Инфоурок Другое Другие методич. материалыПрезентация. Тәрбие сағаты "Жұлдызды сәт"

Презентация. Тәрбие сағаты "Жұлдызды сәт"

Скачать материал

       Зияткерлік ойын  «Жұлдызды сәт»

Мақсаты:  Оқушылардың Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына  байланысты      еліміздің тарихы, тағылымы жайлы білімдерін толықтыру;

                                         Оқушыларды Отансүйгіштікке, елжандылыққа, тілін, ділін, дінін құрметтеуге  баулу;

 

 

Барысы:

Құрметті оқушылар, ұстаздар!  Биылғы жыл-Тәуелсіздігімізге -25 жыл. 25 жылда біздің еліміз талай белестерді бағындырып, асулардан асқақтады, ұранымыз-еркіндік, тілегіміз-бейбітшілік  болды.

Енді бүгінгі сайысымызды бастау үшін  топқа бөлініп алайық:

1.     Қазақстан

2.     Тәуелсізідк

3.     Президент

Әділқазыларымызды сайлап алайық.

Сайысымыздың І кезеңі «Біліміңді көрсет» деп аталады. Әр топқа жеке сұрақ қойылады. Ойлануға -5 секунд. Әрбір дұрыс жауапқа -10 ұпай қойылады.

 

1 топ «Қазақстан» тобына

1. Орта ғасырларда Түркістан қаласы қалай аталған? (Иасы)

2. «Жеті жарғы» заңдар ережесін кім шығарды? (Тәуке хан)

3. Үш биді ата? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

4. Рәміздер қашан қабылданды? (1992ж.)

5. Күн мен түн теңелген күн? (22 наурыз)

6. Шет елде қазақ әнін орындап, күміс жүлде алған әнші кім? (Ә. Қашаубаев)

7. 1975 жылы Алматыда шыққан «Азия» кітабының авторы? (О. Сүлейменов)

8. Қарағанды көмір кенін тапқан кім? (Аппақ Байжанов)

9. Абайдың анасы кім?

10. Қазақ тарихында тұңғыш биші қыз? (Шара Жиенқұлова)

 11. Абылай ханның шын есімі /Әбілмансұр/

2 топ «Тәуелсіздік » тобына

1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)

2. Қазақстанда қанша облыс бар? (14)

3. 31 мамыр қандай күн? (Репрессия құрбандарын еске алу күні)

4. Екінші рет конституция елімізде қашан қабылда? (1995ж., 30 тамыз)

5. Әнұранның авторлары кімдер? (Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов)

6. Украинадағы конкурста «Әлия» әнімен1 - ші орын алған қай әнші? (Р. Рымбаева)

7. «Ленинградтық өренім» деп бүкіл халықты рухтандырған қай ақын? (Ж. Жабаев)

8. Отанды сүю неден басталады?(Отбасынан)

9. Қосымша нешеге бөлінеді? ( 2-ге жұрнақ, жалғау)

10. 12 ай неге тең? (1 жыл)
11. «Мен қазақпын» поэмасын жазған адам. / Ж. Молдағалиев/

  

 

 

3 топ «Президент» тобына

 

1.   16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)
3. Елтаңбаның авторлары? ( Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов)
4. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
5. 12 жылда қайталанатын жас(Мүшел жас)
6. Екі тәулікте неше сағат бар?(48 сағат)
7. Қазақтың ұлы ақыны?(Абай)
8. Қобызды ойлап тапқан кім? (Қорқыт)
9. Қ. Р. мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)
10. Жүз жасаған қазақ ақыны кім.(Жамбыл)
11. Қазақстанның бұрынғы астанасы /Орынбор/

Сайысымыздың ІІ кезеңі «Үш тілде сөйлеймін» деп аталады

1.     Отансыз ..... – ормансыз бұлбұл (адам-человек-man)

2.     Отанды сүю ...... басталады  (отбасы-семья-family)

3.     Жылтырағанның бәрі .... емес (алтын-золото-gold)

4.     Аптаның бесінші күні  (жұма-пятница-friday)

5.     The room where we sleep.  (bedroom, спальня, жатын бөлме)

6.     What month is it now?  (қазан-октябрь-October)

7.     Who works at school?  (teacher, учитель, мұғалім)

8.     Какой праздник в Казахстане отмечают 22 сентября?(languageday,день языков, тілдер күні)

9.       Сәтті күн  (сәрсенбі, среда, Wednesday)

10.  The antonym to the word “good’.   (bad, плохой, жаман)

11.   What colour is snow?  (white, белый, ақ)

12.   Әкемнің анасы кім?   (әже, бабушка, grandmother)

13. Ақылы көпті дау алмайды

...... көпті жау алмайды  (дос-друг-friend)

14. Астана-Қазақстанның .......   (астана –столица-capital)

15. Таяқ еттен өтеді, ... сүйектен өтеді. (сөз-слова-word)

Сайысымыздың ІІІ кезеңіне де келіп жеттік.

«Санды анықта» деп аталады

 І топтан бір қатысушыны ортаға шақырайық.

1.     «Қазақ елі» монументінің биіктігі қанша? 91 м

2.     Ата заң неше тараудан тұрады? 21тарау

3.     Шоқан Уәлиханов қанша жыл өмір сүрген? 30 жыл

4.     Ұлттық валюта қай жылы айналымға енді? 1993ж

5.     Қазақстан халықтарының Ассамблеясы қашан құрылды? 1995ж

6.     2011 жылы Қазақстанда нешінші Азия ойындары өтті? 7 ойын

7.     Ата Заң неше бөлімнен тұрады? 4 бөлім

ІІ топтан бір ойыншыны шақырайық.

1.     Еуропалық Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ)

Қанша ел кіреді? 56 ел

2.     2012 жылы Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиадада Қазақстан нешінші орында болды? 12 орын

3.     Абай Құнанбаев неше жаста? 171жас

4.     Қазақстанда 14 облыс болса қанша қала бар? 2 қала

5.     Бейбітшілік пен Келісім сарай қай жылы ашылды? 2006ж

6.     Астана-Бәйтерек моументі қай жылы тұрғызылды? 2002ж

7.     Қазақстанда халықтың қанша пайызын қазақтар құрайды? 63пайыз

 

ІІІ топтан шақырайық.

1.     Абылай хан неше жыл қандық құрды?   10ж

2.     2012 ж Лондон олимпиадасынан спортшыларымыз қанша медаль алып келді? 13 медаль

3.     Астана –Бәйтерек монументінің биітігі қанша? 97 метр

4.     Ата заң неше баптан тұрады? 131 бап

5.     Қай жылы Астана Ақмолаға көшірілді? 1998ж

6.     Қай жылы Қарулы Күштер қайта құрылып, тұрақтандырылды? 1999ж

7.     Мемлекеттік рәміздер қай жылы қабылданды? 1992 ж

 

 

ІҮ кезең «Ой толғау» деп аталады

 

Топтар келіп тақырыпшалар таңдайсыздар. Берілген тақырып бойынша

Өлең шығару, әңгіме құрау, сурет салу (өз қалауларымен)

5 минут уақыт беріледі, сосын шығып жұмыстарыңызды қорғайсыздар.

1.     «Білімді ұрпақ»

2.     «Болашақ жұлдыздар»

3.     «Қасиетті мекен»

Әділқазылар ұпайларын есептеп, бүгінгі «Жұлдызды сәттің» жеңімпаздарын анықтасақ. Жеңімпаздпрды марапаттау.

 

Азат елдің білікті, білімді, жігерлі азаматтары болыңыздар!-деген тілекпен тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Жұлдызды сәт» зияткерлік ойынымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация. Тәрбие сағаты "Жұлдызды сәт""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Флорист

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 226 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2017 1494
    • DOCX 19.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Urgenishbaeva Gulzat Navievna. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Urgenishbaeva Gulzat Navievna
    Urgenishbaeva Gulzat Navievna
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4543
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой