Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Презентации / Презентация тақырыбы: " Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы"

Презентация тақырыбы: " Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы"

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы
Балалық шағы Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, г...
1835-қарашада қазіргі Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Күнтимес қыстауында дү...
Дара тұлға Кадет корпусын бітіргеннен кейін Шоқан Дербес Сібір корпусының шта...
барлаушы Шоқан Уәлиханов дипломат қоғам қайраткері ағартушы этнограф саяхатшы...
Шоқанның Ф.Достаевскийге жазған хатынан үзінді « Мен өзімнің отандастастарыма...
Сұңғыла саяхатшы 	1858-1859 жылдардағы Қашқарияға сапары Ш. Уәлихановтың ғылы...
1855-жазда Гасфортпен бірге, Жетісуға бірінші рет келеді.Семейде Достаевскиий...
Орталық Азияның картасы
Шоқан өмірінің таласты тұстары 	Бір анығы, Шоқанды кейінгі кезге дейін патшал...
1859- 12 сәуірде Алматы бекінісіне қайтып оралып, Қашқар сапарының толық есеб...
Кәкімбек Салықовтың « Шоқан әзілдері» мақаласынан үзінді « Екі сағаттық дәріс...
Тобықтай түйін 	Шын мәнісінде,Шоқан тұлғасы – таусылмайтын сырға толы ғажайып...
1 из 13

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы
Описание слайда:

Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы

№ слайда 2 Балалық шағы Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, г
Описание слайда:

Балалық шағы Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы, суретші Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы қазіргі Қостанай облысы аумағындағы Сарыкөл ауданы, Күнтимес қыстауында дүниеге келген. Бабасы Абылай Қазақ Ордасының, атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Ал Шоқанның әкесі Шыңғыс аға сұлтан Аманқарағай округін билеген. Шоқанның азан шақырылып қойылған аты- Мұхаммед- Ханафия.Бірақ анасы Зейнептің оған тілі келмей, сәбиін, « Қанаш» деп, ал былайғы жұрт « Шоқан деп атап кетеді.Бала кезінен- ақ қабілеттілігімен, зеректігімен, дараланған есті тентек бес жасынан мұсылманша хат танып, жаза білетін дәрежеге жеткен.Шоқан бастауыш білімді Күнтимес қыстауындағы Шыңғыс ашқан мектептен алған.Сонда оқып жүріп өлең, жыр, аңыз әңгімелерді оқуға және хатқа түсіруге машықтанады.1847 жылы күзде Шоқанды әкесі Омбыға алып келіп, кадет корпусына оқуға орналастырады. Оның рухани өсуіне орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, қазақ, араб, парсы тілдерін білетін шығыстанушы Н. Костылецкий, өркениет тарихы пәнінен сабақ берген айдаудағы поляк оқымыстысы Г. Гонсевский, тарихшы А. Сулоцкий, географ Е. Старков секілді білімдар тұлғалар елеулі ықпал еткен. 14-15 жасар Уәлихановқа мұғалімдері болашақ ғалым, зерттеуші ретінде қараған.

№ слайда 3 1835-қарашада қазіргі Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Күнтимес қыстауында дү
Описание слайда:

1835-қарашада қазіргі Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Күнтимес қыстауында дүниеге келді. 1847-1853- Омбыда кадет корпусында оқыды. 1853- 8 қарашада корнет шенімен Сібір шептік казак әскерлерінде қызмет атқаруға кірісті.

№ слайда 4 Дара тұлға Кадет корпусын бітіргеннен кейін Шоқан Дербес Сібір корпусының шта
Описание слайда:

Дара тұлға Кадет корпусын бітіргеннен кейін Шоқан Дербес Сібір корпусының штабында қалдырылып, бір жылдан кейін Батыс Сібірдің генерал – губернаторы Г.Гасфорттың адьютанты қызметіне белгіленді.Оған ерекше тапсырмаларды орындайтын міндеті жүктелді.Бұл қызметте ол бюрократттық аппараттың, Дюгамель, Фридрихс сияқты шенеуніктер мен патша өкіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздікті көріп, оларға қарсылығын білдіріп отырған.1855 жылы ол генерал –губернаторы Г.Гасфортпен бірге Жетісуға келіп қайтады. Осы сапарда ол қазақ ауыз әдебиетінің үлілерін, тарихы мен этнографиясына қатысты материалдар жинап қайтады.Қытаймен сауданы жолға қою мақсатымен Құлжаға Ресейдің өкілі болып баруға тиісті полковник Перемышельскийдің орнына Құлжаға барып, Қытай мен Ресей арасындағы шекара дауын шешуге атсалысады.1857 жылғы алғашқы саяхаттарының ғылыми нәтижелері Шоқанның « Ыстықкөл сапарының күнделігі», Қытай империясының батыс провенциясы мен Құлжа қаласы», « Қырғыздар туралы жазбалар» атты еңбектерінде баяндалған.Осы сапарларында Уәлиханов қырғыз тарихының мәселелеріне, әсіресе, қырғыздардың Енисей алабын, Памир, Алтай тауларын бір мезгілде қалайша мекендегеніне ой жіберген. Саян- Тянь- Шань аралығы қырғыздардың көші –қон мекені болғаны жайлы ғылыми мәселені қолға алған. Шоқанның тарих, география саласындағы зерттеулерінің даңқы Петербург ғалымдарына жетіп 1857 жылы 27 ақпанда 20-дан асқан Шоқан Орыс география қоғамының толық мүшелігіне сайланады.

№ слайда 5 барлаушы Шоқан Уәлиханов дипломат қоғам қайраткері ағартушы этнограф саяхатшы
Описание слайда:

барлаушы Шоқан Уәлиханов дипломат қоғам қайраткері ағартушы этнограф саяхатшы ғалым суретші

№ слайда 6 Шоқанның Ф.Достаевскийге жазған хатынан үзінді « Мен өзімнің отандастастарыма
Описание слайда:

Шоқанның Ф.Достаевскийге жазған хатынан үзінді « Мен өзімнің отандастастарыма пайдамды тигізу үшін сұлтан болуды ойлаған едім.Олар үшін білімді сұлтан әкімнің қандайлық пайдалы болатынын жерлестеріме өзімнің жұмысым арқылы көрсетуді ойладым. Шоқанның Г.Н. Потанинге жазған хатынан үзінді « ... Қазақты жақтаймын, ал орыс пен француз ұрысса, мен орыс жағында боламын».

№ слайда 7 Сұңғыла саяхатшы 	1858-1859 жылдардағы Қашқарияға сапары Ш. Уәлихановтың ғылы
Описание слайда:

Сұңғыла саяхатшы 1858-1859 жылдардағы Қашқарияға сапары Ш. Уәлихановтың ғылым, ағартушылық саласындағы шығармаларының жаңа белеске көтеріліп, дәуірлеп өсуіне жол ашты.ХІІІ ғасырдың соңғы ширегінде Марко Поло, содан 1603 жылы саяхатшы Гоес қана болған Қашқарияның географиясы , саяси құрылымы, мәдениеті мен тұрмыс- салтының ерекшелігі туралы үш жарым ғасыр бойы Еуропа ғылымында елеулі мәлімет болмаған. Жетісуда жүрген Уәлиханов экспедицияға аттануға тиісті Қарамол жотасының етегіндегі Сарыбас ауылына 1858 жылы маусымның 28- де келіп, Семейде жабдықталған арнаулы керуенге қосылады.Қыркүйектің 19- ында керуен Зауқы өзеніне жетіп, Сырт арқылы Қашқарияға бет алған.Зауқы асуының оңтүстігінде Тянь – Шаньның Сырт деп аталатын биігінде Уәлихановқа дейін география тарихында ешбір географ болған емес. Сыртттың өсімдік және жануарлар дүниесінің ерекшеліктерін, табиғаты мен климатын әлемдік география ғылымында тұңғыш рет Шоқан Уәлиханов сипаттап берген.Азғана өмірінде Ш.Уәлиханов Орталық Азия халықтарының тарихына, географиясына, фольклорына және қоғамдық – саяси құрылысына арналған көптеген құнды еңбектер қалдырған. Ортағасырлық деректер мен ауыз әдебиеті үлгілері негізінде « Қазақ шежіресі» атты еңбек жазған.Ыстықкөл , Құлжа, Қашқар сапарының күнделіктері, « Көкетай ханның асы», « Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы туралы пікірлер» - бәрі де сол кезеңнің үздік туындылары.

№ слайда 8 1855-жазда Гасфортпен бірге, Жетісуға бірінші рет келеді.Семейде Достаевскиий
Описание слайда:

1855-жазда Гасфортпен бірге, Жетісуға бірінші рет келеді.Семейде Достаевскиийге, Врангельге жолығады. 1858- 28 маусымда Семейден Қашқарияға беттеген керуен құрамына Әлімбай саудагер деген құпия атпен қосылады.1858- 1қазан мен 1859 жылдың 7 наурызы аралығында Қашқарда болады.

№ слайда 9 Орталық Азияның картасы
Описание слайда:

Орталық Азияның картасы

№ слайда 10 Шоқан өмірінің таласты тұстары 	Бір анығы, Шоқанды кейінгі кезге дейін патшал
Описание слайда:

Шоқан өмірінің таласты тұстары Бір анығы, Шоқанды кейінгі кезге дейін патшалық Ресейдің сойылын соғушы ретінде танып келдік. « Ол өз халқының болашағын ұлы орыс халқынсыз елестете алған жоқ» дедік, « Орыс демократтарының арқасында ағартушылық көзқарастары оянды, солармен жанқиярлық дос болды» деп түсіндік.Шындығында, Шоқан жеке басының емес, өзі жан тәнімен сүйген туған халқының мәртебесін биіктеуге күш салды, еңбек етті. Әншейінде азиялықтарды бұратана санап менсінбейтін орыс жұрты қазақтың өздері ойлағандай мал да, жабайы да емес екенін Шоқанға қарап түсінді. Елінің намысы сынға түсетін сәтте Шоқан ешкімнің алдында ешқашан тізе бүгіп көрген жоқ.Халқының ауыр жағдайы ұлттық теңсіздікке байланысты екендігін терең түсінген ол: « Қырғыз ретінде, азап шегіп жүрген өз жерлестіреме қатысты бір- екі ауыз сөз айтпай тұра алмаймын», деп, ұлықтың өзіне өткір сөз айтты.Дегенмен патшалық Ресейдің шовинистік ниетінен, отаршылдық әрекетінен іш тартып, өмірінің соңғы кездерінде дағдарысқа да ұшырады.Өзі сыйласып жүрген орыс достарының көпшілігінен көңілі қалды. Олардың идеялық ұстанымдарының өз көзқарасына қайшы екенін ұғынды. Ақырында бәрінен безініп, туған еліне оралды.

№ слайда 11 1859- 12 сәуірде Алматы бекінісіне қайтып оралып, Қашқар сапарының толық есеб
Описание слайда:

1859- 12 сәуірде Алматы бекінісіне қайтып оралып, Қашқар сапарының толық есебін жазады.1860- ақпанының соңы мен 1861 жылдың мамыр айының соңына дейін Петерборда тұрады.

№ слайда 12 Кәкімбек Салықовтың « Шоқан әзілдері» мақаласынан үзінді « Екі сағаттық дәріс
Описание слайда:

Кәкімбек Салықовтың « Шоқан әзілдері» мақаласынан үзінді « Екі сағаттық дәрісіңіз маған не береді?» Шоқанға өзге пәндер жеңіл соқса да, математикаға шорқақ болыпты.Оның өзге дарынын білген соң, оқу басшылары ол мәселеге мән бермепті.Бірде сынақ алдындағы консультацияны негізгі мұғалім жүргізбей, Ждан –Пушкин деген инспектор жүргізіпті.Шәкірттердің бәрі жапа- тармағай тақтаға қарап телмірсе, Шоқан жоғарыға қарап, бейжай қалыпты.Оны көрген инспектор: « Уәлиханов,сен неге аулаққа қарап отырсың?»- дегенде, Шоқан: «Бұл пән мұғалімнің жыл бойы айтқаның түсіне алмасам, маған сіздің екі сағаттық дәрісіңіз не береді?»-деп жауап бергенде, инспектор оны шығарып алып кетіп, басқа бөлмеге отырғызып, қолына « Современник» атты журналды ұстатыпты. « Қаруымыз – шоқпар, киіміміз – шапан» Шоқан қазақ халқының қарусыз бейғам тұрмысын сипаттағанда « қаруымыз – шоқпар, киіміміз – шапан»дей береді екен. Соны байқаған Петербургтен келген бір генерал: « Шоқан Шыңғысович. «шоқпар» деген сөзді жиі қолданасыз, соның өзі немене?» - деп сұрағанда , Шоқан: « Ол – жас қайыңды түбірімен жұлып алып, қолға лайықты жасап алған тоқмақ сойыл.Біздің адамдарды сіздің адамдар пулеметпен атқылап жауған оқты қаққылап, қазақтар аман қалады»- деген екен.

№ слайда 13 Тобықтай түйін 	Шын мәнісінде,Шоқан тұлғасы – таусылмайтын сырға толы ғажайып
Описание слайда:

Тобықтай түйін Шын мәнісінде,Шоқан тұлғасы – таусылмайтын сырға толы ғажайып тұлға. Шоқанды зерттеуге, мұраларын халқымен қауыштыруға бүкіл ғұмырын арнаған Әлкей Марғұлан: « Шоқан – негізгі бөлігі су астында жататын алып айсберг сияқты заңғар тұлға, біздің ол туралы білетініміз – айсбергтің су бетіндегі аз бөлігіндей мөлшері ғана, білмегеніміз одан да көп», - деген екен. Шет- жағасын жоғарыда сөз еткеіміздей, ғалым өмірінің қалтарыс-бұлтарыстары, таласты пікірлерге негіз боларлық түйінді тұстары жетіп- артылады.Шоқантану атты үлкен мұхитты осындай мөлдір бастаулар арқылы алдағы уақытта да толықтыра беру - ұлт ұланына парыз.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 21.12.2015
Раздел История
Подраздел Презентации
Просмотров417
Номер материала ДВ-276154
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх