Настоящий материал опубликован пользователем Бимагамбетова Гульмира Сабитбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалФайл будет скачан в форматах:
Материал разработан автором:
Педагог
Об авторе
Настоящая методическая разработка опубликована пользователем Ким Кира . Инфоурок является информационным посредником
Бұл презентация қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің байланысу түрлеріне арналған. Онда қиысу, матасу, меңгеру, қабысу және жанасу секілді сөздердің өзара грамматикалық байланысу тәсілдері қарастырылған. Әрбір байланысу түрінің өзіндік ерекшелігі мен қолдану аясы түсіндіріліп, мысалдар арқылы көрсетілген.
Презентацияда оқушылардың грамматикалық білімі мен тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен сұрақтар берілген. Бұл материал мұғалімдерге қазақ тілін оқыту кезінде өте пайдалы құрал бола алады, өйткені ол грамматикалық ережелерді нақты әрі түсінікті мысалдармен қолдайды.
Презентацияда бірнеше тапсырма ұсынылған, оның ішінде жабық сұрақтар, ашық сұрақтар, шығармашылық тапсырмалар бар.
Тапсырмаларға дұрыс жауаптар берілген, оқушылардың білімін бағалау жүйесі (критерийлері) де көрсетілген.
Бұл презентация тіл үйренушілерге қазақ тілінің грамматикалық құрылымын тереңірек түсінуге көмектеседі және мұғалімдерге оқу процесін жеңілдетеді.
Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч.
Еще материалы по этой теме
Смотреть
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
Тақырыбы:
“Он жетінші сөз”
2 слайд
Білуі керек:
Абай өмірінен қысқаша мағлұмат, білімге, еңбекқорлыққа тәрбиелейтін өлеңдерін жатқа айта білу.
сөздің лексикалық мағынасын, мақал-мәтелдерді.
Қара сөздің мазмұнын талдай отырып, негізгі тақырыбы мен идеясын ашу.
3 слайд
Игеруі керек:
Сұраққа жауап беру;
Өз ойын жеткізе білу;
Қара сөздің мазмұнын талдау;
Қара сөздің негізгі тақырыбы мен идеясын ашу.
4 слайд
5 слайд
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе»
6 слайд
Парасатты болып туған
Шыңғыстаудың Абайы
Ән мен жырын мұра қылған
Сарыарқаның Абайы
Нақылменен сана құйған Қазағымның Абайы
Ақылменен дана болған
Бүкіл әлем Абайы
Жұмағазы Алмабаев
7 слайд
Абайдың азан шақырып қойған аты – ...
Әжесі Зере...
Осыдан кейін...
8 слайд
Абайдың әкесі - ....
Ол халық арасында ...
9 слайд
Абайдың әжесі –
Анасы Ұлжан – ...
10 слайд
Абай ... араласты.
11 слайд
Абай он екі жасында ...
Медреседе оқып жүріп ... дәріс алады.
Абай ... тілдерін үйренеді.
12 слайд
Абай орыс әдебиеттерімен ...
Абай Құнабаев Н. Долгополов досымен бірге.
13 слайд
Пушкиннің ..., әрі өзі ...
ән шығарады.
14 слайд
... өнерін ерекше бағалаған.
...: “Торы жорға”, “Май түні”, “Абай желдірмесі”.
Абай әндері: ...
15 слайд
Абай ... шығарған.
Балаларға арналған өлеңдері: ... т.б
16 слайд
Білетін өлеңдерім:
“Ғылым таппай мақтанба”,
“Әсемпаз болма әрнеге”
17 слайд
Білімді тексеру тесті.
Абайдың азан шақырып қойған аты – ...
1.Ибраһим 2.Абай 3.Құнанбай 4.Ақан 5.Аблай
1.Толқын 2.Зере 3.Ұлжан 4.Зейнеп 5.Балжан
“Домбыра” 2. “Көзімнің қарасы” 3. “Жыл мезгілдері”
4. “Әсемпаз болма әрнеге” 5. “Евгений Онегин”
“Татьянаның хаты” 2. “Көзімнің қарасы” 3. “Сегіз аяқ”
4. “Әсемпаз болма әрнеге” 5. “Евгений Онегин”
1.ақын 2.саудагер 3.би 4.күйші 5.ұстаз
Абайдың әжесінің аты - ...
Құнанбай ел арасында… болған
Абай әні: ...
Пушкиннің шығармасына жазған әні.
Жауабы: 1,2,3,2,1
18 слайд
« Ақ қағаз бен қара сияны
ермек қылайын,
кімде кім ішінен керекті сөз тапса
жазып алсын, я оқысын»
19 слайд
Қара сөз-өсиет, даналық сөздер. Ол көркем әңгіме емес, онда ғылыми-философиялық толғаныстар кең орын алады.
- Абайдың неше қара сөзі бар?
20 слайд
Білетін қара сөзім:
“Отыз сегізінші сөз”
21 слайд
38-інші сөзде адамның қандай қасиеттері қозғалды?
Отыз сегізінші сөз
22 слайд
“Он жетінші сөз”
23 слайд
Сөздікпен жұмыс
таласу- спорить
жалықпай –упорно
залал-вред
пайда –польза
рақым –милость
әділет –справедливость
ұят –совесть, стыд
билеуші –повелитель
қасиетті –святой, праведник
мейірбаншылық -отзывчивость
24 слайд
Қайрат айтыпты: Ғылымды білуге, ерінбей, жалықпай орнына келтіру-менің ісім.
Ақыл айтыпты: не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын-мен. Менсіз пайданы іздей алмайды, ғылымды үйрене алмайды.
Жүрек айтыпты. Мен-адамның денесінің патшасымын. Менсіз тіршілік жоқ. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратын-мен. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын.
Әділет, ұят, рақым, мейірбаншылық менен шығады.
Сонда Ғылым айтыпты: -Қайрат, сенің қаруына қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол.
-Ақыл, сенсіз еш нәрсе табылмайтұғыны рас. Бірақ амал да, айла да шығады. Жақсының, жаманның сүйенгені-сен.
-Сен үшеуіңнің басынды қоспақ-менің ісім, бірақ билеуші жүрек болса жарайды. Жүрек жақсылық айтқаныңа құмар болсын. Жаманшылық айтқаныңа ермесін.
-Қайрат, сенің күшің мол. Орынды іске күшіңді аятпайды.
Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет. Осы үшеуің бір кісіде табылсаңдар, қасиетті адам сол.
25 слайд
Қайраттың ісі неде?
Ақылдың пайдасы неде?
Жүректен не шығады?
Ғылым қайратқа қандай мінездеме берді?
Ғылым ақылдың қандай жаман жақтарын көрсетті?
Ғылымның шешімі қандай?
26 слайд
Мәтінге тақырып қой.
Мәтіннен өздеріңе ұнаған ой-тұжырымдарды жазып ал.
Бұл сөз кімге арнап және не үшін жазған деп ойлайсыңдар?
27 слайд
Берілген сөздердің антонимін жазыңдар.
еңбекқор -
пайда -
таза-
жамандық -
мол-
қасиетті -
28 слайд
Мәтінді бекіту
29 слайд
Қасиетті адамда не болу керек?
Қасиетті адам
Ғылымның шешімі қандай?
30 слайд
Жүректен не шығады?
31 слайд
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе»
Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен
32 слайд
Үй жұмысы:
1 деңгей: 4 тапсырма
9 тапсырма
2 деңгей - 7 тапсырма
33 слайд
Мақалмен жұмыс.
Ақылды адам айтқызбай біледі.
Ғылым-жанып тұрған шырақ.
Ұялмаған ұялтады.
Ақылсыз бастан мақұл сөз шықпас.
Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі.
Әдепсіз бала-сорлы бала.
Еріншектің ісі-екі.
Әділ сөздің зілі жоқ.
Қайратты туған ер - ғаріп.
Жақсы
қасиеттер
Жаман
қасиеттер
“ Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 3 орта мектебі”
Сабақтың тақырыбы:
Он жетінші сөз.
( Қазақ әдебиеті 8 - сынып)
Өткізген: Бимағамбетова Г. С.
Қостанай қаласы.
Cабақтың тақырыбы: Он жетінші сөз
Сабақтың мақсаты: Абайдың өмір жолынан қысқаша мағлұмат беру. Қара сөздің мазмұнын талдай отырып, негізгі тақырыбы мен идеясын таныту.
Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту. Сөздік қорын молайту. Оқушыларды жаман мінез-құлықтардан, іс-әрекеттерден сақтандырып, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, баяндау, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ақынның өмірі туралы слаидтар, тест тапсырмалары, сызба
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
Сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.
2.Ой шақыру: Суретте берілген нәрселер қандай ой туғызады?(кітаптар, ашық дәптер, қылқалам, шам)
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Парасатты болып туған
Шыңғыстаудың Абайы
Ән мен жырын мұра қылған
Сарыарқаның Абайы
Нақылменен сана құйған
Қазағымның Абайы
Ақылменен дана болған
Бүкіл әлем Абайы- деп жазушы Жұмағазы Алмабаев жырлағандай Абайды біз кім деп танимыз?
3.Біз ақын туралы не білеміз бүгін ортаға салайық.(слаидтар)
§Абайдың азан шақырып қойған аты – Ибраһим.
Әжесі Зере сүйікті немересін Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін ел арасында ол Абай атанып кетеді.
§Абайдың әкесі - Құнанбай. Ол халық арасында өте беделді, әділ би болған.
§Абайдың әжесі-Зере Абайды білімге итермелеген ұлы ұстаз, ана.
Анасы Ұлжан –мейірімді, ақылды кісі болған.
§Абай жас кезінен ел басқару ісіне араласты.
§Абай он екі жасында Семей қаласындағы медресеге түседі. Медреседе оқып жүріп орыс мектебінен дәріс алады. Абай араб, түрік, парсы тілдерін үйренеді.
§Абай орыс әдебиеттерімен Пушкин, Лермонтов, Достоевский, Белинский шығармаларымен танысады.
§Пушкиннің“ЕвгенийОнегинін”қазақ тіліне аударады, әрі өзі “Татьянаның хаты” атты ән шығарды.
§ Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұсаның өнерін ерекше бағалаған. Әнді, өнерді сүйген.
Абай күйлері: “Торы жорға”, “Май түні”, “Абай желдірмесі”.
Абай әндері: “Көзімнің қарасы”, “Айттым, сәлем, Қаламқас”, “Сегіз аяқ”.
§Абай тоғыз жасынан бастап өлең шығарған.
Балаларға арналған өлеңдері “Адам болам десеңіз”, “Әсемпаз болма әрнеге”, “Жыл мезгілдері”, « Ғылым таппай мақтанба» т.б
4.Абай атамыздың шығармаларындағы ең өзекті мәселе жастар мәселесі, оның ішінде оларды білім алуға, оқуға, еңбекке, мәдениетке шақыру жетекші орын алады.
-Кім Абай өлеңін жатқа айтып береді?
(“Әсемпаз болма әрнеге”,« Ғылым таппай мақтанба»)
Абай- сазгер, ағартушы, бірлік пен қамқорлық иесі, лирик, кемеңгер ойшыл, ұлы философ, ақын, ғылым, эколог.
5. Білімді тексеру тесті
-Өлең сөздің пайғамбары Абай неге қарасөз жазды?
« Ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде кім ішінен керекті сөз тапса жазып алсын, я оқысын» деген. Халықты жаман әдеттен арылып, жақсылықты өн бойына жинауға үндеген.
Ендеше біз қазір Абайдың қара сөзіне кезек берейік.
6.-Қара сөз деген не?
Қара сөз-өсиет, даналық сөздер. Ол көркем әңгіме емес, онда ғылыми-философиялық толғаныстар кең орын алады.
Абайдың қара сөздері неше тараудан тұрады?
7-сыныпта қандай қара сөзімен таныстық?
«Отыз сегізінші сөз»
- 38-інші сөзде адамның қандай қасиеттері қозғалды? (надандық, залымдық, еріншектік, жігерсіздік, мақтаншақ)
7. «Он жетінші сөз»
· Сөздікпен жұмыс
Таласу- спорить
Жалықпай –упорно
Залал-вред
Пайда –польза
Рақым –милость
әділет –справедливость
ұят –совесть, стыд
билеуші –повелитель
қасиетті –святой, праведник
мейірбаншылық –отзывчивость
- Сөз тіркесін құрастыру;
- Сөйлем құрастыру.
· Аудармасымен танысу.
• Сұрақтарға жауап беру
• Қайраттың ісі неде?
• Ақылдың пайдасы неде?
• Жүректен не шығады?
• Ғылым қайратқа қандай мінездеме берді?
• Ғылым ақылдың қандай жаман жақтарын көрсетті?
• Ғылымның шешімі қандай?
• Мазмұнына сай тақырып қою.
• Мәтіннен өздеріңе ерекше ұнаған ой-тұжырымдарды жазып алыңдар.
- Бұл сөзді кімге арнап және не үшін жазған деп ойлайсыңдар?
8. Берілген сөздердің антонимін жазыңдар.
• еңбекқор -
• пайда -
• таза-
• жамандық -
• мол-
• қасиетті -
9. Мәтінді бекіту : Флипчарт
10.Қорытынды:
- Қасиетті адамда не болу керек?
- Ғылымның шешімі қандай?
- Жүректен не шығады?
Флипчарт
11.Мақалмен жұмыс.
Флипчарт
Жақсы қасиеттер туралы:
Жаман қасиеттер туралы:
• Ақылды адам айтқызбай біледі.
• Ғылым-жанып тұрған шырақ.
• Ұялмаған ұялтады.
• Ақылсыз бастан мақұл сөз шықпас.
• Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі.
• Әдепсіз бала-сорлы бала.
• Еріншектің ісі-екі.
• Әділ сөздің зілі жоқ.
• Қайратты туған ер - ғаріп.
Мұғалім: «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын» деп Абай атамыз өзіне, халқына биік мақсат қойған, әр адам алдағы өміріне адам деген атына лайық өмір сүруі үшін жасынан білім алып, жаманнан қашық болып, жақсылықты өн бойына жинауға тиіс.
Біз бүгін Абайдың біраз өлеңдерін, қара сөздерін оқып талдадық, өмірімен таныстық. Оның жазған өлеңдері, қара сөздерінің берері мол тағылым.
- Абайдың осы сөзінен қандай тұжырым жасадыңдар?
- –Жақсы қасиеттерге үйрен, жаманнан жирен.Сондықтан, балалар, «Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе» деген эпиграфпен сабағымызды аяқтағым келіп тұр.
12.Үй жұмысы: 1 деңгей: 4 тапсырма
9 тапсыр, 2 деңгей -7 тапсырма
13. бағалау:
7 228 323 материала в базе
Вам будут доступны для скачивания все 209 529 материалов из нашего маркетплейса.
Мини-курс
3 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.