Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Презентация тақырыбы: "Қасым Қайсенов"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Презентация тақырыбы: "Қасым Қайсенов"

библиотека
материалов
Қабанбаев Марат Марат Қабанбаев 1948 жылы 22 наурызда Зайсан ауданындағы Қара...
Жазушы Марат Қабанбаев бірнеше кітаптың авторы. Солардың ішінде сәтті шыққан...
Мысалы, басқаның қолымен от көсейтін Қали-рабкооп, қайда салсаң содан шығып м...
Мараттың өзінің талантты, қалыптасқан қаламгер екенін дәлелдеген шығармасы "П...
Жалпы Марат, дүниеге бала көзімен қарай білетін, сезіне білетін жазушы. Оның...
Кітабын баласы, мақаласын немересі санаған адам «Ана тілі бәрінен де биік- ха...
Сонда қазақ үшін қан жұтып, тілім деп жүрегін тілімдеген жан кім еді?Бұл сөзд...
– Сәуле апай, Марат ағамыз талай жыл «Ана тілінде» жарық көрген ұстараның жүз...
Күн-түн демей жұмыс істеді. Мараттың бір қызығы шығармашылық тұрғысынан келге...
Бір кезде әлгі адам Маратқа «Сен сол журналиске ұқсайды екенсің. Суретін көрі...
. Шаршайтын. Бірақ онымен тоқтап қалмай, идеядан идея туған сайын дүниеге бір...
– Сәуле апай, сонау 1996 жылы «Заман – Қазақстан» газетіне берген сұхбатында...
Марат арқылы «Ана тілі» өзіне көптеген оқырман тапты дей аламын. Тіпті «Ана т...
13 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Қабанбаев Марат Марат Қабанбаев 1948 жылы 22 наурызда Зайсан ауданындағы Қара
Описание слайда:

Қабанбаев Марат Марат Қабанбаев 1948 жылы 22 наурызда Зайсан ауданындағы Қараүңгір ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін құрылыста бір жылдай жұмыс істеп, содан соң аудандық газетке жұмысқа орналасқан. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргеннен кейін "Лениншіл жас" газетінде, "Жалын" баспасында, Қазақ ССР баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетте қызмет істеді.

№ слайда 2 Жазушы Марат Қабанбаев бірнеше кітаптың авторы. Солардың ішінде сәтті шыққан
Описание слайда:

Жазушы Марат Қабанбаев бірнеше кітаптың авторы. Солардың ішінде сәтті шыққан туындыларының бірі - "Айшылық алыс жол" атты романы. Роман тақырыбы жетпісінші-сексенінші жылдар аралығын қамтиды. Суреттелген оқиғалардың бәрі дерлік күнделікті өзіміз көріп, басымыздан кешіріп жүрген жайлар. Туған ортасынан ертеректе қол үзіп кеткен жетім бала - Ертай ауылға келіп, еңбек адамдарымен араласып, нағыз өмірдің тер сіңген күпәйкесін кигенде ғана қала мен ауыл арасындағы қайшылықты мықтап сезінеді, ауылдағы халықтың рухани дамуындағы кенжелікті аңғарады. Бұл күнде нағыз өмір сүруге ынтық ақ қағаздай жандар бар да, өмірде актер болып ойнаушылар бар.

№ слайда 3 Мысалы, басқаның қолымен от көсейтін Қали-рабкооп, қайда салсаң содан шығып м
Описание слайда:

Мысалы, басқаның қолымен от көсейтін Қали-рабкооп, қайда салсаң содан шығып майлы қасықтай жылпылдап ұстатпайды. Қарапайым еңбек адамы Елтайдың жүріп өткен айшылық алыс жолында бұғып жатқан "Бекежандар" бұлар. Роман сондай-ақ қыз бала тәрбиесіне қатысты мәселелерді қозғайды. "Тұр", "Жат", "Оқы" деген бұйрықпен күн кешкен мектеп-интернаттағы қыз балалар күні ертең ошақ иесі, ана болғанда, тұрмысқа қажетті дағды, әдеттерді қайдан үйренбек? Қыз баланың шешенің аялы алақанында дәстүрге тән тәрбие алып, бойжетуі табиғи заңдылық деген тұжырымға келеді. Жалпы роман бүгінгі таңдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді қамтыған.

№ слайда 4 Мараттың өзінің талантты, қалыптасқан қаламгер екенін дәлелдеген шығармасы "П
Описание слайда:

Мараттың өзінің талантты, қалыптасқан қаламгер екенін дәлелдеген шығармасы "Пысық болдым, мінеки" повесі. Бұл бүгінгі балалар өмірін бейнелеген повесть. Басты кейіпкері - Досан деген ойлы оқушы, зерделі жеткіншек. Әсіресе оның туған жердің әр түйір топырағынан қасиет іздеп, әр тал шөбіне үңіле жүруін, Аққұм суының шипалық қасиетін ашуын азаматтық десек де жарасады. Повесть балалар өмірін, балалар арасындағы қақтығыстарды суреттесе де, мұндағы негізгі өзекті мәселе - туған жерге деген махаббат. Негізгі тақырыбы - Досанның жеріне, еліне деген ыстық сезімі. Повесть аяқталғанда аппақ топырағы бар, шаңды, шөлді, шипалы суы бар Аққұм ауылын қимайсың. Жігіттерді жігерлі, қыздарды қызыл шырайлы еткен туған жердің қадірін біле түсесің.

№ слайда 5 Жалпы Марат, дүниеге бала көзімен қарай білетін, сезіне білетін жазушы. Оның
Описание слайда:

Жалпы Марат, дүниеге бала көзімен қарай білетін, сезіне білетін жазушы. Оның балаларға арналған шығармалары "Бақбақ басы толған күн", "Арыстан, мен, виолончель және қасапхана" повестері. "Бақбақ басы толған күн" повесінің бас кейіпкері - оқушы Заманбек. Өзі ақын, өзі өлең жазады. Мінезі де қызық, ойлағаны да күлкілі. Мұны повестегі он үш жасар баланың қызық қылығы мен қиял қуа жасаған іс-әрекетінен, көреміз. Мысалы, әкесінің томырық мінезін ұнатпауы жайында: "Жуықта Пионер газетіне "Мектебім" атты өлеңім жарияланғанда бетіме ежірейіп қарап отырып, "Ой-ит!"-деген. Басымнан да сипамады. Көкем сондай адам. Тентектік жасасам бишікпен тартып жіберуден тайынбайды, өлеңім шықса мәнерлеп тұрып ит дейді. Бала әкесі Сауытбекті мейірімнен тысқары, суық жан деп есептейді. Оның пікірі әділетті ме, мұны шығарманы оқи отырып оқырман өзі саралайды.

№ слайда 6 Кітабын баласы, мақаласын немересі санаған адам «Ана тілі бәрінен де биік- ха
Описание слайда:

Кітабын баласы, мақаласын немересі санаған адам «Ана тілі бәрінен де биік- ханнан да, қарадан да. Саясатшылар келеді, кетеді, ал ана тілі – мәңгілік». Марат Қабанбай «Қазақстан, кейбіреулер ойлап жүргендей, жұтаң сахна, біз жансыз қуыршақ емеспіз. Қазақстан – Отан, біз – халықпыз!» Дәл осындай өткір сөздер тоқсаныншы жылдадың басында «Ана тілі» газетінің әр санында ойып орын алып, оқырманға жол тартып жатты.

№ слайда 7 Сонда қазақ үшін қан жұтып, тілім деп жүрегін тілімдеген жан кім еді?Бұл сөзд
Описание слайда:

Сонда қазақ үшін қан жұтып, тілім деп жүрегін тілімдеген жан кім еді?Бұл сөздердің авторы – жалынды журналист, қазақтың «Кентавры» атанған Марат Қабанбай. Марат ағамыз 1994 жылы «Ана тіліне» қызметке орналасты. Ә дегеннен-ақ қазақ ұлтының жанды жерін дөп басқан мақалалар сериясы бірінен соң бірі оқырманға жол тартып жатты. Марат аға ел тәуелсіздігіне шын қуанды. Қазақтың тіліне араша түсті. Орақтай орып, қылыштай қырқып түсер ойлары күллі қазақтың жүрек қылын тап басты. Бірақ, Алланың жазуы болар, отты сөздерімен осып жазған Марат ағамыздың ғұмыры қамшының сабындай ғана болды. Неге? Мүмкін Марат аға у ішкен болар. Ол халықтың ертеңі, қазақтың тілі, діні, ділі қандай болады деген ащы у еді. Халық үшін қаламынан қан сорғалатқан ағамыздың жан жары Сәуле апаймен газетіміздің мерейтойына орай сыр бөлісіп қайтқан едік.

№ слайда 8 – Сәуле апай, Марат ағамыз талай жыл «Ана тілінде» жарық көрген ұстараның жүз
Описание слайда:

– Сәуле апай, Марат ағамыз талай жыл «Ана тілінде» жарық көрген ұстараның жүзіндей өткір ойлары арқылы оқырман ілтипатына бөленді. Осындай өр тұлғалы ағамыз қандай жан еді? – Марат жастайынан тағдырдың соқпақтарынан жол тапқан жан. Сондықтан да болар адалдықты, еңбекқорлықты, шыншылдықты жаны сүйетін. Негізінен Марат журналистикадан гөрі жазушылықты жаны қалайтын. Бірақ талант жерде жатпайды ғой. Мұны өзі де «Талант Алланың сүйген құлына берген – нәсібі. Талантты қорламау керек. Талант қолыңдағы дипломыңда емес, бойыңдағы қасиет. Оны еңбек арқылы жетілдіру өз үлесіңде» деп отыратын. Сол талант Мараттың да бойында бар еді. Ең алғаш еңбек жолын аудандық «Достық» газетінде бастаған Мараттың жазушылық қабілетін байқаған ағалары қызметке шақырып жатты. Ол әсіресе «Ана тілі» газеті жұмысқа шақырғанда балаша қуанды.

№ слайда 9 Күн-түн демей жұмыс істеді. Мараттың бір қызығы шығармашылық тұрғысынан келге
Описание слайда:

Күн-түн демей жұмыс істеді. Мараттың бір қызығы шығармашылық тұрғысынан келгенде ешкімнің ақылын тыңдамайтын. Сол кезде өзі «Мен ұлттың ұлымын, мені халық тәрбиеледі. Егер мен біреудің айтқанымен жүрер болсам әлдеқашан бір креслода «Марат Қабанбаев мырза» болып отырам едім. Бірақ бұл маған қажет емес. Ана дүниеге барғанда ең болмағанда халқыма адал қызмет еттім, шындықты ту етіп көтердім деп мақтан тұтпаймын ба?» деуші еді. – Марат аға өте қарапайым болған деседі… – Мараттың қарапайымдылығы сол, кез келген ортада мен жазушымын, мен журналиспін деп кеуде керген емес. Тіпті бір жолы Медеуге балаларымызбен қыдырып кетіп бара жатып, жолай бір кісімен әңгімелесіп отырды. Әлгі азамат «Ана тілінің» тұрақты оқырманы екен. Ол Мараттың жазған дүниелеріне оң баға беріп, мақтап келеді. Бірақ Маратта үн жоқ.

№ слайда 10 Бір кезде әлгі адам Маратқа «Сен сол журналиске ұқсайды екенсің. Суретін көрі
Описание слайда:

Бір кезде әлгі адам Маратқа «Сен сол журналиске ұқсайды екенсің. Суретін көріп едім» дегенде «Жоқ, мен институтта сабақ берем» деп қоя салды. Осы қарапайымдылығын, адалдығын балаларына да үнемі айтып, саналарына сіңіріп отыратын. – Марат ағамыз қанша дегенмен шығармашылық адамы ғой, сізге ауыр соқпады ма? – Әрине, талай қиналған кезім де болды. Әсіресе «Ана тілінде» істеген кезде жанын салып жұмыс істеді. Әр жазған дүниесінің ақырғы нүктесі қойылғанша телефонмен де хабарласып, «Мына жері мынандай болсын, мына жерін түзетіп жіберіңдер» деп қадағалап отыратын. Кейін айтарсың, демалып ал десең де «Жоқ, мен одан кейін келесі мақалама дайындалуым керек» деп жауап беретін. Ол өзі де «Журналистика он екі мүшеңді сал-сал қылатын жұмыстардың бірі» дейтін.

№ слайда 11 . Шаршайтын. Бірақ онымен тоқтап қалмай, идеядан идея туған сайын дүниеге бір
Описание слайда:

. Шаршайтын. Бірақ онымен тоқтап қалмай, идеядан идея туған сайын дүниеге бір ұрпағы келгендей қуанатын. Ол кітаптарын балаларым, ал мақалаларын немерелерім деп отыратын. – Байқасақ, «Ана тілінде» Марат ағаның қаламынан туындаған мақалалардың дені ұлттың ұлт болып ұйысуын армандаған дүниелер екен. Соларға барар жолды сілтеген. Қазақ тілінің мінбеге көтерілуі үшін барын салған. Олай болса, ағамыз өз ұрпағын да солай тәрбиелеген болар… ¬– Өзіміз ауылдан қалаға келген кезде орыс тілінен біраз қиындық көрдік қой. Соны ойлаған мен әу баста балаларды орыс мектебіне берейік деген едім. Ағаларың «Ертең қазақ мемлекеті боламыз. Сол кезде балаларымыз ата-бабасынан дарыған ана тілін білмей жүрсе масқара емес пе? Қажеттіліке болып жатса орыс тілін онсыз да үйреніп алады» деп мені райымнан қайтарған еді. Қазақ десе, тіл десе жанын беруге де даяр жан еді.

№ слайда 12 – Сәуле апай, сонау 1996 жылы «Заман – Қазақстан» газетіне берген сұхбатында
Описание слайда:

– Сәуле апай, сонау 1996 жылы «Заман – Қазақстан» газетіне берген сұхбатында Марат ағамыз «Менің мақсатым: 1. Ұйықтап жатқан ұлтты түрткілеп ояту; 2. Қазақ журналистерінің дәл құлағына «Аттан!» деп айқай салу еді. Сонда күні-түні екі нәрсені армандаймын: «Шіркін, қазақ баспасөзінде бір Марат Қабанбай емес, он Марат қаламын қайрап, жүгіріп жүрсе; Жалғыз «Ана тілі» емес, кем дегенде бес қазақ газет, журналы бір-бірін басып озып, қатарласа, шапқыласа…» деген екен. Сол жанындай ардақ тұтқан басылым бүгінде 20 жасқа толды. Осы басылымға айтар өтініш-тілегіңіз, арызыңыз, мүмкін жылы пікірлеріңіз бар шығар… – Мен бір ғана нәрсе айтар едім, «Ана тілі» газеті Мараттың бағына, Марат «Ана тілінің» бағына жаралған еді. Себебі «Ана тілі» арқылы Марат қалың көпшілікке танылды.

№ слайда 13 Марат арқылы «Ана тілі» өзіне көптеген оқырман тапты дей аламын. Тіпті «Ана т
Описание слайда:

Марат арқылы «Ана тілі» өзіне көптеген оқырман тапты дей аламын. Тіпті «Ана тілінің» жарыққа шыққан күні 22 наурыз болса, Марат ағаларыңның да дүниеге келген күні 22 наурыз болатын. Ол «Ана тілін» отбасынан да жоғары қойды десем қателеспеймін. Сондықтан бұл басылымның бұрынғы редакторларына, қазіргі ұжымына үлкен рахметімді айтамын. Газеттің мерейі үстем, ғұмыры ұзақ болсын. Тек халықтың қамын ойлап, мұң-мұқтажын жазар, тілінің тірегі болар газет болсын! Өткір ойлар, тың тақырыптар қозғалсын. Ең бастысы жазар көбейсін дегім келеді. – Әумин, айтқаныңыз келсін! Мараттай марғасқа ағамыздың киелі шаңырағында отырған сізге де мың алғыс! Марат Қабанбаев – қазақтың тамаша жазушысы 1948 жылы 22 наурызда дүниеге келді. Ұлттық балалар әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын ала келген қаламгер. Мараттың «Пысық болдым, мінеки» повесі ұлттық мінез бітімін ашып көрсеткені үшін Г.Х.Андерсен атындағы өте беделді халықаралық сыйлықты иемденген.

Автор
Дата добавления 11.03.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров314
Номер материала ДВ-518352
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх