Инфоурок Начальные классы КонспектыПрезентация сыныптан тыс іс- шара: "Тәуелсіздік толғауы"

Презентация сыныптан тыс іс- шара: "Тәуелсіздік толғауы"

Скачать материал

                Тәуелсіздік толғауы

Мақсаты: оқушыларды Қазақстан Республикасының 24 жыл осы жылдар ішінде жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін тереңірек ашып түсіндіру, республикамыздың мемлекеттік рәміздерн құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі. Елбасының өсиет сөздері

Барысы:

Сахнаға  гүл шоғын алып екі оқушы  әскери киіммен кіреді.

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкіртер!

Бүгін тарихымызда тағы бір еске түсіру үшін ел тәуелсіздігінің  тарихи әдеби кешке жиналып отырмыз. Біз өзіміздің Көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі астанамызда әрқашан Тәуелсіздік пен өрліктің белгісі дала қыранының қанаты талмай, шарықтай берсін демекпіз.

«Көңіл толқыны» күй орындалады.

1-      оқушы:

Қазақ жері қонақжай, төрдің жері,

Қазақ жері-қас сақтай елдің елі.

Елі кедей болмаған-жері байтақ,

Едігедей, Бабырдай ерлер жері.

Қазақ жері көп шеккен қасіретті,

Қазақ елі өнерлі, өсиетті,

Египетті билеген Бейбарыстың

Елі текті киелі, қасиетті

2- оқушы:

Қалса да қайда жерің, қайда көлің,

Қасқайып хақ жолынан таймап едің.

Айырылып күндіз күлкі түнде ұйқыдан,

Күткенің осы еді ғой қайран елім.

Өр едің өліссең де бөліспеген,

ел едің еншісін де бөліспеген.
Зар мұңнын әні бар ма сен ай         тпаған,

Тағдырдың зәрі бар ма сен ішпеген.

3-оқушы:

Бізге де күз келді ғой, көктем шығар.

Зілзала қуғын заман өткен шығар.

Күндіз-түн шырылдаған құлын даусың

Құдайдың құлағына жеткен шығар.

Тербетіп тұрса болды жер бесігін,

Дәулеттің тілемеймін- көл-көсірін.

Көз тимей, кірбің түспей қабағыңа,

Жалғыз-ақ құтты болсын енді осы күн!

4-оқушы: Қазағыма көп азапты жазған ба,

Ел ішінде індет жала қонғанда,

Шәкәрімнің сақалына жармасып,

Ауыз салды Жүсіпбек пен Мағжанға.

Қырандар мен сұңқарлардан айырылдық.

қамалған соң топ бастайтын азамат,

Жалтақтардың сөзін тыңдап қайырдық.

 

 

 

 

5-оқушы:

Есіңде ме, туған далам,

Сен деп неше жан қиылды?!

Тас қорған боп мың сан адам,

Қорғағаны әр үйіңді.

Жау  еңсесін жаншып, таптап

Қуған оны жатыр ізі.

Есіңде ме Мәншүк деген

қазақтың жас батыр қызы.

6-оқушы.

Шаттанса қыз туды деп қазақ шаттан,

Әлия Отанына болған мақтан.

Біздің жердң жаудан сақтап қаламын ждеп

қазақтың Әлия қызы қанын төккен.

Ақыл айтып бабалар жолға салған,

Асыл сөз даналардан мұра болған.

Ерлігі Мәншүк пенен Әлияның.

Жүректемәңгі өшпес орын алған.

7- оқушы:Тәуелсіздік атып көкке телпегін,

Шаттанған жоқ, мақтанған жоқ ел тегін.

 қазағымның толағайын бір, сомдайын

Өткенін де бүгінін де, ертеңін.

Бүгін асқар Алатаудай алыппыз.

Атыраудай терең түйсік парықпыз.

Тағдырының тауқыметін арқалап,

талай заман сор қайнаған халықпыз.

 

Би: «Қамажай»

8-оқушы:

Кең болғанда кем болмауды ойлаппыз,

Ұлан байтақ сахараны жайлаппыз.

Соғыс жылы мылтық үнін естімей.

Бейбіт күнде бомба жарған аймақпыз.

Кеше нұрлы, бүгін мұңды даламыз,

Өлсек те осы даламызда қаламыз.

Ана тілі енді шыққан  ұрпақтан,

Үміт күткен әкеміз бен анамыз.

9-оқушы:

Ұлттық намыс бастау көзін ашқан-біз,

халқымыз бен, салтымызбен асқармыз,

Сексен алты желтоқсанның жаңғыртып,

«Қазақ» деген, «Азат» деген жастармыз

Еңселеген Ақ Ордамыз, бақ үйіміз,

Болашақтан бақыт кейіпін танимыз.

Алақаның күнге созып талпынып,

Өсіп келе жатқан бейқам сәбиміз.

10-оқушы:

Құзырына қол сұқпаймыз көптің біз,

Тұнжыраған түн емеспіз, тек Күнбіз

Елдігіміз кең әлемге танылып,

Желбіреген аспан түстес Көк туымыз.

Талай зұлмат сорды бастан кештік біз.

Ақ ниетпен келкенге де, кеткенге

Айнымастан қолын созған достықпыз.

Желтоқсаннан бастау алған егемен,

Егеменді елде берік керегем.

Қазақстан бірлігімнің айғағы,

Әлем білген Басшысымен көреген

 

Қазақ бүгін бар әлемнен баға алған,

Құт қонған ел қасиетпен жаралған,

Жаңарған ел желтоқсаннан нәр алған

 

Бірлігімнің бұзылмаған қаймағы,

Бейбіт күнде желбіреген байрағы.

Барлық ұлттар бақыт тапқан өзіңнен,

Қазақстан- ынтымақтың айғағы.

 

Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ер намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.

Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,

Елің алды егеменді теңдігін!

Көрініс:    Қайраттың  «Ақтық сөзі»

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

 Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты -құрбандық».

Атами десең атыңдар.

Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген қош таңдарым.

Көре алмай мен өтермін

Қош, аман бол артымда,

Ағайын-туған, азамат!

Артымда қалған ата-анам,

Ел-жұртым, саған аманат.

          

            Кінәлі ме, ақын Қайрат, ер Қайрат,

Ада жетпей атып шыққан  алаңға

Қылғындырған қиянатқа көнбеді.

Тапталғысы келмеді оның табанда,

Әсте есте шығармайды жыр мұны,

Айтады оны домбыраның күмбірі

Аты аталса күрсіндірер жылатып

Желтоқсандық азамат пен құрбаны.

Жатыр бүгін Мойынқұмның баурында,

Қара өлеңнің ерте солған бір гүлі.

 

Отаным Қазақстан

Отаным Қазақстан туған елім,

Кең екен ғой қаншама дархан жерің

Қасиетті қара жерді қалың жаудан

Қорғап қалды ұрпағы үшін батыр, ерің.

 

Қазағым, тілің қандай, дінің қандай,

Табиғат та тербеледі тірі жандай

Көкірегімде тізілген тауларыңның

арасынан батқан түн, атар таңдай.

 

Қазақстан елтаңбаң бар, әнұраның,

Көк байрақта қалықтап тұр бақ қыраның

Жан-жағы оюланып әшекей боп,

Тауыпты көк авспан, күн тұрағын.

            Кіндік қаны тамған жерім Қазақстан,

Мендей ұрпақ саған арнап жазар дастан.

Елін сүйген ер жүрек ұрпақтары,

Тәуелсіз деп соқсын жүрек бала жастан.

             Туған жұртым, туған халқым, туған ұлым,

Сақтайық жоғалтпайық, қазақ салтын.

Тік ұстап туымызды, еңселі боп,

Орындайық бабалардың аманатын.

Тәуелсізідк!

Тәуелсізбін мен бүгін,

Келді міне азаттығым, теңдігім,

Бостандықта байлығым мен елдігім,

Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!

Мұғалім:

Жас арудың жанарында-Желтоқсан,

Жаңа ғасыр табанында –Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның

Қанды ғасыр қабағында-желтоқсан.

Заманымның тонын теріс кидіріп,

Мінбелерден түсірмедің сүйдіріп.

Сайлап қойдың жастарды зарлатқан.

Жауыздарды бас-басына би қылып,

Заманымның таңы өзгерсе қас-қағым,

Әлі де іште айтары көп басқаның.

Желтоқсанның ызғарын жұттың-ау сен,

Боздақтардың тірідей-ау жас қанын

Көтердік біз  тәуелсіздік жалауын,

Тойтардым деп бодандықтың қамауын.

Ұмытпаңдар, ұрпақтар-ау әр кезде

Желтоқсанның мұзға жаққан алауын.

Шын сырыңды бүгін міне таза ақтар,

Бодандыққа бой бермеді қазақтар

Ел есінде мәңгілікке сақталсын»

Ел баласы Қайрат, Ербол, Ләззаттар. 

Хор: «Жаса Қазақстан»

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация сыныптан тыс іс- шара: "Тәуелсіздік толғауы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты: оқушыларды Қазақстан Республикасының 24 жыл осы жылдар ішінде жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін тереңірек ашып түсіндіру, республикамыздың мемлекеттік рәміздерн құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі. Елбасының өсиет сөздері

Барысы:

Сахнаға гүл шоғын алып екі оқушы әскери киіммен кіреді.

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкіртер!

Бүгін тарихымызда тағы бір еске түсіру үшін ел тәуелсіздігінің тарихи әдеби кешке жиналып отырмыз. Біз өзіміздің Көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі астанамызда әрқашан Тәуелсіздік пен өрліктің белгісі дала қыранының қанаты талмай, шарықтай берсін демекпіз.

«Көңіл толқыны» күй орындалады.

1-оқушы:

Қазақ жері қонақжай, төрдің жері,

Қазақ жері-қас сақтай елдің елі.

Елі кедей болмаған-жері байтақ,

Едігедей, Бабырдай ерлер жері.


Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 267 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.12.2015 1762
    • DOCX 19.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухатова Айжан Муратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мухатова Айжан Муратовна
    Мухатова Айжан Муратовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2718
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 250 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе