоқылдақ күніне үш жүздей құрт –құмырсқа жейді.


«Ақ көгершін биі » биі – қыздар тобы .







Мұғалім: Халқымыз құстардың ұшуы, қонуы, келуіне қарап ауа райын болжаған.

Тілеуберді Ә .

1.      Қарлығаш өрлеп ұшса, күн жылы, құрғақ болады. Ал жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады.

1.    Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.

1.     Жаңбыр жауарда қарғалар у да шу болады.

Арипжан А:

2.     Шымшық ұя салса, қыс қатты болады. 

2. Қаз немесе әтеш бір аяғымен тұрса, аяз болады.

2. Егер торғайлар қосылып шықылдаса, ауа райы жылы болады.

Тоқтар Ә

3. Көкек қатты, әрі жиі шақырса күн жылынады.

3 Сауысқан шатыр астына тығылса, боран болады.

3     Құстар көңілдене сайраса, күн ашық болады.


 Мұғалім : Блиц-турнирға арналған сұрақтар:

1.     Қай құстың қанатындағы қауырсындары балық қабыршағы секілді?(пингвин)

2.     Қай құстың тілі өте ұзын? (тоқылдақ, тілінің ұзындығы 15 см.)

3.     Қазақ халқы қай құсқа тазалық пен сұлулықтын символы ретінде қарайды? (аққу)

4.     Қай құс ұша алмайды? (түйеқұс)

5.     Қай құстарды саятшылыққа пайдаланады? (бүркіт, ителгі)

6.     Жер шырында құстардың ең көп тараған түрі (үй тауықтары мен торғайлар)

7.     Қай құс ұя жасамай жұмыртқасын басқа ұсақ құстардың ұясына салады (көкек)

8.     Қазақ халқы бұл құсты киелі санап, қауырсынын домбыраға, жас нәрестенің бесігіне тағады. Бұл қай құс? (үкі)

9.     Басқалармен салыстыруға болмайтын тамаша ән салатын құс? (бұлбұл)

10. Қай құс сөйлей алады? (тоты)

11. Қай құсты балықшалар су санитарлары деп атайды? (шағала)

 

Көрініс «Аңшы мен бала» / Нұрсұлтан –бала , Қасым – аңшы /

Аңшы: Құс аулауға шығамысың?

Бала: Шығамын.

Аңшы: Атқаныңды жығамысың?

Бала:Жығамын.

Аңшы: Мә, мылтығым, атамысың?

Бала: Атамын.

Аңшы: Сен атып қайт, мен демаламын...

Аңшы: Құсың қайда?

Бала: Атпадым.

Аңшы: Құс көп еді ғой!








Бала: Көп екен.

Аңшы: Неге атпадың?

Бала: Түк дәлелім жоқ екен.

Аңшы: Атуға қимадың ба?

Бала: Қимадым. Туған жердің құстарын мен сыйладым.

 - Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,

Жаным сенен жаратылған өлкемсің.

 -  Қандай жақсы Қазақстанда туғаным!

О, туған жер! Тамашасың, көркемсің!

 Мұғалім: Құстар-достар. Қыста құстарға жақсылық жасасаң-жазда жақсылығынды өтеп береді.

(Ұяны жасау жолдарын түсіндіру)

Құстар тойын құттықтап

Қуанамыз, қолдаймыз.

Ұя жасап ұқыптап,

Біз оларды қорғаймыз.

Мұғалім: Құрметті достар, адамзаттың досы жыл құстарын салтанатты түрде шығарып салайық ./ Қараторғай, аққу, көкек, қарлығаш, бозторғай /
Ал , туған жеріне қыстап қалатын құстардың барлығына қамқоршы болайық қамқоршы болайық!

Ақнұр

1) Жарайсыңдар, балалар!

     Ей, қазақтың ұланы,

    Болғайсың дала қыраны,

   Жер-суын қорғау елімнің

   Емес пе басты ұраны!

- Мен өскенде  құстарды, аңдарды қорғаймын!

 

- Мен өскенде теңіз,көл жағалауына ағаш, гүлдер өсіремін!

 

-Мен өскенде табиғатқа қамқорлық жасаймын!

Құстар қайтып барады . әні хор

Әділжан Аружан

Мұның бәрін біле бермес надандар,

Қайта түгел құртайық деп жалмаңдар.

Барлығыңа бүгін тағы айтарым:

Табиғатты қадірлейік, Адамдар!- дей отыра бүгінгі тәрбие сағатымыз осымен аяқталды . Назарларыңызға рақмет .!















Қант зауыты орта мектебі
















Құстар қайтып барады .













Ж.Б.Жабаева


















Құстар – біздің досымыз.



Құстардың ұясын бұзба, жұмыртқасын жарма.


Құс досымыз, қорғаймыз біз,
Сүп - сүйкімді сүйеміз құстарды біз Ағаш ұя жасаймыз ақ көңілмен

Қанатты туысқанды қолдаймыз біз





Мұның бәрін біле бермес надандар,

Қайта түгел құртайық деп жалмаңдар.

Барлығыңа бүгін тағы айтарым:

Табиғатты қадірлейік, Адамдар!





Құстар тойын құттықтап

Қуанамыз, қолдаймыз.

Ұя жасап ұқыптап,

Біз оларды қорғаймыз.






 






Құстар – біздің досымыз.

Құс қанатымен ұшады,

Құйрығымен қонады.





Ит тамағы үшін жүгіреді ,

Құс тамағы үшін ұшады











Өлеңге енсе, сөз сұлу.
Аққу жүзсе, көл сұлу.









Құс терісіне қарай сұлу,
Адам ісіне қарай сұлу.






Бет алды ұшқан құс,
Қонарға тал
таппас.










Құстың тілін құс біледі.











Құс та өз ұясына қарай ұшады.










Ескексіз қайықшы –

қанатсыз құс.




Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Презентации
Просмотров131
Номер материала ДВ-389972
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх