Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Презентация, сабақ жоспары "2 санын қосу кестесі. Санның құрамы" (1 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Презентация, сабақ жоспары "2 санын қосу кестесі. Санның құрамы" (1 сынып)

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Матем 1 сынып.docx

библиотека
материалов

Тақырып: 2 санын қосу кестесі. Санның құрамы.

Мақсаты:

Білімділік: 2-ні қосуды және азайтуды тиянақтай түсу барысында 2-ні қосу кестесін құрастыру, қосылғыштардың біреуі 2 болып келген жағдайдағы санның құрамы жайлы оқушылардың білімін бекіту.

Дамытушылық: Танымдық және логикалық ой ұшқырлығын, шығармашылығын, интерактивті тақтамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Табиғатқа, жан-жануарларға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, ойын .

Пәнаралық байланыс: дүниетану, сауат ашу, бейнелеу өнері

Көрнекі құралдар: Интерактивтік тақта, орман, құстар, гүлдердің суреттері. Тапсырмалары бар үлестірмелі қағаздар, кестелер, семантикалық карта, сандар.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру барысы:

- амандасу

- түгендеу

- сабаққа дайындықтарын тексеру.

1) Психологиялық сәт:

Шаттық шеңбері
Қайырлы күн,достым,
Қайырлы күн болсын.
Сенбінің сәті.
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз.
Кілең бестік болсын!

-Ал, балалар орындарыңа отыра қойыңдар,қазір бізде математика сабағы.

- Ой, балалар, бізге бір құс хат алып келе жатқан сияқты .

(Интерактивті тақтадан тұмсығында хаты бар ұшып келе жатқан құс көрінеді)

Хатты ашып оқып көрейікші: (хатты оқушыларға оқыту)

-Құрметті балалар,сендерді ғажайып орманға қонаққа шақырамын, - Балқұмар қорбаңбай.

Балалар, орманға саяхатқа баруымыз үшін, өткен сабақтарда алған білімімізді пысықтап алуымыз керек.

ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.

а) Қай сандармен таныстық?

«Көршісін тап» ойыны
0...2...5,6...8..

«Сандарды тура және кері»
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10


б) Қызықты математикалық жұмбақтар:

1.Үш алманы бақтағы

Кірпі барып жинады.

Ең әдемі, тәттісін,

Ақ тиінге сыйлады.

Ыдыстағы алманың,

Санап көрші қалғанын! (2)

2.Төменде үш қаз ұшады,

Үшеуі бұлтты құшады.

Өзеннен көрдік үшеуін,

Айтшы, қаз нешеу екенін? (9)


в) Логикалық тапсырма:


?

  • - Қай жалауша жетіспейді? Алдарындағы параққа сызып көрсету.


г) Математикалық шынжыр.

Мен жалаушамен белгі берем.Алға!

+ - - + + =



Қолдарындағы сандармен жауабын көрсету.

  • Жарайсындар, балалар! Енді саяхатқа аттансақ та болады. Бүгін саяхат барысында сендермен 2 санын қосу кестесін құрастырып, 2 - ні қосу мен азайтуды тиянақтай түсеміз

Олай болса, бәріміз көзімізді жұмып саяхатқа аттанайық.

Мінеки, ғажайып орманға да келдік.Айналаға қараңдаршы, қандай әдемі: гүлдер жайқалып, түрлі-түсті көбелектер, құстар сайрап ұшып жүр. Бірақ бұл жерде бірдеңе жетіспей тұрған сияқты, балалар. Қане қарайықшы, не жетіспей тұр? (Аңдар)

-Олай болса, сапарымызды жалғастырайық, мүмкін аңдар алдымыздан шығатын шығар?

-Балалар, орман ішінде жүргенде қандай ережелерді сақтауымыз керек? ( Орманда от жақпау, қоқыс тастамау, ағаштарды сындырмау т.б.)

Алдымыздан қай аң шығады екен?

Оны білу үшін, мына жұмбақтың

шешімін табайық.

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады. Бұл қай аң?

hello_html_1af61121.jpg

Жұмбақ шешімі тапқан соң, интерактивті тақтадан қоянның бейнесі шығады. Қоян қандай аң? Немен қоректенеді?

ІІІ. Жаңа сабақ:

1)Қоянмен кездесу.

Балалар, қоян тапсырмамды орындамасаңдар әрі қарай өткізбеймін ,- дейді

Қоянның тапсырмасы:

0+2=2

1+2=3

2+2=4

3+2=5

4+2=6

5+2=7

6+2=8

7+2=9

8+2=10

-Балалар мына тапсырмаға қарап айтыңдаршы, бүгін біз не істейміз сабақта?(қосу кестесін құрастырамыз)

-2-ші қосылғышқа қараңдаршы,ол әртүрлі сан болады ма, әлде 1 сан ба?(1 сан)

-Кім байқады қай санды қосады екенбіз?(2 санын)

-Демек бүгінгі өтетін тақырыбымыз «2 санын қосу кестесі» екен

-Барлығы неше теңдік құрастырамыз?(8)

- Қай саннан бастаймыз? (1)

Олай болса, мен 1 санның орнына 1 қызыл дөңгелек алдым, 2-нің орнына 2 көк дөңгелек алдым.Барлығы қанша болды?

1+2=3


1) 2-нің қосу кестесін құрастыру.

2 оқушы тақтада орындайды.

1+2=3 5+2=7

2+2=4 6+2=8

3+2=5 7+2=9

4+2=6 8+2=10

Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға, қоян сәбіз сыйлайды.

Мына жұмбақты шешейік. Алдымыздан не шығады екен?

Киім киген инеден,

Қорқып ешкім тимеген.

hello_html_6ca63960.jpg

- Бұл қандай аң? (кірпі)


2) Кірпімен кездесу.

Сапарымызды әрі қарай жалғастыру үшін, кірпінің тапсырмасын орындауымыз керек.

Кірпінің тапсырмасы:


2)Оқулықтағы №3 тапсырма.Кестені толтыр.

Дұрыс орындаған оқушыларға кірпі саңырауқұлақ сыйлайды.


IV. Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Алақанымды ашамыз

Бесті беске қосамыз

Кел, санайық ал мұны,

Нешеу болды барлығы?

**************

Сағаттың тіліндей

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір,

Оң аяқ, сол аяқ

Жаттығу оңай - ақ

Алдымыздан не шығады екен? Жұмбақтың шешімін табайық.

Көзі өткір жұлдыздай,

Жүні жібек құндыздай.

Үлпілдеген киімі,

Көрдіңдер ме .......тиінді?

hello_html_m384345aa.jpg

Тиін қандай аң? Немен қоректенеді? Қайда жасайды?

3) Тиінмен кездесу.

Тиіннің тапсырмасы.

-Балалар  тақтада  қандай  геометриялық пішіндерді көріп  тұрсыңдар?

-Үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шеңбер, шаршы, көпбұрыш.

Сол пішіндерде  жазылған өрнектердің мәнін  ауызша  табайық.


Келесі жұмбақты шешсеңдер, алдымыздан не шығатынын көресіңдер.

Өзі қу, әрі айлакер,

Жүрген жері айқай да шу.

Түлкі қандай аң?

hello_html_m28ec8f12.jpg

4) Түлкімен кездесу.

Сурет бойынша теңдіктер құрастыр:

5 – 2 = 3 3 + 2 = 5

Тапсырманы дұрыс орындаған оқушылар түлкіден сыйға құлпынай алады.


VI.Жаңа білімді бекіту

5)Семантикалық картамен жұмыс.(Өзіндік жұмыс)

VIІ.Саяхаттан оралу. (Рефлексия)

  • Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тныс алуларыңды бақылап, бақытқа, қуаныш пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал, енді көздеріңді ашсаңдар да болады.


VII. Қорытынды:

-Балалар саяхат – сабағымыз сендерге ұнады ма?

-Орманда нелерді көрдіңдер?

-Нені үйрендік?


VIII. Оқушыларды бағалау, мадақтау.

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.Тапсырма орындауға қиналмаған оқушылар қызыл гүлді, қиналған оқушылар сары гүлді, ал орындай алмаған оқушылар көк гүлді көрсету.





















































Коммунар жалпы орта білім беру мектебі











Ашық сабақ тақырыбы:

























Күні: 12.12.2015ж.

Мұғалім: Кульманова М.С.

Сынып : 1 «а»

2015 жыл

Выбранный для просмотра документ Матем 1 сынып.ppt

библиотека
материалов
Білімділік: 2-ні қосуды және азайтуды тиянақтай түсу барысында 2-ні қосу кес...
Психологиялық дайындық:   Қайырлы күн,достым, Қайырлы күн болсын. Сенбінің с...
8 - 1 + 5 - 4 + 1 + 1 = ? 2
Сылдырдан қорқады, Шошынып жортады. Бұл қай аң?
17 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1
Описание слайда:

№ слайда 2
Описание слайда:

№ слайда 3 Білімділік: 2-ні қосуды және азайтуды тиянақтай түсу барысында 2-ні қосу кес
Описание слайда:

Білімділік: 2-ні қосуды және азайтуды тиянақтай түсу барысында 2-ні қосу кестесін құрастыру, қосылғыштардың біреуі 2 болып келген жағдайдағы санның құрамы жайлы оқушылардың білімін бекіту. Дамытушылық: Танымдық және логикалық ой ұшқырлығын, шығармашылығын, интерактивті тақтамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Тәрбиелік:Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ұйым - шылдыққа тәрбиелеу. Табиғатқа, жан-жануар – ларға деген сүйіспеншілігін арттыру.

№ слайда 4 Психологиялық дайындық:   Қайырлы күн,достым, Қайырлы күн болсын. Сенбінің с
Описание слайда:

Психологиялық дайындық:   Қайырлы күн,достым, Қайырлы күн болсын. Сенбінің сәті. Сәттілікке толсын! Біздің алар бағамыз. Кілең бестік болсын!

№ слайда 5
Описание слайда:

№ слайда 6
Описание слайда:

№ слайда 7 8 - 1 + 5 - 4 + 1 + 1 = ? 2
Описание слайда:

8 - 1 + 5 - 4 + 1 + 1 = ? 2

№ слайда 8
Описание слайда:

№ слайда 9 Сылдырдан қорқады, Шошынып жортады. Бұл қай аң?
Описание слайда:

Сылдырдан қорқады, Шошынып жортады. Бұл қай аң?

№ слайда 10
Описание слайда:

№ слайда 11
Описание слайда:

№ слайда 12
Описание слайда:

№ слайда 13
Описание слайда:

№ слайда 14
Описание слайда:

№ слайда 15
Описание слайда:

№ слайда 16
Описание слайда:

№ слайда 17
Описание слайда:

Автор
Дата добавления 07.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров332
Номер материала ДБ-014912
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх