Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Презентации / Презентация "Тынайткыштар" (9 сынып)

Презентация "Тынайткыштар" (9 сынып)


  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Азот, фосфор ,калий тыңайтқыштары
Білімділік: Тыңайтқыш түрлері туралы,шаруашылықта сапалы өнім алудағы маңызы...
Көрнекілігі: Тірек- сызба, буклет, суреттер, тест тапсырмалары, қима қағаз. П...
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу. Зейінін...
 ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Венн диаграмма
IV. Жаңа сабақ : а) Міне,балалар біз озат,фосфор жайлы осындай мағлұматтарды...
Юстус фон Либих (1803-1873) Неміс химигі, академик. Агрохимияның негізін қала...
в) Азот тыңайтқышы. Азот- селитра тудырушы (грекше) құрамында қоректік элеме...
Фосфор тыңайтқышы. Фосфор-барлық тірі организмнің құрамына кіретін маңызды э...
д) Ә.Б. Бектуров туралы оқушы рефераты. А.Ә.Бектұров (1901-1985) Техника ғылы...
е) Біздің Жамбыл облысында қандай өнеркәсіп жақсы дамыған? Жауап: Химия өнер...
“Химпром” АҚ
Жаңа Жамбыл фосфор зауыты (НДФЗ)
V. Сабақты бекіту. 1) Тыңайтқыштарды орнына қою әдістемесі. 2) Экология. Әрин...
VI. Сабақты қорытындылау. Тест тапсырмасы. Бірін-бірі тексеру. 1. Химиялық құ...
Қорытынды сөз Ел Президентінің « Қазақстан-2030» жолдауында былай деп жазылғ...
1 из 17

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Сабақтың тақырыбы: Азот, фосфор ,калий тыңайтқыштары
Описание слайда:

Сабақтың тақырыбы: Азот, фосфор ,калий тыңайтқыштары

№ слайда 2 Білімділік: Тыңайтқыш түрлері туралы,шаруашылықта сапалы өнім алудағы маңызы
Описание слайда:

Білімділік: Тыңайтқыш түрлері туралы,шаруашылықта сапалы өнім алудағы маңызы туралы білім беру: Дамытушылық : Тыңайтқыштардың ерекшеліктерін айтып дамыта оқыту,оқушыларды қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауға , тыңайтқыштарды дұрыс тани білу дағдысын қалыптастыру. Тәрбиелік: Кез-келген жағдайдан жеңіл шыға білуге,қорытынды жасауға, туған жерге деген сүйіспеншілікке баули отырып,табиғат байлығын қорғай білуге тәрбиелеу. Сабақтың мақсаты:

№ слайда 3 Көрнекілігі: Тірек- сызба, буклет, суреттер, тест тапсырмалары, қима қағаз. П
Описание слайда:

Көрнекілігі: Тірек- сызба, буклет, суреттер, тест тапсырмалары, қима қағаз. Пәнаралық байланыс: география,биология Сабақ түрі: аралас Қолданылатын әдіс: түсіндіру, сұрақ- жауап,РАФТ әдісі Оқыту формасы: интегративті (кіріктіре)

№ слайда 4 Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу. Зейінін
Описание слайда:

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу. Зейінін сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Есеп-5 дәптер тексеру §18§19 ауызша сұрақтар а) Фосфор элементіне сипаттама. ә) Фосфордың қандай аллотропиялық түрөзгерісін білеміз? Б) Фосфор оксиді қандай оксидке жатады? В) Химиялық қасиеттері Р, Р О Н РО

№ слайда 5  ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Венн диаграмма
Описание слайда:

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Венн диаграмма

№ слайда 6 IV. Жаңа сабақ : а) Міне,балалар біз озат,фосфор жайлы осындай мағлұматтарды
Описание слайда:

IV. Жаңа сабақ : а) Міне,балалар біз озат,фосфор жайлы осындай мағлұматтарды білеміз. Ендеше бүгін жаңа сабағымызда осы элементтердің адам ағзасына,өсімдік пен жануарға қаншалықты қажет екенін білетін боламыз. Өсімдіктердің толық өсіп-жетілуіне қажетті элементті коректік элемент дейді. Өсімдіктердің құрамына 50-шақты химиялық элемент кіреді. Құрамына қоректік элемент болатын заттарды тыңайтқыштар дейді Тыңайтқыштар Органикалық, бейорганикалық

№ слайда 7 Юстус фон Либих (1803-1873) Неміс химигі, академик. Агрохимияның негізін қала
Описание слайда:

Юстус фон Либих (1803-1873) Неміс химигі, академик. Агрохимияның негізін қалаушылардың бірі. 1840ж. Өсімдіктің миниралды қоректену теориясын ұсынды. Ол көптеген анализдер негізінде әрбір өсімдікке қалыпты тіршілік ету үшін он элемент: С,H,O,N,S,K,Ca,P,Mg,Fe қажет екенін дәлелдеді. Ол бұл элементтердің үшеуі N,P,K ең маңыздысы болып табылатынын да анықтады.

№ слайда 8 в) Азот тыңайтқышы. Азот- селитра тудырушы (грекше) құрамында қоректік элеме
Описание слайда:

в) Азот тыңайтқышы. Азот- селитра тудырушы (грекше) құрамында қоректік элемент-азот бар тыңайтқышты азот тыңайтқышы дейді. Азот жетіспесе орамжапырақ пен жүгерінің жапырағы бозғылт жасыл болып,бойы өспей,жапырағы жұқа,шырыны аз,гүлі майда болады.Ақуыз құрамына кіреді.Көктемде аса қажет.Өсімдікке азот тыңайтқышын берсе,өсімдіктің өсуі мен дамуы жақсарып ,өнім беруі жоғарылайды. Селитраларда KNO, NaNo NH NO-15-16% азот бар. Аммоний сульфатында (NH) SO-21% Карбамид CO(NH) -46% Аммиак суында NH HO -80% азот бар. г) Калий тыңайтқышы Калий-арабша сақар дегенді білдіреді. Калий жетіспесе,фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса,өсімдікте крахмал,қантты зат,май түзілуі жоғарылайды және картоп,күнбағыс ,жоңышқа,қызылша сияқты өсімдіктердің өнімділігі артады. Астық тұқымдастардың сабағын қатайтып,жатып қалудан сақтайды. Калий тыңайтқышы: Жай Кешенді

№ слайда 9 Фосфор тыңайтқышы. Фосфор-барлық тірі организмнің құрамына кіретін маңызды э
Описание слайда:

Фосфор тыңайтқышы. Фосфор-барлық тірі организмнің құрамына кіретін маңызды элемент. Ферменттердің,витаминдердің құрамында болады.Фосфорсыз хлорофилл түзілмейді,онда өсімдік жапырағы көмірқышқыл газын сіңіре алмайды. Фосфор әсіресе ұдайы жетілетін мүшелері гүлі,жемісі өскенде, дамығанда қажет.

№ слайда 10 д) Ә.Б. Бектуров туралы оқушы рефераты. А.Ә.Бектұров (1901-1985) Техника ғылы
Описание слайда:

д) Ә.Б. Бектуров туралы оқушы рефераты. А.Ә.Бектұров (1901-1985) Техника ғылымдарының докторы, профессор. ҚазКСР Ғылым академиясының академигі. Ғылыми еңбектері миниралды тыңайтқыштар өндірісі мен миниралды тұздарды өңдеу технологиясы мен химиясына арналған.

№ слайда 11 е) Біздің Жамбыл облысында қандай өнеркәсіп жақсы дамыған? Жауап: Химия өнер
Описание слайда:

е) Біздің Жамбыл облысында қандай өнеркәсіп жақсы дамыған? Жауап: Химия өнеркәсібі,минералдық тыңайтқыштарды өндеу. ж) Қандай зауыттар бар? «Химпром» , «Суперфосфат», «Нодфос», «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты», «Қаратауда кен өңдеу кешенінің байыту фабрикасы» Біздің Қаратауда 1935 жылдан фосфорит бар екені белгілі.1935 жылдан бері оны өңдеу іске асты. Экспед-бастығы Гиммельфарб.Борис Михайл..... 1936 ж геолог И.И. Машкара Қаратау фосфорит алабын ашты. 1939ж Қаратау Көкжон фосфорит кені ашылды. 1946 ж. Шолақтау кен-химия комбинаты салынды. 1952 Жамбыл суперфосфорт зауытының бірінші кезегі пайдалануға берілді. 1979 ж. Жаңа Жамбыл фосфор зауыты салынып бітіп,қала «Үлкен химияның астанасына» айналды. Минер. тың 78%-ын. Қазіргі негізгі тұтынушылары: Ресей,Германия,Венгрия,Молдова,Чехия,Польша.

№ слайда 12 “Химпром” АҚ
Описание слайда:

“Химпром” АҚ

№ слайда 13 Жаңа Жамбыл фосфор зауыты (НДФЗ)
Описание слайда:

Жаңа Жамбыл фосфор зауыты (НДФЗ)

№ слайда 14
Описание слайда:

№ слайда 15 V. Сабақты бекіту. 1) Тыңайтқыштарды орнына қою әдістемесі. 2) Экология. Әрин
Описание слайда:

V. Сабақты бекіту. 1) Тыңайтқыштарды орнына қою әдістемесі. 2) Экология. Әрине химия заводтары,өнеркәсібі бар жерде табиғат тазалығын сақтаудың маңызы арта түседі. Сұрақ: Қоршаған ортаны ауаны,суды ластанудан сақтаудың қандай тиімді жолдарын ұсынар едіңдер? Рафт әдісі бойынша оқушыларға хат жазғызу.

№ слайда 16 VI. Сабақты қорытындылау. Тест тапсырмасы. Бірін-бірі тексеру. 1. Химиялық құ
Описание слайда:

VI. Сабақты қорытындылау. Тест тапсырмасы. Бірін-бірі тексеру. 1. Химиялық құбылыс туралы айтылған сөйлемді көрсет: а) Найзағай ойнап, жаңбыр жауды ә) электр пеште бәліш қоңырланды б) терезеден бұлбұл үні естілді 2. Р О пен РН қосылыстарындағы фосфордың валенттілігі тең: а) ІІІ және І ә) V және ІІІ б) ІІІ және ІІ 3. Құрамында азоты ең көп минералды тыңайтқыш? а) Натрий селитрасы NaNO ә) аммоний селитрасы NH NO б) Карбамид CO (NH ) 4. Калий мен оттектің арасындағы реакция теңдеуіндегі тотықтандырғыштың формуласының алдындағы коэффициент тең: а) 1 ә) 2 б) 3 5. Құрамында қоректік элементтері бар заттар: а) тыңайтқыштар ә) қышқылдар б) гидридтер 6. Фосфор тыңайтқышы: а) селитра ә) калий сульфаты б) суперфосфат 7. Қаратау фосфоритінен әртүрлі фосфор тыңайтқыштарын алудың ғылыми негізін қалаған Қазақстандық ғалым: а) Ә. Бектұров ә) Н. Нұрахметов б) Қ.Сәтбаев Тест жауаптары. А Ә Б 1 Х 2 Х 3 Х 4 Х 5 Х 6 х 7 х

№ слайда 17 Қорытынды сөз Ел Президентінің « Қазақстан-2030» жолдауында былай деп жазылғ
Описание слайда:

Қорытынды сөз Ел Президентінің « Қазақстан-2030» жолдауында былай деп жазылған: «2030 жылғы Қазақстан ауасы таза,мөлдір сулы,жасыл желекті елге айналуы тиіс.Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай үйлеріміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Барыс өзі ішетін тұнық судың лайланбауын, ал өз аясында тіршілік ететін табиғат пен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отыратын болады» демекші,өз денсаулығымыз өз қолымызда, сондықтан да табиғатты қорғауымыз керек. VII.Үйге тапсырма: §20. «Қаратау байлығы», «Туған жер тарихы» «Минералды тыңайтқыштар өндірісі», т.б тақырыбына реферат. VIII.Бағалау.


Автор
Дата добавления 06.04.2016
Раздел Химия
Подраздел Презентации
Просмотров437
Номер материала ДБ-014001
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх