Инфоурок Классному руководителю СтатьиПрезентация по зниание о мире на тему "Өсімдіктердің көбеюі" (2 класс)

Презентация по зниание о мире на тему "Өсімдіктердің көбеюі" (2 класс)

Скачать материал

Күні: 23.02.2016

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 2 «Ә»

Тақырыбы: Өсімдіктердің көбеюі

Мақсаты: а)білімділік: Өсімдіктердің көбеюінің тек қана тұқымнан емес, басқа да көбею түрлерімен таныстыру. Өсімдіктердің жер астындағы бөліктері арқылы көбеюі түрлерімен таныстыру және өсімдік жайлы жалпы білім - біліктерін қайталау, пысықтау.
ә) дамытушылық: Оқушыларды тақырыпты өздігінен оқып, түйін сөзді таба білуге машықтандыру. Оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету.
б) тәрбиелік: Әр өсімдіктің өзіне тән қасиетін білуге және олардың қандай пайдасы бар екендігін аша келе, табиғатты сүюге, өсімдікті күтуге баулу. Өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншіліктерін ояту. Өсімдіктерді қорғай білуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бір жылдық және екі жылдық өсімдіктер,көкністер, стикер, смайликтер

Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, тест, сұрақ – жауап, INSERT әдісі,топтық жұмыс
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Табиғат біздің анамыз

Табиғатқа баламыз

Иіліп сәлем береміз

Біз әдепті баламыз

Оқушыларды 4 топқа бөлу, сабақ,тамыр,жапырақ,жемістің суреттерін таңдап алады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек тақырыбының мазмұнын 2-3 баладан сұрау. Қалған балаларды тест жұмысы арқылы бағалау.

Тест

1. Өсімдік – тірі ағза. Өйткені...
а) Өсімдік өседі, өнеді, қурайды
б) Өсімдік - өлі табиғатқа жатады.
в) Өсімдіктердің пайдасы өте аз.
2. Өсімдікке тірі ағза ретінде не керек?
а) ауа, жайлы жер, бөлме
б) ауа, жылу, жарық, су, топырақ
в) тамақ, су, топырақ
3. Өсімдік мүшелері қалай бөлінеді?
а) тамыр, жеміс, сабақ
б) тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым
в) тамыр, жапырақ
4. Жапырақтың қызметі...

а) Өсімдік бойындағы су жапырақ арқылы буланады

б) Өсімдіктің мүшелерін бір-бірімен жалғастырып тұрады

в)Қоректік заттар жинайды

5. Жапырақ қоректі қайдан алады?

а) тамырдан

б) жемістен

в) сабақтан

ІІІ. Жаңа сабақ

Миға шабуыл. Оқушыларға интерактивті тақтадан бейнебаян көрсетіледі.

-Ал енді балалар, осы бейнебаяннан не түйдіңдер?

-Кімнің қандай ойы бар?
-Өсімдіктер қалай көбейеді екен?

Кіріспе әңгіме. Көбею – барлық тірі табиғатқа тән қасиет. Өсімдіктердің көбеюін 1 сыныптан есімізге түсірейікші. Топыраққа еккен тұқымнан жаңа өсімдік өніп шығады. Осылай өсімдіктердің жер бетіндегі тіршілігі жалғасады. Өсімдіктер 4 түрлі жолмен көбейеді екен

D:\Documents and Settings\1\Рабочий стол\АШЫК САБАК\9-638.jpg

Біздің елімізде өсімдіктердің түрі өте көп. Өсімдіктердің тіршілік ету мерзімі әр түрлі. Кейбір өсімдіктер бірнеше ай, енді біреулері ұзақ уақыт тіршілік етеді. Мысалы қызғалдақ жер бетіне өсіп шығады, гүлдейді, тұқым береді де, қурап қалады. Сонда ол бір жыл ғана тіршілік етеді. Мұндай өсімдіктерді бір жылдық өсімдіктер дейді.

Олай болса мына бейнебаянға назарымызды салайық (бейнебаян көрсетіледі)

Сәбіз – екі жылдық өсімдік, ол екінші жылы ғана гүлдейді.Бірінші жылы, тамырына қоректік заттар жинайды.Кейбір өсімдіктер - көп жылдық, олар бірнеше жыл тіршілік етеді. Бақбақ сияқты көптеген шөптесін өсімдіктер, ағаштар, бұталар көп жылдық өсімдіктерге жатады.

(Балалар бір жылдық және екі жылдық өсімдіктердің түрін көзбен көріп, қолмен ұстап танысады)

Сұрақ-жауап

-Балалар біз күнделікті осы көкөністерді пайдаланамыз. Әр көкөністің қандай пайдасы бар екенін білеміз ба?

( Әр топтағы оқушылар өз ойын айтады)

-Жарайсыңдар, балалар! Ал енді осы тұрғыда біздің достарымыз бізге әлемдегі таңғажайып мәліметтерді бизбен бірге бөліскісі келеді екен.Қане, құлақ салып тыңдайық.

Табиғат дүниесінде адам баласы құпиясын ашып болмайтын таңғажайып құбылыстар жетерлік. Солардың бір саласы - өсімдіктер әлемі. Талайды таңдай қақтырған тылсым да үрейлі әрі қызықты алуан түрлі ағаштар жайлы болмақ.

  1. Қан сорғыш терек. Ауғанстанда өзгеше қан соратын терек бар. Оның биіктігі екі метр, жуандығы 10см. Қорқыныштысы жапырағына қол тиіп кетсе болды, дереу жабыстырып алып, қанын сорып, ақжемін шығарады екен.. Міне, бұл күні бүгінге дейін құпиясы ашылмаған сырлы ағаш.

  2. Кір кетіргіш ағаш. Алжирде таңғажайып, қабығы қызыл, бұтағы жуан, жапырағы қалың ағаш бар. Тұрғындар кірлеген киімдерін ағашқа орап қойып, бірнеше сағаттан соң, таза сумен шайып жіберсе болғаны, киім тап-таза болып шыға келеді екен. Негізінде бұл ағаштың қабығында сарғыш түсті сұйықтық бөліп шығаратын көптеген ұсақ тесіктер бар болып, ал сұйықтықтың құрамындағы сілті тазартқыш рөлін атқарады.

  3. Ауа-райын болжағыш емен. Индияда көптеп кездеседі. Оның жапырағының түсі ауа-райының өзгерісіне қарай құбылып тұратындықтан, «Ауа райынан мәлімет беретін ағаш» деп аталған.Жапырағы қызарса, жаңбыр жауатынын білдіреді.Күн ашыларда жапырақ жасыл түске өзгереді. Егіншілер осыған қарай өз шаруаларына жоспар жасайды екен.

  4. Билейтін ағаш. Қытайдың көрікті Шишуаңбанна деген жерінде ежелгі орман ішінде билей алатын ағаш бар. Егер осы ағаштың қасында музыка таспасын қойсаңыз, ағаш музыка ырғағына ілесіп, биге басады.Егер солғын немесе шуылы көп музыканы қойсаңыз, ағаш билемей қояды екен. Сондықтан жергілікті тұрғындар оған «билейтін ағаш» деп ат қойған.


Ой – жүйрік. Топтық жұмыс
Әр топқа тапсырма беру арқылы постер қорғату. Оқушылар талқылап бір пікірге келеді.
Жұмысқа берілген уақыт 3- 5 минут.

1-топ. Мақал-мәтелді сәйкестендіру

2-топ. «Өсімдік» сөзіне ассоциация құру

3-топ. Бір жылдық және екі жылдық көкөністерді топтастыр

4-топ. «Мен өсімдікпін» тақырыбына шағын әңгіме жазу

-Жарайсыңдар, балалар! Сендер тапсырманы жақсы орындап шықтыңдар!

Сарамандық жұмыс. Қалемшеден немесе бұтақтан – кез келген ағаштан өскінді кесіп алуға болады. Мен сендерге дайындап алып келдім. Енді осы калемшені бірге отырғызайық. (әр топтан бір баладан шығып отырғызуга көмектеседі).

-Балалар мен сендерге бұл калемшені күтіп, баптауға тапсырма беремін.

INSERT әдісі

Не білемін?

Не білдім?

Нені білгім келеді?







Үйге тапсырма: Қызылорда қаласында бір жылдық,екі жылдық,көп жылдық өсімдіктерді зерттеп, дәптерге түсіріп келу. Өсімдіктердің көбеюі тақырыбын мазмұндап келу.

Кері байланыс: Өздері қалаған смайликке стикерлерін жапсырады.



























Тест

1. Өсімдік – тірі ағза. Өйткені...
а) Өсімдік өседі, өнеді, қурайды
б) Өсімдік - өлі табиғатқа жатады.
в) Өсімдіктердің пайдасы өте аз.
2. Өсімдікке тірі ағза ретінде не керек?
а) ауа, жайлы жер, бөлме
б) ауа, жылу, жарық, су, топырақ
в) тамақ, су, топырақ
3. Өсімдік мүшелері қалай бөлінеді?
а) тамыр, жеміс, сабақ
б) тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым
в) тамыр, жапырақ
4. Жапырақтың қызметі...

а) Қоректік заттар жинайды

б) Өсімдіктің мүшелерін бір-бірімен жалғастырып тұрады

в) Өсімдік бойындағы су жапырақ арқылы буланады

5. Жапырақ қоректі қайдан алады?

а) сабақтан

б) жемістен

в) тамырдан


































Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по зниание о мире на тему "Өсімдіктердің көбеюі" (2 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 623 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.02.2016 1600
    • DOCX 116.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Манатова Раушан Едиловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Манатова Раушан Едиловна
    Манатова Раушан Едиловна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18766
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 33 регионов

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 25 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 767 человек из 71 региона

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе