Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Презентация: "Темпераменттердің түрлері және өзіндік бағалауына әсері"

Презентация: "Темпераменттердің түрлері және өзіндік бағалауына әсері"


  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Г. Ергешева Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологы
Белгілі бір адамға тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасы, т...
Бұл ұшып-қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгере...
Ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып қымтырылмайды, оптимист, өмі...
Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Сәл нәрсеге ренжиді, өк...
Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұяң, байсалд...
 Темпераменттің негізгі төрт типінің өкілдері бірқалыпты жағдайдың өзінде өз...
Бір адамның өзінде де әр жағдайда түрлі мінез-кұлық көрініп отырады, оны талд...
Адамның жабырқауы мен солқылдақтығы да осы тектес болады. Холериктерде бұл ұз...
Ағылшын психологы Ю.Айзенк психологияның биологиялық бағытындағы лидердің бір...
Интроверсия –(лат. intro – ішінде, versave –қарау) ұялшақ, көп нәрсені ішінд...
Экстраверсия – (лат.exter –сыртқы, versave –қарау)қоғамшыл, импульсивті, бел...
Мектепте 5-7 сыныптарға психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Зерттеуге...
Сыныптар 	Бар	Қатыс	флегматик 	сангвиник	холерик	меланхолик 5 сыныптар	117	11...
Сыныптар 	Барлығы 	Қатыс	Өзін адекватты бағалау	Өзін жоғары бағалау	Өзін төме...
Өзіндік бағалауы теңбе-тең (адекваттық) оқушыларға тән қасиеттер: белсенділік...
5 сыныптар өзіндік бағалауы 	Барл	флегматик	сангвиник	холерик	меланхолик адек...
Зерттеу барысында өзіндік бағалауы адекватты 75,5% флегматик және сангвиник...
Адамның темпераменті психикалық әрекетінің көрінуіне сырттай із қалдырғанмен,...
1 из 22

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Г. Ергешева Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологы
Описание слайда:

Г. Ергешева Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологы

№ слайда 2 Белгілі бір адамға тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасы, т
Описание слайда:

Белгілі бір адамға тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасы, тонусы мен бірқалыптығында көрініс беретін мінезқұлықтың табиғи ерекшеліктерін- темперамент деп ұғынуымыз керек

№ слайда 3
Описание слайда:

№ слайда 4
Описание слайда:

№ слайда 5 Бұл ұшып-қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгере
Описание слайда:

Бұл ұшып-қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық, бірақ бейкам, ашуланшақ бала. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оқтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады. Бұл жөнінде И.П. Павлов былай дейді: «Байсалдылығы жоқ қажырлы адам, кез келген іске барлық күш жігерімен кіріседі , содан соң тез шаршап қалады, кейіннен зауқы аумай қояды…» Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері.

№ слайда 6 Ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып қымтырылмайды, оптимист, өмі
Описание слайда:

Ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып қымтырылмайды, оптимист, өмір сүргіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады. Әр түрлі, көп қырлы жұмысты нәтижелі атқарады. Бір қалыптылықты және шапшаңдықты тілейтін жұмыстар оларға өте қолайлы. Бұл темпераменттің өкілін И.П.Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Бірақ ол ылғи қызықты іспен айналысқанда ғана осындай күйде болады. Мұндай іс жоқ кезде ол жабыраңқы, сылбыр жүреді.

№ слайда 7 Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Сәл нәрсеге ренжиді, өк
Описание слайда:

Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Сәл нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жай басар. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Мектепте осындай баланы құрбы-құрдастары “қорқақ”, “сылбыр”, “үндемес”, т.б. сөздермен келеке ететін кездері де болады. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қыңыр, қисық келеді. Кез келген күшті әсер меланхоликтің қимыл қозғалысын баяулатады, әлсіз тітіркендіргіштер де мазалайды, одан да зор әсер алады, сондықтан да ол ұсак-түйектің бәріне де қатты мұңаяды немесе қатты қуанады.

№ слайда 8 Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұяң, байсалд
Описание слайда:

Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бірқалыпты. Флегматик бала сабырлы, орынсыз асып-саспайды, сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Флегматик темпераментіндегі балалардың көпшілігі мектепке келгенен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді. Флегматик темпераментіндегі адам, И.П. Павловтың сипаттауынша, барлық уақытта да байсалды, ұстамды, бірқалыпты, табанды, төзімді және еңбекқор болады. Жүйке үдерістерінің тепе-теңдігі мен баяулығы флегматикке қандай жағдай да болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді.

№ слайда 9  Темпераменттің негізгі төрт типінің өкілдері бірқалыпты жағдайдың өзінде өз
Описание слайда:

 Темпераменттің негізгі төрт типінің өкілдері бірқалыпты жағдайдың өзінде өздерін түрліше ұстайды екен.  Осылайша темперамент адамның белсенділік сипатынан, мінез-құлықтың түрлі қалпынан ,үнемі өзгерісте сыртқы ортаға бейімделе алу жағдайынан көрініп отырады.   Адамның мінез-құлқы оның туыстан пайда болған тип өзгешелігіне ғана тәуелді болмай, жүйке қызметінің тікелей өмір барысында қалыптасатын түрімен де байланысты екенін есте . ұстау қажет. Кейде тыныш бірқалыпты . флегматик холерикше эмоциясы . бұрқанып, күйіп-пісіп, әлек болады, ал . холериктің кейбір жағдайларда өз күшіне сенбейтін, енжар меланхоликтің қалпына түсіп кететін кездері де болады.

№ слайда 10 Бір адамның өзінде де әр жағдайда түрлі мінез-кұлық көрініп отырады, оны талд
Описание слайда:

Бір адамның өзінде де әр жағдайда түрлі мінез-кұлық көрініп отырады, оны талдауда алғашқы кезде осы адамның типтік өзгешіліктері еске алынады, өйткені, мұндай жағдайларда жүйке жүйесінің түрлі типтерінде көңіл күйі түрліше байқалады. Мәселен, холерикке — көңілдің түсуі, бұрқануы, ал флегматикке — ұстамдылық, меланхоликке — өз күшіне сенімсіздік т.б. тән қасиет.Олай болса осы жағдайлар адамның типтік белгісі болып табылады. Егер адам сыртқы әсерге қалай болса солай қарайтын болса, осы әсердің өзі қандай екенін зерттеу қажет. Мұндайда кездейсоқ реакцияның типтік болып шығуы да ықтимал. Мәселен, флегматиктің ашуы мен эмоциялық күйіп-пісуі ұзақ уақыт ішінде сан рет қайталанған әсерден кейін туса, холерикте осындай жағдай бірден пайда болады.

№ слайда 11 Адамның жабырқауы мен солқылдақтығы да осы тектес болады. Холериктерде бұл ұз
Описание слайда:

Адамның жабырқауы мен солқылдақтығы да осы тектес болады. Холериктерде бұл ұзақ зорығып жұмыс істеген кездегі қажудан туындаса, меланхоликтерде бұл жайт қарым-қатынас пен өмір жағдайының түбегейлі өзгеріске түскен кезінде немесе қысқа мерзімді күйзеліс үстінде белең береді.

№ слайда 12 Ағылшын психологы Ю.Айзенк психологияның биологиялық бағытындағы лидердің бір
Описание слайда:

Ағылшын психологы Ю.Айзенк психологияның биологиялық бағытындағы лидердің бірі. Ол  қозу және тежелу процесі негізінде экстраверсия – интроверсияны ұсынды.

№ слайда 13 Интроверсия –(лат. intro – ішінде, versave –қарау) ұялшақ, көп нәрсені ішінд
Описание слайда:

Интроверсия –(лат. intro – ішінде, versave –қарау) ұялшақ, көп нәрсені ішінде сақтайды. Аяқ астынан ашуланбайды, жинақылықты жақсы көреді, суық, тұрақты, субьективті, қарапайым, экстраверсияға қарама –қарсы. Интроверттерге флегматиктер мен меланхоликтер жатады

№ слайда 14 Экстраверсия – (лат.exter –сыртқы, versave –қарау)қоғамшыл, импульсивті, бел
Описание слайда:

Экстраверсия – (лат.exter –сыртқы, versave –қарау)қоғамшыл, импульсивті, белсенді, өжет, көңілшек. Олар кештерді жақсы көреді, адамдар арасында болғанды ұнатады, қалжыңды жақсы көреді, эмоциялы. Экстраверттерге сангвиниктер мен холериктер жатады

№ слайда 15 Мектепте 5-7 сыныптарға психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Зерттеуге
Описание слайда:

Мектепте 5-7 сыныптарға психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Зерттеуге 5-7 сынып аралығында 348 бала қатысты. Оқушылардан А. Беловтың «Темперамент формуласы » тесті және «Өзін-өзі бағалау» әдістемесі алынды. Темпераментті зерттеу барысында анықталғаны:

№ слайда 16 Сыныптар 	Бар	Қатыс	флегматик 	сангвиник	холерик	меланхолик 5 сыныптар	117	11
Описание слайда:

Сыныптар Бар Қатыс флегматик сангвиник холерик меланхолик 5 сыныптар 117 117 62-53,1% 42-35,9% 10-8,5% 3-2,5% 6 сыныптар 119 119 57-47,8% 54-45,4% 4-3,4% 4-3,4% 7 сыныптар 112 112 54-48,2% 40-35,7% 16-14,3% 2-1,8% 348 348 173-49,7% 136-39,1% 30-8,6% 9-2,6%

№ слайда 17 Сыныптар 	Барлығы 	Қатыс	Өзін адекватты бағалау	Өзін жоғары бағалау	Өзін төме
Описание слайда:

Сыныптар Барлығы Қатыс Өзін адекватты бағалау Өзін жоғары бағалау Өзін төмен бағалау 5 сыныптар 117+3ү.о 117 86-73,5% 24-20,5% 7-6% 6 сыныптар 119 119 84-70,5% 31-26,1% 4-3,4% 7 сыныптар 112 112 93-83% 15-13,4% 4-3,6% 348 348 263-75,5% 70-20,1% 15-4,4%

№ слайда 18 Өзіндік бағалауы теңбе-тең (адекваттық) оқушыларға тән қасиеттер: белсенділік
Описание слайда:

Өзіндік бағалауы теңбе-тең (адекваттық) оқушыларға тән қасиеттер: белсенділік,байсалдылық, тапқырлық, сергектік,олар қарым-қатынасқа тез түседі. Ойын, сабақ үстіндегі жеңілістеріне ренжімейді, жеңген уақытта басқаларды ызаландырмайды. Өзіндік бағалауы жоғары оқушыларға тән қасиеттер, олар, қандайда бір іс-әрекетке қатысуға қорқады. Қатысқан жағдайда ренжіп кетіп қалады, әрдайым барлық жерде бірінші болуға тырысады. Егер бұл орындалмай қалса жүректеріне жақын қабылдайды, өзіндік бағалауы өте жоғары оқушылар барлық жерде лидер болуға ұмтылады. Мұндай балалардан: «Мен ең жақсы оқушымын (әдемімін, мықтымын). Сендердің барлықтарың мені тыңдауларың керек!» — деген сөздерді жиі естуге болады. Өзіндік бағалауы төмен оқушыларға ұялшақтық, ұяндық, тұйықтық қасиеттері тән және өз-өзіне сенімділігі аз, көбінесе жеке қолдауды қажет етеді.

№ слайда 19 5 сыныптар өзіндік бағалауы 	Барл	флегматик	сангвиник	холерик	меланхолик адек
Описание слайда:

5 сыныптар өзіндік бағалауы Барл флегматик сангвиник холерик меланхолик адекватты 86 62 24 - - жоғары 24 - 18 6 - төмен 7 - - 4 3 6 сыныптар өзіндік бағалауы Барл флегматик сангвиник холерик меланхолик адекватты 84 57 27 - - жоғары 31 - 27 4 - төмен 4 - - - 4 7 сыныптар өзіндік бағалауы Барл флегматик сангвиник холерик меланхолик адекватты 93 54 35 4 - жоғары 15 - 5 10 - төмен 4 2 2 5 сыныптар өзіндік бағалауы Барл флегматик сангвиник холерик меланхолик адекватты 86 62 24 - - жоғары 24 - 18 6 - төмен 7 - - 4 3 6 сыныптар өзіндік бағалауы Барл флегматик сангвиник холерик меланхолик адекватты 84 57 27 - - жоғары 31 - 27 4 - төмен 4 - - - 4 7 сыныптар өзіндік бағалауы Барл флегматик сангвиник холерик меланхолик адекватты 93 54 35 4 - жоғары 15 - 5 10 - төмен 4 2 2

№ слайда 20 Зерттеу барысында өзіндік бағалауы адекватты 75,5% флегматик және сангвиник
Описание слайда:

Зерттеу барысында өзіндік бағалауы адекватты 75,5% флегматик және сангвиник темпераментіндегі оқушылар, өзіндік бағалауы жоғары 20,1% холериктер мен сангвиниктер, өзіндік бағалауы төмен 4,4% - холериктер мен басым бөлігі меланхолик темпераментінде екенін анықтадым. Осы зерттеулердін нәтижесінде темперамент түрлерінің өзіндік бағалауына әсері бар екені көрініп тұр. Сабақ барысында оқушылардың мінез- ерекшеліктерін ескеріп, әр темперамент иесіне қолайлы орта туғызып, холериктер мен меланхолик темпераментіндегі балаларға жеке қолдау көрсетуге, өзіне деген сенімділігін арттыруға, өзіндік бағалауын көтеруге ұсыныстар беріліп, дер кезінде түзету жұмыстары жүргізілді.

№ слайда 21 Адамның темпераменті психикалық әрекетінің көрінуіне сырттай із қалдырғанмен,
Описание слайда:

Адамның темпераменті психикалық әрекетінің көрінуіне сырттай із қалдырғанмен, ақыл-ойының дамуына ешқандай әуелі әсер ете алмайды деген қағиданың бірден-бір дұрыстығын меланхолик темпераментіндегі оқушылардың өмірінен жақсы көруге болады. Осы айтылғандардан темпераменттердің қандай болмасын тәрбиенің ықпалы мен қалыптасып отыратындығы, тіпті меланхоликтердің өзін ерік-жігері күшті, мінезді ұжымның бағалы мүшесі етіп тәрбиелеуге болатындығы байқалады. Қорытынды

№ слайда 22
Описание слайда:


Автор
Дата добавления 07.10.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров89
Номер материала ДБ-243335
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх