Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Презентации / ПРЕЗЕНТАЦИЯ " тӘРБИНЕНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ "

ПРЕЗЕНТАЦИЯ " тӘРБИНЕНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ "

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/

  • История
Орындаған:9 «С» сынып оқушысы: Өмірәлі Бақтияр Қабылдаған:Тарих пәнінің мұғал...
Жоспар: Кіріспе.................................................................
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Ұлт менталитетінің экзистенциалдық мотиві турулы сө...
Кіріспе «Экзистенция» өмір сүру, тіршілік ету деген мағынаны білдіреді. Филос...
І. Қазақ менталитетінің экзистенциялық мотиві 1.1. Ақын, жазушылардың экзист...
Ең алғашында әлеуметтану ғылымында Э.Дюркгейм енгізген "ұжымдық сана" деген ұ...
ІІ. ЕРКІНДІК МҰРАТТАРЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ТАРИХИ САНАСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ 2.1....
2.2 Тарихи заманнан келе жатқан эволюция Б.з.д. 4-мыңжылдықтағы Сынтасты, Ақа...
2.3 Руханилық халыққа тіршілік етуге мүмкіндік беретін өзек Руханилық халыққа...
Әлемдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай Қазақстан үшін экономикал...
. «АҚШ мемлекеттік департаментінің мәліметтерінше, 2010 жылы әлемнің 72 елін...
ҚОРЫТЫНДЫ Ұлттық тәуелсіздік маңызды, өйткені біздің жас мемлекетіміз бірнеш...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕ 1.Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім бер...
Назарларыңызға рахмет!!!
1 из 14

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Орындаған:9 «С» сынып оқушысы: Өмірәлі Бақтияр Қабылдаған:Тарих пәнінің мұғал
Описание слайда:

Орындаған:9 «С» сынып оқушысы: Өмірәлі Бақтияр Қабылдаған:Тарих пәнінің мұғалімі:А.Нұралиевна Қазақ менталитетінің экзистенциялық мотиві

№ слайда 2 Жоспар: Кіріспе..............................................................
Описание слайда:

Жоспар: Кіріспе........................................................................................................... I. Қазақ менталитетінің экзистенциялық мотиві........................................ 1.1. Ақын, жазушылардың экзистенциялық мәселелері мен өлеңдері..... 1.2. Абай шығармашылығындағы қазақ менталитеті мәселесі................. II.Еркіндік мұраттары аясындағы қазақ халқы тарихи санасының эволюциясы.................................................................................................... 2.1. Қазақ халқының еркіндік мұраттары...................................................... 2.2. Тарихи заманнан келе жатқан эволюция.............................................. 2.3. Руханилық халыққа тіршілік етуге мүмкіндік беретін өзек.................... III. Қазақ халқының және басқа халықтардың экзистенциялық қиыншылықтары............................................................................................. 3.1. Елдер арасындағы саяси жағдайлар.............................................. ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. Пайдаланған әдебиеттер...............................................................................

№ слайда 3 Ғылыми жұмыстың мақсаты: Ұлт менталитетінің экзистенциалдық мотиві турулы сө
Описание слайда:

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Ұлт менталитетінің экзистенциалдық мотиві турулы сөз еткенде, ұлттық сананың даналық қасиеттерінің бірі ол- қазақтың бейбіт сүйгіштігі, экспансиялық қасиетінің жоқтығы. Мұндай қасиеттердің ұлт менталитетінде жоқтығы адам мен табиғат, адам мен қоғам, ел мен ел арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу. Ғылыми жұмыстың міндеттері: 1.Әрбір елдің менталитетінің экзистенциялық мотивін анықтау. 2.Халықтардың қиыншылықтарын салыстыру. 3.Елдер арасынлағы саяси қарым қатынас. Тақырыптың өзектілігі: Ұлттық тәуелсіздік маңызды, өйткені біздің жас мемлекетіміз бірнеше ғасыр бодандық қысымнан кейін тәуелсіздігіне ие болғалы жиырма жыл енді толды. Оның үстіне, еркіндік пен тәуелсіздік идеясы қазақ халқының тарихи өзіндік санасын көктей өтіп отырған өзекті идея. Оның эволюциясын тарихи уақиғалардың тізбегінен де, халық санасынан берік орын алған дүниетанымдық және идеологиялық бағдарлардан да, сондай-ақ қазақ халқының руханият бастауларынан да аңғарылады. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқынында» қазақ жеріндегі руханияттың алты мыңжылдық дамуын он екі кезеңге бөліп қарастырады.

№ слайда 4 Кіріспе «Экзистенция» өмір сүру, тіршілік ету деген мағынаны білдіреді. Филос
Описание слайда:

Кіріспе «Экзистенция» өмір сүру, тіршілік ету деген мағынаны білдіреді. Философия тарихында, әдебиет пен дінде, жалпы мәдениетте салт-дәстүрде, экзистенциалдық мәселелер жет-кілікті. Қазақтың мақал-мәтелдері, фольклоры, дүниетанымы,дүниетүсінігі, моральдық-этикалық ойлары экзистенциалдық мәселелерге толы. Онда өлім, өмір, ар-ұят, намыс, махаббат, ізгілік, зұлымдық, адалдық, қанағат, арамдық, тағдыр, даналық, обал, тәубә, шүкір, сабыр т.б. адам өмірінің мағынасын, өмір сүру тәсілін анықтайтын құндылықтар бар. Соңғы жылдары кейбір ғалымдар қазақ философиясын «экзистенциалдық философия» деп атап жүр. Біз бұндай ойды қолдаймыз, өйткені жоғарда аталған экзистенциалдық мәселелердің қазақ дүниетанымына, оның менталитетіне тікелей қатысы бар екені сөзсіз. Экзистенциалдық философия жайында әңгіме болса, бұл философия тек ХХ ғасырға тән рухани құбылыс деп қарастыру қалыптасқан. Көп жағдайда экзистенциалдық философияның өкілдері ретінде Сартрды, Камюді, Ясперсті ғана атаймыз. Ал қазақ философиясына келгенде жұмған аузымызды ашпаймыз. Бұл негізінен дұрыс емес. Ал шыдап айтатын болсақ экзистенциалдық мәселелерді түсіну, оларға өзінше мән беру, солардың негізінде дүниетанымдық ойлар жүйесін қалыптастыру, адамдардың ісқимылдары мен жүріс-тұрысын, мінезқұлқын, ойлау ерекшелігін қалыптастыру әр халықтың мәдениетінде, өмір сүру зандылықтарында бар екені белгілі. Олай болса, экзистенциалдық мәселелер де қазақ дүниетанымына тән қасиеттер. Қазақ даласында олардың жырға қоспаған жыршы, тілге тиек етпеген шешен, тереңнен тартпаған дана жоқ. Сонау Қорқыттан бастап Абайга дейін, Абайдан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта экзистенциалдық мәселелер үнемі сөз болып отырған. Олай болса, қазақ менталитетінің бір қыры осында жатқаны белгілі.

№ слайда 5 І. Қазақ менталитетінің экзистенциялық мотиві 1.1. Ақын, жазушылардың экзист
Описание слайда:

І. Қазақ менталитетінің экзистенциялық мотиві 1.1. Ақын, жазушылардың экзистенция мәселелері мен өлеңдері Сүйінбай "Дүние ойлап түрсам баяны жоқ" деген өлеңінде ақын ғұмыр-тіршілік туралы, бұл өмірдің баянсыздығын, адам өмірінің қысқа, мәңгілік еместігін терең сезіне білген ол, адам өзінің аз ғұмырын мағыналы өткізіп, ізгілік пен жақсылыққа арнау керек екендігін де ескертеді. Дүние ойлап тұрсам баяны жоқ, Нәрсенің түсте көрген аяны жоқ Кетеді күні жеткен, күн тоқта Екен деп кедей жалғыз аяры жоқ Ажалдан құтылмайсың қашқанменен, Кетпейсің тосусыз тасқанменен. Өлшеусіз жерден ұзап кете алмайсың, Аспанға қанат байлап ұшқанменен. Еңкейіп басың жерге бір тиеді, Қаншама талассаң да аспанменен /1/.

№ слайда 6 Ең алғашында әлеуметтану ғылымында Э.Дюркгейм енгізген "ұжымдық сана" деген ұ
Описание слайда:

Ең алғашында әлеуметтану ғылымында Э.Дюркгейм енгізген "ұжымдық сана" деген ұғым пайда болды. Кейінірек бұл ұғымды психологтар қауымы сәл өзгертіп менталитет терминіне алмастырып жіберді. ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Францияда пайда болған "жаңа тарих ғылымы" атты бағыттың уәкілдері М.Блог, Л.Февр, Ф.Бродель, Э.Канторович, Ж.Лефебр бұл ұғымды тарих ғылымында кеңінен қолдана бастады. Ондаған жылдар өткен соң "менталитет" ұғымы француз, неміс, ағылшын сөздіктеріне кіре бастады. Ол сөздіктердегі мәні мынаған сияды. Менталитет – жеке адамның немесе топтардың, ұлттардың ойлау сапасы, сана қабілеті, психологиялық ерекшелігі, талпынатын мақсат, мұраты. Біздің елде, Кеңес дәуірінде ең алғашқылардың бірі болып, ғалымдардан ерте, журналистер бұл ұғымды ескі санамен жаңа сананы ажырату мақсатында, кейбір саясаткерлердің ойлау жүйесінің жаңашылдағын көрсету жолында пайдалана бастады. Соңғы он жыл ішінде қоғамтану ғылымының көрнекті өкілдері де бұл ұғымға назар аудара бастады, сөздіктерде, ғылыми жұмыстарда талдана бастады. "Менталитет тұрақты ойлау түрі, не ана, не мына жеке адамдар,... саяси-әлеуметтік институт, топтар, ұйымдар, т.с.с. бөлімшелер туралы шындықтың жинақталған, таратылған бейне-түсінігі“. Отандық дүниетаным ең алғашқы бұл ұғымға мән беріп өз жұмыстарында қолдана бастағандар – А.Қасымжанов, Ә.Нысанбаев, М.Орынбеков, Д.Кішібеков. Орынбеков өзінің "Түрік менталитетінің негізгі белгілері" деген мақаласында мынадай анықтама береді: "Менталитет – қоғамдағы ұжымдық деңгейде қалыптасатын ойлау және іс атқару жүйесі, ол ұжымның барлық мүшелеріне тән, барлық жеке тұлғалардың іс-әрекеттерінде байқалады". Дегенмен, менталитет жайлы, оның ішінде қазақ менталитетінің қалыптасу себептері, ерекшелігі туралы бірінші болып кең әңгіме қозғаған профессор Д.Кішібеков. Ол кісі өзінің "Қазақ менталитеті: кешк, бүгін, ертен" атты монографиясын да бұл ұғымды былай деп ажыратады: Менталитетті әдебиеттерде "білім" деп жазып жүр. 1.2 Абай шығармашылығындағы қазақ менталитеті мәселесі

№ слайда 7 ІІ. ЕРКІНДІК МҰРАТТАРЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ТАРИХИ САНАСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ 2.1.
Описание слайда:

ІІ. ЕРКІНДІК МҰРАТТАРЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ТАРИХИ САНАСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ 2.1. Қазақ халқының еркіндік мұраттары Дала еркіндігі: еуразиялық көшпенді өркениет тарихының ғылыми реконструкциясы Еркіндік ұғымының қазақ тілінде бірнеше баламалары бар: дербестік, егемендік, тәуелсіздік, бостандық, азаттық және т.б. Бұл еркіндік феноменінің кең мағыналы екендігін, адамның жеке және әлеуметтік өмірінің әр алуан қырларын қамтитындығын айғақ- тайды. Тәуелсіздік сөзі адамның билікпен арақатынасына орай саяси мағынада ғана емес, еркіндік адамның ішкі болмысы мен экзистенциалдық сұраныстарына қарай философиялық мағынада да пайдаланылады. Профессор Қажымұрат Әбішевтің айтуынша, «еркіндік – мәндердің мәні, еркіндік адамның тек субъективті күйі ғана емес, оның дүниедегі ерекше болмысы». Сондай- ақ еркіндік санадағы тыйымдар мен әртүрлі қорқыныштарға бай- ланысты психологиялық мағынада, оның табиғи және азаматтық еркіндіктерімен байланысты құқықтық мағынада, меншік иеленуіне қарай экономикалық мағынада және отаршылдық езгіге байланы- сты ұлт-азаттық мағынада қолданыс табады. Біз үшін ұлттық тәуелсіздік маңызды, өйткені біздің жас мемле- кетіміз бірнеше ғасыр бодандық пен тоталитарлық қысымнан кейін тәуелсіздігіне ие болғалы жиырма жыл енді толды. Оның үстіне, еркіндік пен тәуелсіздік идеясы қазақ халқының тарихи өзіндік санасын көктей өтіп отырған өзекті идея. Оның эволюция- сын тарихи уақиғалардың тізбегінен де, халық санасынан берік орын алған дүниетанымдық және идеологиялық бағдарлардан да, сондай-ақ қазақ халқының руханият бастауларынан да аңғарылады. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқынында» қазақ жеріндегі руханияттың алты мыңжылдық дамуын он екі кезеңге бөліп қарастырады.

№ слайда 8 2.2 Тарихи заманнан келе жатқан эволюция Б.з.д. 4-мыңжылдықтағы Сынтасты, Ақа
Описание слайда:

2.2 Тарихи заманнан келе жатқан эволюция Б.з.д. 4-мыңжылдықтағы Сынтасты, Ақайым, одан кейінгі Таңбалы, Есік, Бесшатыр қорым- кешендерінен бастап, ежелгі дәуірдегі сақ, ғұн, үйсін дәуірлері, түркілердің тарихи сахнаға шығып, руналық жазбалармен қатар, Кодекс куманикус, Қорқыт ата, Манас жырларын, сондай-ақ әл- Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ.А. Йассауи мұраларын қалдырған ерте ортағасырлық кезең, Алтын Орда тұсындағы дастандар мен Майқы биден бастау алған қазақ билері мен ақын- жырауларының рухани мирасымен сипатталатын Қазақ хандығы дәуірі, одан кейінгі отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күреспен, қазақ ағартушылығымен, жиырмасыншы ғасыр басындағы алаш арыстарының қызметімен сипатталып, 1986 жылғы желтоқсанмен аяқталатын рух қозғалысы халқымыздың тарихи санасының эволюциясын да айқындап тұрғандай. Тәуелсіздікті тәу де еткен, ту да еткен ұлттық тарихи сананың осылайша қалыптасуы мен дамуын талдамас бұрын тарихи және әлеуметтік жады ұғымдарының басын ашып алу қажет. Тарих – бұл қашанда өткеннің бейболмысқа енуінің қайтымсыз үрдісімен сипатталатын «уақытшалықтың» энтропиялық үдерістерімен күрестің жаңа ұмтылыстарының тәжірибесі. Осы орайда адамзаттың шапшаң алға жылжуға кесірін тигізетін әлеуметтік- мәдени жүк ретіндегі тарихтың анықтамасы да ойға оралады. Өзінің «мәңгі қайта айналу», билікке деген ерік» идеяларымен батыстық философия тарихында иррационализм мен имморализмнің негізін қалады деп есептелетін немістің ұлы ойшылы Фридрих Ницшенің «Тарихтың өмір үшін пайдасы мен кесірі» деп аталатын еңбегінде жады мәселесі жаңа қырынан көтерілетіні туралы жоғарыдағы тарауларда айтылды.

№ слайда 9 2.3 Руханилық халыққа тіршілік етуге мүмкіндік беретін өзек Руханилық халыққа
Описание слайда:

2.3 Руханилық халыққа тіршілік етуге мүмкіндік беретін өзек Руханилық халыққа тіршілік етуге мүмкіндік беретін, өмір сүруге деген құқығын бекітетін өзек болып табылады. Халықтың руханилығы тарихи тұрғыда сынаққа түседі, шығынға ұшырайды, тоқырауға түседі, бірақ ол өмір сүргендіктен, халық та өмірін жалғастырады. Руханилық – саналылық пен бейсаналылықтың қоспасы, халық болмысының адамгершілік қабаты. Әрине, руханилық халықтың жалпы санасының терең тамыры ретіндегі, кәдуілгі сана мен пайым ретіндегі әртүрлі формаларда да, интеллектуалдар мен ақындардың абстракциялары мен арман-аңсарларының мейлінше биік формасында да көрініс табады. Ұлы тұлғалардың абыройын түсірушіліктің барлық ұмтылыстарына қарамастан, біз руханилық саласында, ой мен қиял саласында да шынайы және жалған ұлылық болады деп түйіндейміз». Халықтың тарихи санасының руханилығы – өмірлік құндылықтардың қайнар көзі ғана емес, жалпыадамзаттық құндылықтардың пайда болуының, дамуының және бекітілуінің ерекше тәсілі. Сондықтан біз әртүрлі халықтардың, әрқилы аймақтардың рухани мәдениетінің тарихи дамуынан типологиялық ұқсастықтарды іздестірудің ықтималдығын тұжырымдаймыз. Қазақ халқының мәдениеті әлемдік өркениет пен жалпыадам- заттық мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде өзіндік табиғиландшафттық жағдайларда – ерте кезден Батыс пен Шығыс мәдениеттерін байланыстырып келген Еуразияның орталық территориясындағы Ұлы Дала аймағында қалыптасты. Алтай, Алатау және Орал тауларының арасындағы ен даланы мекен еткен Орталық Азия халықтары мен ертедегі тайпаларының палеолит, қола дәуірлерінен бастап мәдени дәстүрлері ғаламдық жалпыадамзаттық заңдылықтардың динамикасы ағымындағы әлеуметтік-мәдени үдерістерді бастан кешіріп, номадизмге тән көшпелі мал шаруашылығының ықпалымен орнықты. Кейінірек толық құралып біткен автохтонды төлтума дәстүрлер жапсарлас жатқан халықтар мен елдердің мәдени әсерін бойына сіңіре отырып, қазіргі әлеуметтанулық философиялық және мәдениеттанулық теориялық тұрғыдағы зерттеулерді талап ететіндей күрделі және біртұтас феномен – дәстүрлі этномәдениетті дүниеге әкелді.

№ слайда 10 Әлемдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай Қазақстан үшін экономикал
Описание слайда:

Әлемдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай Қазақстан үшін экономикалық дағдарыс, экстремизм, мигранттардың жаппай ағылуы сияқты проблемалардың көзіне айналуы мүмкін, деп есептейді Қазақстан Республикасының президентінің жанындағы қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) директоры Болат Сұлтанов. «Біз қазір үлкен проблемаларға кезігіп отырған әлемде өмір сүріп жатырмыз. 2007-2009 жылдардағы жаһандық экономикалық дағдарысқа алып келген фундаментальды проблемалар өз шешімін тапқан жоқ. Демек, әлемді жаһандық экономикалық дағдарыстың жаңа толқыны күтіп тұр, ол келесі жылы басталады», - деді Б.Сұлтанов сәрсенбі күні «Тәуелсіз Қазақстан: бүгін және болашақ» ғылыми-тәжірибелік конференциясында. Оның атап көрсетуінше, күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар Қазақстанға мигранттар ағымын арттыруға алып келеді. «Жұмыссыздықтың белең алуы алаңдатарлық фактор болып табылады. 2008 жылы Орталық Азиядағы жұмыссыздықтың деңгейі 10,6% құраса, биылғы жылдың басында 13% болған. Оның ішінде, жұмыссыздардың 27% - жастар. Тәуелсіз сарапшылардың мәліметтеріне сәйкес, 2 млн өзбек шетелде жұмыс істейді. . Өзбек мигранттарының жалпы санының 25% Қазақстанның оңтүстігінде орналасады. Тәжікстанда азаматтардың 40-50% Ресейге және Қазақстанға барады, Қырғызстанда азаматтардың 50% шетелде жұмыс істейді», - деп хабарлады Б. Сұлтанов. Ол бұл көлемге Оңтүстік Азиядан келетін мигранттар да қосылуы мүмкін деп ойлайды. «БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, 2030 жылы жер бетінде 8,2 млрд адам тұрады. Халық саны негізінен оңтүстік Азияның кедей және дамушы елдерінің есебінен өседі. Бұл өсім халықаралық көші-қонның көлеміне және оңтүстік-солтүстік бағытына әсер етеді, яғни, Қазақстан бағытында», - деп түсіндірді ҚСЗИ басшысы. Оның айтуынша, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлар экстремизм мен терроризм үшін негіз болып отыр. ІІІ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЖӘНЕ БАСҚА ХАЛЫҚТАРДЫҢ ЭКЗИСТЕНЦИЯЛЫҚ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫ 3.1 Елдер арасындағы саяси жағдайлар

№ слайда 11 . «АҚШ мемлекеттік департаментінің мәліметтерінше, 2010 жылы әлемнің 72 елін
Описание слайда:

. «АҚШ мемлекеттік департаментінің мәліметтерінше, 2010 жылы әлемнің 72 елінде 11604 террористік әрекет жасалып, онда 43901 адам зардап шегіп, 13186 адам қаза болды. Терактілердің көбі оңтүстік Азияда тіркелді», - деді сарапшы. Б. Сұлтановтың пікірінше, тағы бір үлкен қауіп республикадағы криминогендік жағдайдың нашарлауында, соның ішінде, нашақорлықтың белең алуында жатыр. «Қазақстанда үстіміздегі жылдың 1 қаңтарында 47795 есірткі тұтынушы тіркелген, оның 61% героин тұтынады. Жалпыәлемдік статистика нашақорлардың шын санын тіркелгендердің санын 10-ға көбейту арқылы білуге болатынын көрсетіп отыр. БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, халықтың 7% нашақор болса, мемлекет қайтарымсыз қирау кезеңіне кіреді», - деді ол. Сонымен бірге, Қазақстандағы жағдайға шетелдердегі әскери-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай да әсер ете алады, деді ол. «Орталық Азияға Солтүстік Африкада болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси процестер қатты әсер етіп отыр. Мен Хиллари Клинтонның сөзін мысалға келтірейін. Ол Таяу Шығыста және Солтүстік Африкада болашақ белгісіз және бұл жағдайды экстремистер пайдаланып қалуы мүмкін», - деді ол. Сарапшылардың көбі талибтер Ауғанстандағы билікті қайтара алса, 1999-2000 жылдары болғандай Орталық Азияға өтуге тырысады деп есептейді. Сонымен бірге, Б.Сұлтанов Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты, онда әділет проблемасы басты мәселе болады деп отыр. «Жағдайдың қазіргі дамуын ескерсек, бізге белбілі бір шаралар қабылдау қажет және президент те белгілі бір идеялар айтты. «Нұр Отан» партиясының съезінде Нұрсұлтан Әбішұлы әділ халықаралық қаржы жүйесімен қатар әділ тәртіптің орнайы дағдарыстан кейінгі әлемнің негізі болатынын айтты. Біз бұл әлемнің, біздің аймақтың геосаяси және экономикалық шындықтары зор қарқынмен нашарлап отырғанына қарамастан, еліміздің табысты дамуын қамтамасыз ететін ел басшылығын, президент НұрсұлтанӘбішұлын қолдауға тиіспіз», - деді Б. Сұлтанов.  

№ слайда 12 ҚОРЫТЫНДЫ Ұлттық тәуелсіздік маңызды, өйткені біздің жас мемлекетіміз бірнеш
Описание слайда:

ҚОРЫТЫНДЫ Ұлттық тәуелсіздік маңызды, өйткені біздің жас мемлекетіміз бірнеше ғасыр бодандық қысымнан кейін тәуелсіздігіне ие болғалы жиырма жылдан енді асты. Оның үстіне, еркіндік пен тәуелсіздік идеясы қазақ халқының тарихи өзіндік санасын көктей өтіп отырған өзекті идея. Оның эволюциясын тарихи оқиғалардың тізбегінен де, халық санасынан берік орын алған дүниетанымдық және идеологиялық бағдарлардан да, сондай-ақ қазақ халқының руханият бастауларынан да аңғарылады. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқынында» қазақ жеріндегі руханияттың алты мыңжылдық дамуын он екі кезеңге бөліп қарастырады. Қазіргі заман – бұл өз бойына өткен шақты да, болашақты да енгізетін осы шақ болғандықтан, әлеуметтік жадыға деген қызығушылық ғылымда үлкен орын алып отыр. Ұлт менталитетінің экзистенциалдық мотиві турулы сөз еткенде, ұлттық сананың даналық қасиеттерінің бірі ол- қазақтың бейбіт сүйгіштігі, экспансиялық қасиетінің жоқтығын жою. Ал шыдап айтатын болсақ экзистенциалдық мәселелерді түсіну, оларға өзінше мән беру, солардың негізінде дүниетанымдық ойлар жүйесін қалыптастыру, адамдардың ісқимылдары мен жүріс-тұрысын, мінезқұлқын, ойлау ерекшелігін қалыптастыру әр халықтың мәдениетінде, өмір сүру зандылықтарында бар екені белгілі. Олай болса, экзистенциалдық мәселелер де қазақ дүниетанымына тән қасиеттер. Қазақ даласында олардың жырға қоспаған жыршы, тілге тиек етпеген шешен, тереңнен тартпаған дана жоқ. Сонау Қорқыттан бастап Абайга дейін, Абайдан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта экзистенциалдық мәселелер үнемі сөз болып отырған. Олай болса, қазақ менталитетінің бір қыры осында жатқаны белгілі.          

№ слайда 13 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕ 1.Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім бер
Описание слайда:

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕ 1.Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 3-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2013. ISBN 978-601-282-747-7   2.Гайденко П. П. Экзистенциализм (Новая философская энциклопедия)   3.Мэй Р. Открытие Бытия. — М.: Институт Общегуманитарных Исследований, 2004. — С. 49. 64-65. 107-109   4.Шкуратов В. А. Историческая философия, М 1994      

№ слайда 14 Назарларыңызға рахмет!!!
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет!!!

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 14.11.2015
Раздел История
Подраздел Презентации
Просмотров228
Номер материала ДВ-154615
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх