Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Презентация Утренник в садике

Презентация Утренник в садике


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Қош бол балабақша!
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті қонақтар, ата- аналар, балабақша ұжымы! Бөбек - жайымыздың 2016 жылғы түлектерінің « Балабақшамен қоштасу мерекесіне » қош келдіңіздер!Біздің түлектеріміз өмірге араласпақшы. Бұлар – көк байрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтататын еліміздің ертеңі мен келешегі. Бүгінгі күн ұмытылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз. Бүгінгі той иелерін – балабақшамыздың түлектерін қошеметпен ортамызға шақырайық.
Балалар өз жұптарымен ортаға шығады.
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Балаларым жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.


Балалардың базары,
Ұстаздардың назары.
Бөбекжайым – «Қызғалдақ»
Ауыл көркі, ажары!

Үш тұғырлы тілді оқып,
Білім алған балалар.
Болашақтың иесі,
Әрбір маман бола алар.


« Қызғалдағым » құт – мекен
Елбасының өзі ашқан.
Тәжірибе алаңы,
Болашақпен ұштасқан.

Жүргізуші:
Міне, балалар, сендерге көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мереке де келіп жетті. Сендер осы балабақшада тек ойнап қана қойған жоқсындар, сонымен қатар білім де алдыңдар. Ал, балалар, нені үйрендіңдер, кім айтады?


Қызық күндер өткіздік
Балабақша бағында.
Көп оқыдық, көп білдік
Ел мен Отан жайында!

Очень нравится ребята,
Нам английский изучать.
Поначалу, правда трудно,
Много надо повторять.

Жүргізуші:
Хор: « Әже жүрші мектепке » әні.

Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшаменен қоштасып,
Біріншіге барамыз деп енді балаларымыз балабақшадағы апайларына өз ризашылықтарын білдірмек.



Орын берген бақшадан
Мәдина Құдайбергенқызы жақсы адам!
Сондықтанда біз үшін,
Артықсыз сіз басқадан.



Баулап, баптап өсірдіңіз
Бұзықтық етсек, кешірдіңіз.
Ұмытпаймыз сөзіңізді,
Ұмытпаймыз Гүлсім апай, өзіңізді!




Өзіңді өзің танысаң.
Әлемнің сырын білерсің
Гаухар апайды тыңдасаң,
Әдепті бала боламыз.


Сазгер Мая апайды,
Тыңдаймыз, жақсы көреміз.
Әнді бірге үйреніп,
Биді бірге билейміз.


Ағылшын тілі біз үшін,
Ана тілмен пара пар.
Үйреткен Нұршат апайға
 
Алғысымыз мол айтар!

Дене шынықтыру сабағын,
Асыға күтіп тұрамыз
Сайлаған Елдос ағайға
 
Рахмет бізден айтамыз!

Жүргізуші: Сонымен бірге дәмді тамақ пісірген аспазшы, медбике, есепші апайларымызға деген зор алғысымызды әсем биімізбен жеткізейік.
 

« Қоштасу вальсі» биі.

Бұл екінші үйіміз
Бір туғанбыз бәріміз,
Біз осы үйдің гүліміз
Біз осы үйдің сәніміз.


Милый садик помни нас,
Вот настало расставание,
Воспитатели родные
 
Мы уходим в первый класс!

Қош балалар бақшасы!
Естен кетпес есімің,
Қош балалар бақшасы!
Алғаш ашқан есігім.

Жүргізуші:
Құрметті ата- аналар, бой жазып, көңіл көтеріп, ойын ойнайық?!
« Сөз ойла, көп ойла!» ойыны.

Ойын шарты: Ортаға 4 ата-ана шақырылады. Көздерін байлап, конверт таңдап алады. Конверт ішінде әріп беріледі. «А, Б, Е, Қ». Әрбір ата- анаға тапсырма беріледі сол таңдаған әрпінен басталатын адам атын, тағам атын, қаланың атын, киімнің атын атап берулері керек.

Жүргізуші:
Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға,
Тойымызға сән беріп
Би билейік тамаша.

Жүргізуші:
 
Мектепке енді барасын
Оқисың, сауық құрасың,
Алыс емес арамыз
Бақшаға келіп тұрарсың!

Тәрбиеші апайларды
Тыңдаймыз, жақсы көреміз
Топ ішінде , далада
Бірге ойнап жүреміз.


Балабақша үйіміз
Қимай сені барамыз.
Оқып, билеп, ән салып,
Үйрендік біз барлығын.

Жүргізуші:
Әжеміз бен бабамыз,
Әкеміз бен анамыз
Бәрі – мектеп түлегі
Біз де оқуға барамыз!
Жасмин:
Бақшамызда үлкен той,
Қонақтарым біліп қой
Сондықтанда тұрмайық,
« Қоштасу » әнін жолдайық!

« Біз мектепке барамыз » әні


Сүйкімді балғын бала шақ
Сендердікі болашақ
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар!

Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың!
Алыңдар терең білімді
Сәтті болсын жолдарың! – деп сыйлықтарын сыйлайды.

Ата- аналарға алғыс хат беріледі.
Жүргізуші:
Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
Дендеріңіз сау, аман- есен, мықты болсын
Мектеп есігі әрқашан ашық болсын,
Мектепке барар қадамдарың құтты болсын!
Құрметті ата- аналар, балабақша ұжымы! Бүгін жылдар бойы мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп, бөбекжайымыздың 2016 жылғы түлектерін балабақшадан шығарып салғалы отырмыз.
 



Автор
Дата добавления 27.10.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров28
Номер материала ДБ-293987
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх