Инфоурок Другое ПрезентацииПрезентация "Послание Президента Казахстана 2017" (10 класс)

Презентация "Послание Президента Казахстана 2017" (10 класс)

Скачать материал
Скачать материал "Презентация "Послание Президента Казахстана 2017" (10 класс)"

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы2017 жылғы 31 қаңта...

    1 слайд

    Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
    2017 жылғы 31 қаңтар 
    «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

  • 2 слайд

  • Президент Қазақстанда өнеркәсіптік революция жасауды тапсырды

    3 слайд



    Президент Қазақстанда өнеркәсіптік революция жасауды тапсырды


  • "Биылғы 1 қыркүйекке дейін Үкімет әкімдермен және бизнес өкілдерімен бірлес...

    4 слайд



    "Биылғы 1 қыркүйекке дейін Үкімет әкімдермен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, Бірыңғай экспорт стратегиясын әзірлеуі керек", — делінген құжатта.


    Қазақстан президенті жанында экспорттық саясат жөніндегі кеңес құрылатын болады

    Қазақстан экономикасының алдында еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыру міндеті тұр, делінген Қазақстан президентінің халқына арнаған жолдауында. "Жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беруіміз керек. Бұл – өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалар", — делінген құжатта. Президент еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыру маңызды еп санайды.


  • 5 слайд

  • Бірінші байлық – денсаулық: Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесі реформалана...

    6 слайд



    Бірінші байлық – денсаулық: Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесі реформаланады


    "Үкімет қажетті деңгейде денсаулық сақтау саласын ақпараттандыруы керек. Бәсекелестікті дамыту үшін жеке меншіктегі медицина мекемелеріне ММСЖ жүйесі аясында тең жағдай туғызу керек", — делінген жолдауда.

    Президент үкіметке және әкімдерге кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырды. 2017 жылы баланың туылуына байланысты төленетін жәрдемақы мен зейнетақы 20%-ға өсіріледі Сондай-ақ, мемлекет басшысының пікірінше, заңнамалық тұрғыдан барлық дәрі-дәрмектің бағасын реттеуді енгізу қажет. Елбасы еске сала кеткендей, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 2016 жылғы деңгейден 20%-ға дейін арттырылады. Бұдан бөлек, базалық зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Оның көлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді. "Осы өсімнің барлығы 2018 жылы базалық зейнетақының жаңа мөлшерін 2017 жылмен салыстырғанда 1,8 есе арттыруға мүмкіндік береді", — делінген жолдауда.


  • Speak English: Қазақстанда бірқатар пәндер ағылшын тілінде өтеді

    7 слайд



    Speak English: Қазақстанда бірқатар пәндер ағылшын тілінде өтеді


  • Қазақстан президенті оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бет...

    8 слайд



    Қазақстан президенті оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттауды тапсырды


    "Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет", — делінген президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауына.

    Қазақстан цифрлық технологияларды дамытатын болады Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға,  ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет. Ол үкіметке тиісті ұсыныстар беруді тапсырды.  Үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшуде қазақ тілінің басымдығы сақталады. "Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды", — делінген жолдауда.


  • 9 слайд

  • ҚР президентінің жолдауы: өңірлер қаржылық дербестік аладыҚазақстан прези...

    10 слайд



    ҚР президентінің жолдауы: өңірлер қаржылық дербестік алады


    Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев министрліктер мен ведомстволардың қаражатты игеруінің тиімділігін тексеруді тапсырды
    Қазақстанның салық-бюджет саясаты жаңа экономикалық жағдайға бейімделуі тиіс, деп санайды республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев.  Мемлекет басшысының пікірінше, бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыру қажет.  ҚР-ның жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігі арта түседі "Біз 2017 жылы мемлекеттік даму бағдарламаларын қажетті ресурстармен толықтай қамтамасыз еттік. Министрліктер мен ведомстволардың қаражатты игеруінің тиімділігін тексеру қажет", — делінген президенттің ел халқына арнаған жолдауында. Назарбаев, республикалық бюджеттің 40%-дан астамын құрайтын Денсаулық сақтау,  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым министрліктерінен бастау керек деп санайды.


  • 11 слайд

  • Doing business: Қазақстанда өзіндік бизнес жүргізу рейтингі боладыМемлеке...

    12 слайд



    Doing business: Қазақстанда өзіндік бизнес жүргізу рейтингі болады


    Мемлекет басшысы үкімет пен әкімдерге биылғы 1 шілдеге дейін бизнесті қайта реттеу жөніндегі жүйелі шаралар әзірлеу міндетін жүктеді

    Елбасы үкіметке бизнес-ортаны түбегейлі жақсартуды және кеңейтуді тапсырды. "Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету. Бұл – өте өршіл мақсат, бірақ оған қол жеткізуге болады. Оны орындау үшін қазіргі кезеңде мынадай қадамдар жасалуы қажет", — делінген Қазақстан президентінің халыққа жолдауында. Елбасы еске сала кеткендей, оның тапсырмасы бойынша Үкімет биылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға кірісіп кетті.Бұдан былай Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады. "Шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керек. Бұл шараларды бизнес жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісін ұйымдастырумен қатар атқару керек", — деп атап өтілген жолдауда.


  • 13 слайд

  • Қазақстанның қаржы орталығын қайта жаңғырту күтедіҚазақстан президенті Нұ...

    14 слайд



    Қазақстанның қаржы орталығын қайта жаңғырту күтеді


    Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банкке банк секторын қалыпқа келтіру жөнінде шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды

    Қазақстан үкіметінің басты міндеті — ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тарту.  "Бүгінде Ұлттық банк алдында инфляциялық таргеттеу режімін дамыту жөніндегі маңызды міндет тұр. Орта мерзім ішінде инфляция деңгейін кезең-кезеңмен 3-4%-ға дейін төмендетуге қол жеткізуіміз керек", — делінген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауына.. Елбасының пікірінше, еліміздің қаржы секторын "қайта жаңғырту" қажет.  Халық банкі мен Қазком мәміле туралы алдын ала талқылаудың басталғанын мәлімдеді Ол Ұлттық банкке банк секторын қалыпқа келтіру жөнінде шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды. "Банктердің балансын тиімсіз несиелерден арылту жұмысын жеделдетіп, қажет болған жағдайда олардың капиталын акционерлер тарапынан арттыруды қамтамасыз ету керек. Банктердің ахуалына жедел бақылау орнату үшін Ұлттық банкке көбірек құқық берген жөн. Ұлттық банк банктердің қателік жіберуін күтпей, оларға ықпал ететін шаралар қабылдау үшін формальді көзқарастан ықтимал қатерлерге жол бермейтін қадамдарға көшуге тиіс", — делінген жолдауда.


  • 15 слайд

  • Оқы, оқы және оқы: Қазақстан еңбек нарығын жаңғыртадыҚазақстанда барлық е...

    16 слайд



    Оқы, оқы және оқы: Қазақстан еңбек нарығын жаңғыртады


    Қазақстанда барлық елді-мекендер мен бос жұмыс орындары бойынша бірыңғай онлайн платформа құрылады
    Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке еңбек нарығын жаңғыртуды тапсырды. "Жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босап қалатын болады. Сонымен бірге, жаңа индустрия құрып, дамыту жұмыспен қамтудың және азаматтардың нақты табысын өсірудің қосымша мүмкіндігі болуға тиіс", — делінген Елбасының халыққа жолдауында. Президент үкімет пен әкімдерге еңбеккерлердің басқа салаларға басқару аясында ауысуы үшін жағдай жасауды тапсырды. Бастық болсам ғой: Қазақстанда кім қанша ақша табады "Біздің ірі кәсіпорындар әкімдіктермен бірлесе отырып, тиісті жол карталарын әзірлеуі керек. Онда қысқартылатын жұмысшыларды қайта даярлау, оларды әрі қарай жұмыспен қамту үшін бірлесіп инвестиция салу жайы қарастырылуы қажет. Басы артық жұмыс күші бар өңірлерден басқа жерлерге, сондай-ақ, ауылдардан қалаларға жұмыс күшін ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету керек", — делінген жолдауда.   


  • 17 слайд

  • Өз үйім – өлең төсегім: Қазақстан құрылыс секторына баса назар аударадыҚа...

    18 слайд



    Өз үйім – өлең төсегім: Қазақстан құрылыс секторына баса назар аударады


    Қазақстан президенті құрылысқа жаңа технологияларды енгізуді тапсырды

    Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, құрылыс секторы отандық экономиканың толыққанды драйверіне айналуға тиіс.   Қазақстанда "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасының тұжырымдамасы даярланды "Жол, тұрғын үй және басқа да инфрақұрылым құрылысына инвестиция сала отырып, біз қалаларымыздың ұзақ жылдарға дейін сыртқы және технологиялық келбетін айқындайтынымызды ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан құрылысқа да, құрылыс материалдарын өндіру саласына да жаңа технологияларды енгізу керек. Ол үшін бізде қазір жақсы мүмкіндіктер бар", — делінген Елбасының халыққа жолдамасында.


  • 19 слайд

  • Нан кәрзеңкесі: Қазақстан бүкіл Еуразияны тойдыра алдадыҚазақстан ауыл ша...

    20 слайд



    Нан кәрзеңкесі: Қазақстан бүкіл Еуразияны тойдыра алдады


    Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортынан сапалы өңделген өнімдерді жеткізуге өтпек

    Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек, деп санайды республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев. "Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. "Made in Kazakhstan" бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс" – делінген ел президентінің Қазақстан халқына арнаған жолдауында.  Қазақстан рекордтық астық жинады Елбасының пікірінше, Қазақстан астық өнімдері бойынша біз Еуразияда "нан кәрзеңкесі" болуы керек. "Шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығаруға көшу қажет. Тек сонда ғана біз халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті бола аламыз", — деген сенім білдірді ол.


  • 21 слайд

  • Қазақстан транзиттік тасымалды көбейтедіҚазақстан транзиттік тасымалдан тү...

    22 слайд


    Қазақстан транзиттік тасымалды көбейтеді


    Қазақстан транзиттік тасымалдан түсетін кірісті ұлғайтуды көздейді

    Жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту – Қазақстан экономикасының дамуының маңызды басымдықтарының бірі. АО "НК "КТЖ" ҚТЖ Қазақстанда жолаушылар пойыздарының артуына дайын Оған қазірдің өзінде қомақты инвестиция жұмсалды. "Енді одан экономикалық қайтарым ала бастау қажет", — делінген Елбасының жолдауында. Президент үкіметке 2020 жылға қарай транзиттік тасымалдың жылдық көлемін: контейнерлермен тасымалданатын жүктер үшін 7 есе – 2 миллион контейнерге дейін; жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдауды 4 есе – 1,6 миллион транзиттік жолаушыға дейін арттыруды тапсырды


  • 23 слайд

  • Қазақстан өзінің шикізаттық базасын ұлғайтпақ
Қазақстан президенті Жер қ...

    24 слайд




    Қазақстан өзінің шикізаттық базасын ұлғайтпақ



    Қазақстан президенті Жер қойнауы туралы жаңа кодексті қабылдап, салық заңнамаларына қажетті өзгерістер енгізуді тапсырды.
    2017 жылдың соңына дейін Қазақстанда Жер қойнауы туралы жаңа кодекс қабылданатын болады.  "Экономикалық өсімнің тұрақтылығы үшін елдің тау-кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендері өзінің стратегиялық маңызын сақтауға тиіс", — делінген ел президентінің Қазақстан халқына арнаған жолдауында.  Шикізат бағасын ұстап тұру үшін Қазақстан уран өндіруді 10%-ға қысқартады Әлемдік сұраныс бәсеңдеп кеткен кезде, мемлекет басшысы, жаңа нарықтарға шығып, өнім жеткізу аумағын кеңейту керек, деп санайды. "Минералдық-шикізаттық базаны кеңейтуге баса назар аударылуға тиіс. Геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізу керек", — делінген жолдауда..


  • 25 слайд

  • Made in Kazakhstan: Қытай Қазақстанда өндіріс ашады
Қазақстан үкіметі 1 қ...

    26 слайд



    Made in Kazakhstan: Қытай Қазақстанда өндіріс ашады



    Қазақстан үкіметі 1 қыркүйекке дейін инвестициялық стратегия әзірлеуі тиіс

    Қазақстан өз аумағында Қытаймен бірлескен кәсіпорындар құратын болды.  Президент Қазақстанда өнеркәсіптік революция жасауды тапсырды "Біз тауар өндіру мен өткізу, қызмет көрсету ісін жаһандық желіге бейімдеуіміз керек. Мұны, ең алдымен, трансұлттық компанияларды тарту арқылы жасаған жөн. Қазақстанда өндірістер ашу жөніндегі Қытаймен бірлескен инвестициялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру керек. Қытай тарапымен уағдаластыққа қол жеткізілді. Нысандар белгіленді. Нақты жұмыс істеу қажет", — делінген мемлекет басшысының халыққа арнаған жолдауында.


  • 27 слайд

  • Қазақстан цифрлық технологияларды дамытатын боладыҚазақстанда IT-стартапт...

    28 слайд



    Қазақстан цифрлық технологияларды дамытатын болады


    Қазақстанда IT-стартаптар халықаралық технопаркін құру жоспарланып отыр.

    Қазақстанда цифрлық технологияларды дамытуды қарастыратын "Цифрлық
    Қазақстан" бағдарламасы әзірленеді.  "Біз цифрлық технологияны қолдану
    арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды
    кешенді міндет", — делінген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына арнаған жолдауында.  Мемлекет басшысы, елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек деп санайды.  "Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты", — делінген құжатта. Назарбаев, Үкіметке "Цифрлық Қазақстан" жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырды. 


  • 29 слайд

  • Викторина

1)Қазақстан президентінің жолдауы-2017 қалай аталады? («Қазақстанн...

    30 слайд

    Викторина


    1)Қазақстан президентінің жолдауы-2017 қалай аталады? («Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»)
    2) ҚР Президенті қай күні жолдауын айтты (31.01.2017)
    3)Президенттін жолдауында неше приоритет бар? (5)
    4) Президент халқына,үкіметке қандай ең басты тапсырма қойды? (жаһандық жаңғырту)

  • Президент үкіметке: босқа жүруді доғару керекМемлекет-жекеменшік серіктес...

    31 слайд



    Президент үкіметке: босқа жүруді доғару керек


    Мемлекет-жекеменшік серіктестік Қазақстандағы инфрақұрылымды дамытудың негізі тетігі болмақ

    "Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясын кеңейту зор мүмкіндік береді. Бұл жерде әңгіме бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсету міндетін бизнеске беру ісіне қатысты болып отыр", — делінген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында. Мемлекет басшысы, елімізде оларды мектепке дейінгі білім беру ісіне тарту саласында жақсы нәтижелерінің бар екенін атап өтті. Өткен 3 жылда мемлекет 40 мың орынға арналған 189 балабақша салса, жекеменшік сектор 100 мың орынға арналған 1300 балабақша ашты. Жекеменшік балабақшалардың ең көбі Оңтүстік Қазақстан (397), Алматы (221), Қызылорда (181) облыстарында ашылды. "Мен үшін осы сектордағы мемлекет-жекеменшік серіктестігінің үлгісі өте маңызды. Бұл аса маңызды жалпыұлттық міндеттердің бірі – 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен 2020 жылға қарай жүз пайыз қамту мәселесін мемлекет пен бизнес бірлесе шешіп отырғанын көрсетеді", — делінген жолдауда.


  • Презентация дайндағандар:10 «А» сыныбының жаналық сектор мүшелері: Фазылжано...

    32 слайд


    Презентация дайндағандар:10 «А» сыныбының жаналық сектор мүшелері: Фазылжанов Айбек, Альмаганбетов Рамазан




    НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 168 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2017 2224
    • PPTX 1.7 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Касымов Азамат Даутович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Касымов Азамат Даутович
    Касымов Азамат Даутович
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20640
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой