Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Word. Құрма - құнардың қайнар көзі ғылыми жоба 35 бет
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Word. Құрма - құнардың қайнар көзі ғылыми жоба 35 бет

библиотека
материалов

Құрма – құнардың қайнар көзі


МАЗМҰНЫ



І. Кіріспе …..............................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім


2. 1 Құрма өсімдігіне сипаттама және оның тарихы.........................5

2. 2 Сан түрлі дерттің шипасы — құрма.............................................8

2. 3 Құрманың  медициналық тұрғыдан пайдалары......................16

2. 4 Құран және құрма...........................................................................19

2. 5 Адам баласы мен құрма ағашының 7 ұқсастығы ...................27

2. 6 Аманат құрма хикаясы ................................................................30


ІІІ. Қорытынды ......................................................................................34

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................35





Кіріспе бөлім

«Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады»

(халық даналығы).


Бүгінде экология туралы айтып, жазып және теледидар бойынша көрсетуде. Экология ғылыми түсінік аясынан шығып кетіп және әрбір мемлекеттің және әрбір тұлғаның ойлауын және сол туралы қобалжуын тудыратын мәселе болып отыр. Біздің өзімізден басқа ешкім табиғатты, қоршаған ортаны, әлемді құтқарып қала алмайды. Көпшілік жағдай біздің өзімізге, біздің түсінігімізге және қоршаған ортаның сапасын сақтау құндылығына байланысты болып отыр.

Өсімдік - өмір нәрі, өмір сәні.

Өсімдіктер әлемі – тірі табиғаттың бір бөлігі. Өсімдіктер адам өмірімен және жануарлар әлемімен де тығыз байланысты. Табиғатта өсетін өсімдіктердің адамзатқа тигізетін пайдасы зор. Олардың кейбіреуін тамаққа пайдаланса, енді бір тобын әртүрлі шаруашылықта пайдаланады. Өсімдіктер адам өміріне қажетті ауаны оттегімен байытады. Өсімдіктер қалалар мен ауылдарды шаң - тозаңнан қорғайды. Яғни, өсімдіктер адам көңіл - күйіне ерекше әсер етеді. Бөлмеге жасыл өсімдік өсірсеңіз, өзіңізді бөлмеде емес, ерекше бір орында отырған сияқты сезінесіз. Өсімдік адамның денсаулығын нығайтып, бойына күш береді. Қоғамдық орындарда, бөлмелерде өсімдік өсірілсе, олардың хош иісі мен сәнді реңі адамның жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, көңіл - күйін шаттандырады. Адам өсімдіктерді сәндік үшінде өсіріп эстетикалық ләззат алады. Өсімдіктер айналадағы шуды да бәсеңдетеді. Ал шудың адамның жүйке жүйесіне жағымсыз әсер етіп, қан қысымын көтеретіні белгілі. Ағаштар жол жиегіне неғұрлым жиірек орналасса, соғұрлым дыбысты жақсы басады.

 Халқымыз өсімдіктердің пайдасын, қадір - қасиетін жоғары бағалаған, мысалы «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Ер - елдің көркі, орман - тоғай жердің көркі», «Дәрі - шөптен шығады, дана - көптен шығады», « Қораңда малың болсын, көшеңде талың болсын», деген мақалдар өсімдік атаулының ерекше қасиетті екенін дәлелдейді. Осындай даналық сөздерден табиғаттың көркі, сымбаты мен сұлулығы – өсімдіктер әлемін қорғау керек екенін ұғуға болады. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес. Сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің пайдасы зор.

Осындай адамзат баласы үшін маңызы зор, құнды өсімдіктер қатарында құрманы атауға болады.

Құрма – арабтардың күнкөрісінде  маңызды орын алатын  иісі мүлдем білінбейтін бірақ  дәмі тіл үйіретін  тәтті жеміс. Бұл жеміс тарихшылардың айтуы бойынша, адамзат тарихының  3500-4000 мың жыл бұрын пайда болған деседі. Құрманың 500-ге тарта  түрі субтропиктік және тропиктік аймақтарда таралған.

Зерттеудің мақсаты: Құрманың өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Құрманы тұрмыста пайдалану және оның емдік қасиеттерін ашып көрсету.

Міндеттері:

- Құрма өсімдігіне сипаттама жасау және оның тарихын танып-білу;

- Сан түрлі дерттің шипасы — құрма екенін анықтау;

- Құрманың  медициналық тұрғыдан пайдаларын зерттеп білу;

- Құран және құрма арасындағы байланысты айқындау;

- Адам баласы мен құрма ағашының 7 ұқсастығын зерттеп білу;

- Аманат құрма хикаясы туралы аңызға зер салу.






ІІ Негізгі бөлім


2. 1 Құрма өсімдігіне сипаттама және оның тарихы

Құрма — тік шаншылып, 24 метр биіктікке дейін өсетін құрма пальмасы. Құрма ыстық  климатты аймақтарда өсіріледі. Құрма өсіру шаруашылығымен айналысатын елдерге: Сауд Арабиясы, Ирак, Алжир, Мысыр, Судан мемлекеттері жатады. Құрма эбен тұқымдасына жататын туыс. Құрма туысына ағаштар және бұталы өсімдіктер жатады. Құрманың  500-ге тарта түрі бар.  Құрманың бойында көмірсулар (60-65%), мыс, темір, мырыш, кобальт, калий, фосфор, күкірт, бор, алюминий, кадмий, сонымен қатар тиамин, ниацин, рибофлавин, фолацин, пиридоксин, К дәрумені, тағамдық талшықтар, фтор, селен, пектин және аминоқышқылдардың 23 түрі бар. Кептірген жемісінде 52% қант, 48% глюкоза болады. Құрма тұқым күйінде және телу, ұластыру арқылы өсіріледі. Құрманы тұқымынан өсіргенде 5-7 жылда, ұластырылғандары 3-4 жылда жеміс береді. Ірі ағаштары жылына 250 кг-ға дейін өнім береді.

Салмағы 8 кг-ға дейін жететін бір шоғырына мыңнан аса жеміс бітеді. Әр ағашынан 40-80 кг жеміс алуға болады. Шамамен 150 жылға дейін өмір сүреді.

hello_html_5f09f5d8.jpg

Ғылыми деректер құрманың шыққан жері ретінде Парсы шығанағын көрсетеді. Жеміс өсетін құрма пальмасы – Африка мен Азияның шөлді аймақтарында көптеп кездеседі. Жергілікті тұрғындар құрманы «оазис патшайымы», тіпті кейде «өмір ағашы» деп атайды екен.

Ал араб халқының құрманы осыдан 5-7 мың жыл бұрын жеуге жарамды жеміс ретінде танығандықтары туралы мәліметтер бар. Ертеде әрбір араб сарбазы құрма ұзаққа сақталатындықтан және адамды аштыққа шыдамды ететіндіктен, соғысқа аттанар алдында екі қапшық құрма алып шығатын болған деседі.


hello_html_588b5ec.jpg

Ежелгі Египет қорымдарында құрма жемісінің суреттері жиі кездеседі. Кейбір қолжазбаларда Вавилонда құрмадан сірке суы мен шарап жасалғандығы да айтылады.

Бүгінде піскеніне, кепкеніне, көлеміне, пайдасына, дәміне, түр-түсіне қарай бөлгенде, құрманың 18-ге жуық түрі белгілі. Оның екі түрі кең тараған.

Жаңа піскені, кепкені, ірісі, кішісі, емге жарамдысы, дәмі, түр-түсіне қарай құрманың көптеген түрлері бар. Пайғамбарымыз әсіресе Мәдинада өсетін «Ажуа» деп аталатын құрма сортын жақсы көрген. Тіпті «Ажуа құрмасы – жәннаттағы жемістердің бірі» (Тирмизи, Тыбб, 22) деген. Осы себепті ажуа құрмасы әлі күнге аса көп сұранысқа ие.

Әжуа құрмасы. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) былай дейді: «Әжуа  жәннат жемісі. Ол улануға қарсы». Бұны бүгін  күніміздегі медицина ғылымы да дәлелдеп отыр. Тағы бір хадис шәрифте:  «Кімде-кім аш қарынға  күніге жеті әжуа құрмасын жесе, сол күні кешке дейін сиқыр мен уланудан құтылады, ал егер кешқұрым  жеті  әжуа құрмасын жесе таң атқанға дейін сиқыр мен уланудан құтылады», –  деген (Муслим). Бірде саңлақ сахабалардың бірі Саъд бин Әбууаққас (р.а) Меккеде  қатты науқастанып қалады. Пайғамбарымыз  (с.а.у) хал-жағдайын сұрай барып: «Сен жүрек ауруына шалдығыпсың»,– деп, Харис есімді дәрігерді шақыруды бұйырып, оған әжуа құрмасының жетеуін сүйегімен бірге сүт немесе майға араластырып қою күйінде жегізуін әмір еткен (Әбу Дәуід). Осыдан кейін Саъд бин Әбууаққас (р.а)  жазылған екен. Бұдан байқағанымыздай  әжуа құрмасының жүрекке де ем екенін көруге болады.

Бәрани құрмасы. Хижри VIII жылы Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) өзін зиярат етіп келген Абдулқайс тайпасының адамдарына сол аймақтағы құрмалардың түрлерін әңгімелеп, «Сіздерде өсетін құрмалардың ең жақсысы әрі ең пайдалысы аш адамды тойдырып, күш-қайратты арттырады, ауруды емдеп еш ауру туғызбайтын – бәрани деген құрма» деген. Абдулқайс адамдары елдеріне қайтқаннан кейін, бәрани деген құрманың түрін өсіруге арнайы көңіл бөліп, біршама уақыттан кейін біржолата құрманың осы бәрани түрін өсіруге ғана көшкен (Ахмад ибн Ханбәл).  







2. 2 Сан түрлі дерттің шипасы — құрма


Құрма – адамзат баласының барлығына танымал, ең көне жеміс болып табылады.  Өзінің нәзік, тәтті әрі құнарлы сипатымен қазіргі таңда да көптеген әлем елдеріндегі маңызы зор жеміс болып отыр.

hello_html_m6ec30bb4.jpg

Құрма – Құран аяттарында көп кездесетін жеміс түрі. Иман келтіргендерге Жәннатта әзірленген небір дәмді- тәтті астардың ішінде құрма да айтылады. (Рахман сүресі, 68 аят). Алла Тағала Құранда ерекше мән берген бұл жемістің химиялық құрамын зерттеген кезде көптеген пайдалы заттар анықталды.

Құрманың құрамында А,В1, В2, Е, С, Р дәрумендері, натрий, калий, магний, калций, темір, фосфат, қант, антиоксиданттар, органикалық қышқылдар, ақуыздар, көмірсулар бар.

Арабтар: «құрма жеңіз де, тісіңізді қорғаңыз» деп айтып жатады. Бұлай дейтіндері тегін емес, оның құрамындағы кальций мен темір тіс күтімі үшін аса қажет микроэлементтер екендігіне таласымыз жоқ.

Жеміс құрамындағы қанттар, әсіресе глюкоза, фруктоза және калий жүрек-тамыр жүйесін қамтамасыз етеді. Қан аздыққа да өте пайдалы. Жеміс бета-каротинге бай болғандықтан, көру қабілетін жақсартып, тыныс алу жүйесін қамтамасыз етеді.

Ол сергіткіш әсер беріп, жұмыс істеу қабілетін күшейтеді. Мамандар миға салмақ түсіретін, қарбаласта жұмыс істейтіндерге жемісті үзбей жеп тұруға кеңес береді. Ұмытшақ болсаңыз, құрмамен жолдас болыңыз.

Құрамындағы каротиннің көптігі теріге де пайдалы. Бетке безеу шыққанда, бетте ұсақ тесіктер пайда болғанда олармен бірден-бір күресуші құрма жемісі болып табылады. Бұл жемістен бетке маска жасаған да, денеге арналған гель қолданған да пайдалы. Ол денені ылғалдандырады және жасартады.

Әдетте, құрма кепкен және жаңа піскен түрінде сатылады. Оны сатып аларда қатты кіржиіп кетпеген болуына назар аударыңыз (тым тегіс құрма да жақсы емес). Құрманы тоңазытқышта бір жыл бойы, ал мұздатқышта бес жыл уақытқа дейін сақтауға мүмкіндік бар.


hello_html_c009f8.jpg

Ғалымдар бұл жемістің барлық жаңа қырын және таңқалдырарлық ерекшелігін әрі таңдаулы ас екендігін ғана емес, небір түрлі ауру- сырқаудың таптырмас емшісі екендігін анықтап отыр. Сондай-ақ Құран аяттары да біздің назарымызды құрманың адам баласына берер пайдасына аударуда. Мәриям сүресінен бір аят келтірер болсақ:

 «Сонда оны толғақ қысып, құрма ағашының түбіне барды да: “Әттең-ай! Мен бұдан бұрын өліп қана мүлде ұмытылып кеткен болсам еді”, - деді. (Періште) оның астыңғы жағынан: “Кейіме, Раббың астыңнан бір бұлақ жаратты” деп дабыстады.  “Құрманың бұтағын өзіңе қарай сілк. Саған жас құрма түседі” (деген үн келді). Ал енді же де, іш. Көз айым бол!...» (Мәриям сүресі, 23-26 аяттар).

Толғақ сәті келген кезде  Алла Тағала салихалы Мәриямға Иса Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) арқылы құрманың дәмін таттырды. Бұл Құрандағы әмір Иләһи даналықты меңзейді. 

Құрманың құрамында үлкен мөлшерде қант бар екен, яғни 60-65 пайыз. Бұл барлық жемістермен салыстырғандағы ең үлкен көрсеткіш.

Дәрігерлер әйел адамдарға жүкілік кезінде және де босанатын күні үзбей осы жеміс шырынын ішуге кеңес береді. Себебі,бұл жеміс шырыны ағзасы әлсіреген анаға күш береді, сонымен қатар босанушы әйелдің ағзасында жаңа туылған нәрестеге өмірінің ең алғашқы сәтінен бастап өте қажетті ана сүтін құрайтын химиялық реакцияның жүзеге асуын қамтамасыз етеді. 

Сондай-ақ босану кезінде әйел адам көп қан жоғалтатындықтан қанының құрамында қанттың мөлшері төмендеп кетеді. Құрма ағзадағы қантты толтырушы болып табылғандықтан, қан қысымының төмендеуін болдырмайды. Бұл жемістің құндылығы өте жоғары болғандықтан әлсіздік басқан және де сырқаттан әлсіреген жандарға да өте пайдалы. Өткені құрма адамның күш-қуатын қалпына келтіреді.

Бұл анықталғандарың барлығы Алла Тағаланың салихалы Мәриямға не себепті бұл жемісті жеуге әмір еткендегі даналығын көрсетеді. Себебі құрма ана ағзасына күш береді және де нәрестенің жағыз ғана қорегі болар ана сүтінің түзілуін жүзеге асырады.

Есте болар жайт, құрманың құрамында ойдың жүйелі болуына және денсаулыққа пайдалы 10 түрлі элемент бар. Бүгінде ғалымдар адам баласының тек құрма мен суды азық етіп, бірнеше жыл өмір сүре алатындығын анықтап отыр. Ашығу (диетология) саласының беделді маманы, доктор В.Х. Доусон бір құрма мен бір стақан сүт адамның ағзасын бір күндік қажетті заттармен қамтамасыз ете алады деген тұжырым жасаған.  

Сонымен қатар, құрмада ағзаға тез сіңетін және де жылдам ыдыраушы қант шырыны бар. Ол ағзаның белсенділігін арттырып, жылу күшімен қамтамасыз етіп отырады. Құрмадағы қант шырыны ағзада қант құрамын мөлшерден асырушы кәдімгі қанттан, глюкозадан айырмашылығы көп.  Қан құрамындағы қанттың көтерілуі бірнеше сырқаты бар жандар үшін өте қауіпті, соның ішінде қант диабеті кезінде. Қан құрамында қанттың көбеюі іш құрлысқа зиянын тигізеді. Ең бірінші бүйректің, көздің, жүрек бұлшық етінің жүйке талшықтарының қызметі бұзылады.

Қанттың көбеюі нәтижесінде көптеген аурулардың ауыр түрінің себебі және де көру қабілетінен айрылуға, мүшелердің жансыздануына, бүйрек ауруына және де қант диабетінің ауыр түріне апаруы мүмкін.

Құрмада көптеген дәрумендер мен минералды  заттар бар. Олар жасұныққа (клетчатка), майға және ақуыздарға бай. Құрмада минералды заттардан натрий, калий, кальций, магний, темір, күкірт, фосфор және хлор бар. Сонымен қатар, құрманың дәнінде А дәрумені, бетакаротин, B1, B2, B3 және B6 дәрумендері бар. Жүкті әйелдің ағзасына және жалпы адамның ағзасына құрмадағы дәрумендер мен минералды заттардың қалай әсер беретіндігіне бірнеше мысал келтіреміз:

- Құрма 50 пайыз қанттан құралған. Сондықтан да өте нәрлі. Ол ағзада тез таралады, қант шырыны жүйке жүйені тыныштандырады.  Құрма мидың қызметіне өте пайдалы, себебі 2.2 пайызы ақуыздан тұрады. Сондай- ақ А, В1 және В2 дәрумендеріне бай. Ақуыздар ағзаны жұқпалы аурудан қорғаушы қызметін атқарады. А дәрумені көз бұлшық еттерін жақсартады, сүйек және тісті қатайтады. В1 дәрумені ақуыздарды, көмірсуларды және майларды жойып, ағзадағы жасушалардың жаңаруын қамтамасыз етеді.

- Құрманың нәрлілігі тұқымдағы адам ағзасына қажетті минералды заттардың құрамына байланысты. Мысалы, жүкті және бала емізетін әйелдерге ең қажеті зат – фолий қышқылы. Бұл қышқыл ағзадағы жаңа жасушаның түзілуіне қатысушы маңызды дәрумен. Амин қышқылы – жасуша жаңару кезіндегі ағзадағы түзуші жабдық болып табылады. Жүктілік кезінде бұл қышқылға деген қажеттілік екі есе артады. В9 жетіспеген кезде ағзадағы эритроциттердің мөлшері көбейеді, алайда олардың құрылымдық белсенділігі төмендейді де қан аздыққа апарады. Сондай-ақ, бұл қышқыл (фолиевая кислота) жасушаның бөлінуі кезінде және де жасушаның құрылуы кезінде әрі нәрестенің анасының жатырында дамуы кезінде ана ағзасы осы


1. Адам секілді құрма ағаштарының да орташа жасы 60-70 жыл. Ал ең ұзақ ғұмырлысы 100-110 жыл.  

hello_html_66e04583.jpg

  2. Адам секілді құрма ағашының ең жемісті кезі 15-45 жас аралығында болады. 60 жастан кейін жеміс бермейді.    

hello_html_4325073.jpg

3. Құрма ағаштары да адам секілді еркек-ұрғашы болып бөлінеді. Адам шашы тәрізді еркектерінің жапырағы тік және қысқа болса, ұрғашыларынікі ұзын және төмен қарай жайылып өседі.      

hello_html_7e6c32f6.jpg

4. Олар өзге өсімдіктер секілді тозаңдау жолы арқылы емес, ұрықтандыру арқылы көбейеді. Еркегінің ұрығын алып, ұрғашысына салып, қолдан ұрықтандырылады екен.    

hello_html_m7d9ddc0.jpg

5. Жас ағаш ананың құрсағы секілді бүйірінен томпайым өсіп шығады. Белгілі бір уақыттан кейін ол ұрғашы құрма ағашының бүйірінен бөліп алынады да, жақын жерге отырғызылады. Егер анасынан алыс жерге отырғызылса, өліп қалады.    




Оқушы ғылыми жобасы туралы


Заман талабына сай оқушылардың өзіндік ізденімпаздық қырларын дамыта түсетін нәрсе – ғылыми жобалар. Осы мақсатта сараланып, жүйеленген ғылыми жобалар топтамасы оқушылардың тереңірек ізденуіне бағыт-бағдар береді.



Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.

Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.

Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.

Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы да ала аласыз!

Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!


13


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 19.07.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Научные работы
Просмотров476
Номер материала ДБ-144578
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх