Инфоурок Математика ПрезентацииПрезентация сынып сағаты «Теріден жасалған көне ыдыстар»

Презентация сынып сағаты «Теріден жасалған көне ыдыстар»

Скачать материал
Скачать материал "Презентация сынып сағаты «Теріден жасалған көне ыдыстар»"

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • «Теріден жасалған 
көне ыдыстар»

    1 слайд

    «Теріден жасалған
    көне ыдыстар»

  • Өзектілігі:	Қазіргі таңда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жастарды қолдап көптеген ст...

    2 слайд

    Өзектілігі:
    Қазіргі таңда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жастарды қолдап көптеген стратегиялық бағдарламалар ұсынуда. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, өзінің әлеуметтік, экономикалық, рухани байлығын арттырғысы келетін әрбір тұлға қай салада болмасын, халыққа пайдасы бар, тиімді технологиялар мен әдіс-тәсілдерді оқып-үйренуде. Менің бүгінгі алдарыңызға ұсынып отырған тақырыбым да, ең алдымен қарапайым халықтың ауқатын көтеруге тиімді деп ойлаймын. Егер осындай тақырыптармен мектеп оқушылары кәсіптік бағдармен дайындық ретінде танысып, практикалық
    жұмыстармен айналысып отырса, әр адам үшін
    қазіргі нарықтық заманда бұл іс кімге болмасын
    өз жетістігін берер мамандық боларына көз
    жеткізері анық.


  • Мақсаты:Қазақ халқының қазіргі күні ұмыт бола бастаған қолөнерін, оның ішінде...

    3 слайд

    Мақсаты:
    Қазақ халқының қазіргі күні ұмыт бола бастаған қолөнерін, оның ішінде теріден жасалатын ыдыстардың жасалу технологиясын, оның пайдасын, тиімділігін өскелең ұрпаққа дәріптеу.

  • БолжамКез-келген дамыған мемлекет  - өз өнеркәсібін, экономикасын, әлеуметті...

    4 слайд

    Болжам

    Кез-келген дамыған мемлекет - өз өнеркәсібін, экономикасын, әлеуметтік жағдайын арттыру барысында орта және шағын бизнестен бастау алғаны белгілі. Ал мұндай істермен айналысуға біздің мемлекетіміз бүгінгі күні үлкен мүмкіндіктер ұсынуда. Менің ойымша жан-жақты дамыған тұлға казақ халқының ертеден келе жатқан қолөнерін, оның ішінде теріден әртүрлі табақ-аяқ, ыдыстар жасаудың небір технологиясын жете меңгеріп, оны халықтың күнделікті өмірде, тұрмыста тұтынуға қажетті зат болатындай тауар жасай білсе, бүгінгі нарық
    заманында ол өзінің де мемлекетіміздің де
    әлеуметтік саласын едәуір дамытуға,
    экономикасының артуына мүмкіндік берер
    еді.


  • Зерттеу кезеңдері:Дайындық кезең: Тері ыдыстары туралы жалпы мағлұматтар жина...

    5 слайд

    Зерттеу кезеңдері:
    Дайындық кезең: Тері ыдыстары туралы жалпы мағлұматтар жинау
    Теориялық кезең: Тері ыдыстарының жасалу технологиясын зерттеу, жинақталған мәліметтерді талдау, мазмұнына байланысты сұрыптау
    Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:
    Көне ыдыстар туралы материалдар жинақтау.
    Тәрбие сағаттарында, ана тілі, қазақ тілі
    сабақтарында қосымша материал ретінде
    пайдалануға болатын құрал жасау.

  • Зерттеу әдіс - тәсілдері:Жинақтау
Талдау
Баяндау

    6 слайд

    Зерттеу әдіс - тәсілдері:
    Жинақтау
    Талдау
    Баяндау

  • Жоспар:Кіріспе бөлім: Қазақ халқының көшпелі өмірі
Негізгі бөлім:  Тәжірибелі...

    7 слайд

    Жоспар:
    Кіріспе бөлім: Қазақ халқының көшпелі өмірі
    Негізгі бөлім: Тәжірибелік жұмыстар
    Қорытынды бөлім: Қазіргі күні теріден жасалған ыдыстардың сақталу орны

  • Теріден жасалған ыдыстар

    8 слайд

    Теріден жасалған ыдыстар

  • 9 слайд

  • Теріні өңдеу.  Тері өңдеу кәсіпшілігі қолөнерлердің арасында жетекші орын алғ...

    10 слайд

    Теріні өңдеу.  Тері өңдеу кәсіпшілігі қолөнерлердің арасында жетекші орын алған.  Қазақтар баяғыдан-ақ тері илеуді және оны әр түрлі түске бояуды білген, теріге батырма салу, өрнек тігу техникаларын меңгерген. Қазақ  халқының  тұрмыс – тіршілігінде, шаруашылық  жайында, қолөнер саласында  тері  өңдеу өнері маңызды орын алады. Себебі, негізгі тіршілік көзі мал шаруашылығы  болғандықтан қазақ халқы малдың етін, сүтін азық етсе, терісі мен жүнін киім – кешек тігуге, тұяғы мен мүйізінен, сүйегінен әр түрлі қолөнер бұйымдарын  әзірлеген, тіпті,  малдың тезегін де тастамай отын ретінде қолданған. 

  • Қазақ  халқы  теріні көбіне илеп пайдаланған.  Иленбеген ірі қара малдың тері...

    11 слайд

    Қазақ  халқы  теріні көбіне илеп пайдаланған.  Иленбеген ірі қара малдың терісін шылғи тері, шылғи қайыс деп атаған. Шылғи қайысты ұқсатудың  екі  түрлі жолы бар.  Бірі – оның жүнін сылып тастап пайдалану, екіншісі –теріні жүнін сылымай-ақ пайдалану.  Иленбеген жүнді терілерден тулақ, тайтері, бөстек, тұлып, қауға, мес, дорба, шарқай, т.б. заттар жасаған. Жүнін алып тастаған терілерден  көк, өкше сірі, көн, дабыл жасалады.  Құрымға салынып,  ысқа ұсталып, құмға қатырылған  теріден саба, торсық, көнек,  шанақ жасалады.  Мал терісін малма әдісімен илеген. Малма дегеніміз — үлкен ыдысқа ашытқы ашытып, теріні соған салып илеу. Боялған терілерден әсем киім, тұрмыста тұтынатын әдемі заттар жасалады. Ал, аң терілерінің (түлкі, қарсақ, қоян ,т.б.) төрт түлік малдың терілерінен айырмашылығы олардың терісі жұқа. Терінің ішкі жағына айран немесе сарысуға ұн қосып (қарабидайдың ұны ) арнаулы и жағып, бір – екі тәулік жылы жерде ұстайды. Қоян, түлкі, қарсақ, бұлғын, т.б аң терілері өте
    жұқа болғандықтан иді жылдам қабады. Әбден иі қанған теріні тазартып,
    уқалап, созғылап жұмсартқан жөн. Иі қанып жұмсарған тері ақ түсті әрі
    жұмсақ болады. Олардан бас киім, жаға т.б тігуге болады.
    Теріні илеу

  • Көшпелі елдің өмір сүруінің негізгі арқауы болған – мал; мінсе – көлік, ш...

    12 слайд


    Көшпелі елдің өмір сүруінің негізгі арқауы болған – мал; мінсе – көлік, шөлдесе – сусын, кисе – киім, ашықса – тамақ болған. Мал тағамдарын сақтау үшін халық шеберлері саба, мес, торсық сияқты ыдыстар жасаған. Мұндай ыдыстар талғампаздықпен өрнектеліп, оның көркемдік сапасына да ерекше көңіл бөлінген.
    Біріншіден - тері илеуге арналған сұйық зат – мал өнімі қажет.
    Екіншіден - сүт қышқылы керек. CH3CH(OH)COOH сүт қышқылы
    бактерияларының әсерінен
    қантты заттар ашығанда
    түзіледі.

    Сүттің құрамындағы лактоза ашиды.

  • Тері илеуге арналған сүт қышқылын сиыр сүтінен алған 	Халық шеберлері сүт құ...

    13 слайд

    Тері илеуге арналған сүт қышқылын
    сиыр сүтінен алған
    Халық шеберлері сүт құрамында химиялық элементтердің болуын, химиялық құбылыстарды іс жүзінде жақсы меңгеріп, тұрмыстық қажеттілікке пайдалана білген. Әр төрт түлік малдың сүтінің құрамындағы элементтерді анықтаған және әр түліктің өнімін өз орнымен пайдаланған. Мысалы, тері илеуге арналған сүт қышқылын сиыр сүтінен алған. Бастапқыда мал терісі шикізат өнімі болса, оны ұқсату нәтижесінде екінші бір өнім - былғары аламыз.

  • Мал терісіТері бастапқы кезінде созылмалы болады, созылмалы теріден әр алуан...

    14 слайд

    Мал терісі
    Тері бастапқы кезінде созылмалы болады, созылмалы теріден әр алуан формада – шар тәріздес, үшбұрыш, пирамида, т.б. үлгісінде ыдыстар жасауға болады. Беттестіріліп тігілген торсыққа құм салып тығыздап қысым түсірсек, тері созылып формасы шар тәріздес болып ұлғаяды немесе бітеу сойылған ешкінің терісіне ауа жіберсек,
    торсиып мес болып шағады.

  • Кеуіп көнге айналған тері – сынбайды, жарылмайдыХалықтың көшпелі тұрмыс тірші...

    15 слайд

    Кеуіп көнге айналған тері – сынбайды, жарылмайды
    Халықтың көшпелі тұрмыс тіршілігінде теріден жасалған ыдыстар өте тиімді болған. Шыны және фарфор ыдыстарына арнап теріден кесе қаптар жасаған. Халық шеберлерінің қиялынан туған өнер туындысы – кесе
    қаптың көркемдік
    сапасы өте жоғары
    болған.

  • ТорсықҚазақтар жүздеген жылдар бойына қымызды айрықша ыдыста дайындаған. Көшп...

    16 слайд

    Торсық
    Қазақтар жүздеген жылдар бойына қымызды айрықша ыдыста дайындаған. Көшпелі өмір ыдысты әрі-бері алып жүру үшін ыңғайлылықты талап етеді.
    Бұлар торсық және саба деп аталынған.
    Торсық – 10-30 литрлік сыйымдылықта теріден өңделіп жасалған қапшық. Тері ішінен шелмен тігіледі. Бұл ыдысқа сусын құйылады. Торсықты малдың терісінен жасайды. Оның жан торсық, мүйіз торсық, тағы басқа түрлері көп. Мүйіз торсықты қазақтар киелі заттардың біріне санаған. Өйткені, арқар мүйіз, марал мүйіз, қошқар мүйіз өрнектері баршылықтың, байлықтың нышанын білдіреді.

  • Теріден жасалған ыдыс түрі – көнек      Көнек түйенің терісінен жасалады. Әде...

    17 слайд

    Теріден жасалған ыдыс түрі – көнек
    Көнек түйенің терісінен жасалады. Әдетте, Көнектің үстіне геометриялық зооморфтық, мүйіз, өсімдік тәріздес, т.б. ірі оюлар түсіріледі. Теріні Көнек пішініне келтіріп, тігіп, ішін сабанмен кептеп қойып, кепкен соң сабанды алып, тезек шоғының түтініне ыстайды. Көнек бие саууға қолданылатын ыдыс.
    Көнектің кейбір түрлері бие сүтін
    сақтау үшін де
    қолданылады.

  • Тері ыдыстарын тігуге арналған зат – тарамыс. Тарамысты жылқы сіңірінен алу с...

    18 слайд

    Тері ыдыстарын тігуге арналған зат – тарамыс.
    Тарамысты жылқы сіңірінен алу себебі жылқы – төрт түлік малдың ішіндегі жүйрігі, жүрісі жылдам, ұзын сирақты мал. Сол себепті жылқының жіліншік сіңірі өте берік келеді, одан жасалған тарамыс та мықты болады. Тәжірибеге қарағанда тері ыдыстарына сүт тағамдарын құйған кезде тері ылғалдынып ісінеді, торсияды, осы кезде тарамыс та ылғалдынып ісінеді, соның нәтижесінде беттестіріліп тігілген терінің арасынан ылғал өтпейді, тарамыс ісініп, тесікті бітеп тастайды. Ыдыс босап, тері тобарып кепкен кезде тарамыс та алғашқы қалпына келеді.
    Сөйтіп тәжірибені былай
    тұжырымдауға болады: мал
    терісі, тарамыс және сүт
    тағамдары – барлығы дерлік мал өнімдері

  • Үшінші тәжірибелік жұмыс – теріге табиғи бояу сіңіру барысында өсімдік бояул...

    19 слайд

    Үшінші тәжірибелік жұмыс – теріге табиғи бояу сіңіру барысында
    өсімдік бояуларының қаншалықты беріктігін, теріге сіңу үрдісін анықтау
    Иі қанып, керіліп, созылған, талқымен созғыдан өтіп, сүргіленген тері аппақ әрі  жұмсақ болады. Бірақ  ақ тері кіршең келеді. Сондықтан, теріні табиғи бояулармен бояуды халық шеберлері өте ерте замандарда-ақ  меңгерген.
    Семіз малдың терісі майлы болады. Майлы теріні бояу қиынға түседі. Сондықтан терінің майын сорғыту үшін бор, сор, күл, т. б. сеуіп бірнеше тәулік ұстаған жөн.
    Тері бояу үшін көп қолданылатын шикізат –ағаштардың қабығы  болып табылады. Ол үшін тал, емен, сарыағаш т. б. қабығы қолайлы.
    Қына – қызыл болса, еменнің қабығы қоңыр,  сарыағаштың тамыры – сары болса, ермен жусанның бүрінен жасыл түс шығады.
    Сол сияқты тері бояу үшін рауғаштың тамыры, томар бояу, қына т. б. көптеген  өсімдіктердің тамыры мен бүрлері жарамды. Өсімдік  тамыры мен жапырағын күз айларында  жинап, жуып, тазалап кептіреді де ұнтақтап алған соң әрқайсысын жеке-жеке  ыдысқа  салып қояды. Ұнтақ қандай өсімдіктен алынғанын жазып қойған жөн. Өйткені әр өсімдік  әртүрлі реңді  береді.

  • Өсімдіктер әлемінен әр түрлі бояулар алуды да жақсы меңгерген    Біздің тәжір...

    20 слайд

    Өсімдіктер әлемінен әр түрлі бояулар алуды да жақсы меңгерген
    Біздің тәжірибеде қолданылып отырған табиғи бояуымыз – қына өсімдігі. Қынадан қызыл күрең түс алынады. Қыналар – күй талғамайтын өсімдік. Қыналар пішіндеріне қарай үшке бөлінеді:
    Ағаштардың қабықтарына, тасқа, жартастарға жабысып өсетін түрі;
    Ормандағы ағаштың діңіне, түбіріне жабысып өсетін жалпақ жапырақты қыналар;
    Қарағайлы құрғақ ормандарда, жазықтық жерлерде, жусан арасында тіршілік ететін қыналар
    Қынаның бояуын қайнату арқылы
    алады. Бояуды теріге екі әдіспен
    сіңіруге болады:
    - Тері бетіне жағу арқылы;
    - Қына қайнатылған сұйыққа
    түгел батырып сіңіру арқылы.

  • Төртінші тәжірибелік жұмыс – теріден жасалған  ыдыстардың көркемдік сапасын а...

    21 слайд

    Төртінші тәжірибелік жұмыс – теріден жасалған ыдыстардың көркемдік сапасын арттыру мақсатында бедерлі ою салу
    Халық шеберлері өзін қоршаған табиғат құбылыстарын, өсімдіктер мен жануарлар әлемін белгілі бір сиқырлы сызықтармен бейнелеп, улкен даналықтың, танымдықтың белгісін танытқан. Сол тұстарда мәдениеті озық Еуропа елдерінің халықтарын да осы ою-өрнек өнері тамсандырған. Басты назар аударатын жағы, ол – барлық өнер түріне ортақ композициялық заңдылықтармен сақталуы.Теріден жасалған ыдыстардың көркемдік сапасына үлкен мән берілген, терінің бетін ою-өрнектермен безендірген және де өрнек түсіру әдістері де әр алуан:
    Бедерлеп түсіру,
    Батырма әдісі,
    Металлмен және сүйектермен әшекейлеу

  • Соңғы жасалған тәжірибелік жұмыс – тері ыдыстарын ыстау 	Теріден жасалған ыды...

    22 слайд

    Соңғы жасалған тәжірибелік жұмыс – тері ыдыстарын ыстау
    Теріден жасалған ыдыстарды ыстап отырудың гигиеналық маңызы өте үлкен. Баппен ысталған ыдыс әдемі қоңыр-қызыл түске енеді, әрі ысталған ыдыста әр түрлі жағымсыз иістер мен бактериялар жойылады. Ыдыстарды ыстау үшін арнайы шақтар жасалынады. Ол үшін тобылғы, қайың ағаштерымен жалындатпай жағып, 3-4 сағаттай ыстайды. Бұдан шығаратын нәтиже ата-
    бабамыздың гигиеналық
    тазалыққа да үлкен мән
    бергенін көруге болады.

  • Қолданылған әдебиеттерКарпеков Қ., Бейсенова Ә., Қалиева М., Молдағұлова Н. Қ...

    23 слайд

    Қолданылған әдебиеттер
    Карпеков Қ., Бейсенова Ә., Қалиева М., Молдағұлова Н. Қазақстанның физикалық географиясы. –Алматы: «Рауан», 1996. 12-13 бет.
    Гл.ред. Каз. сов. Энциклопедии. Нургалиев Р.Н. Казахская ССР. 4 томная краткая энциклопедия. Том 2. Молочные продукты. – Алма-ата. 1988. стр. 346
    «Перышкин Я.В., Родина Н.А. Физика 7кл. – Алматы: «Рауан», 1996 72-73.
    Әлімқұлқызы Р., Дүйсенбайқызы Б., Тұрбекқызы Е. Өсімдіктану. –Алматы: «Рауан», 1995. 200 бет.
    Марғұлан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Том 1. –Алма-ата: «Онер», 1987. стр.25.
    Бас ред. Қыстықбаева А., редакциялық алқа: С.Әбішқызы, Г.Балабекова, К.Қинаубаева, Қ.Шағыр, Ж.Азыбаева. Химия мектепте. –Алматы: «Дәуір», №3, 2004. 24-26бет

  • ҚорытындыҚолөнер туындылары арқылы белгілі бір халықтың философиялық ойлау үр...

    24 слайд

    Қорытынды
    Қолөнер туындылары арқылы белгілі бір халықтың философиялық ойлау үрдісінің, тарихи өркениетінің дамуын анықтауға болады.

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 880 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.01.2016 4812
    • PPTX 12 мбайт
    • 41 скачивание
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абсалыкова Гульшат Куанышевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абсалыкова Гульшат Куанышевна
    Абсалыкова Гульшат Куанышевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9255
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "Математика" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 204 человека из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 509 человек

Курс повышения квалификации

Организация учебно-исследовательской деятельности учащихся как средство развития познавательной активности при обучении математике в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 122 человека

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в управлении и бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Поиск работы: карьерные ориентиры и мотивы выбора профессии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе