Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
Видеолекция
1 слайд
Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан аймақтары.
Сақтар мәдениеті
2 слайд
І. «Үш әлем билеушісі» ойыны (сергіту сәті).
ШАРТЫ:
Мұғалім сұқ саусағымен біресе төбені, біресе жерді, біресе алақанын ашып «аспан», «жер асты», «жер үсті» деп айтып тұрады. Мұғалім кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, оқушыларды жаңылыстыруға тырысады. Аңғарымды оқушы жеңімпаз деп танылады.
3 слайд
ІІ. «Сақ мәдениетіне саяхат» (топты таныстыру).
Әр топқа суреттер таратылып беріледі. Суреттің тақырыбына қарай топтарын таныстырады.
Мысалы:
1) «Алтын киімді адам» суреті - Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тақырыбын арқау етіп тобын ертегі арқылы таныстырады;
2) «Шілікті алтын адамы» - Шығыс Қазақстан тақырыбымен тобын қырық өтірік арқылы таныстырады.
3) Ақтау бекініс қалашығы - топ мүшелері қала көрінісінен жұмбақ жасырады.
4 слайд
ІІІ. «Ширату» (жылдам сұрақтар қою).
1) Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері қай өзендер бойында кездеседі?
2) Арал теңізінің шығыс жағында орналасқан сақ тайпаларының ең көне ескерткіштері?
3) Сырдарияның көне арнасы Жаңадария бойында орналасқан қала?
4) Бесшатыр обасының хронологиясы?
5) «Есік обасын» тапқан ғалым?
6) Есіктен соң алтын киім киген адам қай өңірлерден табылды?
7) «Аңдық стильдің» пайда болған мерзімі?
8) Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері қандай атпен белгілі?
9) «Мұрт» сияқты құрылыстың ұзындығы?
10) Дала тұрғындары көктайғақ кезде мұзды бұзу үшін жасаған әдістері?
11) Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан ерте темір дәуірінің бекініс-қалашығы?
12) Аримаспы атауының шығуы неге байланысты?
13) Шілікті жазығындағы ескерткіштер саны?
14) «Шілікті алтын адамы» киімінің алтын қаптырма-түймешіктерінің саны?
5 слайд
ІҮ. «Қызықты мозайка» (Сақ тайпаларын картада орналастыру).
Сұрақтары:
1) Сарыарқаның орталығында орналасқан тайпалар?
2) Сарыарқаның шығысында орналасқан сақ тайпасы?
3) Геродоттың айтуынша аргиппейлермен көрші болған тайпа?
4) «Ақ жалды жүйрік аттың иелері» деп аталатын тайпа?
5) Жетісу алқабы мен Оңтүстік-Шығыс Қазақстанды қоныстанған «шошақ төбелі сақтар»?
6 слайд
Ү. «Адасқан әріптер» логикалық ойыны.
Тарау бойынша бірнеше сөздердің әріп реті бұзылып берілген. Сонымен бірге әрбір сөзде бір әріп артық берілген. Әрбір қатардағы әріптерден дұрыс сөзді тауып, артық әріпті оң жақтағы қатарға жазу керек. Тапсырманы дұрыс орындап, оң жақтағы әріптерді тігінен оқығанда тағы бір сөз шығады.
1) ФОСАГКАРБ __________________ ∙∙∙∙∙ _________;
2) ТИЕДЕЛАЦЬ __________________ ∙∙∙∙∙ _________;
3) РАМАТОСЛ __________________ ∙∙∙∙∙ _________;
4) ӘБЕЙБӨГЕТЕ __________________ ∙∙∙∙∙ _________;
5) МОРСЛОД __________________ ∙∙∙∙∙ _________.
7 слайд
ҮІ. «Артығын тап!» логикалық ойыны.
Суреттердің нені білдіретінін астындағы сызықшаға жазып, оның мәнін түсіндіреді және ішінен артығын табады.
8 слайд
ҮІІ. «Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?».
Деңгейлік жетелеуші сұрақтар қою:
1) Сіз неліктен Есік қорғанынан табылған сақ адамына «Алтын киімді адам» деген атау берілгенін айта аласыз ба?
2) Сіз неліктен Орт. Қазақстандағы обаларды«мұртты» деп аталатынын айта аласыз ба?
3) Сіз Солтүстік Қазақстанның ескерткіштері басқа қай өңірлердің мәдениетіне ұқсас келетінін айта аласыз ба?
4) Сіз Шығыс Қазақстанның патша қорғандары жөнінде айта аласыз ба?
9 слайд
ҮІІІ. «СМСтер» (топтардың бір-біріне сұрақтары).
Оқушылар қағаздан жасалған жасанды ұялы телефонға өз сұрақтарын жазып қарсы топқа береді. СМС сұрақтар күрделі болу тиіс.
10 слайд
Х. Үйге тапсырма беру.
Үйде орындауға арналған тапсырмалар:
1) Ү-тарауды қайталау (100-120
беттер);
2) §32-39 соңындағы тесттермен
жұмыс (104,109,113,120 беттер);
3) Ежелгі Қазақстан тарихының
терминдерін түсініп оқу (200-205
беттер);
4) Ежелгі Қазақстанның басты
оқиғаларын дәптер жазып алу
(206-207 беттер);
5) Пән бойынша білім деңгейін
тексеретін тест тапсырмалары
(208-213 беттер, 1-31 сұрақтар).
ІХ. Топ басшыларының бағалауы.
Топтың басшылары сабақтың әр кезеңінде бағалап отырған топтағы оқушылардың қорытынды ұпайын айтып, бағасын береді.
ХІ. «Үш С және Ә».
Оқушылар сабақ барысында өздерінің орындаған 3 сәтті тұсын және жетілдіруі тиіс деген 1 әрекетін ұсынады.
6 184 673 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Нариман Айгуль Наримановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Договор цессии
Организация питания в школе: контроль качества и требования СанПиН: пути совершенствования организации питания в общеобразовательных учреждениях
Общая психология: Эмоции
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.